XVIII Гасырдагы Казак-Орыс Карым-Катынасы PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
This document provides historical information about relations between the Kazakh Khanate and Russia, focusing on the interactions during the early 18th century. It details specific events such as trade relations, diplomatic missions, and conflicts over territory and resources.
Full Transcript
# ТАРИХ МЕКТЕБІ +7 707 943 2849 ОРАЗБЕК ӘБСАТТАР ## 2-сабақ. Екінші бөлім ## XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ### 7-8. XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ- ### ҚАТЫНАСЫ 1. Қазақ даласына сауда керуендері келіп жатты: Бұхарадан, Хиуадан, Ташкенттен, Қоқаннан 2. Қытаймен сауда саттық кең қа...
# ТАРИХ МЕКТЕБІ +7 707 943 2849 ОРАЗБЕК ӘБСАТТАР ## 2-сабақ. Екінші бөлім ## XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ### 7-8. XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ- ### ҚАТЫНАСЫ 1. Қазақ даласына сауда керуендері келіп жатты: Бұхарадан, Хиуадан, Ташкенттен, Қоқаннан 2. Қытаймен сауда саттық кең қанат жайған жер: Құлжада және Чигучакта 3. Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберіп, орыстарды қазақ елінің одақтасына айналдыруға әрекеттер жасады: 1686-1693 жылдар 4. І Петер И.Д.Бухгольц басқарған экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа қол қойды: 1714 жылы 22 мамыр 5. И.Д.Бухгольц экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды: 1715 жылдың 1 қазанында 6. XVI ғасырда көпес Строгановтармен сауда байланыстары болғаны белгілі: Орта жүз қазақтарының 7. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстанды Азияға шығатын «Кілт және қақпа» деп таныды: І Петр 8. Қазақ хандығының Ресеймен байланысының белсене түскен уақыты: XVIII ғасырдың алғашқы отыз жыЛДЫҒЫ 9. 1716 жылы Ресейге жоңғарға қарсы күш біріктіруге өтініш жасаған: Қайып хан 10. Патшалық Қазақстанды өзінің геосаяси ықпал ететін аймағына қосып алуды көздеді: 1. Қазақстан Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан және басқа да Азиялық мемлекеттерге әскери іс-әрекеттерін одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы аумақ еді. Ресейді өзінің Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе ағылшын-орыс бәсекелестігі болды. 2. Ресей империясы экономикасының күш алып келе жатқан фабрика-зауыт өнімдерін өткізу үшін Қазақ хандығы үлкен нарық саналатын. 3. Қазақ даласы болашақта Ресейге түрлі шикізат, пайдалы қазбалар және малшаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын аймақ болар еді. 4. Өзге де империялар сияқты, Ресей де көшпелілерді өзіне бағыныштылар, алым-салық төлеудің қайнар көзі деп білді. 11. Жоңғарлар қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен келе жатқан Бухгольц отряды Ом өзенінің сағасына жеткенде қосымша көмек келіп жетіп, Омбы бекінісінің негізін қалады: 1716 жылы 20 мамырда 12.1716 жылы көктемде И.Д.Бухгольц отряды негізін қалаған бекініс: Омбы 13.1716 жылы көктемде И.Д.Бухгольц отряды Омбы бекінісін салды: Ертіс бойына 14.Ресей патшалығының Ертіс өзені бойына бекіністерді салу мақсаты: Қазақ хандығы мен Жоңғар қоңтайшысына тиесілі жерлерді өзіне қосып алу 15. «Ертіс бойындағы бекіністер шебі осылай құрылды. Оның міндеті жағалаудағы жерлерді жоңғарлардан, ал одан соң көп ұзамай-ақ қырғыздардан (қазақтардан) қорғау еді»: Н. Коншин 16.1716 жылы қазақ даласында болған Тобыл бояры: Никита Белоусов 17.1716 жылы Ертістің жағалауына салынған бекіністер: Жәміш, Омбы 18.1716 жылы князь Гагарин өзінің жіберген қателігін түзетіп, жүзбасы Чередов арқылы қонтайшыға Жәмішев бекінісінің салыну себебін деп түсіндірді: оны өздері шабуылға айдап салып отырған қырғыздар (қазақтар) тарапынан жасалатын шабуылдан қорғау үшін 19. Бояр ұлы Мартемьяниковты қонтайшыға жіберіп, одан қазына-мүлік пен тұтқындарды қайтарып беруді талап етті: Гагарин 20. Бухгольц Петерборға кеткеннен кейін Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызуға кіріседі: Сібірдің бірінші губернаторы М.П.Гагарин 21.1717 жылы Ертістің оң жағалауында салынған бекініс: Железинск 22.1717 жылы қазақ даласында болған орыс елшілері: Борис Брянцев, Федор Жилин 23.1718 жылы жоғары Ертіс бойына салынған әскери бекініс: Семей 24.1719 жылы Зайсан көлі мен Қара Ертісті зерттеу үшін келген орыс елшілері: Колмаков, Урусов, Сомов 25.1720 жылы салынған бекіністер: Коряков, Өскемен 26.1720 жылы 3 әскери-саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептерінің негізін қалады: майор И.М.Лихарев басқаратын отряд 27.Сібір редутынан Омбыға дейінгі бекіністерді атады: Горькая шебі 28.Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын қамти отырып, Кіші Нарын бекінісіне дейін созылды: Ертіс шебі 29.Өскемен бекінісінен басталып, Алтай тауларының батысын жағалай, Колыван зауыттарын басып өтіп, Кузнецк шебімен жалғасты: Колыван шебі 30. Әскери бекіністер шебінің бойында: орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станциялары мен шаруа слободалары пайда болды 31. Патша үкіметінің Еділ-Жайық аймағында өзінің жағдайын жақсартып, нығайта түсуі қазақ елі билеушілерінің арасында шиеленісті оқиғалардың болуына алып келді: 1. Мал жайылымы үшін күрес күшейді, 2. Өзара мал барымтасы орын алды, 3. Қазақтар өз жерінде Ресей империясының әскери бекіністер шебін салуына қарсы болды, 4. Қазақтар башқұрттардың патша үкіметіне қарсы күресіне жиі-жиі қатысып жүрді 32. Әбілқайырдың әскерлері Жайық пен Еділдің екі ортасындағы бүкіл аумақты басып алды: 1723-1724 жылдары 33. Жайық өзенінің бойындағы алқапта мәңгілік көшіп-қонып жүру құқығын белсенді түрде қорғаған: Әбілқайыр хан 34. «Жайық өзені қашан сарқылып, арнасы кеуіп қалғанша қазақтар оның бойынан кетпейді» деген сөзді айтқан хан: Әбілқайыр 35.1731 жылы Омбы бекінісінің маңында қанды қақтығыс болды: қазақтар мен жергілікті әскери гарнизонның арасында 36.Ресей патшалығының Қазақстанды қосып алудағы көздеген мақсаты: Сыртқы саяси қызметін күшейту 37. Патша үкіметі қазақтар тарапынан шегара шебіне шабуыл жасалуын тоқтатуға бағытталған шаралары: бекініс қорғандар салуға кірісті, шегарадағы күзет әскерлерінің санын арттырды және қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасалып тұрды ### 9-10. РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫН ҚОСЫП АЛА ### БАСТАУЫ 1. 1730 жылы Кіші Жүз билері Әбілқайыр ханға жасаған ұсынысы: Ресеймен әскери одақ жасау 2. 1730 жылы қыркүйек айында Әбілқайыр елшілігі барған қала: Петербург 3. 1730 жылғы Ресейге барған елшіліктің сипаты: Елшілік Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс етті 4. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна 5. 1731 жылы 19 ақпан күні Ресейге жіберілген қазақ елшілігі: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы 6. Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, оны үлкен ықыласпен қарсы алды: Анна Иоанновна 7. Императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды: 1731 жылы 8. Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы көктемде Петербургтен елшілікті жіберді: А. И. Тевкелев бастаған 9. 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді: Қазақ жерін қосып алу үшін 10. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнаның атынан қымбат бағалы сыйлықтар беру көзделді: болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар 11. Оларды Құран ұстап, ант берілгеннен және құжатқа қол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды: Әбілқайыр ханға арналған бағалы сыйлықтарды 12.1731 жылы дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшыны әрі батыры болды: Таймас Шайымов 13.1731 жылы дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға тиіс болды: жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға 14. Қазақтарға ең жақын көрші халықтар туралы да деректер жинау тапсырылды: А. И. Тевкелевке 15. Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған шешім болып шықты: Ресейдің қол астына өту туралы шешім 16. Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі тапсырылды: Әбілқайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға 17.1731 жылдың 10 қазан күнгі елеулі оқиға: Әбілқайыр хан, бірқатар сұлтандар және ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылданды. 18. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті: Әбілқайырды қолдаған Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына өту туралы ант берді 19. «Хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын: 29 старшын 20. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде уәде етті: өзінің ұлдарының бірін Ресейге аманат жіберуге 21. Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында болды: бір жылдан астам уақыт бойы 22. Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды; Оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі помещиктерге айналды; Олардың мыңдаған басыбайлы шаруалары болды: А. Тевкелев 23. Тархан атағы берілді: Башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа 24. Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады: Әбілқайыр хан 25. Әбілқайырдың Ресей империясымен жақындасу себебі: қалмақтар мен башқұрттардың шабуылдарын тоқтату 26. Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру, Қазақ хандығында жеке 03 билігін нығайту, Өз қарсыластарының сындыру сағын 27. Әбілқайырдың ұлы Ералы бастаған елшілік Петерборда Анна Иоанновнаның қабылдауында болып, Кіші Жүздің Ресей бодандығына өтуін түпкілікті рәсімдеді: 1734 жылы 28. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады: Әбілқайыр хан 29. Патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері оның саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқанынан кейін ғана тоқтады: Әбілқайырдың 30. Әбілқайыр ханның Ресей қол астына кіргеннен кейін патша үкіметінің қазақ жерін отарлау мақсатында қолға алған шарасы: экспедициялар ұйымдастыру 31. Патша өкіметі қазақ жеріндегі шептерін нығайту үшін Ресей сенатының аға хатшысы И.К.Кириллов басқарған арнайы экспедицияны жабдықтады: 1734 жылы 32.1734 жылы «Қырғыз-қайсақ» (Орынбор) экспедициясының мақсаты: Кіші жүздің аумағын жан-жақты зерттеу 33.1734 жылы Қазақ жерінде ұйымдастырылған экспедиция: Орынбор, Қырғыз- қайсақ 34. Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды: 1734 жылы 35. Экспедиция 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізін қалады: «Қырғыз-қайсақ» (Орынбор) экспедициясы 36. Тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1. Қырғыз-қайсақ экспедициясының құрылуы, 2. Әбілқайыр елшілігінің Петербургке баруы, 3. Әбілқайырдың Ресейге ант қабылдауы Жауабы: 2, 3, 1 37. Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін созылған Ой шебін құру аяқталды: XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында 38. Әскери бекіністері бар Үй шегара шебі салынды: XVIII ғасырдың 30-40- жылдарында 39.Ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды: Үй шегара шебі 40. Патша үкіметі қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды: 1734 жылдан бастап 41. Орынбор комиссиясының басшысы В.Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырды: 1738 жылы тамыз айында 42.Башқұрт халқының екінші көтерілісінің бұрқ ете түсуіне байланысты патша өкіметі қазақтарды қысып ұстауға тырысты: 1740 жылы 43.1740 жылы Ресей бодандығын қабылдайтындарын мәлімдеді: 120 старшынды бастап келген Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 44.Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан 45.Ресей үкіметі Алтай өңіріне кен байыту зауыттарын және кеніштер салды: осы өңірден табылған түсті металлдар қорын игеру үшін 46. Қазақтарды қорғау деген желеумен Оралдан, Сібірден әкелінген әскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды: Ресей өкіметі 47.XVIII ғасырдың 50-жылдары Ресей өкіметі Звериноголовск редутынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта қосымша бекіністерден тұратын шепті құрды: Есіл немесе Пресногорьковск шебі 48. Орта жүз қазақтары жерінің солтүстік аймағында Жаңа Есіл шегара шебіндегі әскери бекіністер мен шағын дала бекіністері тұрғызылды: 1752-1755 жылдары 49.Ол Үй өзенінен басталатын шегара шебін Ертіс шегара шебімен жалғастырды: Жаңа Есіл шегара шебі 50. Жаңа Есіл шегара шебінің ұзындығы: шамамен 540 шақырым 51. Бойында көптеген ащы сулы көлдер бар бұл шепті халық «Қасірет белдеуі» (Горькая линия) деп атады: Жаңа Есіл шебі 52. Жаңа Есіл шебінің ең ірі бекінісі: Петропавл 1752 жылы 53.«Тевкелевтің Ордаға келуі Әбілқайырдың ойын түгелдей ашып берді. Ресейдің қол астына жаңадан өтетіндерден ант алу үшін келген шенеуніктердің өздеріне жүктелген қызметіне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тіпті келген бойда-ақ өз өмірлерінен айырылып қала жаздады. Қырғыздар (қазақтар) өздерінің тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыны жөнінде ойланған кезде ашу-ызаға булықты, орталарына келген орыстарды көріп, кенеттен қатты толқыды. Тевкелевті тіпті сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жібере жаздады. Оны ханның өзі қорғап қалды. Бірақ ол өзгелердің ашу-ызаға толы толқуын баса алмады. Оның қол астындағы ержүрек жандар ешқайсысының келісімінсіз шетелдік мемлекетпен неге келісім жасасқаны, оған бас иіп, бағынуға өз атынан ғана емес, бүкіл орданың атынан уәде еткені туралы ханнан есеп беруді талап етті. Сол бір қулыққа толы батылдық оның өз өміріне қауіп төндірген болатын...»: Левшин А. И. Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы ### 11-12. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ 1. Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы: Абылай хан (Әбілмансұр) 2. Атасы Абылай Түркістан қаласының билеушісі болып, әскери жорықтарда жауына қаталдығымен көзге түскен: Әбілмансұрдың (Абылайдың) 3. Ол Түркістанда Ұлы жүздің бас биі атанған Төле бидің малын бақты: Абылай хан 4. Ол 1711 (кейбір деректерде 1713) жылы Түркістан қаласында дүниеге келді: Абылай хан 5. Абылай ханның азан шақырып қойылған аты: Әбілмансұр 6. Шыққан тегін жасырып, Сабалақ атанған: Абылай хан 7. 1711-1781 жылдары аралығында өмір сүрген мемлекет қайраткері: Абылай 8. Абылай жоңғарларға қарсы күреске белсене ат салысты: 15 жасында 9. Абылайдың бүкіл ішкі саяси қызметі бағытталды: бір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға 10. «Қазақтардың аңыз әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет кұдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ» деп жазған: Ш.Уәлиханов 11.Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан, ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді: Абылай хан 12.Сабалақ атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүздің ханы: Әбілмәмбет 13. Жекпе-жек ұрыста Абылайдың қолынан қаза тапқан жоңғардың атақты батыры: Шарыш 14.1740 жылы Ресей билігіне бағынуға ант берген билеуші(-лер): Абылай, Әбілмәмбет 15.1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Орскіге келіп, билігін мойындаған империя: Ресей 16. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің Орта жүз бен Кіші жүзге ұйымдастырған шапқыншылықтары Қазақстандағы саяси жағдайды ушықтыра түсті: 1741-1742 жылдары 17.1741 жылы Қазақстанға басып кірген ел: Жоңғар 18.1741 жылы жоңғарлардың тұтқиыл шабуылы салдарынан тұтқынға түскен саяси тұлға: Абылай 19.Орынбор комиссиясның төрағасы И.Н.Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуды талап етті: 1742 жылы 2 қыркүйекте 20.1741-1743 жж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның 21.Абылай Жоңғарияның тұтқынынан босатылды: 1743 жылдың тамыз айында 22.Бұл қазақтардың өз жауын әлсіретуіне және Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарын жоңғарлардан қайтарып алуына мүмкіндік туғызды: Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагерлері арасында кескілескен тақ таласы 23.Қалмақтардың билеушісі Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін Орталық Азиядағы саяси жағдай тіпті шиеленісіп кетті: 1745 жылы күзде 24. Ол Жоңғар тағына үміткерлердің бірі Давацимен бірге тақ үшін күресте жоңғар ханы Лама Доржыдан жеңіліп қалып, қазақтың Орта жүз аймағына қашып келді: Әмірсана 25. Патша өкіметі оны 1748 жылы Кіші жүздің ханы лауазымына бекітті: Нұралыны 26. Нұралы ханға 600 сом мөлшерінде мемлекеттік айлық жалақы тағайындалды: 1748 жылдың аяғынан бастап 27. Нұралының билігі жүрді: Жем және Жайық арасында көшіп жүрген қазақтарға 28. Кіші жүзде екі хандық құрылды: Оңтүстік-шығыс аймақта Батыр хан, солтүстік-батыста Нұралы хан 29.Оңтүстіктегі түрікмендермен, батыстағы қалмақтармен жанжалдасып, ауыр ахуалды бастан өткізіп жатты: Нұралы хан басқарған аймақ 30. Абылайды қазақ қоғамы толық мойындай бастады: 1752 жылы Орта жүзде беделді болған Барақ сұлтан қайтыс болғаннан кейін 31. Ұлы жүзде Абылайдың билігін нығайта түсті: Төле бидің жасы жетіп, қартаюы 32.1755 жылдың көктемінде Әмірсана басқарған орасан зор әскерді Даваци басқарған Жоңғарияға аттандырды: Қ