Абай жолы 11-сынып әдебиет тапсырмалар жинағы PDF

Summary

This document is a collection of tasks related to the novel "Абай жолы" for 11th grade students. It includes various exercises and activities designed to enhance literary understanding and critical thinking skills related to the novel. It's useful for both students and teachers.

Full Transcript

«АБАЙ ЖОЛЫ» роман-эпопеясы бойынша 11-сыныптарға арналған тапсырмалар жинағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Астана 2018 ӘОЖ 373 КБЖ 74.268.1 А 12 Сүлейменова М.М. А 12 «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша 11-сыныптарға арналған та...

«АБАЙ ЖОЛЫ» роман-эпопеясы бойынша 11-сыныптарға арналған тапсырмалар жинағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Астана 2018 ӘОЖ 373 КБЖ 74.268.1 А 12 Сүлейменова М.М. А 12 «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша 11-сыныптарға арналған тапсырмалар жинағы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019. – 28 бет. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда оқушылардың өздік жұмысын тиімді ұйымда- стыру мақсатында «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші кітабындағы жеті тарау бойынша тапсырма түрлері жинақталған. Ұсынылған тапсырмалар оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың шығармашылығын шыңдауға, сыни ойлауын және өзіндік көзқарасын білдіруге, сөздік қорларын молайтуға, алған білімін өмірде қолдану дағдыларын дамытуға негізделіп құрылған. Әдістемелік құрал Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне және 11-сынып оқушыларына арналған. ISBN 978-601-328-584-9 Оқу-әдістемелік құрал Сулейменова Мейрамгуль Мейрашовна «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша 11-сыныптарға арналған тапсырмалар жинағы Редактор Базарбекова Р.Ж. Техникалық редактор Жапарова С.М. Дизайнер-беттеуші Тлеухан Н. 010000. Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1 ғимараты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ӘОЖ 373 КБЖ 74.268.1 ISBN 978-601-328-584-9 ©«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2018 МАЗМҰНЫ Кіріспе...........................................................................................................................................................................................................4 «Қайтқанда» тарауы бойынша тапсырмалар...............................................................................................................................5 «Қат-қабатта» тарауы бойынша тапсырмалар...........................................................................................................................9 «Жолда» тарауы бойынша тапсырмалар.......................................................................................................................................12 «Шытырманда» тарауы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................................17 «Бел-белесте» тарауы бойынша тапсырмалар........................................................................................................................21 «Өрде» тарауы бойынша тапсырмалар......................................................................................................................................24 «Қияда» тарауы бойынша тапсырмалар.........................................................................................................................................26 Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................................................................................................28 3 КІРІСПЕ ХХ ғасырдың үздік шығармаларының бірі атанған халқымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыту оқушылардан үлкен дайындық пен терең ізденісті қажет етеді. Ұлы жазушының су- реткерлік шеберлігі қаншалықты сұлу болса, сол сұлулылықты оқушылардың қабылдауы, түсінуі соншалықты күрделі әрі қиындық туғызады. Көркем шығарманы меңгерту барысында автордың сөз қолданыстарын, оның мағынасын, кейіпкер сөзінің астарын түсінбеу, кейіпкер әрекеттеріне өзіндік баға беру дағдыларының жеткіліксіздігі секілді қиындықтар орын алады. Сондықтан әдістемелік құралда «Абай жолы» роман-эпо- пеясының 1-кітабындағы «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» тараулары бойынша білу және түсіну, қолдану деңгейіндегі тапсырмалармен қатар оқушының шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамытуды көздейтін жоғары ойлау деңгейлеріне құрылған тап­ сыр­ма­лар­ды ұсынып отырмыз. Әр тарау бойынша білім алушының көркем шығарманы меңгеруі мен жан-жақты талдау арқылы шығар- машылығы, сыни ойлау, өзіндік көзқарасын таныта алу, сөздік корларын молайту, алған білімін өмірде қолдану, топта жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталған оқытудың белсенді әдістері («Бұрыш стратегия- сы», «Проблемамен саудалас», «Балық қаңқасы», «Сауал доп», «Әдеби шеңбер», «ПОПС формуласы», «Сюжеттер картасы», «Үш аялдама», «Сыр-сұхбат», «Маңдайдағы стикер», «Графикалық талдау», «Алты қалпақ», «Даналық ағашы», «Құндылықтар себеті», «5 қадам», «Шын, жалған», «Дастарқан», «Жылқы сұлбасы») мен түрлі сызба-кестелер берілді. Құралда оқу тапсырмаларының анық, нақты және оқушыға түсінікті болуы қарастырылды. Әр тарау бойынша оқушыға таныс емес сөздердің мағынасын түсінуге бағытталған тапсырмалар («Сөздік гол», «Сәйкестендір», «Жаңа сөздер») оқушының өздігінен ізденіп, түрлі дереккөздермен жұмыс жасай білу дағдыларын дамытуды көздейді. Әдістемелік құралдың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, оқушыларды сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдануға, көркем мәтіндердегі тілдік ора- лымдарды (лексика-морфологиялық бірліктер) талдауға, негізгі идеяны жеткізу үшін автордың форманы, құрылымды, тілді қолдану жолдарын анықтап, баға беруге, түрлі жағдаяттарға сай өз ойын креативті жазу дағдыларын дамытуға бағытталады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін құралда ұсынылған тапсырмалар мынадай міндеттерді шешуді көз- дейді: оқушылардың көркем шығармаларды қызығушылықпен оқуын қамтамасыз ету; көркем туындыны мақсатты түрде талдай отырып, түсініп оқуына мүмкіндік жасау; шығармадағы кейіпкерлер әрекетіне жан-жақты сипаттама беріп, әрекетіне өзіндік баға беру; көркем туындыны талдауда анықталған мәселелерді өмірмен байланыстыра алу; сөздік қорларын молайту, сөз орамдарын, көркемдегіш құралдарды орынды пайдалана алу; әдеби теориялық білімдерін кеңейту; қазақтың ұлы тұлғаларына, мәдениетіне, тарихына, сөз өнеріне деген құрметін арттыру. 4 «ҚАЙТҚАНДА» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. Тараудағы басты оқиғалар мен оларға қатысты кейіпкерлерді жазыңыз (кем дегенде 5 оқиға болуы шарт). Р/с Тараудағы басты оқиғалар Кейіпкерлер 1 2 3 4 5 6 2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен жай-күйіне қатысты үзінділер қай кейіпкерге қатысты екенін анықтаңыз. Кейіпкерді сипаттап, баға беріңіз. Кейіпкердің сөйлеген сөзі мен іс- Кейіпкердің аты-жөні Кейіпкер сипаты әрекеті – Шүкірлік, әке,– деп біраз тұрды да: – ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатикасын алып қайттым,– деді. – Шырағым, сен бала емессің, естиярсың. Өзің барсаң бір сәрі. Ондай жаман, сұмдық жерге Абайды несіне апардың? – Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді. – Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, – деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. – Барлық байлау осы болғаны ма? Ит те болса, бауыр емес пе еді? – Өй, кәрі малғұн! – деп, Жексенді желкеден қойып жіберді. Біреуді мақтап, біреуден сұрап жырлайтын ақын емес. 5 3. «Бұрыш» Берілген пікірдің біреуін таңдап, ойыңызды түсіндіріңіз. Шығармадан дәлел келтіріңіз. 1. Абай Қодардың өліміне кешікпегенде, Құнанбай шешімін өзгерте алар еді. 2. Абай әке жазасын еш өзгерте алмас еді. 3. Екі ойлымын. 4. «Проблемамен саудалас» 1-қадам. Тарау бойынша 3 проблемалық сұрақ ойлап жазыңыз. 2-қадам. Сұрақтарды топта ортаға салып, ең ұтымды деген 3 сұрақты таңдап алыңыз. 3-қадам. Сұрақтарыңызды өзге топтарға ұсыныңыз. 4-қадам. Өзге топтың сұрақтарын топта талқылап, топ атынан жауап беріңіз. 5. «Балық қаңқасы» Тараудағы көрініс тапқан мәселелер мен құндылықтарды талдап, тұжырым жасаңыз. Сызба бойынша «Балық қаңқасын» толтырыңыз. Тарау бойынша ең Тараудағы маңызды Тұжырым, қорытынды маңызды құндылық мәселелер Мәселелерді шешу жолдары. Ұсыныс 6. Тарауда көрініс табатын құндылықтарды анықтап, әрқайсысына кем дегенде бір дәлел жазыңыз. Құндылықтар Тараудан дәлел Ана мен бала арасындағы махаббат Ұлжанның мол денесін қапсыра құшақтап, қатты қысып, бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді. 6 7. Тарау мазмұны бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз. 1. Тараудағы ұрылар мекеніне айналған жер а) Кереку ә) Көлқайнар б) Тақырбұлақтағы Есембай жырасы в) Шыңғыстаудағы Қарашоқы қыстағы 2. «Мен бөрінің бөлтірігімін деп келеді-ау!» деген сөздің авторы а) Абай ә) Байтас б) Есембай в) Жұмабай 3. Есембай жырасында ұрылардың күндіз шабуыл жасаған кездегі әрекеті а) шоқпармен ұрады ә) бет-ауыздарын таңып алады б) бөріктерін теріс қаратып киіп алады в) дауыстарын танытпау үшін мыңқылдап сөйлейді 4. Сөйлемде кездесетін көркемдегіш құралдар: Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташы- дай бағып, танып өскен. а) эпитет, теңеу ә) ассонанс, теңеу б) теңеу, метафора в) гипербола, метанимия 5. Абайдың әкесіне беретін жауабын ерте әзірлеу себебі: а) әкесі ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейді. ә) әкесінің алдында білімінің өскенін көрсеткісі келді. б) өзінің ер жетіп қалғанын білдіргісі келді. в) әкесінің ризалығын алғысы келді. 6. Құнанбай ұйымдастырған бас қосудың себебі: а) қыстау мәселесі ә) ру арасындағы араздық б) Абайды үлкендер ісіне араластыру в) Қодар мен келіні жайлы ел арасында тараған әңгіме 7. Шариғат бойынша Қодарға кесілген жаза а) дарға асу ә) дүре соғу б) жер аудару в) елден аластату 7 8. Жексеннің Қодарға жала жабуының себебі а) Жәмпейіспен араздастыру ә) Қодардың малын иемдену б) Қодардың жерін басып қалу в) Келіні Қамқаны әмеңгерлікке алу 9. « - Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің!» деген сөздерді кім, қашан айтқан? а) Қодар, Сүйіндік кісі жібергенде ә) Құнанбай, Қодарды жазалар алдында б) Сүйіндік, Қодарға қатысты бас қосуда в) Қодар, Қарашоқы қыстауында жазаланар алдында 10. Аналар ауылына келген қонақтар а) Бөжей мен Байтас ә) Жұмабай мен Барлас б) Барлас пен Байкөкше в) Шөже ақын мен Сүйіндік 8 «ҚАТ-ҚАБАТТА» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. Берілген үзіндінің тұсына сәйкес келетін кейіпкердің атын жазыңыз. 1 Соңғы жылдарда іште жүрген наразылығының көп себебі сол болатын. Со да өңдімеді. Кейін Түсіпке талай рет зығыры қайнап, шынды айтысқанда: – Құнанбаймен сөз біткен. Істен басқа айла жоқ. Ер болсаң, іске шыда! Ол болмаса дағдыңа бас, ұсына бер! – дей беретін. 2 – Сен Сүйіндік пен Сүгір, Жексен – үшеуіне айт, көпті қоздырмасын! Бассын! Шыңғыстың қай тұсына орнықтырсам да, ол үшеуінің сыбағасы олқы емес. Өкінбесін! Өкіндірмеймін! Осы сертіме сенсін! 3 Қамысбайдың қамшысы сермелген бойында Бөжейдің арқасына төне бергенде, біреу келіп, өз денесімен Бөжейді жаба бере, құлап кеп түсті. 4 – Мынау соқыр аяйын деп тұрған жоқ. Тағы да түбімізге жетті ғой. Атамын! Жайратамын! 5 – Көтібақ! Көтібақ! Ер соңымнан, Көтібақ! – деп ұран салып, бар Көтібақты бір-ақ сәтте екшеп алды. 6 – Алып шық шеттерінен! Сүйретіп шық індерінен! Қол-аяғын байлап ап шық өңшең тоң мойын құлдың! Дұрыс жауабы: 1. Бөжей 2. Құнанбай 3. Пұшарбай 4. Дәркембай 5. Байсал 6. Майбасар 2. Тарау мазмұны бойынша ашық тест сұрақтарына жауап беріңіз. 1. Бөжейдің «Мен сені оқтан аяп ем жаңа, сен мені отқа салдың ба?» деген сөздері кімге арналған және мағынасы қандай? 2. – Уа, қара бет басым! Қара басқан қу басым! Мен қуарған не еткен ит едім? Ойбай ба- уырым!... Бауырым, Қодар! – деп өкіре жылаған Жексен сөздерінің астарында не жатыр? 3. Байсалдың қолын алып, Жігітек жағына шығып кетуінің себебін қалай түсіндіресіз? 3. «Сөздік гол» Берілген сөздерге анықтама беріңіз. Осы сөздердің түсіндірме немесе фразеоло- гиялық сөздікте берілген анықтамасын тауып, салыстырыңыз. Сөзді қатыстыра отырып, сөйлем құраңыз. 9 І топқа: Сөз Менің анықтамам Сөздіктегі анықтама Сөйлем Күзем Жан ашыр Содыр Түс шайыспай Бықпырт тигендей ІІ топқа: Сөз Менің анықтамам Сөздіктегі анықтама Сөйлем Тосқауыл Шаңқай түс Сойыл Шоқпар ІІІ топқа: Сөз Менің анықтамам Сөздіктегі анықтама Сөйлем Тоң мойын Араша Мардымсыз Нөпір 4. «Сауал доп» Допқа цифрларды жапсырып, бір-біріңізге лақтырыңыз. Қағып алған кезде алақаныңыз қай цифрды басып тұрады, сол цифр сұрағына жауап беріңіз. Сұрақтар: №1. Барлас Абайға ризалығын қалай білдіреді? №2. Құнанбай бала Абайды сынау мақсатында қандай сұрақ қояды? №3. Құнанбай Жұмабайды қалаға қандай тапсырмамен жібереді? №4. Құнанбайдың Жігітек пен Бөкеншінің қыстауларын тартып алуының қандай себеп- тері бар? №5. Құнанбай жігіттері неге Үркімбайды әкете алмады? №6. Бөжейге араша түскен кім және оған не себеп болды? 5. «Әдеби шеңбер» Берілген тапсырмалардан өз міндетіңізді таңдаңыз. Жұпқа бөлініп, тапсырманы орын- даңыз. белгілеуші байланыстырушы бейнелеуші суреттеуші қорытындылаушы 10 Белгілеуші – шығармадағы екі кейіпкерге қатысты ең маңызды әрекеттері немесе айтқан сөздері арқылы кейіпкерлер сипатын анықтайды. Бейнелеуші – өздеріне ерекше әсер қалдырған кейіпкердің атынан монолог құрасты- рып айтады. Байланыстырушы – шығармадағы көтерілген мәселелерді немесе кейіпкерлерге қа- тысты маңызды әрекеттерді қазіргі өмірмен байланыстырады. Суреттеуші – шығармадағы ерекше әсер қалдырған эпизод немесе сюжеттің суретін салып, ой қорытындысын жасайды. Қорытындылаушы – шығармадағы бір кейіпкердің атынан авторға немесе кейіпкердің өзіне хат жазады. 6. Үзіндідегі төл сөздердің қай кейіпкерге тән екенін анықтап, көп нүктенің орнына кейіпкердің есімін жазыңыз. Оның қай оқиғамен байланыстылығын анықтаңыз. Үзінді Оқиғалардың байланысы.................... осыған қайран боп, Бөжейдікіне түстене келіп отырып: – Туысқаныңның бұл сырын ұқтың ба? Бұл не ғып биыл дедектеп кетті, ә? – деп еді. Оған..................... күндіз бұйрық беріп: – Бір қимылды істеуін істедің. Бірақ енді сақ бол!– деген. – Мынау соқыр аяйын деп тұрған жоқ. Тағы да түбімізге жетті ғой. Атамын! Жайратамын! – деп, шақпағын шаға беріп еді. – Уа, қара бет басым! Қара басқан қу басым! Мен қуарған не еткен ит едім? Ойбай бауырым!.. Бауырым, Қодар! – деп.................. өкіріп жылап, атын борбайлап, Қодар қыстауына қарай шаба жөнелді. – Әкім аспанда тұрмақ па екен? Исі Шыңғыстан Ырғызбайға қыстау тимесін деген кімнің бұйрығы? 7. «ПОПС» формуласы Екі пікірдің біреуін таңдап, өз ойыңызды ПОПС формуласына салып ұсыныңыз. «ПОПС» формуласы Бірінші сөйлем: «Біздің ойымызша...» Екінші сөйлем: «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз…» Үшінші сөйлем: «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз…» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз мынадай қорытындыға келдік...». Бірінші пікір: Құнанбайдың Жігітек, Бөкенші жерлерін тартып алуының басты себебі: Ырғызбайға Шыңғыстан құйқалы қыстаулардың берілмеуі. Екінші пікір: Құнанбайдың Жігітек, Бөкенші жерлерін тартып алуының басты себебі: Қодардың із-тозы бітсін деп, бұл жерді, бұл өңірді әдейі басқаның мекені ету. 11 «ЖОЛДА» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. Тарау мазмұнына қатысты толықтыру тестін орындаңыз. 1. Оспан Смағұлдан... ұрлап алды. а) асығын ә) құлжасын б) кітабын 2. Оспан құлжаны......... салып жібереді. а) күбідегі биенің қымызына ә) әжесі Зеренің сандығына б) шелектегі түйенің қымызына 3. Ғабитхан молда кеш сайын......... айтуды әдетке айналдырған. а) «Мың бір түн» хикаяларын ә) «Жүсіп-Зылиқа» дастанын б) «Үш соқыр» хикаясын 4. Анасы Абайға:...... сәлеміңді түзу бер, – дейді. а) туысқаны Бөжейге ә) әкесі Құнанбайға б) қайын атасы Алшынбайға 5. Қарқаралының атқамінер қариялары Құнанбайды......... ерекше құрметтейтін. а) Алшынбаймен құда болғаны үшін ә) Ел арасындағы бақ-беделі үшін б) Қалаға ең бірінші мешіт салғызғаны үшін 6. Алшынбай Құнанбайға......... кеңес береді. а) туысы Бөжеймен татуласуды ә) Бөжей алдында кішіреймеуді б) Бөжеймен құда болып, сүйек жаңғыртуды 7. Абай қала көшелерінің бірінде...... кездестіреді. а) Шөже ақынды ә) Байсалды б) Байкөшені 8. Бөжей Абайға....... а) рақмет айтады ә) бата береді б) назар салмайды 9. Алшынбай Бөжей мен Құнанбай татулығына қатысты............ шешім айтады. а) бала алысып, бауырына салу туралы ә) шұрайлы қыстау беру туралы б) қыз алысып, құда болу туралы 12 10. Құнанбай ауылына келген Бөжей............ алып қайтады. а) Айғыздан туған ұл Смағұлды ә) Айғыздан туған қыз Кәмшатты б) Ұлжаннан туған ұл Оспанды 2. «Оқиғалар» «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тараулары бойынша сөйлемдерді оқып, қай бөлімнің оқиғасы екенін анықтаңыз. 1. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. 2. – Әйтеуір, сендерден дәрмен жоқ екен. Ендеше бірге жүрдім не, жеке жүрдім не? Ал кеттім! – деп, соқтырта жөнелді. 3. – Шүкірлік, әке, – деп біраз тұрды да: – Ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатикасын алып қайттым, – деді. 4. Осы кезде күнбатыс жақтан және күншығыс жақтан да бірнеше аттылар кеп, Сүйіндік тобына қосылып еді. Батыс жақтан келген екі аттының біреуі Сүйіндіктің үлкен баласы Асылбек болатын. 5. Бәріне де бір сәтте Қодар өлімінің сыры, Бөкенші жерінің алыну сылтауы бір-ақ шешілгендей болды. 6. Ұзын-ұзын ақ сойылдар кезек-кезек қағысып, сарт-сарт тиіседі... Қараңғыда тосқа- уылда тұрып шабуыл жасаған Қараша болатын. 7. Татулықты Алшынбай сұрағанда, қай жауабын болса да ойланбай айту қиын. 8. – Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! – деп, мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. 9. – Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет Риза хазіреттен фатуа сұрап келді. Жазасы дарға асу депті. 10. Мынау соқыр аяйын деп тұрған жоқ. Тағы да түбімізге жетті ғой. Атамын! Жайрата- мын! – деп, шақпағын шаға беріп еді. 3. «Сөздік гол» Берілген сөздерге анықтама беріңіз. Анықтамаңызды түсіндірме немесе фразеоло- гиялық сөздікте берілген анықтамамен салыстырыңыз. Сөзді қатыстыра отырып, сөйлем құраңыз. 13 Сөз Менің анықтамам Сөздіктегі анықтама Сөйлем Құлжа Күндес Дәріптеу Кірбең Дүмшебай Қатыбас Пұшпақ Баталасу Арыздасу Підия Базарлық Жатақ 4. Тарау бойынша төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. Тарауда кездесетін кейіпкерлер:___________________________________________ Тарауда көтерілген мәселелер_____________________________________________ Тараудағы ең маңызды оқиға_______________________________________________ Тараудағы ең маңызды дәйексөз____________________________________________ Маған ұнаған кейіпкер әрекеті, себебі: ______________________________________ 5. «Автор ойы Тараудан алынған үзінді бойынша автор ойын анықтап, оған өз көзқарасыңызды біл- діріңіз. «...Осы қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады. Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді...». Абайдың әжесімен оңаша қалуы және Кәмшатты әжесіне алып келуінің сыры неде? 14 «...– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі де күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма! – деді». Анасының сөзінен Абай не түйді? Айтылған ақылдың Абай әрекетіне қа- тысы болды ма? «...Тынымы да өзгешелеу болды білем... Араларың алыс болса, қыз алысып, құда бо- лысыңдар дер едік. Ағайынсың, жақынсың, бірақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын! – десті». Алшынбай шешімі Абайға қалай әсер етті? Қабылданған шешімге өз көзқа- расыңды білдір. «...Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де әкеңнің қаттылығын бермесін! – деп, бетін сипады». Бөжей батасы мен Зеренің тілегі несімен ұқсас? Абайдың әкеге қарап өсуі дұрыс емес пе? «...Шын ба? Шын айтты ма? Жоқ әлде Байсалдың қаттылық, аямастық мінезі балаға ауыр тимесін деп, жаны ашығаннан айтты ма? Бөжей не мәнмен мұндай жақсы бата берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай таудай үлкен сый бола ма?...». Бөжейдің сыйы Абайға неліктен ерекше әсер берді? Бұдан бұрын Барластан да бата алған Абайдың болашағы үшін баталардың маңызы бар ма? 6. «Сюжеттер картасы» Тарау бойынша маңызды 4 сюжеттің картасын (сурет, сызба) сызыңыз. Бір сюжетті таңдап, оның неліктен маңызды екендігін дәлелдеңіз. Сюжет тараудың қай композициялық бөлігінде орналасқанын тауып, түсіндіріңіз. 15 7. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен жай-күйіне қатысты үзінділер қай кейіпкерге қатысты екенін анықтаңыз. Кейіпкерді сипаттап, баға беріңіз. Кейіпкердің Тараудан үзінділер Кейіпкердің сипаты есімі – Қызғанған дұшпанның іші күйсін! Ертең мешіт те бітейін деп тұр... Жұрттың тілеуі тегіс-ақ бұрылды білем біздің мырзаға, – деп..... мазатсып қойды. – Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де әкеңнің қаттылығын бермесін! – деп, бетін сипады. – Қарағым, бауырың суып, қатыбас боп кетпедің бе? Балам сен едің де, анаң мен емес пе ем?..– деді. – Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!– деді. – Ақсақ тазы – Алшынбай... – Соқыры – Құнанбай. – Не қыл дейсің? 16 «ШЫТЫРМАНДА» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. Берілген сөздер мен іс-әрекеттердің қандай кейіпкерлерге қатысты екенін анықтаңыз. 1 – Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма! Ұқсама аналарға! 2 Бетінде ғазап пен сор көлеңкесі бар сияқты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі қайғы шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетіндей боп, тозығы жетіп, жиырылып тұр. Үлкейіп, алақандай боп кеткен қап-қара көздерінен кесек-кесек жастар тамшылайды. 3 – Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме екен? Борсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой? Көгі болса бұрын да орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді ме? 4 Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызып, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады. 5 Сүйіндік үйінің адамы емес, бір толықша, қара жігіт екен. Жалғыз жүрген жолды көңілсіз көріп, алдыңғы жағында кетіп бара жатқан екі аттыны әдейі әңгімелесіп отыру үшін қуып жеткен екен. 6 Кеше кешке бар жанкүйер ағайынын шақырып, арыздасып жатыр. 7 – Мынау аналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдар сендер бізді. Тап енді, емін тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетімегімді! 8 – «Жарасы жазылды, сынығы бітті» дей ме екен. Сұрау салмай, мазамды алмай тек жүрсін, күйдірмесін ағайын! 2. «Жаңа сөздер» Берілген сөздердің бірін таңдап, сөздіктің көмегімен мағынасына талдау жасап, кестені толтырыңыз. Ұсынылатын сөздер: қасқа, жендет, жент, тақат, мызғу, баталасу, күбі, жерлеу, топшы- ласу, жаманат, жанкүйер, жаназа. Сөздің синонимін қолдана отырып, сөйлемді өз Сөз сөзімен қайта жазу Анықтама Шығармадағы сөйлем Синоним Антоним 17 3. «Оқиға реті» Тараудағы оқиғаларды даму реті бойынша нөмірлеп шығыңыз. Оқиға ретін түпнұсқа- сымен тексеріңіз. № Шығармадан алынған үзінділер Сөздерін тыңдап келе жатып Абай Ерболға шын ықыласпен қарап, әлденеден ыстық көре бастады. Өйткені Ербол Сүйіндік аулының аса жақын жігіті екен. Өзінің шешесі мен Тоғжанның шешесі немере қарындас. Әңгімешіл, күлегеш Ербол, енді Абайға бар тұлғасымен ұнай бастады. Абай аттан түсе бере, шылбырын Қарабасқа тастады да, аял қылмастан әкесіне қарай тартты. Жақындап келген уақытта әкесі қадағалап қарап еді. Баласының екі көзі от шашып, беті қызғылтта- нып, танауы да желбірей түседі. Отырысымен көп күттірген жоқ. Бүгін Байдалыдан есіткен сөздерді бұлжытпастан, жалғыз түйірін қалдырмастан түгел айтып шықты. Әкесінен көз алмай қарап отырып сөйледі. Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байқап бір күні кешке: – Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнер- ден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға!..– деген. – Ақсақал, осы сіздің балаларыңыздың «бес қасқа» атанатын себебі не? Соның мәнін ұқты- рыңызшы!– деді. Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен. «Байыпты бала-ау өзі. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен екен...» – деп ойлады. Айында, аптасында бір көреді. Арыз мұңын саған айтпай кімге айтады? Қатты болсаң қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің? Бұл жерде, бұл мекенде сен мойныңдағы қарызы мол әкесің, білдің бе? Айтам ғой, «жер тәңірісімін» десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ. Сен де пенденің ұлысың, анадан туғансың. Менмін сені тапқан. Мынау аналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп күңірентіп отырсыңдар сендер бізді. Ағайын арасының ежелгі айнымас заңы бойынша, жаназаға шақырар деп еді. Жаназаға деп саба, сойыс, үй қамдап, өз жолымен барудың жайын да шолақ-шолақ сөйлескен болатын. Бірақ кешке шейін тосса да хабаршы келмеді. Сұмдық көрінсе де, көнбестеріне шара жоқ. Бөжейдің өліміне Құнанбайды шақырмапты. Аттарын байлап, енді үйге қарай жүре бергенде, Абай осы үйдің ішінде әлсіз үнмен жалынып жылаған кішкене баланың үнін есітті. Ауру баланың жылағаны. Абай жүрегі жаман белгіні сезгендей су етіп, қатты аянышпен шаншып кетті. Үн дәл Кәмшаттың үні сияқты. Абайлар үйді айналып есікке тақай берді. Бірақ дәл осы кезде жаңағы баланың жылауына ызаланған ұрысқақ дауыс естілді. Бар сөзі басқа ұрғандай ап-анық шығып жатқан Бөжейдің бәйбішесінің даусы....Ақ етің аппақ екен атқан таңдай! Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз жырлап тұрған тәрізді. Тоғжанға арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жан жырының тұңғыш жолы осы еді. Үй тігіліп болысымен, ішіне бөтен жасау-жабдық кіргізбей, тек есіктен төрге дейін кілем ғана жайғызды. Оң жаққа үлкен сүйек төсек кіргізді. Үстін көмкерумен қара кілеммен тегістеп болып, сол төсекке Бөжейдің сүйегін әкеп салғызды. Жаназасын шығарғанша өлік осында болмақ. Бөжейдің өлігін өз үйінен шығарып, мынау үйге әкеп қою қаралы қатындар мен Бөжей қыздарының зарлауын қатты үдетіп еді. Орташа келген қырлы мұрны енді анық көрінді. Қырынан қарағанда біртүрлі сүйкімді екен. Жұм- сақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес, әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр. 18 4. «Үш аялдама» Топтық тапсырманы сағат тілімен айнала отырып орындаңыз. 1-аялдаманың тапсырмасын орындап болған соң 2-аялдаманың тапсырмасына ауысыңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін келесі 2, 3-аялдаманың тапсырмаларын орындаңыз. 1-аялдама. Құнанбайдың бір әрекетін жазып, соған қатысты өз пікіріңізді біл- діріңіз. 2-аялдама. Тараудағы Құнанбай мен Абай арасындағы қарым-қа- тынасты сипаттайтын бір сюжетке өзіндік баға беріңіз. 3-аялдама. Екі пікірдің бірін таңдап, ПОПС формуласы арқылы түсіндіріп, дәлелдеп, қорытынды тұжырым жасаңыз. Бірінші пікір: Кәмшат – әлеуметтік тартыстың құрбаны Екінші пікір: Алшынбайдың шешімі Құнанбай әулеті үшін психологиялық соққы болды. 19 5. Үзіндіге қатысты тапсырманы орындаңыз.... Сүттей жарық, айлы түн. «Нені айтады? Не деп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барам? Тақат, сабырым қайда?» Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей. «...Таң... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?» Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі жас баланың етіндей! Ақ торғындай мойны!.. Таң осы да... өзі ғой!...Ақ етің аппақ екен атқан таңдай! Шынымен бар жанымен құлай табынған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз жырлап тұрған тәрізді. Тоғжанға арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жан жы- рының тұңғыш жолы осы еді. 1. Үзіндіде кімнің сезімі сипатталады? 2. Шығарманың қай тұсынан алынған үзінді? 3. Үзіндіде Тоғжанның бейнесі қандай тәсілдер арқылы берілген? 4. Абайдың Тоғжанға деген махаббат сезімі оның өмірі мен шығармашылығына қалай әсер етті деп ойлайсыз? (6-7 сөйлем жазыңыз). 6. «Тұрақты тіркестер» Тарауда кездесетін кем дегенде 3 тұрақты тіркесті тауып жазып, мағынасына, қол- данылу мақсатына талдау жүргізіңіз. Тұрақты тіркестер кездесетін Мағынасы Қолданылу мақсаты сөйлем 7. «Сыр-сұхбат» Кейіпкер есімдері жазылған қағазды таңдаңыз. Автор орындығында оқушылардың кейіпкер әрекеті, ойы, сөзі, мінезі, автор көзқарасына қатысты қойған сұрақтарына кейіпкер атынан жауап беріңіз. Кейіпкерлер есімдері: Ұлжан, М.Әуезов, Абай, Құнанбай, Бөжей, Зере, Байсал, Алшынбай, Кәмшат, Айғыз,Сүйіндік, Оспан. 20 «БЕЛ-БЕЛЕСТЕ» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. «Маңдайдағы стикер» Кейіпкердің аты жазылған стикерді маңдайға жабыстырыңыз. Стикерде қай кейіп- кердің аты жазылғанын «Мен не істедім? деген сұрақ арқылы кейіпкер әрекеттерін айта отырып, тауып алыңыз. 2. «Графикалық талдау» Кестедегі сұрақтар арқылы тараудағы маңызды оқиғаларға талдау жүргізіңіз. Қайда? Кім/кімдер? Неге? Қашан? ТАҚЫРЫП Қандай көңіл-күй? 1-жұп. Абай және Бөжей көші 2-жұп. Құлыншақтың шешімі 3-жұп. Бөжей көшін шапқан Құнанбай 4-жұп. Айыптау қағаздарын жою 5-жұп. Ербол мен Абай 6-жұп. Отбасына қатысты Құнанбай шешімі 3. «Алты қалпақ» Қалпақ түсіне сай тапсырмаларды орындаңыз. Ақ қалпақ – тараудағы автор көтерген мәселелерге тараудан аргументтер келтіре отырып, оң баға беріңіз. Сары қалпақ – мәселелердің өзектілігін бүгінгі күнмен байланыстыра отырып дәлелдеңіз. Қара қалпақ – тараудағы автор көтерген мәселелерге аргументтер келтіре отырып, автор көзқарасына қарсы пікір айтыңыз. Қызыл қалпақ – тараудағы өздеріне ерекше әсер қалдырған кейіпкерлер сөздерін анықтап, әсерімен бөлісіңіз. Жасыл қалпақ – шығарманы автордың тақырып жағынан ұқсас өзге шығармасымен ұқсастығын салыстыра отырып, дәлелдеңіз. Көк қалпақ – автор мен шығарманың өзектілігі туралы қорытынды ой түйеді. 21 4. «Даналық ағашы» Тарау бойынша күрделі сұрақ құрастырып, оны стикерге жазыңыз да, тақтадағы ағаш суретіне іліңіз. Осы стикерлердің біреуін таңдау арқылы онда жазылған сұрақты дауыстап оқып, толық жауап беріңіз. 5. «Құндылықтар себеті» Себет ішіндегі құндылық атаулары жазылған қағаздардың бірін таңдаңыз. Тараудағы шығармадан 3 түрлі дәлел келтіріп, құндылық болып танылуы/танылмауына қатысты өзіндік тұжырым жасаңыз. НАМЫС БИЛІК ДОСТЫҚ МАХАББАТ ТУЫСТЫҚ ОТБАСЫ Құндылық 3 дәлел Тұжырым 1. 2. 3. 6. «Түрлі-түсті хатқалта» Хатқалталардың бірін таңдау арқылы көркем шығармадағы астарлы ойды түйіндей отырып, шығармада көтерілген мәселелерге сыни тұрғыдан баға беріп, шағын талқылау жазыңыз. Абайдың жер дауына байла- Құлыншақ ауылындағы Май- нысты айтқан шешімінің се- басардың сабалуы туралы бептері туралы өз ойыңызды өз ойыңызды ортаға салып ортаға салып талқылаңыз. талқылаңыз. 22 Майырдың үйіндегі Құнанбай Өз балаларының қамын әрекетінің себептері туралы ойлаған Құнанбай шешімі өз ойыңызды ортаға салып туралы өз ойыңызды ортаға талқылаңыз. салып талқылаңыз. 7. «Әдеби шеңбер» Берілген тапсырмалардан өз міндетіңізді таңдаңыз. Жұпқа бөлініп, тапсырманы орын- даңыз. белгілеуші байланыстырушы бейнелеуші суреттеуші қорытындылаушы Белгілеуші жұп – тараудағы кейіпкерге қатысты ең маңызды әрекет немесе кейіп- кердің сөздерін таңдау арқылы кем дегенде екі кейіпкерге сипаттама беріңіз. Мысалы: Абай шешімі, Ұлжан мен Күңке қарым-қатынасы, Өзеннің бұзылуындағы Ербол әрекеті т.б. Бейнелеуші жұп – «...Абай өзіне арналған хабарды үнсіз ғана аңырып тұрып тыңдады. Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай сезініп еді...». Осы көріністегі Абай сезімін, көңіл-күйін монолог арқылы жеткізіңіз. Байланыстырушы – тарауда көрініс тапқан кем дегенде екі мәселенің ұнамды/ұнамсыз жақтарын қарастырып, қазіргі өмірмен байланыстырыңыз. Суреттеуші – тараудағы кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас немесе әсер қалдырған бір эпизодтың суретін (сызбасын) салып, ой қорытындысын жасаңыз. Қорытындылаушы – махаббатты жақтаушы жастар атынан кейіпкерлердің бірін таңдап, хат жазыңыз. 8. «Бұрыш» Берілген пікірдің біреуін таңдап, ойыңыздың себебін түсіндіріңіз. Шығармадан дәлел- дер келтіріңіз. 1. Абайдың Бөжей асына атсалысуы – әке беделін ойлауы 2. Абайдың Бөжей асына атсалысуы – туысқандық парызын орындауы 3. Екі ойлымын. 23 «ӨРДЕ» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. «Сәйкестендір» Сөздердің синонимін немесе анықтамаларын жазыңыз. Қажет болған жағдайда сөздікті пайдаланыңыз. Сөз / сөз тіркестері Синонимі немесе анықтамасы Шымылдық Көрімдік Қолқа салу Түс шайысу Қарақшы Азалы Жаңсақ Аузы жеңіл Бүріпті 2. «5 қадам» Берілген тапсырмаға 5 рет қадам жасап, әр қадам сайын 5 түрлі жауап айтыңыз. Сұрақтар: Тараудағы ең маңызды 5 эпизодты атаңыз. Тарауда кездесетін 5 салт-дәстүрді атаңыз. Тарауға сүйеніп, Абайға 5 сөзбен сипаттама беріңіз. Тарауға сүйеніп, Ерболға 5 сөзбен сипаттама беріңіз. 3. «Шын», «жалған» Айтылған оқиғалар шығарма мазмұнына сай болса, қолдарыңыздағы жасыл бағдаршам- ды, жалған болса, қызыл бағдаршамды көтеріңіз. Себебін түсіндіріңіз. Ділдә Абайдың жанына отырған бетте күлімсіреп амандасты. Құнанбай Байдалы мен Байсалға берген жерлердің бәрін қайтадан қайтарып алатын бопты. Бұл жолы ай жарым жүріп, Ділдәні алып келді. Абай Байсал мен Байдалыдан ең қадірлі, ең сыйлы деген елдің қонағының біреуін беруді өтінеді. Абайдың сыйлы қонағының бірі – атақты Садақ ақынды жеңіп, «бала ақын» атанған Қадырбай ақын. Абайлар бес күн бойы Бөжейдің қайын жұртын күтті. Ербол Тоғжанның кездесуге шақырғанын айтып, сүйінші сұрап Абайға кісі жібереді. Ербол Абай мен Тоғжанды кездестіру үшін ақсүйек ойынын ұйымдастырады. Ағаш арасында жасырын кездесіп тұрған Абай мен Тоғжанды Асылбектің әйелі тауып алады. Алтыбақан басында Керімбала алғаш рет Абаймен танысады. 24 4. «Дастарқан» Тарауда көтерілген мәселелер негізінде өз бұрышыңызға бір сұрақ жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағына жауап жазыңыз. Дастарқан- ның ортасына ақылдаса отырып, қорытынды тұжырым жазыңыз. 5. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен жай-күйіне қатысты үзінділер қай кейіпкерге қатысты екенін анықтаңыз. Кейіпкерді сипаттап, баға беріңіз. Кейіпкердің сөйлеген сөзі мен іс- Кейіпкердің аты-жөні Кейіпкердің сипаты әрекеті Жүрегін әлдеқандай реніш, өкініш басқандай. Өзінен-өзі суық тартып, сұлқ түсіп, жүдеңдеп барады. – Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көріскен жоқ ем. Бірақ, барлық көрген-сезгенім есімде. Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып, мейірі түсіп кетіп, Бөжікең бата беріп еді-ау! Сондағы сөзі есіңде болар. Сенен үлкен дәме ғып, бата берген еді. Мен онда жақтырмап ем. – Айтпағым: өлең дегенді аса бір сүймейтін кісі сенің әкең еді. Сен неғып өлең сүйгіш боп жүрсің? Осының жөнін айтшы? – Ағайынның аянып қалатын жері емес қой. Менің балам ол үлестеріңнен де қалмаймын дейді. Соның ақылымен мына бір бұйымды әкеліп ем! Барлық осы күйеулік жәйін лезде қайта шолып өтті. Мол дүниемен, салтанат, нөкермен құда, күйеу боп келісті. Мұнда да қонақ асы, күтім, той-жиын, сән- салтанат олқы емес. Өңшең ынтымақ. Мол тілек, жағалай бата. Бәрі кім үшін? 25 «ҚИЯДА» ТАРАУЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР 1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен жай-күйіне қатысты үзінділер қай кейіпкерге қатысты екенін анықтаңыз. Кейіпкерді сипаттап, баға беріңіз. Шығармадан алынған үзінді Кейіпкердің аты-жөні Кейіпкердің сипаты – Сен жас болсаң да ақылды адамсың. Халқыңа жаның ашиды екен. Оның зор қасиет. Бірақ сол елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім жарығына ұмтыл! Оқу ізде! – Мынау апатпен алысып жатқан ағайынға қайырым етіңдер! Ауылда неше қазан болса, соның бәріне ыстық істеп, күніне бір-бір рет қорек беріңдер! – Менің тілімді алсаң, болма! Ұлықтық қасиет емес екен. Көзіміз жетті ғой. Бектік бұзады екен және түбінен қайыр шықпайды, қарғыс шығады екен. Жас өміріңді зая қылма! Баладан ғана жеңілген жоқ. Ендігі өмір мегдеп барады. «Әлсіредің, тозарлық шағыңа жеттің» деп тықсырып кеп, шетке қағып барады. Өз баласының аузынан естіген үн, сол бір – «дәуренің өтті» деген суық сарынның қатаң лебі еді. Ол Абайдың Тәкежаннан кіші бола тұра, жақсы атты жігіт боп бара жатқанын қызғанып жақтырмайды. – Қарағым... жалғыз қарашығым! – деп, Ұлжан жаққа қарады да, – анаңды күт! – деді. 2. Бір кейіпкерді таңдаңыз. Кейіпкердің осы тарауда байқаған тартымды мінезі мен ерекше қасиетін анықтап, дәлел келтіріңіз. Анықталған әрекетке қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Кейіпкеріңіздің Кейіпкердің осы Сіздің кейіпкеріңіз тартымды мінезі мен әрекетіне сіздің ерекше қасиеттері көзқарасыңыз Абай Дәркембай Құнанбай Тәкежан Ұлжан Зере 26 3. Тараудағы маңызды сюжет бойынша талдау жасаңыз. Басы - Тараудағы ең маңызды сюжет Денесі - Маңызды болу себебі Аяқтары - Себебіне 4 дәлел Жалы - Қорытынды ой (2 сөйлем) Тараудағы ең маңызды сюжет Маңызды болу себебі Қорытынды ой Себебіне 4 дәлел 4. «Театр» ойыны Тараудағы кейіпкерлер арасындағы диалогті сахналаңыз. 1-топ. Қаражан мен Абай арасындағы диалог 2-топ. Абай мен Түсіп, Зере арасындағы диалог 3-топ. Зере мен Ұлжан, Абай арасындағы диалог 4-топ. Абай мен Құнанбай арасындағы диалог 5-топ. Құдайберді мен Абай арасындағы диалог 5. «Кейіпкерлер әлемі сыр шертеді» Кейіпкерлер мен олар арқылы танылатын құндылықтар туралы пікір білдіріп, дәлелдер келтіріп, шағын жоба жұмысын жазыңыз. 1. Шығармадағы Құнанбай бейнесін берудегі тарихи және көркем шындық 2. Әуезов сомдаған ұлы аналар бейнесі 3. Шығармадағы ұлттық құндылықтардың көрінісі 4. Шығармадағы Абайдың азаматтық образы 6. «Аргумент шеңбері» Шығармадағы кейіпкерлердің бірін таңдап, берілген аспектілер бойынша талдау жа- саңыз. 27 Кім? Эмоция Автор сипаты Маңызды цитата Оқиғалармен байланысы КЕЙІПКЕР Кейіпкерге Басқа кейіпкерлермен мінездеме қарым-қатынасы, байланысы 7. «Х-О» Кейіпкердің біреуін таңдаңыз. Осы кейіпкер бойынша кестедегі бір тапсырманы орындаңыз. 1-топ. Абай 5-топ. Ербол 2-топ. Базаралы 6-топ. Қадырбай 3-топ. Дәркембай 7-топ. Ұлжан 4- топ. Тәкежан Кейіпкер бойындағы маңызды Кейіпкерге қатысты автор Кейіпкер шешіміне қатысты пікір мінез-құлықтың көрініс табу пікірімен келісу немесе қарсы жазу себептеріне талдау жасау шығу Кейіпкерге қатысты Кейіпкер төңірегіндегі Кейіпкерге қатысты ең көркемдегіш құралдарды мәселелердің туындау себептері маңызды сюжетті анықтау қолданудағы автор мақсатын мен шешіміне қатысты пікір айту түсіндіру Кейіпкердің басқа кейіпкерге Кейіпкерге қатысты сюжетке Заман, қоғам көрінісінің әсер еткен маңызды әрекетінің өзгеріс енгізу және оның кейіпкерге кері әсерін талдау себеп -салдарын талдап, өзіндік себептері мен салдарын анықтау пікір білдіру Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. М. Әуезов. «Абай жолы» І-том. «Жазушы» баспасы, Алматы, 2013. 2. «Абайтану» курсын оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. 3. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары. 11-сынып. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014. 4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. «Дайк-Пресс», Алматы, 2008. 5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні бойынша оқу бағдарламасы (Жоғары мектеп) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2018. 6. Қ. Бітібаева. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. «Рауан», Алматы, 1990. 7. Қ. Бітібаева. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту. «Мектеп», Алматы, 2002. 8. Тұрақты тіркестер сөздігі. «Дайк-Пресс», Алматы, 2008 ж. 9. М. Шәбжантайқызы. «Әдебиет теориясы – көркемсөз ғылымының айнасы». Көкшетау, 2002. 10. Б. Исина. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал (М.Әуезов, Б.Майлин, Ж.Молдағалиев шығармалары не- гізінде). Алматы, 2014. 28

Use Quizgecko on...
Browser
Browser