2 Лекция (PDF)
Document Details
Uploaded by HumaneNitrogen
Алматинский университет энергетики и связи (АУЭС)
Tags
Summary
Лекция ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптар туралы. Дәріс малды дұрыс азықтандырудың маңыздылығын атап өтеді және қоректік заттардың жануарлардың денсаулығына әсерін айқындайды.
Full Transcript
Дәріс №2 Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптар. Азықты дайындау, сақтау, тасымалдау және дайындау кезіндегі санитарлық-гигиеналық бақылау Мақсаты: Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптармен таныстыру...
Дәріс №2 Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптар. Азықты дайындау, сақтау, тасымалдау және дайындау кезіндегі санитарлық-гигиеналық бақылау Мақсаты: Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруға қойылатын зоогигиеналық талаптармен таныстыру Жоспары: 1. Азықтарға қойылатын зоогигиеналық талаптар 2. Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негізгі әдістері, олардың сапасын бағалау 3. Малды диеталық азықтандырудың жалпы ережелері Азықтың сапасыздығы оның әдеттен тыс физикалық күйінде, температураның жоғарылауында, аязда, қатып қалуда, сондай-ақ бөгде механикалық қоспалардың болуымен көрінеді. Жануарлардың жағдайына жемнің физикалық қасиеттерінен ең үлкен әсер оның температурасы мен су мөлшері болып табылады. Жануарларға тым ыстық немесе тым суық азықты беру ұсынылмайды. Ұзақ уақыт бойы азыққтандырылған жылы жем жануарларды еркелетуге ықпал етеді және сол арқылы дененің суыққа төзімділігін әлсіретеді. Ыстық азық кейбір жағдайларда ауыздың, жұтқыншақтың және өңештің шырышты қабығын күйдіруі мүмкін. Тым суық тағамды, әсіресе аязды немесе мұздатылған азықты азықтандырғанда, жануардың денесі салқындайды, өйткені суық және мұздатылған азық дене температурасына дейін жылыту үшін денеден айтарлықтай жылу алады. Осының салдарынан ас қорыту органдарының қызметі колик пайда болуымен бұзылады, диарея, іш қату, жүкті жануарларда түсік түсіру жиі кездеседі. Азықтарға қойылатын зоогигиеналық талаптар Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Қорек арқылы организм ассимиляция процессінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулары тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін. Биотикалық патогендерге жататындар: бактериалдық сібір жарасы, сіреспе, сүзек және т.б. және вирустық аусыл, вирустық гепатиттер және т.б., жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары фасциолез, диктикаулез және т.б.; микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар аспергиллез, фузариоз және т.б. Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және т.б.), химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің көп немесе аз болуы) және ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді. Азықтардың тепе-теңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі, азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организімін стресстік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты себептері азықтық стресстер деп аталады. Азықтық заттар екі топқа бөлінеді: табиғи және синтетикалық. Табиғи азықтар шығу тегіне байланысты өсімдік тектес және жануар тектес болып бөлінеді, ал синтетикалық азықтар химиялық және микробиологиялық жолдармен синтезделіп алынған деп бөлінеді. Өзінің құрамы, қасиеті және физиологиялық әсері бойынша азықтар мал организімінің дамуына сай келуі керек. Мал азығын зоогигиеналық зерттеудің негізгі әдістері, олардың сапасын бағалау Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі. Азықтың зияндылығы малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы және т.б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер т.б. және азықтың өзінде пайда болатын улы өсімдіктер және т.б., сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін. Азық құрамында болатын кейбір заттар ұрықтандырылған эмбрионға теріс әсерін тигізіп, эмбриотоксиндік не тератогендік кемістікті тударады. Канцерогенді және онкогенді қасиеті бар заттардың көп мөлшері ісіктің пайда болуына әкеп соқтырады. Химиялық канцерогендерге азот қосылыстарын нитриттер, нитрозаминдер және т.б., кейбір саңырауқұлақтың метоболиттері (афлотоксин, стеригматоцистин), формальдегид және т.б. жатады. Химиялық әдістер азықтың құнарлылық бағасын, былайша айтқанда, әр түрлі минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің болуын зерттейді. Атап айтқанда, азықта мына көрсеткіштер анықталады: рН, қышқылдылық, сілтілік және т.б. Осы зерттеулердің нәтижесінде азықпен уланудың немесе зат алмасудың бұзылу себептерін анықтайды. Ветеринариялық-биологиялық тәсілдерге мал мен лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитариялық микологиялық, гельминтологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады. Азық сапасын зерттеудің осы айтылған жан-жақты кешенді зерттеу жиынтығы жемнің сапасына деген күдік туғызғанда, шығу тегі белгісіз болса, жаңадан азықтық заттар өндірілсе, түлік арасында этиологиясы анықталмаған ауру шықса не азықтың мал өнімділігіне, денсаулығына, сондай ақ мал өнімдерінің сапасына тигізетін әсерін анықтау үшін қажет. Азықтарды қауіпсіздігі бойынша тексеруді мемлекеттік малдәрігерлік зертханалар, аккредитациядан өткен зертханалар, азық дайындайтын өндіріс орындары 3 айда 1 рет тексеріп отырады. Қазақстан Республикасы аумағында асыл тұқымды мал өсіру кезінде құрамында өсуді қамтамасыз ететін гормональды препараттары, тиреостатиктерді және антибиотиктері бар азықтарды дайындауға және қолдануға болмайды. Емдік рациондар. Мал организміне емдік және азықтан болатын аурудың алдын алу үшін малды диеталық азықтандыру тәртібі ұйымдастырылады. Бұл басқа да барлық емдеу мәселелеріне қолайлы жағдайды және бір органға ғана емес, бәрінен бұрын организмнің жалпы жағдайына, оның нейрогуморальды реттелуіне әсер етеді. Бұл кезде мал ауруының себептері мен патогенезі, малдың жағдайы, тұқымы, жасы, жынысы, қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуі тиіс. Малды диеталық азықтандырудың жалпы ережелері. Бұндай рационға малды көшіретін кезде оның организмінің физиологиясын, азықтандыру гигиенасының ерекшеліктері негізі ескеріледі. Мұндай жұмысты ұйымдастыру кезінде келесі жағдайларды ескеру керек: рационға малдың тәбетін ашатын түрлі, дәмдік сапасы да жоғары азық енгізіледі; рационға ауру мал организмі сіңіре алатын барлық қажетті қоректік заттар енгізілуі тиіс; диеталық азықтандыру мал түлігіне, жасына және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келуі керек; әрбір жеке жағдайда диеталық емдеу белгілену кезінде азықтандыру, норма тәртібі, азық беру және суару мезгілі де белгіленіп қатаң сақталады. Ауру малдарды емдік диетадан күнделікті рационға бірте бірте аурудың клиникалық белгілері жойылғаннан кейін 7-10 күннен соң ғана ауыстырылады. Қазіргі кезде мал шаруашылығында малдың өсуі мен кейбір аурулардан сақтандыру мақсатында азықтың қосымша бөлігі ретінде химиялық, микробиологиялық және басқада пробиотикалық заттар қолданылады. Жем-шөп мал организіміне сыртқы ортадан бірден бір протеин жеткізуші. Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі, әсіресе альбуминдік фракция синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процесстері тежеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин қолданылса асқазан ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады. Бұған, әсіресе шошқа мен құс төзімсіз.Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен қатар жалпы зат алмасудың бұзылуына да ұрындырады. Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек. Кейбір май қышқылдары липолен, арахидон және линолен малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне қажет. Сондықтан олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруы керек. Азықта май жетіспесе организмге майда еритін витаминдер А,Д , К және Е жетіспеушілігі туындайды. Малдың азықтан болатын ауруларының алдын алу Сапасыз азық беру мал арасында көптеген аурудың, соның ішінде індетті және инвазиялық аурулардың таралуына себепші болады. Кейбір жағдайларда сапасыз азық малдың жарақаттануына да әкеліп соқтырады. өйткені, олардың ішіндегі өсімдіктің қатты өзектері, үшкір металл заттар, шыны болуы мүмкін, қатып қалған, ыстық азық асқазан ішек жолын ауруға шалдықтырады. Азықтан улануды минералды, синтетикалық, органикалық және өсімдік улары тудырады. Бақылау сұрақтары: 1. Азықтың сапасын анықтаудың негізгі әдістерін атаңыз. 2. Улы өсімдіктерден уланудың алдын алудың негізгі шаралары қандай? 3 Жануарлардың жасанды токсиндермен улануының клиникалық белгілері және олардың алдын алу шаралары туралы айтып беріңіз.