Summary

Бұл құжат жұлынның құрылымы, қызметі және ағзадағы орналасуы туралы мағлұматтар береді. Мұнда жүйке жүйесінің соматикалық және вегетативті бөлімдеріне, рефлекторлық доғаға және нейрондардың жіктелуіне деген назар аударылған. Осы мағлұматтар болашақ медицина мамандыры үшін өте пайдалы.

Full Transcript

Жүйке жүйесі, жұлын құрылысын, ағзадағы орналасуын, маңыздылығын болашақ медицина қызметкерлері үшін маңызы өте зор. Себебі клиникалық пәндерде, тәжірібе сабақтарда жұлынның паталогиялық өзгерістерін зерттеуді және емдеуді, аурудың асқынуын алдын алуды білуіміз қажет. Жүйке жүйесі адам денесіндегі б...

Жүйке жүйесі, жұлын құрылысын, ағзадағы орналасуын, маңыздылығын болашақ медицина қызметкерлері үшін маңызы өте зор. Себебі клиникалық пәндерде, тәжірібе сабақтарда жұлынның паталогиялық өзгерістерін зерттеуді және емдеуді, аурудың асқынуын алдын алуды білуіміз қажет. Жүйке жүйесі адам денесіндегі барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтерін реттеп, оны сыртқы ортамен байланыстырады, адам әрекеті мен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдейді. Жүйке жүйесінің әрекеті Сеченовтың анықтамасы бойынша рефлекторлық қасиетке ие. Рефлекс дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің қатысуымен өтетін, ағзаның кез-келген тітіркендіргішке жауап реакциясы болып табылады. Жүйке импульсінің рецептордан эффекторға немесе орындаушы мүшеге жүру жолы рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға жай және күрделі болып бөлінеді. Жай рефлекторлық доға сезімтал және қозғалтқыш нейрондардан тұрады. Күрделі рефлекторлық доғада сезімтал және қозғалтқыш нейрондар арасында аралық нейрон орналасады. Жай ррефлекторлық доға бес бөлімнен тұрады: 1) рецептор; 2) сезімтал нейрон; 3) орталық; 4) қозғалтқыш нейрон; 5) Рефлекторлық доға: 1-сезімтал нейрон; 2-жұлын түйіні; 3-орталық; орындаушы мүше. Жүйке жүйесінің 4-қозғалтқыш нейрон; 5-орындаушы мүше (эффектор); 6-рецептор. құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон деп аталады. Нейрондар тізбектеле немесе рефлекторлық доға түзе орналасып, қозуды рецепторлардан орталыққа қарай, орталықтан орындаушы мүшеге қарай өткізеді. Қозудың бір нейроннан екінші нейронға өтуі синапстар арқылы орындалады. Атқаратын қызметі мен құрлысына қарай нейрондар үш түрге бөлінеді:  сезімтал (рецепторлы), орталыққа тепкіш немесе афферентті нейрондар;  аралық (қосалқы) немесе ассоциативті нейрондар;  қозғалтқыш, орталықтан тепкіш немесе эфферентті нейрондар. Бірінші нейрон – бұл жалған униполярлы жүйке жасушасы. Жұлын түйінінде орналасады. Бұл жасушаның перифериялық өсіндісі жұлын жүйкелері мен оның талшықтарының құрамында сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабылдайтын рецепторларда аяқталады. Тітіркену рецепторда жүйкелік қозуға айналып, орталыққа тепкіш нейрон арқылы жұлынға бағытталады. Жұлынның сұр затында сезімтал нейрон өсіндісі қозғалтқыш нейрон денесімен синапс көмегі арқылы байланысады. Адамның жүйке жүйесін орналасуына қарай шартты түрде орталық және шеткі жүйке жүйесі деп бөледі. Орталық жүйке жүйесіне, systema nervosum centrale, бас миы мен жұлын жатады. Екеуі де ақ және сұр заттардың жиынтығынан тұрады. Ақ заты жүйке талшықтары мен нейрон өсінділерінен құралса, сұр заты нейрон денелерінен түзіледі. Жүйке талшықтары бас миы мен жұлында орталықтарды бір-бірімен қосатын өткізгіш жолдарды құрайды. Шеткі жүйке жүйесіне, systema nervosum periphericum, түбіршіктер, жұлын және бассүйек жүйкелері, олардың тармақтары, торабтары мен түйіндері А) орналасуына қарай: Жүйке жүйесі Орталық жүйке жүйесі Шеткі жүйке жүйесі Жұлын Бас миы Жұлын жүйкелері Бассүйек жүйкелері В) Қызметіне қарай: Жүйке жүйесі Соматикалық жүйке жүйесі Вегетативті жүйке жүйесі Жалпы жүйке жүйесін негізгі екі топқа бөлетін тағы бір жіктеме бар. Ол негізінен жүйенің қызметіне байланысты: соматикалық және вегетативті болып бөлінеді. Соматикалық (анималды) жүйке жүйесі дене мүшелерін, негізінен қаңқа бұлшықеттерін, теріні және кейбір көлденең жолақты бұлшықетті мүшелерді (тіл, көмей, жұтқыншақ) жүйкелендіреді. Жүйке жүйесінің бұл бөлігі организмді сезім мүшелері, тері сезімталдығы мен қозғалыс арқылы сыртқы ортамен байланыстырады. Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі барлық ішкі мүшелерді, бездерді, мүшелердің, терінің, қан тамырларының тегіс бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Бұл жүйе өз кезегінде симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді. Олардың әрқайсысы орталық және шеткі бөлімдерден тұрады. СІ СІІ Жүйке жүйесі сыртқы ұрық СІІІ СІV жапырақшасы - эктодермадан дамиды. Ұрық СV СVІ денесінің дорсалды бөлігінен алдымен жүйке СVІІ СVІІІ табақшасы, соңынан жүйке түтігі дамиды. ThІ Жүйке түтігінің бас бөлігінен бас миына бастау ThІІ болатын ми көпіршіктері, ал қалған бөлігінен ThІІІ ThІV жұлын мен шеткі жүйке дамиды. ThV ThVI Мойын сегменттері Кеуде сегменттері Жұлын, спинной мозг, medulla spinalis, ThVІI Бел сегменттері Сегізкөз-құйымшақ сегменттері алдынан артына қарай қысыңқы, пішіні ThVІII ThІX цилиндр тәрізді мүше. Омыртқа бағанасының ThX ThXІ орталық өзегінде орналасады. Бас миы негізі ThXIІ тұсында сопақша мидан басталып, І-ІІ бел LІ омыртқалар тұсында ми сүйірі, conus medullaris, тәрізденіп бітеді. Ми сүйірі өз LІI кезегінде терминалды жіпшеге жалғасады. LІII Ересек адамда жұлынның жалпы ұзындығы LIV орташа 43см (еркектерде-45см, ал әйелдерде- 41-42см),ал салмағы 34-38 гр жуық. LV Сыртқы құрлысы. Жұлын бойында мойын, SІ SІI intumescentia cervicalis, және бел-сегізкөз 1 –сопақшами; 2 –мойынбуылтығы; SІII Жұлынның сегментарлы құрылысы буылтықтары, intumescentia lumbosacralis, 3 –алдыңғыортаңғысаңылауы; SІV SV болады. Мойын буылтығынан қолды 4 –алдыңғыбүйіржүлгесі; 5 –бел- CoI жүйкелендіретін, бел-сегізкөз буылтығынан сегізкөзбуылтығы; 6 –мисүйірі аяқты жүйкелендіретін жүйкелер шығады. Жұлынның сыртқы бетінде бес жүлге және бір саңылау орналасады. Алдыңғы бетінің өне бойында сагитталды бағытта орналасқан алдыңғы ортаңғы саңылауы, артқы бетінде артқы ортаңғы жүлгесі болады, екеуі жұлынды симметриялы екі бөлікке бөлетін шекара болып табылады. Жұлынның алдыңғы бетінің ортаңғы саңылауының бүйір жағында алдыңғы бүйір жүлгелер орналасады, олардан оң және сол алдыңғы түбірлер шығады. Ал артқы бетінде артқы бүйір жүлгелер, бұл жүлгелер арқылы жұлынға оң және сол артқы түбірлер енеді. Адам денесінің метамерлік құрлысына байланысты жұлын сегменттерге, segmenta medullae spinalis, бөлінеді. Сегмент – бұл бір жұп жұлын жүйкесі тұсына сәйкес жұлынның көлденең кесіндісі, яғни сегмент құрамына оң және сол жұлын жүйкесінің алдыңғы және артқы түбіршіктері кіреді.Жұлында 31 сегментті ажыратады. Олар: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ болып бөлінеді. Сегменттер жұлында орналасуына, реттілігіне сәйкес, латын әріптерімен жазылып, рим цифрлерімен белгіленеді: мойын сегменттері C‫ – ׀‬Cv‫׀׀׀‬, Th‫ – ׀‬Thx‫׀׀‬, L‫– ׀‬ Lv, S‫ – ׀‬Sv, Co‫ – ׀‬Co‫׀׀׀‬. Тәжірибеде жұлын сегменттерінің омыртқа жотасына қатысты орналасуын білудің маңызы зор. Жұлынның ұзындығы омыртқа жотасының ұзындығынан қысқа болғандықтан, кейбір сегменттердің орналасу деңгейінің реттік саны сәйкес омыртқалармен тура келмейді. Жоғарғы мойын сегменттері реттік номері сәйкес омыртқалар тұсында орналасады. Төменгі мойын және жоғарғы кеуде сегменттері бір омыртқа жоғары, кеуденің ортаңғы сегменттері екі омыртқа жоғары, ал төменгі кеуде сегменттері үш омыртқа жоғары орналасады. Жұлынның бел сегменттері Х-ХІ кеуде, сегізкөз және құйымшақ сегменттері ХІІ кеуде омыртқалары мен І бел омыртқасы тұсында орналасады. Жұлынның өне бойынан 31 жұп алдыңғы және артқы түбірлер шығады да, омыртқааралық тесік тұсында түбірлер қосылып, 31 жұп жұлын жүйкелерін түзеді. Жұлынның әрбір сегментінің адам денесінде жүйкелендіретін белгілі бір аймағы болады. Жұлынның ішкі құрлысы. Жұлын ақ және артқы мүйізі орталық өзек ақ заты сұр заттан тұрады. Жұлының сұр заты, substantia grisea, ортасында орналасып, жан- алдыңғы мүйізі сұр заты жағынан ақ затпен, substantia alba, қоршалады. Сұр зат жұлынның оң және сол жақтарында вертикалды орналасқан екі бағана түзеді. Сұр затының ортасынан жұлын-ми сұйықтығы ағатын орталық өзек, алдыңғы canalis centralis, өтеді. Өзектің жоғарғы жағы түбір артқы бас миының ІV қарыншасымен байланысады, түбір төменгі жағы жуандап, терминалды артқы тармағы қарыншамен тұйық аяқталады. Орталық алдыңғы өзектің қабырғасы эпендимамен астарланады. тармағы Сұр заттың әрбір бағаны алдыңғы және артқы алдыңғы бүйір алдыңғы бүйір бөліктерге бөлінеді. жүлгелер жіпше жіпше дәнекер алдыңғы ортаңғы Жұлынды көлденең кескенде сұр затының саңылау менингеалды тармағы пішіні “Н” әрпіне немесе көбелекке ұқсайды. тармағы Сұл затының алдыңғы, cornu anterior, - кеңейген мүйізі және артқы, cornu posterior, - сүйір мүйізі болады. Жұлының кеуде бөлімінде және екі жоғарғы бел сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздері, cornu laterales, болады. Сұр заттың алдыңғы мүйізінде ірі жүйке жасушалары – қозғалтқыш нейрондар бес ядро түзеді, олар моторлы соматикалық орталықтар болып саналады. Бұл нейрондар тұлға және қол-аяқ бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Бұлардан басқа жоғарғы алты мойын сегменттерінде, алдыңғы бүйір ядроның жанында қосымша жүйке ядросы орналасқан, оның өсінділері қосымша жүйкенің жұлындық бөлігін түзеді. IV-VI мойын сегменттері алдыңғы мүйізінің ортасында көкет бұлшықеттерін жүйкелендіретін көкет жүйкесінің ядросы орналасады. Жұлын сұр затының артқы мүйізі бір текті емес. Оның негізгі бөлігі меншікті ядро түзеді. Сонымен қатар ірі жүйке жасушаларынан құралған кеуде ядросы байқалады. Бұл ядро сұр заттың артқы бағанында бірінші кеудеден екінші бел омыртқасына дейін жіпше тәрізді созылады. Сұр заттың артқы мүйізіндегі барлық ядро жасушалары аралық нейрондар болып табылады. Олардың өсінділері жұлынның ақ затында миға қарай бағытталады. Алдыңғы және артқы мүйіздердің аралығында аралық аймақ орналасады. І-ші кеудеден ІІ-ші бел сегментіне дейін бүйір мүйізі болады. Онда вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігі орталығын түзетін бүйір аралық зат, substantia intermedia lateralis, орналасады. Бұнда орналасқан нейрондардың аксондары жұлынның алдыңғы түбір құрамында шығады. Аралық аймақта орталық аралық зат орналасады. Мойын сегменттерінің тұсында алдыңғы және артқы мүйіздердің арасында, жоғарғы кеуде сегменттерінің тұсында бүйір және артқы мүйіздердің арасында ақ және сұр зат жиынтығы – торлы құрылым, formatio reticularis, орналасады. Бұдан басқа артқы мүйіздің ұшында гиалинді жасушалар мен майда нейрондардан құралған қоймалжың зат, substantia gelatinosa, орналасады. Нейрондарының өсінділері көршілес сегмент нейрондармен байланысады. Сұр заттың артқы мүйізінен алдыңғы мүйізіне бағытталған нейрон өсінділері сұр заттың жиегінде ақ заттың жіңішке жолағын түзеді. Жұлынның сұр заты алдыңғы және артқы түбірлерімен бірге жұлынның меншікті аппаратын құрайды. Бұл аппарат ішкі және сыртқы тітіркендіргештерге (шартсыз рефлекстер) жауап қайтарады. Жұлынның ақ заты сұр затының айналасында орналасып, жүлгелер арқылы үш бойлық жіпшеге: алдыңғы жіпше – funiculus anterior, бүйір жіпше – funiculus lateralis, және артқы жіпшеге – funiculus posterior, бөлінеді. Артқы жіпше мойын және жоғарғы кеуде бөлімдерінде аралық жүлгеше арқылы тағы да екі будаға: нәзік және жіңішке, бөлінеді, бұл қатты қабығы екі буда да осы аттармен сопақша мидың артқы жағына ауысады. Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: 1.Рефлекстік – тітіркендіргішке торлы қабығы рефлекторлы түрде жауап беру. 2. Өткізгіштік- денеден түскен қозуды миға және мидан денедегі мүшелерге өткізіп жұмсақ қабығы беру. Жұлын сыртынан үш қабықпен қапталған. Жұлынның қатты қабығы, dura mater spinalis, жұлынды сырт жағынан қапшық тәрізді жауып жатады. Сүйек қабығы мен қатты қабық арасында эпидуралды Жұлын қабықтары кеңістік, spatium epidulare, болады. Онда вена қаны құйылатын веналық өрімдер мен май клечаткасы орналасқан. Қатты қабықша шүйде сүйегінің үлкен тесігінің жиектерімен беттесіп, төменгі жағы 2-3 сегізкөз омыртқалар денгейінде аяқталады. Жұлынның торлы қабықшасы, arachnoidea spinalis, - жұқа, қан тамырсыз, ішкі жағынан қатты қабықшаға жанасады. Торлы қабық пен қатты қабық арасында субдуралды кеңістік, spatium subduralle, жатады. Торлы қабық пен жұқа қабық арасында тор асты кеңістігі, spatium subarachnoideum, бар, онда жұлын ми сұйықтығы болады. Жұлынның жұмсақ қабықшасы, pia mater spinalis, жұлынды тікелей қоршайды, қан тамырына өте бай. 3 нұсқалы 5 сұрақтан тест таратылды 1-нұсқа 1. Жұлынның шекарасы анықталады: А. І – ші мойын омыртқасының жоғарғы жиегінде В. І – ші мойын омыртқасының төменгі жиегінде С. ІІ – ші мойын омыртқасының жоғарғы жиегінде Д. ІІІ – ші мойын омыртқа деңгейі Е. І – ші кеуде омыртқа тұсында 2. Жүйке жүйесін зерттейтін ілім: А. ангиология В. спланхнология С. неврология Д. остеология Е. миология 3. Орталық жүйке жүйесіне жатады: А. жұлын В. кезбе жүйкесі С. тіл асты жүйкесі Д. шонданай жүйкесі Е. нейрон 4. Алдынан артына қарай қысыңқы, пішіні цилиндр тәрізді мүше..................... 5.Сәйкестендіріңіз. А.жұлын А.formatio reticularis В.сұр заты В.canalis centralis С.ақ заты С.medulla spinalis Д.орталық өзек Д.substantia alba Е.торлы құрылым Е.substantia grisea 2-нұсқа 1. Жұлынның «ми сүйірі» бітеді: А. Th І омыртқалар деңгейінде В. Th X омыртқалар деңгейінде С. L II омыртқалар деңгейінде Д. S II омыртқалар деңгейінде Е. Co II омыртқалар деңгейінде 2. Жұлынның орташа ұзындығы: А. 35 – 40 см В. 41 – 45 см С. 45 – 50 см Д. 51 – 55 см Е. 33 – 35 см 3. Жұлын – ми анестезиясын жасау үшін шприц инесін салады: А. L I – II омыртқаларының сүйір өсінділері арасына В. L II – III омыртқаларының сүйір өсінділері арасына С. L III – IV омыртқаларының сүйір өсінділері арасына Д. L IV – V омыртқаларының сүйір өсінділері арасына Е. L V – S I омыртқаларының сүйір өсінділері арасына 4..........................................омыртқа бағанасының орталық өзегінде орналасады. 5.Сәйкестендіріңіз. А. бел-сегізкөз буылтықтары А. cornu laterales В. бүйір мүйіздері В. cornu anterior С. артқы мүйіздері С. intumescentia lumbosacralis Д. алдыңғы жіпше Д. cornu posterior Е. алдыңғы мүйіздері Е. funiculus anterior 3-нұсқа 1. Жұлынның орталық өзегі жоғарғы жағынан байланысады: А. субдуралды кеңістікпен В. субарохноидалды кеңістікпен С. бүйір қарыншалармен Д. IV – ші қарыншамен Е. ІІІ – ші қарыншамен 2. Жұлынның сұр затының алдыңғы желісінде орналасады: А. қозғалтқыш нейрондар В. сезімтал нейрондар С. вегетативті нейрондар Д. өткізгіш жолдар Е. талшықтар 3. Сезімтал нейрондар жұлында орналасады: А. алдыңғы желісінде В. бүйір желісінде С. артқы желісінде Д.бүйір баушасында Е. алдыңғы баушасында 4. Бас миы негізі тұсында сопақша мидан басталып, І-ІІ бел омыртқалар тұсында.................... бітеді.. 5.Сәйкестендіріңіз. А. ми сүйірі А. systema nervosum periphericum В. шеткі жүйке жүйесі В. conus medullaris С. жұлын сегменттері С systema nervosum centrale Д.. орталық жүйке жүйесі Д. intumescentia cervicalis Е. мойын буылтығы Е segmenta medullae spinalis

Use Quizgecko on...
Browser
Browser