Балалар неврологиясы PDF
Document Details
Uploaded by WittySwan
Высший медицинский колледж
Қабдылова Аяулы, Кәрімбек Қарақат
Tags
Summary
Бұл құжатта балалардың жүйке жүйесімен байланысты аурулар, перинатальды кезең, инфекциялар, гипоксия және балалар неврологиялық ауруларының негізгі түрлері (эпилепсия, аутизм спектрі бұзылысы, балалардағы мигрень, церебральды паралич) сипатталған. Бұл құжатта балалардағы церебралды параличтің клиникалық формалары да келтірілген.
Full Transcript
Орындағандар:Қабдылова Аяулы Кәрімбек Қарақат Жоспар: Балалар неврологиясы және перинатальды кезендегі балалар неврологиясы балалардың жүйке жүйесімен байланысты ауруларды зерттейтін және емдейтін медицина саласы. Жүйке жүйесінің бұзылуы балаларда қозғалыс, сөйле...
Орындағандар:Қабдылова Аяулы Кәрімбек Қарақат Жоспар: Балалар неврологиясы және перинатальды кезендегі балалар неврологиясы балалардың жүйке жүйесімен байланысты ауруларды зерттейтін және емдейтін медицина саласы. Жүйке жүйесінің бұзылуы балаларда қозғалыс, сөйлеу, ойлау, эмоциялық даму және басқа да маңызды функцияларға кері әсер етуі мүмкін. Балалар неврологиясында перинатальды кезеңнен бастап жасөспірімдік кезеңге дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы мен патологиялары қарастырылады жүктілік кезінде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі алғашқы апталарда (әдетте, алғашқы 28 күнде) пайда болатын жүйке жүйесі бұзылыстарын зерттейтін медицинаның бөлімі. Перинатальды кезең баланың жүйке жүйесінің қарқынды дамуы жүретін және әртүрлі факторларға сезімтал болатын маңызды уақыт. Бұл кезеңде жүйке жүйесіне әсер ететін қолайсыз факторлар балада неврологиялық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін Перинатальды кезеңдегі балалар неврологиясына әсер ететін негізгі факторла 1.Босану жарақаты 2.Ананың денсаулығы және генетикалық факторам Босану кезіндегі жарақаттар, әсіресе, Тұқым қуалайтын бала қысымға аурулар, генетикалық ұшыраған жағдайда аномалиялар, сондай-ақ немесе босану ұзаққа анасының созылмалы аурулары созылғанда, жүйке жүйесіне (қант диабеті, гипертония) зақым келтіруімүмкін. баланың жүйке жүйесінің Бұл бас миына, дамуына әсер етуі мүмкін. жүйке түйіндеріне Жүктілік кезінде ананың және жұлынға дұрыс тамақтанбауы, зақым келтіріп, витаминдердің неврологиялық асқынуларға әкелуі ықтимал жетіспеушілігі де балаға әсер етеді 3.Инфекциялар Құрсақішілік инфекциялар (мысалы, цитомегаловирус, токсоплазмоз, герпес, қызамық) баланың миы мен жүйке жүйесіне қатты зақым келтіруі мүмкін. Бұл инфекциялар жүйке жасушаларының қалыптасуы мен дамуын бұзып, неврологиялық бұзылыстарды туындатуы ықтимал 5.Оттегі жетіспеушілігі 6.Физикалық (гипоксия) факторлар Ми оттегіге өте Анасының темекі сезімтал, сондықтан шегуі, алкоголь оттегі жетіспеушілігі Сәулелену және тұтынуы, есірткі (гипоксия) баланың жоғары немесе қолдануы, сондай-ақ миына әсер етуі мүмкін. төмен кейбір дәрілердің Гипоксия босану температуралар әсері ұрықтың кезінде де, сияқты жүктілік кезінде де дамуына зиян физикалық факторлар болуы ықтимал келтіреді. жүктілік кезінде Бұл мидың ұрыққа әсер етіп, Бұл баланың қалыптасуына жүйке жүйесінің жүйке жүйесінің кері әсерін тигізіп, қалыптасуын дамуында кейіннен баланың бұзуы мүмкін ауытқуларды қозғалыс, ойлау және сөйлеу тудыруы мүмкін қабілеттеріне әсер етеді Балалар неврологиялық ауруларының негізгі түрлері 1.Эпилепсия 2.Аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) 3.Балалардағы мигрень 4. Церебральды паралич(ДЦП) 1.эпилепсия Эпилепсия- әр түрлі себептерден пайда болып, ара тұра бәсеңдейтін, нейрондық қозулардың әсерінен қайталана беретін мидың кұрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Эпилепсия өз алдына жеке нозологиялық ауру. Емдеу Медикаментоздық емдеу: Эпилепсияны емдеу үшін әртүрлі антиэпилептикалық дәрілер қолданылады. Дәрі-дәрмек түрі ұстамалардың түріне, жасының ерекшеліктеріне байланысты таңдалады. Дәрілерді дұрыс қабылдау және бақылау ұстамалардың алдын алуға көмектеседі Хирургиялық емдеу: Кейбір жағдайларда, дәрі-дәрмекпен бақылауға болмайтын эпилепсия ұстамаларына хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін. Мысалы, ми бөлігін алып тастау Оңалту: Психологиялық қолдау, логопедиялық терапия және физиотерапия Аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) Аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) — бұл нейро- развитиялық бұзылыс, ол бала дамуының алғашқы кезеңдерінде пайда болады. АСБ бар балалар әлеуметтік қарым-қатынас, коммуникация, мінез-құлық және қызығушылықтарында айтарлықтай ауытқулармен сипатталады АСБ-ның белгілері Әлеуметтік қарым-қатынасқа қиындықтар: Көзбен байланыс орнату және адамдармен қарым-қатынас жасау қиындықтары. Әлеуметтік ережелерді түсінбеу, басқалардың эмоцияларын түсіну мен қабылдаудағы қиындықтар. Ойынға немесе әлеуметтік әрекеттерге қатысу кезінде қызығушылықтың болмауы Коммуникацияда қиындықтар: Сөйлеудің кешігуі немесе сөйлеудің болмауы. Сөйлеу кезінде әдеттен тыс интонация, ритм немесе сөйлеу стилі. Өз ойларын жеткізуге немесе түсініксіздікке байланысты қиындықтар Сенсорлық сезімталдық: Дыбысқа, жарыққа, тактильді әсерлерге және дәмдерге ерекше сезімталдық немесе керісінше, сезімталдықтың болмауы Диагностика 1. Клиникалық бағалау: Дәрігер бала дамуының тарихын зерттейді, АСБ белгілерін бағалайды. 2. Стандартталған тесттер: ADOS (Аутизм диагностикасы бойынша бақылау кестесі) және ADI-R (Аутизм диагностикасы бойынша сұхбат) сияқты тесттер қолданылады. 3. Психологиялық бағалау: Балаға когнитивті және мінез- құлық тесттері жүргізіледі. Емдеу Аутизмнің нақты емі жоқ, бірақ симптомдарды басқару мен баланың әлеуметтенуін жақсарту үшін бірнеше әдістер бар Психотерапия: Когнитивті-мінез-құлық терапиясы (КМТ): Мінез-құлықты өзгерту және әлеуметтік дағдыларды дамыту. Отбасылық терапия: Отбасы мүшелеріне АСБ- мен байланысты қиындықтарды түсінуге және шешуге көмектесу Оңалту: Физиотерапия, логопедия және ерте араласу бағдарламалары балаға дағдыларды дамытуға көмектеседі Қорытынды Аутизм спектрі бұзылысы (АСБ) — бұл ұзақ мерзімді күтімді және арнайы әдістерді қажет ететін күрделі жағдай. Ерте анықтау және дұрыс емдеу балаға әлеуметтік ортада табысты адаптациялануға және дамуға мүмкіндік береді. АСБ бар балалар мен олардың отбасыларына медициналық, білім беру және психологиялық қолдауды қамтамасыз ету маңызды Мигрень Мигрень - бұл неврологиялық ауру, ол бастың бір бөлігінде мезгіл-мезгіл қатты бас ауруымен көрінеді. Мигреннің синонимі-гемикрания, ол грек тілінен аударғанда "бастың жартысы" дегенді білдіреді. Мигрень қарапайым бас ауруынан ("қалыпты"), ми ісіктері болған кездегі уырсынудан, бас жарақаттарындағы ауырсынудан, жоғары қан қысымынан немесе интракраниальды қысымнан ерекшеленеді. Ұстама алдындағы Бас ауыру сипаты: кезең (продром): Көбіне бір жақты, Кейбір адамдарда қатты, пульсациялық ұстама басталудан сипатта болады. бірнеше сағат немесе ұзақтығы:4тен 72 күн бұрын әртүрлі сағатқа дейін. белгілері белгілер байқалады Белгілері: Тәбеттің өзгеруі, көңіл-күйдің Қосымша белгілер: Жүрек айну, кейде құсу, жарыққа, дыбысқа ауытқуы, шаршау, сезімталдық. Бала тыныш, бұлшықеттердегі қараңғы бөлмеде болуға кернеу, шөлдеу, жиі тырысады, себебі сыртқы кіші дәретке бару тітіркендіргіштер ауырсынуды күшейтеді Көру бұзылыстары: Сенсорлық бұзылыстар: Жарқырау, жылтылдау, Қол-аяқтың ұйып қалуы, көз алдында қара сезімталдықтың бұзылуы. дақтардың пайда болуы ДИАГНОСТИКА Мигреньді тексеруді невропатолог дәрігері жүргізеді. Диагноз қою үшін бас және мойын тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы, электроэнцефалография, мидағы ісіктерді болдырмау үшін - томография қолданылады. Мигрень диагнозын жазу үшін пациентте келесі критерийлерге сәйкес келетін кем дегенде 5 ұстама болуы керек: АЛҒАШҚЫ КӨМЕК Науқасты тыныштықпен, жұмсақ жарықпен, тыныштықпен қамтамасыз етіңіз Егер мигрень ауруы мен жүрек айнуын жеңілдететін дәрі- дәрмектер тағайындалса, оларды қолданыңыз. Аяқ пен қолды ыстық суға батыруға болады. Кейбіреулерге суық немесе ыстық басқа арналған душ көмектеседі, бірақ бұл біраз уақыттан кейін ауырсынудың оралуын жоққа шығармайды. Ұстаманы тоқтату үшін мүмкіндігінше ертерек шаралар қабылдау, "өзі өтеді" деп күтпеу маңызды. Біріншіден, ұстаманың дамуымен асқазанның моторикасы төмендейді және қабылданған дәрі-дәрмектер сіңірілмейді. Екіншіден, ұстаманы ерте тоқтату мигрень жиілігін төмендетуі мүмкін. EMI Мигреньді емдеу үшін дәрігердің рецепті бойынша берілетін арнайы дәрі-дәрмектер жасалған. Жалпы кең таралған анальгетиктер мигрен кезіндегі ауырсынуға әсер етпеуіi мүмкін. Егер қабылданған шаралардан кейін бас ауруы 24 сағат ішінде тоқтамаса және дене қызуының жоғарылауымен, бөртпемен, ауырсынумен, қатты құсумен немесе мигреньге тән емес басқа белгілермен бірге жүрсе, дәрігерге қаралу керек, өйткені жедел бас ауруы басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Балалардагы церебералды паралич Балалардағы церебралды паралич ( Детские церебральные параличи, ДЦП) – туылғанға дейінгі, туу кезінде және ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысулық және құрысусыз талмалармен қатар жүретін полиэтиологиялық aypy. Балалардың церебралдық параличі- қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуымен негізделген. Жіктелуі: Омырау жасындағы БЦП: 1. Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия. 2. Дистониялық. 3. Гипотониялық түрі. Ересек жастағы БЦП: » Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия. » Гиперкинетикалық түр. » Атактикалық түр. » Атоникалық-астатикалық түр. > Аралас түрлері (спастикалық- атактикалық, спастикалық- гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық). БЦП клиникалық формалары ауырлығына байланысты » Жеңіл дәреже (61%) - науқастар өздігінен жүреді, өзін-өзі күтеді, интеллект бұзылмаған, жұмыс істей алады. » Орташа ауырлықта (23%) – науқастар балдақтың немесе басқа біреудің көмегімен жүреді , өздігінен киіне алмайды, интеллект бұзылған. Сөйлеудің, көру, есту дефектілері. » Ауыр дәреже (16%) – төсек тартып жатады, интеллект, сөйлеу, көру, есту қатты бұзылған. Бекітілген контрактуралар және деформациялар Негізгі клиникалық белгілері: » Бұлшық ет тонусының өзгеруі. » Қозғалыс бұзылыстары. » Статиканың және жүрістің бұзылуы. » Өз еркінен тыс қозғалыстар (Непроизвольные движения). Рефлекстердің жоғарылауы және патологиялық рефлекстердің пайда болуы. Контрактуралар және деформациялар. » Мишықтық зақымданулар. » Психиканың бұзылуы және бас-ми нервтерінің зақымдары. Гемиплегия. Спастикалық гемиплегия: дененің бір бөлігінің қозғалыстық бұзылыстармен сипатталады. Бұл мидың бір жартышарының зақымдалуымен түсіндіріледі. Оң жақ гемипарез кезінде сол жақ жартышар, сол жақ гепипарез кезінде – оң жартышар зақымдалады. Зақымдалған жағында бұлшық ет тінінің гипотрофиясы, айқын контрактуралар және ірі буындар деформациясы, қол буындарында бүгілген, кіші балаларда денеге әкелінген қол білезігі жұдырық болып бүгілген, ересектеу балаларда акушер қолы тәрізді. Диплегия. Спастикалық диплегия – қол және аяқ бұлшық еттерінің қалыпты қызметінің бұзылысы. Осы кезде дененің оң және сол жақ бөліктері зақымдалады. Ауруға жиі аяқтар шалдығады.. Квадриплегия Бұл екі қол және екі аяқтың зақымдалуы, жиі жұлын мидың мойын сегменттерінің жарақаттануы нәтижесінде дамиды. Жұлын мидың зақымдалуы нәтижесінде оның жүйке жасушалары және тіндері қалпына келмейді де, зақымдалу нерв импульстары өтетін жолды бөгеп тастайды. Негізгі белгілер: зақымдалған аймақтарда сезімталдылық жойылып, науқас ауырсыну, қызбаны, жанасуды мүлдем сезбейді. Атоникалық-астатикалық түр. Психикалық дамудың тежелуі, тепе – теңдік бұзылыстармен сипатталады. Атаксиялық түрі: Қозғалыс координациясының және тепе - теңдік бұзылыстармен сипатталады. Бір жаста бұлшық ет гипотониясы және психомоторлы бұзылыстармен сипатталады. Дистониялық түрі: Дистонияға атетоз және торсионды спазм жатады. Торсионды спазм кезінде дене және дененің жоғарғы бөліктері жүрген кезде бір жаққа иіледі және дене қисайып артқа ығысады. Атетоз кезінде бұлшық ет топтарының изометриялық жиырылуында қатып қалуымен сипатталады. Гипотониялық түрі: Балалардың церебралдық параличінің бұл түрі мишықтың зақымдалуымен шақырылған. Бұл ауру кезінде бұлшық ет тонусының бұзылысы әр түрлі жастарда көрінеді. Баланың бұлшық еттерін бақылауға мүмкіндік жоқ, соның себебінен дене бөліктерін қозғалта алмайды. Гиперкинетикалық түрі: Мидың қыртыс асты бөлімдері зақымдалудан дамиды. Ол тұрақты емес бұлшық ет тонусымен көрінеді. Баланың қалыпты қозғалыстары бұзылған. Балалардағы церебералды параличтің диагностикалық критерийлері: нәрестелер бірқатар рефлекстері регресінің кешігуі; психологиялық – моторлық және сөйлеу дамуының кешігуі; гиперкинездер, бұлшықет тонусының өзгеруі (гипо- немесе гипертония); » когнитивтік, қимыл-әрекеттік, ортопедтік аурулармен үйлескен неврологиялық статустағы ауытқулар; танымдық бұзылыстар; мишықтық синдром. Церебральды сал ауруының дифференциалды диагностикасы орталық жүйке жүйесінің дегенеративті үдемелі ауруларымен, бас миының ісіктерімен, клиникалық көрінісі бойынша церебральды сал ауруына ұқсас хромосомалық және зат алмасу бұзылыстарымен және т.б. БАЛАЛАР ЦЕРЕБЕРАЛЬДЫ САЛДАНУЫН ЕМДЕУ ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ: НЕВРОЛОГ, ЛОГОПЕД, ФИЗИОТЕРАПЕВТ, ОРТОПЕД, ПСИХОЛОГ, ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МАМАНДАР КҮШІНІҢ ҮЙЛЕСІМЛІГІН ТАЛАП ЕТЕДІ, ОНТОГЕНЕТИКАЛЫҚ РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРДА НЕГІЗДЕЛГЕН (БОБАТ, ВОЙТ, КЭБОТ, ФЕЛПСА, К.А. СЕМЕНОВА ЖӘНЕ Т.Б. ӘДІСТЕМЕЛЕРІ) БҰЗЫЛҒАН ФУНКЦИЯЛАР ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН. ЕМДЕУ ЕРТЕ МЕРЗІМДЕРДЕ БАСТАЛУЫ ҚАЖЕТ, КОМПЛЕКСТІ ЖӘНЕ ҮЗДІКСІЗ БОЛУЫ ҚАЖЕТ. ЕДШ Медикаментоздық терапия. » Тыртықтық-жабысқақ процессті азайту үшін, интеллектті көтеру үшін ЦЕРЕБРОЛИЗИН, ГАММАЛОН. » Нерв және бұлшық ет тіндерінде дистрофиялық процесстерді азайту үшін В тобының витаминдері, витамин Е, глютамин қышқылы қолданылады. » Бұлшық ет тонусын төмендету үшін кураретәрізді препараттар қолданылады: МЕЛЛИКТОН, МИДОКАЛЬМ, МЕФЕДОЛ, ДИПЛАЦИН. » Гиперкинездерде – МЕТАМИЗИЛ, РИДИНОЛ, ЦИКЛОДОЛ. Р Л А Р Ы Ң Ы ЗА З ҒА Н А Рахмет!!!