Жансыз табиғаттағы үдерістер PDF

Summary

Бұл документ жансыз табиғаттағы үдерістер туралы, әсіресе табиғаттағы зат айналымы, су айналымы, тектоникалық қозғалыстар, тау жыныстарының үгілуі туралы мағлұматтарды қамтиды. Ол геология және география ғылымдарына қатысты мазмұнға ие. Жер бедері мен тау жыныстарының үгілуінің түрлерін қарастырады.

Full Transcript

Жансыз табиғаттағы үдерістер Табиғаттағы зат айналымы – заттардың табиғаттағы түрленуінің және қозғалуының азды-көпті қайталанатын үдерісі. Яғни, атмосфера, гидросфера, литосфера және тірі ағзалар арасындағы заттардың циркуляциясы (айналып тұруы). Су айналымы Ормандағы зат айналымы Т...

Жансыз табиғаттағы үдерістер Табиғаттағы зат айналымы – заттардың табиғаттағы түрленуінің және қозғалуының азды-көпті қайталанатын үдерісі. Яғни, атмосфера, гидросфера, литосфера және тірі ағзалар арасындағы заттардың циркуляциясы (айналып тұруы). Су айналымы Ормандағы зат айналымы Тектоникалық қозғалыс: таулардың пайда болуы, жер сілкінісі, жанартаулардың атқылау құбылыстары Таулардың пайда болуы Тау түзілісі – тектоникалық қозғалыстың (Жердің ішкі күші), тоқтаусыз жоғары көтерілу әсерінен таулы құрылымдарды қалыптастырушы үдеріс. Таулардың пайда болуына ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) күш әсер етеді. Литосфералық тақталардың бір-біріне соқтығысуы нәтижесінде таулар пайда болады Материк тік платформалардың бір-бірімен соқтығысқан жерінде таулар пайда болады (орогенез). Геосинклиналдар – таудың түзілетін яғни пайда болатын жері. Ол жер қыртысының қалың шөгінді жыныстар жиналған ауқымды бөлігі. Жер қыртысының екі платформасының соқтығысқан жерінде пайда болған геосинклиналдар, шөгінді жыныстар мен шөгінділер бір-бірін қысудың әсерінен ұзына бойы созылған, ені біршама кең, қыратты-төбелі тау тізбегін түзеді. Платформалардың ары қарай бірін- бірі қысып қабаттасуынан қатпарлы тау жоталары қалыптасады. Тау жыныстарының судың әсерінен үгілуі Кез келген аумақтың жер бедері ұзақ уақыт бойы жер бетіне эндогенді (ішкі күш) және экзогенді (сыртқы күш) күштердің бірдей әсер етуінен қалыптасады. Жер бедерін зерттейтін ғылымды геоморфология деп атайды. Планетарлық жер бедері пішінінен кейін макроформалар орналасады. Олар –тау жоталары мен таулы қыраттар және ауқымды ойпаттар ретінде материкте және мұхит табанының жер бедерлерінде Қазақстанның ең биік де орын алады. нүктесі – Хантәңірі шыңы Жер қыртысының ішкі күштерінің (эндогендік) әсерінен таулар пайда болса, сыртқы күштердің әсерінен (экзогенді) әсерінен бұзылып, үгіледі. Күн Су Тау жынысы Жел Тірі ағзалар Тау жыныстарының бұзылуына әсер ететін сыртқы күштер (экзогенді) Үгілу үдерістерінің түрлері Физикалық үгілу – тау жыныстарының химиялық жолмен өзгеріске ұшырамай, механикалық жолмен ұсақ бөлшектерге бөліну үдерісі. Бұл үдеріс желдің, судың және температураның әсерінен болады. Жел мен судың әрекетінен Желдің әрекетінен өзгеріске ұшыраған Шарын өзгерген таулар өзеніндегі каньон Тау жыныстар биогендік жолмен үгілгенде ағзалар өзіне қажетті минералды заттарды сіңіріп алады. Өсімдіктердің тамырлары мен микроағзалар сыртқы ортаға көмірқышқыл газы мен басқа қышқылдарды бөліп шығарады. Бұл минералдардың бұзылу және үгілу үдерісінің қарқынын жеңілдетеді. Өсімдіктердің тамырлары арқылы таудың бұзылуы Химиялық үгілу – атмосфералық газдардың, судың және ондағы еріген заттардың әсерінен тау жыныстарының бұзылуы. Көптеген минералдар, су және оттегімен химиялық реакцияға түседі. Нәтижесінде, көлемі ұлғайып, тау жыныстары бұзылады. Жартастардың химиялық жолмен үгілуі Топырақтың түзілуіне қатысатын үдерістер Ауа райы – белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы. Ауа райының негізін ауа температурасы, бұлттылық, жауын-шашын, қысым және жел қалыптастырады. Климат – белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның орташа жылдық тұрақты жағдайы немесе ауа райының белгілі бір аумаққа тән көпжылдық режимі. Климат деген терминді алғаш рет б.з.д. 2 ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Гиппарх енгізді. Грекше: «еңкею (қиғаштық). Себебі, сол кездегі ғалымдар күн сәулесінің тіке немесе қиғаш түсетіндігіне қарай жердегі климаттық жағдай өзгеретіндігін білген. Модельдерді мынандай мақсаттарда қолданады Заттардың химиялық жолмен бір түрден екінші түр ге өзгеруі барысында жаңа зат пайда болады. Бір түрден екінші түрге өзгеруді химиялық реакция дейміз. Нәтижесінде бастапқы заттардың ыдырауынан бірнеше жаңа зат пайда болады немесе екі және бірнеше заттан жаңа бір зат туындайды Химиялық құбылыстар (айналым) бір зат жаңа затқа айналған кезде орын алады: жаңа заттардың құрамы да, қасиеттері де басқа болады. Химия тек мектеп зертханасындағы шыны түтікте ғана жүзеге аспайтынын сен түсінесің. Ең әсерлі химиялық құбылыстарды сен табиғаттан байқай аласың. Олардың маңыздылығы соншалықты, тіпті кейбір табиғи химиялық құбылыстар болмаса, жерде ешқандай тіршілік те болмас еді. Фотосинтез Күн сәулесінің әсерінен жапырақ хлоропластарында бейорганикалық заттардан (су және көірқышқыл газы) органикалық заттардың (көмірсу) түзілу процесі. Фотосинтез процесіне күн сәулесі шығаратын жарық бөлшектері және өсімдіктердің арнайы пигментті молекулалары – хлорофилл қатысады. Өсімдік жасушаларында хлорофилл хлоропластарда болады, ал жапырақтардың жасыл болатындығы сондықтан. Тыныс алу Тыныс алуда оттегі сіңіріліп, көмірқышқыл газы шығарылады. Бұл процесте ең маңыздысы көп мөлшерде энергия бөлінеді. Жану оттектің қатысуымен жүзеге асады. Жану нәтижесінде ағаш сүрегі (және басқа да қатты отын) күлге айналады. Күл құрамы мен қасиеті бойынша ағаш сүрегінен мүлдем басқа зат. Жану үдерісінде көп мөлшерде жылу, жарық бөлінеді. Басқаша айтқанда, жану – өте жоғары жылдамдықпен өтетін химиялық айналым. Жылдамдық аса жоғары болған кезде жарылыс орын алуы мүмкін. Табиғи химиялық айналымның бірі шіру үдерісі болып табылады. Шын мәнінде, бұл да жану тәрізді үдеріс, тек ол әлдеқайда баяу жүреді. Шіру микроорганизмдердің қатысуымен, құрамында азот бар күрделі заттардың оттегімен өзара әрекеттесуі болып саналады. Ылғалдылықтың болуы – шірудің туындауына мүмкіндік беретін түрткіжайттардың бірі. Химиялық ауысулар нәтижесінде алуан түрлі заттар түзіледі, оған аммиакты, майлы ұшпа қышқылдарды, спиртті күкіртті сутекті және басқа да көптеген затты жатқызуға болады. Шіру нәтижесінде Табиғаттатүзілген зат айналымы үшін шірудің құрамында азот бар қосылыстардың маңызы өте зор: өлі организмдердің бірқатары улы болып келеді. ақуызын Шіруге тән сіңіруіне жарамды өсімдіктердің белгілер жылудың,қосылыстарға газдың (өткірыдыратуға иісті) мүмкіндік бөлінуі, түсінің өзгеруі болып береді. Сосынтабылады. айналым басынан қайта басталады. Сен жазда найзағайдан кейін тыныс алу жеңілдейтінін байқадың ба? Мұндай кезде ауа айрықша таза және өзіне тән иісі болады. Жазда найзағай ойнағаннан кейін сен тағы бір табиғатта кең таралған химиялық айналым – озонның түзілуін бақылай аласың. Озон (О3) – таза күйдегі көк түсті газ. Табиғатта озонның ең көп шоғыры атмосфераны сті гі абатында болады. Ол жерде озон біздің ғаламшардың қалқаны рөлін атқарып, оны күн радиациясынан қорғайды және инфрақызыл сәулелерді өзіне жұтып, Жердің суынуына жол бермейді. Табиғатта озон көбінесе Күннің ультракүлгін сәулелерімен ауаның сәулеленуі арқасында түзіледі. Сонымен қатар найзағай ойнаған уақыттағы электрлік разрядтар кезінде пайда болады Рельеф Таулар – жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген, беткейлері қия, биік бөліктері. Мысалы, Памир, Тянь-Шань, Кордильер т.б. Жазықтар – жердің беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін бөлігі. Мысалы, Батыс Сібір жазығы Аралдар – жан жағын су қоршап жатқан құрлық. Мысалы, Исландия аралы

Use Quizgecko on...
Browser
Browser