Ғылыми жұмыс Г 2024-25 (1) PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
This document is a scientific work about Lake Dosan Karabas in Bestogai village, Kazakhstan. It investigates the geography, wildlife, and ecological situation around the lake, with a focus on the importance of preserving cultural heritage. The author also explores the role of education in instilling patriotism and a sense of national pride.
Full Transcript
**Мазмұны** I. **Кіріспе\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_6** II. **Зерттеу бөлімі** 1. Қаратаудың күнгей бетіне орналасқан тегіс жазықта жатқан суы мол Қарабас бұлағы.\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\...
**Мазмұны** I. **Кіріспе\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_6** II. **Зерттеу бөлімі** 1. Қаратаудың күнгей бетіне орналасқан тегіс жазықта жатқан суы мол Қарабас бұлағы.\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_**10** 2. В.И.Лениннің ауыл шаруашылығын өркендету және суармалы III. **Қорытынды \_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_ 20** IV. **Пайдаланған әдебиеттер\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_\_22** **Аннотация** Ғылыми жұмыс барысында біздің ата-бабаларымыз туып өскен Бестоғай елді мекеніндегі Досан Қарабас көлі тиянақты зерттелген. Зерттеу барысында көнекөз, ақылман қариялардың көріп білгендерін, тоғанның жасалу тарихына ғылыми тұжырымдар жасаған.Осындай нысандардың қайсысы болмасын халық өмірімен, оның тарихымен тығыз байланысты. Бұл нысандар тарихи кезеңдеріндегі өткен өмірінің, тіршілік болмысының ой санасының куәгері. Сондықтан, жәдігерлерімізді ұлттық байлығымыз ретінде қорғап жинап қастерлеп кейінгі ұрпақтарға жеткізудің ерекше мәні бар абыройлы іс болары хақ. Бұл ғылыми ізденіс жұмысы ешкімге таныс емес болып келген ауылымыздың ғажайып көлі жайлы қысқаша мәләмет береді. Досан көлімнің географиялық орны,оның жануарлар дүниесі мен флорасы, экологиялық жағдайын ашық бейнелейді. «Ауыздың қайда екенін қол біледі, ауылдың қайда екенін жол біледі»- демкеші басқа елді танып білу үшін, бірінші өзің тұратын ауылыңды таны. Бәйдібек ауданының ұмыт болуға айналған этномәдени аймақтарын кеңінен ізденіп насихаттау, туған өлке туралы білімін тереңдету Ғылыми жобаның міндеті. Өлкеміздегі Досан көл аймағын қорғауға алып көркейту,дамыту әсем табиғатын барша қазаққа таныту. Бұл зерттеу жұмысының тәлім-тәрбиелік мәні зор. Бұл ғылыми жұмыстың мақсаты да өскелең ұрпақтың бойында патриоттық тәрбие қалыптастыру. Осындай әс-шараны ұйымдастыру барысында қазақ балаларының бойында зерттеушілік,өздігінен іздену, жалпылау және жинақталған мәліметтерді қорытындылауға, туған жер табиғатына деген махаббат, патриоттық сезім, кіші Отанға деген мақтаныш сезімдері қалыптасады. **Аннотация** В ходе научной работы было тщательно исследовано озеро Досан Карабас в населенном пункте Бестогай, где росли наши предки. В ходе исследования были сделаны научные выводы по истории создания пруда. Любой из таких объектов тесно связан с жизнью народа, его историей. Эти объекты являются свидетельством мысли о прошлой жизни, жизнедеятельности на исторических этапах. Поэтому очень важно, чтобы наши реликвии были защищены как национальное достояние и были собраны и поставлены последующим поколениям. Эта научная изыскательская работа дает краткое представление о чудесном озере нашего села, которое никому не знакомо. Досан открыто отражает географическое положение озера, его животный мир и флору, экологическое положение. «Он знает, где рот, знает дорогу, где село» - демократ, чтобы узнать другую страну, первый, где ты живешь. Расширение этнокультурных зон Байдибекского района. Цель этой научной работы - формирование патриотического воспитания у подрастающего поколения. При организации такого мероприятия у казахских детей формируются чувства исследовательской, самоизоляции, обобщения и обобщения собранных данных, любви к природе родной земли, чувства патриотизма, гордости за малую Родину. **Annotation** In the course of scientific work, Lake Dosan Karabas in the village of Bestogai, where our ancestors grew up, was carefully investigated. During the study, scientific conclusions were made on the history of the creation of the pond. Any of these objects is closely connected with the life of the people, their history. These objects are evidence of the thought of past life, life at historical stages. Therefore, it is very important that our relics are protected as a national treasure and are collected and delivered to subsequent generations. This scientific survey work gives a brief idea of the wonderful lake of our village, which is not familiar to anyone. Dosan openly reflects the geographical location of the lake, its wildlife and flora, ecological situation. \"He knows where the mouth is, knows the road, where the village is\" - a Democrat to know another country, the first where you live. Expansion of ethnocultural zones of Baidibek district **Кіріспе** Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады. Жергілікті жердің байлығын, табиғаттын, тарихи жерлерін елге танытып, әлемдік деңгейге жетсе құба құп болар еді. Бәйдібек би ауданы көз тоярлық табиғаты тамаша көркем жерлердің бірі. Елді мекендер негізінен өзен аңғарларының бойында орналасқан. Ауданның батысындағы шөлдің ашық сұр, сұр топырағында бозжусан, баялып, бидайық, күйреуік, шығысындағы таудың сұр-қоңыр топырағында Қаратау жусаны, нарғия т.б. шөптесіндері мен тобылғы, жабайы алма, өрік, өзен бойларында тал, терек, жиде, қамыс өседі. Жобамның басты мақсаты -- судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету. «Сусыз тіршілік жоқ» ұғымын практикалық жұмыстар арқылы дәлелдеу. Менің ауылым Бәйдібек баба тарихынан бастау алады. Қасиетті жерім тарихи орындарға өте бай. Бәйдібек ауданы әулие, батырлар шыққан киелі жер. Көне тарихи мұраларда Домалақ ана, Қызылкөпір, Ақмешіт әулие үңгірі және XIX ғасырдың тарихи мұрағимараты---Аппақ Ишан мешіті бар. Бәйдібек ауданы -- Оңтүстік Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы-Шаян ауылы. Бәйдібек ауданы жері Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде, қырқалы жазықта жатыр. Оңтүстік-шығысын Боралдай жотасы, Үлкентұра тауы (1425 м) алып жатыр. Жер қойнауынан полиметалл кені (Байжансай), әктас, құрылыс материалдары барланған. Аудан аумағынан Шаян, Арыстанды, Бөген, Боралдай, Бестоғай, Сасықөзен өзендері және олардың салалары Үлкен Бөген, Бала Бөген, Қошқарата, Құтырған, тағы басқалары ағып өтеді. Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6 -- 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген) -- қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи тұлға. Шығыс Қаратау өлкесінде өмірсүріп, осында жон жайлауда, қазіргі Алғабас ауданы «Ақтас» жылқы зауытының жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген. Ол дәулеті шалқыған байлығымен, ұлысты басқарған парасаттылығымен белгілі. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын,Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. Бәйдібек сүйегі Балабөген өзені жағасында жерленген. Аппақ ишан күмбезі - ХІХ ғасырдың ақырындағы сәулетті ескерткіштердің бірі. Қасиетті Бәйдібек жерінде Домалақ ана мазары орналасқан. Арыс қалалық әкімдігі мен Бәйдібек ауданы шекарасында орналасқан бұл ауылда 19 ғасырдың 80 жылдары Патша Өкіметінің пәрменімен салынған \"Қызыл көпір\" атты көпір бар. Оның негізгі бөлшектері болат пен темірден жасалған, құрастыруда бірде бір болт немесе гайка пайдаланылмаған. Белағаштары және бір жарым ғасырдан бері су табанында тұрған табан кірпіштері осы уақытқа дейін еш үгітілмеген, сол қалпында сақталған. https://silkadv.com/en/content/krasnyy-most Ыстық пен суыққа төзімді етіліп салынған аса күрделі инженерлік құрылыс делінген, бұл көпір тарихи маңызы бар нысан ретінде мемлекет қарауына алынған. Бүгінде бұл арадан Батыс Қытай -- Батыс Еуропа жолы өтеді. Тұрғындар осы жолдың ортасында қалған бұрынғы ескі осы көпірді бұзғызбай алып қалған екен. Соның ішінде менің ауылым бұлақ көзімен және антропогендік кешен ретінде қатты ерекшеленеді. **Зерттеу бөлімінің мақсаты:** Біз жас ұрпақ -- табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. **Зерттеудің міндеті:** Осы тамаша жерлерімізді, қасиетті ата бабаларымыздың кіндік қаны тамған жерімізді, көздің қарашығындай жоғалтпай, сақтап, қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тамаша туындыларының тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бұл орайда ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы және болашақ біздер өз туған жеріміздің тағдырына немқұрайлы қарамай, тамаша, таңғажайып осы Досан көліміздің бар екенін білдіріп,оныңқоршаған ортасының тазалығына атсалысуымыз тиіс. **Зерттеужұмысының нысаны:** Бәйдібек ауданы,Мыңбұлақ ауыл аумағындағы Бестоғай елді мекеніндегі ғажайып Досан көлі. **Тақырыптың зерттелу деңгейі:** Қаратаудың күнгей бетіне орналасқан тегіс жазықтан шығып жатқан суы мол Қарабас бұлағы ағып шығып, Қарабас өзеніне айналады. Өзеннің шығыс жағында азғана бұлағы бар. Қарабас өзенінің шығыс беткейіндегі тоғай жерлерде 1929ж «Досан» колхозы ұйымдастырылған. Осы ауылдағы ғажайып көлдің тарихы мен құрылыс жұмыстарының жүргізілуі туралы ауыл қарияларынан естіп, әңгімелерін тыңдап, қағазға түсірген. Осындай туған жерге деген сүйіспеншілік бізді ауылымыз жайлы тереңірек білуге баулиды. Ауыл-ата бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекеніміз. Ананың әлдиі, аялы алақаны Қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы, алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан адам үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауылымыз сол жерде өмір сүрген барша халықтың щежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ қана ұлттық пердесін, ұлттық рухын сақтай алады деп ойлаймын. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, бұдан артық рахат табылмайды»,- деп туған жерге деген сағынышын, ыстық ықыласын жырға қосады. Ауылымызды қайда жүрсекте жүрегіміздің түбінде әлдилемей өтпейтін жан баласы болмайтын шығар. Зерттеу жұмысымның барысында осы ауылдың құрметті азаматтары, қазір дүниеден өткен Қ.Түймебаевтың «Қайнарбұлақ тарихы», Бестоғай елді мекенінің тұрғыны, ұстаз, географ маман Ұ.Әлмаханұлының «Ерлер өткен осындай» тақырыбында жазған авторлық еңбектері оқылып, зерттеу жұмысына қосымша пайдаланылды. Жұмыс кіріспеден, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан тұрады. Қосымша суреттермен деректер келтірілген. Жұмыс ары қарай көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. **II. Зерттеу бөлімі** **2.1 Қаратаудың күнгей бетіне орналасқан тегіс жазықта жатқан суы мол Қарабас бұлағы.** Қаратаудың күнгей бетіне орналасқан тегіс тепшеңнен шығып жатқан суы мол Қарабас бұлағы ағып шығып, Қарабас өзеніне айналады. Өзеннің шығыс жағында азғана бұлағы бар. Қарабас өзенінің шығыс беткейіндегі тоғай жерлерде 1929 ж «Досан» колхозы ұйымдастырылған. Осы өзеннің ағып еліп, тар шатқал Қапшағайдан өткен жерінен Бестоғай деп аталатын өзен оңтүстікке- Тасмолаға дейін мекендеген халық 1929 жылы Бестоғай болып ұйымдасқан.\[2\] 1950 жылы майда колхоздарды біріктіріп, ірілендіру саясаты кезінде Досан, Бестоғай колхозы және Арыстанды өзенінің жағасындағы Қызыларық колхозын қоса Бестоғай колхозы етіп ірілендірді. Бестоғай тыңайған жерлерді игеру кезінде ұйымдасқан Алғабас совхозына біраз уақыт бөлімше болып қосылып, жер ыңғайының жағдайына қарап қайта Бөген совхозына бөлімше болып қосылды. Бәйдібек ауданы бұрындары Шаян, Алғабас ауданы деп аталған. Орналасқан жері Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау тауының оңтүстік батыс беткейіндегі қыратты жазықты алып жатыр. Әрбір азаматтың туған жері мен өскен ортасы болары анық. Туған жерің көзіңе ыстық жас, көкірегіңе жылы сезім әкелер қасиетті ұғым екені белгілі. Туған жер дегенде көз алдыңа өткен балалық балдәурен шағың ондағы қуанышты да, күйінішті де оқиғалар тізбектеліп өтіп жатады. Туған жерден ұзап кетсек, балалық шағымыздағы кезеңдер көз алдымызға келері анық. Жаз айында асыр салып ойнап, суға шомылған жерлер, көктемдегі қызғалдақ терген белдер, қыстағы шанамен сырғанап, ойнаған кездеріміздің өзін еске алу үлкен ғанибет. Сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Бұл орайда ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Керегетас, Қарабас, Қоянбұлақ,Шуақбай, Қапшағай жайылымдары, Шығыс жақтағы кәрі Қаратаудың сілемдері, 30шы жылдары қолдан жасалған. Досан су қоймасы түнде түске енетіндей қасиетті жерлер. Қай кезде де сағынып еске алар жанарыңа ыстық жас келтірер өлкелер. Ақ сақалды ата-бабаларымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың өмір сүрген, кіндігіміз кесіліп, кіріміз жуылған , қай жерде жүрсекте есімізден кетпейтін туған анаңа парапар қасиетті ұғым екен. Ерте замандарда ата-бабаларымыз сулы, жерді көп іздеген емес пе?! Осындай жерлерге қоныстанып, бұлақтардың көзін ашып, алқымы үлкен су қоймаларын жасаған, жан-жақтарын шыммен бөгемдеп, мықтаған. Жиналған суды бір арнадан шығарып, арық арқылы өзенге жіберіп отырған, малын жайылымнан суарған. Сондай еңбек қатынастары негізінде «Бұлақтың суын бөгедің бе?», «Бөгенді бұзып кетіпті», «Ана бұлақтың суын шыммен мықтап бөгеңдер» деген сияқты сөздер көптеп қолданылған. Осылайша ел тарихына, жер тарихына байланысты «Бөген» деген сөз қалыптасқан.\[2\] «Бөген» ауылы-бұрынғы Алғабас қазіргі Бәйдібек ауданының Арыстанды-Қарабас желінің өтінде, ауа райы өте қолайсыз, қыста қарлы боранды суырсын болады. Арыстанды- Қарабас бір күннен жеті күнге дейін, кейде 15 күн ұдайы тұрып, елдің мазасын алып, мал басынан едәуір шығын болуына әкеп соқтыратын өлке. **2.2 В.И.Лениннің ауыл шаруашылығын өркендету және суармалы** **егісті ұлғайту мақсатындағы декреті.** Біз туылып өскен өлке «Жер жанаты Жетісудай» немесе «Сұлу Көкше» -дей әсем емес. Қаратаудың күнгей бетіне орналасқан жартылай шөлейтті аймақ болып табылады. Мезгіл-мезгіл соғатын атақты «Арыстанды-Қарабас» желі, жазғы уақыттағы ыстық аңызақ желі, айлап соғатын қысқы бораны бар. Сонда да «Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дегендей біз үшін туған жеріміз шөлейт аймақ болса да сұлу табиғаты бар әсем жерлерден артық көреміз. Ауыл аумағындағы қасиетті киелі жерлерімен қоса қалған тағы бір белгі Бестоғай ауылындағы Қарабас өзенінің басы басталатын бастау бұлақ бар. Аңыз бойынша жоңғар шапқыншылығындағы қалмақтардан қалған осы белгі Бестоғай ауылындағы әскер жасақтарын қалмақтар көп уақыт ала алмайды. Сондықтан ел ішетін суды бекітіп шөлден қыспақшы болып, Қарабас өзені бастауын цемент тәрізді қоспамен және таспен бекітіп тастайды.Сонда да бастау суы бекітілген тасты жарып шығып тоқтау бермеген.\[3\] 1924 жылы В.И.Ленин ауыл шаруашылығын өркендету үшін ең алдымен суармалы егісті ұлғайту мақсатында жер-жерде тоған жасап, суды тоқтатып, суармалы егістікті ұлғайту үшін декретке қой қойғаны белгілі. Сол декреттің ішіне Досан Қарабас тоғанын жасау да енген екен. Соған байланысты 1929 жылы тоған құрылысын жасайтын жұмысшылар қажет болды, оларды күнделікті қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін , қалалық тұтыну қоғамын құрып, құрылыс жұмыстары қызу жүргізілген. Құрылысты бастау үшін оған керекті материалдық база, құрылысшылардың жататын орнын, керекті техника, электр жарығы,су,не керек алдын ала қамдау қажет болды. Тарихтан белгілі қазақ даласына орыстардың дендеп ене бастағаны. Қазақтың бүкіл шұрайлы жерлерін басып қалған орыстар Бала Бөген аңгарына да жетіп,осы құрылыс барысына бастан аяқ қатысқан деседі. Ауыл тұрғындары да құрылысшыларға көмек ретінде күнделікті тамақтарын, сусындарын беріп көптеп көмектесіп отырды.Үлкен үлкен қайламен, кімнің қолында қандай құрал бар, тоғанды қазу оңайға түспеген екен, Қазіргі уақытта Досан көлдің су сыймдылығы 6,2 млн текше метр. 136 гектар жерді алып жатыр, көлге екі өзен құяды. Олар: Қарабас, Аю өзендері. Аю өзені қазіргі таңда Қайнарбұлақ елді мекені шаруашылыққа пайдалануда.Көлдің ең терең жері14 метрге, жағалауы 4,5 метрге жетеді. Көлдің жағасына саяхаттап келушілер өте көп. Жаз мезгілінде әсіресе қалалықтар көптеп келеді. Көлдің өзінің суға түсу ережелері және терең жерлеріне белгілер қойылған. Кейде осы ережелер бұзылып,келеңсіз жағдайларға тап болып жатқандарда кездесіп тұрады. 1929 жылы 50 ат жеккен жәшігі бар арбамен орыстар келіп, тоғанды буып тас төге бастаған. Керек десе тоғаннан ылдиға түнелді қайламен қазып, ылдиға су шығаруда Бестоғайдың Қуантай деген кісілері қатысқан. Бестоғайдағы Әлімхан деген қария бұрын болыс болған, сөзге шешен, өзі өлеңші, халыққа тіл алдыртып басшылық жасап жүрген екен. Нұрманұлы Алдаберген 1929 жылдың көктемінде Досан Қарабас тоғанын көремін деп келген.\[2\] Досан Қарабас тоғанын бітіріп, пайдалануға берген соң жұмысшылар,тоғанды басқарып жүрген басшы инженер, қызметкерлер тарқап кетеді. Сол кезде суды егіске пайдалану мақсатында Басов, Асан деген кедей кісілер Қапшағайдың оңтүстігіндегі Қоянбұлақтың терістік батыс жағындағы егістіктен біраз елді жинап поселке орнатқан, кесек құйдырып үй салдырған.\[3\] Досан-Қарабас тоғанын салу үшін тұрғын үйлер, қоймалар, конторлар, тұтыну қоғамының сауда үйлері т.б салынған жайларға сол кезде жаңадан МТС машина, трактор станциялары орнай бастады. Досан-Қарабас тоғаны салынып жатқан кезде де одан соңғы 1934 жылдан кейін машина трактор станциясы болып Жүзімдікке көшкенге дейін де селолық тұтыну қоғамы халыққа сауда жасап қызмет етті. Досай деген сол ауылдың ![](media/image2.jpeg)биі болған деседі.Тілдік өзгеріске ұшырап Досан ауылы, Досан көлі деген атауға ие болған екен. Уақыт өте келе тоған толып, үлкен көлге айнала бастағанда оған балықтың уылдырықтарын шаша бастайды. Тоған келе, келе кәдімгі үлкен көлге ұқсап, айналасы жасыл желекке оранып, тамаша көрініс береді.Тоғанға кезінде неше түрлі балық уылдырықтарын жіберіп, жақсылап қадағалаудың арқасында, қазір осы көлде балықтар түрі көбейген. Судағы тіршілік иелерінен сазан балығы,ақ амур,карась, шаян да кездеседі.Ең көп таралғаны сазан балық. Сары алтындай жалтыраған сары сазан қандай сұлу балық болса, азықтық қасиеті де сондай жоғары, бағалы балық. ![](media/image4.jpeg) Көлде таралған жәндіктерден шаян, қышбақа, су балдыры жатады. Мөңке Кеңес үкіметі тұсында тоған шаруашылығында өсірілген негізгі балықтардың бірі. Мөңкені орыстар «карась» деп атаған. Мөңке жылы, тұнық суларды мекен етеді. Бұрын республикамыздың батыс, оңтүстік аймақтарында өсетін еді. Соңғы жылдары солтүстіктегі облыстардың су қоймаларында да жерсіндірілді. Бұл бір күтім тілемейтін табиғатқа бейімделгіш балық.Бірде-бір балық тіршілік ете алмайтын оттегі жетімсіз суларда да өмір сүре береді. https://www.gov.kz/memleket/ Шармайдың 1700-де астам түрі бар, олар ірі-ірі тоғыз топқа бөлінеді. Бұл балықтың басы қою жасыл түсті: жоны қара бурыл, екі бүйірі қызғылтым, бауыры сап-сары болады. Кездейсоқ ауланған шаяндардардың аталығының мөлшері 10-12 см, ал аналығының - 10-10,7 см болды. Шаянның санын және өндірістік құндылығын анықтау қосымша зерттеулерді талап етеді Су балдырлары төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең таралған, соның ішінде «Досан» көлде де кездеседі. Негізінен олар тұщщы суларда, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Балдыр** **-- биологиялық құрылысы өте қарапайым өсімдік түрі. Алайда құрылысының жай болуына қарамастан, микроскопиялық түрден макроскопиялыққа өзгере алады. Мәселен, ұзындығы 100 фунттан асатын алып балдырға айнала береді. Аналогиялық бактерия ретінде сары-жасыл балдырлар немесе бұрынғы атауы цианобактериялар мен жасыл, қоңыр балдырлар микробалдырлар түрлеріне жатады. Балдыр ауыл шаруашылығына жарамсыз қалған аймақтар мен су ресурстарына бай жерлерде өседі. Өсімдіктің бұл түрі арық суының құрамы мен сапасын, және гигиеналық талабын реттеп отырады. https://www.gov.kz/memleket/ Микробалдырлардың басым көпшілігі энергия қоры ретінде фотосинтез, СО2, азот пен фосфор биомассаларын пайдаланады. Соның арқасында жетіліп өнеді. Бұл процесс «автотрофты өсу» деп аталады. Балдырлардың өзге түрлері көлеңкелі аймақтарда өмір сүргендіктен, қант пен крахмал сияқты көмірсуларымен қоректеніп, гетеротрофты өсу тәртібі бойынша өседі. Сонымен қоса миксотрофты тәртіп арқылы да үлкейеді. Балдырлар әлем бойынша барлық жерге біркелкі таралған, және де ауа құрамындағы оттегінің 70 пайызын өңдеп шығарады екен. Бұлда Досан көліміздің сәнін келтіретін өсімдіктің бір түрі болды. Көлдің жағасында Бәйдібек ауданының эндемик өсімдігі жусан, жантақ, ебелек деген түрлі өсімдіктер өседі. Осы ауылда кездесетін, тіпті ауданның «паспорты» деседе болатындай эндемигі-дермене өсімдігінің өсуі. Дәрмене (Artemisia cina) -- жусанның түрі. Дәрмене -- көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Оның биіктігі 18-30, кейде 45 см-ге дейін жетеді. Тамыры ағаштанған қатты, жуан кіндік тамыр. Сабағы көп (25-35-ке дейін) түп жағы ағаштанып кеткен. Жапырағы ұсақ, оның жиектері қауырсын тәрізді салаланып өте терең тілімделген, тамырға жақын жердегі жапырақтары сағақты, бозғылт-жасыл түсті , қалың түк басқан, сабақ ұшына жақындаған сайын сағақсыз, түгі де сиректейді, өркен бойына кезектесіп орналасады.Себет гүлдері ұсақ, жасыл-сары түсті, қос жынысты болады. Әрбір себетте 3-5-тен гүлдер орналасқан, барлық себет гүлдері сыпыртқы тәрізді гүл шоғырын құрайды. Жеке гүлінің ұзындығы 2-3 мм, тостағаншасы болмайды, бес күлтелері болады, олар түтік тәрізді немесе қоңырау пішіндес, жабысқақ түктері бар, аталығы 5 тозаң қаптары өзара бірігіп кеткен, аналығы біреу , аузы екіге айрылған түкті болады. Жемісі -- бозғылт, үсті сайлы тұқымша Тамыз айының аяғы мен қыркүйектің басында гүлдеп, қазанның аяғында жеміс береді. Гүлдеуі 7-8 күнге ғана созылады. Дәрмене жусан тек қана Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін өсімдік. Ертеде дәрменені Қазақстаннан Жерорта теңізі мен Қара теңіздері маңына, Орта Азияға, Солтүстік Америкаға апарып байқаған.Бірақ ол жерлерде өскен дәрмененің құрамында сантонин болмағандықтан егуді тоқтатқан. Бұл күндері дәрмене Шымкент облысының Түркістан, Жамбыл облысының, Бөген, Қызылқұм аймақтарында, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Бәйдібек ауданы Шаян, Мыңбұлақ өңірлерінде өседі.Дермене өсімдігінің базасы Шымкент қаласында малдың ішек құртын құртатын сантонин дәрісін жасайтын зауыт салынды. Дермене шөбінің емдік қасиеті ерте кезден белгілі. ![](media/image6.jpeg) Дермене шөбінің шаршап шалдыққанда бір түбін аяққа байласа күш беретін қасиетін ауыл тұрғындары ертеден байқаған. Қазіргі уақытта дерменеден ішек құрттарды (гельинт) өлтіретін қасиеті бар дәрі (сантонин) жасалынады. Одан басқа медицинада парфюмерияда (эфир майы,дарминол) қолданылады. Дерменеде Қазақстан қызыл кітабына тіркелген. Ауыл тұрғындары бұл дәрілік өсімдікті кеңінен пайдаланады. Әсіресе егде жастағы апалар аталар шайға демдеп үнемі ауырғанда ішіп отырады. Дермене өсімдігі күрделі гүлділер тұқымдасына жататын жусанның бір түрі.Көпжылдық шала бұта. Сұр қоңыр топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 18-30 см кейде 15см дейін жетеді.Оңтүстікте Бәйдібек ауданынан бөлек Арыс аудандарында өседі Жер тарихы-ел тарихы дегендей осы жерде ел үшін халыққа қызмет еткен аталарымыз бен ағаларымыздың еңбегін азуы көпті болса да кейінгі ұрпақ өкілдері біле жүрсін деген мақсатпен осы жолдарды жазуға болады. Ақын М.Шаханов айтқандай өзіңнің туған анаңнан басқа төрт анаң бар Ол: 1.Туған жерің 2.Ана тілің 3.Ата-дәстүр, салт-санаң 4.Туған жерің тарихың. Туған жердей жер бетінде жер жоқ. Кіндік қаны тамған жеріне, сол жердің азаматтары-барлық күш жігерлерін жұмсап, экологиялық жағдайын,жерін,суын қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей кішкентай болса да үлес қосуға міндетті. Тірі жанның қайнаған, Өмірінің қайнары. Су дегенің құдірет, Тіршіліктің айғағы. Тамсана да тағы да, Таң қаламын барыңа. Пайда болған-Досан көл, Бәйдібектің бағына. Туған жерім сен едің, Тым әдемі көл едің Табиғаттың байлығын Дәл өзіңнен көремін. Бола ма, екен ағайын, Айтпасыма әй, мұны. Бәйдібектей ауданның Досан көлім байлығың. -деп, ауыл тұрғындары қазіргі таңда ауыздарынан тастамай, өлең жырларға қосып, үнемі мақтанышпен қуана айтып жүреді. Шомылуға келген, демалуға келген қонақтар Біздің Досан көлімізге тамсана қарап, ауасын құмарлана жұтып,суреттерге естелік ретінде түсіп жатады. Ежелгі хандарымыздың ордасы болған өлке тарихқа бай. Қазақтың қара шаңырағы атанған бұл өлкеде халқымыздың бас батырларының бірі Бөгенбай батыр жасапты.Қыз Назым жолына өрмек құрып күтіп отыратын, бір өзі бір рулы елді асыраған Қамбар батыр дүниеге келіпті. Айта берсек, еліміздің тарихы Қаратаумен тікелей байланысты. Атақты «ақтабан шұбырынды» жылдары шыққан мынау ән де Қаратауға байланысты: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша Бестоғай ауылындағы Қарабас өзенінің басы басталатын бастау бұлақ аныздың кені. Аңыз бойынша жоңғар шапқыншылығындағы қалмақтардан қалған осы белгі деседі. Бестоғай ауылындағы әскер жасақтарын қалмақтар көп уақыт ала алмайды. Сондықтан ел ішетін суды бекітіп шөлден қыспақшы болып, Қарабас өзені бастауын цемент тәрізді қоспамен және таспен бекітіп тастайды Сонда да бастау суы бекітілген тасты жарып шығып тоқтау бермеген деседі. Бұл жерде Қарабас өзенінің суының молдығын айтып тұрғандай. Досан көлінің тарихы осы жерден бастау алған екен. Көлдің тереңдігі сонша оның арғы бетіне менмін деген спортшылар да жүзіп өте алмаған деседі. Тағы бір жағын ескеретін болсақ бұл көлдің адам өміріне де көптеген зиянды тұстары қатты зардаптарын да тигізген.Балық аулауға шыққан адамдар желдің әсерінен қатты толқынға тап болып, қайықтары аударылып, адамдарды өмірден алып кеткен жағдайлар да өте көп болған. Көктем айларында жоғарыдан кимелеп келген мол су көбіне көп осы бұрылыстарда, жайылма қыраттарда қалып кетеді. Судың түпкір нүктеге бару мерзімі ұзарады. Дарияны түзетіп қайта жасау кезінде сусыз қалатын ескі арнаны жайылымдық кең шабындық ретінде пайдалану үшін жаңа арнамен ескі арнаның түйісетін тұстарына қарапайым су құрылыстарын салу жағын ескеру қажет. **Қорытынды** Айналадағы ортаға антропогендік фактордың әсерінен экологиялық заңдылық бұзылып, табиғат трагедиясын туғызып отыр. Ондай трагедия тумас үшін әр адам баласы ауыл, қала, тіптен өз үйінің қасына жыл сайын жасыл желек (жеміс-жидек, түрлі ағаш, түрлі гүлдер) отырғызса. Біз жас ұрпақ -- табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. **Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді таң қалдырмаған. Заты поляк, жаратылысы бостандықшыл Адольф Янушкевич: «Аппенин биігінен екі теңізге көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; Қазақ жеріне барып, сол әдемі көрініске тағы бір тояттасам екен\..." деген екен.** **Міне, осындай асыл табиғат, саф ауа Бәйдібек жерінің берекесі ғой. Мұндай өлкедегі рекреациялық туризмге кім қызықпайды? Жетпісінші жылдардың басында Иран тағының мұрагер -- ханзадасы осы маңайда, Лепсінің ар жағындағы Жасылкөл жағасында демалуы бекерден бекер емес шығар.** **Міне біздің осындай көрікті жерлеріміз көп-ақ.** Бұл орайда ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Қазақстан саяхат жасаушылар үшін тартымды аймақ екендігінде дауа жоқ. Соның ішінде киелі де қасиетті Бәйдібек ауданы, қарт Қаратау қойнауындағы қасиетті бұлақ сулары, олардан бастау алатын өзендер,көлдер емдік қасиеттерімен, сұлу табиғатымен ерекшеленетін көркем жерлер. Біздегі көркем өңірлер кез-келген саяхатшыны ұялмай шақыруға болатындай. Осыған сай ұлттық дәстүрімізді көрсетіп этно ауыл құрып ұлттық тағамдар кафесін ашу қажет деген ой туындайды екен. Жалпы Мыңбұлақ ауылының Досан көлінің кескін-келбеті өзгеше болмыс-бітімімен көз тартып,көңіл аулайды. Сондықтанда осы ауылымыздағы Досан көл суының құрамын тексеріп, жан жағын саяхат жасаушыларға лайықтап, жолдары жөнделіп жағдай жасап қойса деген үміттемін. **Пайдаланған әдебиеттер:** 1\. Азаматов А.С «Туған жердің тағлымы» Шымкент «Жебе» баспасы 1996ж 10 бет 2\. Түймебаев Қ.Т «Қайнарбұлақ тарихы» Алматы «Таңбалы» баспасы 2012жыл 22 бет 3. Мұханбетқалиұлы Қ.С «Алабұға, аққайнар,майшабақ» «Жібек жолы» баспасы 2012ж 45бет 4\. «Су тіршілік көзі» География және табиғат ғылыми-педагогикалық журнал №12 06/2010ж 5\. Түймебаев Қ.Т «Өмір өткелдері» Алматы «Таңбалы» баспасы 18 бет 6\. «Бәйдібек би» Егемен Қазақстан газеті №66 5.09.20219ж 7\. «Ауылым алтын бесігім» География және табиғат ғылыми- педагогикалық журнал. №04 09/2009ж 8\. Әлмаханұлы Ұ.А «Ерлер өткен осындай» Алматы «Қасым» баспасы 2006ж 15бет Эссе **Туған жер төсіндегі таңғажайып- Досан көл** Туған жерімнің табиғаттын қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Менің туған ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет!\ Мен ауылым туралы айтып жырлағым да, әндеткім де келеді. Мен Жұмабай Жансейіт, 8-сынып оқушысымын. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, түрлі дүкендер, тіптен жастар саябағы да бар. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Ауыл мағында Бөген өзені ағып жатыр.Біздің ауылда бұлақтар өте көп, сондықтанда ауылдың орталығы Мыңбұлақ деп аталады.бізге жақын орналасқан кішігірім ауылдар олар: Ақбұлақ, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ барлық аталған ауылдарда бұлақтар көптеп кездеседі. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында балалармен саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Досан көлге сыныптастармен, отбасыммен талай саяхатқа шыққанбыз. Негізі көл кезінде жұмысшылардың қара күшімен тоған ретінде салынған екен. Атам маған ауылымның қалыптасу тарихы осы тоған жөнінде үнемі әңгімесін айтып жүретін.Көлдің ең терең жері 14 метр, ал жағалау жағы 4,5 метрді құрайды.Көлге екі өзен Аюсай мен Қарабас өзендері құяды. Көлден шоршып секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз.Бұлақтардың көзін ашып, тазалық жұмыстарын да жүргіземіз. Ауылымның кешкі табиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған ауылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. \"Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.\"- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. \"Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені \"- деп ойлаймын.