Халықаралық жария және жеке құқық салалары (Тест сұрақтары) PDF

Summary

Бұл құжат халықаралық жария және жеке құқық салалары пәні бойынша тест сұрақтарының жинағы. Бірнеше беттен тұрады. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап беру керек.

Full Transcript

ОН 1.7. Халықаралық жария және жеке құқық салаларын меңгеру пәнінен тест сұрақтары 1. Халықаралық құқық ғылымының әкесi деп кiмдi атайды? Гуго Гроций 2. Агреман басқа мемлекет жеке тұлғасын дипломатиялық өкiлдiк басшысы ретiнде қабыл-дауға мемлекеттiң келiсiмi 3. Консул басқа мемлекеттiң ке...

ОН 1.7. Халықаралық жария және жеке құқық салаларын меңгеру пәнінен тест сұрақтары 1. Халықаралық құқық ғылымының әкесi деп кiмдi атайды? Гуго Гроций 2. Агреман басқа мемлекет жеке тұлғасын дипломатиялық өкiлдiк басшысы ретiнде қабыл-дауға мемлекеттiң келiсiмi 3. Консул басқа мемлекеттiң кез-келген ауданына (аймағына ) өз елiнiң мүдделерiн, оның заңды тұлғалары мен азаматтарын қорғауға тағайындалған мемлекеттiң лауазымды тұлғасы 4. Адам құқықтарының жалпы декларациясы қай жылы қабылданды? 1948 ж. 10 желтоқсан; 8.Елшiлiк кiммен басқарылады? елшiмен; 9.Вербалдық нота ағымдағы сұрақтар бойынша дипломатиялық хат жазысу нысаны 10.Дисмисл дипломатты жеке тұлға деп жариялау 11.Меморандум – бұл мемлекеттердің позицияларын анықтайтын,халықаралық сұрақтарға талдау жа-сайтын дипломатиялық құжат 15.Преамбула – халықаралық келiсiм-шарттың кiрiспе бөлiмi; 16.Ратификация халықаралық шартты жоғарғы мемлекеттiк билiк органының бекiтуi; 17.БҰҰ-ның ресми тiлдерi болып мыналар есептеледi ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тiлдерi; 18.Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы қашан қабылданды? 1969ж. 19.Имплементация дегенiмiз бұл - халықаралық шартты орындаудың және оны қамтамасыз етудiң тәсiлдерi; 22.jus cogens дегенiмiз не? халықаралық құқықтағы императивтiк нормалар; 23.Интерполдың штаб-квартирасы қайда орналасқан? Лионда (Франция); 24.БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті шешімдері шағымдануға жатпайды 25.НАТО - Солтүстікатлантикалық келісім-шарт ұйымы; 26.Атом энергиясын пайдалану аясындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту қай ұйымның мақсаты болып табылады? МАГАТЭ; 27.Қазіргі уақытта қандай ұйым қызметін тоқтатқан? Ұлттар Лигасы; 28.Апатридтер азаматтығы жоқ тұлғалар; 29.Геноцид белгiлi бiр ұлттың, этникалық, нәсілдік немесе дiни топты толық немесе жартылай жойып жiберуге бағытталған әрекеттер; 33.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары шектелуі мүмкін тек қана заңмен және тек конституциялық құрылысты сақтау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын,елдің адамгершілігі мен денсаулығын қор-ғау мақсаты қажет жағдайларында 34.Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакті қай жылы қабылданды? 1966 ж. 36.Комбатанттар бұл даулы жағдайдағы жақтардың қарулы күштерiнiң құрамына кiретiн тұлғалар; 37.Азаптау, зорлық – зомбылық, мейірімсіз қарау немесе жазалау Ешқандай жағдайларда қолданылуы мүмкін емес. 38.Аннексия белгiлi бiр ұлт өкiлдерi, халықтың территориясын мемлекеттiң өзiне күштеп қосып алуы; 39.Ядросыз аймақ бұл халықаралық шарт негiзiнде жаппай құрту қаруынан бос территория; 40.Делимитация бұл карта бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттiк шекараны анықтау және белгiлеу; 41.Реституция… қарсылас территориясынан соғысушы мемлекетпен заңсыз тартып алынған және тасылған мүлiктi натура түрiнде қайтару; 42.Реторсия… мемлекеттiң басқа мемлекет агрессиялық актiсiнен жауап ретiндегi заңды мәжбүрлiк шаралары; 43.Сатисфакция… құқық бұзушы мемлекет зардап шеккен мемлекет талаптарын қанағаттандырумен сипатталатын халықаралық-құқықтық жауапкершiлiк нысаны; 44.Цессия екi мемлекеттiң өзара келiсуi арқылы бiр мемлекет аумағының екiнші мемлекетке өтуi; 45.Мемлекет жауапкершiлiгiнiң түрлерi материалдық және саяси; 46.Капитуляция дегенiмiз – бұл… әскери әрекеттердi тоқтатудың бір нысаны; 47.Де-юре және де-факто дегенiмiз не? заңи тану нысандары; 48.Халықаралық терроризм деген не? халықаралық деңгейдегі әрекеттер, яғни жазықсыз адам өліміне әкеп соғатын жә-не мемлекет пен оның өкілдерінің дұрыс дипломатиялық қызметін жоятын халық-аралық масштабтағы барлық қоғамға қауіпті әрекеттер 49.Экоцид – өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау 50.Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының қандай құқықтары жоқ сайлау құқығы ОН 1.5 ҚР құқық қорғау органдарын талдау 1.Құқық  қорғау  органдарының  құрамы сот, прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдары, әділет органдары, әскери полициясы және кедендік бақылау органдары 2. Құқықтық  тәртіп түсінігі қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтірудің құқық пен заңдылыққа негізделген  күйі 3. Судьяларға біліктілік сыныптары беріледі атқарып жүрген қызметіне, кәсіби даярлығының деңгейіне, еңбек сіңірген жылдарына және өзге де мән-жайларға байланысты 4.Облыстық соттың жалпы отырысы заңды болады, егер, сот судьяларының жалпы санының кем дегенде сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда 5. Конституциялық  соттың  төрт судьясын ҚР Президенті тағайындайды 6. Кінәсіздік презумциясы адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі 7.Аудандық соттың судьясы болып 30 жасқа толған, жоғары заң білімі бар,  жоғары  моральдық-адамгершілік қасиеттері, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар ҚР-ның азаматы 8. Жоғарғы Соттың Төрағасын бес жыл мерзімге сайлайды 9. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары беріледі күнтізбелік отыз күнге Е) күнтізбелік жиырма күнге Судьяларды сақтандыру міндетті 11.Жоғарғы соттың құрылымы қадағалау алқасы, азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, ғылыми-консультациялық кеңес 12.Судья сот билігін  жүргізуші 13.Судья лауазымының  қызметі байланысты оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтермен 14. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің негіздері сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін, судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін 15.Сот билігінің ажырамас белгісі тәуелсіздігі, жеке даралығы, дербестігі 16. Қазақстан Республикасы әскерлерінің әскери соты теңестірілген облыстық сотқа, гарнизонның әскери соты- аудандық сотқа 17. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шеңдер мен әскери атақтар беріледі атқаратын қызметіне, біліктілігіне және арнаулы қызметтегі өтіліне сәйкес 18. Судьялар мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді Жоғарғы соттың жалпы отырысы 19. Ішкі істер министрін қызметке тағайындайды Сенаттың келісімімен ҚР-ның Президенті 20.Заңдардың дәлме -дәл  және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды Прокуратура жүзеге асырады 21.Бас прокурорды қызметке тағайындайды Сенаттың келісімі бойынша ҚР Президенті 22. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру Әділет Министрлігінің өкілеттігі 23. Әділет министрін қызметке тағайындайды Премьер министрдің ұсынысы бойынша ҚР Президенті 24. Адвокат адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат 25. ҚР Жоғарғы Сотының жалпы отырысының жұмыс тәртібі белгіленеді ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының бұйрығымен 26. Қазақстан Республикасының сот жүйесі ҚР-ның Жоғарғы соты, жергілікті  және басқа да соттар құрайды 27. Судьяға қойылатын талаптар ҚР-ның Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға 28. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы есеп береді ҚР Президентіне 29. Сот талқылауының  нысаны тікелей және нақты 30. Сот әділдігінің жүзеге асырылуы барша жұрттың заң мен сот алдында теңдігі негізінде жүргізіледі 31. Конституциялық соттың төрағасы мен мүшелерінің өкілеттілік мерзімі сегіз жылға 32.Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілген ҚР Әділет Министрінің Қаулысымен 33. Облыстық соттың құрылымы жалпы отырыс, жалпы отырыстың төралқасы, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 34.Соттың шешімдері, үкімдері және өзге де қаулыларының міндетті күші болады бүкіл республика аумағында 35.Судья сот билігін жүзеге асырғанда тәуелсіз және бағынады тек конституция мен заңдарға   ОН 1.6 Мемлекет және құқық теориясының рөлі мен табиғатын айқындау 1.Құқық дегеніміз ресми  түрде  танылған,  жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі 2.Құқықтағы олқылықтар дегеніміз нақты істің шешімін табу үшін қажет нақтыланған заң құралдарының, құқықтық нормалардың болмауы 3.Құқыққа ие тұлғаның белгілі мінез- құлыққа ие болу мүмкіндігі субъективтік құқық 4.Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметтері гнесеологиялық, болжамдық, онтологиялық, идеологиялық, әдістемелік, тәрбиелеу 5.Мемлекеттің пайда болу себептері экономикалық себептері, жеке меншіктің пайда болуы, рудың  ыдырауы және отбасының пайда болуы 6.Құқықтық  реттеудің  әдістері императивтік, диспозитивтік 7.Құқықтық  жауаптылықтың  субъективтік  жағы кінә, мақсат 8.Құқықты  жүзеге асыру нысандары құқық нормаларын орындау, сақтау, пайдалану, қолдану 9.Ғылыми құқықтық сана дегеніміз құқықты жүйелі түрде теориялық жағынан меңгергендікті білдіретін жөніндегі идеялар, негізгі ой-пікірлер мен көзқарастар 10.Салалық заң ғылымдарына жатады қылмыстық құқық, конституциялық құқық, азаматтық құқық 11.Тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады заңдылық, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, мемлекеттік аппарат 12. Мемлекет функциясының әрекет ету мерзіміне қарай  түрлерге бөлінуі
тұрақты, уақытша 
13.Мемлекет және құқықтың жалпы теориясы  жатады тарихи-теориялық ғылымдарына 14.Мемлекет және құқық теориясын зерттеуге қолданылатын жалпы әдістер талдау және синтездеу, абстрактілеу, абстрактілеуден нақтылыққа өрлеу 15.Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды оқытудағы  жиынтық (комплексность) қағидасы мемлекеттік-құқықтың бір-бірімен байланыстырып тұтас қарастыру 16.Формациялық көзқарас бойынша мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі қоғамдағы еңбектің бөлінісі, жеке меншіктің пайда болуы негізгі себеп болып табылады 17.Гумплович, Дюринг, Каутскиймен ұсынылатын мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теория зорлық-зомбылық 18.Деликт қабілеттілігі бар тұлғаның қоғамға зиян, құқыққа қайшы және кінәлі әрекеті құқық  бұзушылық 19.Демократиялық мемлекеттегі биліктің негізгі көзі халық 20.Егемендігі шектеулі мемлекеттерден тұратын күрделі құрылым федерация 21.Заңды  жауапкершіліктің  қағидалары заңдылық, жауапкершілік 22.Заң  алдындағы  жауаптылықты  болдырмайтын  жағдайлар әрекет  және әрекетсіздік 23.Заңдылықтың негізгі принциптерінің бірі заңның үстемдігі 24.Қоғамдық өмір саласына байланысты мемлекет функциясының  түрлері сыртқы  және ішкі 25.Құқық  бұзушылық  құрылымының  элементтері субъект, субъективтік жағы, объект, объективтік жағы 26.Құқық бұзушылықтың ең маңызды, негізгі белгісі зияндылық 27.Құқық жүйесінің негізгі элементтері құқық саласы, құқықтық институт, құқықтық норма 28.Құқықтың мүмкіншіліктеріне сенбеушілік, құқық пен заңдылықтық девальвациясы, құқықтық әлеуметтік және жеке құндылықтарын жоққа шығару құқық нигилизмі 29.Мемлекет және құқықтың қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым мемлекет және құқық теориясы 30.Мемлекет түсінігінің негізгі белгісі жариялы билік, заңдар, әскер 31.Қоғамдағы адамдардың жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, қалаулы құқыққа және басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі құқықтық сана 32.Қоғамдағы барлық ұйымдардың, одақтардың,  бірлестіктердің, ұжымдардың,партиялардың үстінен мемлекеттің үстемдігі заң тіліндегі ұғымы егемендік 33.Мемлекеттің өмірге келуін, қалыптасуын отбасы дамуының жалғасы деп түсіндіретін теория патриархалдық 34.Мемлекеттің шығу тегін адамдардың психика ерекшеліктері, ұжымда адамдардың өмір сүру қажеттігі мен адамның беделін іздеу ынтасымен түсіндіретін теория психологиялық 35.Деликт қабілеттілігі жоқтарға жататындар есі дұрыс еместер, жас балалар 36.Құлиеленушілік мемлекеттің маңызды функциясы жеке меншікті қорғау 37.Кінәсіздік презумциясы құқықта баянды етілген  болжам 38.Саяси, экономикалық сипаттағы ортақ мақсаттарға жету үшін біріктірілген мемлекеттердің уақытша одағы конфедерация 39.Құқықтың  белгілері құқықтың жалпыға міндеттілігі 40.Мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылысы, құрылу тәртібі және құзыреттерінің бөлінісінің ұғымы басқару нысаны 41.Консолидация дегеніміз – бұл Барлық нормативті актілердің тексттерінен құралатын заңдарды жүйеге келтіру 42.Кодификация дегеніміз – бұл Барлық әрекет етуші актілердің бір актіге жинақталып, нормалардың мазмұнын өзгертіп бір жүйеге келтірудің бір түрі 43.Мемлекеттік режим нысаны мемлектік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен әдістердің жиынтығы 44.Заңдық  жауапкершілік  қағидаттары әділеттілік, заңдылық, дәлелдік, жазадан  құтылмайтындық,  мақсатқа лайықтылық 45.Мемлекеттік  функциясының нормативтік-құқықтық актілерді толықтыру, өзгерту, жаңарту процесімен шұғылданатын қызметі құқық шығармашылық қызметі 46.Мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу пікірін шығарды Ш. Монтескье 47.ҚР Конституциясы  бойынша  кейінге  қалдыру  вето(отлагательное вето) құқығына ие Президент 48.Мемлекет механизмі дегеніміз мемлекеттік органның ұйымдастырылу әдісі 49.Заңды факт – дегеніміз құқықтық қатынастың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуына әсер ететін нақты жағдайлар 50.Мононорма түсінігі пайдаланылды рулық қоғамда

Use Quizgecko on...
Browser
Browser