Қарым-қатынас түрлері, формалары мен қызметтері PDF

Summary

Бұл құжат қарым-қатынас түрлері, формалары мен қызметтері туралы мәліметтерді қамтиды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінің түрлерін, оның психологиялық, эмоционалды және іс-әрекетін қамтитын аспектілерін сипаттайды. Әр түрлі қарым-қатынас формалары мен оның негізгі функциялары қарастырылған.

Full Transcript

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ Орындаған: Иса Балжан 01. Қарым-қатынас түрлері ЖОСПАР 02. Қарым-қатынас формалары 03. Қарым-қатынас қызметтері ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Адамаралық қарым-...

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ Орындаған: Иса Балжан 01. Қарым-қатынас түрлері ЖОСПАР 02. Қарым-қатынас формалары 03. Қарым-қатынас қызметтері ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Адамаралық қарым-қатынас (ағылш.Interpersonal relationship) — саналы адамдарарасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Адамаралық қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Адамаралық қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты). Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҮРЛЕРІ 1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 5. Маникулятивтiк қарым-қатынас –сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу. КОММУНИКАЦИЯНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ 1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру. 2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету. 3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру. 4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ФОРМАЛАРЫ Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Бүқаралық қарым-қатынас - бейтаныс адамдардың тікелей не жанама (бұқаралық ақпарат құралдары арқылы болатын) контакттары. Персонааралық қарым-қатынас — ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық контакттары (чемпиондар, ғарышкерлер, президенттер). Рөлдік қарым-қатынас - белгілі әлеуметтік рөлдерді орындаушылардың психологиялық контакттары, НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Use Quizgecko on...
Browser
Browser