Жағар майлар үшін негіздер.Оларға қойылатын талаптар.Жағар май негіздерінің сипаттамасы және жіктелуі PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
2024
Шайзанда А. Б.
Tags
Related
- Pharm1111 Drugs and Pharmacology PDF
- 13 Drugs for Hyperlipidemia (Zarqa University, 2021/2022) PDF
- UNIT-1.A-Cardiovascular-Renal-and-Hematologic-Pharmacology-Antihypertensive-agents PDF
- Zagazig University Faculty of Pharmacy Pharmacology-II PDF
- Pharmacology for Canadian Pharmacy Technicians PDF
- Pharmacology Lecture Notes PDF
Summary
Рефератта жағар майлар үшін негіздер, оларға қойылатын талаптар, жағар май негіздерінің сипаттамасы және жіктелуі қарастырылған. Реферат Шымкент 2024 жылы жазылған.
Full Transcript
D:\\серьезный\\NEW LOGO\\колонтитул\--15.png **Дәрілер технологиясы және фаркогнозия кафедрасы** **РЕФЕРАТ** **Тақырыбы: Жағар майлар үшін негіздер.Оларға қойылатын талаптар.Жағар май негіздерінің сипаттамасы және жіктелуі** **Орындаған: Шайзанда А. Б. Тобы: ФӨТҚБ-01-22** **Қабылдаған: Гапюаров...
D:\\серьезный\\NEW LOGO\\колонтитул\--15.png **Дәрілер технологиясы және фаркогнозия кафедрасы** **РЕФЕРАТ** **Тақырыбы: Жағар майлар үшін негіздер.Оларға қойылатын талаптар.Жағар май негіздерінің сипаттамасы және жіктелуі** **Орындаған: Шайзанда А. Б. Тобы: ФӨТҚБ-01-22** **Қабылдаған: Гапюарова М. Х.** **Шымкент 2024** **Жоспар** **1. Кіріспе** **2. Негізгі бөлім** 1)Жағар майлар классификациясы. 2)Жағар майлардың негізі,оларға қойылатын талаптар және олардың жіктелуі. **3. Қорытынды** **4. Пайдаланылған дәрілер** **Кіріспе** Ежелгі дәрілік формалардың бірі, дерматологияда, көз, хирургия, косметика тәжірибелерінде кеңінен қолданылады. Теріге, жараға немесе шырышты қабыққа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түр.Сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан, түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады. Жақпа майларға арналған негіздер алуан түрлі болып келеді. Мазьдарды экстемпоральді дайындау кезінде, егер де рецептте нұсқаулар болмаса, онда компоненттердің физико-химиялық үйлесімділігін ескереді және тағайындалу мақсаттарына сәйкес негіздерді таңдайды.Жақпа майдағы дәрілік заттардың терапевтикалық эффективтілігіне негіздің табиғаты және қасиеті күшті әсер етеді. Негіз талап етілген дәрілік заттардың концентрациясын, қажетті қасиеттердің консистенциясын қамтамасыз етеді және мазьдан дәрілік заттардың босатылуына әсер етеді. Негізді таңдау жақпа май әрекетінің мақсатына, орнына және сипатына, сонымен қатар дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады.Жақпа майларға негіз дайындау. Негізді бөшкеде немесе бакта (шар ішінде) балқытып, қайнайтын қазанға ауыстырады.Негізге дәрілік затты енгізу. Дәрілік заттарды негізге қосу булы жейдесі немесе электрлік қыздырғышы бар реакторларда, біртіндеп араластыру арқылы жүргізіледі. Реакторлар араластырғыштармен жабдықталған: якорлы, планетарлы, рамалы, олар жақсы араластыруды қамтамасыз етеді.Жақпа майдың гомогенизациясы -- дәрілік заттарды араластыру кезінде қажетті дисперстілік дәрежесін алу.Стандарттау -- жақпа майды дәрілік заттар құрамы бойынша, рН және дисперстілік дәрежесі бойынша стандарттайды.Бөлшектеп өлшеу және сақтау -- шыны құтыдан, полиэтилен немесе алюминийлі тубаларда. Тубаларға орау -- туботолтырғыш автомат көмегімен. Жақпа майды салқын, жарықтан қорғалған жерде сақтайды. Дәріханада жасалған жақпа майды 10 тәулік сақтайды. **Гидрофобты негіздер-** бұл топқа гидрофобтық қасиеті айқын байқалатын,яғни майлармен,көмірсутектермен араласатын,еритін,сумен нашар немесе тіпті араласпайтын негіздер: Жағар майлар Жағар майлар -- сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер,олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс,жылжымайтын қабат түзуге қабыілетті,тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды,ал жоғары температурада оны жоғалтып,қою сұйықтыққа айналады.Жағар майлар официналды дәрілік түрлер,МФ ХІ басылымына арнай жалпы "Жағар майлар" мақаласы енгізілген.Фармакопея анықтамасы бойынша,жағар майлар -- теріге,жараға,кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер.Фармацевтикалық тәжірибеде қолданылатын жағар майлар -- дәрілік заттарды организмге сырттан енгізудің ең кең таралған формаларының бірі. Олар тері, шырышты қабаттар және ашық жараларға тікелей жағу арқылы дәрілік заттарды қажетті аймаққа жеткізіп, олардың емдік әсерін күшейтеді. Жағар майлардың құрамындағы негізгі заттар -- дәрілік әсер ететін заттар және олардың әсерін жақсарту, сіңуін қамтамасыз ету үшін арнайы негіздер. Жағар майдың негізі оның құрылымын, консистенциясын, тұрақтылығын және қолдану жайлылығын анықтайды, сонымен қатар, дәрілік заттардың тиімділігін айтарлықтай әсер етеді. Жағар май негіздерінің құрамындағы компоненттер әртүрлі болуы мүмкін: майлар, көмірсулар, ақ уыздар, полисахаридтер гельдері, силикондар және тағы басқа заттар қолданылады. Сонымен қатар, жағар май негіздерін химиялық және физикалық қасиеттеріне қарай липофильді, гидрофильді және дифильді деп жіктейді. Әрбір топтың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан оларды дәрінің мақсаты мен қолдану аймағына қарай таңдайды.Жағар май негіздеріне белгілі талаптар қойылады: олар биологиялық үйлесімді болуы, қажетті дәрілік заттарды жеткізу мен сіңуін қамтамасыз етуі, теріні тітіркендірмеуі керек. Негіздердің физикалық және химиялық тұрақтылығы олардың ұзақ сақталуына және тиімділігіне кепіл болады. Бұл талаптар емдік әсерді жақсарту үшін жағар майлардың құрамын дұрыс таңдау қажеттілігін көрсетеді. Жағар май негіздерінің көптүрлілігін және олардың емдік қасиеттерге әсерін зерттеу фармацевтикадағы өзекті тақырып болып табылады.Жағар (жақпа) майлар өзінің маңыздылығын қазіргі замандағы медицинада да жоғалтпаған ежелгі дәрілік түрлердің біріне жатады.Жағар майлардың негізгі тобы дерматологияда ауруды және зақымдалған теріні емдейтін, сонымен бірге отоларингологияда, проктологияда қолданылатын емдік жағар майлар. Жағар майлар теріні сыртқы жағымсыз (органикалық тітіркендіргіштердің, қышқылдардың, сілтілердің және басқа тітіркендіргіш- тертердің) әсерлерінен қорғайтын құрал ретінде және косметикалық мақсатпен (пигменттік дақтарды кетіруге, терінің қоректендіруін жақсартуға) қолданылады. Кейінгі кездерде жағар майларды бөлек ішкі органдарды және толық ағзаны емдеу, профилактика және диагностика мақсаты (ЖМҚ) мен қолдану көзделіп отыр. Жағар (жақпа) майлардың емдік әсері негізінен олардың құрамына кіретін анықталады. Қазіргі кезде жағар май түрінде барлық дәрілік заттармен фармакологиялық (антисептиктер, жергілікті антибиотиктер, гормондар, витаминдер, грибке қарсы құралдар, антибиотиктер және т.б.) топтарға кіретін дәрілік заттар босатылады. Олар бір-бірінен физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ерекшелінеді. Жағар (жақпа) майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, кою сұйықтыққа айналады. Жағар (жақпа) майлар официналдық дәрілік түрлер, КР МФ І басылымына жалпы топтық «Жергілікті қолданылытын жұмсақ дәрі-дәрмектер» мақаласы енгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша, жағар майлар - теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер. Жалпы мақаладан басқа КСРО МФ ІХ, Х басылымдарына - кейбір жағар майларға жеке мақалалар енгізілген. Физико-химиялык, агрегаттық күйіне байланысты жағар аралығынан Орын алады. дәрілік түрлер майлар сұйық және Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқыр-пластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады. - **Жағар майлардың жіктелуі.** Жағар майлар әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді: -белгіленуі бойынша; -қолданылатын жері бойынша; -дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі және оның негізде таралуы бойынша (технологиялық). **Белгіленуі бойынша жағар (жақпа) майлардың жіктелуі:** 1\. *Қорғаныс жағар майлары.* Олар профилактикалық мақсатта теріге және кілегей қабаттарға жағу үшін, теріні улы заттардың, органикалық еріткіштердің, микроорганизмдердің әсерінен қорғау үшін қолданылады. Қорғаныс жағар майларды мамандық зияндылығы бар әр түрлі өндірістерде қолданудың маңызы зор. 2\. *Косметикалық жағар майлар.* Оларды теріні жұмсарту, қоректендіру, пигментті дақтарды кетіру, емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданады 3\. *Емдік жағар майлар (немесе медициналық).* Бұл жағар майлардың маңызды тобы. Терінің зақымдалған жеріне, кілегей қабатқа бағытталған түрде жергілікті, локальды әсер көрсетеді (күкірт, мырыш, ксероформ жағар майлары). Резорбтивті әсер көрсететін жағар майлар (резорбция-сіну) теріге немесе кілегей қабықтың терең қабаттарына өтіп, шан тамырларға немесе лимфаға жетіп, бүкіл ағзаға немесе жеке мүшелерге әсер көрсетеді. Мысалы «Нитронг» жағар майы оның құрамында нитроглицериннің 2% майлы ерітіндісі бар, стенокардия. ұстамасында қолданылады. **Қолданылатын жері бойынша емдік жағар майлардың жіктелуі:** 1\. Жағар майлардың өзі (Unguenta) дерматологиялық жағар майлар 2\. Мұрынға арналған жағар майлар - Unguenta nasalis Heмece Unguenta 3\. Көзге арналған жағар майлар - Unguenta ophthalmica 4\. Вагиналды - Unguenta vaginalis 5\. Уретралды - Unguenta urethralis 6. Ректалды - Unguenta rectalis Бұл жіктелу бойынша жағар майлардың қолданылуы қосымша түсіндіруді қажет етпейді. **Технологиялық жіктелуі:** жағар майлардағы дәрілік заттың дисперстік дәрежесі заттардың негізде таралуын көрсетеді. Осыған байланысты жағар майлар гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. 1\. *Гомогенді жағар майлар.* Гомогенді жағар майларда дәрілік затпен негіз арасында фаза аралық бөліну болмайды. Мұндай жағар майларда дәрілік заттар, негізде молекулалық немесе мицеллярлық дисперске дейін жеткізілген, ерітінді түрінде таралады. Гомогенді жағар майлар алынуы бойынша: ерітінді жағар майлар, балқыма жағар майлар, экстракциялық жағар майлар болып бөлінеді. 2\. *Гетерогенді жағар майлар.* Гетерогенді жағар майларда дәрілік зат пен негіз арасында фазааралық бөліну болады. Гетерогенді жағар майлар эмульсиялык, аралас болып бөлінеді. суспензиялық (тритурациялык), **Жағар майларға арналған негіздер.** Жағар майлар технологиясында негіздердің маңызы мен мәні әртүрлі және алуан. Негіздер жағар майларға қажетті салмақ, дәрілік заттардың сәйкес концентрациясын, қажетті консистенциясын, тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар негіздер дәрілік заттардың резорбциясының деңгейі мен жылдамдығын реттейтін, яғни фармакодинамикада маңызды роль атқаратын жағар майлардың белсенді құрамды бөлігі. Мысалы, бор қышқылының консистентті эмульсионды негізде дайындалған 2% жағар майының терапевтік белсенділігі, вазелин негізінде дайындалған концентрациясы 10% жағар майға сәйкес. Аталған мысалда жағар майды бір бүтін бөлік деп алсак, негізді оның белсенді бөлігі ретінде қарастыруға болады.Қазіргі кезде жағар майлар дайындау үшін қолданылатын 100 аса негіздер белгілі. Олар химиялық құрамы бойынша, сыртқы түрі, алыну көзі бойынша ажыратылады. Қазіргі кездегі фармацияда жағар май негіздерінің құрамы өте күрделі. Жағар май негіздерін таңдау ауру түріне, дәрілік заттардың физика- химиялық қасиеттеріне байланысты. **Негіздерге қойылатын талаптар.** ![](media/image2.png) Жағар майлардың жұмсақ консистенциясы оны тері және кілегей қабыққа жағуға қолайлы болуына негізделген. Негіздердің химиялық инерттігі олардың дәрілік затпен әрекеттеспейтіндігіне, сыртқы факторлардың (ауа, жарык, ылғалдылық, температура) әсерінен өзгермейтіндігіне кепілдік береді, демек жағар майлардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жағар (жақпа) майлардың аллергиялық, тітіркендіргіштік және сенсибилизациялық әсерінің жоқтығы, көбінесе негіздердің биологиялық қауіпсіздігіне байланысты. Ең маңыздысы, негіздер терінің физиологиялық қызметін (жылу, ылғалды және газ алмасу) өзгертпеуі қажет. Терінің сыртқы қабаты қалыпты жағдайда қышқылды реакциялы, ол микроорганизмдердің көбеюіне кедергі жасайды. Сондықтан жағар майлар негізінің нейтралдығы, терінің рН мәнінің бастапқы деңгейінде сақталуының үлкен мағынасы бар. Микроорганизмдердің қатысуы, қабынған тері мен кілегей қабаттарының қайта қабынуына және дәрілік заттың белсенділігінің төмендеуіне немесе жағар майдың консистенциясыныңөзгеруіне келіп соғуы мүмкін.Негіздер киімнен, теріден, әсіресе шашты бөліктерден оңай жуылуы тиіс. Негіздердің қасиеттері жағар майдың қолдану мақсатына сәйкес келуі қажет. Беттік әсер ететін жағар майлардың негіздері дәрілік заттардың терең сіңірілуіне кедергі болуы керек. Ал резорбтивті әсер ететін жағар майлардың негіздері, керісінше, дәрілік заттардың терінің мүйізді қабаты арқылы, шашты фолликулалардан, тері және майлы бездерден сіңірілуін қамтамасыз етуі қажет.Қорғаныс жағар майларының негіздері тез кеуіп, терінің бетінде әсер ететін жағар май негіздері эпидермиспен немесе кілегей қабат бетімен шектеледі. Жағар (жақпа) майлардың негіздерінің бірнеше жіктелуі белгілі: физика- химиялық қасиетіне, химиялық құрамына, алыну көзіне және де баска белгілеріне байланысты жіктеледі. Көптеген авторлар негіздердің бірнеше жіктелуін ұсынған: 1975 жылы В.М. Грецкий заттардың сумен әрекеттесуі бойынша жіктелуін ұсынды. Осыған орай негіздердің жіктелуі: гидрофобты және гидрофильді болып екіге бөлінеді. жағар майларды алудың технологиялық принципі Ең қолайлысы бойынша жіктелуі: \- гидрофобты (липофильді); \- гидрофильді; \- гидрофобты - гидрофилді (дифильді). Гидрофобты негіздер. Бұл топқа гидрофобтық касиеті айқын байқалатын, яғни майлармен, көмірсутектермен араласатын немесе оларда еритін, сумен нашар немесе тіпті араласпайтын негіздер: -майлар және олардың туындылары: а) жануарлар майлары б) өсімдік майлары в) гидрогенизацияланған майлар \- балауыздар \- көмірсутекті негіздер \- силиконды негіздер жатады **Майлар және оның туындылары** ерте уақыттан жағар майларды дайындауға қолданыла бастаған. Олар үшглицеридтердің, яғни глицериннің шекті және шексіз қышқылдарының эфирлері болып табылады. Майлы негіздер суда ерімейді, этанолда өте аз ериді, эфир мен хлороформда жеңіл ериді. **Жануар майлары. Шошқа майы.** (Adeps suillus depuratus) ақ түсті біртекті масса, балку температурасы 34-36°С, майлармен, балауыздармен, көмірсутектермен, майлы қышқылдармен оңай араласады. Ол пальмитин, стеарин, олеин және линолен қышқылдарының үшглицеридтер қоспасы. Шошқа майында дайындалған жағар майлар теріге жақсы сіңеді, теріден, шаштан және киімнен сабынды сумен оңай жуылады. Шошқа майының сақтау кезіндегі тұрақсыздығы, азық-түлікке жататындығы, оның жағар май негізі ретінде қолданылуын шектейді. **Қаз майы (Adeps anserinum)** өте жұмсақ негіз, балку температурасы 26- 34°С. **Бұқа майы (Sebum bovinum)** құрамында 55% үшпальмитин және үшстеарин, 45% үшолеин қышқылдары бар. Балку температурасы 42-50 °С, теріге қиын жағылады. Қаз майы да, бұқа майы да азық-түлік өнімі болғандықтан қолданылуы шектеулі. **Өсімдік майлары. Olea pinguia.** Күнбағыс майы (Oleum Helianthi), шабдалы майы (Oleum Persicorum), бадам майы (Oleum Amygdalarum) және басқа құрамында қанықпаған қышкылдардың глицеридтері бар өсімдік майлары жатады.Шошқа майы секілді тері эпидермисінен оңай өтеді, осыған байланысты линименттегі және жағар майдағы дәрілік заттар жақсы сіңіріледі. Консистенциясы сұйық болғандықтан өсімдік майлары негіз ретінде тек линименттер дайындау үшін, жағар майларда тек негізге қоспа ретіндеқолданылады. **Гидрогенизацияланған майлар.** Өсімдік майларын каталиттік гидрлеу жолымен алынатын жартылай синтетикалық өнімдер. Бұл кезде қанықпаған глицеридтер қаныққан түріне өтіп, сұйық майлар консистенциясын жұмсақ немесе каттыға гидрогенизациялану дәрежесіне бйланысты ауыстырады. Негіз ретінде балку температурасы 34-41°С болатын гидрогенизацияланған майларқолданылады: а) саломастың тазартылған өсімдік майынан алынған гидрогенизация- ланған майы немесе гидромай (Adeps hydrogenisatus). Ұсынылған балқымалар: Гидромай 80-90%; Өсімдік майы 20-10%. 6\) Комбимай (Adeps compositus). Балкыма: гидромай 55%; өсімдік майы 30%; гидрогенизацияланған кит майы 15%. Гидрогенизацияланған майлардың басқа майларға қарағанда тұрақтылығы жоғары. 1. **Балауыздар**. Балауыздар спирттердің эфирлері. Балауыздарға: ара балауызы, ланолин, спермацет жатады. май қышқылдары мен жоғары бір атомды Ара балауызы (Cera). Қатты, сынғыш, сары түсті (Cera flava) немесе ак-сары түсті (Cera alba) масса балку температурасы 63-65 °С. Эмульгирлеуші қабілеті төмен, негіздерді тығыздау үшін қолданылады. Суда, этанолда ерімейді, эфирде, хлороформда, майларда аз ериді. Спермацет (Cetaceum). Цетил спиртімен майлы қышқылдардың (пальмитин, стеарин және т.б.) күрделі эфирі. Қатты, ұстағанда майлы кристалды масса, балку температурасы 42-54°С. Майлармен, көмірсутектермен онай балқиды. Жұмсақ жағар майларды тығыздау үшін қолданылады. **Ланолин (Lanolinum**) тазартылған ланолин тұтқыр, консистенциясы май тәрізді, өзіне тән әлсіз иісі бар масса, балку температурасы 36-42°С. Ланолин суда ерімейді, онымен араласады, бастапкы консистенциясын жоғалтпай судың 150% эмульгирлейді. Осы маңызды, бағалы қасиетіне байланысты сусыз ланолин қолданылады. Жағар майларға сол себептен сулы ерітінділердің көп мөлшерін енгізуге болады. Ланолин спиртте қиын ериді, бірақ 40 бөлекке дейін қабылдай алады. Сусыз ланолин глицериннің 120-140 бөлігін қабылдайды. Ланолин эфирде және хлороформда жақсы ериді. Ланолин теріге жақсы сіңеді, теріні және кілегей қабатты тітіркендірмейді. Жоғары тұтқырлығына байланысты басқа негіздермен қоспасы колданылады. Егер рецептіде ланолин көрсетілсе, онда сулы ланолин (Lanolinum hydricum) босатылады. Ол 7 бөлік сусыз ланолиннен және 3 бөлік судан тұрады. 3**. Көмірсутекті негіздер.** Көмірсутектер өңделген мұнай өнімдері: вазелин, петролат, парафин, вазелин майы, озокерит, церезин. Олардың тұрақтылығы жоғары және химиялық инертті. Олар сапасына, тиімділігіне, арзандығына байланысты жағар майлар технологиясында кеңінен қолданылады. Артықшылықтары: сақтағанда тұрақты, химиялық индифферентті, майлы балауыздармен оңай балқиды, оңай жағылады, көптеген дәрілік заттармен сыйымды, тиімді. Кемшіліктері: сұйық дәрілік заттармен нашар араласады, теріге нашар сіңеді, сондықтан резорбтивті жағар майлар технологиясында қолдану тиімсіз, терінің газ және жылу алмасуын бұзады, кейбір жағдайларда вазелин аллергиялык, сенсибилизациялық әсер көрсетеді, қиын жуылады. **Вазелин (Vaselinum)** фармацевтік іс-тәжірибеге 1876 жылы енгізілген. Вазелин өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған. Ол атом саны С17 - С35 болатын қатты және сұйық көмірсутектер қоспасы. Бұл тұтқыр, мөлдір, сырткы көрінісі бойынша ақ түсті (Vaselinum album) немесе сары түсті (Vaselinum flavum) жіп тәрізді созылмалы біртекті масса. Вазелиннің бұл екі сорты тең бағалы. Қандай мұнайдан алынуына байланысты вазелиннің балқу температурасы 370 пен 50°С аралығында ауыткиды. Вазелин суда ерімейді, этанолда аз ериді, хлороформда, эфирде ериді, балауыз және майлармен (майсана майынан басқасы) барлық қатынаста араласады. Егер рецептіде негіз көрсетілмесе, онда колданылады. Бірақ көптеген дерматологтар вазелинді тек сау теріге қолдану керек екенін анықтады. Себебі, науқастарда жоғары сезімталдық байқалған. Вазелин тері және кілегей қабаттарына сіңбейді және дәрілік заттың толық босап шығуын баяулатады, сондықтан оны терінің беткі қабатына әсер ететін жағар майлар негізі ретінде қолданған тиімді. **Вазелиннің кемшіліктері:** терінің физиологиялық қызметтерін (жылу-, газ- және ылғалды алмасуын) бұзады, тері, шаш және киімдерден жуылуы қиын, кейбір жағдайларда сенсибилизациялық және аллергиялық әсер көрсетеді. **Гидрофильді негіздер** Гидрофильді негіздердің сумен шексіз араласуы мен суда еруі бұл негіздердің өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Гидрофильді негізге дәрілік заттың сулы ерітіндісін енгізуге мүмкіндік береді және жағар майдың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Олардың кейбіреулері теріде серпімді пленка түзеді. Гидрофильді негіздер майлы із қалдырмайды және тері мен киімдерден оңайжуылады. Гидрофильді негіздердің кемшілігі: микробты контаминацияға тұрақсыз. Гидрофильді негіздер тобына: жоғарғы молекулалы көмірсулар және ақуыздар гельдері, синтетикалық ЖМҚ, бейорганикалық заттар, фитостеринді негіздер кіреді. 1**. Жоғары молекулалы көмірсулар және ақуыздар гельдері.** Крахмал, целлюлоза эфирлері, желатин, коллаген жоғарғы молекулалы көмірсулар және акуыздар гельдерінің алу көздері болып табылады. Бұл топтың негізін қалаушысы -крахмал гелі. Крахмал-глицеринді гелі немесе глицерин жағар майы (Unquentum Glycerini) МФ ІХ жазылымы бойынша 7% крахмалдың глицериндегі ерітіндісі. Кілегей қабатта жеңіл таралатын, түссіз, мөлдір, біртекті тұтқыр масса. Ертеректе көз жағар майын дайындау үшін жиі қолданылған. Глицерин жағар майының тұрақтылығының төмендігіне және синерезиске бейімділігіне байланысты дәріхана тәжірибесінде қолданылмайды. Жағар май негізі ретінде целлюлоза эфирінен метилцеллюлоза (МЦ) және натрий-карбоксиметилцеллюлоза (NaKMЦ) қолданылады. Көбіне МЦ 5-7% сулы ерітінділері қолданылады, олар тұтқыр, құрылымдық гель. МЦ ерітіндісі кепкенде теріде тығыз пленка түзеді, осы қасиеті қорғаныс жағар майлар технологиясында қолданылады. Кейде метилцеллюлоза гелінің кебуін бәсеңдету үшін оның құрамына глицерин қосады. Осындай негіздің құрамы: 6 бөлік МЦ, 20 бөлік глицерин, 74 бөлік тазартылған су. Негіз сақтау кезінде тұрақты, ортасы нейтралды, түссіз эластикалық гель. НаКМЦ гельдерінің липофильді негіздерге қарағанда жоғары осмостық белсенділігі бар екені анықталған, осыған орай жарадан бөлінетін сұйықтықтарды сіңіріп, оны тазалайды және некрозды массаларды тартып алуына мүмкіндік туғызады. Ұсынылған негіз құрамы: 4,5 бөлік- NaKMЦ, 1,5 бөлік ПВП, 10 бөлік - глицерин, 5 бөлік - пропиленгликоль, 0,025 бөлік- нипагин, 100 бөлікке дейін су, жұмсақ және ұзақ осмостық әсері натрий хлоридінің 10% ерітіндісінен 10 есе жоғары, іріңді жараларды емдеу үшін кеңінен қолданылады. **Желатин гелі** - желатин-глицеринді негіз ретінде қолданылады, ол 1-3% желатиннен, 10-30% глицериннен және 70-80% тазартылған судан тұрады. Мөлдір, ашық сары түсті, жараға оңай жағылатын гель, оны тері желімі деп атайды. Тығыздығы мен серпімділігі желатиннің сандық мөлшеріне байланысты. Желатинді негіздер қорғаныс жағар майларын дайындау үшін қолданылады және теріде қататын серпімді пленка түзеді. Теріге балқытылған түрде жағады. Желатинді негіздердің кемшілігі синеререзиске қабілетті және микробтық контаминацияға тұрақтылығы төмен. Негіз ретінде коллагенді гельдерді іс-тәжірибеге енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілген. **Коллаген (Collagenum)** - ірі қара малдың терісінен сілтілі - тұзды өңдеу арқылы алынатын ақуыз. Басқа негіздерге қарағанда коллагеннің емдік және регенерациялық әсері бар. Коллаген ұнтағы 2-5% концентрацияда суда ісіну арқылы тұтқыр түссіз гель түзеді және осы гель жағар май негізі ретінде қолданылады. **Липофильді - гидрофильді (дифильді) негіздер** Құрамы жасанды түрде құралған липофильді және гидрофильді касиеттерге ие композициялар. Бұл негіздерге суда және майда еритін заттарды, дәрілік заттардың сулы ерітінділерін енгізуге болады. Липофильді-гидрофильді салыстырғанда жағармайдағы дәрілік заттардың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Тері қабатындағы газ және жылу алмасуына кері әсер етпейді. Жақсы консистентті қасиеттерге ие. Липофильді-гидрофильді негіздер адсорбциялық және эмульсиялык болып бөлінеді. Бұл екі топтың негізгі міндетті компоненті-эмульгатор (ББЗ) кіреді. а) Жағар майлардың адсорбциялық негізі липофильді негіздің эмульгатормен (ББЗ) сусыз композициясы, ол сулы фазаны байланыстырып С/М типті, эмульсиялық жүйені құрайды. Адсорбциялық жағармай негізінің құрамына көбінесе вазелин, вазелин майы, церезин және т.б. көмірсутектердің эмульгатормен коспасы кіреді. Адсорбциялық негіздің құрамына кіретін ББЗ жағармайдын терапевтік белсенділігін жоғарылатады. Адсорбциялық негіздер эмульсиялық жағармайды және судың қатысында гидролизге ұшырайтын дәрілік заттардан жағармай дайындау үшін қолданылады. - Адсорбциялық негіздер: - 1\) Дәріханада көз жағармайларын дайындау үшін фармакопеямен ұсынылған негіз қолданылады. Климаттық жағдайлары әр түрлі өлкелерде, консистенциясы алуан негіз алу мақсатында церезин және вазелин майының концентрациясы өзгеруі мүмкін. б) Эмульсиялық негіз - көп компонентті жағармай негізі. Оның адсорбциялық негізден айырмашылығы, құрамында су бар. Олар 2 типті болуы мүмкін: май/су, су/май. Бұл - дәрілік заттарды сулы және майлы фазаға енгізуге мүмкіндік береді. Негіз жағар майға енетін дәрілік заттардың теріге резорбциясын жоғарылатады. **Қорытынды** Жағар май негіздері фармацевтикалық жағар майлардың сапасы мен тиімділігін анықтайтын маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Дәрілік заттардың сіңуі, олардың биожетімділігі және емдік әсері жағар май негіздерінің физикалық және химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты. Липофильді, гидрофильді және дифильді негіздердің әртүрлі ерекшеліктері бар және олар белгілі бір емдік мақсаттарға сәйкес таңдалады. Липофильді негіздер теріде ұзақ уақыт сақталып, әсер етудің ұзақтығын арттырады, ал гидрофильді негіздер дәрілік заттардың теріге тез сіңуін қамтамасыз етеді. Дифильді негіздер екі қасиетті біріктіріп, дәрілік заттарды тиімді жеткізеді және олардың әсерін күшейтеді. Жағар май негіздеріне қойылатын талаптарды сақтау арқылы дәрілік заттардың емдік әсерін арттыруға және олардың тиімділігін қамтамасыз етуге болады. Фармацевтика саласында жағар май негіздерінің дұрыс таңдалуы тек терапиялық әсерді ғана емес, сонымен қатар, дәрінің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Қорытындылай келе, жағар май негіздерін дұрыс таңдау және оларды қолдану ережелерін сақтау дәрілік заттарды тиімді жеткізуге, емдеу нәтижелерін жақсартуға және науқастардың емге деген қанағаттанушылығын арттыруға мүмкіндік береді. **Пайдаланылған әдебиеттер** 1\. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. - Қарағанды: Medet Group, 2021. -- 317-346 бет. 2\. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы: оқулық. - Қарағанды: Medet Group, 2021. - 317бет. 3\. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы: оқулық. - Алматы: Эверо, 2016. - бет. 4\. Анарбаева Р.М. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған: оқу құралы - Алматы: Эверо, 2016. - 368 бет. 5\. Анарбаева Р.М. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған: оқу құралы Алматы: Эверо, 2014. - 364 бет.