Академиялық мәтін: пікір, конспект, реферат (9-10 лекция) PDF
Document Details
Uploaded by EfficientSense3044
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Tags
Summary
Бұл құжатта ғылыми мәтін түрлері және олардың құрылымдық ерекшеліктері туралы әңгімеленеді. Реферат жазу ерекшеліктері мен конспект жазудың түрлері талданып, ғылыми мақала мен монография сияқты академиялық жұмыстар қарастырылған.
Full Transcript
Дәріс 9-10 Академиялық мәтін: пікір, конспект, реферат Практикалық сабақ 9-10 1.Академиялық мәтін түрлері және құрылымы 2\. Реферат жазу ерекшелігі 3.Конспектінің түрлері 4.Мақала және оны конспектілеу **Академиялық мәтін** дегеніміз әдетте ғылыми мәтінді білдіреді, оның міндеті ғылыми зерттеу...
Дәріс 9-10 Академиялық мәтін: пікір, конспект, реферат Практикалық сабақ 9-10 1.Академиялық мәтін түрлері және құрылымы 2\. Реферат жазу ерекшелігі 3.Конспектінің түрлері 4.Мақала және оны конспектілеу **Академиялық мәтін** дегеніміз әдетте ғылыми мәтінді білдіреді, оның міндеті ғылыми зерттеу деректері жайлы қоғамға хабарлау болып саналады. Академиялық мәтін өзіне тән белгілі бір грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерімен айқындалады. Академиялық мәтінді жазу сапасы тек тіл мен стилистиканы ғана емес, сонымен қатар мәтіннің мазмұнының тереңдігін, құрылымының дұрыстығын талап етеді. Мәтіннің оқырманға ыңғайлы және әдемі болуы үшін мәтіннің абзацтық бөлінуін сақтау қажет. Мәтіннің маңызды белгілері-оның тұтастығы мен үйлесімділігі \[1, 275\]. Радаев В. В. Как написать академический текст // Вопросы образования. --- 2011. --- № 1. --- С. 271--293.-кітап Академиялық жанрға жататын барлық жазбалардың сипаттамасы бірдей болып келмейді, мысалы, ғылыми мақала мен ғылыми диссертацияның жазылуында, көлемінде, талаптарында ерекшеліктер болады, сондықтан академиялық жазылымға сай келетін ғылыми жұмыстардың түрлерін ажыратып алғанымыз жөн болады. **Ғылыми мақала** - зерттеушінің, яғни автордың өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндайтын шағын жұмыс \[2, 171\]. **Мақала** кіріспе, әдістер мен деректер, талқылау және нәтижелер мен қорытынды бөлімдерінен тұрады: кіріспеде мақаланың негізгі мақсаттары, тақырыбы айқындалад; әдістер бөлімінде автор мақалада, ғылыми зерттеу жұмысы барысында қандай әдіс-тәсілдерін қолданғанын жазып, сипаттайды. Деректер бөлімі барысында зерттеу жұымысның тақырыбы төңірегіндегі ғалымдардың ойлары тұжырымдалады. Талқылау және нәтижелер ғылыми жұмыстың нәтижелерін көрсетеді. Қорытынды бөлімде ғылыми жұмыстың барысы, нәтижелері және болашағы жайлы жазылады. **Монография --** ғылыми мақалаға қарағанда субьективті факторларды көбірек қамтитын, бір тақырып төңірегіндегі бірнеше зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған ақпараттарды жалпылау, талқылау және түіндіруге арналған ғылыми жұмыс. **Ғылыми академиялық рецензия** -- қандай да бір ғылыми жұмысты сыни тұрғыда жазбаша талдап, бағалау \[3, 178\]. **Ғылыми диссертация** -- магистр дәрежесін қорғауға арналған біліктілік жұмысы \[3, 179\]. **Түйіндеме немесе аннотация** -- ғылыми жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Әдетте халықаралық деңгейдегі журналдарға берілетін жұмыстар үш тілтік түйіндемені талап етеді \[3, 179\]. Бұл ғылыми жұмыстардың барлығының тілдік, құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері бар болғанымен, ғылыми ойлардың дәл болуы барлығына тән ортақ қасиет. **Мәтін** -- өзіндік ерекшеліктерге, заңдылықтарға ие аса күрделі семантикалық-құрылымдық жүйе. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану, оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Кез-келген мәтін белгілі бір мақсатты көздейтін, белгілі бір адресатқа арналған ақпардан тұрады. Ғылыми мәтін де өз қабылдаушысын (адресатын) тапқанда ғана жұртшылықпен (социум) қабылданады. Сөйтіп қана ғылыми мәтін өзінің зерттеу сипаты жағынан генетикалық байланыстағы көптеген тұтас мәтіндермен қоян-қолтық араласады, солармен бір мәнмәтінге (контекске) енеді, соның бір элементі ретінде қалыптасады. Ғылыми тілдің негізгі принциптері -- ықшамдылық, дерексіздік, дәлдік болып табылады. Бұлар ойлаудың ғылыми типіне және мәтінді оны қабылдаушымен байланысына тән белгілер. Ғылыми мәтін авторы әрқашан өзі тақырып етіп алып отырған мәселені, яғни сөйлеу тақырыбын толық баяндап шығуға ұмтылады, алайда осы орайда авторлардың үддеден шығуы әр түрлі болып келеді. Ғылыми мәтінде рационалды бағыт үстем тұрады, ол өзінің кең көлемділігімен, талдап қорытушылығымен, логикалық құрылымымен ерекшеленеді. Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсету үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп бағаланады, осылай деуге негіз бар т.б. тәрізді тілдік құралдар автордың "тасада тұруының" өзін салғырт субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тән тәсілдердің бірі \[3,14\]. Таза ғылыми мәтіндерде адресат факторы «маман-маман» деген формулаға сай жүргізіледі, адресаттың білім деңгейлері шамалас болады, екеуіне де ортақ білім қоры болады. Бұл мәтіндер қатарына монография, ғылыми мақала, диссертация, ғылыми-техникалық есеп, тезис, ғылыми баяндамаларды жатқызуымызға болады. Ал ғылыми-көпшілік мәтіндер, ғылыми мәтіндерге қарағанда қатаң дәлелдеуді талап етпейді. Онда «идея» деңгейінде түсіндіру, қарапайымдылық рұқсат етіледі. Егер ғылыми мәтінде толыққанды дәлел қажет етілсе, ғылыми-көпшілік мәтінде материалдың түсінікті етіп берілуі жеткілікті болады. Ғылыми мәтіннің тақырыптық аясы шексіз болса, ғылыми-көпшілік мәтін тек оқырманға қажетті, көпшілікті қызықтыра алатын көкейкесті тақырыптарды қарастырады. Ғылыми мәтіннің басқа мәтіндерден айырмашылығы: оның құрылымы, ұйымдастырылуы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады. **Ғылыми жұмыстың бөліктері:** титулдық бет; мазмұн; негізгі мәтін; библиография. Кейде бұларға аңдатпа, материалдың сипатына қарай түрлі қосымшалар берілуі мүмкін. **Мәтіннің құрылымы.** Негізгі бөлім Тарау Тарауша. Егер мәтінде бұлар берілмесе, мәтін құрыльімдық тұрғыдан дұрыс ресімделмеген болып саналады. Жазбаша жұмыста мәтіннің басты бөліктерін ажырататың жаңа жолдан жазылған тарауша аттарынан басқа, абзацтың басында қою әріптермен берілетін мәтінішілік тараушаларды да қолданған дұрыс. Тұтас мәтінді ғана емес, жекелеген абзацтар мен сейлемдерді де бөліп көрсету керек. Мысалы, бір жарым бетті алатын абзац немесе он жолдан тұратын сөйлемнен құралған мәтінді оқып-түсіну қиындық тудырады, оларды мағыналық бөлшектерге бөлу қажет. Үлкен мәтіннің құрылымын жақсартудың тәсілдері ретінде мәтін ішіндегі түрлі бөліністерді, белгілерді атауға болады. Олардың жиі қолданылатындары мыналар: шрифтілер, тізімдер, түрлі форматтар. Қою шрифт, курсив немесе басқа өлшемдегі шрифтіні маңызды сөздер мен сөйлемдерді, терминдерді, басқа мәтіннен алынған дәйексөзді, құжаттардың атауларын т.б. жазған кезде қолдануға болады, басты ереже - бірізділікті ұстану. Тізімдік ресімдеуге сызықша, жұлдызша, нүкте, реттік нөмір қолдану тәсілі жатады. Мысалы: \- сөз, сөйлем; \- сез, сөйлем. Немесе сез, сейлем; сөз, сөйлем. Немесе \* сез, сөйлем; \* сез, сөйлем. Немесе 1\) сөз, сөйлем; 2\) сез, сөйлем. Немесе а) сөз, сейлем; ә) сөз, сөйлем Бұл керсетілгендер мәтініңізде қатаң логикалық жүйе бар екенін көрсетеді және мәтінге аяқталған, жүйелі сипат береді. Мәтін құрылымында түрлі форматтарды: интервалды ,шрифт елшемін, жаңа жолды өзгертулер мысалдарды, түрлі кейстерді, есептерді, бет соңындағы сілтемелерді ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін. **Реферат** ([латынша](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96) referat -- баяндасын, refero -- баяндаймын) -- [кітап](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF) мазмұны, [ғылыми жұмыс](https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%92%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D0%B8_%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%81&action=edit&redlink=1), ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, [сын](https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D1%8B%D0%BD&action=edit&redlink=1) айтылады. Реферат [ғылыми мекемелер](https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%92%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D0%B8_%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80&action=edit&redlink=1) мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы [орта оқу орындары](https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0_%D0%BE%D2%9B%D1%83_%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1), [жалпы білім беретін мектептер](https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%96%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D1%8B_%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC_%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD_%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF&action=edit&redlink=1) оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, [ғылым кандидаты](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%92%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC_%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D1%82%D1%8B) немесе докторанты дәрежесін алу үшін [диссертация](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F) қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады. Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі: 1.Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері 2.Рефераттың құрылымы 3\. Рефератты ресімдеудегі талаптар 4\. Рефератты қорғау **1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері** \- тақырыпты таңдап онымен танысу; \- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу \- әдебиттерді зерттеу \- жиналған материалдың жүйелілігі \- рефератты жазу Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен. Әдебиеттерді зерттеуді тақырып атауынан бастау керек. Әдебиетті зерттеген кезде оларға кейін көңіл аудару үшін негізгі ойлар мен ережелерді, дәлелдерді, дәлелдемелерді, тұжырымдамаларды белгілеп алу керек. Келтірілген деректер мен маңызды тұжырымдамаларға көңіл бөліңіз, ыңғайлы болу үшін оларды карточкаларға жазып қойыңыз. Толық библиографиялық басылымды карточкада көрсетуді ұмытпаңыз. Әдебиет көздерін зерттеп біткеннен кейін жиналған материалды жүйелеу мен талдау жұмысы басталады. Карточкалар мен конспекттерді қарап шығу нәтижесінде қажетті мәлімет рефераттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жіктеледі. Осы кезеңде жұмыстың соңғы жоспары анықталып, материалдың ой салуымен жаңа сюжеттер пайда болады. Егжей-тегжейлы жоспар жасау қажет. Сол уақытта рефераттың негізгі бөлігінің жалпы құрылымы анықталады. Материалды топтастыру - техникалық жұмыс емес. Деректерді іріктеудің өзі жұмыс болжамдарын әзірлеуді көздейді. Бұл ретте барлық тарау толығымен материалмен қаматамасыз етілмеуі мүмкін. Ол карточкаларды тараулар бойынша жіктеген кезде анықталады. Мұндай жағдайда дереккөздерді қайтадан қараған немесе рефераттың жалпы құрылымын не жеке бөліктерін қарап шыққан дұрыс. Материалды жүйелеудің соңғы нәтижесі бір мағыналы қатаң тексерілген тұжырымдама жасау болып табылады.\ Рефератты жазу - соңғы кезең болып табылады. Әрбір тармағы материалмен қамтамасыз етілген, жақсы ойластырылған жоспар болса, реферат жазу қиындық әкелмейді. Рефератты кіріспеден емес, негізгі бөлімнен бастап жазған дұрыс. Негізгі бөліммен жұмыс жасау барысында ғана әдебиеттер мен дереккөздерді түсінуге болады. Шығармашылық үдерісі нәзік әрі дара болып келеді. Барлық авторларға ортақ мынадай ережелер бар: \- жұмыстың жүйелілігі \- тиянақтылық- асығыстықтың болмауы **2. Рефераттың құрылымы** Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар. \- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек) \- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты) \- негізгі бөлім \- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек) \- пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе мен қорытынды негізгі бөлім бойынша жасалған жұмысты түсіндіруі керек.\ Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу). Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.\ Кіріспе құрылымды келесі сөздермен \"Реферат кіріспеден, \... тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. 1-ші тарау \... арналады, 2-ші тарауда \... сөз болады. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі\" сипаттаумен аяқталады. Негізгі бөлім берілген тақырыпты зерттеуге арналған. Бұл бөліктің атауы реферат атауымен аталады. Бұл бөлік ең үлкен болып, жұмыстың 3/2 бөлігін алуы керек. Барлық тараулар мен тармақшаларда қысқаша әрі нақты атау болу керек. Материалды баяндауда қисынды сақтау керек. Рефераттың негізгі бөлімінде түрлі дереккөздерінен алынған мәліметтерден басқа келтірілген деректерге сүйенетін, яғни жұмысты толық немесе оның кез келген жеке тармақшасын құруға арналған міндет - зерттеме - қорытынды формуласын пайдалану арқылы өзіңіздің пікірлеріңіз бен қисынға келтірілген тұжырымдарыңыз болғаны дұрыс. Қорытынды негізгі бөлімнен шығып нақты әрі қысқаша болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - тақырыпқа байланысты бүкіл әдебиеттердің емес, осы рефератты жазуда пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі болып табылады. Оған сілтемеде көрсетілген әдебиеттер де кіреді. **3. Рефератты ресімдеудегі талаптар** Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1,0. Титулдық бет. Сілтеме. **4. Рефератты қорғау ** Сіз рефератты қарап шығуға мерзімінен бірнеше күн бұрын ұсынуыңыз керек. Қорғау кезінде оның негізгі бөлігін айтудың қажеті жоқ. Сол кездің өзінде рефератты қорғау сұрақ-жауап кешіне айналмауы керек, ол бәрін айтып шығуға мүмкіндік бермейді. Өз жауабыңызды сауатпен және қисынмен негіздеңіз. 5-15 мин ішінде рефераттың өзектілігі жайлы, қойылған мақсат пен міндеттер туралы, зерттелген материал, негізгі бөлімнің құрылымы жөнінде, жұмыс барысында жасалған тұжырымдарыңызды айтып үлергеніңіз маңызды. Нәтижесінде реферат бірнеше мәселе бойынша бағаланады: рефератқа қойылатын ресімді талаптардың сақталуы; тақырыпты сауатты ашу; ұсынылған реферат туралы айқын айта білу; қойылатын сұрақтарды түсіну қабілеті мен оларға нақты жауаптар таба білу. **№ 10 дәріс. Пікір, конспект, реферат жазу** Біз жазба жұмысты, әдетте, қандай да бір жағдайға байланысты жазамыз. Оқытушы, ғылыми жетекші, бастық жазбаша жұмыс (конспект, реферат, есеп, талдау т.б.) жазуды талап етуі мүмкін немесе жазба жұмысын орындау белгілі бір жетістікке жету жолындағы (ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, диссертация) сіздің тікелей міндетіңіз болуы мүмкін. Кей жағдайда сіздің пікіріңіз (сыни пікір, сараптамалық талдау, рецензия т.б.) қоғамдағы, ғылымдағы көзқарастарға әсер ету үшін қажет болуы ғажап емес. Олай болса, біз тек өзіміз үшін емес, біздің ой-пікірімізге, тұжырымымызға, хабарламамызға бей-жай қарамайтын адамдарға да арнап жазамыз. **ПІКІР** **Пікір** (рецензия) дегеніміз - ғылыми зерттеу жұмысына (реферат, мақала, монография, эссе, магистрлік/докторлық диссертация, курстық/дипломдық жоба т.б.) жүргізілетін шынайы талдау. Пікір беруші рецензент, пікір беру жұмысы рецензиялау деп аталады. Рецензенттің басты міндеті - жұмысты құр сипаттау емес, ғылыми еңбек авторкөзқарасын қолдау немесе оған қарсы аргументтелген фактілер керсету, зерттеудің жетістіктері мен кемшіліктеріне баға беру. Пікір әділ, нақты,шынайы, еңбектің ғылыми, практикалық маңыздылығы турасында, жеке көзқарастардан ада, эмоциясыз берілуі тиіс. Пікір бермес бұрын рецензент материалмен мұқият танысып шығуы қажет. Ғылыми ортада курстық/дипломдық жоба, диссертация (магистрлік/докторлық), монография, оқу құралы, әдістемелік құрал, мақала, ғылыми жоба сияқты зерттеу еңбектерге пікір талап етіледі. Ғылыми жұмысқа берілетін пікірдің құрылымы, негізінен, мына мәліметтерді қамтиды (пікір талап етілетін жағдайға қарай өзгерістер болуы мүмкін, кейде пікірдің дайын формасы беріледі): ғылыми еңбектің атауы, авторының аты-жөні, лауазымы; негізгі бөлім (зерттеу тақырыбының өзектілігі мен тақырыптың ашылуы; мәселенің теориялық тұрғыдан терең зерттелгенін дәлелдейтін дәйексездердің берілуі, мәтін құрылымының логикалық жақтан дәйектілігі; зерттеу мақсатына сәйкес әдістердің қолданылуы; қойылған мақсатміндеттердің орындалуы); жетістіктері мен кемшіліктері; жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығы; сауаттылығы, ресімделуінің талап етілетін нормаларға сәйкестігі; ұсыныс (курстық/дипломдық жоба, реферат т.б. үшін қорытынды баға, кейде қорғауға жіберу/жібермеу туралы ұсыныс; мақала, тезис, бяндама т.б. үшін жариялауға жіберу/жібермеу туралы ұсыныс; магистрлік/докторлық диссертация үшін ғылыми дәреже беру/бермеу туралы ұсыныс); пікір берушінің аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, қолы (мекеме мерімен расталады). Кей жағдайларда ішкі және сыртқы пікір қажет болуы мүмкін. Ішкі пікірді, әдетте, ғылыми жұмыстың жетекшісі, автормен бір мекемеде жұмыс істейтін әріптес ғалым береді. Сыртқы пікір беру үшін өзге мекемелердің, ЖОО-лардың ғалымдары тағайындалады. **КОНСПЕКТ** **Конспект** (латын тілінен «conspectus», мағынасы - «шолу жасау») - дереккөзден алынған ақпарат қысқаша мазмұндалған// тақырыбы ашылған жазбаша мәтін. Конспектілеу дегеніміз - түпнұсқадан алынған мәліметтерді рет-ретімен беру. Конспектілеудің негізінде оқығанды немесе естігенді жүйелеу жатыр. Конспектжазу мәнері алғашқы дереккөздің стиліне ұқсас жазылады. Егер конспект дұрыс құрылса, ол жазылған ақпараттың логикапық және мағыналық байланысын жоғалтпайды. Оны арада біршама уақыт өтсе де, пайдалануға болады, сонымен қатар сауатты құрылған мәліметтерді оқу қиындық тудырмайтындықтан, жазылған конспектіні басқа біреудің қолдануына да болады. «Ақылды» конспект кез келген қиын ақпаратты қабылдауға көмектеседі. Жақсы жасалған жазбалардан әртүрлі сөздің мағыналарын есте сақтау үшін анық бөлінген әрі оларға түсінік берген арнайы терминологияны оңай табуға болады. Конспектіленген мәліметтерді пайдалана отырып, маңызды шығармашылық немесе ғылыми жұмыстарды, әртүрлі рефераттар мен мақалаларды жеңіл жазуға болады. **Конспектінің маңызы** Конспект адамның ақпаратты қысқа мерзімді жадынан өте ұзақ уақыт сақталатын ұзақ мерзімді жадына ауыстыру үшін керек. Біз білім алу үшін оқимыз ғой\... Алған білімнің жадымызда ұзақ уақыт сақталуы үшін оны пайымдап қорыта білуіміз қажет. Міне, конспект осыған көмектеседі. Жоғарыда атап өткеніміздей, конспект - тақырыпты қысқаша мазмұндау. Тақырыпты қысқаша берудің жолын конспектіден көре аламыз, себебі конспектіде тек негізгі ақпарат қана беріледі. Конспект көлемі жағынан түпнұсқа мәтіннен екі есе аз болуы керек деп есептеледі. Конспектілеу көмегімен емтиханға дайындалу жеңіл болады. Егер сіздің езіңізге конспект жазуға тура келсе, сіз материалдармен мұқият жұмыс істейсіз, яғни ақпаратты қорыта отырып, басты ақпараттан қосымша ақпаратты бөлуді үйренесіз. Сонда конспектілеу дегеніміз қандай да бір бақылау жұмыстарына немесе емтиханға дайындалу болып табылады екен, Материалды конспектілегеннен кейін ол сіздің есіңізде ұзақ уақыт сақталады. Конспект бойынша материалды қайталау - өте оңай. Тақырыпты есімізге түсірудің ең оңтайлы жолы - ол конспектіні оқу, себебі онда тақырып бойынша негізгі терминдер, тірек сөздер, ең басты қағидалар, ережелер мен нормалар жазылады. Егер сіз конспектіні езіңіз жазсаңыз (дәрісте ұйықтап отырғандықтан немесе сабаққа келмегендіктен, топтағы студенттен көшіріп алмай), қайталау жеңіл, конспектіні оқи отырып, осы тақырыпқа байланысты оқытушының дәрісін еске түсіресіз. Егер сіз семинарға немесе емтиханға өзіңіз жазған конспект бойынша дайындалсаңыз, ақпарат оңай қорытылады. Мұндай жағдайда сіз өзіңіз жұмыс істеген материалдарды да еске түсіресіз. **Конспектінің түрлері** **Конспект-жоспар.** Тақырыпты ашуға қажетті басты мәселелер санамаланатын жоспар негізінде жасалады. Қағазда бұлайша мазмұндау түрі материалдың алдын ала құрылған жоспарының негізінде жасалады, белгілі бір тармақтар (тақырыптарымен бірге) және тармақшалардан тұрады. Әр тақырып конспектілеу барысында ашылады, қысқа мәтінмен толықтырылады, соңында дұрыс құрылған конспект-жоспар шығады. Осындай нұсқадағы конспект түрі кепшілік алдына немесе семинарға шығу үшін тез арада дайындалуға көмектеседі. Әрине, жоспар жүйелі жасалса (оның тармақтары барынша мазмұнды болуы керек), сіздің баяндамаңыз да мазмұнды әрі толық болып шығады. Мамандар жоспар түріндегі конспектіні сіздің қолданған барлық дереккөздеріңіз көрсетілетін белгілермен толықтыруды ұсынады, ейткені уақыт өте келе оларды еске түсіру қиынға соғады. **Сызба түріндегі жоспарлы конспект**. Мұндай жоспардың тармақтары сұрақтар түрінде, ал ақпарат қысқа жауап түрінде беріледі. Бұл конспектінің ерекшелігі мынада: жоспардың барлық тармағы жауабын жазуға тура келетін сұраулы сөйлемдер түрінде беріледі. Материалды оқи отырып, сіз әр тармақтағы сұрақ бойынша қысқаша белгілер (2-3 сөйлем) қоясыз. Мұндай конспектіде барлық мәліметтердің құрылымы мен ішкі байланыстары жазылады және бұл өз кезегінде ақпаратты жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. **Мәтіндік конспект**. Мұндай конспект мәтіннің үзінділері мен дереккөзден алынған дәйексездер (цитата) негізінде жасалады. Бұлайша баяндау тәсілі басқа конспект түрлерінен толыққандылығымен ерекшеленеді, себебі ол түпнұсқадан алынған үзінділерден және дәйексөздерден тұрады. Мәтіндік конспектіде жоспарды біріктіруге немесе оны түрлі тезистермен және терминдермен толықтыруға болады. Мәтіндік конспект авторлардың дәйексездері әрдайым маңызды болып табылатын ғылымды немесе әдебиетті игергісі келетіндерге жақсы көмектеседі. Алайда мұндай конспектіні жазу оңай емес. Ол үшін аса маңызды дәйексөздерді материал туралы мағлұмат беретіндей етіп бөліп жаза білу керек. **Тақырыптық конспект.** Ақпаратты бұлайша жазу тәсілінің басқа конспект түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Оның мәнісі қандай да бір мәселені жазғанда бір ғана дереккөз емес, бірнеше дереккөз қолданылатындығында болып отыр. Конспект тақырыпты ашатын болғандықтан, бірнеше дереккөз негізінде құрылады. Мұндай конспектіні жасау біраз еңбектенуді талап етеді. Тақырыптық конспект берілген тақырыпты талдауға, қойылған мәселені ашуға және сол мәселені жанжақты оқуға басқаларынан гөрі жақсы көмектеседі. Дегенмен толыққанды конспект жазу үшін қаншама әдебиет қарауға тура келетініне дайын болыңыз, тек сонда ғана сіздің баяндауыңыз тыңдаушының құлағына жетеді. **Еркін конспект.** Мұнда конспектінің бірнеше түрі аралас болады. Еркін конспект материалдармен жұмыс істеудің бірден бірнеше тәсілін пайдаланатындарға арналған. Онда үзінділер, дәйексөздер, жоспар, көптеген тезис түрлері жазылуы мүмкін. Сіздің өз ойыңызды қысқа әрі нұсқа бере білу, жоспармен, автордың дәйексөздерімен жұмыс істеу дағдыларыңыз қажет болады. Ақпараттарды осылайша жазу жан-жақты әрі толық қамтылған мәлімет беру деп есептеледі. **Конспектілеу техникасы** Материалды аяғына дейін оқып шығу қажет, мәтіннің ерекшеліктерін, оның сипатын, таныс емес терминдерді беліп көрсету керек. Мәтінді тағы бір рет оқып шығып, мұқиятталдау жасау қажет. Материалмен осылайша жұмыс істеу басты мәселеден қосымша ақпаратты ажырата білуге, оларды рет-ретімен жазуға үйретеді. Мәтіннің негізгі ойын бөліп көрсету тезис деп аталады. Оны дәйексөздермен (егер автордың ойын беру қажет болған жағдайда) немесе өзіңіздің жеке тәсіліңізбен жазуға болады. Тез конспектілеуге (осылайша оқытушының айтқанына үлгеруге болады) мына тәсілдер көмектеседі: қарастырылатын басты мәселені беле білу; ақпаратты сызба, кесте, тезис түрінде бере білу; қысқартулар жүйесі; «өрнектеп» жазудан бастарту (мысалы, «каллиграфиялық» жазудан). **Конспектілеу алгоритмі** Материалға көз жүгірте қарап, онда не жазылғандығын түсіну. Мысалы, кейбір оқулықтарда материалдың жоспары мен негізгі терминдері бар глоссарий, сызба т.б. болады. Бұл сіздің міндетіңізді айтарлықтай жеңілдетеді. Негізгі мәселеден қосымша мәселені ажырата отырып, мәтінді оқу және оған талдау жасай алу керек. Ақпарат белгіл і бір тәртіпте орналасқан бөліктерге бөлінеді. Мәтінде (тезисте) жазылған негізгі ойды бөле білу. Конспектілеу техникасын ескере отырып, конспектілеуді бастау. Материалды конспектілеу кезінде темендегідей негізгі ережелерді есте ұстаған жөн: Конспектіде міндетті түрде жекелеген беліктері бөлініп көрсетіледі. Тақырыптарды, тақырыпшаларды, тұжырымдарды бөлу қажет, бір тақырыптан екінші тақырыпты жеке қою қажет. Бөлуді басқа түспен сызу арқыльі көрсетуге болады (тек мәтінді алабажақ суретке айналдыруға болмайды). Абзацтар мен жоспардыңтармақтарын, бір ойдан екінші ойды бөлу үшін бос орын қалдыру, нөмірлеуді белгілеу үшін шегіністер (отступ) жасау ұсынылады. Егер мәтіндегі анықтамаларды, формулаларды, ережелер мен заңдарды ерекшелеп керсету үшін оларды қоршап қоюға болады. Жазбаларды қабылданған шартты таңбаларды қолдану арқылы жүргізуге болады. Материалды конспектілеп отырып, әртүрлі таңбаларды, қысқартуларды қолдану міндетті түрде қажет. Мұндай таңбалар көрсетуші немесе бағыттаушы белгілер, сұрақ белгісі мен леп белгісі, **PS** (постскриптум, кейін жазылатын сөздер немесе мәтін) белгісі және **NB** (назар аударыңыз) белгісі болуы мүмкін. Мысалы, «**демек, сондықтан**» сездерін =\> математикалық таңбасымен белгілей аласыз. Өзіңіздің жеке таңбалық қорыңыз қалыптасқан кезде материалды конспектілеу тіпті оңайға түседі, кейін оны оқу тез әрі жеңіл болады. Сөздерді жазғанда қысқарта беру кейін оны оқыған кезде сізге қиындық келтірмеуі тиіс екенін есіңізден шығармаңыз. Не жазғаныңызды түсінбей, таңбалардың мағынасын ашуға уақыт жоғалтпас үшін қалыптасқан қысқартуларды қолданыңыз. Дұрысы, жеке өзіңіздің қысқартулар жүйесін әзірлеңіз және ол қысқартуларды барлықжазбаларыңызда сол сөздерге қатысты бірдей қолданыңыз. Мысалы, үлкен әріппен **«М»** таңбасымен «**мақала**» сөзін, «**Ж**» әрпімен «**жұмыс**» сезін барлық конспектілеріңізде белгілеңіз. Конспектілеген кезде хабарлы сөйлемді қолданған дұрыс. Өз бетінше сұрақ қоюдан аулақ болған жөн. Сұрақтарды дәптердің (қағаздың) шетіне жазған абзал. Материалды сөзбе-сөз кешіруге тырыспаңыз. Материалды дұрыс конспектілеудің барлық қыр-сырын үйренгеннен кейін сабақта жеңіл әрі нәтижелі еңбектенуді үйренуге болады, бірақ оны ерекше ынтамен істеуге ұмтылу қажет. **Реферат**(нем. Refеrаt, лат. Referre -баяндау, хабарлау) - қандай бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жүмыс. Рефераттың мақсаты нақты тақырып немесе мәселе бойынша білім жинақтау және жүйелеу болып табылады. **Рефераттың түрлері** Рефераттың *өнімді* және *өнімсіз* деген екі түрі бар. Өнімсіз рефератта алғашқы түпнүсқа мәтіннің мазмұны баяндалады. Өнімді реферат шығармашылық немесе сыни ойлау түрғысынан жазылады. **Өнімсіз рефератты** іштей тағы да *реферат-конспект* және *реферат-түйіндеме* деген екі түрге бөлуге болады. Реферат- конспектіде нақты ақпарат жалпы қорытылған түрде, иллюстриативті материал, зерттеу әдістері туралы әртүрлі мәліметтер, зерттеу нәтижелері мен оларды қолдану мүмкіндіктері жазылады. Реферат-түйіндеме берілген тақырыптың тек негізгі ережелерінен түрады. **Өнімді реферат** *реферат-баяндама* және *реферат-шолу* деген екі түрге бөлінеді. Реферат-шолу бірнеше дереккөздің негізінде қүрылады және қарастырылатын мәселе бойынша өртүрлі көзқарастарды салыстырады. Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздегі ақпаратқа талдау жасаумен қатар мәселеге объективті баға беру болады. Бұл рефератта тақырып жан-жақты толық сипатталып жазылады. **Рефераттың құрылымы** **Кіріспе.** Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат жазылатын тақырыптың деректері (аты, қайда, қашан жарияланғандығы туралы) берілуі, автор туралы мәліметтер (аты- жөні, мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы) хабарлануы мүмкін, таңдалған тақырыптың қарастыратын мәселесі ашылады. **Негізгі бөлім.** Мәтін мазмұны беріледі және негізгі тезистер дәйектеледі. **Қорытынды**. Рефератта жазылатын мәселе бойынша жалпы қорытынды жасалады. Рефераттың мынадай белгілері болады: реферат мазмұны реферат жазылатын дерекккөздің мазмұнымен толықтай байланысты болады; негізгі ақпарат бұрмаланбай, оған субъективті баға берілмей нақты мазмұндалады; тұрақты құрылымы болады. **Рефераттың стилі** Рефераттар «аса маңызы бар», «ерекше көңіл белінеді», «мәселе көтеріледі», «мынадай тұжырымдарға келдік», «зерттеліп отырған мәселе», «аталған мәселе» және т.б. сияқты стандартты, қалыптасқан тілдік оралымдармен жазылады. Рефераттың тілдік және стильдік ерекшеліктеріне талдап қорыту сипатындағы сөздер мен тілдік оралымдар, клишелер жатады. Рефератты материалды бері мен ойды жеткізудің өз логикасы бар, материалды мазмұндаудың белгілі бір объективтілігі болады. Мұның бәрі автордың лексикасыныңжеткіліксіздігінен емес, рефераттың жазылу стилінің, тілінің ерекшелігімен байланысты (әсіресе, арнайы терминдер, оралымдар қолданылатын арнаулы бағыттағы материалдар). Жұмыс аяқталған соң бағасы қойылған тиісті пікір берілуі керек. Пікір мынадай факторлардың негізінде құрылады: зерттелген тақырып бойынша автордың білімінің тереңдігі (қарастырылған мәселенің қазіргі заманға лайықтығы мен өз уақытында орындалуы, автордың зерттелген мәселенің езектілігіне қатысты еңбектермен танысу дәрежесі, дерекксездерге сілтеме беруі, жұмыста зерттеу нәтижелері мен белгіленген ғылыми дәйектерді пайдалану дәрежесі); реферат авторыныңжеке еңбегі (ұсынылатын оқу бағдарламасынан басқажұмысты жазуда пайдаланылған қосымша білім, жазған материалы мен қарастырған мәселенің жаңалығы, зерттелген мәселенің ғылыми маңызы мен тақырыпты меңгеру деңгейі); рефераттың сипаты (материалды беру логикасы, автордың сауаттылығы, жұмыстың дұрыс ресімделуі, рефераттың барлық стандартты талаптарға сәйкестігі). **Плагиат** Жоғары оқу орнында реферат жазу студенттердің алған білімдерін көрсету үшін курс қорытындысы бойынша есеп беру сипатында жиі қолданылады. Интернеттің дамығаны соншалық, Қазақстанда және бүкіл әлемде білім-ғылымның түрлі салалары бойынша дайын рефераттардың таралуына кең жол ашылды. Кейбір интернет-ресурстар дайын жұмыстарды ақшаға немесе ақысыз жүктеп алуды ұсынады. Желілерден дайын рефераттарды жүктеп алуға көп күш жұмсалмайды. Тек сыртқы бетін өзгертсе, жетіп жатыр, алайда мұндай көшірулер білім сапасының нашарлауына әкеліп соғуда. Реферат өткізген кезде плагиат мәселелерімен бүкіл әлем күресуде: кейбір жоғары оқу орындарында плагиат жұмыстар үшін студенттерді оқудан шығарып жібереді. Осыған байланысты көшіріліп жүктелген рефераттарды анықтау үшін арнайы әзірленген американдық Turnitin (ағылшын) жүйесі немесе ресейлік «Антиплагиат» бағдарламалары компьютерлерге қойылады. **Рефератты орындауға қойылатын талаптар** Реферат ғылыми жұмыс болып табылады, себебі онда ғылыми зерттеудің элементтері болады. Осыған байланысты рефератты ресімдеуге де басқа ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар міндетті болып табылады. Барлық ғылыми жұмыстарды ресімдеу ережесі бүкіл білімғылым саласы үшін стандартты болып табылады және мемлекеттік стандарттармен реттеледі. Рефераттар үшін мынадай талаптар орындалуы керек: жалпы талаптар, сілтеме беру ережесі, сілтемелерді дұрыс әрі анық ресімдеу, библиографиялық тізім, қысқарған сөздер мен атауларды дұрыс қолдану. Аталған ережелерді кейін оған уақыт кетірмес үшін бірден есте сақтаған жөн. **Рефератты ресімдеу ережелері** Реферат мазмұнын ресімдеген кезде жоғары оқу орнының, жоғары мектептің (факультеттің), кафедраның толық атауы, реферат тақырыбы, автор мен жетекшінің аты-жені, қала және реферат жазылған жыл керсетілетін жұмыстың титулдық бетген басталатынын естен шығармау қажет. Екінші беттен бастап беттер немірленіп, рефераттың мазмұны жазылады. Рефераттың жалпы келемі 15-20 беттен аспауы керек. Абзац 1,25 см. болуы тиіс. Парақтың жиегі: сол жағы - 3 см.; оңжағы -1,5 см.; төменгі жағы - 2 см.; жоғарғы жағы - 2 см. болуы керек. Мәтін 1,5 интервал арқылы басылады. Егер реферат мәтіні Microsoft Word редакторында терілсе, Times New Roman шрифтін қолдану ұсынылады. Шрифт мөлшері -14 пт. Рефераттың кез келген құрылымдық бөлігі (кіріспе, негізгі белім, бөлімдер, қорытынды) жаңа беттен басталады. Тарау мен оған дейінгі мәтіннің арасы, сондай-ақтарау мен параграфтың арасының қашықтығы 1 интервалды құрайды. Ортаға жазылатын тақырыптан кейін нүкте қойылмайды. Тақырыптың асты сызылмайды. Рефераттың титулдық беті рефераттың жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық бетке нөмір қойылмайды. **Әдебиет тізімі** Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиеттер дереккөзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккездерге жасалған сілтеме төртбұрышты жақшаның ішінде көрсетіледі. Рефераттағы әдебиет тізімінің саны - 4-12 болуы керек. Әдебиет тізімінде керсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді ете қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың аты, қаласы, баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі. **Пайдаланылган әдебиеттерді ресімдеу үлгісі** **Журналдар** 1\. Абуова Г.Н., Лизинфельд И.А. Масштабы ВИЧ-инфекции в мире и Южно-Казахстанской области // Наука и образование Южного Казахстана: республ. научн. журнал / Ассоциация «Совет директоров ВУЗов Южного региона». -2009. - № 1 (74).-С. 135-139. 2\. Пак Н.С. Социологические проблемы языковых контактов // Вестник КазУМОиМЯ им. Абылай хана. Серия «Филология». - Алматы, 2007. - № 2(10). -С. 270-278. **Кітаптар** 1\. Назарбаев Н.А. В потоке истории. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 с. 2\. Агафонова Н.Н. Гражданское право: учебное пособие для вузов / Под ред. А.Г. Калпина. - Изд. 2-е, перер. и доп. - М.: Юрист, 2003. -542 с. 3 Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы: в 5 т. - Алматы: Ғылым, 2001. -Т. 4. -369 с. 2003. -542 с. **Жинақтар** 1\. Зимин А.И. Влияние состава топливных эмульсий на концентрацию оксидов азота и серы в выбросах промышленных котельных II Экологическая защита городов: тез. докл. науч.-техн. конф. - М.: Наука, 1996. -C. 77-79. 2\. Лотман Ю.М., Успенский П.А. Отзвуки концепции «Москва - третий РИМ» в идеологии Петра I: (к проблеме средневековой традиции в культуре барокко) // Избр. статьи: в 3. т. - Таллин, 1993.- Т. 2. -С. 9-21.