Қз тарихы тест қазақша нұсқа3 PDF

Summary

Бұл Қазақстан тарихы бойынша бірінші курс студенттері үшін тест сұрақтары жинағы. Тест сұрақтары Қазақстан тарихының әр түрлі кезеңдеріне, соның ішінде ежелгі және ортағасырлық тарихқа қатысты.

Full Transcript

**Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары. Барлық 1-ші курстар үшін.** 1. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезеңді анықтаңыз? 2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесін көрсетіңіз? 3. Ежелгі \"Епті адамның\" өмір сүрген мерзімін табыңыз? 4. Ең ежелгі адамның еңбек құралы не деп аталған...

**Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары. Барлық 1-ші курстар үшін.** 1. Жаңа тас ғасыры қамтитын кезеңді анықтаңыз? 2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесін көрсетіңіз? 3. Ежелгі \"Епті адамның\" өмір сүрген мерзімін табыңыз? 4. Ең ежелгі адамның еңбек құралы не деп аталған? 5. Қола дәуіріндегі қола қандай шикізат көздерінен алынғандығын көрсетіңіз 6. Қола дәуірінің хронологиясын анықтаңыз?\     7. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақытын белгілеңіз? 8. Сақ жерінде Кирдің өлтірілгендігін жазған ғалымды табыңыз? 9. Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қаланы көрсетіңіз: 10. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі: 11. Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып неше жылдан кейін оралғандығын табыңыз: 12. Алғашқы кезде сауда жолында елшіліктер арасында ақша, құнды сыйлық орнына жүрген аса бағалы тауарды не деп ойлайсыз? 13. XVIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиғаны табыңыз? 14.Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиғаны көрсетіңіз? 15\. Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректер жазған ғалымды табыңыз? 16\. Монғолдар қантөгіссіз алған қаланы көрсетіңіз? 17\. Ақ Орданың орнына құрылған хандықты анықтаңыз? 18\. **«Қазақ» сөзі** қандай мағына білдіреді деп ойлайсыз? 19\. Қазақ хандығының ерте тарихы жөнінде мағлұмат беретін ортағасырлық мұсылман тарихнамасындағы құнды шығарма -- "Тарих и- Рашидидің" авторын белгілеңіз? 20\. 1465 жылы Қазақ хандығы жарияланды, оның алғашқы ордасын көрсетіңіз? 21\. Қазақ даласында «Отырар опаты» болған уақытты табыңыз? 22\. Алтын Орда саяси дербестігін қай ханның кезеңінде алғандығын көрсетіңіз? 23\. Оғыз мемлекетіндегі әскердің бас қолбасшысын қалай атағандығын анықтаңыз? 24\. Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректер жазған адамды тауып дұрыс жауабын көрсетіңіз? 25\. Жібек сауда жолына **«Ұлы»** сөзінің қосылу себебі не деп ойлайсыз?. 26\. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін  жоспарлы зерттеу басталған жылды көрсетіңіз: 27\. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металлды төмендегі нұсқалардың ішінен дұрысын таңдаңыз? 28\. «Түркі» сөзінің мағынасын анықтаңыз? 29\. Түрік қағанаты екіге бөлінген мерзімін көрсетіңіз? 30\. Түргештер әулетінің негізін қалаған қағанды анықтаңыз? 31\. Түргеш мемлекеті құлаған уақыт табыңыз? 32\. Мұқан қаған билек еткен жылдарды анықтаңыз? 33.«Олар (қарлұқтар) -- көне түркілер» деп жазған ғалымды табыңыз? 34\. Тарихта 751 жылы болған шайқасты төмендегі нұсқалардан дұрыс жауабын көрсетіңіз? 35\. «Олар (қарлұқтар) -- көне түркілер» деп жазған ғалымды кім деп ойлайсыз? 36\. Ақ Орданың орнына құрылған хандықты табыңыз? 37\. Әбілқайыр хан қай жылы Ресей билігін мойындағандығын анықтаңыз? 38\. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жылды көрсетіңіз? 39\. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеуді бастаған ғалымды көрсетіңіз? 40\. ҚР-ң алғаш тәуелсіздігін мойындаған елді табыңыз? 41\. «Оян қазақ» кітабының авторын белгілеңіз? 42\. Қазақстанда 2023 жылы М.Дулатовтың **«Оян қазақ»** фильмі үлкен экрандардан жарық көрген еді,фильмнің режиссері кім екендігін анықтаңыз? 43**. \"Тотемизм\"** деген ұғымды қалай түсінесіз? 44\. Ежелгі **\"Тік жүретін адам\"** өкілін табыңыз? 45\. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдайды анықтаңыз? 46\. Ең ежелгі адамның еңбек құралын көрсетіңіз? 47\. Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақытының дұрыс жаубын табыңыз? 48\. Әскери-демократияның пайда бола бастаған кезін анықтаңыз? 49\. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстарды көрсетіңіз? 50\. Сақ патшайымы Томирис туралы **\"Әйел болса да жаудан қорыққан жоқ\"-** деп жазған Рим тарихшысын табыңыз? 51\. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақытын анықтаңыз? 52\. Х ғасырда Қимақтарда тараған дінді көрсетіңіз? 52\. Шыңғысхан ќұрған моңғол мемлекетінің басты заңын табыңыз? 53\. Шыңғысхан қайтыс болған уақытты көрсетіңіз? 54\. 1219 жылы Шағатай мен Үгедей қоршауға алған қай қала деп ойлайсыз? 55\. Монғол хандығы құрылған жылды көрсетіңіз? 56\. Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым табыңыз? 57\.."Алаш" сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылды-деп ойлайсыз? 58\. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысын көрсетіңіз? 59\. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қаланы табыңыз? 60\. Қазақ хандығының негізін қалаған хандарды көрсетіңіз? 61\. Қазақ хандығының құрылған уақытын анықтаңыз? 62\. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшыны көрсетіңіз? 63\. Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі не деп аталғанын табыңыз? 64\. Көктеу дегенімізді қалай түсінесіз? 65\. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған? **66.** Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған ғұлама ғалымды көрсетіңіз? 67\. Әл-Фараби дүниеге келген қаланы табыңыз? 68\. 1207-1208 ж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысханның баласын анықтаңыз? 69\. Орда Ежен билік құрған мемлекет: 70\. Ақ Орданың күш-қуатын нығайтқан хан? 71\. 1371-1390 ж. дейін Моғолстанға Ақсақ Темірдің жорығының саны? 72\. Кіші жүз қазақтарының С.Датұлы басшылығымен болған көтеріліс қай жылдары болғандығын анықтаңыз? 73\. Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлерінің атауын көрсетіңіз? 74\. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалымды табыңыз? 75\. 1836-1838 жж болған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерлісінің басшыларын анықтаңыз? 76\. Тәуке ханның заңдар жинағы не деп аталды? 77\. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер: 78\. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты қандай болды? 79\. Моңғол ханы Шыңғысханның бала кездегі есімі? 80\. Шыңғысханның қанша ұлы болды? 81\. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтерлісі қай жылдары болды? 82\. Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқасты анықтаңыз? 83\. ХШ ғасыр мен ХV ғасыр басында Шығыс Дешті қыпшақта өмір сүрген мемлекет? 84\. Махамбет Өтемісұлының өлеңін табыңыз. 85\. Махамбет Өтемісұлының жауынгер және адал досын, көтеріліс басшысын анықтаңыз?    86\. Моғолстанның негізін қалаған хан? 87\. Моғолстанның орталығы болған қаланы көрсетіңіз? 88\. 1336-1405 жылдары өмір сүрген билеуші ханды белгілеңіз? 89\. Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлерінің атауы 90\. Монғол империясының негізін қалаған хан? 91\. Аңдық стиль пайда болған ғасырды анықтаңыз? 92 Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы? 93\. Үйсіндер саяси және сауда қарым-қатынас жасаған ел? 94\. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы 95\. Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді: 96\. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары қандай болды? 97\. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі 98\..\"Қыш құмыралар заманы\" деп аталатын дәуірді белгілеңіз? 99\. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы ғылымда не деп алынады? 100\. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар 101\. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым. 102\. Киіз үй қабырғасы атауы 103\. Көшпелілер баспаналарындағы киелі санаған орынды анықтаңыз? 104\. Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар қалай аталды? 105\. Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасын анықтаңыз? 106\. Қытай деректерінде \"ғұн\" атауының пайда болған кезеңді көрсетіңіз? 107\. Қытай деректеріндегі ғұн басшысы лауазымын қалай атаған? 108\. Ғұн державасының негізін қалаған шаньюді табыңыз? 109\. Шығыстанушы Л.Н.Гумилевтің мәлімдеуінше ғұн державасының пайда болған мерзімі анықтаңыз? 110\..\"Халықтардың ұлы қоныс аударуын\" бастаған тайпаны көрсетіңіз? 111\. \"Еділ\" (Атилла) атымен аталатын өзенді анықтаңыз? 112\. \"Атилла\" операсын жазған италиян композиторы? 113\. Сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы анықтаңыз? 114\. Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы? 115\. Атырау жеріндегі сарматтардың Аралтөбе ескерткіші табылған аудан? 116\. Темір дәуірі неше кезеңге бөлінді? 117\. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы қандай болды? 118\. Темір дәуірінде ежелгі тайпалар сыйынды? 119\. Адамның сыртқы сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым түрі? 120\. Сақ қоғамына тән Алтын адам Алматы облысы Есік қорғанынан қай жылы табылған еді? Жауаптар  **Жаңа тас ғасыры** -- Б.з.д. 5--3 мыңжылдықтар.  **Алғашқы адамдардың топтасу жүйесі** -- тобыр  **\"Епті адамның\" өмір сүрген уақыты** -- шамамен 1 750 мың жыл бұрын.  **Ең ежелгі адамның еңбек құралы** -- үшкір тас  **Қола шикізаты** -- мыс пен қалайы  **Қола дәуірінің хронологиясы** -- Б.з.д. 2--1 мыңжылдықтар.  **Кир бастаған парсы әскерлерінің Сақ жеріне басып кіруі** -- Б.з.д. 530 ж.  **Кирдің өлтірілгенін жазған ғалым** -- Геродот.  **Византия шеберлерінің күміс құмыралары табылған қала** -- Тараз.  **Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас ретінде дами бастауы** -- Б.з.д. II ғасыр.  **Қытай елшілігінің оралу уақыты** -- 13 жылдан кейін.  **Құнды сыйлық орнына жүрген тауар** -- жібек.  **XVIII ғасырда Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеу себебі** -- теңіз сауда жолдарының дамуы.  **Ұлы Жібек жолы қатынасының әлсіреу себебі** -- Монғол шапқыншылығы.  **Оғыз тайпалары туралы жазған ғалым** -- Махмұд Қашқари.  **Монғолдар қантөгіссіз алған қала** -- Баласағұн.  **Ақ Орданың орнына құрылған хандық** -- Әбілқайыр хандығы.  **\"Қазақ\" сөзінің мағынасы** -- еркін, тәуелсіз адам.  **"Тарих-и Рашиди" авторы** -- Мұхаммед Хайдар Дулати.  **Қазақ хандығының алғашқы ордасы** -- Шу мен Талас өзендерінің маңы.  **\"Отырар опаты\" болған уақыт** -- 1219 ж.  **Алтын Орда саяси дербестік алған хан** -- Батый хан.  **Оғыз әскерінің бас қолбасшысы** -- Сюбашы.  **Оғыздар туралы дерек жазған адам** -- Әл-Марвази.  **\"Ұлы\" сөзінің қосылу себебі** -- экономикалық, мәдени және саяси маңызының жоғары болуы.  **Қола дәуірін зерттеу басталған жыл** -- 1946 жыл.  **Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл** -- мыс.  **\"Түркі\" сөзінің мағынасы** -- күшті, мықты.  **Түрік қағанаты екіге бөлінген уақыт** -- 603 ж.  **Түргештер әулетінің негізін қалаушы** -- Үшлік қаған.  **Түргеш мемлекеті құлаған уақыт** -- 756 ж.  **Мұқан қаған билік еткен жылдар** -- 553--572 жж.  **\"Қарлұқтар -- көне түркілер\" деп жазған ғалым** -- Әл-Марвази.  **751 жылғы шайқас** -- Атлах шайқасы.  **\"Қарлұқтар -- көне түркілер\" деп жазған ғалым** -- Әл-Марвази.  **Ақ Орданың орнына құрылған хандық** -- Әбілқайыр хандығы.  **Әбілқайыр хан Ресей билігін мойындаған жыл** -- 1731 ж.  **Қазақстандағы қола дәуірін зерттеу басталған жыл** -- 1946 жыл.  **Қола дәуірін зерттеуді бастаған ғалым** -- Ә.Марғұлан.  **ҚР тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған ел** -- Түркия.  **«Оян қазақ» кітабының авторы** -- Міржақып Дулатов.  **«Оян қазақ» фильмі режиссері** -- Мұрат Есжан.  **\"Тотемизм\" ұғымы** -- адамдардың белгілі бір жануарды, өсімдікті немесе табиғат құбылысын қасиетті санап, оны өздерінің арғы атасы деп қарауы.  **Ежелгі \"Тік жүретін адам\" өкілі** -- Синантроп (Қытай адамы).  **Алғашқы ірі еңбек бөлінісі** -- Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі.  **Ең ежелгі адамның еңбек құралы** -- Шапқы (чоппер).  **Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерінің басып кіруі** -- Б.з.д. 530 ж.  **Әскери-демократияның пайда бола бастаған кезі** -- Темір дәуірі.  **Қола дәуіріндегі кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар** -- Пештер мен кен орындары.  **Томирис туралы жазған Рим тарихшысы** -- Помпей Трог.  **Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты** -- IX--XI ғасырлар.  **Қимақтарда тараған дін** -- Ислам.  **Шыңғысхан құрған заң** -- «Яса» (Ұлы Яса).  **Шыңғысхан қайтыс болған уақыт** -- 1227 ж.  **1219 ж. Шағатай мен Үгедей қоршаған қала** -- Отырар.  **Моңғол хандығы құрылған жыл** -- 1206 ж.  **"Екі туысқан Орда" деп атаған ғалым** -- Шоқан Уәлиханов.  **"Алаш" сөзі алғаш рет айтылған уақыт** -- IX--X ғасырлар.  **Әмір Темір бұйрығымен салынған туынды** -- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.  **Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан қала** -- Түркістан.  **Қазақ хандығының негізін қалағандар** -- Керей мен Жәнібек хандар.  **Қазақ хандығы құрылған жыл** -- 1465 ж.  **Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы** -- Мұхаммед Хайдар Дулати.  **Сайланған ханның мал-мүлкін бөліп алу дәстүрі** -- Хан көтеру.  **Көктеу** -- Көктемде көшіп-қонып, уақытша жайлайтын орын.  **Түргеш мемлекетінің негізін қалаушы** -- Үшлік қаған.  **Аристотель сияқты танымал ғалым** -- Әл-Фараби.  **Әл-Фараби дүниеге келген қала** -- Отырар (Фараб).  **1207-1208 жж. Енисей қырғыздарын басып алған Шыңғысханның ұлы** -- Жошы.  **Орда Ежен билеген мемлекет** -- Ақ Орда.  **Ақ Орданы нығайтқан хан** -- Ұрыс хан.  **1371--1390 жж. Ақсақ Темірдің Моғолстанға жорығының саны** -- 10 рет.  **С.Датұлы көтерілісі өткен жылдар** -- 1783--1797 жж.  **Шыңғысханның бөліп берген жерлерінің атауы** -- Ұлыстар.  **Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым** -- Шоқан Уәлиханов.  **1836--1838 жж. шаруалар көтерілісінің басшылары** -- Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы.  **Тәуке ханның заңдар жинағы** -- «Жеті Жарғы».  **Тәуке хан құрылтай өткізген жер** -- Күлтөбе.  **Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты** -- Жоңғар шабуылынан қазақ жерін қорғау.  **Шыңғысханның бала кездегі есімі** -- Темүжин.  **Шыңғысханның ұлдары** -- 4 ұл (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле).  **Кенесары Қасымұлы көтерілісі** -- 1837--1847 жж.  **Жәңгір хан қатысқан шайқас** -- Орбұлақ шайқасы (1643 ж.).  **ХІІІ--ХV ғасырда Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген мемлекет** -- Ақ Орда.  **Махамбет Өтемісұлының өлеңі** -- «Ереуіл атқа ер салмай».  **Махамбеттің досы және көтеріліс басшысы** -- Исатай Тайманұлы.  **Моғолстанның негізін қалаған хан** -- Тоғылық Темір.  **Моғолстанның орталығы болған қала** -- Алмалық.  **1336--1405 жылдары өмір сүрген билеуші** -- Әмір Темір.  **Шыңғысхан балаларына бөліп берген жерлері** -- Ұлыстар.  **Моңғол империясының негізін қалаған хан** -- Шыңғысхан.  **Аңдық стиль пайда болған ғасыр** -- Б.з.д. VII ғасыр.  **Үйсіндердің шығу тегі туралы жазған тарихшы** -- Сыма Цянь.  **Үйсіндер саяси және сауда қарым-қатынас жасаған ел** -- Қытай.  **Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың замандасы** -- Питекантроп.  **100--35 мың жыл бұрын өмір сүрген адам** -- Неандерталь.  **Алғашқы адамдардың аулаған аңдары** -- Мамонт, бизон, жабайы жылқы.  **Мезолиттегі басты жаңалық** -- Садақ пен жебе.  **\"Қыш құмыралар заманы\"** -- Неолит дәуірі.  **Суретті хат арқылы хабарлау** -- Пиктография.  **Қола дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан қоныстары** -- Петровка, Боголюбово.  **Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым** -- В.П. Алексеев.  **Киіз үй қабырғасы** -- Кереге.  **Киіз үйдегі киелі орын** -- Шаңырақ астындағы ошақ.  **Парсы жазбаларындағы теңіздің арғы жағындағы сақтар** -- Хаумаварга сақтары.  **Есік обасындағы жерленген адамның жасы** -- 17--18 жас.  **Қытай деректерінде \"ғұн\" атауының пайда болуы** -- Б.з.д. III ғасыр.  **Ғұн басшысының лауазымы** -- Шаньюй.  **Ғұн державасының негізін қалаушы** -- Модэ (Мете).  **Л.Н. Гумилев бойынша ғұн державасының пайда болуы** -- Б.з.д. IV--III ғасырлар.  **\"Халықтардың ұлы қоныс аударуын\" бастаған тайпа** -- Ғұндар.  **\"Еділ\" (Атилла) атымен аталатын өзен** -- Волга.  **\"Атилла\" операсын жазған композитор** -- Джузеппе Верди.  **Сармат дәуіріндегі Каспий теңізі атауы** -- Гиркан теңізі.  **Савроматтар туралы жазған Рим тарихшысы** -- Плиний Старший.  **Аралтөбе ескерткіші табылған аудан** -- Қызылқоға ауданы.  **Темір дәуірі кезеңдері** -- Ерте темір және кейінгі темір дәуірі.  **Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы** -- Әскери демократия.  **Темір дәуіріндегі тайпалардың сенімі** -- Табиғат күштеріне (Күн, От, Жер, Су).  **Адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым** -- Антропология.  **Есік қорғанынан \"Алтын адамның\" табылған жылы** -- 1969 ж.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser