6-сынып Информатика Оқулығы PDF
Document Details
Uploaded by VeritableTheme
Abai Kazakh National Pedagogical University
2020
Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмұханбетова
Tags
Summary
Бұл оқулық Қазақстан Республикасының 6-сынып оқушыларына арналған информатика пәні бойынша оқулық. Ол компьютерлік жүйелер, желілер, 3D технологиялар, және Python программалау тілдері сияқты тақырыптарды қамтиды. Оқулықта теориялық мағлұматтармен қатар, практикалық тапсырмалар да берілген.
Full Transcript
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмұханбетова ИНФОРМАТИКА Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмұханбетова ИНФОРМАТИКА Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған а сы сп ба п i та Алматыкітап баспасы ык 2020 ат лм А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 32.973 я 72 Қ 14 Шартты белгілер: – сабақтың мақсаты – жеке жұмыс – ойлан – жұптық жұмыс – жаңа білім – топтық жұмыс – үш тілді сөздік – ойлануға берілген сұрақтар – талдау – практикада қолдану – жинақтау – үй тапсырмасы – бағалау Ескерту: * – қарапайым; – қызықты ақпарат ** – орташа; *** – күрделі есептер. – тапсырма сы Қадырқұлов Р.А., Нұрмұханбетова Г. К. Қ 14 Информатика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сынып оқушыларына а арналған оқулық / Р.А. Қадырқұлов, Г.К. Нұрмұханбетова. – Алматы: сп «Алматыкiтап баспасы», 2020. – 136 бет, суреттi. ба ISBN 978-601-01-4366-1 ӘОЖ 373.167.1 КБЖ 32.973 я 72Қ п i та ык © Қадырқұлов Р.А., Нұрмұханбетова Г.К. мәтіні, 2020 ISBN 978-601-01-4366-1 © «АЛМАТЫКIТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2020 ат лм А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫ! 6-сыныпқа арналған «Информатика» пәні осы ғылымның не- гізгі бөлімдерімен таныстыруды әрі қарай жалғастырады. Сен осы оқулықта берілген жаңа білім және тәжірибемен танысу барысын- да түрлі сұрақтарға жауап табуға, топпен және жұппен бірлесіп талқылау арқылы ортақ тұжырымға келуге дағдыланасың. Практи- калық-шығармашылық тапсырмаларды жеке орындау кезінде ақпа- раттық білімің мен мәдениетіңді қалыптастыруға, компьютерлік сауаттылығыңды жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік аласың. Оқулықтағы тақырыптар сені сыни ойлауға үйретіп, логикалық, алгоритмдік ойлау қабілетіңді шыңдай түседі. «Информатика» пәні- нің 4 маңызды бөлімі бойынша жұмыс істейсің. Оқулықтың І бөлімінде эргономика, операциялық жүйелер, сымсыз желілер сияқты маңызды тақырыптармен танысасың. Ал ІІ бөлімде бүгінгі таңда кең тараған 3D технологиялар жайлы ай- тылады. SketchUp программасы көмегімен 3D графиканың объекті- лерін салу жолдарын үйреніп, 3D принтердің жұмысымен танысасың. ІІІ бөлімде жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне жататын Python программалау тілімен танысуды бастайсың. Сызықтық алгоритмдер туралы біліп, қарапайым программа кодтарын жазуды үйренесің. ІV бөлімде мәтіндік құжатпен жұмыс істейсің. Нұсқамалар (снос- ка), гиперсілтемелер, мазмұн сияқты мәтіндік құжаттарды өңдеу- ге қажетті тақырыптарды теориялық және практикалық тұрғыдан меңгересің. Оқулықтың электрондық СD қосымшасы бар. Онда оқулықтың теориялық бөлігінде қызықты тапсырмалардың электрондық нұс- қасы, ал программалау бөлімінде тапсырмалардың программасының ашық кодтары берілген. Оқулықтың электрондық қосымшасы тапсырмаларды компьютерде қайта жазып отыруға артық уақыт сы жібермей-ақ, бірден орындап, талдап, өз бетіңше өзгертуге мүмкіндік береді. а Оқулықтың электрондық нұсқасы бар. сп «Информатика» пәнін оқуда ынта мен жігер, ықылас пен зейінді- ба лік таныт. Оқуда сәттілік тілейміз! п i та ык ат лм 3 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ I БӨЛІМ 1 2 Компьютерлік жүйелер және 3 желілер 4 а сы сп ба п i та ык ат лм А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Сен эргономиканың маңызы мен оның міндеттерімен; интернетке тәуелділік мәселелерімен; есептеу техникасының даму тарихымен; компьютердің негізгі құрылғыларының қызметімен, олардың өзара әрекеттесуімен; операциялық жүйелердің негізгі түрімен және олардың ерекшеліктерімен; сымсыз байланыстың түрлері және ерекшеліктерімен танысасың. Сен жұмыс орнын эргономикалық тұрғыдан жасақтау жолдарын; компьютердің негізгі құрылғыларының жұмысын; есептеу техникасының буындарын ажыратуды; компьютердің жұмыс үстелін басқаруды; сымсыз желілердің пайдасы мен зиянын ажыратуды үйренесің. а сы Сен сп компьютерлік эргономиканы; есептеу техникасының буындарын; ба компьютердің негізгі құрылғылары өзара қалай әрекеттесетінін; п операциялық жүйелердің негізгі та ерекшеліктерін; сымсыз байланыс түрлері туралы білесің. i ык ат лм А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ I БӨЛІМ Компьютерлік жүйелер және желілер 1. 1 ЭРГОНОМИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Бүгінгі таңда адамдардың денсаулығын қорғау мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау үшін қандай жағдай жасалған? Ойлан «Өмір сүруге қолайлы», «еңбек етуге қолайлы» деген ұғымдар- ды білесің бе? «Адамның денсаулығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету» дегенді қалай түсінесің? Өзің оқитын мектепте оқушылардың денсаулығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай жағдай жасалған? Түрлі салаларда адам денсаулығын сақтауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қандай жағдайларды мысал ретінде келтіре аласың (1-сурет)? 1-сурет. Жұмыс орнын ұйымдастыру сы Жаңа білім а «Эргономика» ғылымы өткен ғасырдың 50-жылдары қалыптасты. сп Техника мен технологиялық процестердің дамуы нәтижесінде адам өмірінде мәшинелердің рөлі күшейді. ба п «Эргономика» сөзі грек тілінен аударғанда, «ergon» – «жұмыс», «номос» – та «заң» немесе «жұмыс заңы» деген ұғымды білдіреді. Эргономика адам- ның «адам – технология – қоршаған орта» жүйесіндегі жұмысының i қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етілуін жан-жақты зерттей- ык тін ғылым саласы. ат лм 6 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бұл ғылымның мақсаты – жұмыс ортасын құру кезінде тиімді- лік пен жайлылықты жақсарту бойынша ұсыныстар беру. Қарапайым сөзбен айтқанда, эргономика ғылымы: жұмыс орнын қолайлы ұйымдастырумен; жұмыс орнында пайдаланылатын заттар мен жиһаздарды тиімді жобалаумен; адамның барлық мүмкіндігін ескере отырып, әртүрлі мәшинелер- ді, техникалық құралдарды (цифрлық құрылғылар мен гаджеттер) қолдануға ыңғайлы етіп жобалаумен айналысады. Компьютер сыныбында жұмыс орнын ұйымдастырудың негізгі қа- ғидасы – ыңғайлылық пен жайлылық. Жұмыс орнының эргономика- лық сипаттамасына сәйкес, оқушы компьютер алдында дұрыс отыруы тиіс. Орындықтың, компьютер құрылғыларының орналасуы оқушының денсаулығына кері әсер етпеуі керек. Жарық компьютер алдында отырған баланың сол жағынан, ал жасанды жарық біркелкі түсуі тиіс (2-сурет). 2 м-ден кем емес 1,2 м-ден кем емес 2-сурет. Компьютер кабинетінің эргономикасы Денсаулыққа негізгі қауіп компьютермен жұмыс істеуден емес, ұзақ уақыт бір орында тапжылмай отырудан туындайды. Мысалы, компью- терде біраз уақыт жұмыс істегеннен кейін орныңнан тұрғанда мойын, сы арқа омыртқаларың, иығың мен басың ауырғанын сезінесің. Компью- тердің алдында отырғанда мұндай ыңғайсыздықты сезінудің екі себебі а сп бар. 1. Бірінші себебі – көру қабілетінің нашарлығы. Адам экрандағы ба ақпаратты анық көру үшін бүкіл денесімен экранға еңкейгенде мойынға, арқа мен иық бұлшық еттеріне күш түсіреді. п 2. Екінші себебі – жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылмауы. i та жұмыс орны – рабочее место – work place ык қауіпсіздік – безопасность – security ат лм 7 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Компьютерлік эргономика – еңбек өнімділігін арттыру мен ыңғайсыздық- ты жою мақсатында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жайлы ғылым (3-сурет). Қазіргі уақытта компьютерлік жабдық- тар мен жиһаз өндірушілер эргономика- лық талаптарды ескере отырып, эргоно- 3-сурет. Жұмыс орнының микалық пернетақталар, орындықтар эргономикасы мен үстелдер жасап шығаруда. Компьютерлік эргономиканың негізгі кеңестері Орындық. Арқа мен адамның бойына сәйкес биіктікті реттеуге мүмкіндік беретін арнайы орындықты пайдалану қажет. Орындықта отыру адамға жайлы болуы керек. Аяқ еденге толық тиіп, ал тізе буынындағы бұрыш 90˚ болуы тиіс. Пернетақта. Үстелдегі пернетақтамен жұмыс істеген кезде қол түзу әрі еркін орналасуы керек. Көптеген компьютер үстелінде перне- тақта сөресі бар. Ол эргономикалық стандарттарға сәйкес, пернетақта- мен ыңғайлы жұмыс істеуге лайық биіктікте жасалады. Тінтуір. Тінтуір пернетақтаға жақын орналасады. Бұл тінтуір мең- зерін басқаруды ыңғайлы етеді әрі білектің дұрыс орналасуына мүмкін- дік береді. Монитор. Монитордан көзге дейінгі арақашықтық 60-70 сан- тиметр болуы керек. Монитор көз деңгейінде немесе көзден сәл төменірек орнатылуы тиіс. Ең дұрысы – табиғи жарық сол жақтан түсуі керек, бұл жарық пен шағылысуды азайтады. Талдау Өздерің отырған компьютер кабинетінің эргономикалық талаптары- на талдау жасаңдар. сы Сынып эргономикасы. Оқушының жұмыс орнының эргономикасы. а Компьютер құрылғыларының эргономикасы. сп ба Жинақтау Өз сыныбың үшін компьютер кабинетінде: п 1. Техника қауіпсіздігі ережелерін құрастырыңдар (төменгі сынып- та тағы білімдеріңді пайдаланыңдар). i 2. Омыртқа, мойын, көз, иық пен бұлшық етке арналған жаттығулар ык тізбесін ұсыныңдар. ат лм 8 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бағалау «Компьютерлік эргономика талаптарын сақтау міндетті ме?» деген тақырыпта топ ішінде пікірталас жүргізіңдер. Ойлануға берілген сұрақтар 1. Күнделікті тәжірибеңнен эргономикаға қатысты үш мысал келтір. 2. Эргономика адам үшін не себепті маңызды ғылым болып саналады? 3. Техникалық, тұрмыстық құрал-жабдықты пайдалану мен адам денсаулығын сақтау арасында қандай байланыс бар? 4. Неге компьютерлік эргономиканың талаптарын сақтау маңызды? Тапсырма 1-тапсырма. 4-суреттегі компьютер пайдаланушыға арналған жат- тығуларға назар аудар. Жаттығулар қай дене мүшесінің қызметін реттеуге бағытталған? Бұл жаттығуларға атау бер. Компьютермен жұмыс кезінде бұл жаттығуларды неше реттен жасауды ұсынасың? 1-кестені толтыр. 4-сурет. Жаттығу түрлері 1-кесте Қай дене мүшесінің қызме- Жаттығуды неше реттен № Жаттығу атауы тін жақсартады? жасауды ұсынасың? 1 2 2-тапсырма. 5-суретте қолдың пернетақтада орналасуының екі көрі- сы нісі берілген. Қай суретте қол дұрыс орналасқан? Себебін түсіндір. а сп 1. 2. 1. 2. ба 5-сурет. Қолдың пернетақтада орналасуы п та Үй тапсырмасы i «Компьютерді пайдалануда эргономикалық талаптарды бұзудың ык зардаптары» деген тақырыпта мектеп газетіне шағын мақала да- йында. ат лм 9 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ I БӨЛІМ Компьютерлік жүйелер және желілер 1.2 ҚОҒАМДАҒЫ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ Компьютерді пайдаланушылар арасында интернетке тәуелділік туындауының себептері неде? Ойлан Сен үшін интернет қаншалықты маңызды? Тәуліктің қанша уақытын интернетке жұмсайсың? Интернетті қандай мақсатта пайдаланасың? «Интернетке тәуелділік» дегенді қалай түсінесің (1-сурет)? 1-сурет. Интернетке тәуелділік сы Жаңа білім а сп Бүгінде балалар көп уақытын компьютерде, планшетте немесе те- лефон арқылы әлеуметтік желілерде өткізеді. Интернет адам өмірінің ба ажырамас бөлігіне айналғандықтан, онымен шектен тыс көп уақыт өт- кізуі адамды шынайы өмірден алыстатады. Интернет – технологиялық п прогрестің үлкен жетістігі ретінде адам үшін көптеген пайдалы қызмет- та терді атқарады. Әйтсе де оның өзіндік зиянды жақтары да бар. Солардың i ык арасында ең негізгілерінің бірі – адамдардың интернетке тәуелді болуы. Бұл қазіргі қоғамдағы көкейтесті мәселелердің біріне айналды. ат лм 10 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ «Интернетке тәуелділік» терминін америкалық психиатр Айвен Голдберг 1995 жылы енгізген. «Интернетке тәуелділік» ұғымы адам- ның өзін-өзі басқаруының төмендеуінің арқасында қалыптасқан өмір сүру қағидаларын бұзуға әкелетін мінез-құлықтың ерекшелігін біл- діреді. Интернетке тәуелділік – пайдаланушының желіден дер кезінде, өз еркімен шығып кете алмауы және оған қайта кіруге бүкіл ынтасының ауып тұруы сияқты психикалық ауытқуы (1-схема). 1-схема Интернетке тәуелділік неден туындауы мүмкін? Бос уақытты тек Әлеуметтік желімен интернетте өткізу шектен тыс әуестену Желіде ойнайтын Кинофильмдер көру ойындар Қазір ұялы телефонсыз жүрген адамды табу қиын. Адамдар үшін әлеуметтік желіде көрген-білгенін қызықтап, қажет ақпараттармен бөлісу, фото орналастыру, лайк басу, пікір білдіру мен селфи жа- сау қалыпты дағдыға айналды. Интернетке тәуелділіктің кесірінен адамдардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, жазу мәдениеті де төмендей бастады. Сонымен қатар компьютерде тапжылмай отыру – адамның айналасындағылармен қарым-қатынасының бұзылуына алып келуде. Адам шынайы өмірді сезінбей, виртуалды әлемнің шыр- мауынан шыға алмай қалуы мүмкін. Интернеттегі қолайлы қызметті сы (Skype, электрондық пошта, интернет-сауда және т.б.) шамадан тыс қолданған кезде адамның психикасы мен денсаулығына зиян келеді. а сп Интернеттің қызығына түсіп, компьютерде ұзақ отырудың сал- дары интернетке тәуелділікпен қоса көзге де зиян. Үнемі тапжылмай ба отыру омыртқаның (сколиоз, остеохондроз), жүрек-қан тамырларының жұмысына (аритмия, гипертония, варикоз) зақым келтіреді. п та виртуалды әлем – виртуальный мир – virtual world i компьютерге тәуелділік – компьютерная зависимость – ык computer addiction ат лм 11 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Интернетке тәуелділіктің түрлері 1 Веб-серфинг – интернетті шексіз кезіп, әртүрлі ақпарат іздеу. 2 Виртуалды танысуға құмарлық. Желідегі «достармен» хат ал- масып отыру. Әртүрлі чаттар мен форумдарға қатысу. 3 Ақша табу үшін үнемі онлайн құмар ойындарға, интернет-аук- циондарға қатысу, интернет дүкендердегі қажетсіз заттарды са- тып алу. 4 Құмар ойындарға тәуелділік: желі арқылы компьютер ойында- рын үздіксіз ойнау. Интернетке тәуелді адамдардың басқа адамдармен қарым-қатына- сы азаяды. Үнемі компьютердің алдында отырғаннан кейін ұйқысы қанбайды, дұрыс тамақтанбайды, спортпен шұғылданбайды. Сонымен қатар болмашы ақпарат үшін іздеу серверлеріне жүгіне берудің де өзіндік зияны бар. Ол адамның есте сақтау қабілетін тежеп, оны баяу- латады. Интернетке тәуелді болмау үшін не істеу керек? Ол үшін: интернеттегі әлеуметтік желілерден «дос» іздеме; досты шынайы өмірден табуға тырыс; интернетте көп отырмау керек екені үнемі есіңде болсын; интернеттегі, әсіресе әлеуметтік желідегі уақытыңды үнемі қа- дағалап отыр; желідегі онлайн ойындардан бойыңды аулақ ұста; сы интернетті біліміңді көтеруге, онлайн кітапхана ретінде ғана қолдануға тырыс; а интернеттегі онлайн ойындар арқылы ақша табуға тырыспа; сп қомақты ақша ұсынғандардың артында алаяқтар тұратынын ба естен шығарма; бос уақытыңды таза ауада серуендеуге, қимылды ойындар ойнауға арна. п та Ойын ерте заманнан адам өмірінің ажырамас бөлігі саналады. Ба- ланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын арқылы i ык байқалады. Әртүрлі ойындар баланың ақыл-ойын дамытумен бірге, оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына да ықпал етеді. ат лм 12 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Қызық ақпарат Халықаралық интернетсіз күн (International Internet-Free Day) жыл сайын қаңтардың соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мерекені атап өту туралы бастаманы 2000-жылдың басында интернеттің белсенді пайдалану- шылары көтерген. Мерекенің басты мақсаты – адамдардың назарын бір күн болса да компьютер, ғаламтор желісінен басқа нәрсеге аудару болатын. Талдау Сыныптастарың мен достарыңның интернетті қалай пайдаланаты- нына талдау жаса. Төмендегі сұрақтарға жауап ізде. 1) Балалар интернетті қандай мақсатта жиі пайдаланады? 2) Балалар интернетте жұмыс істеуге қанша уақыттарын жұмсайды? Жинақтау Интернетке тәуелділікті анықтайтын 7–8 сұрақтан тұратын сауал- нама құрастырып, сыныптастарыңа ұсыныңдар. Бағалау 1-схемаға сүйене отырып, әлеуметтік желіге, интернет тәуелділікке не себеп болатыны туралы постер дайындаңдар. Үй тапсырмасы Төменде берілген тақырыптар бойынша 4 слайдтан тұратын пре- зентация дайында. сы Презентацияның тақырыбы Слайдтың тақырыптары а сп Интернет. 1. Бүгінгі таңда интернеттің даму Интернетке тәуелділік. деңгейі қандай? ба 2. Интернетке тәуелділіктің туындау себептері қандай? п 3. Интернетке тәуелділіктің та денсаулыққа қандай зияны бар? i 4. Интернетке тәуелді болмаудың ык жолдары. ат лм 13 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ I БӨЛІМ Компьютерлік жүйелер және желілер 1.3 ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ Компьютерлік технологиялар қалай дамыды және болашақта қалай дамиды? Ойлан Компьютер пайда болғанға дейін адамдар қандай есептеу құрал- дарын пайдаланған (1-сурет)? Компьютер қашан пайда болғанын, қалай дамығанын білесің бе? Қалай ойлайсың, болашақта есептеу техникасы қалай дамуы мүмкін? Абак Паскаль Механикалық Орыс (Ежелгі Рим) дөңгелегі есептеу мәшинесі есепшоты 1-сурет. Ежелгі замандағы есептеуіш құралдар І Жаңа білім Есептеу техникасының даму тарихы қарапайым есептеулерді жүр- гізу кезеңінен басталады. Адамзат ертеден-ақ күнделікті тұрмыста, сауда-саттықта, құрылыста туындаған есеп-қисаптарын тез әрі оңай есептеудің жолдарын іздеген. Есептеулерді жүргізуді жеңілдету мақса- тында адамдар есептеу құралдарын ойлап тапқан (1-сурет). Қосу мен азайту амалын орындайтын ең қарапайым есептеу мәши- сы несін 1623 жылы неміс астрономы Вильгельм Шиккард ойлап тапқан. Бұл құрылғы алты таңбалы сандар мен есептеу- а лер жүргізген. сп 1642 жылы француз ғалымы Блез Паскаль он тоғыз жасында дүниежүзінде ең алғаш рет ба арнайы сақталатын программасы бар «Паскаль дөңгелегi» деп аталатын есептеу мәшинесін п жасап шығарды (1-сурет). та 1834 жылы ағылшын ғалымы Чарльз i 2-сурет. Бэббидж программалық басқару мәшинелерінің ык Аналитикалық мәшине алғашқы нұсқасы саналатын «Аналитикалық мәшинені» ойлап тапты (2-сурет). ат лм 14 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Аналитикалық мәшине 4 бөлiктен тұрады: сандарды сақтауға арналған «қойма»; амалдарды орындайтын құрылғы; басқару құрылғысы; енгiзу-шығару құрылғысы. Чарльз Бэббидж – қазіргі компьютердің атасы. Бэббидж мәшинесі- не программа жазған ғалым Ада Лавлейс – дүниежүзіндегі бірінші про- граммалаушы. «Компьютер» сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшын- ның «Оксфорд» сөздігінде берілді. Бұл сөздікте «компьютер» сөзі ме- ханикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінің «to compute», «computer» – «есептеу», «есептегіш» де- ген мағынаны білдіреді. Алғашқы компьютер 1927 жылы АҚШ-та шығарылды. Ал 1938 жылы неміс инженері Конрад Цузе Z1 компьютерінің про- граммалайтын механикалық цифрлық үлгісін құрды. Бұл мәшине үлгі ретінде бірнеше жаңартулардан өтіп, ал 1941 жылы мәшиненің үшінші нұсқасы пайда болды. 1942 жылы АҚШ-та өнертапқыш Джон Атанасов электрондық цифрлық ABC компьютерін құрды. Ол көп ұзамай әскерге аттанған- дықтан, модель аяқталмай қалды. Есептеу техникасының даму тарихы- на сәйкес, олардың 4 буынын атап өтуге болады. Бірінші буын компьютеріне 1946 жылы әлемде алғаш АҚШ- та құрастырылған программала- натын ЕNIAC компьютерін жат қызуға болады (3-сурет). Оның массасы – 30 тонна және 18 мың электрондық лампасы болған, ал мәшине секундына 5000 операция сы орындаған. Бұл компьютер буыны бар-жоғы 9 жыл ғана жұмыс істе- а ді. Бірінші буын компьютерлері сп 1946-1954 жылдарда қолданыcта ба болды. Ол бүгінгі компьютерлер- дің арғы атасы саналады. 3-сурет. Бірінші буын компьютері п i та есептеу техникасы - вычислительная техника - computer techics ык аналитикалық мәшине – аналитическая машина – analytical engine ат лм 15 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Екінші буын компьютерлеріне 1955-1964 жылдар аралығындағы транзисторлық компьютерлер жатады (4-сурет). Арнайы тақшаларға орнатылған транзисторлардың біреуінің өзі 40 электрондық лампаның қызметін атқарды. Сонымен бірге транзисторлар лампалардан әлдеқайда жоғары жылдамдықта жылдам жұмыс істеді. Нәтижесінде екінші буындағы мәшинелердің өнімділігі 10 есе артты. Олардың жадының көлемі артып, бағасы арзандады. Бірінші буын компьютер- леріне қарағанда жұмыс жылдамдығы артты. Үшінші буынға 1965-1974 жылдар аралығында шығарылған (5-сурет) ком- 4-сурет. Екінші пьютерлер жатады. Олар екінші буын буын компьютері компьютерлеріне қарағанда жылдам жұмыс істеді, көлемі де кішірейді. Үшін- ші буын компьютерлерінің бірыңғай архитектурасы пайда болды. Компью- терлерді құрастыруда шағын интеграл- ды схемалар пайдаланылды (1000 тран- зисторға дейін), оларды микросхемалар деп те атады. Бұл буын компьютерлері операциялық жүйелермен жұмыс істеді. Сондай-ақ бір уақыттың өзінде бірнеше программамен қатар жұмыс істеу мүм- кіндігін иеленді. 5-сурет. Үшінші буын Төртінші буынға 1975 жылдан бү- компьютері IBM/360 гінге дейін шығарылған компьютер- лер жатады. Осы буын компьютерлері- мен бірге «дербес компьютер» ұғымы да пайда болды. Дербес компьютер (қысқа- сы ша ДК) – компьютердің қазіргі уақыт- та ең кең тараған түрі (6-сурет). Жалпы а осы буындағы компьютерлер арқылы сп байланыс әдістері одан әрі дамыды. Осы кезде телефон, телеграф, компьютерлік ба (мысалы, интернет), корпоративтік және локальді желілер құрылды. Өте үлкен де- п ректер қоры жиналды. Деректерді визуал- та 6-сурет. Төртінші буын ды түрде беру мен өңдеу дамыды. Нақты i компьютері уақыт мезетінде жұмыс істей алатын ык жүйелер пайда болды. Компьютерлердің даму кезеңдері 1-кестеде берілген. ат лм 16 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 1-кесте. Компьютер буындарының өзгеруі Элементтік Пайдаланушы мен Буындар Жылдамдық база байланыс құралдары Секундына 10-20 I буын Электрондық Басқару пульті мен мыңнан астам опе- (1946-1954) шамдар перфотаспа бар рация Секундына шама- II буын Жартылай Перфокарталар мен пер- мен 100-500 мың (1955-1964) өткізгіш фотаспалар операция Секундына шама- III буын Интегралдық Алфавиттік-цифрлық мен 1 млн (1965-1974) микросхема терминал операция Үлкен инте- Секундына шама- Монохромды графи- гралдық мен 10 және 100 калық дисплей, перне- IV буын схема млн операция тақта (1975 жыл- Өте үлкен Секундына шама- Түрлі түсті графикалық дан бүгінге интегралдық мен 100 000 000 дисплей, пернетақта, тін- дейін) схема операциядан көп туір т.б. Оптоэлектро- Секундына 1 млрд ЭЕМ-нің дыбыстық бай- ника, крио- операция ланыс құралдары электроника Болашақта компьютер қалай дамиды? Компьютердің есептеу қуат- тылығы жылдам артып келеді. Біз қазір шағын дербес компьютер тү- ріндегі ультрабук, нетбук, планшет сы пен смартфондарға таңғалмайтын болдық. Бүгін сатып алған ең же- а сп тік деген компьютеріміз бір жылда ескіруі мүмкін. Компьютер техни- ба касының қарқынды дамуының нәти- жесінде жасанды интеллект пайда п болды. Қазір адам қолымен жасал- 7-сурет. Киборг та ған, ойлай алатын жасанды биоло- i гиялық ағзалар – киборгтар пайда ык болды (7-сурет). ат лм 17 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Болашақта бүгінгі компьютер- лерден жұмыс принципі өзгешелеу компьютерлер пайда болады деп күтілуде. Биокомпьютер – тірі ағза ретін- де жұмыс істейтін компьютерлер. Биокомпьютердің құрылғылары тірі 8-сурет. Адамның жасушасы ағзаның ең кіші бөлігі – жасушаның жұмысына негізделеді (8-сурет). Молекулалық компьютер. Hewlett-Packard компаниясы қыз- меткерлері мен Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде ғалым- дардың молекулалардың (заттың кіші бөлшегі) бір күйден екінші күй- 9-сурет. Молекуланың құрылысы ге ауысуына қол жеткізу нәтижесінде пайда болды (9-сурет). Бұл жаңалық компьютердің жадын жүздеген есеге арттыруға мүмкіндік туғызды. Кванттық (фотондық) компью- тер. Қазіргі қолданыстағы компью- терлерде ақпарат тасымалдауыш ре- тінде электрондар қолданылады. Ал болашақта пайда болатын кванттық компьютерлерде ақпарат тасымал- дауыш ретінде фотон қолданылады (10-сурет). Фотон – жарықтың ең кіші бөлігі. Бұл компьютердің сы жұмыс істеу жылдамдығын жүзде- 10-сурет. Кванттық компьютер ген есеге арттырады. а сп Жинақтау ба Компьютер техникасының болашақта дамуы туралы болжам ұсы- п ныңдар. Болашақта қандай компьютерлер жасалуы мүмкін? Ол та компьютер мен қазіргі компьютердің сыртқы көрінісінде, құ- i рылысында қандай ерекшеліктер болуы мүмкін? Болашақтың ком- ык пьютерін сипаттаңдар. ат лм 18 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Бағалау «Компьютер және оның болашақта дамуы» деген тақырыпта газетке шағын мақала дайында. Ойлануға берілген сұрақтар Есептеу техникасының дамуы адамның тұрмысын қалай жақ- сартады? Компьютер техникасының сексен жылға жуық уақыт аралығын- да қарқынды дамуының қандай себептері бар деп ойлайсың? Не себепті бүгінгі таңда компьютерлер адам үшін өте маңызды дүниеге айналды? Үй тапсырмасы Интернетті пайдаланып, төмендегі кестені толтыр. Қашан және № Құрылғылар Мерзімі қайда пайда болған Біздің заманымыз- 1 Абак Ежелгі Рим дан бұрынғы V ғасыр 2 Есепшот XVI-XVII ғасырлар Ресей Навигациялық есептеулер 3 сызғышы 4 Паскаль мәшинесі Механикалық есептеу 5 мәшинесі – арифмометр 6 Есептеу мәшинесі 7 Аналитикалық мәшине сы Перфорациялық есептеу 8 мәшинесі а ENIAC электрондық есептеу сп 9 мәшинесі ба МЭСМ (Шағын электронды 10 есептеу мәшинесі) п БЭСМ (Жоғары жылдамдықты 11 та электронды есептеу мәшинесі) 12 Бірінші IBM компьютері i ык Pentium микропроцессоры бар 13 алғашқы компьютер ат лм 19 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ I БӨЛІМ Компьютерлік жүйелер және желілер 1.4 КОМПЬЮТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ? Компьютердің негізгі құрылғылары өзара қалай әрекеттеседі? Ойлан Компьютердің қандай негізгі және қосымша құрылғылары бар? Компьютер құрылғыларының қызметі жайлы не айта аласың? Компьютер құрылғылары бір-бірімен өзара қалай әрекеттесіп жұмыс істейді? Жаңа білім Компьютердің негізгі құрылғыла- рымен (жүйелік блок, монитор, пер- нетақта, тінтуір) төменгі сыныптарда танысқанбыз. Жүйелік блоктың бүйір қабырғасындағы жақтауын ашып, ішіне үңілсек, онда орналасқан құрылғылар- ды көреміз (1-сурет). Бұл құрылғылар компьютерде әртүрлі қызмет атқарады (1-кесте). 1-сурет. Жүйелік блок 1-кесте Құрылғының Құрылғының Суреті аты қызметі сы Аналық тақша Компьютердің ішкі құрылғыларын Материнская а бір-біріне байланыстыратын плата сп шиналар орналасқан тақша. Mother board ба Процессор Ақпаратты өңдеуге арналған п Процессор компьютердің «миы». Барлық та Сentral есептеу процессорда орындалады. Өңдейтін деректер процессорға i processing unit ык (CPU) жедел жад арқылы келеді. ат лм 20 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Компьютерді өшіргенде жедел Қатқыл диск жадтағы деректер жойылып (сыртқы жад) кетеді. Сондықтан деректерді Жесткий диск компьютерде ұзақ уақыт сақтауға Hard disk арналған қатқыл диск құрылғысы қолданылады. Жедел жад – процессормен тiкелей Жедел жад байланысты деректерді жазуға, Оперативная оқуға және сақтауға арналған память шағын көлемді – жылдам сақтау Random құрылғысы. Компьютермен access жұмыс істеу кезінде деректер мен memory программаларды уақытша сақтап тұру үшiн жедел жад қолданылады. Бейнеадаптер (графикалық Бейнеадаптер карта, бейнекарта) – компьютер (карта) жадындағы кескінді мониторға бейнесигнал түрінде жіберетін Видеоадаптер құрылғы. Заманауи бейнеадаптер- Video adapter лердің күрделі бейнелерді өңдеуге арналған өз бейнепроцессоры бар. Дыбыстық адаптер – құрамына Дыбыстық дыбыстық процессор мен басқа адаптер (карта) да көмекші құраушылар кіретін құрылғы. Олардың көмегімен Звуковой қажет деңгейде дыбыстық сигнал адаптер құрылады. Дыбыстық адаптер Sound card арқылы компьютерге дыбысты енгізуге әрі тыңдауға болады. Желілік адаптер Компьютерді басқа компьютермен (карта) желі немесе интернет желісі сы Сетевой адаптер арқылы байланыстыратын Network adapter құрылғы. а сп Қоректендіру Қоректендіру блогы – 220 В айны- блогы малы ток көзінен алынған кернеуді ба компьютердің ішкі құрылғылары Блок питания жұмыс істейтін 5 В, 12 В кернеу п Рower supply режіміне ауыстыратын құрылғы. i та бейнеадаптер – видеоадаптер – video adapter ык желілік адаптер – сетевой адаптер – network adapter ат лм 21 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Компьютердің негізгі құрылғылары өзара қалай әрекеттеседі? Компьютер ақпаратты қалай өңдейтінін білу үшін оның құрылғыларының өзара әрекеттесуінің негізгі принциптерін түсі- ну керек. Біз жоғарыда компьютердің жүйелік блогында орналасқан құрылғылардың қызметімен таныстық. Бұл құрылғылардың кез келге- ні жеке-дара жұмыс істей алмайды. Олар бірігіп жұмыс істегенде ғана біртұтас жүйені құрайды (2-сурет). Контроллерлер Желілік Қатқыл Жад Бейнекарта карта Дискжетек диск Процессор Магистраль (деректер шинасы) Порттар пернетақта тінтуір модем принтер сканер 2-сурет. Компьютер құрылғыларының әрекеттесу сызбасы Барлық дербес компьютерлерге тән ортақ құрылым – олардың архи- тектурасы (сәулеті) бар. Компьютер архитектурасы дегеніміз – оның құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы байланыс. Басқаша айтқанда, компьютердің қызметтік (функционалдық) сызбасы. Дербес компьютердің архитектуралық негізіне магистральды-мо- сы дульдік құрылым жатады. Компьютердегі әрбір қызмет (дыбыс, бейне т.б.) жеке-жеке модульдер арқылы тұтас бір жүйеге бірігеді. а Компьютер порттары сп Порт – компьютердің аналық тақшасында орналасқан электрондық ба құрылғы. Порттарда сыртқы құрылғыларды қосуға арналған қосқыштар бар. Порт компьютер мен оған жалғанған сыртқы құрылғылар арасында п дерек алмасуға арналған. Порттарды екі топқа бөлуге болады. та Ішкі порттар қатқыл дискілер, CD мен DVD-ROM, «карта оқу құрал- дары», қосымша COM мен USB порттары, т.б. сол сияқты құрылғылар- i ык ды жалғауға арналған. Ішкі порттар аналық тақшада немесе қосымша кеңейту карталарында орнатылған. ат лм 22 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Магистраль (Кеңарна) – компьютердегі барлық құрылғылар арасын- да өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыратын құрылғы (2-сурет). Магис- траль компьютердің барлық құрылғыларын (процессор, жедел жад пен ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) жалғайтын сымдар жиынтығынан тұрады. Оларға: мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасы жатады. Сыртқы порттар әдетте компьютер жүйелік блогының артқы пане- лінде орналасады. Сыртқы порттар сыртқы құрылғыларды қосу үшін (принтер, сканер, плоттер, бейнекескін құрылғылары, модем және т.б.) қолданылады (3-сурет). Пернетақта порты (PS⁄2) Тінтуір порты (PS⁄2) USB-2 порттары Параллель порты Тізбектелген порт Монитордың порты Желілік порт Динамик Микрофон Құлаққап 3-сурет. Жүйелік блоктың артында орналасқан сыртқы порттар сы Талдау а сп Жүйелік блоктағы ішкі құрылғылардың орналасуына қарап (4-сурет), олардың атауларын анықта. Осы деректерді пайдаланып, ба 2-кестені толтыр. 2-кесте п Құрылғының Құрылғының Қай сыртқы портпен та № атауы қызметі байланысады? i 1... ык 2 ат лм 23 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ 4-сурет. Жүйелік блоктың ішкі көрінісі Жинақтау 4-суретте берілген жүйелік блоктың ішкі көрінісіне қарап, компьютер құрылғыларының әрекеттесуін көрсететін өз сызба- ларыңды дайындап, ұсыныңдар. Ойлануға берілген сұрақтар 1. Аналық тақшаның жүйелік блоктағы қызметі қандай? 2. Компьютер порттары не үшін қолданылады? 3. Компьютерде ақпаратты өңдейтін құрылғы қалай аталады? 4. «Магистральды-модульдік құрылым» дегенді қалай түсінесің? Үй тапсырмасы Төменде берілген тақырып бойынша 5 слайдтан тұратын презен- сы тация ұсын. а Презентация Слайдтың тақырыптары сп тақырыбы Компьютердің 1. «Компьютер архитектурасы» дегеніміз не? ба архитектурасы 2. Компьютердің ішкі құрылғылары 3. Сыртқы порттардың қызметі п 4. Компьютердің ішкі және қосымша та құрылғыларының қызметі i 5. І және IV буын компьютерлерінің ык архитектурасындағы айырмашылықтар ат лм 24 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ I БӨЛІМ Компьютерлік жүйелер және желілер 1.5 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ Операциялық жүйенің қызметі қандай? Ойлан «Жүйе» ұғымын қалай түсінесің? Суреттегі цифрлық құрылғыларды қандай ортақ нәрсе бірікті- реді (1-сурет)? Компьютер құрылғыларының жұмысы қалай басқарылады? Android 1-сурет. Цифрлық құрылғылар Жаңа білім Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютерде жұмыс істеп тұрған ең маңызды программалық жасақтама. Ол жадты, процестерді, програм- малар мен аппараттық жасақтамаларды басқарады. Оны операция- лық жүйені пайдаланушы мен компьютер арасындағы көпір деуге де бо- лады. Операциялық жүйе болмаса, компьютер қажетсіз дүниеге айна- лады. Себебі ОЖ компьютердің барлық жабдықтарын бір жүйеге бірік- тіріп басқарады (2-сурет). а сы сп ба 2-сурет. ОЖ-ны пайдаланушы мен компьютер арасындағы «көпір» п «Компьютер жүктеліп жатыр», «Операциялық жүйе жүктеліп та жатыр» деген сөзді көп естіген боларсың. Компьютерді қосу тетігін i басқаннан кейінгі ОЖ-ның жүктелу процесі осылай айтылады. Опера- ык циялық жүйе бірнеше маңызды міндет атқарады. ат лм 25 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Атап айтқанда: компьютердегі процестерді реті бойынша ұйымдастырады; сыртқы құрылғылармен ақпарат алмастырады; ақпаратты сақтайды; пайдаланушының берген командаларының орындалуын іске қо- сады әрі бақылайды; компьютер құрылғыларының қалыпты жұмыс істеуін бақылайды; программаларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді; пайдаланушымен байланысты қамтамасыз етеді; барлық программалардың жұмысын тексереді; жаңа құрылғылардың, жаңа жабдықтардың қосылуын тексереді; операциялық жүйені іске қосады. Адам компьютермен жұмыс іс- тегенде, оның қызметінің оңай да admin2 қолайлы болуы маңызды. Байланыс Documents Pictures Windows жасау тәсілі – пайдаланушымен Feedback Windows сұхбатты ұйымдастыруға арналған Mail Calendar Feedback PC settings File Explorer программалық ортаның сыртқы Sports Finance OneDrive Photos Snipping Tool People Calendar Notepad көрінісі интерфейс (тілдесу) деп ата- Calculator People Skype OneNote Sticky Notes News лады (3-сурет). Дербес компьютер- Paint Desktop Weather News All Apps лерде интерфейстің командалық Search everywhere Store Mail 3-сурет. Windows 10 операциялық және терезелік түрлері бар. Коман- жүйесінің интерфейсі далық интерфейсте пайдаланушы компьютермен программалық ко- мандалар арқылы байланыс жасайды. Командалық интерфейсі бар опе- рациялық жүйеге MS-DOS жатады. Терезелік интерфейс компьютермен тек бір құрылғы арқылы ғана байланыс жасауға болатын операциялық жүйелерде жүзеге асырылады. Бұл операциялық жүйеде компьютермен жұмыс істеу үшін бейне бетте- гі кескін түрінде берілген батырмалық командаларды тінтуірдің көме- гімен басу жеткілікті. Терезелік интерфейсі бар операциялық жүйелер бүгінде әлемдегі барлық компьютерді жаулап алды. Мұндай операция- сы лық жүйелердің бірнеше танымал түрі бар. Операциялық жүйелердің түрлері а сп Операциялық жүйелер әдетте біз сатып алатын компьютерге алдын ала орнатылады. Компьютерге арналған ең танымал үш операциялық ба жүйе бар. Олар: Microsoft Windows, Apple Mac Os X және Linux. Ұялы телефондарда кең тараған операциялық жүйелердің бірі – п Android (1-сурет). та Заманауи операциялық жүйелер Пайдаланушының графикалық интерфейсін (ПГИ, ағылшын тілінде «GUI» – «Graрhical user interface») i ык пайдаланады. GUI пайдаланушыға компьютер экранында графикалық ат лм 26 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ сурет түрінде берілген пиктограмма, батырма, таңбалар, мәзірді тінтуір мен пернетақта арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Әр операциялық жүйенің GUI-інің сыртқы бейнесі әртүрлі. Windows операциялық жүйесі Рабочий стол (Жұмыс үстелі) – Windows операциялық жүйе- сінің бумалары мен файлдары, жарлықтары мен тағы да басқа эле- менттері орналасатын жоғары деңгейдегі бума. Windows операция- лық жүйесі іске қосылғанда бірден Рабочий стол (Жұмыс үстелі) терезе- сі ашылады. Әдетте жұмыс үстелінде Мой компьютер (Менің компьюте- рім), Сеть (Желі), Корзина (Себет) сияқты объектілердің пиктограмма- лары (4-сурет), Панель задач (Есептер тақтасы) мен Пуск (Іске қосу) ба- тырмасы орналасады (5-сурет). Мой компьютер Мои документы Корзина Сеть (Менің компьютерім) (Менің құжаттарым) (Себет) (Желі) 4-сурет. Жұмыс үстелінің элементтері Пуск (Іске қосу) Панель задач (Есептер тақтасы) 5-сурет. Панель задач (Есептер тақтасы) Пуск (Іске қосу) батырмасын басқаннан кейін программалар- ды іске қосуға, құжат ашуға, анықтамалық мәлімет алуға, қажетті файлды іздеуге және т.б. мүмкіндік беретін Главный меню (Бас мә- зір) ашылады. Кез келген программаны іске қосқанда Панель задач (Есептер сы тақтасында) ашылған программалардың таңбасы бейнеленген батырма пайда болады. Компьютерде барлық жұмыс істеп тұрған қосымшалар а батырма түрінде Есептер тақтасында көрсетіледі (5-сурет). сп Есептер тақтасының оң жақ бөлігінде ба программамен қай тілде жұмыс істеуге бо- латынын таңдауға мүмкіндік беретін Тілдер п тақтасы бар (6-сурет). Тілдер тақтасына қа- та лаған тілді (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері) қоюға болады. Есептер тақтасының i оң жағында уақыт пен күнтізбе көрсетіледі. 6-сурет. Тілді ауыстыру ык тақтасы ат лм 27 А *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217 Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі – терезе. Терезе – экрандағы жиектермен шегараланған тіктөртбұрышты аймақ. Windows операциялық жүйесіндегі терезелерді 4 топқа бөлуге болады. Оларға бума терезесі, программалар терезесі, сұхбат терезесі, анықтама терезе