Хромосомалар PDF

Summary

Бұл құжатта хромосомалар туралы, олардың құрылымы, түрлері және қызметтері туралы мәліметтер берілген. Хромосомалардың түрлері және олардың жасушадағы маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, хромосомалар генетикалық зерттеулерде және биологияда маңызды рөл атқарады.

Full Transcript

# Хромосомалар Хромосомалар - жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтер. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомала...

# Хромосомалар Хромосомалар - жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтер. Хромосомалар өздігінен көбейе алады, өзіндік атқаратын қызметі мен арнайы құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосомалар терминін алғаш рет неміс ғалымы В. Вальдейер ашты. Ол хромосомаларды негізгі бояғыштармен қарқынды боялатын тығыз денешіктер деп атады. Бірақ хромосомалардың сыртқы пішіні жасуша циклінің әртүрлі сатыларында өзгеріп отырады. Митоз және мейоз процестерінің метафаза кезеңінде хромосомалардың морфологиясы жарық микроскопының көмегімен анық көрінеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене жасушаларындағы хромосомалар ұрықтану процесі кезінде біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі хроматидтен (ұзынша жіпшелер) тұрады. Мұндай хромосомалар гомологті деп аталады. Хромосома типтері және олардың сипаттамалары: иықтарының арақатынасы бойынша: 1. тең иықты — метацентрлік хромосомалар; 2. иықтары тең емес — субметацентрлік хромосомалар; 3. бір иығы өте қысқа — акроцентрлік хромосомалар; 4. центромера хромосоманың бір ұшында орналасқан — телоцентрлік (145-сурет). Хромосомалар жасушада өте күрделі құрылымға ие және олар өте маңызды қызметтер атқарады. Хромосомалар құрылымын және қызметін зерттеу қазіргі заманғы биологияның өзекті мәселелерінің біріне жатады. Әсіресе XX ғасырдың 60-70-жылдары хромосомалар 71 ## Кілт түсініктер: * гомологті * геномдық мутация * мутация жүрген кариограмма

Use Quizgecko on...
Browser
Browser