Қали Мөлдір СРСП псих. PDF

Document Details

Uploaded by Deleted User

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

2023

Қали М.Е

Tags

communication image identity humanities

Summary

Реферат коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну тақырыбына арналған. Рефератта имидждің түсінігі, тұлға имиджінің даралануы және имидж түрлері қарастырылады. Рефератта Қазақстандағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің мәліметтері келтірілген.

Full Transcript

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және психология институты Педагогика және психология мамандығы РЕФЕРАТ Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну Орындаған: Қали М.Е Тексерген: Орынбаева.Л.К Алматы, 2023 жыл Жоспар: 1\. Имидж туралы түсінік. 2\. Тұлға имиджі...

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және психология институты Педагогика және психология мамандығы РЕФЕРАТ Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну Орындаған: Қали М.Е Тексерген: Орынбаева.Л.К Алматы, 2023 жыл Жоспар: 1\. Имидж туралы түсінік. 2\. Тұлға имиджінің даралануы 3\. Имидждің түрлері 1\. Имидж туралы түсінік. Имидж - тұлғаның өзін - өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде қызметтеледі. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет - әлпеті, киімі, жүріс - тұрысы, мінез -- құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі-ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән -мазмұны шеберлігі. Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуынша, адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М.Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады: Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның адамға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Өкінішке орай, депутаттарды сайлау имидж мамандарының қолына жиі түсуде. Елдің бірқатар, аймақтарында стеротипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби шеберліктеріне үкіметтің имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттану, жұмыстар атқару, қызметтелу барысында сөзсіз жайлы ұғым, пайда болады. Осындай деректі мамандар өз бойларында педагогтың, философтың, психологтың, риторика маманының, жарнама ерекшеліктерін өз бойында үйлестіре білуі тиісті. Имиджмейкер - көне мамандық, оның мақсаттары мен міндеттемелері қоғамның даму процесінде өзгерді. Зерттеуші ғалымдардың Л.Браун, П.С.Гурев, А.Ю.Панасюк, А.С.Почепцов мазмұндауларынша имиджмейкер мамандық бола алмас еді, егер имиджелогия ғылым болып түрлене алмағанда. Осы деректі ғылым адам баласының өндірістегі, рухани дүниесіндегі, зерделі іс - әрекеттеріндегі қол жетістіктерімен, этика - эстетикалық нормалар мен талаптардың өзгерулерімен байланысты. Бір қарағанда, сүйкімді адамдардың тартымды имиджге жетуі жеңіл болып көрінуі мүмкін. Тәжірибелі практиканың көрсетуі бойынша қол жетістіктері жоғары адамдардың сыртқы көріністерінде көпшіліктер байқалады: қисық, қысқа аяқтары, таз басты, тістері сарғайған, өте ұзын немесе қысқа мұрынды алайда осы аталған кемшіліктердің барлығы оған өндіріспен іскер әлемде, жанұясында бақытты болуына кедергі жасай алмайды. Олар өзінің қол жетістіктеріне қуанып, өзгеге қызығушылық танытпайды, жеке проблемалары бойынша тоқталмайды. Алайда, әсем бет - әлпеті және тартымды имиджге иеленген жекелей тұлғалар да кездеседі. Олар, қызметті карьераларында қажетті дәрежеде нәтижелерге жете алмайды олар үшін әрқашанда ақша жетіспейді. Қол жетістіктері жағынан өзінен басым адамдарға көре алмаушылықпен қарайды. Олар үшін жұмыс істеуге біреу кедергі жасап, бағыттарына тосқауыл болып көрінеді. 2\. Тұлға имиджінің даралануы. Жеке, даралық имидж деп - имиджелогияда осы ұғымның практикалық қолданылуына байланысты жеке, дербес субьектіні айтқанда, жеке, дара имидж -- ол дербес тұлғаның имиджді, қарапайым адамның имиджді яғни топтың, ұйымның, заттың имиджіне салыстырмалы қарама -- қарсылықта. Жеке, дара имидждің өзіндік аталуында оның маңызды қасиеттері тұжырымдалған. Егер жеке, дара имиджді символикалық құрылым ретінде қарастырсақ, ондағы орталық орынды жеке дербестікке жауап бере алатын символдар алады. Яғни субьектінің жеке сапалық көрсеткіштерін, образдық имиджін, тек сол тұлғаға ғана тиемелді, басқа адамдардан ерекше қасиеттерін ерекшелендіріп сипаттайтын сапалы көрсеткіштер. «Жеке, даралық» (индивидуальность) термині (латынша indivibuum бөлінбейтін, ерекше) деген мағына береді. Психологиялық сөздікте теңдессіз қасиеттерін білдіреді. Психологияда жеке, дербес ұғымы жеке ерекшеліктерді зерттеу контексінде (сөйлемінде) немесе адамның психологиялық қасиеттерінде иерархиялық құрылымдарды құруда -- тұлғалық ұғыммен бірегей ұғым ретінде қолданылады. Жеке айырмашылықтар проблемасымен байланысты жеке дербестік туралы сөз болғанда, ол ұғымды -- (зерделікте) адам бойында пайда болатыны зерделілік, темперамент, тұлғалық секілді психологиялық қасиеттердің түрлері деп түсінеді. Жеке дербестік «орташа» адамға жеке адамның қасиеттерінен бөліп қарау үшін қарама - қарсы қойылады. (орташа топтық беталыстар, тенденциялар). Бұл қарама - қарсы қоюшылық топтағы нақтылы адамға алынған заңдылықты ауыстырмау ережесінде өрнектеледі. Адамның психологиялық қасиеттеріндегі иерархиялық ұйымдастырудағы талдауға келетін болсақ, мұнда жеке, даралық жеке -тұлғалық деңгейге қарағанда осы иерархияның жоғарғы деңгейі ретінде мазмұндалады. Яғни адамның жеке, даралық және тұлғалық қасиеттерінің теңдессіз үйлемісі ретінде Б.Г.Ананьевтың образдық мазмұндауы бойынша, тұлғалық психологиялық қасиеттердің «шыңы», ол жеке, даралық -тұлғалықтың «терең» жүйесі болып табылады. Жеке даралықтың пайда болуына алып келетін процестер жайлы сөз қылғанымызда бізге жекелену немесе даралану ұғымдарын осы процестерді белгілеу үшін қолданылуымыз қажет. Индивидуация, даралану ұғымы ұзақ түсініктемеге, тағдырға ие. Оның зерттелу тарихын философияда Фона Аквинскийге (1225-1274) үйлестіреді. «Индивидуация, даралану принципі» атты шығармасында кез - келген екі жеке, дара тұлғалар үшін екеуін ажырата білетін бір белгінің табылатыны дәлме - дәл көрсетіп айтты. Мұндай жағдайда, индивидуация, даралану қандай - да бір теңдессіз бөлетін белгілерге байланысты болмау мүмкін, ол стандартты қасиеттердің теңдессіз комбинацияларымен қамтамасыз етілуі мүмкін. Индивидуацияның, дараланудың философиялық оқытылуы тек қана адамдық даралыққа ғана жатқызылып ғана қоймай, сонымен қатар кез - келген жеке обьектілерге тиемелді бола алады. Индивидуацияны оқыту, зерделеп зерттеудің классикалық дәстүрлеріне сай типтік және теңдессіз диалектиканы (қайталанатын және қайталанбайтын диалектикалар) ерекшелендіре отырып индивидуацияны, даралануды К.Г.Юнг ғылым шығармашылықпен көрсетті. Оның аналитикалық психологиясында индивидуация, даралану адамның тұлғалық қадам басуымен, оның тұлғалық мазмұнды өсіп жетілуімен ерекшеленеді. К.Г.Юнгтің ілімі бойынша индивидуацияның, дараланудың процестік көлеңкесінде адамның рухани өмір орталығынан шығатын ерекше жасырын бағыттағыш тенденция (беталыс) жатыр. Индивидуация, даралану бірегей гамогендік тұрмыстың қалыптасуын білдіреді. Даралану біздің бірегей, қайталанбас ерекшелігімізді қамтиды. Сондықтан, индивидуацияны, даралануды «өзін-өзі табу жолынан» немесе «өзіндік іс - әрекет жасауға» бағыттай аламыз. «Бірқалыпты бірегей адам болу ең тиімді және мақсатты көрсеткішті шама» деп жазды К.Г.Юнг. - Алайда «бірқалыпты, бірегей адам» ұғымы «адаптация» ұғымы секілді шектелген болып табылады. 3\. Имидждің түрлері. Имиджді құрудың қазіргі заманғы ғылымы жекелей имидждің мына төмендегідей түрлерін бөліп қарастырады. Мекендей ортасының имиджінің қалыптасу принциптері: егер қалта көтерсе өзгелерден жақсы өмір сүру. Күрделі жөндеуді қажет ететін ғимарат ішіндегі өте қымбат жиһаз негативті имиджді құруға мүмкіншілік жасайды. Габитарлық (латын тілінен аударғанда habitus -- сыртқы пішін, көрініс) имидж. Оның құрылу принциптері: адамның сыртқы ерекшеліктерін есепке алу, дене пішімі, сыртқы түрі, киімі, шашы, жүріс - тұрысы. Егер конституциямен басқару қиын болса, сыртқы пішіннің өзге жақтарын басқару жеңіл. Атап айтатын болсақ, дұрыс таңдап алынған макияж образдың мақсатты - тиімділігін арттырады, қоғамдағы әлеуметтік топтың ассоционациясы арқылы габитарлық имиджді ынталандырады. Имидждің осы аталған түрі қазіргі кезеңде теледидарда қалыптасуда. Имидж сыртқы киімді таза, тартымды киінумен айшықталады. Іскер әйелдің киім кию стилі - консервативті, қызмет бабында қолданылатын киімде түсті ғана қолданылуы тиісті. Іскер имидж - адамның өз қолымен жасаған заттары мен дүниелері арқылы тұжырымдама жасауға болады. Кәсіпорындардың менеджерлері үшін ол іскер қағаздар формасы мен мазмұнын есепке алу қажетті. Тарих бетіне үлес қосқан іскер адамдардың көпшілігі нақтылай шынайы өмірде өте қатаң, ұйымшыл болғаны белгілі. Мысал ретінде С.Т.Морозов ашық, тәуелсіз тұлға. Іскерлі, кәсіби имиджде қоғамның талаптарына сәйкес тиісті имидж көрінісі жүйеленеді: өте іскер педагог, менеджер және тағы сол сияқты. Вербальды имидж (ауызша) - қарым-қатынастылыққа қалыптасатын ой - пікір (ауызша немесе жазбаша). В.О.Ключевский: «анық, түсінікті жаза білу - ізеттіліктің алғашқы ережесі». Теоретиктер вербальды имидждің қалыптасу тәсілдерін ұсынады: «ортаның қалауы бойынша сөз ету», «күлімдеп сөйлеу». Позитивті вербальды имидждің қалыптасуына ауызша сөйлеудің нақтылай естілуі мен ырғақты әуені әсер етеді. Теледидардағы жүргізілген, тікелей эфирдің сауалнамалық көрсетулері бойынша, егер жас қыздың, келіншектің вербальды (ауызша) қарым - қатынастылығы өте нашар дамыған болса, ешқандай оның әсем сыртқы көрінісі, тіпті байлығы имиджін тартымды етіп көрсете алмайды. Вербальды емес іс - әрекеті имиджі - ымдау, мимикалап көрсету технологиясы, дененің кеңістіктегі орынын есепке ала отырып зерттеу негізінде құрылады. Оңтайлы имиджді құруда мінез - құлықтың теріс, келеңсіз жақтарынан сақтану қажет. Тұлғамен жекелей қарым - қатынастылықта бет - әлпет күлімсіреп, дене пішіні тартымды, жұмсақ түсініктер орын алуы тиісті. Вербальды емес имидждің қалыптасуына жаттығулар, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден арылуға көмектеседі. Менеджер міндетті түрде, өзі үшін бірнеше элементтерден құралатын күнтізбегін бекітеді: дене шынықтыру, жеке гигиена, еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттер, демалыс. Позитивті имидж, рухани байлықпен, құндылықтармен ерекшеленеді. Кеңестер одағының соңғы коммунистік әндері қайта өрлеудің (перестройка) белсенді тұлғасы М.С.Горбачевтың жұбайы Р.М.Горбачева крейл келіншектерінің стереотипін күйретті. Бірінші леди Р.М.Горбачева өте білімді, беделді, салауатты, әсем, ой - санасы өте жоғары тұлға болатын өзін жеке тұлға ретінде саяси өмірге ұсынбаған. Көп қырлы күрделі имидж - позитивті және теріс бағыттарымен мазмұндалады. Имиджді құрайтын элементтерді таңдап ала отырып, психологиялық тұрғыда адам баласы өзінің оңтайлы сапалық ерекшеліктерімен көрсеткіштерін (сыртқы және ішкі) алға қояды. Саясаткер мен менеджердің имиджі, артист пен топ - жұлдыздың имиджінен ерекшеленеді. Мекемелелер мен ұйымның имиджі --ұжымдағы әрбір маманның және ұжымның қандай бағытта ұмтылысын сипаттап көрсетеді. Осындай ұмтылыс пен беталыс жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындар мен мекемелер үшін маңызды. Атап айтатын болсақ, сыртқы формадағы іс - әрекеттіліктер дизайн, жарнама, өндірістік процесті модернизациялау. Эстетикалық талаптарға формасы, сыртқы көрінісімен сана - сезімі ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне, беделділіктің пайда болуына мүмкіншілік жасайды. Позитивті имиджге мекеменің тұтынушылары, құрылтайшылары алдындағы абыройы мен беделі, оның жетістіктері, ұжымның тұрақтылық дәрежесі оның дәстүрі мен жекелей символикасы, теңдессіз киім үлгілері және оның элементтері (галстук, бас киім және тағы басқа) көмектеседі. Заттық имидж -- бір заттың немесе басқа жанданбаған обьектінің субъект - субъектіні өзара әрекеттесу процесінде пайда болған символды образын түсінеміз, айтамыз. Яғни сол затты немесе обьектіні субъект ретінде қабылдауды араңдатып көрсетеді. Заттық имиджді құрудың негізгі механизмі - персонификация болып табылады. Корпоративті имидж (ұйым имиджі) деп - біз -- субьекті -- субьекті мен өзара байланысты процестердің арқасында пайда болған ұйымдардың, қауымдастықтардың символдық образын айтамыз. Корпоративті имидждің табиғатын түсіну үшін біз - ұйымның, қауымдастықтың табиғатын талдауымыз қажет. Пайдаланылған әдебиеттер: 1\. Сапарова Ю.А., Тұрдалиева Ш., Багов И., Сабекова А. Имиджелогия.-Шымкент, 2008 2\. Вознесенская Е., Фролов П. Фотография как средство формирования имиджа // А&РR diqest. -- 1996. -- Июнь

Use Quizgecko on...
Browser
Browser