Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі PDF

Document Details

UseableNephrite5462

Uploaded by UseableNephrite5462

Tags

қылмыстық теріс қылық құқық іс жүргізу тәртібі қылмыстық

Summary

Бұл Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі туралы презентация/презентация көрсетілімі. Презентация қылмыстық teріс қылықтың анықтамасын, түрлерін, белгілерін және жазаларын сипаттайды. Сондай-ақ, презентацияда қылмыстық теріс қылықтар туралы сот істерінің жүргізілу реті қарастырылған.

Full Transcript

Тақырып: Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі Қылмыстық құқық бұзушылық: Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған кінәлі жасалған қоғамдық қауiптi әрекет (iс- әрекет немесе әрекетсiздiк). Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері ...

Тақырып: Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі Қылмыстық құқық бұзушылық: Қылмыстық кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған кінәлі жасалған қоғамдық қауiптi әрекет (iс- әрекет немесе әрекетсiздiк). Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері Қылмыстық теріс қылықтың нормативтік анықтамасы (ҚР ҚК 10-баб. 3- бөл.): ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚ – қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, кінәлі жасалған әрекет (іс-әрекет не әрекетсіздік). Қылмыстық теріс қылықтың белгілері: Белгі Мазмұны Қоғамдық Әрекеттің адамның жеке басына, қауіптілік ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіру қатерін төндіруі Кінәлілік Әрекеттің қасақана немесе абайсызда жасалуы Құқыққа Әрекеттің Қылмыстық кодексте қайшылық көзделуі Жазалылық Айыппұл (25-500 АЕК) Түзеу жұмыстары (25-500 АЕК) Қоғамдық жұмыстарға тарту Қамаққа алу Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығы Қылмыс Қылмыстық теріс қылық Қоғамдық қауіптілік Қоғамдық қауіптілік – болмашы зиян келтіру немесе осындай зиян келтіру қатерін төндіру Кінәлілік Кінәлілік Құқыққа қайшылық Құқыққа қайшылық Жазалылық: Жазалылық: Айыппұл (25-500 АЕК) Айыппұл (500-10000 АЕК) Түзеу жұмыстары (25-500 АЕК) Түзеу жұмыстары (500-10000 Бас бостандығын шектеу АЕК) Бас бостандығынан айыру Қоғамдық жұмыстарға тарту Қамаққа алу Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде қылмыстық теріс қылықтардың келесі тізімі көрсетілген. Мысал ретінде олардың бірнешеуін алуға болады, атап айтқанда: жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға 108-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру, 109- бап. Ұрып-соғу, 111-бабының 1,2 бөліктерінде Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтiру, 115-бап. Қорқыту, 117-бап. Соз ауруын жұқтыру, 118-бап. Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру, 119-бап. Қауiптi жағдайда қалдыру және т.б. Егер күдікті белгіленсе, анықтау органы оған қатысты дереу қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды. Адамның өзі болмаған кезде хаттама оны нақты белгілеген кезден бастап жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде жасалуы мүмкін. Қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын, оны жасаған адам, оның тұрған жері туралы деректерді анықтау қажет болған кезде, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама үш тәулікке дейінгі мерзімде жасалады. Сараптама жүргізу немесе маманның қорытындысын алу талап етілетін жағдайда, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама тиісті қорытынды алынған кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады. Арасында қылмыстардан басқа, қылмыстық теріс қылық не қылмыстық теріс қылықтар бар бірнеше қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу анықтау не алдын ала тергеу нысанында жүзеге асырылады. Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге қатысты мән-жайлары туралы хаттама жасалады, онда: хаттаманың жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны, күдіктінің жеке басы туралы деректер, қылмыстық теріс қылық жасалған орын мен уақыт, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, қылмыстық теріс қылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәсін растайтын нақты деректер, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық құрамының белгілері, жәбірленуші туралы деректер, оған келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері көрсетіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық теріс қылықтың мән-жайларын анықтау және хаттама жасау үшін күдіктіден, жәбірленушіден, куәлерден жауап алады, күдіктінің жеке басы туралы мәліметтерді талап етіп алдыру және хаттамаға қосып тігу шараларын қолданады, қажет болған кезде – қарап-тексеруді, алуды, ҚПК көзделген басқа да процестік әрекеттер мен тергеу әрекеттерін жүргізеді. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан анықтау органдары мен соттың шақыруы бойынша келу және өзінің тұрғылықты соттың шақыруы жерін ауыстырғаны туралы бойынша келу хабарлау міндеттемесі алынуы мүмкін. Анықтау органының бастығы хаттаманы және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, хаттаманы келіседі, содан соң барлық материалдар танысу үшін күдіктіге беріледі, бұл туралы хаттамада күдіктінің және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қойған қолымен куәландырылған тиісті белгі жасалады. Күдікті хаттамамен және іс материалдарымен танысқаннан кейін анықтау органының бастығы қылмыстық істі прокурорға қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстап алу мерзімі аяқталардан кемінде жиырма төрт сағат бұрын прокурорға жібереді немесе хаттаманы келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады Прокурор қылмыстық істі зерделей отырып – бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ҚПК 128-бабының тәртібімен ұсталған істер бойынша дереу, мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді: 1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді; 2) хаттаманы бекітуден бас тартады және ҚПК 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады және оны анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады. Күдікті осы Кодекстің 128- бабына сәйкес ұсталған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстау мерзімі аяқталардан кемінде он екі сағат бұрын сотқа жіберіледі Іс сотқа келіп түскеннен кейін судья істі іс жүргізуге қабылдап және қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кіріседі Қылмыстық Процеске қатысушылардың теріс қылықтар өтінішхаттары келіп түскен не істің туралы істер мән-жайын қосымша анықтау қажет сотқа келіп болған жағдайда, қарау мерзімі ұзартылуы, бірақ 1 айдан аспайтын түскен кезден мерзімге ұзартылуы мүмкін. бастап 15 тәулік ішінде сотта қаралуға жатады. Жазалау ретінде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу көзделген, сондай-ақ ол бойынша күдікті ҚПК 128-бабының тәртібімен ұстап алынған қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен күні қаралады. Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті. Судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарап шығып қылмыс белгілері ҚПК 46-тарауында ҚПК 35 және анықталған кезде істі көзделген тәртіппен 36-баптарында сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізу туралы айыптау немесе ақтау көзделген мән- мәселені шешу үшін үкімін шығарады жайлар болған кезде тиісті прокурорға істі тоқтатады жібереді Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Іс бойынша шешімнің көшірмесі сотталушыға, жәбірленушіге және прокурорға дереу табыс етіледі. Көрсетілген адамдар болмағанда, шешімнің көшірмесі оларға үш тәулік ішінде жіберіледі. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне ҚПК көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады

Use Quizgecko on...
Browser
Browser