Ancient Tribes of Kazakhstan and Central Asia PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
This document is a collection of questions and answers about the ancient Scythian tribes and their history in Kazakhstan and Central Asia. The provided text includes multiple choice questions relating to the Scythians, their culture, and the period in which they lived.
Full Transcript
**Сақтар** 1\. Б.з.б I мыңжылдықта Қазақстан мен Орталық Азия жерін мекендеген ежелгі тайпа: А) ғұн **В) сақ** С) үйсін Д) қаңлы 2\. Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі: А) б.з.б. II мыңжылдық В) б.з.б. III мыңжылдық **С) б.з.б. I мыңжылдық** Д) б.з.б. IV мыңжылдық 3\. Темірді иг...
**Сақтар** 1\. Б.з.б I мыңжылдықта Қазақстан мен Орталық Азия жерін мекендеген ежелгі тайпа: А) ғұн **В) сақ** С) үйсін Д) қаңлы 2\. Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі: А) б.з.б. II мыңжылдық В) б.з.б. III мыңжылдық **С) б.з.б. I мыңжылдық** Д) б.з.б. IV мыңжылдық 3\. Темірді игеру басталды: А) б.з.б. II мыңжылдықтың басы В) б.з.б. III мыңжылдықтың басы **С) б.з.б. I мыңжылдықтың басы** Д) б.з.б. IV мыңжылдықтың басы 4\. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы: А) б.з.б. II мыңжылдық В) б.з.б. III мыңжылдық **С) б.з.б. I мыңжылдық** Д) б.з.б. IV мыңжылдық 5\. Ұлы Даланың алғашқы нағыз көшпелі малшылары: А) ғұн **В) сақ** С) үйсін Д) қаңлы 6\. Сақтардың ешқандай қоныстар салмау себебі: **А) көшпелі өмір сүргендіктен** В) егінші болғандықтан С) қолөнер кәсібімен айналысқандықтан Д) диқаншы болғандықтан 7\. Сақтардың көне қытайша атауы: **А) сэ** В) аримаспы С) сака Д) дай 8\. Сақтардың көне парсыша атауы: А) сэ В) аримаспы **С) сака** Д) дай 9\. Парсы жазбаларында Жетісу мен Сырдарияның орта ағысында тұрған сақтар аталған: **А) сақ-тиграхауда** В) Ақ жалды жүйрік аттардың иелері С) Құдіретті еркектер Д) Азиялық скифтер 10\. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын мекендеп, тайпалық одақ құрған сақ тайпалары: А) Аргиппейлер мен дайлар **В) дахтар және массагеттер** С) Исседондар және парадарайалар Д) Сарматтар мен ғұндар 11\. Дахтардан бөлініп шығып, кейін Иранда Аршакидтер империясын құрған тайпа: А) Аримаспылар В) Аргиппейлер **С) парн (парфян)** Д) Сарматтар 12\. Хаома сусынын дайындайтын сақтардың қоныстанған аумағы: **А) Мурғаб аңғары** В) Алтай С) Жетісу Д) Сырдарияның төменгі ағысы 13\. Сарыарқаның шығысында мекендеген сақ тайпасы: А) Аргиппейлер **В) Аримаспылар** С) Сарматтар Д) Исседондар 14\. Сарыарқаның солтүстік-батысын мекендеген сақ тайпасы: **А) Аргиппейлер** В) Аримаспылар С) Сарматтар Д) Исседондар 15\. Сарыарқаның орталығын мекендеген сақ тайпасы: А) Аргиппейлер В) Аримаспылар С) Сарматтар **Д) Исседондар** 16\. Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік кешкен сақ тайпасы: А) Аргиппейлер В) Аримаспылар С) Сарматтар **Д) Исседондар** 17\. Қазақтың қыстауына ұқсайтын қоныстары болған тайпа: А) Аргиппейлер В) Аримаспылар С) Сарматтар **Д) Исседондар** 18\. Сақ қоғамында үстемдік еткен билік түрі: А) республика В) монархия **С) әскери демократия** Д) теократия 19.Сақ қоғамында соғыс пен бітімгерлік мәселелерін шешті: А) уәзір В) сұлтан **С) патша** Д) би 20\. Сақ қоғамында жоғары мәртебеге ие болғандар: **А) әйелдер** В) оқушылар С) тұтқындар Д) әскерлер 21\. Антикалық дереккөздерде патша әйелдері туралы айтылатын тайпа: **А) сақтар** В) ғұндар С) үйсіндер Д) қаңлылар 22\. Қарсыластарымен соғыс жүргізіп қана қоймай, бірнеше қаланың негізін салған сақтардың әйел патшасы: А) Томирис **В) Зарина** С) Шырақ Д) Спитамен 23\. Өз патшалығын парсыларға қарсы соғыста басқарған сақтардың әйел патшасы: **А) Томирис** В) Зарина С) Шырақ Д) Спитамен 24\. Әлеуметтік жағдайы мен қызметіне қарамастан, адамдардың заң алдында тең екендігін айтқан сақ ойшылы: А) Геродот **В) Анахарсис** С) Сократ Д) Платон 25\. Қоғамдық құрылыс мәселесімен айналысқан белгілі сақ ғұламасы: А) Геродот **В) Анахарсис** С) Сократ Д) Платон 26\. «Қызғаныш пен қорқыныш- адамның ең жаман қасиеттері деген сөзді айтып қалдырған сақ ойшылы: А) Томирис В) Зарина С) Шырақ **Д) Анахарсис** 27\. Б.з.б. VIII-VII ғасырларда скифтер басып кірген аймақ: **А) Алдыңғы Азия** В) Иран С) Қытай Д) Кушан 28\. Б.з.б 670 жылы ассириялықтармен соғыста қаза тапқан скиф патшасы: А) Цезарь В) Томирис **С) Ишпакай** Д) Тутмос 29\. Б.з.б. VII ғасырдың аяғында сақтардың басым бөлігі: **А) Далаға қайтып оралды** В) Римге басып кірді С) Қорған салды Д) Қала салды 30\. Кир патша сақтар мемлекетімен шегарада салуға бұйрық берген қала: А) Бесшатыр **В) Курушката** С) Шірік-Рабат Д) Тасмола 31\. Б.з.б 530 жылы сақ массагеттерге қарсы жорыққа шыққан парсы патшасы: А) Томирис **В) Кир** С) Дарий Д) Спитамен 32\. Б.з.б. VI ғасырда Кирмен соғысқан сақ тайпасы: А) Аргиппейлер В) Аримаспылар С) Сарматтар **Д) Массагеттер** 33\. Сақ массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы: А) Б.з.б 570 **В) Б.з.б 530** С) Б.з.б 650 Д) Б.з.б 680 34\. Кирден кейін сақ жеріне жорық жасаған парсы патшасы: А) Томирис В) Кир **С) I Дарий** Д) Спитамен 35\. Б.з.б 519 жылы сақ-тиграхаудаларға шабуыл жасап, олардың көсемі Скунханы тұтқынға түсірген парсы патшасы: А) Томирис В) Кир **С) I Дарий** Д) Спитамен 36\. Парсыларға қарсы ұрыста тұтқынға түскен сақтардың көсемі: А) Томирис **В) Скунха** С) Дарий Д) Спитамен 37\. Б.з.б 518 жылы I Дарийдің жорығында парсылардың сеніміне кіріп, олардың шөл далада қырылуына себеп болған сақ малшысы: А) Томирис В) Кир **С) Шырақ** Д) Спитамен 38\. Дарийдің он мың ажалсыз әскерінің қатарында болғаны туралы айтылатын тайпа: А) ғұн **В) сақ** С) үйсін Д) қаңлы 39\. Б.з.б 490 жылы сақтар парсы әскерінің құрамында болып қатысқан грек-парсы соғысындағы шайқас: А) Троя **В) Марафон** С) Батпақ Д) Тасмола 40\. Б.з.б 490 жылы Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында болып, гректерге қарсы соғысқан тайпа: А) ғұндар **В) сақтар** С) үйсіндер Д) қаңлылар 41\. Б.з.б. IV ғасырда парсы әскерінің таңдаулы жауынгерлері болған тайпа: А) ғұндар **В) сақтар** С) үйсіндер Д) қаңлылар 42\. Б.з.б 331 жылы Гавгамела шайқасында парсы патшасы III Дарийдің әскерін тас талқан етіп жеңіп, Азияның билеушісіне айналған қолбасшы: **А) А.Македонский** В) Кир С) I Дарий Д) Спитамен 43\. Б.з.б 331 жылы Гавгамела шайқасында бактриялық атты әскермен бірігіп, македондықтардың мықты жауынгерлеріне қарсы шайқас жүргізген сақтардың тайпасы: А) массагет **В) дах** С) аримаспы Д) аргиппей 44\. Скифтердің өздері (дахтар) де олардың аттары да сауытпен қорғалған, -деп жазған А.Македонскийдің тарихшысы: А) Помпей Трог В) Геродот **С) Арриан** Д) Сократ 45\. III Дарий патша қаза тапқан соң македондықтар жағына өтіп, А.Македонскийдің таңдаулы садақшылары ретінде Үндістан жорығына қатысқан тайпа: А) массагет **В) дах** С) аримаспы Д) аргиппей 46\. Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген қолбасшы: **А) А.Македонский** В) Кир С) I Дарий Д) Спитамен 47\. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған соғдының әскери қолбасшысы: А) Томирис В) Скунха С) Дарий **Д) Спитамен** 48\. А.Македонский патша Ферғана жерінде салуды бұйырған өз империясының солтүстігіндегі ең шеткі қала: **А) Александрия-Эсхат** В) Курушката С) Шірік-Рабат Д) Тасмола