ҚМЖ_Дүниетану_11-сабак_4сынып қараша.docx PDF

Summary

This document is a lesson plan for a 4th-grade class in Kazakhstan on the development of science in their country, focusing on the scientist Qanysh Satpayev. It includes objectives, activities, and assessments. The lesson plan includes the date and subject.

Full Transcript

# Қысқа мерзімді жоспар ## Пәні: Дүниетану ## Бөлім: Мәдени мұра ## Педагогтің аты-жөні: Артикбаева Г.К ## Күні: 29.11.2024 ## Сынып: 4 ## Тақырыбы: 11. Қазақстанда ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтпаев ## Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: - Өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, шығармашылық...

# Қысқа мерзімді жоспар ## Пәні: Дүниетану ## Бөлім: Мәдени мұра ## Педагогтің аты-жөні: Артикбаева Г.К ## Күні: 29.11.2024 ## Сынып: 4 ## Тақырыбы: 11. Қазақстанда ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтпаев ## Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: - Өмірбаяндық мәліметтерге сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбектері туралы қорытынды жасау. - Қазақстанның ғылымдағы жетістіктері туралы біледі. - Елімізге танымал болған ғалымдардың еңбегін зерделеуді үйренеді. ## Сабақтың мақсаты - Жасампаздық және жаңашылдық құзыреттілік: шығармашылықпен қоршаған әлемді зерттеу, сұрақтар қою және алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасай алу; - Жаңа идеяларды қою, эксперименттер жүргізу, мәселелердің стандартты емес шешімдерін көру және оларды іс жүзінде қолдана алу. ## Сабақтың барысы | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |:---:|:---:|:---:|:---:|:---:| | **Сабақтың басы** | І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Бастайық сабақ бүгін біз.
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірімді
Болып кетер сонда менің жан-жағым | 1. Мұғаліммен сәлемдеседі.
2. Өлең шумағын мәнерлеп айтады | Жарайсыңдар! | | | 2 минут| Үй тапсырмасы
Мәтінді түсініп оқы.
4-тапсырма. ХХ ғасырда ел экономикасында орын алған оқиғалар туралы ересектерден сұрап біл. Ақпарат көздерінен қосымша мағлұматтар алып, анықта. Одан шағын әңгіме жаз | Мәтіннен түсінгендерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді. | Дескриптор:
1. Мәтіннен түсінгендерін айтады.
2. Сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: Жарайсың! Өте жақсы! | | | 3 минут | Өткен сабақты пысықтау
1.КСРО құрамында неше республика болды?
2. Елімізде тың жерлерді игеру қай уақытта басталды?
3."Азия Авто" зауыты қайда орналасқан?
4. "Рахат" фаврикасы 2018 жылы қандай көрмеге қатысты?
5."Рахат" кондитерлік өнімдері қай елдерге шығарылады? | | | | | 10 мин | Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Білу және түсіну. Оқулықпен жұмыс.
Сен:
-Қазақстанның ғылымдағы жетістіктері туралы білесің.
-Елімізге танымал болған ғалымдардың еңбегін зерделеуді үйренесің.
1-тапсырма. Қалай ойлайсың, елімізде ғылым қандай рөл атқарады?
Мәтінді түсініп оқы. | Елімізде ғылым қандай рөл атқаратынын түсіндіреді.
Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, сыныптастарына қояды. | Дескриптор:
1. Елімізде ғылым қандай рөл атқаратынын түсіндіреді. 16
2. Мәтінді түсініп оқиды. 16 | Оқулық. | | **Сабақтың ортасы** | Мәтін бойынша 3 сұрақтан құрастырып, сыныптастарына қояды.
2-тапсырма. "Ғалым Қаныш Сәтбаев" кластерін құрастыр.
3- тапсырма. Сен тұратын облыста (қалада, ауылда) Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталатын қандай нысандар бар? | "Ғалым Қаныш Сәтбаев" кластерін құрастырады.
Өзі тұратын облыста (қалада, ауылда) Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталатын нысандар жайлы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады. | Дескриптор:
1. "Ғалым Қаныш Сәтбаев" кластерін құрастырады. 26 | | | 15 мин | | | Дескриптор:
1. Өзі тұратын облыста (қалада, ауылда) Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталатын нысандар жайлы әңгімелейді. 26 | Дәптер | | **Бекіту** | ЕБК
1. Қаныш Сәтбаев кім болған?
2. Қаныш Сәтбаев қандай салаларда жетістіктерге жетті? | | | | | 10 мин | | | | | | | **Сен білесің бе?**
Қаныш Сәтбаевтың өз халқына, туған жеріне деген махаббаты ерекше еді. Қаныштың Ұлыбританияның Премьер-министрі Уинстон Черчилльмен кездескендегі әңгімесі ел аузында сақталған. Алып тұлғалы қазақты таныстырған сәтте Черчилль:
• Қазақтардың бәрі Сіз сияқты биік пе? - деп сұрайды.
Сонда Қаныш Сәтбаев байсалды үнмен:
• Халқым менен де биік, - деген екен.
4- тапсырма. "Халқым менен де биік"-деген ғалымның сөзін қалай түсінгеніңді айтып бер. | "Халқым менен де биік"-деген ғалымның сөзін қалай түсінгенін айтып береді. | Дескриптор:
1. "Халқым менен де биік"-деген ғалымның сөзін қалай түсінгенін айтып береді. 16 | | | **Сабақтың соңы** | IV.Сабақты қорытындылау.
1. Қазақстанда Ғылым академиясы қашан ашылды?
2. Қаныш Сәтбаев Орталық Қазақстанда қандай кен орнын ашты?
3. Ғалымды не себепті "Тыл генералы" деп атады?
4. Ғалымның 100 жыл мерейтойына орай не болды?
5. "Сәтбаевит" ұғымы нені білдіреді?
(оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу):
-Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?
-Жетістік критерийлеріне жеттік пе?
Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың
Үй тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
5-тапсырма. Қосымша ақпаратты пайдаланып, өз облысыңнан қандай ғалымдар шыққанын анықта. Олар ғылымның қандай салаларында қызмет еткенін біл.
Оқушылардың білімін бағалау
Рефлексия | Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі. өзін бағалайды сабақтан алған әсерлерімен бөліседі Сұрақтар қояды, қосымша түсіндіруді қажет ететін тұстарын айтады. Сабақ немесе тақырып бойынша өз пікірін айтып, болашақта не қалайтынын білдіреді. Оқушы өз оқуында қандай әдістердің тиімді болғанын байқайды. ■ Қателерінің себептерін анықтап, оларды түзету жолдарын ойластырады. ■ өзінің жетістіктерін және қиындықтарын анықтайды. ■ Тапсырма барысында не сәтті болғанын және қай жерде қиналғанын түсінеді. ■ Өзінің жауаптарын және шешімдерін талдайды | | | | 5 минут | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | ## Тексерілді: ДОІЖО

Use Quizgecko on...
Browser
Browser