7-сабақ. Сақ патшайымы Томирис..pptx PDF

Summary

This document is a 5th grade history lesson plan about Queen Tomyris of Kazakhstan. It covers the historical context and background of Tomyris. It also features questions about the topic for student practice.

Full Transcript

Бөлім тақырыбы 5.3.Сақтар Сабақ тақырыбы: Сақ патшайымы Томирис. Қазақстан тарихы 5 сынып Оқу мақсаты: 5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау Бағалау критерийлері: Сақ патшайымы Томиристі ел бас...

Бөлім тақырыбы 5.3.Сақтар Сабақ тақырыбы: Сақ патшайымы Томирис. Қазақстан тарихы 5 сынып Оқу мақсаты: 5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау Бағалау критерийлері: Сақ патшайымы Томиристі ел басқарушы тұлға ретінде біледі Геродоттың жазба деректерін талдау арқылы соғыстың сылтауы мен себебін ажыратып, Томириске мінездеме бере алады; Томирис патшайымның қаһармандық ерлігін бағалайды. Жазбаша деректер б.з.д. VIII-VII ғасырларда қазіргі Қазақстанды мекендеген тайпалар ежелгі мемлекеттер – Ассирия және Мидиямен, ал б.з.д. VI ғасырлардың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті құрылған уақыттан бастап парсылармен қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға араласты. Парсы патшасы Кир сақтармен одақ құрып, Лидия билеушісі Крезбен соғысқан кезде олардан көмек алады. Бірақ содан соң Кир сақтарды бағындырмақшы болады. Парсылардың жорығы сақ-массагеттер патшайымы Томирис бастаған сақ әскерінің табанды қарсылығына тап болады. Томирис қандай болған? Сақтар жастайынан соғыс өнерін жетік меңгерген, садақ атудың қас шеберлері болды. Олардың билеушісі Томирис те бұл өнерді жақсы меңгерген. Ержүрек, ел басқару ісінің қыр- сырларын жақсы игерген Томирис сақтардың арасында үлкен беделге ие болды. Оның есімі сақ даласынан тыс елдерге де таралды. Ежелгі грек тарихшысы Геродот жазбаларында сақ-массагеттер патшайымы Томирис туралы мәліметтер кездеседі. Дала патшайымының қарсыласы кім болды? Геродот: «Вавилонды жеңгеннен кейін парсы патшасы Кир массагеттерге соғыс ашып, оларды бағындырмақ болды», - деп жазады. Кир «әлемнің төрт бұрышының билеушісі» және «патшалардың патшасы» атанды. Оның әскері «ешқашан жеңіліп көрмеген» деп мадақталды. Осы кезде Кир Алдыңғы Азияның көптеген елдерін бағындырып, алпауыт империяның негізін қалады. Ол Египет пен Грекияны жаулап алмас бұрын солтүстікте көшіп жүрген көршілері – сақтарды бағындыруды көздеді. Ұлы даланы қоныстанған тайпаларға үлкен қауіп төнді. Осы кезде Томирис патшайымы басқарған сақ жауынгерлері қаһармандықтың ғажайып үлгісін көрсетіп, өз отанын қорғап қалды. Сақтар парсыларға қалай алданды? Парсы патшасы Кир б.з.д. 530 жылы массагеттерге қарсы соғыс жорығын бастады. Томирис уәдесінде тұрып, үш күндік жерге шегінеді. Кир массагеттер жеріне шатыр тұрғызып, ішін тағамдарға толтырады. Аздаған жауынгерлерін шатырға қалдырып, негізгі әскерлерін жасырып қояды. Массагеттер парсылардың осы аз, әлсіз әскерлерін жеңіп, тойлап жатқан кезде парсылардың негізгі күші шабуыл жасап, сақтардың бір бөлігін талқандады. Екі әскер арасында шешуші шайқас болды. «Бұл шайқас барлық ұрыстың ішіндегі сұрапылы...» – деп жазды Геродот. Шешуші шайқасқа сақ әйелдері де қатысты. Массагеттер басым түсіп, парсы әскерлері жеңілді. Кирдің өзі де осы шайқаста қаза табады. Томирис қанға толтырылған торсыққа Кирдің басын салуды бұйырады: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!», - деген сөзін Геродот өз еңбегінде келтіреді. 1-тапсырма. Сәйкетендіру тесті Кир Тарихтың атасы Геродот Сақ тайпаларының патшайымы Спаргапис Рим тарихшысы Томирис Парсы патшасы Помпей Трог Сақ патшаймы Томиристің ұлы 2 – тапсырма Деректерді талдандар. Деректер не туралы? Тарихшылар Томирис патшайымға қандай мінездеме береді? 3-тапсырма: оқиғаларды ақиқат/жалған екенің жазыңыздар № Сұрақтар Ақиқат Жалған 1 Томирис Кир патшадан жеңілді 2 Кир патшаның әскері екі есе күшті болды 3 Сақ ханшайымы Томирис 4 Кир Македония патшасы 5 Томирис тәуелсіздік үшін шайқасты Кері байланыс:

Use Quizgecko on...
Browser
Browser