5 сынып тексеру қорытындысы.docx

Full Transcript

**Жабаев атындағы №161 лицей** **5-ші сыныптарда негізгі пәндердің жүргізілуін тексеру қорытындысы** **2023-2024 оқу жылы** (Педагогикалық кеңес № 2) Дайындаған: ДОЖЖО C.Н.Уәли АЛМАТЫ, 2023 ж **Мақсаты:** Оқушылардың бейімделуін, білім сапасын анықтау 5 сыныптар бойынша жалпы оқушы саны 95....

**Жабаев атындағы №161 лицей** **5-ші сыныптарда негізгі пәндердің жүргізілуін тексеру қорытындысы** **2023-2024 оқу жылы** (Педагогикалық кеңес № 2) Дайындаған: ДОЖЖО C.Н.Уәли АЛМАТЫ, 2023 ж **Мақсаты:** Оқушылардың бейімделуін, білім сапасын анықтау 5 сыныптар бойынша жалпы оқушы саны 95. Қыркүйек айының басында 5 сыныптардың білім деңгейін анықтау мақсатында негізгі пәндер атап айтқанда математика, қазақ тілі,орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі пәндерінен бақылау жұмыстары құрастырылып кіріс бақылаулары алынды. 5 А сыныбында -33 оқушы 5 Ә сыныбында - 31 оқушы 5 Б сыныбында -- 31 оқушы **Математика** [\[CHART\]\[CHART\]]{.chart} **Қазақ тілі** [\[CHART\]]{.chart} [\[CHART\]]{.chart} **Орыс тілі мен әдебиеті** [\[CHART\]]{.chart} [\[CHART\]]{.chart} **Ағылшын тілі** [\[CHART\]]{.chart} ![](media/image2.png) Сондай-ақ 5 сыныптардың I тоқсанда алынған математика,қазақ тілі,ағылшын тілі пәндерінің бөлімдік,тоқсандық жұмыс дәптерлеріде тексерілді. **Математика** 5А, 5Ә сыныптардың математика пәнінен БЖБ және ТЖБ бойынша дәптерлері тексерілді. Дәптердің сыртқы көрінісі (ақ қағазбен қапталған), жазу ережесі, талапқа сай. Көп оқушылар таза, ұқыпты жазатындығы байқалады. БЖБ,ТЖБ алынған күндері және қойылған бағалары күнделік кз сәйкес.Кемшілігі: 3 оқушының дәптері талапқа сай емес. Пән мұғалімі: Жумақанова Мақпалдың оқушыларға деген талапты дұрыс қоя білетіндігі байқалды. (Ішінара оқушылардың жазу калиграфиясы нашар екендігі байқалады. Бір оқушы Басшыбай Мади ғана шимайлап, бояп жазған. Қасымхан деген оқушы сыртына тек атын ғана жазған) **Қазақ тілі** 5-сыныптардың қазақ тілінен БЖБ,ТЖБ дәптерін тексеру қорытындысы 3 сыныпқа тапсырма бірдей берілген. Тапсырмалар сыныптың жас ерекшелігіне сай құрастырылған. 3 дағды қамтылған: «Оқылым», «Жазылым», «Айтылым». 5 Б сыныбынан 5 жұмыс тексерілді: Дүйсен Сағадат,Жанболатқызы Қарақат, Маден Алижан,Баққожа Бекмұрат, Жайлау Айсұлтан. Парақтағы ТЖБ баллдары «Күнделікпен» сәйкес. Жұмыстар тексерілген, бағалау дұрыс қойылған. Пән мұғалімі: Назерке Ершораева 5 Ә сыныбынан 5 дәптер тексерілді: Сұлтанғазы айша,Рақымжан Айзат,Серік Нұрасыл,Әбдімұрат Айзере,Сүлейменов Бексұлтан. Дәптердегі ТЖБ баллдары «Күнделікпен» сәйкес. Жұмыстар тексерілген. Дәптер сырты қапталған. Бағалар дұрыс қойылған. 5 А сыныбынан 5 дәптер тексерілді: Жазықбек Ақниет, Зият Зейнеп, Даниярқлы Нұрмұхамед, Бегимова Әсем, Мейрам Алдияр, Дәптердегі ТЖБ баллдары «Күнделікпен» сәйкес. Жұмыстар тексерілген. Дәптер сырты қапталған. Бағалар дұрыс қойылған. Пән мұғалімі: Кенжембетова Гүлмира. **Ағылшын** 5 сыныптардың ағылшын тілі пәнінен БЖБ және ТЖБ дәптерлері тексерілді. Тапсырмалар 4 дағды бойынша құрастырылған. Тексеру барысында 5 Ә сыныбындағы Төлеген Ералы деген оқушының баллы дәптерде дұрыс есептелмеген,20 баллдық тапсырмадан барлығы дұрыс тексерілген бірақ күнделік кз ке 19 балл қойылып 83 пайызбен 4 ке шыққан. Пән мұғалімі: Мұстафаева Гаухар Жарылкасыновна. Ұсыныс: Тексеру барысында әр дағдыға берілген тапсырманың баллын ашып дұрыстап жазсаңыз. 5А сыныптардың тжб баллдары дұрыс есептеліп қойылған. БЖБ,ТЖБ алынған күндері және қойылған бағалары күнделік кз сәйкес. Пән мұғалімі: Бимаханбет Н.Н Ұсыныс:Тексеру барысында жазылым дағдысындағы оқушы қатесін көрсетіп түзесеңіз, әр дағдыға берілген тапсырманың баллын жеке көрсетіп жазсаңыз. 5Б сыныптардың тжб баллдары дұрыс есептеліп қойылған. БЖБ,ТЖБ алынған күндері және қойылған бағалары күнделік кз сәйкес. Пән мұғалімі: Айтжанова А.С **Шешімі:** - 5 сыныптарда негізгі пәндердің жүргізілуін тексеру қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын. - 5 «А,Ә,Б» екінші тоқсанның басында білім сапасын тексеру мақсатында ағылшын пәнінен бақылау алынсын. - Сыныптың білім сапасын көтеріп,оқушы ынтасын арттыру пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне міндеттелсін.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser