Энеолит дәуірі және Ботай мәдениеті, PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл мақалада энеолит дәуірі және Ботай мәдениеті жайлы жазылған. Мақалада энеолит дәуіріндегі қоғамдық өзгерістер, археологиялық қазба жұмыстары мен ол жайлы білетіндеріміз туралы баяндалған.
Full Transcript
**Қосымша1 ** **Тапсырма: *Энелит дәуірінде қоғамда не өзгерді?*** **Берілген тапсырманың кез-келген бірін таңдаңыз** ***1.Мәтін мазмұны бойынша 5 кілтті сөзді анықтаңыз және ойыңызды негіздеңіз;*** ***2. Мәтін мазмұнын 10 сөйлем арқылы түсіндіріңіз.*** ***3. Мәтін мамұнының жоспарын құрыңыз жә...
**Қосымша1 ** **Тапсырма: *Энелит дәуірінде қоғамда не өзгерді?*** **Берілген тапсырманың кез-келген бірін таңдаңыз** ***1.Мәтін мазмұны бойынша 5 кілтті сөзді анықтаңыз және ойыңызды негіздеңіз;*** ***2. Мәтін мазмұнын 10 сөйлем арқылы түсіндіріңіз.*** ***3. Мәтін мамұнының жоспарын құрыңыз және түсіндіріңіз.*** ***4. Мәтін мазмұнын абзацтарға бөліңіз және неліктен бөлгеніңізді түсіндіріңіз.*** ***5. Мәтін мазмұнын 3 есе қысқартып түсіндіріңіз.*** Неолит дәуірінен соң келетін келесі тарихи кезең -- **энеолит дәуірі** деп аталады. Ол **мысты-тас дәуірі** деген мағынаны береді. Осы энеолит дәуірінде адамдар мыс балқытуды толық игеріп, оны тұрмыста кеңінен қолдана бастады. Энеолит дәуірі б.з.б. **3 -- 2 мыңжылдықтар** аралығын алып жатыр. Бұл дәуірдің басты ерекшелігі -- металл өңдеуді игеру болып табылды. Осы дәуірде тас құралдар жасау ісі құлдырап, олардың орнына мыс қосылған бұйымдар жасала бастады. Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан жасалған** **пышақтар, шаппа-шоттар** **пайда болды,** **мыстан инелер** **мен** **түйреуіштер** **де жасалды. **Тастан жасалған шапқыға қарағанда мыстан жасалған шоттың немесе басқа да құралдардың жұмыс істеу тиімділігі көп есе артты. **Мыстан жасалған құралдар тиімділігі нашар тас құралдарды жаппай ығыстырып шығара бастады. Мыс қалыптардың ойлап табылуы құралдарды көбейтіп шығаруға мүмкіндік берді. Мыстан жасалған өткір жүзді құралдардың пайда болуынан қармақ сияқты бұрын белгісіз болған құралдар да ойлап табылды. Осының бәрі энеолит дәуірінің басты ерекшелігі болып табылатын. Энеолит дәуірі мал шаруашылығы басым дамыған Қазақстан далаларына да үлкен өзгерістер әкелді. Бұл дәуірде климат ылғалды болатын, сондықтан да мұндай табиғи орта сүт қоректі жануарлардың, әсіресе жылқы малының көбеюіне жағдай жасады. Бұрын бір жерден екінші жерге жиі қоныс аударатын аңшы тайпалар өздерінің көшу аумақтарын қысқартып, бір орында ұзақ уақыт тұрақтай бастады. Аң аулау алқаптарының босауы мал санының одан ары ұлғаюына әкелді. Ал энеолит тұрғындары төрт түлік малды, әсіресе жылқыларды көптеп қолға үйретіп, анағұрлым үлкен аумақтарда шаруашылықтың бір түрімен шұғылдана бастады. Осыдан олардың неолит кездегіден бөлек өз дербес мәдениеттері пайда болды. Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті.СҚО Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған. Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады. Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.Жерлеу ғұрпы мен басқа да белгілер энеолит тұрғындарында тотемизмнің, бабалар әруағына табынудың болғандығын көрсетеді. Адамдарды қоныстағы ескі тұрғын-жайларға жерлеп, қабірлерін айналдыра жылқының бас сүйектерін қойған. Тұрғын үйлердің бірінен, қабырғадағы сөреден ер адамның саз балшықпен мумияланған бас сүйегі табылған. Тұрғын үйлердің табалдырығы астына иттің көмілуі де жиі кездеседі, бұл да сол кезеңдегі рәсімдік сипат болып табылған. Жылқы бас сүйектерінің қойылуы жылқы тотемін, яғни жылқыға табынуды білдіруі мүмкін. **Дерек көздері:** **Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 2 том;** **Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы.**