Химия.docx
Document Details
Uploaded by UnbeatableHarpy
1 Decembrie 1918 University of Alba Iulia
Tags
Full Transcript
**Химия пәні бойынша жасанды интеллект және цифрлық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру** Білім берудің жаңа сапасы - оның ел дамуының қазіргі заманғы өмірлік қажеттіліктеріне сәйкестігі. Бүгінде мектеп мультимедиялық-сандық мәдениетте тәрбиеленіп жатқан жаңа өркениеттің...
**Химия пәні бойынша жасанды интеллект және цифрлық құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру** Білім берудің жаңа сапасы - оның ел дамуының қазіргі заманғы өмірлік қажеттіліктеріне сәйкестігі. Бүгінде мектеп мультимедиялық-сандық мәдениетте тәрбиеленіп жатқан жаңа өркениеттің қалыптасуы, елеулі өзгерістер болып жатқан заманауи ақпараттық қоғамның аспектілерін көрсетеді. Жалпы білім беру ұйымдарын жаңғырту қазіргі кезеңдегі басты міндеттердің бірін шешу қажеттілігімен байланысты: дербес деңгейде - білім беру процесіне қатысушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру: интернетте жұмыс істеу дағдыларын игеру, жаңа электрондық білім беру ресурстарын, ақпараттық құралдарды, технологияларды пайдалану; жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану. Қазіргі таңда заман талабына сай , бәсекеге қабілетті маман болу үшін ұстаздар қауымына көп міндет жүктеліп отыр. Ұстаз оқушыға өз пәнін ғана үйретіп қоймай, жан-жақты, цифрлық құзіреттілігі дамыған тұлға болып қалыптасуына жол ашуы тиіс. Оқушының цифрлық құзіреттілігін дамыту үшін ең алдымен ұстаз өз-өзін дамыту керек деп ойлаймын. Цифрлық технологияның білім берудегі маңызы **-** білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл -- білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті.\ Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз -- бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Яғни, қазіргі таңда бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Білім және ғылым министрлігі бірқатар маңызды жұмыстар жасағанын айтып өткен дұрыс. Жаңа оқу жылының басты тақырыбы «Цифрлық білім беру» болып отыр. Яғни бізге екі есе міндет жүктеліп отыр деп санауға болады. Елімізде жүргізіліп жатқан үздіксіз даму шараларына байланысты менде өз кезегімде үнемі өз білімімді жетілдіріп, барынша цифрлық құралдарды , жасанды интеллект құралдарын зерттеп , зерделеп, өз пәніме сәйкес келетін тұстарын барынша пайдаланып жүрмін. Жаңа технологиялардың оқушы үшін ұтымды тұстары: 1. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады; 2. Жаңаны тануға , жаңалық ашуға құмар болады; 3. Өзінің жұмысын саралауға мүмкіндік алады; 4. Цифрлық құзіреттілігі артады; 5. Өзінің шынайы білімін білуге мүмкіндік алады. Ал ұстаздар үшін тиімді тұстары: 1. Пән бойынша оқушының қызығушылығын арттырады; 2. Уақыт үнемдеп, әртүрлі формада тапсырма құрастыруға мүмкіндік береді; 3. Оқушы білімін әділ бағалау; 4. Оқушыны қосымша, тың мәлметтермен қамтамасыз етеді. Химия пәні күрделі пәндердің қатарынан болғандықтан, үнемі цифрлық құралдардың және жасанды интеллект құралдарының көмегіне жүгінемін. Өз сабағымда қолданып жүрген цифрлық құралдарға тоқталып өтетін болсам: Formative. Educaplay, Pulleverywhere, Mentimetr, Online Corinth 3 d , Mozaik 3d education, Interacty. Сабақ барысында қажетті ақпараттарды алу үшін ,өз жұмысымды жеңілдетіп уақыт үнемдеу үшін қолданатын жасанды интеллект түрлері: Online Corinth, Magic school, Quizbot, Slder.ai, Presentation.ai, ChatGPT. Пән бойынша оқушылардың өз бетінше білім алуына көмектестін цифрлы ресурстарға тоқталып өтетін болсам: **\"Химиялық реакциялар теңдеулері\"тренажері-** интерактивті режимде химиялық теңдеулерде коэффициенттерді қалай қою керектігін үйренуге көмектеседі. Пән бойынша оқудың басында теңестіру және жаттығу дағдыларын игеруге болады. Символдық-символдық модельдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ойлаудың дамуына ықпал етеді. Тіркелу қажет емес, ресурс тегін. Тіл-Ағылшын тілі, бірақ бәрі түсінікті. Сайтқа сілтеме: \[**[[https://phet.colorado.edu/sims/html/balancing-chemical-equations/latest/balancing-chemical-equations\_en.html]](https://phet.colorado.edu/sims/html/balancing-chemical-equations/latest/balancing-chemical-equations_en.html)\]** ![](media/image2.png) **\"Яндекс. Репетитор \"** сайтында тегін және тіркеусіз 11-сыныптың негізгі тақырыптары бойынша 6 бейне сабақ және 9-сыныпқа арналған 6 бейне сабақ бар. Тақырып бойынша интерактивті тесттерді шешуге болады. Нәтижелері бойынша пысықтау үшін тақырыптық тапсырмаларды таңдау ұсынылады. Сайт материалдары ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыруға және білім алушылар сабақты өткізіп алған жағдайда тақырыптарды өз бетінше зерттеуге көмектеседі. \[ [[https://yandex.ru/tutor/uroki/ege/khimiya/]](https://yandex.ru/tutor/uroki/ege/khimiya/)\] Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында цифрландырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ақпараттық технологияларды енгізу арқылы IT секторында жасанды интеллект (AI) технологиялары бойынша жетекші ел болу міндетін алға қойған еді. Жасанды интеллект білім беру саласында күн сайын маңызды рөл атқарып, білім мен оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгерте алатын перспективаларды ұсынуда. Қазіргі тенденцияларды талдай отырып, жасанды интеллект әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырып ғана қоймай, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әрбір оқушының, студенттің қабілетіне сай бейімделуін қамтамасыз етіп, оқытудың жаңа мүмкіндіктерін жасайды деп айтуға болады. Машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалану арқылы үлкен деректерді талдай отырып, білім деңгейінің әлсіз жақтарын анықтап, оқытудың ең тиімді әдістерін ұсына алады. Соңғы уақытта жасанды интеллект оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, білім беру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі факторына айналды. Жалпы, жасанды интеллект білім беруде өте пайдалы, өйткені жасанды интеллект әрбір оқушының қабілеті мен стиліне сай оқуға көмектесе отырып, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ мұғалімдердің жүктемесін азайту арқылы күнделікті тапсырмаларды автоматтандыруға және оқушылардың үлгерімі туралы нақты мәлімет беруге қабілетті. Жасанды интеллект оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне сай оқу материалдарын бейімдей алады, бұл білім беруді одан сайын қолжетімді және тиімді етеді. жасанды интеллект Қазақстанның білім беру жүйесін түбегейлі өзгерте алатын, оны икемді, тиімді және қолжетімді ете алатын қуатты құрал. Өз тәжірибемде қолданып жүрген жасанды интелектінің қарапайым түрлеріне мысал келтіретін болсам көп функциялы платформа Magic school деп аталады. Бұл платформаның ең бірінші артықшылығы, бұл -- мұғалімдердің уақыт үнемдеуі. Мұғалімдерге сабақ жоспарын құруға, жобаларды табуға және басқа да көптеген тапсырманы санаулы секундтарда орындауға мүмкіндік беру арқылы оқу тапсырмаларын айтарлықтай жеңілдетеді, бұл күніне орта есеппен 2,5 сағатты үнемдейді. Екіншісі, платформа проблемалық мінез-құлықты басқарудың тиімді стратегияларын ұсынады, сонымен қатар сынып пен үйде оқытуды жақсартуға арналған кеңестер мен амалдарды ұсынады. Оқушылармен кері байланыс беру процесін жеңілдетеді, оқушылардың мотивациясы мен жетістігін ынталандыру әдістерін ұсынады. Сонымен қатар оқытушылар бірден сабақ жоспарларын, мақалаларды, ақпараттық бюллетеньдерді және олардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін басқа оқу мазмұнын жасай алады. Презентация жасауға арналған жасанды интеллект түрі: Gamma.ai деп аталады. Бұл жасанды интеллекті мүмкіндігі өте жақсы. Көп жасанды интеллект түрлерінде қазақ тілінде жұмыс жасау қиындық келтірсе бұл жүйеде жұмыс жасау оңай әрі тиімді. Ең бастысы тегін шексіз қолдануға мүмкіндігі бар. Әртүрлі формада тест құрастыруға болатын жасанды интеллект түрі: Quizgecko. Бұл платформада оқушыға түрлі формада тапсырмалар ұсынуға болады. Жасанды интеллектінің білім беру саласындағы мүмкіндіктеріне тоқталып өтсем: 1. Жеке оқыту (оқушы өздігінен білім алуға дағдыланады, шығармашылық қабілеті дамиды); 2. Оқу материалдарын оңтайландыру (қосымша тың мәлметтермен қамтамасыз етіледі); 3. Автоматтандырылған бағалау (Оқушыны бағалау тез әрі оңай жүзеге асады).