Teacher's Professional Competence in Biology Education
Document Details
Uploaded by Deleted User
G. Bayniyazova
Tags
Related
- Teaching Guide for Senior High School General Biology 1 PDF
- Biology Trainees’ Module PDF
- Unit 9 Conservation (Part 2) B4.1 Adaptation to Environment Teaching Notes PDF
- Teaching Science In The Elementary Grades (Chemistry and Biology) PDF
- Stage 2 Biology Subject Outline 2024 PDF
- Cambridge IGCSE Biology Teacher's Guide PDF
Summary
This article explores the professional competence of teachers in biology, emphasizing the importance of continuous learning, and the development of pedagogical skills. It also highlights the influence of teachers' characteristics on the learning outcomes and the overall development of students throughout the educational process.
Full Transcript
**«Биология пәнін оқытуда педагогтың кәсіби құзіреттілігі- нәтижелі білім берудің негізі»** ***Байниязова Гүлбаршын Елемесқызы*** БҚО әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы КММ биология пәні мұғалімі БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы **Резюм...
**«Биология пәнін оқытуда педагогтың кәсіби құзіреттілігі- нәтижелі білім берудің негізі»** ***Байниязова Гүлбаршын Елемесқызы*** БҚО әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы КММ биология пәні мұғалімі БҚО, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы **Резюме** данной статье рассматривается о профессиональной компетенции педагога в обучении биологии. **Summary** This article discusses the professional competence of a teacher in teaching biology. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады, -- К. Д. Ушинский. Адам баласы қандай мамандық иесі болмасын, қандай да бір жерде жұмыс атқармасын өзінің кәсібінің майталманы болуы керек, ал маманының майталманы болу үшін не керек? Әуелі, еңбек керек, ізденіс керек, өзін- өзі жан жақты адам ретінде, тұлға ретінде дамытуға деген талпыныс керек. Кәсібилік -- ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік -- өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғам жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Педагогтың өзін--өзі бағалауын қалыптастырудың басты тәсілі -- ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу.Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі өзін--өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығармашылықтарымен танысу. Бұл -- оның өзін--өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шарты. Л.Н.Толстой мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтусыз міндетті түрде орындау. Орындаған екенсің, оны жақсы деңгейде орында. Кітапқa түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл--есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр». Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы биология пәннің негізгі бағыттарының бірі оқушының зерттеушілік дағдысын арттыру арқылы ауқымды дағдылар негіздерін меңгертуді қамтиды. Биология пәні оқушылардың дұрыс ақпаратты таңдай алуы, өз пікірін ғылыми көзқарас тұрғысынан айта білуі, оларды білімдермен, түсінікпен және дағдылармен қаруландыруға бағытталған. Биология зерттеуге негізделген пән. Зерттеу әдісінің мәні -- әр сабақта оқушылардың іздену, шығармашылық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру болып табылады. Биологиялық ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Жалпы ғылыми әдістер ішінен пәнді оқыту барысында оқушының ойлауын, зерттеу дағдыларын дамытатын төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:анализ -- жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б.) бөлу; синтез -- заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; абстракциялау -- зерттеліп отырылған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынасын бөліп алу; жалпылау -- объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; индукция -- жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талқылау әдісі; дедукция -- жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; аналогия -- объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия --ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістік аналогия және т.б. классификация -- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе биология, геология, география, кристаллография, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). Ал енді биология пәнінің тиімді ғылыми әдістеріне тоқталатын болсақ. Оның ең жиі қолданылатын түрі -- модельдеу әдісі. Модельдеу әдісі -- ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі болып табылады. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқаға байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Бaқылау әдісі. Бақылау -- зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораторядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибелік учаскедегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдістері мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Далалық зерттеу әдісі. Далалық әдістер -- далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұндай жағдайда физиология, биохимия, анатомия, систематика және т.б. әдістері қолданылады. Далалық әдістер арқылы организмге немесе популяцияға әртүрлі факторлардың әсерін, белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі мен дамуын анықтауға болады. Зерттеу, іздену белсенділігі -- баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруы мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дaйын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді: -- оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру; -- мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту; -- проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу стратегиясының мысалдарын көрсету; -- зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға артықшылық беру; -- жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып дамытады. Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету, биологиялық эксперименттер жасау, сабақтың ғылымилығын жоғарылату, проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға болады. Қорытa келгенде педагогтың кәсіби құзіреттілігі оқушыларды бірлескен оқуға негіздеп нәтижелі білім беруді ұйымдастыру тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді, оқушының ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді, тиімді дербестікті дамытады. Оқушылардың дүние танымын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру, ғылыми-техникалық талаптарға сай білім беру мен таным белсенділігін арттыруда мұғалімдердің ғылыми-теориялық дайындығының маңызы зор. Бұл орайда мұғалімдердің іздемпаздығы басты роль aтқарaды. 1. Ч. Дарвин. " изменение домашных животных и культурных растений " Сбор. Соч. М-Л.1961