DNIETA\-NU 2- PDF
Document Details
2022
. . aea, . . a, A. . aa
Tags
Summary
"" 2- . 2- .
Full Transcript
Б. Қ. ТҰРМАШЕВА, С. С. САЛИШ, А. Ж. РАЕВА ДҮНИЕТАНУ 2 Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған Алматы «Атамұра» 2022 ӘОЖ КБЖ Т...
Б. Қ. ТҰРМАШЕВА, С. С. САЛИШ, А. Ж. РАЕВА ДҮНИЕТАНУ 2 Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған Алматы «Атамұра» 2022 ӘОЖ КБЖ Т ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР топтық жұмыс талқыла, әңгімеле сұрақтар мен Сен білесің бе? тапсырмалар Есіңе сақта! өздік жұмыс Зерттеу және жұптық жұмыс шығармашылық жұмыс Тұрмашева Б. Қ. т.б. Т 00 Дүниетану: Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық / Б. Қ. Тұрмашева, С. С. Салиш, А. Ж. Раева. – Алматы: Атамұра, 2022. – 128 бет. ISBN © Тұрмашева Б. Қ., Салиш С. С., Раева А. Ж., 2022 ISBN © «Атамұра», 2022 МАЗМҰНЫ Кіріспе...................................................................................................... 5 I. ӨЗІМ ТУРАЛЫ 1. Менің отбасым...........................................................................8 2. Менің ататегім..............................................................................10 3. Мен және қоғам..........................................................................12 4. Менің достарым..........................................................................16 5. Адам еңбегі....................................................................................18 Өзіңді тексер......................................................................................20 II. МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ 6. Менің құқығым және міндетім.............................................23 7. Отан үшін аянба!..........................................................................25 8. Қазақстан халқы...........................................................................27 Өзіңді тексер......................................................................................29 9. Пікір алмасайық.........................................................................30 III. МЕНІҢ МЕКТЕБІМ 10. Біздің мектеп...............................................................................33 11. Мектеп ережелері....................................................................36 12. Біздің сынып................................................................................39 Өзіңді тексер......................................................................................41 IV. МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ 13. Қазақстан – менің Отаным...................................................44 14. Қандай көлік түрлері бар?....................................................48 15. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні...........................................................51 16. Пікір алмасайық.......................................................................53 V. ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ 17. Мектептегі өмір.........................................................................56 18. Дұрыс тамақтана біл!..............................................................59 19. Қауіпсіздік ережелері..............................................................62 Өзіңді тексер......................................................................................64 3 VI. ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ 20. Мемлекеттік мерекелер.........................................................66 21. Өткен өмірімізді білеміз........................................................68 22. Ғұндар қалай өмір сүрді?......................................................73 23. Ежелгі адамдардың өндірістік шаруашылыққа өтуі........................................................................76 24. Әл-Фараби....................................................................................79 25. Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйретуі (Ботай мәдениеті)...............................................81 26. Пікір алмасайық.......................................................................83 VII. ҚОРШАҒАН ОРТА 27. Жергілікті жерді бағдарлау..................................................86 28. Адам өміріне ауа райының әсері......................................89 29. Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны.......................................................................................91 30. Қауіпті табиғат құбылыстары..............................................96 Өзіңді тексер......................................................................................99 VIII. САЯХАТ 31. Менің көшем............................................................................ 102 32. Қазақстанға саяхат................................................................. 104 33. Ежелгі қала – Отырар........................................................... 108 34. Пікір алмасайық.................................................................... 110 Қорытынды тест тапсырмалары............................................ 112 Қосымшалар.................................................................................... 118 Глоссарий.......................................................................................... 120 Әдебиеттер тізімі........................................................................... 125 Интернет желісіндегі қосымша ақпараттар..................... 127 4 Кіріспе Қымбатты оқушы! Сен 2-сыныпта «Дүниетану» пәнін оқуды одан әрі жалғастырасың. Айналаңа қара! Сенің қасыңда отбасың, сынып тастарың мен мұғалімдерің болады. Оларды үнемі сыйлау, құрметтеу және мұқият тыңдау керек. Отбасы – адам өміріндегі ең басты құндылық. Сен сабақта отбасы құндылығын оқып үйренесің. Отба- сы мүшелеріне қалай көмектесуге болатынын, қалай қолдау керек екенін түсінесің. Мектеп – сенің екінші үйің. Сен онда мектеп ере- желерімен танысасың. Сыныптастарыңмен дос болу- ды, сабақта және үзілісте өзіңді қалай ұстау қажеттігін білетін боласың. Қасыңдағы адамдарға сыпайылық танытуды және өзіңнен кішілерге не үшін көмектесу керектігін білесің. Еліңнің бір мүшесі ретінде өз міндеттерің мен құқықтарыңды оқып білесің. Өз елді мекеніңді ара- лағанда оның көрікті және тарихи орындарымен та- нысасың. Біз сабақта Отанымыздың тарихын оқып үйрене бастаймыз. «Отан» деген сөздің мағынасын түсінеміз. Ұлы Жібек жолы бойымен ойша саяхатқа шығамыз. Ежелгі Отырар қаласының көшелерімен жүріп өтеміз. Шеберлердің жасаған бұйымдарын қарап қызықтай- мыз. Ботай қонысын аралап көреміз. Біздің арғы ата-бабаларымыз жылқыны қалай қолға үйреткенін білеміз. 5 Біз Қазақстанның туристік орындарына саяхат жа- саймыз. Табиғи және мәдени ескерткіштермен таны- самыз. Әсем табиғаттың аясындағы Бурабай көлін, «Медеу» мұзайдынын, тағы басқа көрікті жерлерін аралаймыз. Өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріне тигізетін пайдасы туралы білеміз. Бұдан басқа да қызықты оқиғалармен танысуды сен осы «Дүниетану» сабағынан бастайсың. Ғажайып әлемді танып білуде біз сендерге әрқа- шан сәттілік тілейміз! Авторлар 6 I. ӨЗІМ ТУРАЛЫ Сен бұл бөлімнен: адам мен қоғам арасындағы байланысты оқып үйренесің; өз отбасың мен ататегің жайлы білетін боласың; сыпайылық әдебін меңгересің; еңбек адам өмірін жақсарта- тынын оқып түсінесің. 7 1 сабақ Менің отбасым Сен: отбасы қандай болатынын, отбасының қалай өмір сүретінін білесің; отбасының құндылығы туралы айтуды үйре- несің. Тірек сөздер: әке, ана, аға, іні, қарындас, сіңлі Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөз қандай мағына береді? Кез келген адамның өз отбасы бар. Отбасы – қо ғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар кіретінін сен 1-сыныпта білген болатынсың. Отбасы мүшелерін ата. Шағын және көпбалалы отбасыларды қалай ажыра тасыңдар? Суреттегі отбасын қалай атайды? Арман інісін киіндіріп, екеуі сабаққа бірге барады. Мектептен бірге қайтады. Інісінен бүгінгі күнді қалай өткізгенін сұрап біледі. Кез келген отбасын- да үлкендер кішілерге қамқорлық көрсетеді. Ал кішілер үлкендерге көмек- теседі. Осыларды отбасылық құндылықтар деп атайды. 8 Отбасын қажетті азық-түлікпен, басқа да керек- ті нәрселермен қамтамасыз ету үшін үлкендер еңбек етеді. Мақалды оқып, мазмұнын түсіндір. Отан отбасынан басталады. Суреттердегі отбасы мүшелері туралы айтып бер. 1. «Қамқорлық көрсету», «көмектесу» деген сөздерді қалай түсінесің? 2. Суреттен қамқорлық көрсету әрекетін байқадың ба? Әңгімелеп айт. 3. Өз отбасыңда қандай қамқорлық көрсетілетіні ту- ралы айтып бер. 9 2 сабақ Менің ататегім Сен: өз ататегің кімдерден тарайтынын білесің; өз ататегіңді таратып айтуды үйренесің. Тірек сөздер: ататек, шежіре, ұрпақ, ата, әже «Ата-ана», «ататек» сөздерінің мағынасы қандай? «Ата-ана», «ататек» – бір-біріне мағынасы жақын сөздер. Олар «ата» сөзінен шығады. «Атадан» от- басының бірнеше тегі тарайды. Оларды ұрпақ деп атайды. Арман Дәурен әке ана ата әже нағашы әже нағашы ата Арман мен Дәуреннің ататек бәйтерегі 10 Суретке қара. Ағайынды Арман мен Дәуреннің әкесі мен анасы жағынан тараған туыстарды қалай берген? Олар жайлы не айта аласың? Кез келген адам өзінің ататегін білуі қажет. Біз – өз ата-бабамыздан тараған ұрпақпыз. Жас ұрпақ үлкен дердің берген тәлім-тәрбиесін санасына сіңіріп өседі. Сендер жақсы істеріңмен, өнер-білімдеріңмен ата-әжелеріңді, ата-аналарыңды қуанта аласыңдар. Ол қандай іс, қандай өнер болуы мүмкін? Үлкендерден отбасы альбомындағы туыстарың туралы сұра. Өз ататегіңнің бәйтерегін жаса. Тапсырманы ата- анаңмен бірге орында. Атаңның отбасы туралы әңгімесін тыңда. Сені ол әңгіме несімен қызық тырды? Альбомда отбасы мүшелерінің суреттері бар. Онда ата-әжелерің өз балаларын қалай тәрбие- легенін еске түсіреді. Отбасы альбомын сен де то- лықтыр. Көне суреттерді сақтауға тырыс. Отбасылық мұрағат – әр отбасының ата-бабадан келе жатқан суреттері мен жазбаларының арнайы сақталуы. «Менің атам» тақырыбына ауызша әңгіме құра. 11 3 сабақ Мен және қоғам Сен: қоғам туралы білесің; адам мен қоғам арасындағы байланысты оқып үйренесің. Тірек сөз: қоғам Қай жерге барсаң да, сенің айналаңда адамдар бо- лады. Үйде – туысқандарың, автобуста – жолаушылар, мектепте – достарың, сыныптастарың мен мұғалімдер. Қала мен ауыл тұрғындарының күнделікті іс-әре- кетінде ұқсастықтар көп. Олардың барлығы қоғамды құрайды. Адамдар бірге жұмыс істейді, оқиды, дема- лады, бір-біріне көмектеседі. Әр адам қоғамның бір бөлшегі болып есептеледі. Қоғамды сен қалай елестетесің? Өз ойыңды әңгіме- леп бер. Адамдар бір-біріне көмектесуі керек. Бұл – қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы. Сен екінші сыныпта оқысаң да, айналаңдағы адамдарға көмек көрсетуіңе болады. Сынып, үй, аула және көше тазалығына өз үлесіңді қоса аласың. Адам қоғамға пайда келтіретін іс істеуі керек. Әр адам өзінің және басқа адамдардың мүлкіне ұқыпты- лықпен қарағаны дұрыс. Ол туралы не білесің? 12 Қоғам мүшелері деп кімдерді айтамыз? Қоғамдағы адамдардың бір-бірімен байланысы қандай? Олар бір-біріне қандай көмек көрсете алады? Суреттерге қараңдар. Сендер күнделікті өмірде кімдердің еңбегіне жүгінесіңдер? Егер адам еңбек етпесе, қоғамда қандай жағдайлар орын алуы мүмкін? Бір-біріңмен пікір алмасыңдар. Қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстаудың белгілі бір ережелері болады. Оларды әдептілік ережелері деп атайды. Адамдар қоғамда мынадай әдептілік ережелерін сақтай білуі керек: – өзге адамдармен жақсы қарым-қатынас орната білу; – өзіңді сыйлаған адамға құрмет көрсету. 13 Сен әдепті болудың кейбір ережелерін күнде орындап жүрсің. Олар: – қоғамдық көліктерде үлкен адамдарға орын бересің; – қарт адамдардың жолдан өтуіне көмектесесің; – сыныпқа мұғалім кіргенде, орныңнан тұрасың. Суреттерге қара. Балалар қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстаған? Қандай жағдайларды көріп тұрсың? Оларды сен қалай орындап жүрсің? 14 Сыпайы адам айналасына еш жайсыздық туғыз- байды. Ондай адамның мәдениеті жоғары деп есептеледі. Әр адам – қоғамның бір мүшесі. Кез келген қоғамның негізгі тәртібі – бір-біріне деген құрмет пен сенім. Берілген жағдайларды досыңмен жұптасып ойнап көр. 1. Сен дүкеннен бір қорап кәмпит сатып алғың келді. Сатушыдан оны қалай сұрар едің? 2. Кітапханашыдан саған қызықты кітап беруін өтін. 3. Қарт адамға орныңды ұсын. Бұл жағдайларға байланысты қандай сөздер айтар едің? Өзіңмен сөйлескен адамды зейін қойып тыңда. Сыпайылық сақта, мейірімді бол. Сөйлескенде айтар ойыңды асықпай, дауысыңды көтермей, анық әрі түсінікті етіп жеткіз. Сыпайы, әдепті, инабатты болу ережелерін үнемі есіңе сақта. 15 4 Менің достарым сабақ Сен достықтың ең бағалы сипаты туралы білетін боласың. Тірек сөздер: достық, адалдық, сыйластық Сенің достарың бар ма? Бос уақытыңды достарыңмен бірге өткізесің бе? Достарың туралы әңгімеле. Олардың мінез-құлқы, нені жақсы көретіні туралы айтып бер. Достықтың ең басты сипатына адамдардың бір- біріне деген сыйластығы, көңіл қалдырмайтын келісімі мен көмегі жатады. Мақалда не туралы айтылған? Ойыңды айт. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Адал дос еш уақытта досын сатпайды. Ол тіпті сені ренжітпеуге тырысады. Сенім білдіретін досыңа өз басыңдағы қиындықты немесе қуанышыңды айтуға болады. Өйткені сен оған сенесің. Адамды дос болуға мәжбүрлеген дұрыс па? Ондай адаммен өз ойыңды айтып сырласуға бола ма? 16 Арман туған күніне достарын шақырды. Міне, олар да келді. Суреттегі балалар бір-бірімен кездескенде қандай сөздер айтты? Досыңның туған күніне не сыйлар едің? Досыңа қандай тілек айтасың? Суреттерге қара. Балалар Арманның үйінде қо- нақта болғанда қандай ойындар ойнады? Ойынның қандай түрі ұл балаларды қызықтырады? Ал қыз балаларды ше? Достарыңмен тағы қандай ойын ойнауға болады? 17 5 Адам еңбегі сабақ Сен еңбектің адам өмірін қалай жақсартаты- нын білесің. Тірек сөздер: мамандық, еңбексүйгіштік Еңбек деген не? Адамдар не үшін еңбек етеді? Біз күнделікті өмірде адамдардың еңбекпен жа- саған заттарын қолданамыз. Диқандар негізінен жеміс-жидек, көгөніс және басқа ауылшаруашылығы дақылдарын өсіреді. Мал- шылар мал бағады. Қалада тұратын адамдар зауытта мәшине, теледи- дар, компьютер, тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар жасап шығарады. Байқасаң, қаншама адам еңбек етеді. Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтаңдар. Оның адамдарға тигізетін пайдасы қандай? 18 Адамдар күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қай- дан алады?Өз ойыңды айтып бер. Төмендегі мақалдың мағынасын түсіндір. Еңбек түбі – зейнет. Мына мамандық иелерін қайдан кездестіруге бола- ды? Олардың еңбегі басқа адамдарға қалай көмекте- седі? Еңбек адамына құрметпен қарау керек. Еңбекке бейім болсаң, Қатарыңнан кейін болмайсың. Қандай мамандықтар біздің өмірімізді жақсарта алады? Үйге жылу, жарық, су қайдан келеді? 19 Өзіңді тексер 1. Отбасы –... бір бөлшегі. а) сыныптастардың; ә) қоғамның; б) отбасының; в) адамның. 2. Ататек дегеніміз не? Ататекті не себепті бәйтерек ағашынан таратады? 3. Сен неше ататекті таратып атай аласың? Ата-аналарың ше? 4. Әдеп дегеніміз не? Қандай әдептілік ережелерін білесің? Айтып бер. 5. Сенің отбасыңды қандай сөзбен сипаттауға болатынын оқып таныс. Тізімге өз пікіріңді қос. Үлкен, кіші, жас, ұйымшыл, көпбалалы, еңбекқор,... 6. Сәйкестендір. Ол саған мектепте білім береді. дәрігер Ол адамдардың денсаулығын тексеріп, наубайшы емдейді. Ол нан, тоқаш пісіреді. мұғалім 7. «Еңбек» тақырыбында кім көп мақал-мәтел біледі? Жарыс ойынын ұйымдастыр. 8. Отбасыңа жасай алатын пайдалы істеріңнің тізімін жаса. Бұл істерді жиі жасап тұруға дағдылан. 9. Барлық адамдар қоғамды құрайды. Оларды жұмыс, дема- лыс, білім алу әрекеттері байланыстырады. Сенің сыныбың қоғамның бір мүшесі бола ала ма? Қалай ойлайсың? Сенің сыныптастарыңды не байланыстырады? 20 10. Арман мен Ақмарал мектеп газетіне ата-анасының сурет- терін әкелді. Арманның анасы – тігінші, ал Ақмаралдың әкесі – құрылысшы. Оларды қабырға газетінен табыңдар. Басқа адамдар қандай қызмет істейді? Олардың атқаратын қызметі қоғамға қандай пайда әкеледі? 11. Мақал-мәтелді оқып, мазмұнын айтып көр. Қайсысы саған маңыздырақ көрінді? Неге? Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ. Баланың бас ұстазы – ата-анасы. Адал дос алтыннан қымбат. Дос деп сынамай сыр айтпа, Достың да досы бар. 12. Сенің отбасыңда бір мамандық бойынша жұмыс істейтін адамдар бар ма? Олар туралы әңгімелеп бер. Отбасылық еңбек әулеттері қандай болатынын біл. 21 II. МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ Сен бұл бөлімнен: құқық пен жауапкершілік туралы білесің; қоғам үшін еңбек ететін адамдар жайлы оқып үйренесің; еріктілер туралы мәлімет аласың; Қазақстан аумағы үлкен әрі халқының бірлігі жарасқан ел екенін білетін боласың. 2222 6 Менің құқығым және сабақ міндетім Сен: қандай міндеттерің барын білесің; жауапкершіліктің қандай болатынын оқып үйренесің. Тірек сөздер: мемлекет, азамат Құқық деген не? Конституция не үшін жазылады? Әр адамның өз құқығы мен атқаратын міндеті бо- лады. Қазақстан азаматтары өздерінің құқықтары мен міндеттерін еліміздің Конституциясынан біле алады. Оны елдің негізгі Ата Заңы деп те атайды. Конституцияда көрсетілген құқықтар мен мін деттерді орындау – әр азаматтың б орышы. Құқық – Қазақстанның әр азама- тына берілетін заңды мүмкіндік. Міндет – әр азамат орындауға тиісті абыройлы борыш. Азамат – сол елдің тұрғылықты адамы. Азамат тиісті заңға сәйкес өз міндеттерін орындап, құқықта- рын пайдалана алады. Мемлекет өз азаматтарының құқығын қорғайды. 23 Өз құқығыңды білесің бе? Зерттеп көрейік. Сенің мынадай құқықтарың бар: өмір сүруге; ата-ананың қамқорлығында болуға; денсаулығыңды сақтауға; тегін оқып, білім алуға құқың бар. Өз құқықтарыңның орындалуы туралы қорытынды жаса. Сен өз міндеттеріңді орындап жүрсің бе? Әр адамның орындайтын міндеттерімен та- ныс. Әр азамат: Отанын қорғауға міндетті; айналасындағы табиғатты қорғауға міндетті; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауға міндетті; өз ісіне жауапкершілікпен қарауға міндетті. Жауапкершілік – бұл саған берілген міндеттерге жауаптылықпен қарау. Сенің тағы қандай міндеттерің бар? Мысалдар келтір. Өз ісіңе жауапкершілікпен қарау дегенді қалай түсінесің? Өмірден мысалдар келтір. Басқа адамдардың құқығын құрметте! Құқық болған жерде міндет пен жауапкершілік те болатынын есің- нен шығарма! 24 7 сабақ Отан үшін аянба! Сен қоғамға қызмет етудің не екенін білесің. Тірек сөздер: көмек, отансүйгіштік Сабақтың тақырыбына мән бер. Оның мағынасын қалай түсінесің? Отан деген не? Табиғат пен адамды Отан деп атауға бола ма? Өз елін сүйетін адамды қалай деп атаймыз? Сен «Отан» деген сөзге мағынасы жақын қандай сөздерді білесің? «Отан» сөзінен шыққан «отандас», «отаншыл» деген сөздер бар. «Отандас» сөзі – Отаны бір дегенді білдіреді. Отанын, халқын, жерін шынайы сүйетін адамды – отаншыл дейді. Суреттегі ұлы тұлғалардың қоғамдағы еңбектері тура- лы не білесің? Зерттеп көр. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын. Қандай өлеңін жатқа айта аласың? Абай Ахмет Қаныш Бауыржан Құнанбайұлы Байтұрсынұлы Сәтпаев Момышұлы 25 Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Қаныш Сәтпаев, Бауыржан Момышұлы өз Отанын шексіз сүй- ді. Өз Отаны үшін аянбай күрескен қаһарман перзент- терін халық әрдайым еске алып, құрметтейді. Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының аты аңыз ға айналған перзенті. Ол – Ұлы Отан соғысының Баты- ры әрі атақты жазушы. Бауыржан Момышұлы сарбаз- дарды Отанын ерлікпен қорғауға баулыды. Сендер еріктілер туралы естідіңдер ме? Тірек сөздерді қолданып, олардың қатарына қандай адамдар жататынын ата. Тірек сөздер: Қайырымды, ықыласты, өз Отанын сүйетін, селқос, ақпейіл, қадірлейтін, жалқау, шыдам- ды, немқұрайды, еңбекқор. Қоғамға қызмет ету қандай нәтиже береді? Қазіргі қоғамда жастар жиі бас қосып, халық ара- сындағы түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі. Олар- ды еріктілер (волонтерлер) деп атайды. Еріктілер адамдарға өз еркімен көмектеседі. Сыныптастарыңмен бірге ұйымдастыра алатын қайырымды істердің тізімін жасап көр. Тізімдегі істердің бір бөлігін өзің жасауға тырыс. «Қоғамға қызмет ету» деген ұғымның мәнін қалай түсінесің? Өз ойыңды айт. «Отандас» деп кімдерді атайды? 26 8 сабақ Қазақстан халқы Сен: қазақтар еліміздің байырғы тұрғындары екенін; Қазақстанда басқа ұлттың өкілдері де тұраты- нын, олардың арасындағы достықтың маңызын білесің. Тірек сөздер: байырғы тұрғын, халық, ұлт Ақмарал: – Біздің еліміз Қазақстан Республика- сы деп аталады. «Республика» сөзі латын тілінен аударғанда мемле- кеттік құрылыс деген ұғымды білдіреді. Арман: – Қазақстан Республикасы- ның байырғы тұрғыны – қазақтар. Қазақстанда белгілі бір тарихи ке- зеңдерде көшіп келген басқа ұлт өкіл- дері де тұрады. Олар: орыстар, өзбек- тер, украиндар, кәрістер, ұйғырлар, та- тарлар және тағы басқа ұлттар. Олар- дың барлығы бірігіп Қазақстан халқын қ ұрайды. Халық – белгілі бір елді, мемлекетті мекендейтін адамдардың жалпы жиыны. Ақмарал: – Халықтың маңызды белгілерінің бірі – тілі. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ол көпұлтты елді біріктіреді. 27 Орыстар Кәрістер Татарлар Украиндар Ұйғырлар Өзбектер Қазақстанда тағы қандай ұлттың өкілдері тұрады? Олар туралы не білесіңдер? Қазақстан халқы үшін мемлекеттік тілдің маңызы қандай? Арман: – Біздің еліміз 1 мамыр күні Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін атап өтеді. Бұл – өза- ра достық пен сыйластық мерекесі. Қазақстан – көп ұлттың бірлігі мен татулығын қалайтын ел. Өздерің тұратын жерде қандай ұлттың өкілдері бар? Олар қай тілде сөйлейді? Біздің елімізде ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтау не үшін қажет? Республикамызда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. 28 Өзіңді тексер 1. Ата Заң дегеніміз не? Онда нелер жазылған? 2. Конституция күні – мемлекеттік мереке. Ол қай күні аталып өтетінін дәптеріңе белгіле. 1 қаңтар 30 тамыз 6 шілде 3. Міндет дегеніміз не? Сенің қандай міндеттерің бар? 4. Сенің қандай құқықтарың бар? Оларды қалай пай- даланып жүрсің? 5. «Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауға мін- детті» дегенді қалай түсінесің? 6. Өз елін, халқын, жерін шынайы сүйетін адамды қа- лай атайды? 7. Суреттегі еліміздің абыройын асқақтатқан тұлғалар туралы білесің бе? Оларды өз мамандықтарымен байланыстыр. Қоғамға сіңірген еңбектері туралы қосымша ақпарат көздерінен тауып оқы. әнші ұшқыш суретші Тоқтар Әубәкіров Әбілхан Қастеев Күләш Байсейітова 8. «Қоғамға қызмет ету» дегенді қалай түсінесің? Оны сыныптастарыңмен бірге талқыла. Мысалдар кел- тір. 29 9 сабақ Пікір алмасайық 1. Дұрыс бір жауапты таңда. Отбасы –... а) қонаққа келетін жақын адамдар; ә) бірге тұратын туыс және жақын адамдар; б) достар. 2. Сенің отбасың немен айналысады? Өз отбасың туралы сөйлемді толықтырып, шағын әңгіме құра. Жексенбі күні ___________________ Әр күнгі кеште ___________________ Біз отбасымызбен бірге ________________ ойнағанды ұнатамыз. 3. Ататекті не үшін құрастырады? Өз ойыңды айтып бер. 4. Төменде аталған істерді екі топқа бөліп, дәптеріңе орында. Тағы қандай істерді кестеге қосуға болады? – Қоғамдық көлікте үлкен адамдарға орын беру. – Шаң сүрту. – Ыдыс жуу. – Көше тазалығына, жексенбілікке қатысу. Қоғамға пайдасы Отбасына пайдасы 5. Суреттерге қарап, диалог құра. Сен үшін үлкендерге құр- мет көрсетудің маңызы қандай? 30 6. Нағыз доста қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың? Дұрыс деп санаған сөздерді таңдап, неге олай ойлайты- ныңды түсіндір. Адалдық, қызғаншақ, ұқыптылық, қорқақтық, әділ- дік. 7. Төмендегі мамандық атауларын оқы. Табиғатты қорғауға қатысы бар адамдардың мамандығын ата. Мұғалім, сатушы, жүргізуші, мал дәрігері, ұшқыш, орманшы, құрылысшы, эколог. Бұл мамандық иелері табиғатқа қандай пайда келтіреді? 8. Ауызша сөйлемдерді жалғастыр. ___________ – сол елдің тұрғылықты адамы. Еліміздің әр азаматына берілетін _______ мүмкін- дік. Елдің негізгі заңы –... 9. Конституция күні Қазақстанда қандай мерекелік шаралар аталып өтеді? 10. Сен қандай құқықтарды пайдаланатыныңды партала- сыңмен бірге талқылап көр. 11. «Қоғамға қызмет ету» деген не? Өмірде адамдар басқа- ларға риясыз көмектеседі. Оны сен қалай түсінесің? Мы- салдар келтір. 31