Педагогикалық жүйелердің инновациялық ӛзгерістері (Документ)
Document Details
Uploaded by TimelyGermanium
Педколледж
Tags
Summary
This document discusses the innovative changes in pedagogical systems through project-based design. It outlines the stages involved in the project process, from initial analysis to final evaluation. It emphasizes the importance of a flexible approach and the shift away from hierarchical management towards collaborative project teams.
Full Transcript
Педагогикалық жүйелердің инновациялық ӛзгерістері мақсаттық жобалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңа қызметтің ӛзіне тән орындалу алгоритмі мен технологиялық циклі, ӛзіндік ерекшеліктері болғандықтан, оны ұйымдастыру барысында белгілі бір тәртіп пен ережелер қатаң сақталуы тиіс. Соған орай, те...
Педагогикалық жүйелердің инновациялық ӛзгерістері мақсаттық жобалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңа қызметтің ӛзіне тән орындалу алгоритмі мен технологиялық циклі, ӛзіндік ерекшеліктері болғандықтан, оны ұйымдастыру барысында белгілі бір тәртіп пен ережелер қатаң сақталуы тиіс. Соған орай, технология түсінігінің мәні жобалау әрекетін тұтастықпен және бірізділікпен орындаудағы ережелер мен нормалардың жиынтығы және олардың сабақтастығы деп қарастырылады. Жобалаудың басталуынан аяқталғанға дейінгі біртұтас технологиясы тӛмендегі кезеңдер мен іс-- шараларды қамтиды: Бастапқы кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау объектісінің қазіргі жағдайын талдау, диагностикалау, бағалау, орын алып отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, осы бағыттағы ғылыми-- зерттеулерді талдау, мәселені теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл кезеңнің нәтижесі-- жобалаудың қажеттігін анықтау, оны ақпараттық-- материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті жағдайлар туғызу. Негізгі кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау мақсатын айқындау, мақсатқа қол жеткізетін жолдарды болжау, жобаның шектелу аясын белгілеу, жобалау идеясын тұжырымдау немесе тұжырымдамасы, жобаның тұтас бағдарламасын, жоспарын жасау, бақылау түрлерін анықтау. Екінші кезеңнің нәтижесі--объектінің құжаттық жобасын жасау, олар: тұжырымдамасы, моделі, бағдарламасы, жоспары. Жүзеге асыру кезеңі. Бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан ӛткізу орындалады. Нәтижесі-- жүйенің жаңа сапаға ӛткендігін назарға алу. Қорытынды кезең. Бұл кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобаны және оны эксперименттік байқаудың сапалық нәтижелерін бағалау, жобаның тиімділігін тәуелсіз эксперттердің бағалауы, пайда болған мәселерге сыни рефлексия жасау, жобаның нәтижелерін қорытындылау, түзетулер енгізу. Бұл кезеңнің нәтижесінде жобаға қажетті ӛзгерістер ендіріледі. Жобалау технологиясы желілік түрде ұйымдастыруды қажет етеді. Ӛйткені, педагогикалық мақсат қою, мотивациялар мен құндылықтық ұстанымдарында қалыптасқан түсініктерді ӛзгерту қатысушылардың іс-- әрекет дағдыларын ӛзгертуден басталады. Ол үшін барлық дербес және ұжыммен орындалатын қызметтердегі әркімнің ӛзіндік дамуы мен ұжым дамуындағы ортақ мүдделерді айқындап, тиімді әрекеттерге жетелейтін жағдайды қалыптастыру қажет болды. Жобалау әр адамның ұжымдағы рӛлі мен жауапкершілігін арттыруды кӛздейтін болғандықтан, иерархиялық--жоғарыдан тӛмен қарай басқару жүйесінің орнына жобалық командаларға негізделген ӛзара желілік байланыста болатын шағын топтар құрылды. Соған орай, бұрынғы құрылымдағы басқарудың негізгі құралы -- қатаң бақылаудың орнына педагогикалық қызметкерлердің ӛзіндік тәртіпке, тапсырылған істі орындауға деген мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң бақылау мен әкімшілік әрекеттер қолдау кӛрсету, бірлесе орындау, нәтижені ӛзіндік бағалау әрекеттерімен ауыстырылады. Жобалау технологиясы ұйымдастыру әрекеттерінің жаңа түрін қалыптастырады, оларға тән ерекшеліктер: -- жаңа қажеттіктерді қанағаттандырады; -- мәселелердің шешімін табу жолдарында дәстүрлі тұрғыға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады; -- дамытушылыққа бағытталады. Инновациялық ӛзгерістер жағдайында білім беру ұйымында жүзеге асырылатын жобалау технологиясына тӛмендегідей талаптар қойылады: 1\) Жобаның икемділігі; 2\) Жобаның күтілетін нәтижесі инновациялық ӛзгерістерге әкелуі; 3\) Ӛзгерістің тиімділігі мен оны орындауға кеткен шығындардың сәйкестендірілуі; 4\) Жоба барысында болуы мүмкін қолайсыздықтарды есепке алу; 5\) Жобалау барысында ұжымда құрылымдық ӛзгерістер жасау мүмкіндігін қарастыру. Бұдан кӛрініп тұрғандай, басқарудағы жобалау әдістерінің қалыптасқан ұйымдастыру мен басқарудан ӛзгешелігі аз емес. Атап айтқанда, дәстүрден тыс әдістер: -- желілік ойлау дағдыларын қалыптастыру; -- шығармашылық белсенділікті кӛтермелеу; -- жобаны жүзеге асырудығы топтық (командалық) бірлестіктер. Олардың қажеттігі келесі факторлармен айқындалады: жобаның матрицалық құрылымы, жұмыс барысының уақытшалық сипаты; шешуін қажет ететін мәселелердің негізінен пәнаралық және интегративтік сипатта болуы; педагогтарды мен білім алушылардың шығармашылық әлеуетін желілік сипатында нығайту қажеттігі тууы; шешілуі қажет мәселелердің негізінен стандарттық қалыптан ӛзгеше болуы. Басқарушыларды жоба жетекшілері ретінде арнайы дайындағаннан кейін, олардың алдына ӛздері қызмет істейтін ұйымды дамытудағы ӛзекті мәселелерді анықтау, оны шешуге арналған мақсатты жобалар құрастыру, жүзеге асыру, нәтижесін талдау және бағалау міндеті қойылады. Ол үшін, ең алдымен, сан алуан инновациялардың ішінен педагогикалық жүйелердің түбегейлі ӛзгерістерін қамтамасыз ете алатын ең негізгі бағытты таңдай білу, жүйені мақсаттық--бағдарлы дамытудың жүйеқұраушы элементі болып табылатын инновациялық жобаны анықтай білудің маңызды екені түсіндіріледі. Мақсаттың айқын болуы кез келген әрекеттің ең басты тетіктерін анықтап, соған күш салуға мүмкіндік береді. Тәжірибеде жиі кездесетін оқыту мен тәрбиелеу, білім беру ұйымдарын басқару қызметтеріндегі қиындықтар мен кемшіліктер негізінен педагогикалық әрекеттерді басқарушылардың іс--әрекеттің мақсатын нақты түсіне алмауынан және мақсаттың дәл анықталмауынан болатыны белгілі. Соған орай, мақсаттық--бағдарлы жобалардың негізгі міндеті--жүйенің барлық компоненттерінің қызметтерін күтілетін нәтижеге сәйкес ұйымдастыру болып табылады. Педагогикалық жүйелердің барлық деңгейлерін мақсатты дамыту мен оның бағдарламаларын жасау басқарудың инновациялық технологияларын тиімді қолдануды қажет етеді. Бұл қызметтерді жобалау технологиясы арқылы жүзеге асыру жаңа адами ресурстарды сырттан тарту емес, қолда бар ресурстардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды кӛздейді. Жобалау әрекеті басқару құрылымына белгілі бір деңгейде ӛзгерістер ендіруді қажет етеді, оны ұйымдастыруда жаңа ӛзгерістерге түсетін объектілер қатарына басқару құрылымы мен басқару әрекеттерінің бағдарлық жүйесі жатады. 170 Жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы білім беру ұйымдарындағы даму ӛзгерістері жүзеге асырылады. Жобалау технологиясын нақты мәселелерді шешуде жүзеге асыру арқылы педагогтардың ізденістік- шығармашылық белсенділігін арттыруда, білім беру ұйымының пайдаланылмай жүрген түрлі ресурстар кӛзін анықтауда маңыздылығын анықтауға болады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық жұмыстар барысында басқарудың қалыптасып қалған иерархиялық моделі ӛзгертіліп, жаңа бӛлімшелер құрылады, тиімсіздігі анықталып отырған қызметтік, құрылымдық салаларды қайта құру, ішкі ӛзгерістер, т.б. жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша, педагогикалық жобалауға дайындық барысында: 1\) Жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы мәселенің пайда болуы мен сипаттамасы жасалады; 2\) Мәселені шешудің түрлі жолдары қажетті ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан қаралады; 3\) Мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолдар жоба ретінде таңдалады; 4\) Жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық- техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттары мен ресурстары анықталады. Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясы шектелуі керек, ол үшін мәселеге қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет. Талдау пәнінде қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды. Бұнда бастапқы кезең талаптарына сай жобалау жұмысы кіші жүйе құрылымының ӛкілдерінен құрылған 171 шығармашылық топтар құрудан басталып, педагогикалық ұжымды инновациялық дамытуды жобалау алды зерттеулер мен қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жұмыстың қажеттігін анықтап, жобаның тұжырымдамасын құрастырды. Нақты жобадан мысал. Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды жобалау. Қысқаша тұжырымдамасы: Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту ондағы педагогтардың инновациялық ӛзгерістерді қабылдауға, жүзеге асыруға, нәтижелерін талдай, бағалай білуіне байланысты. Сондықтан, педагогикалық жүйелерді дамытудың маңызды факторының бірі--ондағы адам ресурстары ретіндегі педагогтардың инновациялық мүмкіндігінің жеткілікті деңгейде болуы. Педагогикалық ұжымның инновациялық деңгейі оның жаңа идеялар мен жобаларды, инновациялық технологияларды жүзеге асыру мүмкіндігінен кӛрінеді. Осыған сай, білім беру ұйымдарының жүйелі ӛзгерістерін жүзеге асыру үшін ондағы педагогтардың инновациялық мүмкіндерін арнайы дамыту қажет. Тәжірибеде орын алған түрлі жаңа бағыттардың ішінен педагогикалық жүйелердің жаңа ӛзгерістерін қамтамасыз ете алатын негізгі бағыт, жүйенің адам ресурстарын дамыту болып табылады. Соған орай, педагогтарды инновациялық дамыту жүйенің жаңа ӛзгерістерін қамтамасыз ететін жүйеқұраушы элементі бола алады және осы бағыттағы инновациялық жобаны жүзеге асыру ұжымның одан кейінгі даму сатыларында ӛтуге мүмкіндік береді». Одан әрі ұсынылған мәселені шешуде бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтіні негізделеді немесе жаңа жағдайлар туындағаны нақтыланады. Осыдан соң, жаңа жағдайларға сай ӛзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықталып, жобалау технологиясының келесі кезеңіне ӛтеді. Осылайша, педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасын жүзеге асыру жолдары белгіленеді. Педагогикалық ұжымның бұл бағыттағы мәселелері мен оны шешу жолдарын, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін айқындау нәтижесінде жобалау болжамы белгіленді. Болжам бойынша, егер, педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жұмыстарының мазмұны, әдістері мен түрлері оның әрбір кезеңінің мақсатына сай педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасын дамыту, оларды қабылдай алуы мен жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру; ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі мен педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру; ӛзара қарым қатынастарын дамыту педагогикалық-психологиялық, ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту тиімді жүзеге асырылады. Осы болжамға сай, ұжымның инновациялық ӛзгерістерге даярлық кӛрсеткіштері тӛмендегі сапалардан тұрады деп белгіленді: 1\) Педагогтардың жаңалықтарға кӛзқарасы, оларды қабылдай алуы; 2\) Жаңалықтарды меңгеруге және қолдануға даярлығы; 3\) Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі; 4\) Педагогтардың шығармашылық белсенділігі; 5\) Ӛзара қарым қатынастарының деңгейі. Оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдері анықталып, күтілетін нәтижелері тӛмендегідей белгіленді: Дайындау кезеңінде--педагогикалық ұжымның инновациялық ӛзгерістерге мотивациялық даярлығы; Ұйымдастыру кезеңінде -- теориялық даярлығы; Жүзеге асыру кезеңінде -- тәжірибелік даярлығы; Бақылау бағалау кезеңінде -- күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердің сәйкестігін анықтау, сәйкестендіру. Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе құрылымында талқыланған педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жобасын ұйымдастыру бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген соң жүзеге асыру жұмысы басталды. Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бӛліп, және әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап, бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес ӛзгеше жұмыс түрлері пайдаланылады. Жобалау арқылы педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту үшін, ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайы семинарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде ұйымдастырылды. І. Дайындық кезеңі. Мақсаты: педагогикалық ұжымды инновациялық ӛзгерістерге мотивациялық даярлығын қамтамасыз ету. Мазмұны: 1\. Педагогикалық ұжымның инновациялық ӛзгерістерге мотивациялық даярлық деңгейі диагностикалау. 2\. Ақпараттық база тӛмендегіше құрастырылады: -- білім беру саласындағы жаңалықтар базасы жасалады; -- тақырыптық семинарлар жүргізіледі, әдебиеттермен, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етіледі; -- педагогтарды ӛз мәселелері бойынша қалалық семинарларға, ашық сабақтарға, облыстық институттың курстары мен теориялық семинарларына жүйелі қатысуы ұйымдастырылады. 3\. Университеттен таңдалған ғылыми жетекшілермен және кеңесшілермен байланыс жасалып, оларды семинарларға тарту, инновациялар туралы ғылыми ақпараттармен танысу жүзеге асырылады. 4\. Инновациялық жаңалықтар мен технология түрлері педагогтардың қажеттіктері бойынша таңдалады. 5\. Педагогтар, сонымен қатар, ӛз пәндері бойынша білім алушылардың қажеттіктері бойынша ізденістік инновацияларды таңдауға да жағдай туғызылады. 6\. Жобаны жүзеге асыруда болуы мүмкін кедергілерді, сәйкессіздіктер мен кері нәтижелеріне болжау жасалады. 7\. Білім алушыларды, ата-аналарды жоба жұмысымен таныстырып, жұмысқа белсенді қатысуға мотивациялау жүргізіледі.