Summary

Мәтін атмосфераның құрылымы, қабаттары және құрамдас бөліктері туралы сипаттайды. Атмосфералық құбылыстар, оның ішінде ауа райын болжау және метеорологиялық процесстерді талдау кіреді.

Full Transcript

АТМОСФЕРА ========= \*Жерді қоршап тұрған қабатты атмосфера деп атаған ежелгі халықтар -- **Грек.** \*Ғарыштық кеңістікпен шектесіп, Жер өсімен бірге айналатын планетамыздың жеңіл газ қыбығы -- **Атмосфера.** \*Ғарыш пен жердің арасындағы зат алмасу үдерісі жүретін қабық -- **Атмосфера.** \*Мета...

АТМОСФЕРА ========= \*Жерді қоршап тұрған қабатты атмосфера деп атаған ежелгі халықтар -- **Грек.** \*Ғарыштық кеңістікпен шектесіп, Жер өсімен бірге айналатын планетамыздың жеңіл газ қыбығы -- **Атмосфера.** \*Ғарыш пен жердің арасындағы зат алмасу үдерісі жүретін қабық -- **Атмосфера.** \*Металды тескен жағдайда ол жерге ауа жиналатынын анықтаған орыс ғалымы -- 1756 жылы М.В.Ломоносов. ======================== \*1774 жылы ауаның құрамдас бөліктерін зерттеп, оларға атау берген француз ғалымы -- **А.Лавуазье.** \*Газдың механикалық қоспасы, ауадан тұратын қабат -- **Атмосфера.** \*Тропосферада сұйық және қатты күйінде кездесетін ауаның бөлігі -- **Аэрозол.** +-----------------------------------+-----------------------------------+ | | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Азот | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Оттегі | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Инертті газдар | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Көміртегі диоксиді | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Озон | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | Арасында кішігірім гелий, метан, | | | криптон, | | | | | | және сутегі кездеседі | | +-----------------------------------+-----------------------------------+ \*Жерден желмен көтерілетін жанартаулық шаң, өрттен шыққан түтін, топырақ және тау жыныстарынан бөлінген шаң, теңіз тұздары, метеориттік шаң-тозаңдар, су буының молекуласы -- **Табиғи аэрозол.** \*Атмосфераның жоғары бөлігіндегі иондары басым, молекуласы аз ауа -- Ионосфера. ========== \*Атмосфераның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі -- **Озон.** \*Өте тұрақсыз газ, қалыптасуы және ыдырауы Күннің ультракүлгін сәулелерін қабылдауына байланысты болатын атмосфераның құрамдас бөліктерінің бірі -- **Озон.** \*Жер атмосферасында секундына пайда болатын озонның мөлшері -- **100 тонна.** \*Жер ғаламшарын ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қабат -- **Озон.** \*Озонның негізгі массасы кездесетін биіктік -- **10-50 км.** \*Озон қабаты ең тығыз шоғырланған аралық -- **18-26 км.** Атмосфераның құрамы мен қабаттарының ерекшеліктері ================================================== \*Тропосфера сөзінің грек тілінен аударғандағы мағынасы -- **Өзгеріс.** \*Атмосфераның жер бетіне тікелей жақын орналасқан төменгі тығыз қабаты -- Тропосфера. =========== \*Атмосфера массасының негізгі бөлігі шоғырланған қабат -- **Тропосфера.** \*Тропосфера қабатының жоғарғы шегарасы -- **17-18 км.** \*Тропосфера қабатының экватор үстіндегі шегарасы -- **16-18 км.** \*Тропосфера қабатының поляр маңындағы шегарасы -- **8-9 км.** \*Тропосфера қабатының орталық белдеулердегі шегарасы -- **10-11 км.** ![](media/image2.jpeg) \*Тропосфераның жоғарғы жағында орналасқан, шегарасы 50-55 км дейін жететін атмосфера қабаты -- **Стратосфера.** \*Ауа құрамы біршама тығыз, оттегінің мөлшері аз, су буы жоқтың қасы, температурадағы ауытқу шамасы мардымсыз болатын атмосфера қабаты -- **Стратосфера.** \*Стратосфералық қабаттың 10-35 км биіктігінде орналасқан қабат -- **Озон қабаты.** \*Ультракүлгін сәулелерді өте көп жұтатын қабат -- **Озон қабаты.** \*80 км биіктікке дейін таралған атмосфера қабаты -- **Мезосфера.** \*Биіктеген сайын температурадағы айырмашылықтың жоғарылауымен ерекшеленетін қабат -- **Мезосфера.** \*Күміс тәріздес бұлттар қалыптасатын атмосфера қабаты -- **Мезосфера.** \*Температурасы биіктеген сайын жылынатын атмосфера қабаты -- **Термосфера.** \*Термосфераның жоғарғы шегарасындағы (750 км) температура мөлшері - +1000^о^С. ========== \*Бірнеше қабаттан тұратын иондалған газды қабат -- **Термосфера.** \*Жер бетіндегі радио байланысына әсер ететін атмосфера қабаты -- **Термосфера.** \*Полярлық ендіктерде Күннің әсерінен термосферада пайда болатын құбылыс -- Поляр шұғыласы. =============== \*Поляр шұғыласы пайда болатын атмосфера қабаты -- **Термосфера.** \*Жердің тәжі қалыптасатын атмосфера қабаты -- **Экзосфера.** \*Ең жеңіл газдар планетааралық кеңістікке шашырап, жер тәжі қалыптасатын қабат -- **Экзосфера.** \*Жорамал бойынша экзосфера қабатындағы температура - **+2000^о^С.** Ауа райы және оны алдын ала болжау ================================== \*Белгілі бір жерде, белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай-күйі -- Ауа райы. ========= \*Атмосфераның жай-күйіне және кез келген аймақтың ауа райына бақылау жүргізуге болатын карта -- **Синоптикалық карта.** \*Жер бетіндегі метеорологиялық стансылардың деректері бойынша жасалатын карта -- **Синоптикалық карта.** \*Бірыңғай желіге еніп және бірдей бағдарлама бойынша бір уақытта 00, 03, 06 гринвич уақытымен бақылау жүргізеді -- **Метеорологиялық станса.** \*Атмосфераға зонд шарларын, радиозонд, ұшақ және арнайы зымырандарды ұшыру арқылы жүргізіледі -- **Ауа райын бақылау.** \*Жер бетіндегі синоптикалық карталар жасалып отыратын уақыт аралығы -- **6 сағат сайын.** Атмосфералық құбылыстар Қолайсыз атмосфералық құбылыстар ======================================================== \*Атмосфераның электрленуінен және төменгі температуралық жағдайда қалыптасатын атмосфералық құбылыс -- **Мұнар, тұман, түнек.** \*Аспанда ақтаңдақтар пайда болатын процес -- **Мұнарлану.** \*Мұнарлану жоғары биіктікте байқалса, аспанда пайда болады -- **Ақтаңдақ.** \*Ауаны көмескілендіретін бөлшектерінің жер бетіне жақын орналасуы -- **Тұман.** \*Тамшылар мен кристалдардың ауадағы тоғысуы -- **Тұман.** \*Өрттің немесе құмды шаңның әсерінен ауаның көмескіленуі байқалатын табиғат зоналары -- **Дала, шөлейт, шөл.** \*Топырақ бетінен ауаға қатты бөлшектердің көтерілуінен пайда болатын құбылыс -- **Түнек.** \*Шаңды борандардың топырақтың құнарлы қабатын ұшырып алып кетуі -- Топырақ эрозиясы. ================= \*0^о^ -- тан жоғары жағдайда ағаш жапырақтарында және топырақ бетінде пайда болатын судың ұсақ тамшылары -- **Шық.** \*Ашық түнгі мезгілде ауа біршама суланып, ауадағы су конденсацияға ұшырап, ұсақ тамшы күйінде жапырақ және топырақ бетіне жиналады -- **Шық.** \*Күннің жарығы түсіп, жаңбыр жауып тұрған бұлттардың төменгі жағынан көрінетін құбылыс -- **Кемпірқосақ.** \*Радиусы 42^о^ шамасында болатын, әртүрлі түстерге бөлінген ашық доға -- Кемпірқосақ. ============ \*Тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, әртүрлі бояу түстеріне бөлінуінің және тамшы бетінен сәулелердің шағылуы нәтижесінде пайда болатын құбылыс -- **Кемпірқосақ.** \*Қардың жақын жерге үйіліп, жиналып қалуы -- **Сырғама.** \*Жер бетіндегі жіңішке және ұзын нысандардың үстінде қатып қалған ұсақ мұз кристалдары -- **Қылау.** \*Суықта және тұман түскенде пайда болатын құбылыс -- **Қылау.** \*Таулы ормандарда көп кездесетін атмосфералық құбылыс -- **Қылау.** \*Топырақта, шөпте және кез-келген көлденең жатқан заттың үстінде төменгі температурада түзілетін ауаның су буы -- **Қылау.** \*Ауаның мұздап тұрған денемен жанасқанда ұсақ мұз кристалдарын түзуі -- Қылау. ====== \*Қатты атмосфералық жауын-шашынның бір түрі -- **Қылау.** \*Жер бетіне және заттардың үстіне түсетін тығыз тегіс жалтыр мұздан түзелген жауын-шашынның бір түрі -- **Көкмұз.** \*Байланыс желілеріне және көктайғақ көлік қатынасына қатер төндіретін құбылыс -- **Көкмұз.** \*Бұлттарда және бұлттардың арасында немесе бұлт пен жер бедерінің арасында пайда болатын орасан электр қуаты -- **Найзағай (жай).** \*Күннің күркіреуі мен жай қатар жүріп, желдің жылдамдығы уақытша болса да үдейтін құбылыс -- **Найзағай.** \*Еуразияның қоңыржай белдеулерінде жаз айларында байқалатын құбылыс -- Найзағай. ========= \*Жылдың жылы мезгілінде найзағаймен қатар нөсерлі жаңбыр жауған кезде байқалатын құбылыс -- **Бұршақ.** \*Орталық Қазақстанда бұршақтың қайталану жиілігі -- **40%.** \*1950 жылы 17 маусымда сағат 22 де бұршақ жауып өткен елді мекен -- **Көкпекті.** \*1950 жылы Көкпектіде жауған бұршақтың әсерінен бүлінген егістік алқаптарының ауданы -- **2750 гектар.** \*Кішігірім бақшаның айналасындағы ашық жерлерде шаң-тозаңдардың мөлшері -- Басқа аймақтардан 30% аз. ========================= \*Көше бойындағы жасыл желектер қаладағы шуды қанша пайызға азайта алады -- 20%. ==== Ауа райының метеорологиялық элементтері ======================================= \*Белгілі бір ауа режимімен анықталатын және сол жерге тән атмосфераның жай- күйі -- **Климат.** \*Климаттың негізгі географиялық факторлары -- Географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктігі, Жер бетіндегі су мен құрлықтың орналасуы, құрлық бетінің жер бедері, мұхиттық ағыстар, өсімдік жамылғысы, қар және мұз жамылғысы, адамның шаруашылық іс-әрекеттері. ================================================================================================================================================================================================================================================================= \*Күн радиациясының биіктеген сайынғы өзгерісі -- **Жоғарылайды.** \*Климат құрыушы факторлар -- Географиялық ендік (күн радиациясы), жердің төсеніш беті (жер бедері, төсеніш бетінің сипаты), ауа массасының циркуляциясы (атмосферадағы ауа массасы, ауа ағындары, циклондар, антициклондар). ============================================================================================================================================================================================================================= \*Төрт жыл мезгілі айқын байқалатын климаттық белдеу -- **Қоңыржай.** \*Қоңыржай белдеудің оңтүстігінде 40-55^о^с.е аралығында орналасқан мемлекет - Қазақстан ========= \*Киев қаласында түсетін жылдық күн сәулесінің түсу ұзақтағы -- **1786 сағат.** \*Өскемен қаласында түсетін жылдық күн сәулесінің түсу ұзақтағы -- **2287 сағат.** \*Жиынтық радиациясының шағылысуға және жылу тиімділігіне жіберген шығыны арасындағы айырмашылығы -- **Радиациялық баланс.** \*Қазақстанның оңтүстігіндегі радиациялық баланстың теріс көрсеткіші созылатын уақыт аралығы -- **1-2 ай.** ![](media/image4.jpeg) \*Тау жотасының бір жағында қысым төмен болып, ал екінші жағында жоғары болған кезде пайда болатын құрғақ жел -- **Фен.** \*Теңіз жағалауларында соғатын жел -- **Бриз.** \*Құрлық пен судың бірқалыпты жылынбауынан пайда болатын желдер -- **Бриз.** \*Бағытын тәулігіне екі рет өзгертетін жел -- **Бриз.** \*Теңіз жағалауына жақын орналасқан аласа таулардан теңізге қарай соғатын суық жел -- **Бора.** \*Байкалда күзде солтүстік-батыстан соғатын жел -- **Сарма.** \*Франция жағалауларында соғатын суық жел -- **Мистраль.** Климаттың негізгі метеорологиялық элементтерінің таралу заңдылығы ================================================================= \*Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы болып келуіне байланысты қалыптасқан климат -- **Биіктік белдеулік климат.** \*Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарындағы қаңтар айының орташа температурасы - **-18^о^С.** \*Қазақстанның оңтүстік аймағындағы жазықтардағы қаңтар айының орташа температурасы - **-3^о^С.** \*Қазақстандағы қаңтар және шілде айларының орташа температурасы арасындағы айырмашылық (жылдық амплитуда) -- **41 ^о^С.** \*Қазақстанның оңтүстігіндегі жазық жерлердегі қаңтар және шілде айларының орташа температурасының жылдық амплитудасы -- **37-39^о^С.** \*Қазақстанның қиыр оңтүстігіндегі қаңтар және шілде айларының орташа температурасының жылдық амплитудасы -- **30-35^о^С.** \*Будың көзге көрінбейтін күйден көрінетін күйге ұсақ тамшыларға айналып, аспанда қалықтап тұруы -- **Тұман.** \*Жер бетінен белгілі бір биіктікте шоғырланып тұратын су тамшылары -- **Бұлт.** \*Сыртқы көрінісі бойынша бұлттар бөлінеді -- **10 түрге.** \*Қоңыржай белдеудің төменгі топқа жататын бұлттары орналасқан -- **2 км** биіктікте. ========== \*Орманды дала зонасындағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері -- **300-400 мм.** \*Дала зонасындағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері -- **250 мм.** \*Сарыарқадағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері -- **350 мм.** \*Ертіс маңы жазығындағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері -- **200-250 мм.** \*Шөл және шөлейт зоналарындағы орташа жылдық жауын-шашын мөлшері -- **100- 200 мм.** \*Қазақстанның тауалды және таулы аймақтарындағы жауын-шашын мөлшері -- 400-1600 мм. ============ \*1979 жылғы гидрометеорологиялық бақылаудың деректері бойынша Алтай тауындағы ылғалдың мөлшері -- **4000 мм.** \*Зайсан қазаншұңқырының орталық бөлігіндегі жауын-шашын мөлшері -- **119-220 мм.** \*Судың сұйық күйден газтәріздес күйге енуі -- **Булану.** \*Арал теңізінің оңтүстігіндегі буланушылық мөлшері -- **1000 мм.** \*Қазақстанның таулы аймақтарындағы буланушылық мөлшері -- **200 мм.** \*Орманды дала және дала зоналарындағы қар жамылғысының жату ұзақтығы -- 135-167 күн. ============ \*Қазақстанның қиыр оңтүстік аудандарындағы қар жамылғысының жату ұзақтығы -- **50-80 күн.** Синоптикалық картамен жұмыс істеу қағидасы ========================================== \*Жоғары атмосфералық қысымның көрсеткіші -- **1030 мб.** \*Төменгі атмосфералық қысымның көрсеткіші -- **1000 мб.** \*Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар -- **Изобара.** \*Атмосфералық қысым ортасына қарай төмендеп, шетіне қарай жоғарылайды -- Циклон. ======= \*Атмосфералық қысым ортасында жоғарылап, шетінде төмендейді -- Антициклон. =========== \*Атмосфералық фронттардың ауа райы картасындағы белгісі -- **Ирек сызық.** ![](media/image6.jpeg) \*Синоптикалық картада негізгі сызықтан қисық бұрыш жасап тұрған үшбұрыштар немесе сызықтар көрсетеді -- **Жел жылдамдығын.** \*Жауын-шашынның өлшем бірлігі -- **Мм.** \*Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтар -- **Изотерма.** \*Бірдей жылдамдықпен соғатын желдердің арасын біріктіретін ирек сызық --

Use Quizgecko on...
Browser
Browser