Newton's Laws PDF
Document Details
Uploaded by LaudableNaïveArt
Tags
Summary
This document presents Newton's laws of motion, including explanations and examples. It includes various questions and diagrams related to the topic of physics.
Full Transcript
Ньютон заңдары ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ 1-бөлім: Ньютонның бірінші заңы Ньютонның қозғалыс заңдары қандай?...
Ньютон заңдары ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ 1-бөлім: Ньютонның бірінші заңы Ньютонның қозғалыс заңдары қандай? Ньютонның үш қозғалыс заңы күш әсер еткендегі денелердің қозғалысын сипаттайды. Заңдарды алғаш рет 17-ғасырда Исаак Ньютон тұжырымдады. Бұл заңдар айналамыздағы нәрселердің көп бөлігін сипаттау үшін жеткілікті болғанмен, өте кішкентай масштабтағы нәрселерді сипаттауға сәйкес келмейді және жарық жылдамдығымен салыстырылатын жылдамдықпен қозғалатын денелерге қатысты өзгереді. Ұсынылатын фильм - Ньютонның қозғалыс заңдары Қосымша сұрақ С1. Исаак Ньютон кім болған? Исаак Ньютон – бүкіл заманның бірден-бір елеулі ғалымдарының бірі. Математика мен оптикаға жасаған еңбектерімен қатар, ол сұйықтықпен қоса, денелердің қозғалысын сипаттайтын заңдарды тұжырымдады. Сірә, оның ең үлкен табысы – ауырлық күші теориясы, бұл теория ауырлық күшінің әлемдегі барлық денелерге қатысты екендігін көрсетті және кометалар мен планеталардың қозғалысын түсіндірді. Көпшілік оны жаңа физиканың негізін қалаушы ретінде бағалады. Исаак Ньютон (1643-1727) Ньютонның бірінші заңы қандай? Ньютонның бірінші заңы денеге күш әсер етпесе, ол тұрақты жылдамдықпен бірдей бағытта қозғалатындығын тұжырымдайды. Бұл дегеніміз дене үлкен жылдамдықпен қозғалса да, оның жылдамдығын сақтап отыру үшін, ешқандай күш қажет емес екендігін білдіреді. Дене орын ауыстырғанда, жылдамдықты өзгерту үшін күш қажет. Сондай-ақ, үдеу үшін және бағытты өзгерту үшін де қажет. Біздің күнделікті тәжірибеміз Ньютонның бірінші заңына қарама-қайшы келуі мүмкін. Үлкен жылдамдықпен қозғалатын денелер, егер олардың қозғалысын сақтау үшін, ешқандай күш әсер етпесе, жылдамдығын азайтатындай көрінеді. Бірақ бұл үйкеліске байланысты орын алады. Егер ешқандай үйкеліс күші әсер етпесе, онда денелер тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Ұсынылатын фильмдер - Ньютонның қозғалыс заңдары - Дене жарақаттары 1 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Шектік жылдамдық деген нені білдіреді? Ауырлық күшінің әсерінен құлап бара жатқан дене ДИАГРАММА 01: Жерге жақындаған сайын үдей түсетінін білеміз. Бірақ, дененің ауаның кедергісіне соқтығысуы қозғалыстағы денеге қарама-қарсы бағытта әсер ететін үйкеліс күші мен ауырлық күшіне әкеліп соқтырады. Жылдамдық артқан сайын, үйкеліс күші де арта түседі. Ақыры, дене жеткілікті жылдамдықпен қозғалған кезде, бұл күш ауырлық күшімен теңесетіндей арта түседі (бірақ қарама-қарсы бағытта). Осы нүктеде күштер теңеседі, нәтижесінде денеге әсер ететтін толық күш нөлге тең болады. Дене үдеуін тоқтатып, жерге қарай тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Ұсынылатын фильм - Шектік жылдамдық Қосымша сұрақтар С2. Парашюттер қалай жұмыс істейді? Адамадардың шектік жылдамдығы соншалықты көп, шамамен 200 км/сағ, сондықтан үлкен биіктіктен құлау ажалды болады. Бірақ, егер ауа кедергісі көбейетін болса (құлап бара жатқан адамның салмағын айтарлықтай көбейтпей), онда күштер Парашюттер парашютшінің шектік жылдамдығын өте төмен жылдамдықта теңесер еді және шектік аса қауіпсіз деңгейге азайтады жылдамдық аз болар еді. Парашют ауа кедергісін біршама арттырады және шектік жылдамдықты шамамен 30 км/сағ-қа дейін төмендетіп, жерге қауіпсіз қонуға мүмкіндік береді. С3. Неліктен кейбір ұшақтар катапульталанған орындықтарды қажет етеді? Жаңа ұшақтардың әдетте катапульталанған орындықтары болады, ол ұшқышқа төтенше жағдайда ұшақтан қауіпсіз шығуға көмектеседі. Ол болмас бұрын, ұшқыш “құтқару” мақсатында өз ұшағынан құтылуы тиіс. Катапульталанған орындықтар ұшқышқа, тіпті, ол өрмелеуге халі жетпейтіндей жарақат алса да, немесе ұшақ өте үлкен жылдамдықпен қозғалып, ұшақтан секіріп шығу мүмкін емес жағдайда да ұшақтан шығуға мүмкіндік береді. Катапульталанған орындықтар ұшқышты ұшақтан алыс жерге ауытқыту арқылы ұшқыштың тірі қалу мүмкіндігін жоғарылатады. Олар, сондай-ақ, парашют қолданыла алмайтын аласа биіктіктерден құлағанда көмектеседі, ол кезде парашюттің ашылуына уақыт жеткіліксіз болады. Катапульталанған орындықтар ұшқыштың шектік жылдамдығын азайтып, оны тірі қалуға мүмкін болатын жылдамдыққа келтіреді. 2 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ 2-бөлім: Ньютонның екінші заңы Ньютонның екінші заңы қандай? Ньютонның екінші заңы денелерге түсетін күш әсерін сипаттайды. Күштен пайда болған үдеу дене массасына бөлінген күш мөлшеріне тең деп тұжырымдалады. Бұл масса көбейген сайын, күштен туған үдеу азая түсетіндігін білдіреді. Сонымен қоса, бұл заң импульс арқылы да сипатталады. Бұл тұрғыдан біз Ұсынылатын фильм түсірілген күштің импульстің өзгеру жылдамдығына тең екенін көреміз. Күш - Ньютонның қозғалыс заңдары артқан сайын, секундына өзгеретін импульс те арта түседі. Импульс деген не? Дене импульсі оның массасының жылдамдығына көбейтіндісімен анықталады. Бұл – уақыт өтісімен денеге күш әсер еткенде өзгеретін сан. Сол себепті, ешқандай сыртқы күштер әсер етпегенше, бұл шама сақталып тұрады. Барлық денелердің соқтығысқа дейінгі және кейінгі толық импульсі сыртқы күштердің әсерінсіз тұрақты болып қалады. Соқтығыс кезінде импульс сақталатындықтан, егер басқа қатысушы денелердің жылдамдықтары мен массалары белгілі болса, соқтығыстан кейінгі дене жылдамдығын есептеуге болады. Импульс үнемі сыртқы күштер болмағанда, тіпті, кинетикалық энергия болмайтын жағдайларда да сақталады. Ұсынылатын фильм - Импульс Жылдамдық пен үдеу арасындағы айырмашылық қандай? Дененің векторлық жылдамдығы – дене орын ауыстырғанда, яғни бастапқы нүктеден қашықтығы өзгергендегі шапшаңдық. Дене неғұрлым тез қозғалған сайын, соғұрлым секундына көп арақашықтықты өтеді. Әдетте векторлық жылдамдық метр секундпен (м/с) өлшенеді. Орын ауыстыру секілді жылдамдық та вектор болып саналады. Ол оның абсолют мәнімен қатар, оған қатысты бағыты да бар дегенді білдіреді. Сызықтық жылдамдық пен векторлық жылдамдық терминдері қатар қолданылғанымен, физикада олар әртүрлі мағынаны білдіреді. Сызықтық жылдамдық – вектор емес, скалярлық шама. Бұл оның бағыты жоқ екендігін білдіреді. Үдеу – векторлық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын анықтайтын Жоғарғы крикет қақпақшсымен шама. Ол метр секунд квадратпен өлшенеді. Векторлық жылдамдық лақтырылған доп жылдамдығын вектор болғандықтан (өзіне қатысты бағыты бар), үдеу өзгере алады, сағатына75 пен 90 мильге дейін бірақ оның шамасы тұрақты болып қалады. Дөңгелек бойымен жеткізе алады қозғалатын дененің векторлық жылдамдық бағыты тұрақты түрде өзгеріп Ұсынылатын фильм отырады, бірақ жылдамдықтың абсолют мәні (сызықтық жылдамдық) өзгермейді. Тұрақты күш әсер ететін денелер бірқалыпты үдеумен - Сызықтық жылдамдық, қозғалады. Еркін құлап бара жатқан дене ауырлық күшінің әсерінен векторлық жылдамдық, үдеу шамамен 9,8 метр секунд квадрат үдеуімен қозғалады. 3 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Қосымша сұрақ С4. Дүмпу деген не? Әдетте үдеу бірқалыпты, бірақ егер денеге әсер ететін күш өзгеретін болса, үдеу де өзгереді. Кейде үдеудің өзгеру шапшандығы “дүмпу” немесе “соққы” деп аталады және қатты әсерлесу кезінде денелер соқтығысқан кезде қолданылады. Көлік құралдарын немесе “америкалық сырғанақтарды” жобалау кезінде жолаушыларға жайлылықты жақсарту мақсатында және оқыс жарақаттарды болдырмау үшін дүмпу азайтылады. Дүмпу метр секунд кубпен өлшенеді. Дүмпу уақыт өтісімен де өзгере алады. Дүмпудің өзгеру шапшаңдығы кейде “сілкініс” ретінде белгілі, бірақ бұл көп кездеспейді. 2-бөлім: Ньютонның екінші заңы Ньютонның үшінші заңы қандай? Ньютонның үшінші заңының кең таралған тұжырымдамасы: “кез-келген әрекет етуші күшке әрқашан тең және қарсы әрекет етуші күш бар”. Егер бірінші дене екінші денеге күш түсірсе, онда екінші дене де біріншісіне сондай күш түсіреді деген сөз. Мысалы, егер алма еркін құлап бара жатса, алма Жерге жақындаған сайын алмаға үлкен үдеумен ауырлық күшін түсіреді, ал осы уақытта алма Жерді өзіне қарай тартып, теңдей күш түсіреді. Дегенмен Жердің массасы алмамен салыстырғанда аса көп, сондықтан алма оны едәуір үдетпейді. Үйкеліс болмаған кезде, “Ньютон жұптары” айтарлықтай айқын болады. Мысалы, конькиші басқа бір конькишімен түйісетін болса, екеуі де бірін-бірі Ағаштан құлап бара жатқан алма кері итеріп, қарама- қарсы бағытта бірдей күшті бастан кешіреді. Ньютонға ауырлық күші теориясын дәлелдеуге шабыт берді Ньютонның үшінші заңы неліктен ракеталар ғарышта қозғала алатындығын Ұсынылатын фильм түсіндіреді. Ракеталар пайдаланған газдарына күш түсіретін болғандықтан, олар ракетаны үдетіп, оған қарама-қарсы бағытта бірдей күш түсіреді. - Ньютонның қозғалыс заңдары Қосымша сұрақ С5. Серпілісті не тудырады? Оқ атылғанға дейін, мылтық пен оқтың толық импульсі нөлге тең. Оқ атылғаннан кейін, оқта импульс пайда болады. Импульс толықтай сақталатындықтан, ол қарама-қарсы бағыттағы бірдей мөлшердегі импульспен теңесу қажет. Бұл мылтық серпілісін тудырады. Бірақ мылтықтың массасы оқпен салыстырғанда тым көп болғандықтан, оның жылдамдығы оқпен салыстырғанда өте аз. Ұшақтар қалай ұша алады? Ұшақтар ұшуға қабілетті, себебі олардың қанаттары ауаны төмен қарай ығыстырады. Ауаны төмен итеретін күш түсетіндіктен, ұшаққа ауа арқылы тең және қарама-қарсы бағыттағы күш әсер етеді, нәтижесінде ұшақты жоғары көтереді. Жоғары көтеру күші ұшақты төмен қарай тартатын ауырлық күшінен көп болған сайын, ұшақ ауада қалықтауға қабілетті болады. Ұшақ жоғары көтерілуін жалғастыру үшін, ауа ұшақ қанаттары арқылы үлкен жылдамдықпен өтуі қажет. Сол себепті, ұшақтарды алға қарай итеретін бұранда немесе реактивті қозғалтқыштар қажет. Егер бұл көмектеспей, ұшақ жылдамдығын баяулатса, ұшақты ауада ұстап тұру үшін көтерілу биіктігі жеткіліксіз болғандықтан, оны тоқтатуға болады. 4 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Қосымша сұрақ С6. Ұшу үшін қанат пішіні қаншалықты ДИАГРАММА 02: маңызды? Ұшақтардың қанаттары мен тікұшақтардың роторлары ұқсас жолдармен пішінделген. Олардың дөңгелектелген алдыңғы және үшкір артқы жиегі бар. Төменгі бетке қарағанда үлкен қисықтығы бар жоғарғы беттік тіркестік аэродинамикалық профиль деп аталады. Шабуыл бұрышы да жоғары көтерілу үшін маңызды. Қанат ауаны төмен ығыстыру үшін және жоғары көтеру үшін алдыңғы жиек үшкір жиектен биік болатындай етіп бұрышталу қажет. Қанаттың ауданы да маңызды. Ұшақ салмағының қанатының ауданына қатынасы қанат жүктемесі ретінде белгілі. Қанат жүктемесі төмендеген сайын, қажетті жоғары көтеру жылдамдығы да азаяды. Свинг ұшақтар өздері жүріп бара жатқан жылдамдықтарына сәйкестену үшін, қанаттарының пішінін өзгертуге қабілетті. Төменгі жылдамдықтар үшін ұзын, жұқа қанаттар жақсы болса, жоғарғы жылдамдықтар үшін қысқа, тұйықталған қанаттар көбірек үйлеседі. Ұсынылатын фильм - Ұшақтар қалай ұшады? Жануарлар қалай ұшады? Құстар ұша алу үшін, олардың бірнеше икемділіктері бар. Олардың денелері оларды көбірек аэродинамикалық қылу үшін және салмақтарын азайту үшін іші қуыс сүйекті сүйір пішінді болып келеді. Оларға қанаттарын сермеуге және оларды ауаға көтеруге мүмкіндік беретін өте үлкен бұлшықеттері бар. Ұша алатын жануарлардың үш түрі бар: құстар, жәндіктер және жарқанаттар. Бірақ көпшілігі сырғып ұшуға икемді. Ұсынылатын фильмдер - Жануарлар қалай ұшады? - Деректер: Үдеу Қосымша сұрақ С7. Сырғып ұшу деген не? Тұрақты күшсіз ауада қалықтап тұруға болады, бұл сырғып ұшу ретінде белгілі. Көптеген ұшақтар кейбір дәрежеде сырғып ұша алады және көптеген құстар да үлкен қашықтыққа төзу үшін сырғып ұшуды қолданады. Сырғып ұшуға икемделген құстардың қанаттары ұзартылған (ұзын әрі жұқа). Бұл оларға алыс қашықтыққа сырғып ұшуға көмектеседі. Ұша алмайтын көптеген жануарлар да сырғи алады. Оларға сүтқоректілер мен бауырымен жорғалаушылардың түрлері жатады. 5 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Қосымша сұрақ ДИАГРАММА 03: С8. Самғау деген не? Жылулық ағындар деп аталатын көтерілген ауа ағындары құстарды жоғары көтеру үшін қолданылады, бұл самғау ретінде белгілі. Үлкен қашықтыққа сырғитын құстар өз биіктіктігін көбейтіп, сақтап қалу үшін самғауды қолданады. Жылулық ағындардың мөлшері шектелген, бірақ жылулық ағын ішінде айналымын бұра отырып, құстар айтарлықтай биіктікке көтеріле алады. Бұл әдісті ұшқыштар да қолданады. Сондай-ақ, үстірттерге, белестерге және жартастарға қарсы соғатын желден жоғары көтерілген ауа ағындары арқылы самғауға және жоғары қарай көтерілуге болады. 6 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Тест Ньютонның қозғалыс заңдары Негізгі Тереңдетілген Ньютонның бірінші заңы қандай? Неліктен ғарыш кемесіне отын өте аз мөлшерде қажет? A – егер денеге күш әсер етпесе, ол A – себебі ғарышта ауырлық күші тыныштық күйде немесе тұрақты әлсіз жылдамдықта болады B – себебі олар әдетте өте жеңіл B – дене қозғалысын жалғастыру үшін болады күш қажет етеді C – себебі олар белгілі бір үлкен C – бір бағыттағы кез-келген соққы жылдамдықпен қозғалады қарама-қарсы бағыттағы соққыны D – себебі ғарышта үйкеліс өте аз тудырады D – ауырлық күші барлық денелерді Жерге қарай тартады Неліктен Жердегі денелер тежелуге тез келеді? A – ауырлық күші мен үйкеліс есебінен Ньютонның үшінші заңы қандай? B – денелер қозғалысын жалғастыру A – егер денеге күш әсер етпесе, ол үшін үнемі күш әсерін қажет тыныштық күйде немесе тұрақты ететіндіктен жылдамдықта болады C – Жер өз білігінен айналатындықтан B – дене қозғалысын жалғастыру үшін күш қажет етеді D – Ньютон заңы тек ғарышта ғана қолданылатындықтан C – бір бағыттағы кез-келген соққы қарама-қарсы бағыттағы соққыны тудырады Күш қалай есептеледі? D – ауырлық күші барлық денелерді Жерге қарай тартады A – дене массасының оның үдеуіне қосындысы B – дене массасының оның үдеуіне Ньютон заңдары нені түсіндіреді? қатынасы C – дене массасының оның үдеуіне A – денелердің қозғалысына көбейтіндісі күштердің қалай әсер ететіндігін сипаттайды D – дене үдеуінің оның массасына B – денелер арасында жылу қалай қатынасы берілетіндігін сипаттайды C – денелер арасындағы гравитациялық тартылысты сипаттайды D – неліктен үйкеліс пайда болатындығын сипаттайды 7 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Ньютонның қозғалыс заңдары Негізгі Тереңдетілген Мыналардың қайсысы күштің сипаттамасына Исаак Ньютон қозғалыс заңдарын қашан жатпайды? ұсынды? A – соққы немесе тартылыс A – 1687 B – дене қозғалысының басталуына B – 1784 жауапты C – 1803 C – дене қозғалысының тоқтауына жауапты D – 1660 D – дене жылдамдығының өзгеру шапшаңдығын сипаттайды 8 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Сызықтық жылдамдық, векторлық жылдамдық, үдеу Негізгі Тереңдетілген Сызықтық жылдамдық қалай есептеледі? Сызықтық жылдамдық – қашықтықтың өзгеру шапшандығы. Оның векторлық A – жүрілген жолдың өткен уақытқа жылдамдықтан айырмашылығы неде? қатынасы A – векторлық жылдамдық тым ұзақ B – жүрілген жолдың өткен уақытқа уақыт ішінде өлшенеді көбейтіндісі B – векторлық жылдамдық орын C – үдеу мен жүрілген жолдың ауыстыру шапшандығын өлшейді көбейтіндісі C – векторлық жылдамдық сызықтық D – үдеу мен өткен уақыттың жылдамдықтың қаншалықты тез көбейтіндісі өзгеретіндігін өлшейді D – векторлық жылдамдық үнемі километр сағатпен өлшенеді Скаляр дегеніміз не? A – өзгеріске ұшырамайтын дененің қасиеті Үдеу деген не? B – өзіне қатысты бағыты бар шама A – денеге тоқталысқа келу үшін кеткен уақыт C – уақыт өтісімен өзгеретін шама B – белгілі бір уақыт ішіндегі сызықтық D – өзіне қатысты бағыты жоқ шама жылдамдықтың өзгерісі C – дененің жылдамдығын арттыратын күш Мыналардың қайсысы сызықтық D – белгілі бір уақыт ішіндегі жылдамдықтың өлшем бірлігі? векторлық жылдамдықтың өзгерісі A – ньютон B – килограмм метр секунд Үдеудің өлшем бірлігі не? C – метр секунд D – метр секунд квадрат A – метр секунд B – килограмм метр секунд C – ньютон Вектор деген не? D – метр секунд квадрат A – өзіне қатысты бағыты жоқ шама B – өзіне қатысты бағыты бар шама Векторлық жылдамдық теріс болса, нені C – уақыт өтісімен өзгеретін шама білдіреді? D – өзгеріске ұшырамайтын дененің A – сызықтық жылдамдық азаяды қасиеті B – дене кері қарай қозғалады C – сызықтық жылдамдық артады D – дене бағыты өзгереді 9 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Импульс Негізгі Тереңдетілген Импульс деген не? Импульс қалай есептеледі? A – соқтығысқа дейінгі дене A – массаның жылдамдыққа жылдамдығы көбейтіндісі B – жүйедегі дененің орташа B – жүрген жолдың кеткен уақытқа жылдамдығы көбейтіндісі C – соқтығыстан кейінгі дене C – жылдамдықтың массаға қатынасы жылдамдығы D – үдеудің өткен уақытқа қатынасы D – қозғалыстағы денелерде болатын шама Неліктен ғарыштағы денелер мәңгілік Дене қозғалысын тоқтатқанда импульс неге қозғалыста болады? ұшырайды? A – себебі оларға әсер ететін сыртқы A – ол нөлге теңеседі күштер тым көп B – себебі олар салмақсыз B – ол артады C – себебі олар үйкеліс әсерінен C – ол өзгермейді импульсін жоғалтпайды D – ол азаяды, бірақ ешқашан нөлге D – себебі олар өздерінің жетпейді импульстерін тез жоғалтады Қандай денелердің импульсі бар? Неліктен импульс маңызды? A – барлық денелердің A – ол денеге әсер етуші күштен B – қозғалыстағы барлық денелердің пайда болған үдеуді анықтайды C – тек оларға әсер етуші күші бар B – импульс бір денеден екінші денеге денелердің берілмейді D – үдеуі бар барлық денелердің C – себебі дене импульсі ешқашан өзгермейді D – күш әсер етсе де, жүйе импульсі өзгермейді 10 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Жауаптар Ньютонның қозғалыс заңдары Негізгі Тереңдетілген Ньютонның бірінші заңы қандай? Неліктен ғарыш кемесіне отын өте аз мөлшерде қажет? A – егер денеге күш әсер етпесе, ол A – себебі ғарышта ауырлық күші тыныштық күйде немесе тұрақты әлсіз жылдамдықта болады B – себебі олар әдетте өте жеңіл B – дене қозғалысын жалғастыру үшін болады күш қажет етеді C – себебі олар белгілі бір үлкен C – бір бағыттағы кез-келген соққы жылдамдықпен қозғалады қарама-қарсы бағыттағы соққыны D – себебі ғарышта үйкеліс өте аз тудырады D – ауырлық күші барлық денелерді Жерге қарай тартады Неліктен Жердегі денелер тежелуге тез келеді? A – ауырлық күші мен үйкеліс есебінен Ньютонның үшінші заңы қандай? A – егер денеге күш әсер етпесе, ол B – денелер қозғалысын жалғастыру тыныштық күйде немесе тұрақты үшін үнемі күш әсерін қажет жылдамдықта болады ететіндіктен B – дене қозғалысын жалғастыру үшін C – Жер өз білігінен айналатындықтан күш қажет етеді D – Ньютон заңы тек ғарышта ғана C – бір бағыттағы кез-келген соққы қолданылатындықтан қарама-қарсы бағыттағы соққыны тудырады Күш қалай есептеледі? D – ауырлық күші барлық денелерді Жерге қарай тартады A – дене массасының оның үдеуіне қосындысы B – дене массасының оның үдеуіне Ньютон заңдары нені түсіндіреді? қатынасы A – денелердің қозғалысына C – дене массасының оның үдеуіне күштердің қалай әсер ететіндігін көбейтіндісі сипаттайды D – дене үдеуінің оның массасына B – денелер арасында жылу қалай қатынасы берілетіндігін сипаттайды C – денелер арасындағы гравитациялық тартылысты сипаттайды D – неліктен үйкеліс пайда болатындығын сипаттайды 11 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Ньютонның қозғалыс заңдары Негізгі Тереңдетілген Мыналардың қайсысы күштің сипаттамасына Исаак Ньютон қозғалыс заңдарын қашан жатпайды? ұсынды? A – соққы немесе тартылыс A – 1687 B – дене қозғалысының басталуына B – 1784 жауапты C – 1803 C – дене қозғалысының тоқтауына жауапты D – 1660 D – дене жылдамдығының өзгеру шапшаңдығын сипаттайды 12 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Сызықтық жылдамдық, векторлық жылдамдық, үдеу Негізгі Тереңдетілген Сызықтық жылдамдық қалай есептеледі? Сызықтық жылдамдық – қашықтықтың өзгеру шапшандығы. Оның векторлық A – жүрілген жолдың өткен уақытқа жылдамдықтан айырмашылығы неде? қатынасы A – векторлық жылдамдық тым ұзақ B – жүрілген жолдың өткен уақытқа уақыт ішінде өлшенеді көбейтіндісі B – векторлық жылдамдық орын C – үдеу мен жүрілген жолдың ауыстыру шапшандығын өлшейді көбейтіндісі C – векторлық жылдамдық сызықтық D – үдеу мен өткен уақыттың жылдамдықтың қаншалықты тез көбейтіндісі өзгеретіндігін өлшейді D – векторлық жылдамдық үнемі километр сағатпен өлшенеді Скаляр дегеніміз не? A – өзгеріске ұшырамайтын дененің Үдеу деген не? қасиеті B – өзіне қатысты бағыты бар шама A – денеге тоқталысқа келу үшін кеткен уақыт C – уақыт өтісімен өзгеретін шама B – белгілі бір уақыт ішіндегі сызықтық D – өзіне қатысты бағыты жоқ шама жылдамдықтың өзгерісі C – дененің жылдамдығын арттыратын күш D – белгілі бір уақыт ішіндегі Мыналардың қайсысы сызықтық векторлық жылдамдықтың өзгерісі жылдамдықтың өлшем бірлігі? A – ньютон B – килограмм метр секунд Үдеудің өлшем бірлігі не? C – метр секунд A – метр секунд D – метр секунд квадрат B – килограмм метр секунд C – ньютон D – метр секунд квадрат Вектор деген не? A – өзіне қатысты бағыты жоқ шама Векторлық жылдамдық теріс болса, нені B – өзіне қатысты бағыты бар шама білдіреді? A – сызықтық жылдамдық азаяды C – уақыт өтісімен өзгеретін шама B – дене кері қарай қозғалады D – өзгеріске ұшырамайтын дененің C – сызықтық жылдамдық артады қасиеті D – дене бағыты өзгереді 13 ФИЗИКА КҮШТЕР НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ Импульс Негізгі Тереңдетілген Импульс деген не? Импульс қалай есептеледі? A – соқтығысқа дейінгі дене A – массаның жылдамдыққа жылдамдығы көбейтіндісі B – жүйедегі дененің орташа B – жүрген жолдың кеткен уақытқа жылдамдығы көбейтіндісі C – соқтығыстан кейінгі дене C – жылдамдықтың массаға қатынасы жылдамдығы D – үдеудің өткен уақытқа қатынасы D – қозғалыстағы денелерде болатын шама Неліктен ғарыштағы денелер мәңгілік Дене қозғалысын тоқтатқанда импульс неге қозғалыста болады? ұшырайды? A – себебі оларға әсер ететін сыртқы A – ол нөлге теңеседі күштер тым көп B – себебі олар салмақсыз B – ол артады C – себебі олар үйкеліс әсерінен C – ол өзгермейді импульсін жоғалтпайды D – ол азаяды, бірақ ешқашан нөлге D – себебі олар өздерінің жетпейді импульстерін тез жоғалтады Қандай денелердің импульсі бар? Неліктен импульс маңызды? A – барлық денелердің A – ол денеге әсер етуші күштен B – қозғалыстағы барлық пайда болған үдеуді анықтайды денелердің B – импульс бір денеден екінші денеге C – тек оларға әсер етуші күші бар берілмейді денелердің C – себебі дене импульсі ешқашан D – үдеуі бар барлық денелердің өзгермейді D – күш әсер етсе де, жүйе импульсі өзгермейді 14