7-сынып пдф[1]19-21 Атмосфера

Summary

This document contains information about the composition and layers of the atmosphere, along with aspects of weather forecasting. It is likely part of a textbook or educational materials.

Full Transcript

*1774 жылы ауаның құрамдас бөліктерін зерттеп, оларға атау берген француз ғалымы – А.Лавуазье. *Газдың механикалық қоспасы, ауадан тұратын қабат – Атмосфера. *Құрамында су буы жоқ ауа – Құрғақ ауа. *Тропосферада сұйық және қатты күйінде кездесетін ауаның бөлігі – Аэрозол. Та...

*1774 жылы ауаның құрамдас бөліктерін зерттеп, оларға атау берген француз ғалымы – А.Лавуазье. *Газдың механикалық қоспасы, ауадан тұратын қабат – Атмосфера. *Құрамында су буы жоқ ауа – Құрғақ ауа. *Тропосферада сұйық және қатты күйінде кездесетін ауаның бөлігі – Аэрозол. Таза ауаның құрамдас бөліктері Компоненттер Мөлшері % Азот 78,08 Оттегі 20,94 Инертті газдар 0,93 Көміртегі диоксиді 0,03 Озон 0,00005 аз Арасында кішігірім гелий, метан, криптон, 0,002-ден аз неон бар және сутегі кездеседі *Жерден желмен көтерілетін жанартаулық шаң, өрттен шыққан түтін, топырақ және тау жыныстарынан бөлінген шаң, теңіз тұздары, метеориттік шаң-тозаңдар, су буының молекуласы – Табиғи аэрозол. *Атмосфераның маңызды құрамдас бөліктері – Су буы, озон, көмірқышқыл газы. *Атмосфералық газдарды ыдыратады және атомдарды иондайды – Күн радиациясы. *Атмосфераның жоғары бөлігіндегі иондары басым, молекуласы аз ауа – Ионосфера. *Атмосфераның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – Озон. *Өте тұрақсыз газ, қалыптасуы және ыдырауы Күннің ультракүлгін сәулелерін қабылдауына байланысты болатын атмосфераның құрамдас бөліктерінің бірі – Озон. *Жер атмосферасында секундына пайда болатын озонның мөлшері – 100 тонна. *Жер ғаламшарын ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қабат – Озон. *Озонның негізгі массасы кездесетін биіктік – 10-50 км. *Озон қабаты ең тығыз шоғырланған аралық – 18-26 км. Атмосфераның құрамы мен қабаттарының ерекшеліктері *Атмосфераның қабаттары – Тропосфера, Стратосфера, Мезосфера, Термосфера, Экзосфера. *Атмосфераның ең төменгі қабаты – Тропосфера. *Тропосфера сөзінің грек тілінен аударғандағы мағынасы – Өзгеріс. *Атмосфераның жер бетіне тікелей жақын орналасқан төменгі тығыз қабаты – Тропосфера. *Атмосфера массасының негізгі бөлігі шоғырланған қабат – Тропосфера. *Тропосфера қабатының жоғарғы шегарасы – 17-18 км. *Тропосфера қабатының экватор үстіндегі шегарасы – 16-18 км. *Тропосфера қабатының поляр маңындағы шегарасы – 8-9 км. *Тропосфера қабатының орталық белдеулердегі шегарасы – 10-11 км. *Экватор маңында атмосфера қабатының қалың болу себебі – Күннің қатты қыздыруынан ауаның көлемі ұлғаяды. *Ауа температурасының 1 км биіктеген сайынғы өзгерісі – - 6оС төмендейді. *Ауаның көлденең бағыттағы қозғалысы бағытталған – Батыстан шығысқа қарай *Атмосфераның жер бетімен түйісетін ең төменгі қабаты – Жерүсті бөлігі. *Тропосфераның жоғарғы жағында орналасқан, шегарасы 50-55 км дейін жететін атмосфера қабаты – Стратосфера. *Ауа құрамы біршама тығыз, оттегінің мөлшері аз, су буы жоқтың қасы, температурадағы ауытқу шамасы мардымсыз болатын атмосфера қабаты – Стратосфера. *Стратосфералық қабаттың 10-35 км биіктігінде орналасқан қабат – Озон қабаты. *Ультракүлгін сәулелерді өте көп жұтатын қабат – Озон қабаты. *80 км биіктікке дейін таралған атмосфера қабаты – Мезосфера. *Биіктеген сайын температурадағы айырмашылықтың жоғарылауымен ерекшеленетін қабат – Мезосфера. *Жаз айларында 75-89 км биіктікте қалыптасатын бұлттар – Күміс тәрізді бұлттар. *Күміс тәріздес бұлттар қалыптасатын атмосфера қабаты – Мезосфера. *Температурасы биіктеген сайын жылынатын атмосфера қабаты – Термосфера. *Термосфераның жоғарғы шегарасындағы (750 км) температура мөлшері - +1000оС. *Бірнеше қабаттан тұратын иондалған газды қабат – Термосфера. *Жер бетіндегі радио байланысына әсер ететін атмосфера қабаты – Термосфера. *Полярлық ендіктерде Күннің әсерінен термосферада пайда болатын құбылыс – Поляр шұғыласы. *Поляр шұғыласы пайда болатын атмосфера қабаты – Термосфера. *Атмосфераның ең жоғарғы қабаты – Экзосфера. *Атмосфераның ең сыртқы қабаты – Экзосфера. *Атмосфераның шашыранды қабаты – Экзосфера. *Жердің тәжі қалыптасатын атмосфера қабаты – Экзосфера. *Ең жеңіл газдар планетааралық кеңістікке шашырап, жер тәжі қалыптасатын қабат – Экзосфера. *Толық зерттелмеген атмосфера қабаты – Экзосфера. *Жорамал бойынша экзосфера қабатындағы температура - +2000оС. *Жердегі тіршіліктің даму ортасы – Атмосфера. Ауа райы және оны алдын ала болжау *Белгілі бір жерде, белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай-күйі – Ауа райы. *Метеорологиялық элементтер – Ауа температурасы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жел. *Ауа райының сипаты – Ауа температурасы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жел. *Ауа райын болжаумен айналысатын метерологияның бөлімі – Синоптикалық метеорология. *Ауа райы туралы деректерді қабылдап болжам жасайтын мекеме – Мемлекеттік қазгидромет. *Атмосфераның жай-күйіне және кез келген аймақтың ауа райына бақылау жүргізуге болатын карта – Синоптикалық карта. *Жер бетіндегі метеорологиялық стансылардың деректері бойынша жасалатын карта – Синоптикалық карта. *Бірыңғай желіге еніп және бірдей бағдарлама бойынша бір уақытта 00, 03, 06 гринвич уақытымен бақылау жүргізеді – Метеорологиялық станса. *Атмосфераға зонд шарларын, радиозонд, ұшақ және арнайы зымырандарды ұшыру арқылы жүргізіледі – Ауа райын бақылау. *Белгілі бір жердегі ауа райына қысқа болжам жасау үшін ескеріледі – Жергілікті жердің ауа райы белгілері. *Жер бетіндегі синоптикалық карталар жасалып отыратын уақыт аралығы – 6 сағат сайын. *Ауа райын болжаудың негізгі материалы – Синоптикалық карталар (қысқа 1-2 күн, ұзақ 3-10 күн). Атмосфералық құбылыстар Қолайсыз атмосфералық құбылыстар *Ауа райының негізгі элементтері – Атмосфералық құбылыстар. *Атмосфераның электрленуінен және төменгі температуралық жағдайда қалыптасатын атмосфералық құбылыс – Мұнар, тұман, түнек. *Ауаның аздап көмескіленуі – Мұнарлану. *Аспанда ақтаңдақтар пайда болатын процес – Мұнарлану. *Мұнарлану жоғары биіктікте байқалса, аспанда пайда болады – Ақтаңдақ. *Көру ұзақтығы дегеніміз не – Нысандардың көріну арақашықтығы. *Ауаны көмескілендіретін бөлшектерінің жер бетіне жақын орналасуы – Тұман. *Тамшылар мен кристалдардың ауадағы тоғысуы – Тұман.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser