K"lteger Open Lesson 24.09.2024 PDF

Document Details

Uploaded by Deleted User

2024

Р.А.Жаңабаева

Tags

historical literature ancient Turkic history literary analysis education

Summary

This lesson plan details an open lesson on the historical literary work "K"lteger" for 7th-grade students, focusing on themes and analysis. It encompasses different classroom exercises and student activities.

Full Transcript

**«Бекітемін»** Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ш.Байназаров Бөлім **I бөлім. Көне күндерден жеткен жәдігерлер** Педагогтің аты-жөні Р.А.Жаңабаева Күні 24.09.2024ж Сынып: 7 «А» Қатысушылар саны: 25 Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жы...

**«Бекітемін»** Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ш.Байназаров Бөлім **I бөлім. Көне күндерден жеткен жәдігерлер** Педагогтің аты-жөні Р.А.Жаңабаева Күні 24.09.2024ж Сынып: 7 «А» Қатысушылар саны: 25 Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары (Т/Ж2) Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау; (А/И2) Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. Сабақтың мақсаты -Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайды; \- Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды. Ұлттық құндылыққа баулу **Ұлттық мүдде:** Қоғам игілігі үшін қызмет ету. Ұлттық мәдениетті дәріптеу; **Талап:** Жеке және топпен жұмыс істей білу, сыни және креативті ойлау; **Ар-ұят:** Халқына қызмет ету; **Сабақтың барысы** **Сабақтың кезеңі/ уақыт** **Педагогтің әрекеті** **Оқушының әрекеті** **Бағалау** **Ресурстар** **І.** Ұйымдастыру кезеңі \*Оқушылармен амандасып, түгендеу **І.** Оқу құралдарын алып, сабаққа дайындалады Интербелсенді тақта Үй тапсырмасын «Random» әдісі арқылы бірнеше оқушыдан сұраймын. Ауызша бағалау - Мақтау - Мадақтау - Қолдау көрсету Картинки по запроÑ?у шапалақ фото Ой шақыру Жыр мәтіні бойынша түрткі сұрақтарға жауап береді. Жыр неліктен «Күлтегін» деп аталды? ҚБ: смайликтер арқылы бағалау ![C:\\Users\\user\\Desktop\\Без названия (1).jpg](media/image3.jpeg)C:\\Users\\user\\Desktop\\Без названия (2).jpg ![C:\\Users\\user\\Desktop\\images (3).jpg](media/image5.jpeg) Орхон-Енисей ескерткіштері туралы бейнетаспа қосамын. Оқушылар бейнетаспаны мұқият тыңдайды, оқушылар сұраққа жауап береді. 1.Күлтегін ескерткішінің биіктігі, төменгі ені мен жоғарғы ені қанша метр? *Ж.Биіктігі 3,5м* *Төменгі ені 1,32м* *Жоғарғы жағының ені 1,22м* 2.Орхон -- Енисей жазбаларының жалпы саны қанша? *Ж.85 шамалы* *Үлкені 10-15,кішісі 1-2 жолдан тұрады.* 3.Тасқа қашалып жазылған негізгі үш тарихи мұраны атаңыз. *Ж.1.732 ж. Өлген Хан інісі Күлтегінге* *2.735ж. Өлген Білге Қағанға* *3.Тоныкөкке* 4\. «Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне қай жылы, қай күні әкелінді? *Ж.2001жылы 18 мамыр* ҚБ:смайликтер арқылы бағалау C:\\Users\\user\\Desktop\\Без названия (1).jpg ![C:\\Users\\user\\Desktop\\Без названия (2).jpg](media/image6.jpeg) C:\\Users\\user\\Desktop\\images (3).jpg **Есте сақтап, жатқа меңгеру.** **Ассонанс -- өлең жолдарының бірыңғай дауысты дыбыстардан басталып, үндесе қайталануы.** **Е**ңсесі биік ақ орда, **Е**ңкейып салем бер сана. **Е**рнеулі жұқа сары аяқ , **Е**р сарқыты бер сана. Ер Едіге **Аллитерация --** өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстардан басталып, үндесе қайталануы. **Ж**айнаған туың **ж**ығылмай, **Ж**асқанып **ж**аудан тығылмай,\ **Ж**асаулы **ж**аудан бұрылмай,\ **Ж**ау жүрек **ж**омарт құбылмай Абай 1-тапсырма. «Күлтегін» жырынан аллитерация мен ассонанстарды тауып, дәптерлеріне жазады. Ауызша бағалау - Мақтау - Мадақтау - Қолдау көрсету ![Картинки по запросу шапалақ фото](media/image2.jpeg) 44-бет **Түсініксіз сөздермен жұмыс** **Бек**-қолбасшылық дәрежесін білдіретін әскери шен, жоғары басымдыққа ие [тұлға](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0). **Қаған** - хандардың ханы, бас [хан](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B0%D0%BD) деген ұғымды білдіреді. **Табғаш халқы**-Қытай халқы. **Тәңір**-Алла, Құдай сөздерімен синонимдес сөз. «Күлтегін» жырындағы түсініксіз сөздермен танысады. ҚБ: мұғалімнің қошеметтеу сөзі арқылы **2-тапсырма** **I топ.Кедей халық** **II топ.Бай халық** **III топ Аз халық** **IV топ.Көп халық деген тіркестерінің мағынасын ашады, жыр жолдарынан дәлелдер келтіріп жазады.** ҚБ: қима қағаздар арқылы бағалау 44-бет **3-тапсырма** **Берілген мәтін бойынша шығармадағы басты тұлғалар туралы ақпараттарды жазады.** **Ежелгі Түркілер-** **Білге қаған-** **Күлтегін-** **Тоныкөк-** ҚБ: ауызша бағалау - Мақтау - Мадақтау - Қолдау көрсету Секен Тұрысбековтің «Күлтегін» күйін тыңдайды. Интерактивті тақтадан көне түркі алфавиті, тас ескерткіштердің суреті көрсетіліп тұрады. **Өздік жұмыс** **4-тапсырма** Берілген үзіндіні оқи отырып, басты кейіпкерге тән мінез-құлықты анықтайды ҚБ: қима қағаздар арқылы бағалау **Өздік жұмыс** **5-тапсырма** Білге қаған «Мәңгілік ел» болуға өз үлесін қалай қосты деген сұраққа өз ойын білдіреді ҚБ: смайликтер арқылы бағалау **Өздік жұмыс** **6-тапсырма** Берілген үзіндіні оқи отырып, өз ойын тұжырымдайды. **Өздік жұмыс** **2-мәтін** Естіген шығарма үзіндісін жұмыс парағына қара сөзбен жазады. 45-бет Болмасын деп байлығы басқаға азық, Кеткен бабам тарихын тасқа жазып. Б.Бәйітұлы «Күлтегін» жырының ерлікті мадақтау дәстүрі-қазақтың батырлық жырында жалғасын тапты.Сондықтан бұл жырды-түркі халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік істері суреттелген ең көне,ең бай мұраларымыздың бірі**.** Қорытынды: Шығармадағы басты тұлғаларды таныдыңыз. Шығармадағы басты тұлғаны гуманистік тұрғыдан талдадыңыз. Көркем шығармадағы кейіпкердің типтерін жасалу тәсіліне қарай анықтадыңыз. Шығармадағы автор бейнесін анықтадыңыз. Үйге - Жырдан үзінді жаттау. - 8-тапсырма. Шығарма түйінін пайдалана отырып, өздеріңнің не туралы жоспарлайтыныңды жазып, ойды жалғастырыңдар. «\...Бұл жазуды жаздырғанның аты -- Иоллығтегін\...» - «\...Бұл жазуды жаздырғанның аты --Нұрасыл\...» (әр оқушы өз есімін жазады) **Оқушыларды 10 баллдық жүйемен бағалау** **4-тапсырма** *Берілген мәтін бойынша шығармадағы басты тұлғалар туралы мәлімет беріңіз.* Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет біздің заманымыздың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген лауазымга ие болған. Тарихи деректерге сүйенсек, Күлтегін он жасында ер атанып, ерлік істерімен көзге түседі. Күлтегін-өз дәуірінде түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры болған. Тарихи жырда бірде бір соғыс Күлтегінсіз өтпеген деседі. Түркі елінің бірегей тұлғасы атанған Білге қаған інісі Күлтегінмен бірге елдің қамы,жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпенділер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллі көшпенді халықтың бірлігін сақтай отырып, елдің мұңы, жердің қамы үшін күні-түні күресті. Білге қаған тұсында түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында қағандардың кеңесшісі, сенімді серігі, білікті ақылшысы болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан Тоныкөк те дала кемеңгері атанды. Білге қаған ел бастап, інісі Күлтегін қол бастап, данышпан Тоныкөк сөз бастап түркі қағанатының айбынын асырып, мерейін тасытыпты. **4-тапсырма** *Берілген мәтін бойынша шығармадағы басты тұлғалар туралы мәлімет беріңіз.* Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет біздің заманымыздың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген лауазымга ие болған. Тарихи деректерге сүйенсек, Күлтегін он жасында ер атанып, ерлік істерімен көзге түседі. Күлтегін-өз дәуірінде түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры болған. Тарихи жырда бірде бір соғыс Күлтегінсіз өтпеген деседі. Түркі елінің бірегей тұлғасы атанған Білге қаған інісі Күлтегінмен бірге елдің қамы,жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпенділер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллі көшпенді халықтың бірлігін сақтай отырып, елдің мұңы, жердің қамы үшін күні-түні күресті. Білге қаған тұсында түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында қағандардың кеңесшісі, сенімді серігі, білікті ақылшысы болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан Тоныкөк те дала кемеңгері атанды. Білге қаған ел бастап, інісі Күлтегін қол бастап, данышпан Тоныкөк сөз бастап түркі қағанатының айбынын асырып, мерейін тасытыпты. I топ. **Ежелгі Түркілер-** ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет біздің заманымыздың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген лауазымга ие болған. II топ. **Күлтегін**-он жасынан ер атанып, ерлік істерімен ел есінде сақталған ержүрек. Өз дәуірінде түркі мемлекетінің әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. III топ. **Тоныкөк**- түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, заманында қағандардың кеңесшісі, сенімді серігі, білікті ақылшысы болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. IV топ **Білге қаған**- елдің еркіндігі, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпенділер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллі көшпенді халықтың бірлігін сақтай отырып, елдің мұңы, жердің қамы үшін күрескен батыр, әділ басшы. **5-тапсырма.** Берілген үзіндіні оқи отырып, басты кейіпкерге тән мінез-құлықты анықтаңыз +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Дәлел | Мінез | +===================================+===================================+ | \...Түркі иелігінен айырылған | Жанашыр | | халықты, | | | | | | Ата-баба мекеніне қайта | | | орнатты\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Бүкіл түркі халқы үшін | Адал | | | | | Түн ұйқымды төрт бөлдім\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | \...Кедей халықты көп көтердім, | Қайырымды | | | | | Кедей халықты бай қылдым\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Ілгері-Шаңтүң жазыққа дейін | Ержүрек | | жауладым, | | | | | | Түстікте-Тоғыз Ерсенге дейін | | | жауладым\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Төр бұрыштағы халықты | Қамқор | | | | | Көп алған, бәрін бейбіт еткен\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **6-тапсырма.** Білге қаған «Мәңгілік ел» болуға өз үлесін қалай қосты? Өз ойыңызды білдіріңіз. +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Пікір | Кемеңгер, батыр қағаны бар елдің | | | бағы жанады. | +===================================+===================================+ | Дәлел | Бүкіл түркі халқы үшін | | | | | | Түн ұйқымды төрт бөлдім\... | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Мысал | Қаған болып, жоқ, кедей халықты | | | көп көтердім, Кедей халықты бай | | | қылдым. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Қорытынды | Ел болып бірігуден асқан бақыт | | | жоқ. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **7-тапсырма.** Берілген үзіндіні оқи отырып, өз ойыныңызды тұжырымдаңыз +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Үзінді | Менің түсінігім | +===================================+===================================+ | Тәңірідей, тәңіріден жаралған | Білге қаған мен Күлтегін батыр ел | | | тәуелсіздігі жолында ерен ерлік | | Түрік Білге,қаған | көрсетті. Білге қаған халқын сол | | | тәуелсіздіктің қадірін түсінуге, | | Бұл шақта отырдым. | елі мен жерінің еркіндігін | | | сақатап қалуға үндейді. Бұл | | Сөзімді түгел естіңдер: | тұстан Білге қағанның | | | кемеңгерлігін көруге болады, | | Бүкіл жеткіншегім, ұланым, | өйткені мемлекеттің ең қымбат | | | қазынасы -- халық. Ынтымағы | | Біріккен әулетім, халқым, | жарасқан елдің аспайтын асуы, | | | алмайтын қамалы болмады. | | Оңымда шад, апа, бектер, | | | | | | Солымда-тархан, бұйрық бектер, | | | | | | Тоғыз оғыз бектері, халқы , | | | | | | Бұл сөзімді мұқият тыңда, | | | | | | Терең ұқ\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ **I топ. «Ежелгі Түркілер»** 1.Тәңірідей, тәңіріден жаралған Түрік Білге,қаған Бұл шақта отырдым. Сөзімді түгел естіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халқым, Оңымда шад, апа, бектер, Солымда-тархан, бұйрық бектер, Отыз. **II топ. «Күлтегін»** Тоғыз оғыз бектері, халқы , Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең ұқ. Ілгері-күн шығысында, Оң жақта-күн ортасында Кейін-күн батысында, Сол жақта- түн ортасында Осының ішіндегі халықтың бәрі Маған қарайды, халықты. **III топ. «Тоныкөк»** 4.Ілгері-Шаңтүң жазыққа дейін жауладым, Теңізге сәл жетпедім. Түстікте-Тоғыз Ерсенге дейін жауладым, Тибетке сәл жетпедім,Батыста- Інжу өзенін кеше Темір қақпаға дейін жауладым. Терістікте-Байырқы жеріне дейін жауладым\... **IV топ. «Білге Қаған»** 6.Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып Түркі халқы, қырылдың, Түркі халқы, жойылдың, Түстікте Шұғай қойнауы түгіл, Түн жазығына қоныстансақ десуші ең. Түркі халқы, жойылдың. **Запастағы тапсырмалар** **8-тапсырма.** Берілген үзінділер бойынша кейіпкерлерге мінездеме беріңіз. +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Кейіпкер | Мінездеме | +===================================+===================================+ | \...Жинап байды, жарлыны | Білге қаған-әділдігімен елді | | | өзіне қаратқан, түркі елінің | | Тату қылдым барлығын. | еркіндігін алып береген ел | | | басшысы. | | Еңбек етіп ел үшін, | | | | | | Көрдім соның жемісін\... | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | \...Екі жауын жайратты, | Күлтегін-түркі елінің | | | тәуелсіздігін сақтауға үлес | | Алып жатқан аумақты, | қосқан ержүрек батыр. | | | | | Әскер түгел жайрады | | | | | | Бұл елімнің ойраны | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ «Күлтегін» жыры мен батырлар жырына тән қасиеттерді жазады. Дұрыс жауабы: \- батырдың текті ортадан шығуы;\ - жастайынан халық қамын ойлауы;\ - өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы;\ - нағыз батырға лайықты тұлпар таңдауы;\ - елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа шығуы;\ - батырдың шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіп отыруы;\ - халық құрметіне бөленуі сияқты болып келеді

Use Quizgecko on...
Browser
Browser