БАНКЕТ қызмет көрсету түрлері PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл құжат банкет қызмет көрсету түрлері туралы ақпарат береді. Ол банкеттің түрлері, оның ұйымдастырылуы, тағамдар мен сусындардың ассортименті және олардың қолданылуы жайлы қысқаша мағлұматтарды қамтиды.
Full Transcript
БАНКЕТ\ Банкет (итал. banco --- сәкі). Негізі итальян сөзі banchetto --- орасан той, ерекше салтанаты тойларда сәкілерді түсті маталармен (салтанат мәні мен мағынасына қарай жасыл, қызыл, күлгін) жабу дәстүрінен туындаған. Сондықтан белгілі бір салтанаттың мәні тағамдардың ерекшелігімен емес, сыртқы...
БАНКЕТ\ Банкет (итал. banco --- сәкі). Негізі итальян сөзі banchetto --- орасан той, ерекше салтанаты тойларда сәкілерді түсті маталармен (салтанат мәні мен мағынасына қарай жасыл, қызыл, күлгін) жабу дәстүрінен туындаған. Сондықтан белгілі бір салтанаттың мәні тағамдардың ерекшелігімен емес, сыртқы аксессуарларға байланысты айқындалады. Осындай отырыстар,\ яғни берілетін тағамдарымен емес, ненің құрметіне жасалғанына байланысты отырыстар банкет деп аталып кеткен. Банке́т (от фр. banquet) - белгілі бір тұлға немесе мерекеге байланысты (мысалы, той немесе мерейтой) шақырылған түскі ас немесе кешкі ас болып табылады. БАНКЕТ ТҮРЛЕРІ\ Персоналдың қызметке қатысуына қарай\ толық\ жартылай\ Тамақ қабылдауды ұйымдастыру тәсіліне\ үстел басында тұру\ аралас\ Тағамдар мен сусындардың ассортиментіне\ жалпы мақсаттағы\ арнайы\ жабық бөлмеде\ Өткізу орнына байланысты\ көшпелі ТАПСЫРЫСТЫ ҚАБЫЛДАУ\ әр банкет түріне байланысты әр түрлі болады. Тапсырыс қабылдарда жоғары қызметтегі фирма өнімдері шетельдік және қызметкерлердің банкетке тапсырыс беруі жайлы келісім шартқа отырады. Қазіргі уақытта арнайы қабылдау және барлық банкетке қабылдау түрлерінің өз этикеті болады. Банкетке арнайы үстел ұзындығы 1,2- 1,5 метр. Ортақ ұзындығы бір адамға\ 0,6-0,8 метр болып есептеледі. Залдың түріне, ауданына байланысты банкет үстельдері тік сызық түрінде, оған қоса Т, П, Ш әріп түрінде қойылады. БАНКЕТ-КОКТЕЙЛЬ\ Көп жағдайларда конференция, жәрмеңке, съезд мүшелеріне банкет- коктейль ұйымдастырылады. Оның жалғасуы 2 сағаттан аспайды және де, ол әдетте кешкілік\ уақытта ұйымдастырылады.Банкет- коктейль өткізудің қатаң тәртібі жоқ. Келуші\ қонақтар өздеріне ыңғайлы уақытта келіп- кете береді (қабылдау уақыты\ арасында).Банкет- коктейльдің ерекшелігі- ондағы мәзірдің ішінде коктейльдермен,\ сонымен қатар әртүрлі алкогольсіз ішімдіктердің болуы. Банкет- коктейль экономды, ол\ жиһаз, ыдыс- аяқ, дастархандармен сүлгілердің көп болуын қажет етпейді. Банкеткоктейль болатын залдың көлемі мен ұйымдастырылуы басқа банкеттермен бірдей. БАНКЕТ-ФУРШЕТ.\ Банкет-фуршетті өткізудің негізгі себебі кәсіптік мінезде болатын жұмысты жайландыру\ жолдары, кәсіпкерлік мәмілелер мен үлкен шарттарға қол қоюлар. Алайда банкетфуршеттерді мерей тойлар, отбасылық мерекелерде және т.б. ұйымдастырады.Банкетфуршеттер уақытында келуші қонақтар арнайы үстелдерде тік тұрып, ішіп- жейді, онда\ орындық қойылмайды. Бұндай банкетке жасалынатың мәзірдің ерекшелігі суық тағам\ мен тісбасарлардың, ыстық тісбасарлардың, тоқбасар мен ыстық сусындардың\ ассортиментте көп болуы. Суық тіс басарларға:\ Салат (көкөніс, балық, ет, жеміс араластырылып жасалынған)\ Тартымдалған жұмыртқа (әр түлі құраммен)\ Ет тісбасарлары (суық еттен, үй құсынан, жабайы құстан, қақталған шұжық еттерінен ассортимент)\ Балық тісбасарлары (суық және ыстық қақталған балық, сельд, балық паштеті, орама\ және т.б.)\ Ірімшік тіс басарлар (әртүрлі сорттағы сырлар, печенье мен сыр таяқшалары, ерітілген сыр)\ Канапе, бутерброд әртүрлі құраммен.Банкетфуршеттің тағы бір ерекшелігі тағам мен\ тісбасарлардың порциондалуы, бұл дегеніміз тағамның ұсақ порциялануы, тез сіңу үшін.\ Банкет- фуршетті 4-5 есе көп қонақтарға қызмет көрсетуге болады. Банкеттің уақыты 1-1,5 сағат. БАНКЕТ --- ФУРШЕТТЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.\ Банкет- фуршетте қызмет көрсетуде келесі нормалар қолданылады: 15-20 қонаққа бір даяшы\ қызмет көрсетеді. Залдағы даяшылар, үстелдің жанында тұрады, шырын, сусын құяды, тағамдар мен тісбасарлар салады. Қонақтардың барлығы үстел жанында тұра алмайтындықтан, даяшы өзінің назарын үстеден ары тұрған келушілер мен қосымша үстелде тұрғандарға салып, оларға сусындар мен тісбасарлар ұсынуы керек. Сусынды ұсынудың келесі тәсілдері бар: кішігірім подносқа сүлгі салып, әртүрлі сусыны бар рюмкаларды қояды. Оны сол қолда ұстай отырып, келушілерге ұсынады; сүлгімен жабылған подносқа 2-3 бөтелке сусындармен бос рюмкалар қойылады, бөтелкенің этикеткасы қонақтарға көрінуі керек,\ подносты сол қолға ұстап, қонақтарға ұсынады, қонақтын қалауы бойынша сусынды құяды. БАНКЕТ-ШАЙ.\ Банкет-шайды туған күндер мен басқа да мерекелерге арнайы ұйымдастырады.\ Бұндай банкет түрінде адам саны аз болып келеді. Ұйымдастыру уақыты 16 дан 18-ге дейін, уақыты 2 сағат. Банкет-шайда қатып қалған қағида болмайды. Ол жайбарақат күйде өтеді.