Жасанды интеллект PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл мақалада жасанды интеллект және оның ғылым ретіндегі дамуы, қолдану салалары және кибернетикамен байланысы туралы жалпы түсінік берілген. Мақалада жасанды интеллект жүйелері туралы қысқаша мәліметтер, сондай-ақ жасанды интеллект дамуының екі бағыты келтірілген.
Full Transcript
Жасанды интеллект Уикипедия --- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. artificial intelligence, AI) --- интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.\[1\] Терминнің пайда болуы \"Жасанды интеллект\" сөзін алғаш рет 1956 жылы Д...
Жасанды интеллект Уикипедия --- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. artificial intelligence, AI) --- интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.\[1\] Терминнің пайда болуы \"Жасанды интеллект\" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Маккартиге сәйкес \"жасанды интеллектіні\" зерттеушілер нақты проблеманы шешу үшін адамдарда байқалмайтын интеллектіні зерттеуіне болады.\[1\] Өзінің анықтамасын түсіндіру барысында: \"Әзірше біз бүтіндей қандай есептеуіш процедураларды интеллектуалды деп айта алатынмызды білмейміз. Сол себепті интеллект сөзін әлемде мақсатқа жету үшін қолдандылатын әдістердің есептеуіш бөлігін ғана түсініп жүрміз\".\[1\] Сонымен қатар, интеллект тек қана биологиялық феномен деген де көзқарастар бар. Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырады. Алан Тьюринг соғыс кезінде Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.\[2\] Жасанды интеллект жеке ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды (бұл көбінесе, кибернетиканың дамуына тәуелді болатын). Басқару талдау, салыстыру, ақпаратты өңдеу, болжамды жасау, жорамалдың дұрыстығын дәлелдеу (яғни интеллектуалды қызметіне жататын операциялар) негізінде шешімді қабылдаумен байланысты болады. Жасанды интеллект жүйелері -- арнайы логикалық жүйелер арқылы компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке аспектісін ұдайы өндіретін техникалық жүйелер. Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: роботтехника сараптамалық жүйелер; есептерді әмбебап шешушіні жасау; бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау; пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогын қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсты жасау. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында интеллектуалды жүйелер дамуының келесі маңызды бағдарлары анық көрінді: Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық шығармаларды жасау, ойын есептерді (шахмат, дойбы, домино) шешу, автоматтандырылған аударма, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді айырып тану, ойлауды еліктеу және т.с.с. Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, оқыту және т.б. Интеллектуалды ақпараттық жүйелер -- заттық салада есептерді шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген үлкен және ӛте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды оңайлату және адамның жұмыс көлемін азайту үшін пайдаланушымен мағыналы сұхбат жүргізу. Роботтық техника. «Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот буындарын ажыратады. Бірінші буын -- алдын ала бекітілген және өзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын -- бейімделген роботтар. Осындай роботтар әртүрлі датчиктермен (бұрышөлшеуіштер, тензометрлер, газ талдаушылар және т.б.) жабдықталған. Роботтардың алғашқы екі түрі - өнеркәсіптік роботтар, олар арнайы ортада (зауыт цехында) жұмыс істеуге арналған. Жасанды интеллект дамуының екі бағыты бар: мамандандырылған жасанды интеллект жүйелерін адам мүмкіндіктеріне жақындатумен және олардың адам табиғатымен жүзеге асырылатын интеграциясымен байланысты мәселелерді шешу; бұрыннан жасалған жасанды интеллект жүйелерін адамзаттың мәселелерін шешуге қабілетті бір жүйеге біріктіруді білдіретін жасанды интеллект құру.