Химиялық реакциялардың типтері PDF

Summary

Бұл құжат 8 сынып химия сабағы үшін химиялық реакциялардың типтері туралы ақпаратты қамтиды. Құжатта химиялық реакциялардың жіктелуі, олардың сипаттамалары, және түрлері жан-жақты түсіндіріледі.

Full Transcript

Автор: Копжасарова Алтынай Курметвна Пән: Химия Сынып: 8-сынып Бөлім: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері Тақырып: Химиялық реакциялардың типтері Оқу мақсаттары (оқу 8.2.2.1 химиялық реакцияларды бастапқы және түзілген заттардың құрамы мен саны бойынша жіктеу бағдарламасына...

Автор: Копжасарова Алтынай Курметвна Пән: Химия Сынып: 8-сынып Бөлім: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері Тақырып: Химиялық реакциялардың типтері Оқу мақсаттары (оқу 8.2.2.1 химиялық реакцияларды бастапқы және түзілген заттардың құрамы мен саны бойынша жіктеу бағдарламасына сілтемеу): Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: реакция типтеріне химиялық теңдеулерді құра біледі Оқушылардың басым бөлігі: реакция теңдеулерін жаза және типтерді ажырата біледі,теңестіре алады. Кейбір оқушылар: реакция теңдеулерін жаза және бір-бірінен ажырата біледі,теңестіре алады. Химиялық реакциялар ерекшеліктерін саралай біледі,есеп шығару дағдылары қалыптасады. Тілдік мақсаттар: Оқушылар:Химиялық реакция типтеріне қатысты сұрақтарды түсінеді және жауап бере алады, оларды қалай бір –бірінен ажырата білу керектігін түсіндіре алады. Негізгі сөздер мен тіркестер: қосылу реакциясы, айырылу реакциясы, орынбасу реакциясы, алмасу реакциясы. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Химиялық реакцияларды бөліп саралау қандай жағдайға негізделген? Сіз неліктен, рекциялардың қосылу,айырылу, орынбасу және алмасу деп аталғанын айта аласыз ба? Жазылым бойынша ұстанымдар: реакция типтері анықтамасын, сызбасын жаза білу Бағалау критерийлері: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. Құндылықтарды «Мәңгілік – Ел» бағдарламасынан Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. дарыту: АКТ-ны қолдану Видео ролик,слайд. дағдылары: Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі. Бастапқы білім: Химиялық және физикалық құбылыстарды ажырата білу Химиялық реакциялардың жүру белгілерін білу Химиялық реакция теңдеулерін жаза білу Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. Сабақ барысы Сабақ Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар кезеңдері Сабақтың басы 1. Сәлемдесу. Оқулық, мәтіндер. (10) ә) сабаққа дайындығын тексеру б) оқушылар назарын сабаққа аудару 2.Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық тренинг «тілек алаңы», бір- біріне химиялық элементке теңеу арқылы тілек тілейді. (Алтындай ардақты бол, сынаптай жылдам бол,бүгінгі сабақта натрийдей белсенді бол, темірдей денсаулық тілеймін,қиындықтан сутегідей жеңіл өтуіңді тілеймін т.б.) 3.Топтарға бөлу. (1-топ физикалық және 2-топ химиялық құбылыстар. Кәмпиттер арқылы Оқушылардан қысқа тест алынады.\экраннан тест тапсырмасы беріледі, оқушылар қолында үш нұсқалы жауап парағын көтереді, дұрыс жауабы соңынан экранға шығып тұрады\ 1. 2Na + Cl2 2NaCl теңдеуіндегі өнім? а\ Na б\ Cl2 в\ NaCl 2.Теңдеудегі алюминий атомының алдындағы сәйкес коэффициентті табыңыз. Al + O2= Al2O3 а\ 4 б\ 2 в\ 3 3.Дұрыс теңестірілген реакция теңдеуін көрсетіңіз. а\ N2 + 3H2 2NH3 б\ N2 + 3H2 NH3 в\ N2 + H2 NH3 4. HgO= Hg +O2 реакциясындағы реагент? а\ Hg б\ HgO в\ O2 Білу және түсіну Ой қозғау «Қысқаша көрсетілім» реакция типтерін анықтау. Жаңа ұғымдармен жұмыс жасалады. Экраннан химиялық реакциялардың түзілу сызбанұсқасы көрсетіледі: А+ В = АВ АВ = А+ В АВ +С =АС+В АВ +СД = АС +ВД Бұл реакцияларға қандай ортақ белгілер мен ерекшеліктер тән? Жүріп жатқан процесті бір сөзбен қалай атауға болады? «Ойлан –жұптас-бөліс».Мәтінмен танысып шығады. Мәтін топтарға бөлініп беріледі. І-топ: Қосылу, айырылу реакциясы ІІ-топ: Алмасу, орынбасу реакциясы Берілген мәтінмен таныса отырып, топ ішінде жеке, жұптық, топтық жұмыстар орындалады, талқыланады. Талқыланған жұмысты топ атынан баяндамашы қорғайды. Бағалау Image not found or type unknown Сабақтың ортасы Қолдану (20) Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау, топ мүшелерінің бірі Оқулық,қабырғаға ілінген бағалайды. ватмандар, түрлі-түсті Тапсырма: Төменде берілген формулаларды реакция теңдеулерімен маркерлер Топтық жұмысқа сәйкестендіріп, коэффиценттерін қойыңыздар, әр топқа тапсырма арналған ресурстар беріледі.\топтық жұмыс\ 1 топ Оқушылар жұптасып, CuSO4+Fe= 2H2O топтасып, қозғалысқа түсіп, 2HBr+Mg= К2SO4+2Н2О сергіп қалады. 2H2+O2= FeSO4+Cu↓ 2КОН+ H2SO4= MgBr2+H2↑ 2 топ 2HCl+Mg= Na2SO4+2H2O Zn+H2SO4= 2KCl+3O2↑ 2KClO3= ZnSO4+H2↑ 2NaOH+H2SO4= MgCl2+ H2↑ Image not found or type unknown Бағалау үш шапалақ «Тәжірибе алаңы» \Химиялық реакциялардың жүруіне мысалдар, электронды тақтада көрсету\ Топаралық білім алмасу. «Таза тақта» жеке жұмыс.\оқулықтағы №6 есеп\ Тақтаға реакция теңдеулері жазылған беттер ілінеді, жекелеген оқушылар осы реакциялардың типтерін тауып, анықтамасын айтады CaO+SiO2= CaSiO3 Fe2O3+2Al=Al2O3+2Fe Fe+2HCl=FeCl2+H2 3KOH+H3PO4=K3PO4+3H2O 2KClO3=2KCl+3O2 H2SO4+2RbOH=Rb2SO4+2H2O Нәтижесінде жазылған тақта «тазарады».Бағалау бағдаршам Image not found or type unknown Сергіту сәті 1 минут «Қыдырып қайтайық!» би билеу Сабақтың соңы Ой қорыту (5) Химиялық реакция типтері бойынша ой жинақтау және талдау жасау “Соңғы сөзді маған қалдыр” ойыны арқылы диалог құрау. Химиялық реакция дегеніміз... Химиялық реакцияның негізгі типтері... Реакцияға бір күрделі зат түсіп, нәтижесінде... Реакцияға бір жай зат және бір күрделі зат түсетін, нәтижесінде… Екі немесе бірнеше жай заттардан, нәтижесінде...? Реакцияға екі күрделі зат түсіп..... Химиялық реакция типтері бойынша ой жинақтай алады және талдау жасай алады Рефлексия «Өзін-өзі талдау» кестесі Оқушының аты-жөні: (5) Мен сабақта жұмыс істедім Белсенді/ белсенді емес Мен өзімнің жұмысыма Ризамын/риза емеспін Сабақ мен үшін Қысқа / ұзақ болды Мен сабақта Шаршаған жоқпын / шаршадым Менің көңіл күйім Көтерілді / көтерілмеді Сабақтың мазмұны мен үшін Түсінікті / түсініксіз Пайдалы / пайдасыз Image not found or type unknown Кері байланыс «Шырша ойыншығы» оқушылар сабақты қаншалықты меңгергендігіне байланысты ойыншық түстерін таңдап, шыршаға іледі. «Сары»- толық түсіндім «Көк»-жартылай түсіндім «Қызыл»- маған түсініксіз болды

Use Quizgecko on...
Browser
Browser