ЭЕМ архитектурасы PDF
Document Details
Uploaded by HandsDownQuasar3559
Tags
Summary
Бұл мақалада ЭЕМ архитектурасының негізгі принциптері мен ұғымдары қарастырылған. Командалар жүйесі, адрестеу режимдері, операнттар, басқару блогы және компьютердің жұмыс принципі туралы мәліметтер берілген. Мақалада Джон Фон Нейманның идеяларына да тоқталған.
Full Transcript
***ЭЕМ архитектурасы*** ***ЭЕМ архитектурасы ұғымы* -- **ЭЕМ-нің** **көрнекі аспектілерін, атап айтқанда:командалар жүйесін, адрестеу режимдерін, деректердің форматын, программамен басқаратын регистрлер жиынын білдіреді**.** ***ЭЕМ--нің конфигурациясы ұғымы*** ЭЕМ-ді жабдықтайтын элементт...
***ЭЕМ архитектурасы*** ***ЭЕМ архитектурасы ұғымы* -- **ЭЕМ-нің** **көрнекі аспектілерін, атап айтқанда:командалар жүйесін, адрестеу режимдерін, деректердің форматын, программамен басқаратын регистрлер жиынын білдіреді**.** ***ЭЕМ--нің конфигурациясы ұғымы*** ЭЕМ-ді жабдықтайтын элементтердің қызметінің, санының, негізгі сипаттамаларының дәл анықталуын және өзара байланысуын білдіреді. ***ЭЕМ--ді ұйымдастыру ұғымы*** ЭЕМ мүмкіндіктерінің қалай жүзеге асырылатындығын білдіреді. ***Команда*** -- программаны орындау кезінде белгілі бір әрекетті іске асыруғ ақажет мәліметтердің жиыны. Команда *операция кодынан* және бірнеше *адрестер* өрісінен тұрады. *Операция коды* орындалатын операцияны көрсетеді. *Адрестер өрісі* -- командалар операндтарының орнын көрсетеді. Команданың адрестік өрісіндегі ақпарат арқылы адресті алу ***адрестеу режимі*** деп аталады. ЭЕМ--де жүзеге асырылатын командалар жиыны оның командалар жүйесін құрайды. **1946 жылы американ математигі** Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсетті. ЭЕМ жұмысының басты принципі -- программалар мен деректердің машинаның жалпы жадында сақталу принципі болды. Мақала мазмұнының идеясы "Джон фон Нейманның ЭВМ архитектурасы" деп аталды, бұл идея негізінде 1949 жылы EDSAC машинасы құрастырылды. 1945 жылы американ математигі Джон фон Нейман компьютер құрудың мына принциптерін ұсынды. - Джон Фон Нейман машинасында басқару блогы, арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ), жады және енгізу-шығару тәрізді негізгі блоктар болу керек. - Ақпарат екілік жүйеде кодталады және сөздер деп аталатын бірліктерге бөлінеді. - Алгоритм орындайтын әрекеттер басқарушы сөздер тізбегі түрінде жазылады. Бұл басқарушы сөздер ***командалар* **деп аталады. Алгоритмды командалармен жазу ***программа*** деп аталады. - Программалар мен берілгендер бір жадыда сақталады. - Басқару құрылғысы (БҚ) мен арифметикалық құрылғы орталық процессорға біріктіріледі. Олар шапшаң жадыдағы команданы оқып, орындалатын әрекетті анықтайды. Алгоритмдегі ақпаратты өңдеу, программадағы командаларды тізбектеп орындауға келіп тіріледі. ДК қызмет көрсетуі және міндеті бойынша 3 топқа бөліп көрсетуге болады: тұрмыстық , жалпы міндеттік және профессионалдық. *Тұрмыстық ДК* көпшілік тұтынушыларға арналған, сондықтан олар жетерліктей арзан, берік және қарапайым пішінді болуы керек. Оларды үйде ойын-сауық үшін тұрмыстық техникамен басқару үшін қолданылады. *Ортақ міндетті ДК* ғылыми-техникалық және экономикалық есептерді шешу үшін сонымен қатар үйрену және жаттығу үшін қолданылады. Бұл машиналар кіші процессорінің жоғарғы өнімділігі, жеделк жадының сиымдылығы деңгейінің үлкендігі, иілгіш және қатты магнит дискілеріндегі сыртқы жадына ие. *Профессионалдық ДК* ғылым саласында өндірістік есептер мен қиын ақпараттарды шешу үшін кең қолданылады. Профессионалдық ДК-ң қолданушылары маман-программистер болып табылады. Қазіргі кезде қиын есептерді шешуде көп процессорлік профессионалдық ДК-лар қолданылады. **Дербес компьютер-**ақпаратты құру, сақтау, өңдеу және тасымалдау жұмыстарын *автоматтандыруға* арналған *күрделі электрондық* құрал. Адам мен компьютердің қарым-қатынасы *интерфейс* деп аталады. Бағдарламалар арқылы қарым-қатынас *бағдарламалық* *интерфейс* деп аталады. Адамға компьютердің жұмысын басқаруға мүмкіндік беретін және компьютерден ақпарат алуға мүмкіндік беретін физикалық құрылғылар *аппараттық интерфейс* деп аталады.