History of Central Asia PDF
Document Details
Uploaded by FlourishingLesNabis6421
Tags
Summary
This document contains a past paper on the history of Central Asia, covering topics such as the early empires, prominent figures, and notable historical events. It includes multiple-choice questions.
Full Transcript
1\. Қазіргі саяси география бойынша Орталық Азияға кіретін елдер A. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай B. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан C. **Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан** D. Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан E....
1\. Қазіргі саяси география бойынша Орталық Азияға кіретін елдер A. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай B. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан C. **Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан** D. Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Ауғанстан E. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран 2\. «Орталық Азия» ұғымын алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында ғылымға енгізген неміс зерттеушілері. A. **Карл Риттер мен Александр фон Гумбольдт** B. Карл Риттер мен Г. В. Гегель C. Карл Маркс пен Ф. Энгельс D. Карл Маркс пен Александр фон Гумбольдт E. Карл Риттер мен Карл Маркс 3\. «Ұлы Дала» деп аталған аймақтың алып жатырған территориясы қандай? A. Дунайдан Балкан түбегіне дейінгі жерді алып жатқан аумақ, B. Оралдан Алтайға, одан Маньчжурияға дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы аумақ C. Оралдан Ертіске дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы аумақ D. **Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақ** E. Еділден Алтайға, одан Маньчжурияға дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы аумақ 4\. Орта Азия ұғымымен қатар қолданған ұғым? A. **Түркістан** B. Сібір C. Ферғана D. Жетісу E. Сарыарқа 5\. «Патриархат» терминінің мағынасы қандай? A. **қоғамда ер адамдардың үстемдік етуі** B. қауымда әйел адамдардың үстем болуы C. қарт адамның қатал заңының орнауы D. әскери адамдардың үстем болуы E. қоғамда ақсақалдардың үстемдік етуі 6\. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал A. Сиыр, қой B. Сиыр, жылқы C. **Жылқы, қой** D. Жылқы, түйе E. Шошқа, түйе 7\. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басыларының атауы A. Епископтар B. **Абыздар** C. Қарилар D. Молдалар E. Қазылар 8\. Бұл өтпелі мәдениетте аңшылық басым болып, малшаруашылығы енді ғана қолға алына бастады A. **Энеолит дәуірі* *** B. Неолит дәуірі C. Мезолит дәуірі D. Қола дәуірі 9\. Таза көшпелі тұрмыс қалыптасқан аймақтар? A. Орталық және Оңтүстік Қазақстан B. Шығыс және Оңтүстік Қазақстан C. **Батыс және Орталық Қазақстан** D. Барлық аймақтарда E. Ферғана аймағында 10\. Этнография дегеніміз не? A. Тарих негізінде заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым B. Адам ағзасының қызметін зерттейтін ғылым C. Адамдардың шығу тегі туралы ғылым D. **Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасын зерттейтін ғылым** E. Аңыз-әңгімелер негізінде зерттейтін ғылым 11\. Археология дегеніміз не? A. Адамдардың шығу тегі туралы ғылым B. **Тарих негізінде заттай деректер бойынша зерттейтін ғылым ** C. Адам ағзасының қызметін зерттейтін ғылым D. Халықтардың әдет-ғұрып, салт-санасын зерттейтін ғылым E. Аңыз-әңгімелер негізінде зерттейтін ғылым 12\. Көшпелілердің негізгі кәсібі A. Егін егу B. **Мал өсіру** C. Ұсталық D. Аңшылық E. Терімшілік 13\. Жер жыртуға арналған құрал A. Атпа B. **Темір соқа** C. Шығыр D. Мала E. Ктпен 14\. Сақтардың қоғамдық құрылысын зерттеген ғұлама A. Махмуд Қашқари B. Фердоуси C. Әл-Фараби D. **Анахарсис** E. Кир 15\. Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы A. Талғар обасы B. **Есік обасы** C. Боралдай обасы D. Шілікті обасы E. Бесшатыр 16\. Накширустамдағы Бехистун жазуында сақтардың саны A. 5 B. 4 C. **3** D. 2 E. 6 17\. Сақтардағы басқару түрі A. монархия B. **әскери демократия** C. диктатура D. әскери-феодалдық E. рулық 18\. Ғұндардағы ру саны A. 25 B. 12 C. **24** D. 20 E. 22 19\. Ғұн мемлекетінің басшысының титулы A. хан B. гуньмо C. **шаньюй** D. патша E. қаған 20\. Қаңлы билеушісінің титулы A. гуньмо B. **хан** C. шаньюй D. патша E. қаған 21\. 1877 жылы «Жібек жолы» атауын ұсынған ғалым A. **Ф. Рихтгофен** B. В. Кобяков C. В. Броневский D. Л. Мейер E. К. Маркс 22\. Ұлы жібек жолындағы сауданың басты тауары A. **Жібек мата** B. Шикізат C. Азық-түлік D. Тұлпар аттар E. Алтын 23\. Ұлы Жібек жолы сауда қатынасының әлсірей бастауына әсер еткен жағдай A. Жібектің жетіспеушілігі B. **Теңіз жолдарының ашылуы** C. Қытай-араб соғыстары D. Әуе жолдарының пайда болуы E. Шыңғысхан жорықтары 24\. Ұлы ғұлама әл Фараби дүниеге келген қала A. Шаш B. **Фараб** C. Суяб D. Шам E. Йасы 25\. «Түрік» этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті A. 552 жыл B. 562 жыл C. 572 жыл D. **542 жыл** E. 553 жыл 26\. Ең көне түркі жазба ескерткіші: A. Руна B. Соғды C. Орхон-Енисей D. **Күлтегін** E. Талас 27\. Түрік қағанаты құрылған уақыты A. 572 жыл B. 562 жыл C. **552 жыл** D. 542 жыл E. 545 жыл 28\. Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаттарының астанасы болған қала A. Сайрам B. Баласағұн C. Алмалық D. **Суяб** E. Тараз 29\. Батыс Түрік қағанатында «Қара бұдындар» деп аталған топ A. **Қарапайым халықты** B. Әскерді C. Саудагерлерді D. Құлдарды атаған E. Малшыларды 30\. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты. A. Х-ХІІ ғ.ғ. B. **IХ ғ. аяғы -- ХI ғ. басы** C. ХІ-ХІІ ғ.ғ. D. ХІ-ХІІІ ғ.ғ E. ХІІ-ХІІІ ғ.ғ 31\. Қарахан мемлекетінің негізін салған хан. A. Муса B. Бумын C. **Сатұқ Боғра ** D. Үшелік E. Ахмед 32\. Қарахан мемлекетінде ислам дінінің мемлекеттік дін болып жарияланған уақыты A. 963 жыл B. 962 жыл C. 961 жыл D. **960 жыл** E. 966 жыл 33\. Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекетінің орталықтары A. Сарай-Бату, Сарай-Берке B. **Сарайшық, Сығанақ** C. Қимақия, Янгикент D. Суяб, Баласағұн E. Сауран, Сығанақ 34\. Қыпшақ тайпалық бірлестіктерін құрайтын рулар саны A. 25 B. 24 C. **92** D. 63 E. 45 35\. Моңғол империясының негізін салушы A. **Шыңғыс хан** B. Бумын қаған C. шаньюй Мөде D. Бату хан E. Мөңке хан 36\. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет. A. **Алтын Орда** B. Ноғай Ордасы C. Көк Орда D. Боз Орда E. Қазан хандығы 37\. Ақ Орданың қай ханның тұсында Алтын Ордадан бөлініп шықты A. Барақ хан B. **Ұрыс хан** C. Батыр хан D. Орда-Ежен E. Баиу хан 38\. Қазақ хандығының негізін салған сұлтандар A. Болат пен Барақ B. Тоқтақия мен Қойыршық C. **Керей мен Жәнібек** D. Батыр мен Барақ E. Есен мен Едіге 39\. Қазақ хандығы құрылған жылдар A. 1921-1922 жылдар B. 1428-1468 жылдар C. **1465-1466 жылдар** D. 1991-1992 жылдар E. 1485-1488 жылдар 40\. «Қазақ жерін жинаушы» атанған қазақ ханы A. Есім хан B. Жәнібек хан C. **Қасым хан** D. Хақназар хан E. Керей хан 41\. Қазақтың ХVІІІ ғасырдағы әдет-ғұрып заңы A. «Дала заңы» B. «Қасым ханның қасқа жолы» C. «Есім ханның ескі жолы» D. **«Жеті жарғы» ** E. «Жасақ заңы» 42\. Қай ханның тұсында қазақ халқының «Алтын ғасыр» кезеңі деп аталды A. **Тәуке хан** B. Қасым хан C. Есім хан D. Абылай хан E. Керей хан 43\. Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды» кезеңінің уақыты A. **XVIIІ ғ. 20 жылдары** B. XVI ғ. 30 жылдары C. XVII ғ. 30 жылдары D. XVII ғ. 40 жылдары E. XVII ғ. 60 жылдары 44\. Аңырақай шайқасы болған уақыт A. **1729-1730 жылдары** B. 1723-1725 жылдары C. 1726-1727 жылдары D. 1725-1726 жылдары E. 1728-1729 жылдары 45\. Олардың беделі мен билігі тек олардың жеке қасиеттеріне -- шайқастағы ерлігіне, күшіне, ептілігіне, шыныққандығына байланысты болды A. төлеңгіттер B. билер C. сұлтандар D. **батырлар** E. қожалар 46\. Олардың ықпалы орасан зор болды және кейде хан ықпалынан да асып кетуі мүмкін еді A. төлеңгіттер B. сұлтандар C. **билер** D. сал-серілер E. қожалар 47\. Қазақ қоғамында ақсүйектер тобына кіретін топ? A. **төрелер** B. төлеңгіттер C. билер D. сұлтандар E. батырлар 48\. Шыңғыс ханның ұрпақтары -- төрелерді қалай атады? A. төрелер B. төлеңгіттер C. билер D. **сұлтандар** E. батырлар 49\. Орталық Азияға ислам дінін таратушы мұсылман аристократиясын атады? A. төрелер B. төлеңгіттер C. билер D. сұлтандар E. **қожалар** 50\. Қазақ қоғамында көп мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адамды атады? A. **байлар** B. төлеңгіттер C. билер D. сұлтандар E. батырлар 51\. XII ғасырда қазіргі Түркістан қаласында сопылық ілімнің насихатшысы болған ғұлама A. Ж. Баласағұни B. М. Х. Дулати C. **Қ. A. Йасауи** A. Иүгнеки D. М. Хусейн 52\. Алашорда автономиясының орталығы болып жарияланған қала A. Алматы B. Ақмола C. **Семей ** D. Қостанай E. Орынбор 53\. Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдар ұжымы: A. ру B. тайпа C. аналық ру D. **тобыр ** E. рулық қауым 54\. Қимақ қағанатының орнына құрылған мемлекет: A. Найман B. Қарахан C. Оғыз D. Қарлұқ E. **Қыпшақ ** 55\. Әбілқайырды қолдаған Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына өту туралы ант берген мерзім A. 1732 жыл қазан B. 1730 жыл қазан C. 1729 жыл қазан D. 1733 жыл қазан E. **1731 жыл қазан** 56\. Қазақстанда Азамат соғысы басталған мерзім A. **1918 жыл** B. 1919 жыл C. 1917 жыл D. 1920 жыл E. 1916 жыл 57\. Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының алғашқы съезі өткен қала A. Мәскеу B. **Астана ** C. Пекин D. Бішкек E. Вашингтон 58\. ХІ ғасырдың бас кезінде Хорезмді жаулап алған мемлекет A. Қимақ қағанаты B. Қарақытай мемлекеті C. Қарахан мемлекеті D. Қыпшақ хандығы E. **Оғыз мемлекеті ** 59\. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды A. 1950-1953 жылдардың аралығында B. 1949-1990 жылдардың аралығында C. **1949-1963 жылдардың аралығында ** D. 1945-1953 жылдардың аралығында E. 1955-1958 жылдардың аралығында 60\. Ежелгі Қазақстанның қола дәуіріндегі металл кендерін зерттеген ғалым A. З. Самашев B. **Ә. Х. Марғұлан ** C. Қ. И. Сәтпаев D. Ә. Төлеубаев E. М. М. Герасимов 61\. Қазіргі кезеңде Орталық Азия саяси-географиялық аймақ ретінде келесі бес мемлекетті біріктіреді: A. **Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан** B. Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан C. Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия D. Қазақстан, Солтүстік-Батыс Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия E. Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Пәкістан 62\. 1893 жылы ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашқан ғалым: A. B. C. D. E. 63\. Жиналмалы киіз үй пайда болған уақытты көрсетіңіз? A. **Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңы** B. Б.з. І мыңжылдық C. Б.з.б. ІІІ мыңжылдық ортасы D. Б.з.б. ІV мыңжылдық E. Б.з.б. V мыңжылдық 64\. Қазақстан тарихы ғылымындағы Х-ХVII ғасырлардағы қазақ даласының аталуы A. «Батыс Дешті-Қыпшақ» B. «Көшпелілер даласы» C. **«Шығыс Дешті-Қыпшақ»** D. «Шығыс Түркістан» E. «Орта Азия» 65\. Қазақстан аумағындағы қола дәуірін кейде қандай дәуір деп атайды? A. Сақ дәуірі B. Темір дәуірі C. **Андрон дәуірі** D. Тас дәуірі E. Мысты тас дәуірі 66\. 552 жылы құрылған Түркі қағандығының алғашқы билеушісі? A. Иштеми қаған B. Үш елік қаған C. Сулық қаған D. **Бумын қаған** E. Мұқан қаған 67\. ХІІ ғасырда Қазақстан аумағында мемлекет құрған моңғол тілді тайпаларды атаңыз? A. Теле тайпасы B. **Қидандар немесе қарақытайлар** C. Қарлұқтар D. Түргештер E. Ғұндар 68\. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторы кім? A. Жүсіп Баласағұни B. Қожа Ахмет Яссауи C. Мұхаммед Хайдар Дулати D. Сүлеймен Бақырғани E. **Махмұд Қашғари** 69\. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қай ұлыстың аумағына кірді? A. **Шағатай ұлысы** B. Төле ұлысы C. Үгедей ұлысы D. Жошы ұлысы E. Бату ұлысы 70\. Мүрдені шалқасынан жатқызып жерлейтін тастан құралған кесенелерінің болуы -- қай мәдениеттің ерекшелігі саналады? A. Сарғарылық мәдениеті B. **Беғазы-Дәндібай мәдениеті** C. Алакөл мәдениеті D. Федоров мәдениеті E. Петров мәдениеті 71\. Ең ежелгі сақ қорғандары қай ғасырға жатады? A. Б.з.б. V ғ. B. Б.з.б. IV ғ. C. Б.з.б. III ғ. D. **Б.з.б. VIII ғ.** E. Б.з.б. VI ғ. 72\. Қазақтың дәстүрлі зергерлік өнері қай дәуірден бастау алады? A. Темір дәуірі B. Сақ дәуірі C. Тас дәуірі D. **Қола дәуірі** E. Түркі дәуірі 73\. Этнос дегеніміз не? A. Адам B. **Халық немесе ұлт** C. Нәсілдер D. Ген E. Ру-тайпалар 74\. Еуразия даласында түркі тілдес халықтар үстемдік құрған VI ғасырдан ХІІІ ғасырға дейінгі кезең қалай аталады? A. Моңғол дәуірі B. Ғұн дәуірі C. **Түркі дәуірі** D. Сақ дәуірі E. Андрон дәуірі 75\. Көшпелілер өркениетінің қалыптасқанына қанша жыл болды? A. 1000 жыл B. **3000 жыл** C. 500 жыл D. 150 жыл E. 2000 жыл 76\. Өз этникалық тегінің құндылықтарын жоққа шығару, өз этносын төмен бағалау A. Ұлттық патриотизм B. Этногенез C. Мәдени-генетикалық код D. **Ұлттық нигилизм** E. Ассимиляция 77\. Орта жүздің алып жатырған аумағы A. **Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан** B. Шығыс және Батыс Қазақстан C. Жетісу мен одан батысқа қарайғы жерлер D. Жетісу және Батыс Қазақстан E. Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан 78\. Ақсүйектердің бірінші тобы, Шыңғыс ханның ұрпақтары, жүздік жүйеге кірмейтіндер A. Түркілер B. Қожалар C. Қыпшақтар D. **Төрелер** E. Адайлар 79\. Үйсіндердің билеушісі -- күнбидің сарайы орналасқан қала? A. **Чигу** B. Битянь C. Арқайым D. Суяб E. Янгикент 80\. VI ғасырдың екінші жартысында Иран шахымен одақтасып, Істемі қаған жеңген ел? A. Юечжилер B. Жужандар C. Ғұндар D. **Эфталиттер** E. Түргештер 81\. 1375 -1376 жылдары Сарайшық, Қажы-Тархан қалаларын басып алып, өз ақшасын шығарған хан? A. Мөңке хан B. Керей хан C. Тоқтамыс хан D. Мамай хан E. **Орыс хан** 82\. 1643 жылы Жәңгір ханның ойраттармен шайқасы тарихта қандай атпен белгілі? A. Аңырақай шайқасы B. Қалмақ қырылған шайқасы C. **Орбұлақ шайқасы** D. Тастөбе шайқасы E. Ақбұлақ шайқасы 83\. Верный бекінісінің іргетасы қаланған жыл? A. 1905 B. 1818 C. 1834 D. 1865 E. **1854** 84\. Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық соғыс қай жылдар аралығын қамтыды? A. 1783-1797 жылдар B. **1837-1847 жылдар** C. 1836-1838 жылдар D. 1773-1175 жылдар E. 1823-1847 жылдар 85\. 1917-1918 жылдардағы Түркістан автономиясының негізі болған идеяны атаңыз? A. Кеңестік идеология B. Панисламизм C. **Пантүркизм** D. Алаш E. Социализм 86\. 1920 жылы 26 тамызда құрылған мемлекет? A. Алаш автономиясы B. **Қазақ автономиясы -- Қырғыз АКСР-ы** C. Қарақырғыз автономиялы облысы D. Түркістан автономиясы E. Қоқан автономиясы 87\. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін берген «Қазақ КСР-ндағы тілдер мен тіл саясаты туралы» Заң қабылданған жыл? A. **1989 жыл, 22 қыркүйек** B. 1995 жыл, 30 тамыз C. 1990 жыл, 25 қазан D. 1993 жыл, 15 қараша E. 1992 жыл, 4 маусым 88\. 1997 жылы Елбасының бастамасымен ҚР елордасы көшірілді A. Орынборға B. **Ақмолаға** C. Алматыға D. Қызылордаға E. Верныйға 89\. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдай отырып, ҚР Презижденті қызметіне кіріскен уақыт A. 2018 жылы, сәуірде B. **2019 жылы, наурызда** C. 2020 жылы, мамырда D. 2018 жылы, ақпанда E. 2017 жылы, сәуірде 90\. «Дәстүрлі өркениет» ұғымының белгілерін табыңыз? A. Бірсарындылық B. Экономиканың жоғары даму деңгейінің болуы C. Адамның өз әлеуметтік тобынан алшақ болуы D. **Дәстүрдің дәріптелуі** E. Саясатқа басымдықтың берілуі 91\. 1980 жылы B. Ф. Зайберт зерттеп, осы жерде алғашқы жылқының қолға үйретілгенін дәлелдеген мәдениеттің атауы? A. Тасмола мәдениеті B. **Энеолиттік Ботай мәдениеті** C. Бесшатыр мәдениеті D. Көлсай археологиялық мәдениеті E. Берел қорымы 92\. Балқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасындағы тарихи-мәдени аймақ -- Жетісудың атауы қандай мағынаны білдіреді? A. «Жер жаннаты» B. «Жеті шұрайлы жер» C. «Шығыс Түркістан» D. **«Жеті өзенді», «көп сулы»** E. «Ұлы Дала» 93\. Тұрақты қоныстар, дөңгелекті көлік және қола құю қандай өзгерістерге жатады? A. Тас дәуіріндегі өзгерістер B. **Қола дәуіріндегі өзгерістер** C. Қаңлы дәуіріндегі өзгерістер D. Үйсін дәуіріндегі өзгерістер E. Сармат дәуіріндегі өзгерістер 94\. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің кезеңі қай уақыт аралығын қамтыды? A. Б.з.б. ІІІ ғ. B. Б.з.б. XІІІ ғ. C. Б.з.б. XІ-ХХ ғғ. D. Б.з.б. ІX ғ. E. **Б.з.б. X-VIII ғғ.** 95\. Түркі қағандығын құрған ежелгі түріктер тарих сахнасына қашан шықты? A. ІІІ ғ. ортасы B. XІІІ ғ. ортасы C. XІ-ХХ ғғ. D. **VI ғ. ортасы** E. X-VIII ғғ. 96\. Құмандар, кундар, половецтер деген атаумен белгілі болғандар? A. Наймандар B. Керейлер C. **Қыпшақтар** D. Басмылдар E. Шығылдар 97\. «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы? A. Жүсіп Баласағұни B. Қожа Ахмет Яссауи C. **Мұхаммед Хайдар Дулати** D. Сүлеймен Бақырғани E. Махмұд Қашғари 98\. Ертістен шығысқа қарайғы жерлер қай ұлыстың аумағына кірді? A. **Шағатай ұлысы** B. Төле ұлысы C. Бату ұлысы D. Жошы ұлысы E. Үгедей ұлысы 99\. Жапсырма қыш ыдыстары ерекше білгісі саналатын мәдениетті атаңыз? A. **Сарғарылық мәдениеті** B. Беғазы-Дәндібай мәдениеті C. Алакөл мәдениеті D. Федоров мәдениеті E. Петров мәдениеті 100\. Сарматтардың мекен еткен жері? A. **Батыс Қазақстан, Еділ мен Жайық аралығы** B. Орталық Қазақстан C. Сырдарияның орта ағысы D. Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс Қазақстан E. Солтүстік және Орталық Қазақстан 101.Қазақтардың егіншілікке жаппай көшуі басталды: A. **ХХ ғасырдың басында** B. ХІХ ғасырдың басында C. ХІХ ғасырдың ортасында D. ХVІІІ ғасырдың басында E. ХVІІІ ғасырдың соңында 102\. Көшпелі малшаруашылығы Ұлы дала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйесі ретінде қалыптасты: A. **табиғи-географиялық фактордың әсерінен** B. малшаруашылығының артта қалуынан C. жұт пен аурулар кесірінен D. жылқыны қолға үйретуден E. халық санының өсуінен 103\. Ежелден егіншілік дамыған Қазақстанның негізгі аймақтары: A. Солтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы B. Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкесі C. Батыс пен Шығыс Қазақстан өңірі D. Орталық және Шығыс Қазақстан аймағы E. **Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жері** 104\. Уықты иетін құрылғының атауы: A. **атпа** B. тез C. үскі D. шігір E. мөр 105\. Көшпелі өмірге бейімделген, ерте заманнан келе жатқан көшпелілердің баспанасы: A. там B. **киіз үй** C. сарай D. жертөле E. қақыра 106\. Араб географы әл-Макдиси бұл қала туралы былай деп жазды: «Жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, мешіт ішкі қалада орналасқан». Қай қала туралы айтылған A. Сайрам B. **Сауран** C. Түркістан D. Сығанақ E. Отырар 107\. Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі түркі тілдес мемлекеттер президенттерінің бірлескен декларациясы қабылданды: A. **1996 ж. Ташкентте** B. 1997 ж. Алматыда C. 1998 ж. Бішкекте D. 1995 ж. Душанбеде E. 1994 ж. Ашхабадта 108\. Ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылданды: A. 1921 жылы B. 1924 жылы C. **1928 жылы** D. 1939 жылы E. 1941 жылы 109\. Түркістан--Сібір теміржолы салынды: A. 1921--1936 жылдары B. 1924--1931 жылдары C. **1927--1930 жылдары** D. 1939--1943 жылдары E. 1946--1952 жылдары 110.Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кірген жылы: A. 2000 жылы B. 2001 жылы C. 2014 жылы D. **2015 жылы** E. 2019 жылы 111\. Поляк ақыны, «Қырғыз» және «Дала» поэмаларының авторы: A. С. Гросс B. **А. Янушкевич** C. Б. Залесский D. В. Недзвецкий E. Г. Зелинский 112\. Ұйғырлардың Қазақстан аумағына алғаш қоныс аударған жылы: A. 1861 жыл B. 1824 жыл C. 1877 жыл D. **1881 жыл** E. 1889 жыл 113\. Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу өткен жыл: A. 1920 жыл B. 1921 жыл C. **1924 жыл** D. 1929 жыл E. 1931 жыл 114\. 1959 жылғы Бүкілодақтық санақ бойынша республика аумағындағы халық саны A. 6,1 млн B. 8,5 млн C. **9,3 млн** D. 10 млн E. 15 млн 115\. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударылған ұлттар саны: A. қырық үш B. **елуге жуық** C. алпыстан астам D. сексен екі E. тоқсан бір 116\. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы: A. Халифа Алтай B. **Жандарбек Мәлібеков** C. Әлкей Марғұлан D. Шәмші Қалдаяқов E. Мұзафар Әлімбаев 117\. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстандағы халық саны азаюының негізгі себебі: A. Балалар өлімінің өсуі B. **Еуропалық ұлт азаматтарының елден кетуі** C. Адам өмірі орташа ұзақтығының азаюы D. Әлеуметтік жағдайдың нашарлауы E. Халық арасында өлім-жітімнің өршіп кетуі 118\. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді: A. 1991 B. 2000 C. **2008** D. 2011 E. 2019 119\. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл: A. 1994 B. **1995** C. 1996 D. 1999 E. 2003 120\. Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент мәжілісіндегі өкілдерінің саны: A. 4 B. 5 C. **9** D. 12 E. 16 121\. Ғұндардың атақты билеушісі: A. Йолық-тегін B. Күлтегін C. **Мөде** D. Сұлу қаған E. Боғра хан 122\. «Диуани хикмет» еңбегінің авторы: A. Жүсіп Баласағұни B. Әл-Фараби C. Махмұт Қашғари D. **Қожа Ахмет Ясауи** E. Мұхаммед Хайдар Дулати 123\. Мұхаммед Хайдар Дулатидың әйгілі еңбегі: A. «Құтты білік» B. «Бақытқа жету» C. «Диуани луғат-ат-түрік» D. «Диуани хикмет» E. **«Тарих-и-Рашиди»** 124\. «Өз билігін Дешті Қыпшаққа таратты. Бұл жұртта Жошы ханнан кейін, одан құдіретті хан болған емес». Бұл жерде қазақтың қай ханы жайлы айтылған? A. Есім хан B. Жәңгір хан C. **Қасым хан** D. Тәуке хан E. Жәнібек хан 125\. Тәуке ханның тұсында жасалған заңдар жинағы: A. «Қасқа жол» B. **«Жеті жарғы»** C. «Билік кесім» D. «Жаңа билік» E. «Ескі жол» 126\. «Көмекей әулие» атанған әйгілі жырау: A. Доспамбет жырау B. Марғасқа жырау C. Ақтамберді жырау D. **Бұқар жырау** E. Үмбетей жырау 127\. «Зар заман» атауын енгізген заңғар жазушы: A. Жүсіп Баласағұни B. Жүсіпбек Аймауытов C. **Мұхтар Әуезов** D. Сәбит Мұқанов E. Әбдіжәміл Нұрпейісов 128\. Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ағартушы, Шыңғыс тұқымы: A. Абай Құнанбайұлы B. Ыбырай Алтынсарин C. **Шоқан Уалиханов** D. Санжар Асфендияров E. Мұхаммед Хайдар Дулати 129\. «Алаш» партиясының құрылған жылы: A. 1913 жыл B. 1916 жыл C. **1917 жыл** D. 1919 жыл 130\. «Мәңгілік Ел» идеясы жаңа нұсқасының ұсынылған жылы: A. 2010 B. 2012 C. **2014** D. 2015 E. 2017 131\. Ежелгі түркі әліпбиіндегі әріптер саны: A. 29 B. 30 C. 33 D. **35** E. 41 132\. Орта ғасырлардағы қыпшақтардың әдеби ескерткіші: A. «Даналық кітабы» B. «Руна жазуы» C. **«Кодекс Куманикус»** D. «Күлтегін жазуы» E. «Тарих-и-Рашиди» 133\. Қарахан дәуірі жазба әдебиетінің атақты өкілі: A. Қожа Ахмет Ясауи B. **Сүлеймен Бақырғани** C. Әли Иезди D. Жүсіп Баласағұни E. Махмұт Қашғари 134\. «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы» еңбектерінің авторы: A. И.Г. Георги B. П.С. Паллас C. **П.И. Рычков** D. М.В. Ломоносов E. И.К. Кириллов 135\. Қазақтың алғашқы этнографтарының бірі: A. Мұса Шорманов B. **Мұхаммед-Салық Бабажанов** C. Ы. Алтынсарин D. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы E. Әлихан Бөкейхан 136\. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысының өкілдері: A. Демократтар B. **Жәдитшілдер** C. Социалистер D. Діндарлар E. Мұғалімдер 137\. Сауатсыздықты жоюда маңызды рөл атқарған мекеме: A. Рабфак B. **Қызыл отау** C. Медреселер D. Мектептер E. Арнайы курстар 138\. Қазақ тіліндегі алғашқы Қазақстан тарихы оқулығының авторы: A. Ә. Ермеков B. Ж. Аймауытов C. А. Байтұрсынұлы D. **С. Асфендиаров** E. С. Сейфуллин 139\. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылған жылы: A. 1939 жыл B. 1942 жыл C. **1946 жыл** D. 1950 жыл E. 1960 жыл 140\. Дарынды жастарды шетелдерде оқытуға арналған мемлекеттік бағдарлама: A. «Халықаралық бағдарлама» B. **«Болашақ»** C. «Зияткерлік қор» D. Грант E. Жолдама 141\. Батыс Сібір хандығының астанасы: A. Балықты B. Түркістан C. Сарайшық D. **Қызыл-Тура ** E. Сығанақ 142\. Неолит кезеңінің жаңалықтары: A. Малды қолға үйрету басталды B. Аталық ру үстемдігі орнады C. **Қыш құмыра жасау басталды ** D. Садақ ойлап табылды E. От жағуды үйренді 143\. Сақтарға қатысы бар тұлғаларды анықтаңыз: A. Атилла B. **Томирис ** C. Чжи-Чжи D. Бумын E. Мөде 144\. XV ғ. Қазақ хандығы мен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысқа тартылғандар: A. Аштархани әулеті B. **Шайбани хан** C. Әмір Темір D. Темір ұрпақтары E. Самани әулеті 145\. Махмуд Қашғаридің еңбегі: A. «Шежірелер жинағы» B. «Құтты білік» C. «Жылнамалар жинағы» D. «Шыңғыснама» E. **«Диуани лұғат-ат-түрік» ** 146\. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде: A. Бөкей Ордасы құрылды B. Моғолстан мемлекеті құрылды C. Ішкі феодалдық тартыстар өрши түсті D. **Қазақ хандығы құрылды** E. Түрлі діни ағымдар пайда болды 147\. Галдан-Церен бастаған жоңғар әскерлерінің Қазақстанға басып кірген жылы: A. **1723 ж. ** B. 1741 ж. C. 1761 ж. D. 1745 ж. E. 1757 ж. 148\. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны: A. Қазақ әліпбиінің авторы B. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы C. Жыраулар поэзиясының өкілі D. **Жазба әдебиетінің негізін салушы** E. Тұңғыш қазақ романының авторы 149\. Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақстандағы саяси қудалау шараларының бірі: A. «Алматы ісі» B. «Ленинград ісі» C. **«Бекмаханов ісі»** D. «Дәрігерлер ісі» E. «Қазақстан ісі» 150\. Мәтінде сипатталған оқиғаны жазған тарихшыны анықтаңыз: «Ғұндар ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді». A. **А.Марцеллин** B. Диодор C. Үлкен Плиний D. Страбон E. Прииск 151\. ҚР мемлекеттік Елтаңбасының авторлары A. Шәкен Ниязбеков пен Шот-аман Уәлиханов B. Жұмекен Нажмединов пен Шәмші Қалдаяқов C. Жандарбек Мәлібеков пен Шәкен Ниязбеков D. **Жандарбек Мәлібеков пен Шот-аман Уәлиханов** E. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шәмші Қалдаяқов 152\. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясының қабылданған уақыты A. **1993 жылы 15 қарашада** B. 1992 жылы 4 сәуірде C. 1992 жылы 1 наурызда D. 1993 жылы 28 қаңтарда E. 1993 жылы 15 қаңтарда 153\. Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді A. **1993 ж. қарашада** B. 1991 ж. желтоқсанда C. 1992 ж. маусымда D. 1995 ж. желтоқсанда E. 1996 ж. желтоқсанда 154\. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының құрылымы A. 5 бөлім, 20 баптан B. 7 бөлім, 62 баптан C. **9 бөлім, 98 баптан** D. 4 бөлім, 21 баптан E. 6 бөлім, 21 баптан 155\. Қазақстан Республикасы 2015 жылы қандай ұйымға кірді A. **Дүниежүзілік сауда ұйымына** B. Біріккен Ұлттар Ұйымына C. НАТО-ға D. Халықаралық валюта қорына E. Шанхай ынтымақтастық ұйымына 156\. Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні A. 1 мамыр B. 1 желтоқсан C. 30 тамыз D. **17 желтоқсан** E. 16 желтоқсан 157\. Дарынды жастарды шет елдерде оқытуға арналған мемлекеттік бағдарлама: A. «Серпін» B. «100 қадам» C. **«Болашақ»** D. «Рухани жаңыру» E. «Белес» 158\. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өткен жыл A. **2019 ж.** B. 2020 ж. C. 2018 ж. D. 2017 ж. E. 2015 ж. 159\. Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары A. Сенат пен Конституциялық Кеңес B. Сенат пен маслихат C. Сенат пен құрылтай D. **Сенат пен мәжіліс** E. Сенат пен кеңес 160\. Қ. К. Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды A. **2020 жылы маусымда** B. 2019 жылы маусымда C. 2021 жылы маусымда D. 2018 жылы маусымда E. 2022 жылы маусымда 161\. ЮНЕСКО шешімімен 2021жылы 175жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтілен ақын, жазушы A. **Жамбыл Жабаев** B. Абай Құнанбаев C. Ыбырай Алтынсарин D. Исатай Тайманов E. Ахмет Байтұрсынұлы 162\. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер: A. С. Қожанов B. **С. Садуақасов** C. Т. Жүргенов D. Т. Рысқұлов E. А. Байтұрсынұлы 163\. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада: A. 30,5 млн мал басы болды B. 20,5 млн мал басы болды C. **40,5 млн мал басы болды** D. 10,5 млн мал басы болды E. 50,5 млн мал басы болды 164\. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді: A. Дүнгендер B. Шешендер C. Жапондар D. **Кәрістер** E. Ингуштар 165\. Қазақтан шыққан ғарышкерлер: A. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, Н.Әбдіров B. Т.Әубәкіров, Т.Бигелдинов, А.Айымбетов C. **Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов** D. Т.Әубәкіров, Х.Доспанова, А.Айымбетов E. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, Т.Бегелдинов 166\. 2003-2005 жылдары қазақ-американдық кинематографтардың бірлесуімен түсірілген фильм A. «Жау жүрек мың бала» B. **«Көшпенділер»** C. «Алмас қылыш» D. «Мұстафа Шоқай» E. «Томирис» 167\. Қазақстанда ЕҚЫҰ-на мүше елдердің саммиті қашан өтті A. 2003 жыл 1-2 қыркүйекте B. **2010 жыл 1-2 желтоқсанда** C. 2015 жыл 1-2 ақпанда D. 2012 жыл 1-2 қаңтарда E. 2013 жыл 1-2 қаңтарда 168\. Қызылорда қаласының бұрынғы атауы A. Исфиджаб B. **Ақмешіт** C. Фараб D. Кереку E. Сайрам 169\. Сырдария өзенінің ескі атауы A. Талас B. **Сейхун** C. Бұланты D. Сарысу E. Жейхун 170\. «Алаш» партиясының құрылған уақыты A. 1917 жылы қаңтар айында B. 1917 жылы желтоқсан айында C. 1917 жылы ақпан айында D. **1917 жылы шілде айында** E. 1917 жылы маусым айында 171\. Алғашқы ғылыми мекеме «Қазақстанды зерттеу қоғамы» құрылды A. 1925 жылы Қызылордада B. **1920 жылы Орынборда** C. 1930 жылы Алматыда D. 1940 жылы Қарағандыда E. 1935 жылы Астанада 172\. Кенесары Қасымұлы ұлт-азаттық қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі A. Хан тұқымдарына жеңілдік алып беру B. Патша үкіметінің салық саясатына қарсылық C. Батыс Сібір генерал-губернаторының орнынан алу D. **Хандық билікті қалыптастыру** E. Патша өкіметінің қазақтарды отарлауын 173\. Моноэтникалық құрам дегеніміз не A. бірнеше этникалық және ұлттық топтардан, диаспоралардан тұратын қоғам B. **құрамы бір ғана этникалық топтан тұратын ұлттық құрылым** C. халықтарды тарихи мекендеген жерлерінен қуу саясаты D. қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жою E. халықтарды жаппай қоныстандыру 174\. Қытай саяхатшысы Сю-ань-Цзан Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды сауда орталығы деп атаған қала. A. Йассы B. Отырар C. Тараз D. **Испиджаб** E. Сауран 175\. Абылай ханның қазақтың үш жүзінің ханы болып жарияланған уақыт A. 1781 жыл B. **1771 жыл** C. 1802 жыл D. 1843 жыл E. 1863 жыл 176\. Абылай ханның кеңесшісі болған жырау A. **Бұхар жырау** B. Доспамбет жырау C. Үмбетей жырау D. Тәттіқара жырау E. Құрманғазы жырау 177\. 1783-1797 жылдарыСырым Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы A. Сыр бойы B. Орта жүз C. бүкіл қазақ жері D. **Кіші жүз** E. Ұлы жүз 178\. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші A. старшындар B. **шаруалар** C. жұмысшылар D. батырлар E. әскерилер 179\. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің соңғы шайқасы болған жер A. **1847 жылы Майтөбе** B. 1838 жылы Ақбұлақ C. 1837 жылы Тастөбе D. 1857 жылы Арықбалық E. 1867 жылы Битөбе 180\. «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерінің авторы A. **Құрманғазы** B. Қазанқап C. Дәулеткерей D. Тәттімбет E. Дина 181\. 1862 жылы Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланған этнограф: A. М.Шорманов B. **М.С.Бабажанов ** C. Ы.Алтынсарин D. Ш.Уәлиханов E. Ә.Марғұлан 182\. Орыс патшасының бұйрығымен жер аударылған украин ақыны: A. В.Сосюра. B. Я.Латута C. П.Кулиш D. **Т.Шевченко** E. В.Зеленский 183\. «Алаш» партиясының мақсаты: A. большевиктік бағыт ұстау B. **Ұлттық мемлекет құру ** C. отарлау саясатын айыптау D. жерді шаруаларға беру E. коммунистік мемлекет құру 184\. Алашорда үкіметінің төрағасы A. **Ә. Бөкейханов** B. М. Жұмабаев C. М. Шоқай D. М. Тынышпаев E. А. Байтұрсынұлы 185\. «Оян қазақ» еңбегін жазған қоғам қайраткері, талантты жазушы және публицист: A. Ә. Бөкейханов B. М. Жұмабаев C. М. Шоқай D. **М. Дулатұлы** E. А. Байтұрсынұлы 186\. Қазақстанда ең алғашқы болып Кеңес өкіметі орнаған қала A. **Перовск** B. Верный C. Черняев D. Орынбор E. Омбы 187\. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылған уақыт. A. 1920 жыл B. **1924 жыл** C. 1922 жыл D. 1923 жыл E. 1925 жыл 188\. 1920-24 жылдары ҚазА КСР-інің астанасы болған қала A. Алматы B. **Орынбор** C. Қызылорда D. Ташкент E. Омбы 189\. Шетелде тұңғыш өнер көрсеткен қазақ әншісі A. **Ә. Қашаубаев** B. М. Ержанов C. Қ. Жандарбеков D. К. Байсейітова E. М. Ералиева 190\. Қазақстанға 1940 жылы енгізілген әліпби A. **кириллица** B. латын C. араб D. түрік E. қытай 191\. Мәтінде қай тарихи оқиға сипатталғанын анықта. «Асан Қайғы Жерұйықты іздеп, Жетісуда болған кезінде «жетісудың ағашының басы жеміс екен» екі сұлтан келіп ораналасқан жер Шу тарылы «Ей, Шу атында теріс қойыпты, мынау ну қамысың еліңді ешбір жұтқа бере қоймас». A. Керей мен Жәнібектің Шайбанилардің жерлеріне көшіп келуі B. **Керей мен Жәнібектің Моғолстанның батыс аймағына көшіп келуі** C. Керей мен Жәнібектің Моғолстанның шығыс аймағына көшіп келуі D. Керей мен Жәнібектің Моғолстанның солтүстік аймағына көшіп келуі E. Керей мен Жәнібектің Моғолстанның орталық аймағына көшіп келуі 192\. Қай тарихи оқиғаның зардаптары туралы айтылғанын белгілеңіз. «Бұл жорықтардың Қазақстан үшін ондағы өмір сүрген ру-тайпалар үшін адам айтқысыз ауыр зардаптары болды. Біріншіден, бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы мүлдем күйреді. Елдер арасындағы байланыс үзілді. Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендерді құлдыққа айдалып, Орта Азияның қалаларының базарларында сатуға түсті. Қалалар қирады, өртелген қалалардың күлі ғана қалды. Шапқыншылықтың салдарынан ауа көшу, қоныс аудару күшейді. Оның әсері бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесін бұзды». A. **Жоңғар шапқыншылығы** B. Моңғолдардың шапқыншылығы C. Ілияс Қожаның шапқыншылығы D. Әмір Темір шапқыншылығы E. Шыңғыс ханның шапқыншылығы 193\. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз. «Бетпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алды. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп Шағатай ұлыс кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады.» A. **Әмір Темір мен Ильяс Қожа арасындағы күрес** B. Әмір Темір мен Есен Бұға арасындағы күрес C. Әмір Темір мен Шайбанилер арасындағы күрес D. Әмір Темір мен Хақназар хан арасындағы күрес E. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы күрес 194\. Мәтінге қарап, Әбілқайыр ханның жаулаушылық соғыстарының бағытын анықтаңыз. «\... ол алдымен өзінің қарсыластары Махмуд-қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғ 40-жылдарында Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш жігерін жұмсаған жер ақ орда жерінің оңтүстік аудандары -- Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған» A. Батыс Сібірден Солтүстікке қарай B. Батыс Сібірден Орталыққа қарай C. **Батыс Сібірден Оңтүстікке қарай** D. Батыс Сібірден Шығысқа қарай E. Батыс Сібірден Батысқа қарай 195\. Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз. «Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген. Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы, Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болса, Шағатай мемелекетінің інжулік жерлері Шу,Іле,Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан» A. **Ханның иелігіндегі жер** B. Уәзірлердің иелігіндегі жер C. Діндарлардың иелігіндегі жер D. Қарапайым халықтың иелігіндегі жер E. Бай шонжарлардың иелігіндегі жер 196\. Мәтіндегі қазақтардың үш жүзі туралы сипаттаманы оқып, дұрыс емес жауапты анықтаңыз. «Жүз бірнеше ұлыстан құралады.Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты\... Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап, бізге қалдырды. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуге ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған.» A. Жүздерді тек ақ сақалдар өкілдері ғана басқаруга құқылы болған B. Жүздерді тек билер өкілдері ғана басқаруга құқылы болған C. Жүздерді тек ақсүйек өкілдері ғана басқаруга құқылы болған D. Жүздерді тек уәзілер өкілдері ғана басқаруга құқылы болған E. **Жүздерді тек сұлтандар өкілдері ғана басқаруга құқылы болған** 197\. Мәтінде қай екі батыр туралы сипатталғанын анықтаңыз. «Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікке көшіп-қонып жүретін үлкен ру-шектіден шыққан\... Бұл екі батыр Кенесары Қасымұлы қайтыс болып, тарих сахнасыгаг кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысты. Орынбор басшылығының жиырма жыл бойы осындай беделді адамдармен санасуына тура келді.» A. **Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы** B. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Саржан Қасымұлы C. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Сырым Датұлы D. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Н. Жанжігітұлы E. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Арыстан Жантөреұлы 198\. Мәтінде сипатталған тайпаларды анықтаңыз. «Олар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауараннахрдың орта бөлігін толығымен жаулап алады. Мұнда ескеретін жағдай, олар Қарахан мемлекетінің ішкі басқару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген.» A. Наймандар B. Үйсіндер C. Оғыздар D. **Қарақытайлар** E. Қарахандықтар 199\. Мәтінде айтылған тарихи еңбекті атаңыз. «Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты көші-қон мәселесіне байланысты ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, санын көтеруге пайдалы екенін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сан-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазадыү Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай.» A. **«Оғызнама»** B. «Құтты білік» C. «Мұхабатнама» D. «Шыңғыснама» E. «Түрікнама» 200\. Мәтінде сипатталған жағдайдың себебінен дала тұрғындарының шаруашылығына енген өзгеріс. «Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды. Бұл малмен күн көріп отырған тайпалардың жаңа өріс іздеуіне ықпал етті. A. Отырықшы мал шаруашылығына өтті B. **Жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтті** C. Суармалы шаруашылыққа өтті D. Көшпелі мал шаруашылығына өтті E. Маусымдық мал шаруашылығына өтті