Қазақстан тарихы оқулығы PDF

Document Details

RockStarRetinalite1352

Uploaded by RockStarRetinalite1352

2007

Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов

Tags

қазақстан тарихы оқулық тарихи оқиғалар қазақ тарихы

Summary

Бұл оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған Қазақстан тарихы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі материалдарды қамтиды. Оқулықта тарихи оқиғалар нақты және дәлелді тұжырымдарға сүйене отырып баяндалған.

Full Transcript

Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов Жоғары оқу орынына арналған оқулық АЛМАТЫ КІТЛП Г.В. К а н , Н.У. Ш а я х м е т о в ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ С. е лтин^Агы г-./'ц.ми НАУЧНАЯ L...

Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов Жоғары оқу орынына арналған оқулық АЛМАТЫ КІТЛП Г.В. К а н , Н.У. Ш а я х м е т о в ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ С. е лтин^Агы г-./'ц.ми НАУЧНАЯ L u c с. ftfv.-tм Алматыкітап 2007 ББК бЗ.ЗКаз я73 К-16 Қазақстан Республиксының Білім жәнеғылым министрлігі жоғары оқу орындарыныңстуденттері мен магистранттарына оқулықретіндеұсынады Кан Г. В., Шаяхметов Н. У. К-16 Қазақстан тарихы. Оқутык. - Алматы: «Алматыкітап», 2007. - 264 бет. ISBN 9965-24-856-7 Оқулық Қазақстан тарихы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі материалдарды қамтиды. Бүл пән жоғары оқу орындарында оқытып-үйретудің қазіргі талаптарына сәйкес жасалған және тарих ғылымының соңғы жетістіктері есепке алынып, қорытылған. Авторлар тарихи оқиғаларды нақты әрі дәлелді тұжырымдарға сүйене отырып баяндайды. Оқулық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған, сонымен бірге оқытушылар мен Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын оқырман қауым үшін де пайдалы. 05Q30209Q5 ББК бЗ.ЗКаз я73 00(95)-07 © Кан Г В., 2007 ISBN 9965-24-856-7 © «А лм аты кітап» Ж Ш С , 2007. КІРІСПЕ 1. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері. Тарих тағылымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын бо- латыны өмірде дәлелденген. Өйткені, бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалады. Ал мемлекеттің есіп өркендеуі, оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес. «Тарихсыз халықжоқ» деген бізге белгші қағида бекер айтылмаса керек. Тарихи тәжірибені зерделеу барысында тари­ хи сана, дәстүр мен мәдениет, үрпақ сабақтастығы қалыптасады. Тарих қазіргі уақытта болып жатқан өзгерістердің мәнін үғынуға мүмкіндік береді. Тарихта болашақтың непзі қаланған. Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі замандағы ғаламдық мәселелердщ диалектикасын түсінудің негізі болып табылады. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық - Отанымыз бен халқымыздың еткені туралы білім береді; аксеологиялық-ә р адамның бой- ында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондыкран да, ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық - күрделі де көп қырлы тарихи қүбылыстарға езіндік баға беру және талдау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық - тарих, on болашақтың непзі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар, өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады. Тарих - келешектің «архимед нүктесінің» негізі. Ол халықты топтастыру- шы әрі біріктіруші қызметін атқарады. Тарих қай халыкрын болмасын қайта- ланбас ерекшелігін, нақтылығын дербес қарастыра отырып, олардың бүкіл адамзат қауымдастығының қүрамдас белігі екенін керсетеді, соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды. Жалпы алғанда, тарих өзгер- мелі емірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті. Бүл түрғыдан алғ- анда Қазақстан нақты мысал бола алады. Өйткені, қазақстандық қоғам - жүздеген ұлыстардың, сан алуан діңцер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы. Сол себепті де, Отан тарихы қоғам- ды біріктіруші рольге ие болып, оның бастауында түрады. Қазақстан тарихы, яғни Отанымыздың тарихы күллі қазақстандықтардың дүниетанымының негізі болып табылады. Халық тарихи оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын, менталитетін қалыптастырады әрі езінің қоғам- да және ғаламдық деңгейде алғанда әлемдік қауымдастықта алатын орнын айқындай алады. з Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын, тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар. Ол Отан та- рихы деген ұғымға бөлгілі бір уақыт пен нак^ы кеңістікте өткен сан қилы оқиғалар мен қубылыстарды жинақтап, біріктіреді. Ал бұл темірқазыққа не ж атады? Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тура- тын барлық халықтардың ортақ тарихы. Бұл темірқазықтың тамыры терең- де жатыр. Ол тамыр байырғы Қазақ жеріндегі антропогенездік қойнаудан, қазақ халқының ата тегінің қалыптасуы мен дербес улт ретінде қалыптасуы- ның алғашқы кезеңдерінен бастау алады. Сонымен бірге, ол - қазақ халқы- ның нақтылы тарихи жағдайлардағы дамуы болып табылады. Ал бүпнп күні ол темірқазыққа «қазақстандықтардың рухани-мәдени тұтастығын» қалып- тасты ру жатады. (Стратегия Ассамблеи народов Казахстана // Казахстан­ ская правда, 2002, 1 мая) Осы мақсаттың төңірегінде тарихи оқиғалар, де- ректер, қужаттар іріктеліп алынады, топтастырылады және ғылыми айна- лымға енгізіледі. Ал, керісінше жағдайда, тарих жоғарыда аталған темірқа- зыктан ты с жекелеген көріністердің жиынтығы ретінде мән-мағынасы мен қажеттілігін жоғалтқан қарапайым оқиғалардың тізбегі болып шығады. Сонымен, Қазақстан тарихы курсыньщ непзп мақсаты. Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақ жерінде өмір сурген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін уғындыру, ал біздің өміріміздің мәні - оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т. б. 2. Деректер және тарихнама. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелп кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады. Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек қуралдары, турақ- тары, тасқа жазылған бейнелер, жерлеу әдістері қурайды. Ежелп Қазақстан аумағындағы ежелгі турғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды. Оларға: парсы, грек, латын, араб, түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді. Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың турмы- сы, шаруашылық өмірі, саяси оқиғалары, көршілермен қарым-қатынасы, ұлтты ң қалы птасу үдерісі жайлы мәліметтер беріледі. Сонымен, тарих білімінің негізін деректер қурастырады. Тарихи деректер - ол қоғамда адам- зат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми турғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы дерек- терге негізделуі қажет. Сондықтан да, тарих ғылымының непзгі ұстанымда- 4 рының бірі - деректер арқылы негіздеу болып табылады. Сол себепті де тарих ғылымында «дерексіз - тарих жоқ» деген қағида берік қалыптасқан. Тарихнама - бүл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан - тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады. Ежелп Қазақ жерінде мекендеген ертедегі туралы тарихи мәліметтер халық ауыз әдебиетінде, эпикалық дастандарда, байырғы тұрғындар мен оның кершілес халықтардың жазба деректерінде сақталған. Көне жазба дер- ектерінщ бірі - зороастризм дінінің басты кітабы «Авеста» болып табылады. Заратуштра б.з.д. II мыңжылдықтыңаяғы мен I мыңжылдықтыңбасында өмір сүрген. Қазіргі Қазақстан территориясының ежелгі турғындары туралы пар­ сы сына жазуларында, оның ішінде I Дарийдің (б.з.д. 522-486 ж.) Бехистун жазбаларында, «Тарихтың атасы» болып саналатын Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде (б.з.д. 430-420 ж. арасында жазылып біткен), Страбон (б.з.д. 64 ж.б.з. 24 ж.) мен Птолемейдің (90-160 ж.) «География» атты еңбектерін- де құнды мәліметтер беріледі. Қазақстан тарихыныңежелгі кезеңдері туралы маңызды деректер б.з.д. II ғасырда Жетісу жерінде болған Чжан Цянның мәліметтерінде, Қытай тари- хының «атасы» дел танылған Сыма Цянның (б.з.д. 145-86 ж.) «Тарих жаз­ баларында» жэне Бань Гудың (б з.д. I г.) «Цянь Ханыиу» (Ежелп Хань тари­ хы) еңбегінде кездеседі. Қазақстан тарихын танып білуде туңғыш түрік жылнамашысы, Түрік Елінің алғашқы кезеңін, олардың түңғыш қағандары Білге қаған мен Күлтепн тура­ лы жазған Иолық тепн (VIII ғ.) ескерткіштері ерекиие орын алады. Орта ғасыр- лық Қазақстан туралы тарихи деректермен араб тарихшысы Ибн әл Факих- тың (X ғ. басы), XIII ғасырда Қазақстан территориясы арқылы өткен саяхат- шылар Плано Карпини, Гильом Рубрук, Марко Поло еңбектерінен де таныс- уға болады. Мысалы, итальяндық Плано Карпини, францискандық монах орденінің негізін қалаушы Рим Паласы IV Иннокентийдің арнайы тапсырмасымен 1245 жылы сәуірде Лионнан Еділ бойындағы Батый ордасы Сарай-Батуға аттан- ады. Батый әкесі Жошының үлысын мүрагерлікке алған соң батысқа қарай моңғолдардың жорығын бастап, бұлғарларды, Қырымды, Кавказ, Польша, Моравия, Силезия жерлерш өзіне қаратқан еді. Моңғол шапқыншылығының қаупі аландатқан Еуропа Батыймен байланыс орнатудың жолдарын іздес- тірген болатын. Плано Карпини Батый ордасына келгеннен кейін Жетісу, Тарбағатай арқылы Орталық Моңғолияда болып, 1246 жылы қарашада ол кейін қайтқан. 5 Гильом Рубрук- Минорит орденінің монахы, 1248 жылы кресштер мусыл- мандарға қарсы жорықта жеңілген соц француз королі Людовик IX тапсыр- масы бойынша моңғолдармен одақтасу үшін 1253 жылы мамырда Констан- тинопольден Қырымға, одан Еділдегі Батый Ордасына келеді. Ол сонымен қатар Қарақорымда моңғолдардың улы ханы Мөңкенің ордасында да бол­ тан. 1255 жылы Рубрук өзінің Орталық Азия мен Қазақстан жерінде болтаны туралы мәліметтер қалдыртан. Марко Поло 1271 жылы Қытайға саяхат жасайды. Ол онда 17 жыл тұрган және 1298 жылы еуропалықтар үшін қупия болып келген Орталық Азия халық- тары туралы еңбепн жазды. XIV тасырда Дешті Қыпшақ туралы жазба дерек- терін араб тарихшысы, марокколық саяхатшы Ибн-Батут қалдырган. Қазақстан тарихының маңызды кезеңі - Қазақ хандыгының қурылу тари- хы туралы Мухаммед Хайдар Дулатидің (1500-1551 ж.) «Тарих-и-Рашиди», Ибн Ризбиханның (XVIr.) «Бухар қонагыныңжазбасы», Қадыргали Жалайыр- дың (XVIIt. басы) «Жылнамалар жинагында» жан-жақты баяндалган. Тарихтың сырларын ашуда XVI тасырда Қазақстанда болтан ағылшын саяхатшысы Дженкинсонның жазбаларындагы деректер де құнды мәлімет- тер береді. Дженкинсон 1558-1560 жылдары атылшын компаниясына сауда жолын ашу мақсатында Қазақ жеріне келген. Ол тек саяхатшы тана емес, кәсіпкер де болгандықтан, оның жазбалары экономикалық және шаруашы- лық мәселелерін көбірек қамтиды. Қазақстан тарихын зерттеуде Ресей галымдарының қосқан үлесі ете зор. 1768-1774 жылдары Қазақжерінде П.С.Палласбасшылықеткен РесейҒылым Академиясының экспедициясы зерттеу жумыстарын жүргізді. Бул экспеди- цията И.П.Фальк, И.Г.Георги сынды талымдар қатысты. Қытайтанушы орыс ғалымы Н.Я.Бичуриннің (Иакинф, 1777-1853 ж.) «Ежелгі заманнан бері Орта Азияны мекендеген халықтар туралы мәліметтер жинагы» (үш томдық) іргелі еңбекболып табылады. Н.Я.Бичурин 1805жылы Қытайдаты православиелік діни елшіліктердіңбірініңжетекшісі болып бекітіледі, кейіннен Пекиндегі Сре- тен монастырынің архимандриті (ерлер монастырындагы еңжоғарты билеу- ші) болады. Ол қытай тілін терең меңгерді. Оның еңбектері қытай деректері негізінде жазылган Оңтүстік Сібір және Орта Азия, Орталық Азия халықтар- ының тарихы туралы жүйелі әрі қужатты еңбектер. Орыс тарихшысы А.И.Левшинді (1799-1879 ж.) «Қазақ халқының Геродо­ ты» дел Ш.Уәлиханов ататан болатын. Ол «Қыргыз-қазақ немесе қырғыз- қайсақордалары мен далаларыныңсипаттамасы» (І-ІІІ-б, СПб., 1832ж.) атты іргелі еңбектің авторы. Қазақстан тарихының көптеген күрделі мәселелері белгілі шығыстанушы талымдар В.В.Вельяминов-Зерновтың (1830-1904 ж.) «Қыргыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және В.В.Бартольдты ң 6 (1869-1930 ж.) Қазақстан тарихына қатысты жазған «Жетісу тарихының очер- ктері», «Түркістан тарихы» деген еңбектерінде талданады. Қазақстан тарихы турапы аса қүнды ғылыми мұраны, оның ішінде көшпенді- лердің саяси өмірі, әлеуметтік ерекшеліктері, қазақ халқы мен басқа да түркі халықтарының шығу тегі туралы, олардың өміріндегі исламның рөлі, ұлт-азат- тық күресі жайлы мәліметтерді Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ж.) қалдырды. Ол өзінің «Абылай», «Қырғыз шежіресі», «Алтышардың жағдайы», «Даладағы мұсылмандық туралы» және т.б. көптеген ғылыми еңбектерін жазды. Қазақстан тарихы үшін Абай (1845-1904 ж.) шығармаларының да баға жетпес қүндылығы бар. Қазақ жері мен қазақ халқының тарихына қатысты еңбектерді ХХғасырдыңбасында қазақзиялыларыныңөюлдері жазыл қалдыр- ғаны белгілі. Зиялы қауымның жетекшілерінің бірі Ә. Бөкейханов (1866-1937 ж.) «Қазіргі кездегі ұлттық қозғалыстың түрлері» (СПб., 1910 ж.) деген жинақта қазақтар туралы тарихи-этнографиялық очерктер, «Кенесары сүлтанның тарихына материалдар» деген жене басқа да зерттеу еңбектерін жазды. 1911 жылы Орынборда Шәкәрім Қүдайберді үлының (1858-1931-6) «Түркі, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбегі басылып шықты. Қазақ халқының тарихы туралы қүнды деректік мәліметтер белгілі қоғам қайраткері М.Тынышбаевтың (1879-1937 ж.) «Қырғыз-қазақ халқының тарих- ының материалдары» (1925 ж.) атты жинағына енген. Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқының тарихи күрделі мәселелерін зертте- ген ғапым, М¥У-нің (МГУ) профессоры Санжар Асфендиаров 1935 ж. «Ежелгі дәуірден бергі Қазақстан тарихы» деген ғылыми еңбепн жарыққа шығарды. Қазақстан тарихшылары кәсіби мектебінің қалыптасуына тарихшылар А.Панкратова, М.Вяткин, Н.Дружинин сынды т.б. ғалымдар көп қызмет етті. Олар ¥лы Отан соғысы кезінде Қазақстанға жер аударылып келген бола- тын. Сейтіп, Қазақстан ғалымдарымен қоян-қолтық жүмыс ютеді, соның ішінде қазақ тарихшысы Е.Бекмахановпен бірге 1943 жылы көне заманнан берп «Қазақ С С Р тарихы» дайындалып, жарыққа шығарылды. 1952 жылы Е.Бекмаханов «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» (1947 жылы жарық керген) атты еңбегінде Кенесары Қасымүлы көтерілісіне қазақ халқы- ның үлт-азаттық қозғалысы ретінде объективті баға бергені үшін «буржуази- яшыл-үлтшыл» деген жалған айыппен түтқындалып, 25 жыл бас бостанды- ғынан айырылды. 1977-1980 жылдары «ҚазақССР тарихының» бес томдығы жарыққа шық- ты, ол маркстік-лениндік идеология тұрғысында, таптық кезқарас негіздегі саяси идеологиялық тар шеңберде жазылды. 1980 жылдардың екінші жартысында Қазақстан егемендігі үшін бастал- ған қозғалыстар 1988 жылы Қазақстан Компартиясының ОК қаулысымен Ке- 7 ңес өкіметі «буржуазияшыл-ултшылдар» ретінде қуғын сүргінге түскен улттық интеллигенция өкілдері ақталды. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, Ш. Құдайбердиев, М.Дулатов және т.б. 1991 жылы Қазақстанның жетекші тарихшы ғалымдарының күшімен «Қазақстан тарихының ақтаңцақтары» жи- нағы басылып шықты. Қазақстандағы тарихи сананың өрлеу үдерісі ежелп тарихи атаулардың қайта жаңғыруына жол ашты. Қала, село, мектептерге, көшелерге бұрынғы тарихи атаулары қайтарыла бастады. Мысалы, Жамбыл - Тараз, Луговой -Құлан, Ер­ мак - Ақсу т.б. Сондай-ақ, тарихи атаулардың қазақ транскрипциясына сәйкес дүрыс қолданылуы жолға қойылды: Чимкент - Шымкент, Джезказган -Жезқаз- ған, Кокчетав - Көкшетау, Алма-Ата - Алматы т.б. Ал, Кеңестік дәуірдің қүнды- лықтарын көрсететін атаулар («Советтік», «Коммунистік», «Комсомол» жене т.б.) қазақ халқының үлттық батырларының, хандарының, билерінің аттарымен алмастырыла бастады (Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Теле би, Әйтеке би, Қазыбек би, А.Байтурсынов, Ә.Бекейханов және т.б.) 1992 жылы барлық оқу орындарында «Қазақстан тарихы» оқулығы міндетті, дербес оқу пәні ретінде енгізілді. Ал бүрын «Қазақстан тарихы» арнайы оқытылмаған болатын. Сол себепті іргелі ғылыми еңбектер мен оқулықтар жазу қажеттілігі туындады. Сондықтан да, енді саяси-идеология- лықтүрғыда бүрмаламай, шынайы Қазақстан тарихын әлемдік өркениет та- рихының қүрамдас бір бөлігі ретінде жазу талабы қойылды. 1992 жылы «Ежелп дәуірден бүпнгі күнге дейінп Қазақстан тарихы» атты оқу қүралы Қазақстан тарихшыларының шығарған түңғыш ресми оқулығы болатын. Оны Қазақстан Републикасының Халыққа білім беру министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты үсынды. Сол жылы С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сүлтан- овтың «Казахстан: летопись трех тысячелетии» деген еңбегі жарық керіп, Н.Мартыненконың редакциясындағы «Алаш-Орда» қүжаттар жинағы қай- тадан басылып шығарылды. 1993 жылы Қазақстан тарихшыларының «Көне дәуірден бүпнге дейінгі Қазақстан тарихы» (Очерктер, 416 бет көлемінде) жарық көрді. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихының» бес томдығын жазу қолға алынып, оның I томы 1996 жылы, II томы 1997-жылы, III томы 2000 жылы шықты. 1997 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бағ- дарлама жасап, «Қазақстанның өркендеуі: тарих және қазіргі кезең» атты іргелі зерттеу жүмысын бастады, оның негізгі мақсаты - Қазақстан тарих- ыныңақиқатын қалпына келтіру еді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ш.Уәлихан- ов атындағы Тарих және этнология институтының «Отан тарихы, Отечес- 8 твенная история. History of the Homeland» журналы жарыққа шыға бастады. Бул журналдың редакциялық алқасына Қазақстанның жетекші тарихшыл- арымен бірге АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия, Венгрия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның белгілі ғалымдары кірді. Журналдың арнайы сандары тарих ғылымын дамытуға және еліміздің өміріндегі тарихи маңызды оқиғаларға талдау жасау мен баға беруге арналды. Мәселен, 2001 жылы шығарылған №3 - санында «Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл: тарих және болашақ» атты халықаралық конференцияның материалдары жарияланды. 2002 жылғы №3 санында Кенесары Қасымовтың 200 жылдығына арналған халықаралық кон­ ференция материалдары, 2003 жылы №1 санында «Қазақстанның тарих ғылымындағы методологиялық және теориялық - концептуалдық өзгерістер мен оларды игеру мәселелері» атты халықаралық конференция материал­ дары жарияланды. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 2004-2006 жылдар- ға арналған «Мәдени мүра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыры- луы қазақ халқының тарихи санасын өркендетуге үлкен серпін берді. Бағ- дарлама аясында қазақстандық галымдар Қазақ тарихының ашылмай жат- қан қырларын толықтыра түсер жаңа археологиялық ашылулар жасады және Қытай, Ресей сияқты т.б. елдердің мүрағат қорларынан аса қүнды тарихи деректерді ғылыми айналымға енпзді. Бүл бағыттағы жүмыстар болашақта да жалғаса бермек. Қазақстан тарихы шетел зерттеушілерінің де үнемі қызығушылығын туғы- зып келеді. Ағылшын, неміс, американ, француз зерттеушілері Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының тарихы мен этнографиясына қатысты көптеген материалдар жинақтаған. Олар көшпенділік феномені, осы аймақ халықта- рының шаруашылық, мәдени, қоғамдық өмір ерекшеліктерін зерттеген. Кешпенділерді зерттеу орталықтары Франция, Германия, АҚІІІ және басқа да елдерде жүмыс істейді. Бүл орталықтар түрақты түрде осы мәселелерге қатысты зерттеулердің нәтижелерін жариялап түрады. Мұнда Э.Бэконның «Ресей қол астындағы Орталық Азия» (Нью-Йорк, 1966), Э.Олуордтың «Ор- талықАзия: орыс билігініңжүз жылдығы» (Нью-Йорк, 1967), С.Беккер «Орта- лық Азиядағы орыс протектораты» (Лондон, 1968), В.Коларстың «Ресей және оның отар елдері» (Лондон, 1953), А.Кураттың «Патшалық Ресей және Орта- лық Азия» (Кембридж, 1979) және т.б. атауға болады. Кеңестік кезең мәселе- леріне Д.Уилердің «Кеңестж Орталық Азияныц халықтары» (Лондон, 1966), Д.Лингреннің «Кеңестік Орталық Азиядағы нәсілдік және этникалық қақтығыс- тар» (Нью-Йорк, 1979) атты еңбектері арналды. Э.Вульф, А.Хазанов, А.Франк, К.Чан, X.Костер сынды ғалымдар КСРО ыдырағаннан кеиінгі тәуелсіздікке қол жеткізген мемлекеттерді зерттеді. 9 2000 жылы Алматыда Медисондағы Висконсин университетінің антропо­ логия профессоры А.Хазановтың «Көшпенділер және сыртқы элем» деген кітабының үшінші басылымы жарық көрді. Мүнда, номадизм құбылысы: шын- дық пен аңыз, көшпенділік-өндіруші шаруашылықгың ерекше түрі, көшпенді шаруашылықтың пайда болуы, көшпенділердіңсыртқы өмірмен қарым-қаты- насы және оған бейімделуі қарастырылған. “Номадтар жене мемлекеттік" деген тарауда көшпенді мемлекеттің пайда болу алғыш арттары, непзп түрлері және оның даму эволюциясы өзіндік зерттеу ерекшелігімен керінеді. Қазақстандағы көшпенді мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы евразия- лық, Таяу Шығыс және Шығыс Африкадағы көшпенді еркениеттермен өзара байланыста зерттелген. Қазақстан тарихының мәселелеріне М.Олкоттың «Қазақтар» (С тэ н ­ ф орд,1987) атты кітабы арналған. Гувер институтында шыққан бұл еңбекте қазақтардың шығу тегі, Қазақ хандығының құрылуы, Ресейдің қазақ даласын жаулап алуы, отарлық аппараттың қалыптасуы, аграрлық мәселе, қазақхал- қының азаттық жолындағы көтерілютері мен азамат соғысы, революция, Ж Э С , ужымдастыру және сталиндік экономикалық жүйе, Қазақстандағы кең- естік билік аппараты зерттелген. М.Олкоттың Қазақстан тарихының түйінді мәселелерін зерттеудегі өзіндік түжырымдарымен ерекшеленетін «Цент­ ральная Азия: катапультирование в независимость» деген мақаласын да этап етуге болады. [49, 49-59-6.] Қазақстан егемендігін алғаннан кейін шетел тарихшыларына - магистр- лерге, аспиранттарға, зерттеушілерге республикаға келіп, өздерін толған- дырып жүрген тақырыптарын жан-жақты зерттеуге мүмкіншілік туды. Мыса- лы, қытай азаматтары «Орта Азияда үстемдік еткен Қарақидан хандығының қүрылуы» (1997), «1940-1949 жылдардағы Синцзяндағы қазақтардың үлт- азаттық қозғалысы» (1998) деген кандидаттық диссертациялар, «Қытайдағы қазақ қоғамының тарихы. 1860-1920жж» деген докторлық диссертация (2001), түрік азаматы «XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан кооперациясының қарапайым түрлерінің пайда болуы мен д а ­ муы» деген тақырыпта (1998), Корей Республикасының азаматтары «Өтпелі қоғамдағы саяси жүйенщ өзгеруі: дүниежүзілік тәжірибе және Қазақстан» (1998), «Корея Республикасындағы және Қазақстан Республикасындағы де- мократияландыру тәжірибесін салыстырмалы талдау» (2001) атты диссер­ тациялар қорғады. ІІІетел тарихшыларының қызығуына Солтүстік Каролина университетінің профессоры С.Саболдың «Қазақтардың орыс отаршылды- ғына қарсылығы: Кенесары Қасымов көтерілісін түсіндіру» атты зерттеу еңбеп куә бола алады. [84, 24-39-6.] Қазақстан тарихымен АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея және басқа елдердіц зерттеушілері де айналысуда. ю 3. Қазаңстан та р и х ы н ы ң ө зекті м ә се л е л е р і. Тәуелсіз Қазақстанның алдында тоталитарлықжүйе жылдарында күшпен бұрмалаған ұлттық тарих пен тарихи сананы қайта өркендету міндеті қой- ылды. Осы мақсатта 1993 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының «Жаппай қуғын-сүргіннің қүрбандарын ақтау туралы» Заңы қабылданып, Елбасы жарлығымен 1997 жыл «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды. Келесі бір қадам - Қазақстан Республикасы Прези- дентінің 1998 жылды «¥лттық тарих жылы» дел жариялауы болды. Міне, осындай шаралар ұлттық тарихты қайта қалпына келтіру мен шынайы тар- ихты жазудың алғышартын жасап берді. Бірақ Кеңес Одағы кезіндегі «үмыт» қалған тарихи деректерді қалпына келтіру шараларының белсенді жүргізілуі барысында біржақтылық пен кейбір асыра сілтеушіліктерге де жол берілді. Кеңес Одағы түсындағы кейбір тари­ хи оқиғаларды тек үнамсыз бояумен ғана көрсету белең алды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін ҚР Президентінің Жарлығымен 1999 жыл «¥рпақтар сабақтастығы жылы» деп жарияланды. Тәуелсіздік жағдайында Отан тарихы ғылымындағы бұрынғы маркстік- лениндік, таптық, коммунистік идеологияға негізделген көзқарастардан бас тарту өте маңызды қадам болды. Осыған байланысты Қазақстан тарихын объективті және бүрын зерттеушілерге рүқсат етілмеген жаңа деректер мен қүжаттар негізінде жазу қажет болды. Қазақстан тарих ғылымы кеңес дәуірінде шет аймакггық қызмет атқарды. Барлық теориялық іргелі зерттеулер тек орталықта жүргізілді, ал Қазақстан- да зерттеулер нақтыланған әрі шектеулі оқиғалар аясында ғана қарастыр- ылды. Сондықтан да Қазақстан тарих ғылымының непзп бағыттары: Қазақ- станның Ресейге «өз еркімен қосылуы»; қазақтар үшін «өз еркімен қосылу- дың» «прогрессивті» маңызы; жүмысшы табының тарихы; қазақ қоғамында билік ететін топқа ешқандай қатысы жоқ «қарасүйек» жетекшілерінщ бас- шылығымен Қазақстан еңбекші бүқарасының улт-азаттық қозғалысы сияқты тақырыптар болды. Ол кезде қазақ қоғамының ішкі өзіндік дамуы іс жүзінде зерттелмеді. Сол себепті де, қазақ үлтының шығу теп туралы іргелі мәселе- лерді зерттеудщ маңызы зор. Қазақстан тарихын түркі әлемінің дамуы мен жалпыөркениеттік даму түрғысынан зерттеу өте қүнды. Қазақстанның Ре- сей имлериясының қүрамына кіру мәселесін жаңа бағытта зерттеу де ең маңызды мәселелердің бірінен саналады. Мүнда, Қазақстанның отарлық жағдайындағы дәстүрлі көшпенді қазақ қоғамының езгеру үдерісі де өте өзекті мәселе. Бүған Ресей империясының қүрамдас бөліп ретіндегі әкімшілік басқару, кәсіпкерлік, ғылыми, шығарма- шылық жүйенің қалыптасуы мәселелерінің де жеткілікті дәрежеде зерттел- мегенін қосу керек. Қазақ қоғамының тарихи тулғалары: хандар, билер, ба- тырлар тарихын зерттеу ісі де назардан тыс қалып келгені белгілі. Соңғы жылдары ғана Абылай, Әбілхайыр, Кенесары және т.б. туралы бірқатар зерт­ теу еңбектері жарық көрді. Қазақстан тарихында XVIII-ХХғасы рды н басындағы қазақұлтыныңзиялы қауымының философиялық, әлеуметтік-саяси кезқарастары мен қоғамдық- саяси қызметініңтүтасжүйелі тарихы да айтылмай келді. Революцияға дейінгі қазақелінің көпүптты халықретінде қалыптасу тарихын зерттеуде өте өзекті мәселе. Оған этникалық топтардың мәдени-тарихи дамуы, кеп конфессио- налды қоғамның қалыптасуы да кіреді. Кеңестік дәуір тарихын терең зерттеу ісі ең алдымен, тарихи сананы иде- ологиялық қурсаудан босатуды қажет етеді. Олардың қатарында Қазан төңкерісінің алғышарттары мен қозғаушы күштеріне қатысты мәселелер жатады. Сонымен бірге, Азамат соғысы мәселесін де қайта қарау қажет. Жаппай қуғын-сүргін мен күштеп ужымдастыру кезіндегі аштық қүрбандары- ның санын анықтау да аса өзекті мәселелер болып саналады. Шет елдер- дегі қазақ диаспорасы мен Қазақстандағы диаспоралар тарихы да жүйелі ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Арал, Балқаш, Семей қасірөті және Қазақ жерін жаппай қырып-жоятын қарулардың сынақ полигонына айналдыру ба- рысындағы экологиялық мәселелерді зерттеу ісі де өз кезегін күтіп тур. Қазіргі жағдайда Қазақстан тарихы қазақстандықтардың азаматтығын, отансүйгіштігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, Дамудың осындай өтпелі әрі күрделі кезеңдерінде қоғамдағы идеалдар мен құндылық өлшем- дері өзгеріп, дағдарыстар мен толқуларға ушырайды. Мундай жағдайларда тарих турақтандырушы әрі топтастырушы қызметін атқарады. А лайда, мундай қызметті лайықты атқару үшін тарихтың өзі шынайы, объективті бо- луы шарт, Қазақстан тарихшылар қауымының алдына Елбасы Н.Назарбаевтың “Та­ рих толқынында” атты еңбегінде ғылыми және әлеуметтік мазмундағы үлкен міндеттер қойылған. Сондықтан да, қазіргі кезеңде Қазақстан тарихы, тек академиялық ғылым ғана емес, ол қазақстандықтардың көзқарасын қалып- тастырудың негізі болып табылады. Тарих ғылымының маңызды мәселелөрі дүниежүзілік деңгейде талқыла- нып отырады. Әлем тарихшыларының форумы бес жылда бір рет өткізіліп турады, Мәселен, 2000 жылы 6-13 тамыз аралығында Осло қаласында бол­ тан ХІХ-шы Халықаралық тарих ғылымының конгресінде ғасырлар тоғысын- дағы тарих ғылымының өзекті мәселелері ғалымдар талқысына салынды. [56, 134-136-6.] Бул конгреске әлемнің 67 елінің тарихшы-ғалымдары, оның 12 ішінде Норвегия, Финляндия, Швеция, АҚШ, Италия, Үлыбритания, Жапо- ния, Германия, Канада, Ресей және т.б. елдердің өкілдері қатысты. Ал, бүгінп күні тарих ғылымының Халықаралық комитетіне (ТҒХК) тарихшылардың 24 халықаралық ұйымы, 56 мемлекеттің тарихшыларының үлттық комитеті, ассоциациялар, комиссиялар кіреді. Конгресте 330-дан астам баяндама- лар талқыға салынды. Жалпы тарих ғылымының мәселелері: «Әлемдік та- рихтың болашағы: әдістемесі мен түжырымдамасы», «Мыңжылдық. Уақыт және тарих», «Тарихқа қиянат жасау және оны мүддеге пайдалану. Тарих- шының өткен мен бүгінгіге жауапкершілігі» сияқты тақырыптар бойынша ба- яндамалар секцияларда талқыланды. Ал нақты мәселелер бойынша: «XX ғасыр тарихнамасына баға: кәсіби деңгейі, әдютемелік әғым, еңбектер»; «Үжымдықжады және үжымды біріктіру». «Әртүрлі жүзжылдықтардағы мұсыл- ман қоғамы»; «Дін және ерлер мен әйелдердщ қогамдағы орны», «Отбасы қурылымы мен азиялық және еуропалық қоғамдағы демократия», «Азшы- лықтьщ мәдениеті және олардың көпшілікпен арақатынасы», «Тоталитар- лық және диктатураның түрлері», «XIV-XX жүзжылдықтардағы билік, зорлық және өлім». Тарих ғылымынын ХІХ-шы Халықаралық конгресінде: «Тарих пәнін оқыту, жаңа әдістер, мектеп бағдарламасындағы тарихтың орны», «Мүрағаттарды ашу және коммунизм тарихы», «Қырғиқабақ сотые», «Қытай және XVII ғасыр- дағы әлем» тақырыптары бойынша «деңгелек үстелдер» өтті. Жалпы, тарихшылардың бұл форумы (алдыңғы конгресс 1995 жылы Мон- реалда өтті) азаматтық қундылықтар тарихын, отбасы мен қоғамдағы қарым қатынас, қоршаған орта, бейбітшілікті сақтау мәселелері бойынша зерттеу- лердщ даму бағыттарын айқындап берді. «Қырғиқабақ соғыс» тарихына, Шығыс Еуропа елдеріндегі жағдайларға, «Еуразиялық» идеяға қызығушы- лық туа бастады. Сонымен бірге, тарихтың ғылым ретіндегі қогамдық қыз- меті мен тарихшылардың қоғам мен мемлекетке ықпалына ерекше назәр аударыла бастағанын көрсетті. Ең маңызды мәселелердің бірі ретінде тарих- тың ғаламдану мәселесі қарастырылды. Әдістемелік мәселелер ішінде тарихтағы үжымдық жады, эсхатология- лык мәселелер, тарихи салыстырмалы зерттеулер ерекше маңызға ие бол- ды. XX ғасыр тарихында ерекше назарды тоталитаризм, диктатура, «қырғи- қабақ соғыс» сияқты мәселелерге бағыттады. Хронологиялық жағынан тарихи зерттеулердің жаңа, жаңаша тарих пен қазіргі кезеңнің ауқымымен кеңеиіп отырғаны айтылды. Тарих гылымының кезекті ХХ-шы Халықаралық конгресі 2005 жылы Сид- нейде (Австралияда) өткізілді. 13 1 бөлім ЕЖЕЛГІЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 1.1. Тас дәуірі: кезеңдері, тарихи ескерткіштері. Темір дәуіріне өту: энеолит, Ботай мәдениеті. Адамзаттың пайда болуы мен қалыптасуы тас дәуірінен бастау алады. Тас дәуірі б.з.д. 2,5 млн. жылдай бурын басталып, б.з.д. Ill мыңжылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды. Тас дәуірі: палеолит (еж елп), мезолит (орта), неолит (жаңа) болып үш кезеңге бөлінеді. Өз кезегінде палеолит: төменп, орта және кейінп деп бөлінеді. Осы кезеңдер белінісі, жалпы алғанда адамның жер бетінде, соның ішінде Қазақ жерінің аумағында алғаш қалыптаса бастау уақытын анықтау ушін келтіріліп отыр. Тарих ғылымында, археологиялық мәдениет бойынша, атап айтқанда, белгілі бір уақытқа жататын және белгілі бір аумақта жинақталған археологиялық ескерткіштерді анықтау бойынша кезеңдерге бөлу дәстүрі қабылданған. Ең ежелп адамның қалдықтары және қам-қарекетінің іздері Шығыс Афри- кадағы Танзанияның Олдувай шатқалынан табылды. Оны «homo habilis» - «епті адам» деп, ал мәдениеті «шой тас» деп аталды , өйткені олар еңбек қүралдарын дайындауға малта тасты пайдаланды: оның бетін үрғылап, жару және кесу қүралдарына лайықтады. Археологиялық ескерткіштердің табыл- ған жері бойынша ежелп мәдениет олдувайлық деп аталып кетті. Ол уақыты бойынша 2,5 млн - 700 мың жыл бүрынғы кезеңді қамтиды. Бұдан бері 700 м ы ң - 140 мыңжыл бүрынғы аралыққа шельжәне ашель мәдениеттері (фран- циядағы ІІІель және Аш ель қалаларының атымен аталған) тән болады. Бүл мәдениеттер төменп палеолитке кіреді. Орта палеолит - бүл 140 мың - 40 мың жыл аралығындағы кезең, Ашель және Мустье (Франңиядағы үңгірдің аты) мәдениеттері қалыптасқан уақыт аралығы. Тарих ғылымында алғашқы адамдардың лайда болтан жеріне қатысты екі түрлі кезқарас бар. Бұл түжырымдардың бір бағыты (полиңентристік) бойынша, адамзаттың лайда болтан жері Африка, Азия, Еуропа қүрлыгы, ал екінші көзқарас (моноцентристік) бойынша - адамзат бір жерде, атап айт- қанда - Солтүстік ІІІытыс Африкада, Алдыңты және Оңтүстік Азияда пайда болды да, (өйткені ежелгі гоминидтердің негізгі шогыр-шогыр қалдықтарын археологтар осы жерлерден тапқан) содан кейін гана жер шарының барлық аймақтарына қоныстанган деген түжырым жасайды. Осы екінші көзқарасты қолдаушылар анатұрлым көп, Бірақ қалай деп айтылса да, алташқы қазақ жері, ягни қазіргі Қазақстан ауматы теменгі палеолит - шель-ашель кезеңінен 14 басталып ежелгі адамның лайда болуы мен қалыптасу аймағына кіреді. Ол кезеңцегі бул жерде климаттыңжылы да ылғалды, өсімдік әлемінің сан алу- андығы және жануарлар түрлеріне өте бай болуы ежелп адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар тудырған. Қазақстан аумағында адамның болған іздері, тастан жасалған еңбек құралдары - кескіш, қырғыш, тескіштер - төменгі палеолитке, яғни 1 млн. жыл бұрынғы кезеңге жатады. Өзініңдаму барысында бүл адам «homo erectus» - «бойын түзеген адам» кезең деңғейінде түрған еді. Ол от жағуды әрі оны қолдануды білді, аңшылықпен, терімшілікпен айналысқан. Ең көне еңбек құралдары - кескіш, қырғыш, тескіш, үрғыштар Оңтүстік Қазақстанда Қара- тау жотасының оңтүстік батыс беткейінен, Қоңырдек қалашығының түсын- дағы Арыстанды езенінің су жайылатын жайылмаларынан табылған. Мың- даған кескіш, тескіш, келі-келсаптар табылған ерте палеолит тұрақтары Жамбыл облысы, Қаратау қаласының солтүстік-шығысында шоғырланған. Бүл түрақтар Бөріқазған, Тәңірқазған деп аталады. Сол кезеңніңескерткіштері Қазақстанның басқа бөліктерінде де кездеседі. Орталық Қазақстанда - Сары- арқаның солтүстік-шығысында орналасқан Қүдайкөл тұрағы, Жезқазған түбіндегі Жаманайбат, Қарағанды облысы Жезді ауданындағы Обалысай түрақтары. Шығыс Қазақстандағы мүндай түрақ Күршім ауданының Қара- тоғай ауылы маңындағы Қолғүты өзенінің жағасында орналасқан. Оңтүстік Қазақстандағы төменгі палеолиттің археологиялық қазбалары- ның Азия және Африка аумақтарынан табылған осындай қазбалармен (ма­ териалы мен дайындау техникасы бойынша) үлкен үқсастықтары мен сәйкестіктері бар. Бұл Қазақ жерінің төменп палеолит уақытынан бастап-ақ адамның пайда болу, қалыптасу аймағына кіргенін тағы бір дәлелдейді. Қазіргі уақытта жинақталған ғылыми материалдар мен деректерді қайта ой елегінен еткізу үдерісі жүріп жатыр. Мұның маңызды бағыттарының бірі аридтік аймақтағы палеолит ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтау бо- лып табылады. Осыған қатысты Семізбүғы, Шақпақата түрақтары сияқты басқа да «ашық типтеп» түрақтардың алатын орны зор. Мәселен, Жезқаз- ған облысы, Семізбүғы ұсақ шоқылы ауданының 2500 3000 м алаңынан 1611 дана тас бұйымдардың топтамасы жинақталған. Сол себепті де Қазақстан- ның ежелгі түрғындары питекантроп пен синантроптың замандастары бол- ды деген түжырым жасалады. Қазақстанда орта палеолит ескерткіштері кең таралған. Бұл кезеңнің түрак^ары Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды өзенінің оң жағасындағы Қарасу мекенінде кеп кездеседі. Мұндай археологиялық ескерткіштер Орта- лық Қазақстанда Қарағандының солтүстігіне таман Бетпақ мекеніндегі Са- рысу өзенінің орта ағысында орналасқан. Ал, Батыс Қазақстан аймағында Маңғышлақ түбегінен табылған. 15 Соңғы палеолит б.з.д. 40 м ы ң - 10 мың жылдықтар кезеңін қамтиды. Бүл кеэеңде адамдар Жер шарының барлық климаттық белдеулеріне қоныста- нып, нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасуы жүріп жатты. Қоғамдық қатынастар рулық қауымның қүрылуымен басталып, қоғамдық үйым ретін- де рулар пайда болды. Рулық уйым аналық ру жүйесі негізінде қурылды. Әйелдің үй шаруашылығындағы белсенділігі, үрпақ жалғастырушы ретіндегі қасиеті айқындалып, қауымдағы басшылықорынды әйел иеленді. Бул адам- ның қазіргі табиғи типі «homo sapiens» - «саналы адамның» қалыптасу уақыты болды. Оның рухани саладағы түсінігі күрделеніп, дін мен өнердің алғашқы нысандары, негізінен жан-жануарлардың кейіп-кескініне ену арқылы оларға билік жүргізу сенімі аңшылықтың сиқырлы піріне табынушылық кең тараған еді. Алғашқы қауымдық өнердің басты тақырыбы - жануарларды бейнелеу, ою, мүсін болды. Жердің қүнарлығын бейнелейтін сүйектен, тастан, бал- шықтан жасалған әйел мүсіндері болған. Қазақстанда жартастарға қаша- лып салынған бейнелердің 130-дан астам орны табылды. Алғашқы адам- дардың о дүниелік өмір туралы түсініктері наным-сенімдерінің қалыптаса бастағанын көрсетеді. Мәиітке қызыл бояу сеуіп, алқа, білезік, моншақтар- мен сәндеген, молаға сүйектен, тастан жасалған бұйымдарын бірге салған. Бүл кезеңге дейін адамдар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін қарапайым заңдылықтары орнай бастады. Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған қалашығының батысындағы Ащы- сай түрағы, Шығыс Қазақстанның Бүқтырма өзенінщ оң жағалауындағы Үңгір тұрағы, сол Шығыс Қазақстандағы Қанай, Свинчатка және басқа да тұрақ- тар соңғы палеолит ескерткіштері болып табылады. Соңғы палеолиттің еңбек қүралдары Оңтүстік Қазақстанда Қаратау жотасынан, Шығыс Қазақстанда Ертіс аңғарларынан, Сарысу өзені мен Солтүстік Балқаш аймағынан табыл- ған. Тас қүралдарын дайындау техникасы жетіле бастаған. Бүпнгі күні соңғы палеолиттщ барлығы 150-ге жуық тастан жасалған және 20-ға жуық сүйек- тен жасалған құралдары белгілі болып отыр. Бұл кезеңде адамдар ағаш пен сүйектен, терілерден жасанды түрак^ар тұрғыза бастаған. Ежелгі тас ғасырынан (палеолит) жаңа тас ғасырына (неолит) ауысуы- ның аралығы орта тас ғасыры (мезолит) болып есептеледі. Ол біздің заман- ымыздан бүрынғы X -V мыңжылдықтар уақытын қамтиды. Мезолит климат- тың жылынуымен, мамонттар мен жүнді мүйізтүмсықтардың өліп бітуімен сипатталады. Мезолит кезеңінде адамдар садақ пен жебені ойлап тапты. Сол себепті жылқылар, жабайы сиырларжәне қоян, суыр сияқты үсақаңдар да аңшылықтың көзіне айналған. Садақ пен жебенің ойлап табылуы адам- зат санасындағы үлкен жетістік болып табылады. Мезолит түрақтарының негізінен өзен, көлдердің жағалауында орналасқаны анықталған. Ертіс, Есіл, 16 Тобыл, Жайық өзендерінің аңғарларындағы, Маңғыстаудағы (Қызылсу) ме­ золит турактары белгілі болып отыр. Дамудың келесі сатысы неолит - жаңа тас ғасыры мен энолит - мыс ғасы- ры, яғни металл ғасырына ету кезеңі болып табылады. Неолит б.з.б. V-III мыңжылдықты, ал энеолитб.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдыкрыңекінші ширегін қамтиды. Бұл кезеңтасты өңдеутехникасыныңерекше дамыған дәуірі болып есептеледі. Тас құралдарын жасауда тегістеу, бұрғылау, кесу тәрізді күрделі тәсілдер қол- данылған. Тас балта, кетпен, дән үккіш келілер жасалды. Тутыну шаруашы- лығы өнімді шаруашылыққа ауысты, яғни аңшылық пен терімшілік негізінде малшылық пен егіншілік қалыптасты. Қарапайым тау-кен ісі, тоқымашылық, керамика жасау ісі, яғни кәсіп түрлері пайда болды. Алғашқы жасанды мате­ риал - отқа төзімді сазбалшық өндіріле бастады. Қоғамдық ұйымдар жүйесі күрделеніл, тайпалар мен тайпалық одактар құрылды. Қазақстанда сол кезеңнің 600-дан астам археологиялық ескерткіштері белгілі. Мундай турақтар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қараүңгір деп ата- латын өзен мен ауылдың солтүстігіндегі тұрақ, Батыс Қазақстанда Атырау облысы Құлсары қапашығының маңындағы Қүлсары тұрағы, Шығыс Қазақстан- да Белокаменка ауылы маңында Қызылсу өзенінің жағасындағы Қызылсу түрағы, Солтүстік Қазақстанда Пеньки түрақтары, сонымен бірге бүл аймак- тан бірнеше неолиттік молалар табылған. Жергілікті неолит Маңғыстауда да қалыптасқан, мәселен, Сенек тұрағы, Бозащы түбегіндегі - Шебір тұрағы. Қазақстан аумағында табиғи аймақтар біркелкі болғандықтан және та- биғи межелермен бөлінбегендіктен, онда біртекті материалдық мәдениет қалыптасқан. Неолит кезеңіне жататын бір-біріне үқсас ежелп тұрақтардан тұратын бірнеше археологиялық мәдениеттер қалыптасқан. Оларға Қазақ- стан мен Орта Азияның едәуір белігін қамтитын Батыс Қазақстандағы Кел- теминар мәдениеті (Қарақалпақстандағы Келтеминар каналының атымен аталған), Ақмола облысындағы Атбасар ауданында көбірек шоғырланған түрақтардың Атбасар мәдениеті, сондай-ақ көптеген ескерткіштері Торғай жылғасында түрған (Маханжар, Дүзбай және т.б. тұрақтар) Маханжар мәдениеті кіреді. Энеолит дәуірінде адамдардың өміріне металдардың, әсіресе мыстан жасалған қүралдардың көптеп енуі тән болды. Бұл жаңа археологиялық ес- керткіштерден жайпақ түпті, оюға толы керамиканы, үсақ мүсіншелерді, түрғын үй құрылыстарын көре аламыз. Мыс қүралдарының енуі оңтүстік ай- мақтарда диқаншылар мен малшылардың өнімді еңбекті дамытуға елеулі ықлал етті. Далалық аймақтарда малшылықтың басым дамуына байланыс- ты энеолит бүл өңірде тас өндірісінің құлдырауым*>< тімрс, керісінше оның аса биік даму деңгеиімен қабаттаса жүрді. Далалық аймактдл^ңеолит Көкше- тау облысындағы Ботай бекетінің жанындағы елді мекеннің атымен атал- ған-Ботай мәдениетімен ерекшеленеді. Ол Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін бейнелейді және ол б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарға сәйкес келеді. Сонымен тас ғасыры аяқталып, металл ғасыры басталды. Көріп отыр- ғанымыздай, адамның қалыптасуы мен дамуын кезеңдерге бөлу адамдар- дың еңбек қуралдарын жасау үшін тас, мыс, қола, темір сияқты табиғи ма- териалдарды игеруі негізге алынады. Адамның қалыптасуы мен дамуының өте ерте кезеңін әрқилы атауға бо- лады. Мәселен, алғашқы қауымдыққұрылыс. Себөбі, алғашқы қауымдықкүры- лыс кезінде адам толық мәніндегі саналы адам ретінде қалыптасты, оның мәдениеті пайда болды, еңбектің қарапайым қүралдарын пайдалана отырып аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Оларды игергеннен кейін адамдар егін өсіріп, аңцарды қолға үйрете бастады. Қауымдық болатын себебі: адам- дардың үйымы қарапайым болды. Оларда әлеуметтік және мүліктік түрғыда жіктелу болмады, қауымда топтар мен таптар, мемлекет жоқ болды. Адамзат тарихының алғашқы кезеңі туралы түжырымдарын өздерінің қауымдық қоғамын, табиғи қалпын кейінгі кезеңге дейін сакггап қалған үндю тайпаларының бірі - ирокездердің арасында түрып, олармен қоян-қолтық араласа жүріп «Ежелгі қоғам» кітабын (Л.,1934) жазған кепшілікке танымал американдық тарихшы-этнограф Льюис Генри Морган (1818-1881) жасаған- ын атауға болады. Л.Г.Морганның тұжырымы бойынша, адамзат тарихы жабайылық, тагылық. еркениеттік даму кезеңцерінен жүріп өткен. Ол бүкіл тас ғасырын жабайылықтың төменгі, орта және жоғарғы сатылары, тағы- лықтың төменгі жене орта сатылары, ал қола, мыс және ерте темір дәуірі - бүл тағылықтың жоғары сатысы деп бөледі. Қазақстан тарихының өте ерте кезеңіне байланысты басқа да көзқарас бар. Мәселен, Шәкәрім Қүдайбердіұлы «Түркі, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» кітабының «Шежіре басы» тарауында былай деп жазған: «Ата- мыз Адам пайғамбарды алла тағала топырақтан жаратып жан беріп, оның оң қабырғасынан анамыз - Хауаны жаратып, Хауа анамыз жыл сайын бір үл, бір қызды егізтауып...» отырған екен. Одан әрі Адам пайғамбардың үрпағы Нүх пайғамбар, ал «бүл Нүх пайғамбардың үш баласы - Сам, Хам, Яф ас; біздің түркі халқы Я ф а с нәсілінен» [60, 7-6.] деп таратады. 1.2. Қола дәуірі. Андронов мәдениеті. Көшпелі қоғам негізінің қалануы. Б.з.д. II мыңжылдықта Еуразия даласында қола ойлап табылды. Қазақ- стан аумағын мекендеген тайпалардың археологиялық ескерткіштері жал- пы атаумен Андронов мәдениеті деп аталады. Өйткені, алғашқы қазылып 18 алынған ескерткіштер Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Ан- дроново селосының жанынан табылуына байланысты Андронов мәдениеті деген атау берілген. Онда 1913 жылы Б.Андрианов археологиялық қазба жүмыстарын жүрпзген. Сейтіп, Андронов мәдени қауымдастығын зерттеу тарихы тоқсан жылға жуық уақытқа созылған. Осы уақыт ішінде еуразияның аса ірі мәдени-тарихи қурылымының материалдық және рухани өмірі тура- лы бай мәліметтер алынды. Бүл мәліметтер Андронов тайпаларының шаруашылық емірі туралы, металлургиясы, керамика өндірісі, турмыстық және қоғамдық құрылысы туралы ортақ көзқарастың тууына мүмкіндік берді. Оның таралу аймағы Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның кең-байтақ кеңістігін, Оралдың жақын аймақтары мен Орта Азияның аудандарын қамтыды. Анд­ ронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағы болды. Андроновшылар - бүл теп жағынан туысқан, антропологиялық, лингвисти- калық құрылымы мен шаруашылық-мәдени өмірі бойынша жақын тайпалар. Археологи ялық мәліметтер непздегеніндей, Андронов тайпаларының басым бөлігі отырықшылық өмір салтын кешкен. Олардың қалашықтары өзен жаға- лауларын, кең жайылған шалғындарды бойлай орналасқан. Андроновшы­ лар бақташылығы сәл басымдау малшылықпен және егіншілікпен айналыс- қан. Андронов мәдениетінің бөлгісі ретінде мәиітті бүгілген күйінде бір жақ жанымен, тақта тастардан құралған «сандық тасқа» немесе тік бұрышты қима шүңқырларға жатқызылатын өзіндік жерлеу салты қалыптасқан. Адам жерленгеннен кейін әртүрлі пішін үйлесімінде - тік бұрышты, домалақ, сопақ нысанда немесе үйілген қорған тәрізді, тас дуалдар түріндегі молалық қүры- лыстар түрғызылған. Кейде мәйітті ертеп жіберген. Андронов мәдениетінің келесі бір ерекше белгісі қолмен иленіп жасалған ыдыс-аяқтар. Мұның алдыңғы дөңгелек түпті ыдыстардан айырмашылығы жайпақ түпті болып келіп, ою-өрнектері тарақ тісті немесе тегіс соғылған геометриялық өрнекпен жасалынған. Сайып келгенде, Андронов мәдениетін металдан жасалған бүйымдарды әшекейлеудің езгеше түрі ерекшелейді. Бұларға бір жарым айналымға оралған, алтын жапырақшалардан жасалған сырғалар, баскиімдер мен киімдерді «көзәйнек тәріздес» және «табан» түріндегі салпыншақтармен безендіру және үштары ширатылып бүралған білезіктер жатады. Андронов мәдениеті мынадай үш кезеңге бөлінеді: ерте қола - б.д.д. XVIII- XVI ғасырлар, орта қола - б.д.д. XV—XII ғасырлар, соңғы қола - б.д.д. XII—VIII ғасырлар аралығын қамтиды. Ортапық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан астам мекені, 150-ден аса моласы табылды. Мұның ерте кезеңі - Нүра езені алқабынан табылған- дықтан «нүралық кезең» деп аталған. Орта кезеңі - Атасу өзені алқабын- 19 дағы молалар тобы бойынша атасулық кезең деп аталады. Соңғы кезеңі - беғазы-дәндібайлық кезең деп аталады. Бул кезеңге Қарағандыға жақын Дәндібай ауылынан және Солтүстік Балқаш тұсындағы Беғазы сайынан та- былған ескерткіштер жүйесі кіреді. Солтүстік Қазақстанда Ботай ауданын- дағы ерте қола ескерткіштері табылды. Сол уақыттарда түрақты елді ме- кендер пайда бола бастады. Оларды қалалардың алғашқы бастауы болды деп санауға толық непз бар. Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында болған Арқайым, Кент және басқа да қоныстарды алғашқы қалалардың үлгісі ретінде алуға болады. Олар өзіне тән қарапайым сәулеттік құрылымдарымен ерек- шеленді: қорғаныс қүрылысы, сумей жабдықтау жүйесі, ғибадатханасы, да- мыған кәсібі болды. Евразия даласында қола ғасырының (б.з.д. XV III—XVI ғ.) көпке белгілі бірден-бір археологиялық ескерткіш-бекініс Арқайым елді мекені болып табылады. Арқайым - бүл бекініс әрі сарай, шеберхана әрі түрғын жай орталығы болған. Оның үстінен қарағандағы көрінісі шеңбер түрінде керінеді, олар- дың ажыратылған бөлігі - бүл қаланың басты қақпасы. Үлкен шеңбердің ішінде тағы бір шеңбер орналасқан. Ескерткіштің жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі жер беткейінде айналма ор, оның артынан екі шеңберлі топырақты жалдар, орталық алаң іздері қалған. Жалдар - бүл шымнан, өңделмеген бөренелерден және ағаштардан қаланған бекініс қабы- рғаларының қалдықтары. Әрбір шеңбердің ішінде бөренелерден салынған түрғын үйлер орналасқан. Аулалар мен үйлердің шаруашылық қоныстарын- да - ошақтар, құдықтар, шұңқырлар, металлургиялық пештер түр. Қоныс- тың барлық аумағынан 60 түрғын жай, керамикадан, сүйек пен тастан жасал- ған бұйымдар топтамасы, металдан жасалған еңбек қүралдары және кен өндіру ісіне қатысты заттар табылған. [51-6.] Сөйтіп, андроновшылар өзен жағалаулары бойына қоныстанып, отырық- шылық өмір сүрген, қоныстары терең орлармен және шарбақты жалдармен қоршалған. Қоныстардыңауданы 25-тен 150 шаршы метрге дейін, үзын саны 10-нан 20-ға дейін баратын, 1-1,5 метр жерге енгізілген қима ағаштар түріндегі үлкен жертөлелерден түрады. Қос шатырлы немесе пирамида тәріздес келіп, діңгектермен ұсталған, оның түтін мен жарыққа арналған тесіктері болған. Үлкен отбасылы үйде 30-50-ге тарта адам түрды. Ал қоныс, іргелес егістіктер, жайылымдар мен молалар бір руға тиесілі болды. Андроновшылар шаруашылығының басым түрі малшылық, ал негізгі та- мағы ет пен сүт өнімдері болды. Андроновшылардың азық-түлігінің шама- мен 60-70% ірі қара мал етінен, 10% қой етінен, 20-30% жылқы етінен түрды. Олардың басты дәулеті жылқы табыны болатын. Қоныс маңына жақын жайы- 20 лымдар бірте-бірте тозғандықтан, андроновшылар әрбір 20-25 жыл сайын жаңа жерлерге қоныс аударып отырған. Б.з.д. XV ғасырда, яғни орта қола кезеңінен бастап бекініссіз өлді мекендер лайда бола бастады, сол кезде малдарды жайлауға айдау дәстүрі қалыптасты. Бақташылар көктемде мал- дың бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе тау шалғындарына айдап кетіп, малмен бірге көшіп-қонып жүрді, содан тек күзде ғана мекендеріне бір-ақ оралып отырды. Орта қола кезеңінде үй құрылысы, елді мекендер ұйымы езгерюке үшы- раған. Мүндай түрмыстық кешендерге Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ коны- сын жатқызуға болады. Мүнда осы кезеңге жататын ондаған қоныстар мен қорымдар ашылған. Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетініңосыған ұқсас ескерткіштері Ертіс, Бүқтырма, Күршім далалық аймақтарынан, Алтай мен Тарбағатайдан табылды. Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау мен Жетюудағы Таңбалыда жартас- тарға қашалып салынған суреттер (петроглифтер) шоғыры табылды. Жартас- тарға жануарлардың, басы күн бейнесіндегі адамдардың, күйме-арбалардың кескіндері қашап салынған. Мәселен, Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 км жердегі Таңбалы аңғарында турған андроновшылардың құдайлары бей- неленген көріністер берілген. Мүндаэпикалық қаьармандар садақтартқан күйі күймелерде шауып келе жатқан әрекеттері, түйелер жеплген арбалар көші, ғүрыптық билерді билеу көріністері суреттелген. Ғибадатхананың басты бейнелері - қарапайым жандардан жоғары түрған «Күн басты бейне», олар- дың бастары күн нүрын бейнелейтін бедерлі дөңгелектермен қоршалған. «Күн басты бейнені» билеп жүрген адамдар айнала қоршауға алған. [41, 9-6.] Тан- балы петроглифтері әлемнің мәдени қүндылықтарының қатарына енгізіліп, ЮНЕСКО ұйымының қорғауына алынған. Орта қола ескерткіштеріне, сондай-ақ Жетісудағы Қарақұдық моласы, Қаратау өлкесіндегі Таутары моласы жатады. Аралға жақын Сырдарияның төменп ағысынан соңғы қола дәуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесін атауға болады. Қола дәуірінің тайпалары алғашқы мәдени қабаттың негізін қалады, ал соның негізінде ерте көшпенділер мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Адам- дардың негізгі кәсібі бақташылық, мал шаруашылығы мен теселі егіншілік болды. Мал шаруашылығында біртіндеп мал қүрамы өзгере бастады, кешпелі өмірге беиім келетін жылқылардың, қойлардың, түйелердің үлес салмағы арта бастады. Мысалы, соңғы қола дәуірінде табындағы жылқы үлесі 14-тен 36 %-ға өсіп, андроновшылар мәдениеті жылқы өсірушілер мәдениетіне ай- налды. Сондай-ақ, сол кезеңде тайпалық көшпелі шаруашылықтың өсуіне байланысты екі өркешті түйелердің саны едәуір артты. Түйе бейнелері қыш 21 бұйымдарда және жартастағы суреттерде көп кескінделуі де сондықтан бо- лар [33, 14-16-6 ]. Көшпелі өмірге беиімделудің белгісі ретінде малды жай- лауға шығару кең етек алды. Алыс жайылымдардағы бақташылар қабырға- лары өрмелі жеңіл қаңқалы қостарды - киіз үйдің алғашқы нүсқасын сырғау- ылдардан турғызды. Төрт дөңгелекті арбаларға орнатылған көшуге оңтай- лы киіз үйлер де қолданыла бастады. Б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықтың басында климат жылынып, құрғақ климат қалыптаса баста- ғандықтан көптеген жүрт көшпелі мал шаруашылығына ауыса бастады. Сол уақыттарда тайпалардың өмірінде металлургия маңызды рөл атқ- арды. Еңбек қуралдары мен қару-жарақтарды дайындаудың шикізаты: мыс пен қалайының қорытпасы - қола, кейде сүрме, мырыш, қорғасын болды. Қола өзінің беріктілігімен, төменгі температурада балқытылуымен, әдемі алтын түсімен ерекшеленді. Орталық және Шығыс Қазақстан ежелп қара- пайым кен ісінің орталықтары болды. Мыс кені негізінен Жезқазған, Риддер, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Үратөбе, Күшікбай аудандарынан, қалайы Атасу тауы өлкесінен, Қалба және Нарым жоталарынан, алтын Степняк, Қазаншү- ңқыр, Балажал, Ақжал және басқа да еңірлерден өндірілген. Мұнда ежелгі дәуірде мыс кені мен қалайыны өндіру орасан зор мөлшерге жеткенін ма- мандар дәлелдеп отыр. Мәселен, Жезқазған ауданында балқытылған мыс- тын көлемі 100 мың тоннаға дейін жеткен. Успен мыс кенішінен 200 мың тонна кен қазылып алынған. Қалайыны өндіру 130 тоннаға жеткен. Қазақ- стан археологиясының негізін қалаушы Ә.Х. Марғүлан ежелп металлургия орталығы болған Жезқазған жайлы былай деп жазады: «1930 жылдары Же- зқазғанның ежелгі аса маңызды металлургия орталығы ретіндегі зор тарихи мәні дәлелденді. Бұл туралы Қ.И. Сәтбаев жазды («Большой Джезказган», Алматы, 1961, 5-бет), оның айтқандары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүргізілген археологиялық қазбалармен дәлелденді. Зерттеудің негізгі нысаны Жезқазған кенішінің оңтүстік-шығысына қарай бір шақырымдай жердегі кең сайда орналасқан Милықұдық қалашығы болды. Ол туралы ешкім білмеген еді. Оны Қ.И. Сәтбаев ашты. Милықүдық сонау қола дәуірінен кеиінгі орта ғасырларға дейін келгенін әрі мыс, қалайы, темір, ал­ тын, күміс кенін өндіру мен оларды өңдеудегі адамның өндірістік қызметін куәландыратын мәдени қыртыстың маңызды қабаттары сақталған. Жезқаз- ғанныңежелгі кен орындары мен үйінділері орасан зор. Геолог С.Х. Боллдың есебі бойынша Жезқазған тарабынан ондаған мың тонна мысы бар миллион тоннадан астам бай тотықтырылған кен өндірілген» [42, З-4-б.]. Қыртысты кен қабаттарына ене отырып, кенді қарапайым «қайламен омыру» арқылы өндірген. Сондай-ақ отпен уату әдісі де қолданылған. Егер тығыз кендер кездесетін болса, оның үстіне от жағылып, содан кейін оған су 22 құю арқылы уатып түсірілетін болған. Ежелгі кеншілер жерді көлбей үңги отырып, оны тіреулермен бекітіп отырған. Өндірілген кен ошақ пішіндес пеш- терде балқытылған. Балқыту үшін ағаш көмір қолданылып, тазартуды оңай- лату үшін кварц, жоса пайдаланылды. Мыс және қалайы кенін жеке балқы- тып, басқа затты қүйған кезде қалайыны мысқа қосты. Дайындалатын зат- тың неге арналғанына байланысты мөлшері де дәлдікпен реттелді: ұру қүралдары үшін мысқа 4 % қалайы, шабатын және кесетін қүралдар үшін - 5-тен 9 %-га дейін, қадап шаншитындарға - 9-дан 12 %-ға дейін және одан жоғары мөлшерде қалайы қосылды. Қола дауірінде қолөнер, тоқымашылық дамыды. Қолмен жасалатын қыш ыдыстар таспалық техникамен жасалып, қалыпқа салынып пішінделген; ыдыстар жылтыратылып, өрнектелді және күйдірілді. Қару-жарақ дайындау ісі де жақсы дамыды. Жебелердің доғал және жапырақ тәріздес болып ке- летін үштары, найза, балта ұштары қоладан жасалды, қола қанжарлар кең тарады. Қоғамдық емірді үйымдастыруда елеулі өзгерістер болды. Аналық ру ата- лық румен ауысты. Алғашқы қауымдық қатынастар біртіндеп ыдырап, мүлік теңсіздігі күшейе бастады. Оған андроновшылардың молалары дәлел бола алады. Олардың біреуі үлкен қорған түрінде салынып, өлген адамның қару- жарағы, әшекейлері бірге қойылатын болған. Әрине, кедейлері де болды, оларға қыш құмыралар, қарапайым әшекейлер, қүрбандыққа шалынған мал- дың мушелері қойылған. Антропологиялық түрі бойынша андроновшылар еуропалық нәсілдің өкілдеріне жатты. Олар жалпақ бетті, үлкен көзді, кеңсірігі жетілген, мұрынды болып келген. Кептеген ғалымдар андронов мәдениеті неолит және энеолит дәуірлеріндегі жергілікті тайпалардың табиғи дамуы негізінде лайда болған деп санайды. Андроновшылардың қай этникалық топқа тиістілігін анықтауға қатысты әртүрлі болжамдар бар. Олардың бірі бо

Use Quizgecko on...
Browser
Browser