Инволюциялық Меланхолия: Психоз Жағдайлары
10 Questions
5 Views

Choose a study mode

Play Quiz
Study Flashcards
Spaced Repetition
Chat to lesson

Podcast

Play an AI-generated podcast conversation about this lesson

Questions and Answers

Инволюциялық меланхолияның негізгі психопатологиялық көрінісі қандай?

• Амнезия
• Параной
• Голлюцинация
• Үреймен жүретін депрессия (correct)
• Инволюциялық меланхолия қай жаста жиі кездеседі

• Жасөспірімдік
• Ересек жас
• Балалық шақ
• Кәрілік алды кезеңі (correct)
• Науқастың күйеуі қандай мамандықта жұмыс істейді?

• дәрігер
• экономист
• инженер
• әскери адам (correct)
• Науқас В.З.-нің менопауза кезеңі қанша жастан басталды?

42 жастан
Signup and view all the answers

Инволюциялық меланхолияда кездесетін ипохондриялық сандырақ қандай мазмұнға ие болуы мүмкін

Науқас өз денесінің ішкі мүшелерінің шіріп жатқандығын айтады
Signup and view all the answers

Инволюциялық меланхолия қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

Депрессия мен үреймен жүретін психоз.
Signup and view all the answers

Меланхолиялық ступор мен кататониялық ступордың негізгі айырмашылығы қандай?

Меланхолиялық ступор кезінде бет-әлпет қайғы-мұңды көрсетеді.
Signup and view all the answers

Инволюциялық меланхолияның науқастарына тән қандай психологиялық жағдайлар бар?

Өзін-өзі кінәлау және өзін-өзі кемсіту.
Signup and view all the answers

Инволюциялық меланхолия кезінде науқастардың тағам қабылдаудан бас тарту себептері не?

Олар тағам қабылдауға толық құқығы жоқ деп есептейді.
Signup and view all the answers

Сандырақтық идеялардан туындайтын қауіп қандай?

Науқастар суицидальды әрекеттер жасауға бейім.
Signup and view all the answers

Study Notes

Инволюциялық меланхолия Кәрілік алды кезеңіндегі адамдарда жиі кездесетін психоз түріне жатады. Бұл аурудың басты психопатологиялык көрінісі үреймен жүретін депрессия жағдайы болып табылады. Аурудың пайда болуына психогенді зияндылыктар, өмір сүру стереотипінің өзгеруі жиі себепші болады. Наукастар жабырқаулы күйде болады, үрейшіл. Депрессивті және үрейлі көріністер айкындылығы әр түрлі дәрежеде болады: жеңіл психопатологиялык көріністерден айкын үрей және ажитациямен жүретін ауыр депрессия күйіне дейін. Қимылдық қозу жағдайында науқастар өздерін қоярға жер таппай, ауыр жан күйзелісін білдіретін күрсінген дауыстар шығарады, суицидальды әрекеттер жасауға бейім болып келеді. Сондыктан олар арнайы, қатаң бақылауды қажет етеді.

Науқастарда үрейлі депрессия тежелумен қатар жүретін жағдайлар да бақыланады. Мұндай қимылдық тежелу ступор сипатын алуы мүмкін. Кататониялық ступордан айырмашылығы бұл меланхолиялық ступор деп ата- лады. Меланхолиялық ступордың клиникалық көрінісі кататониялықтан ерекшеленеді. Науқастардың бет-әлпеті қайғы-мұңды бейнелейді, беттерінде іркіліп қалған мұң маскасы болады. Кататониялық ступор кезіндегідей мутизм бақыланбайды. Табанды сауалға алғанда олардан қандай да бір дұрыс жауап алуға болады. Депрессивті-үрейлі симптоматикамен қатар науқастарда сандырақтық иде- ялар байқалады. Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту сандырақтық идеялары аса тән. Науқастар өткен өмірін шолып, өздерінің ойларынша қылмысты болып табылатын жағдайлар мен фактілерді іздейді. Науқастар жақын адамының өліміне өздерін кінәлайды. Оларға дұрыс күтім жасамадым, ертерек дәрігерге көрсетпедім деп өздерін жазғырады. Сондықтан науқастар өздерін дәрігер көңіліне, медбикелер күтіміне тұрмайтын адаммын деп есептейді. Науқастар тағам қабылдаудан жиі бас тартады, оған менің құқым жоқ деп айтады. Жиі өзін-өзі кінәлау сандырақтық идеяларына соңына түсу идеялары ұштасып жатады. Науқастар өздерін жасаған қылмыстары үшін ізіне түскендер бар, өздерінің үстінен сот жүретіндігін, осылайша өлім жазасына кесілетіндігін мәлімдейді. Кейде осындай сандырақтық идеялар ипохондриялық сипат алады. Бұл кезде науқастар бауыр немесе бүйрегінщ және т.б. қызметінщ толық бұзылғандығы жөнінде айтады. Ішкі мүшелерінің шіріп немесе жоқ болып кеткендігін айтып, өзін тірі өлік деп санайды (Катар синдромы). Мұндай ипохондриялық көріністер туыстары мен айналадағы бүкіл тіршіліктің жақындап келе жатқан күйреуі жөніндегі фантастикалық сипаттағы сеніммен бірге жүруі мүмкін. Науқас В.З., 55 жаста. Тұқым қуалайтын психикалық аурулары жоқ. Өз жасына сай дамып өскен. 7 сынып және ФЗУ аяқтаған. Қысқа уақыт аралығында жоспар түзуші-экономист болып жұмыс жасаған. 18 жасында тұрмысқа шыққан. Күйеуі әскери адам. Қызмет бабына байланысты жиі-жиі бір қаладан екінші қалаға көшіп-қонып жүрген. Науқас жаңа орынға тез бейімделіп отырған. Жұмыс істемейді, үйінде үш баласының тәрбиесімен айналысқан. Қонақшыл болған, үй шаруасымен жақсы айналысқан. Ал күйеуінің мінезі ауыр, ашушаң, қызғаншақ, талапшыл. Науқас мінезі бойынша күмәншіл, үрейшіл, аздап ипохондриялы (ренішін ұзақ жүрегінде ұстайды, бірақ сырттай білдірмейді). Күйеуіне қарсы шықпай, ұрыс-керістің алдын алып отырған. Етеккірі 10 жасынан басталған, 4 жүктілік: үшеуі қалыпты, мерзімінен бұрын босанулар, біреуі жасанды түсік. 42 жасынан менопауза. Балалар инфекцияларымен ауырған. 2 рет тік ішек полипозымен оперцияға түскен. Күйеуінің сырқаттануына байланысты науқас қайғыға шомып, еңбекке қабілеті төмендеген: өзіне тән емес «еріншектік» пайда болып, үй жұмысын әрең атқарған. Үйқысы бұзылған, әсіресе, таңертеңгі мезгілде өзін нашар сезінеді. Бір айдан соң күйеуі жазылып шыққан, ал өзінің жағдайы одан әрі

Жалпы клиникалық ерекшеліктері нашарлап кеткен: үрей пайда болып, бір жайсыз жағдайлар болып калатындай күтуде болған. Тұрмыстық мәселелер шешілмейтіндей болып көрінген. Өз өмірі жайында үнемі ойға шомып, тек жағымсыз сәттерін есіне алып, өмірі сәтсіз калыптасты деп сары уайымға түскен. Ауруханаға жаткызылған. Психикалык күйі: наукаспен карым-қатынас формальды; жай дауыспен, бір ырғақпен, тежеліп сөйлейді. Эңгіме жүргізгенде белсенділік білдірмейді, тек берген сұракка жауап беріп отырады. Бет әлпеті маска тәріздес, қайғы мен шаршағандықгы білдіреді. Жабырқау күйге, жақындары мен отбасы үшін үрейленетініне шағым айтады. Барлығы кұрыды, шатастым дейді. Барлық пәленің күнәһары өзіммін деп есептейді: «Мен жексұрынмын, оңбаған адам- мын, маған өмір сүруге болмайды» деп сөгеді. Бөлімшеде ешкіммен арала- спайды, тамак, дәрі кабылдағысы келмейді, көп уақытын төсекте жатып өткізеді. Науқасты тыныштандыруға тырысқанда, тітіркенумен, ашумен жауап береді. Кейде үрейленіп, қызметкерлерге бір сұрақты қайталап коя береді.

Studying That Suits You

Use AI to generate personalized quizzes and flashcards to suit your learning preferences.

Quiz Team

Description

Инволюциялық меланхолия - психоздың бір түрі, ол кәрілік кезеңінде жиі кездеседі. Бұл психоздың негізгі белгісі - үреймен қатар жүретін депрессия, сондай-ақ, психогенді факторлардың әсері. Науқастардың жағдайы ауырлығына байланысты қатты бақылануда болуы тиіс.

More Like This

Use Quizgecko on...
Browser
Browser