Ұлттық валюта презентациясы PDF

Document Details

CourtlyGamelan2284

Uploaded by CourtlyGamelan2284

Токжайлауская средняя школа

Tags

қазақстан валютасы ұлттық валюта қазақстан экономика

Summary

Бұл презентация Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге туралы, оның тарихы туралы мәліметтерді қамтиды. Презентацияда Теңге валютасының дамуы, әр түрлі номиналдағы банкноттары және монеталар туралы ақпараттар ұсынылған. Презентация Қазақстан экономикасына қатысты үш негізгі маңызды мәліметтерді қамтиды.

Full Transcript

Сабақтың тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА Қазақстан Республикасының валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кі...

Сабақтың тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА Қазақстан Республикасының валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған ). Кейіннен айналысқа: 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы : 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген ); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ). 2002 жылы : 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени - ағарту Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser