Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары PDF
Document Details
Uploaded by ResponsiveSupernova6772
Tags
Summary
Бұл Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары. Тест тапсырмаларында Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың іздері, ертетас дәуірі, археология, ежелгі адамдардың қоныстануы және басқа тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы сұрақтар бар.
Full Transcript
# Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары 1. Қазақстан территориясында табылған алғашқы адамның іздері қай дәуірге жатады? - **ертетас дәуірі** 2. Алғашқы адамдар негізінен қай мақсатта қауымға бірікті? - **сыртқы шабуылдардан және жыртқыш аңдардан** 3. Адамзат тарихын заттай деректер арқыл...
# Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтары 1. Қазақстан территориясында табылған алғашқы адамның іздері қай дәуірге жатады? - **ертетас дәуірі** 2. Алғашқы адамдар негізінен қай мақсатта қауымға бірікті? - **сыртқы шабуылдардан және жыртқыш аңдардан** 3. Адамзат тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым саласы: - **археология** 4. Адамзат от жағуды қай дәуірде үйренді: - **орта палеолитте** 5. Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың қоныстануы үшін ең қолайлы жерлер тау жотасы: - **Қаратау** 6. Тас дәуірі қандай хронологиялық кезеңді қамтиды? - **б.э.д. 2,6 млн. – б.э.д. 3 мың. жж.** 7. Ежелгі адамдардың жартас суреттері қалай аталады? - **петроглифтер** 8. Адамзат алғашқы еңбек құралдарын қандай материалдан жасады? - **тастан** 9. Адамзат баласы садақ пен жебені қашан ойлап тапты? - **мезолитте** 10. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып не саналады? - **мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі** 11. Қола дәуірінің хронологиялық шеңбері: - **б.э.д. XVIII ғ. -VIII ғ. басы.** 12. Орталық Қазақстан территориясындағы соңғы қола мәдениеті қалай аталады? - **Беғазы-Дәндібай мәдениеті** 13. Қазақстанның қай аймағында Андрон мәдениетінің 30-дан астам қонысы мен 150-ден астам қорымы табылды? - **Орталық Қазақстанда** 14. Андрондықтардың шаруашылығының негізгі түрлері: - **мал шаруашылығы және егіншілік** 15. Қола дәуіріндегі тайпалар қай тілде сөйледі? - **үндіиран тілінде** 16. Қола қандай металдардың қоспасынан алынды? - **мыс пен қалайының** 17. Қола дәуіріндегі керамикалық бұйымдарда қандай ою-өрнек басым? - **геометриялық** 18. Андрондықтардың антропологиялық типі? - **европеоидтар** 19. Б.э.д. III ғасырда сақ тайпаларының орнына үйсіндер келді. Олар Қазақстанның қай аймағына қоныстанды? - **Жетісуда** 20. "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" қашан болды? - **б.э. II-V ғғ.** 21. Ғұндар Қазақстан аумағына қашан басып кірді? - **б.э.д. І ғ.** 22. Археологтар тапқан "Алтын адам" қай ғасырға жатады? - **б.э.д. V-IV ғғ.** 23. Ғұн қоғамында қанша тайпа болды? - **24** 24. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығында Қазақстанның қай аймағында ірі қуатты бірлестік – Қаңлылар пайда болды және дамыды? - **Оңтүстік Қазақстанда** 25. Үйсіндердің билеушісі қалай деп аталды? - **гуньмо** 26. Қазақстан аумағындағы алғашқы тайпалық одақтардың жалпы атауы қандай? - **сақтар** 27. Александр Македонский қай ғасырда сақтармен соғысты? - **б.э.д. IV ғ.** 30. Сақтар қоғамы қандай үш топқа бөлінді? - **жауынгерлер, абыздар, қауымдар** 31. Сақ қоғамында әйелдердің орны қандай болды: - **әйелдер мен ер адамдардың құқықтары бірдей болды** 32. Сақтарды қандай жазба деректерде скифтер деп атаған? - **ежелгі грек деректерінде** 33. Сақ қорғандарынан табылған заттар қандай стильде орындалған? - **аң стилінде** 34. Қазақстан аумағында көне жазба деректер қашан пайда болды? - **б. з. д. І мыңжылдықта** 35.Үйсіндердің қай мемлекетпен дипломатиялық және туыстық байланыстары болды? - **Қытаймен** 36. Еуропа елдеріне жойқын шапқыншылық кезінде ғұндарды кім басқарды? - **Атилла** 37. Қаңлылардың өмір сүру кезеңіндегі саясатының басты бағыты қандай фактор болды? - **Сырдария бойындағы Ұлы Жібек жолы тармақтарын бақылау** 38. Ғұн қоғамының басында кім тұрды? - **шаньюй** 39. Қазақстандағы VI-X ғғ. мемлекетті анықтаңыз: - **орталықтандырылған** 40. 552 жылы Түрік қағанатының негізін қалаушы кім болды? - **Бумын-қаған** 41. Түрік қағанаты өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: - **552-603 жж.** 42. Батыс Түрік қағанатының хронологиялық шеңбері: - **603-704 жж.** 43. Батыс Түрік қағанатының астанасы: - **Суяб** 44. Көне түркі жазуы қалай аталды? - **руна жазуы** 45. Сақтар туралы ежелгі жазба дерек қалай аталады? - **Авеста** 46. VI-XII ғғ. Қазақстанның экономикасы мен мәдениетінің негізгі орталығы қандай аудандар болды? - **Жетісу және Оңтүстік Қазақстан** 47. ІХ ғасырда қай қалаларда тиын сарайлары болған? - **Тараз, Испиджаб** 48. Түріктердің басты құдайы: - **Көк тәңірі** 49. Қазақ жерінде ислам дінінің таралуының басталуы: - **VIII ғ.** 50. Шығыстың "екінші Аристотелі" деп кімді атады? - **Әл-Фараби** 51. Кітап көлемі мен саны бойынша әлемдегі екінші кітапхана қай қалада болды? - **Отырарда** 52. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін кім салды? - **Ақсақ Темір** 53. Оғыз мемлекетінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: - **ІХ-ХІ ғғ. басы** 54. Оғыз мемлекетінде мүліктік теңсіздіктің негізі немене болды? - **мал** 55. Ұлы Жібек жолының басты тауары: - **Жібек** 56. VIII-XII ғасырларда Қазақ жерінде қандай мемлекет исламды ресми түрде мемлекеттік дін деп жариялады? - **Қараханидтер** 57. Қараханидтер мемлекетінің өмір сүруінің хронологиялық шеңбері: - **942-1210 жж.** 58. Қарахан мемлекетіндегі "икта"термині қандай мағына берді? - **салық жинау құқығы** 59. Ежелгі түріктердің тотемі қандай жануар болған? - **көкбөрі.** 60. Түргеш қағанатының хронологиялық шеңберін көрсетіңіз: - **704-756 жж..** 61. Қай түрік мемлекетінде алғаш «ақша» пайда болды? - **Түргеш қағанатында** 62. 1007 жылы Наймандар мен Керейлер қандай дінді қабылдады? - **христиан дінінің несториандық тармағын** 63. Қыпшақтар жайлаған жер қалай аталды? - **Дешті-Қыпшақ** 64. Қыпшақ қоғамында құл ресурсын қалай толтырылды? - **Әскери тұтқындарды ұстау** 65. Жошы ұлысының жері орналасқан аймақ: - **Орталық Қазақстан** 66. 1359-1379 жылдар аралығы Алтын Орда тарихы қалай сипатталады? - **«Ұлы дүрбелең» кезеңі** 67. XV ғ. 30-жылдарында Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде Еділ мен Днепр арасындағы аумақта пайда болған мемлекет? - **Ақ Орда** 68. Алтын Орданың бас қаласы? - **Сарай** 69. Қазақ жерін моңғолдардың жаулап алуы қай жылы басталды? - **1219 ж.** 70. Шыңғысхан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы қалай аталады? - **Яса (Жасақ)** 71. Моңғол мемлекеті қашан құрылды? - **XIII ғ.басы** 72. Монғолдардың қоршауына бес ай төтеп берген қала: - **Отырар** 73. Ақ Орданың ыдырауы нәтижесінде қандай мемлекеттер пайда болды? - **Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы** 74. Әбілқайыр мемлекетінің (Көшпелі өзбектер мемлекеті) өмір сүрген жылдары: - **1428-1468 жж** 75. Қазақ хандығы қашан құрылды? - **1465 -1466 жж** 76. Қазақ хандығының негізін қай хандар құрды? - **Керей, Жәнібек.** 77. XVII ғасырда Қазақ хандығының астанасы қай қала болды? - **Түркістан** 78. Ұлы жүздің құрамына қандай тайпалар кірді? - **Дулат, Албан, Жалайыр** 79. Орта жүзге қандай тайпалар кірді? - **Арғын, Найман, Қыпшақ.** 80. Кіші жүзге қандай тайпалар кірді? - **Адай, Жағалбайлы** 81. XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басында Қазақ хандығы қай ханның тұсында біртұтас мемлекет болды? - **Тәуке ханның тұсында** 82. Тарихта "Қазақ жерін біріктіруші"деген атаққа ие болған хан? - **Қасым.** 83. Жеті жарғы деген не ? - **XVIII ғасырдағы қазақтардың әдет-ғұрып заңдары** 84. Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды? - **XVII ғ** 85. Қазақ тарихына Ақтабан шұбырынды оқиғасы қай жылы болды? - **1723-1727 жж.** 86. 1726 жылы жоңғарларды жеңудің тарихи маңызы қандай болды? - **Қазақ халқы жауға қарсы бірікті** 87. Қазақ хандығында таптық топтарға бөлінуінің себебі? - **Әлеуметтік шығу тегі** 88. Қазақтың тарихи жазбалары мен шежірелері қалай аталды? - **шежіре** 89. Қазақстанның Ресей мемлекетіне қосылуының басталуы? - **1731 ж.** 90. Ең алғаш Ресейдің қол астына өтуге ант берген қазақ ханы? - **Әбілқайыр хан** 91. Қазақстанның Ресей мемлекетінің қоластына толығымен өткен жыл? - **1867-1868жж.** 92. Кіші жүз қазақтары Ресей бодандығын қашан қабылдады? - **1731 жылы 19 ақпанда** 93. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» бойынша жаңа басқару жүйесінің авторы кім? - **М.М. Сперанский** 94. Орта жүздің бір бөлігі ресми түрде Ресейдің құрамына қашан кірді? - **1732 ж.** 95. Қай жылдары Сырым Датұлы басшылығымен шаруалар көтерілісі болды? - **1783-1797 жж.** 96. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кімге қарсы бағытталды? - **Хандық билікке.** 97. Кіші жүздегі хандық билік қашан жойылды? - **1824 ж.** 98. Орта жүздегі хандық билік қашан жойылды? - **1822 ж.** 99. 1822 ж. М.Сперанский реформасы бойынша Орта жүз аумағына қандай әкімшілік атау берілді? - **Сібір қырғыздарының аймағы** 100. 1783-1797 жж. Кіші жүздегі қазақтар көтерілісінің салдары қандай болды? - **көтеріліс хан билігінің іргетасын шайқап, оны жоюға алғышарттар жасады** 101. «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» жобасының авторы: - **П.Эссен** 102. 1822-1824 жылдарға дейінгі реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? - **2** 103. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстан территориясы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді? - **3** 104. Орыс және украин шаруаларының Қазақстан жеріне жаппай көшірілуі қашан басталды? - **XIX ғасырдың 60-жылдарында** 105. Қазақ даласын басқару жөніндегі «Қатынас қағазы» жобасын дайындау үшін «Дала комиссиясы» қай жылы құрылды? - **1865 ж.** 106. XIX 19 ғасырдағы Жетісудың ең танымал ақыны, әрі Жамбылдың ұстазы болған кім? - **Сүйінбай** 107. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты құнды жинақтарды жинап, жазған өнер зерттеушісі? - **А. Затаевич** 108. Ш. Уәлихановтың жазып қалдырған қырғыз халқының эпикалық циклі? - **Манас.** 109. XIX ғасырдағы шертпе күйдің негізін қалаған күйші? - **Тәттімбет** 110. Қай қалада Ы.Алтынсарин алғашқы қазақ қыздарына арналған мектеп-интернатын ашты? - **Ырғыз** 111. Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалаған көпес? - **Ботов** 112. XIX ғасырдың бірінші жартысында “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” еңбегін жазған орыс жазушысы? - **А. Левшин** 113. "Ғақлия" көркем-философиялық шығармасының авторы кім? - **А. Құнанбаев** 114. Ресей Империясының алғашқы халық санағы қашан болды? - **1897 ж** 115. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қандай сипатта болды? - **ұлт-азаттық** 116. 1906-1912 жж. Столыпинның аграрлық реформасы кезінде қазақ халқынан қанша жер тартылып алынды? - **17 млн. десятина** 117. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қашан болды? - **1836-1838жж.** 118. 1916 жылғы көтерілістің себебі: - **1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша бұратана халықтан еркектерді әскердегі тыл жұмыстарына алу** 119. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қандай аумақты қамтыды: - **бүкіл Қазақстан** 120. Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарияланды? - **«Қазақ» газетінде** 121. Қандай басқару органдары Қос билікті құрады? - **Уақытша үкімет және жұмысшылар мен сарбаздар депутаттарының Кеңестері** 122. “Алаш” партиясы қай жылы құрылды? - **1917 ж.** 123. "Алаш" партиясының көшбасшысы кім болды? - **Ә. Бөкейханов** 124. "Қазақ" апталық газетінің алғашқы редакторы? - **А. Байтұрсынов** 125. 1917 жылы А. Байтұрсынов пен М. Дулатов ұсынған идея: - **пантюркизм идеясы** 126. Қай партия өзін "Алаш" партиясына қарсы қойды? - **"Үш жүз"** 127. Кеңес өкіметін құруда белсенді қатысушыларын бөліп көрсетіңіз: - **Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин** 128. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің бірінші астанасы: - **Орынбор** 129. Қазақ АКСР-ін құру туралы Декрет қашан шықты? - **1920 ж. тамызда** 130. 1920 жылғы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезінде Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару Комитеті төрағасы болып кім сайланды: - **С. Меңдешев** 131. 1917 жылға қарай қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: - **45 млн.** 132. 1921 жылы қазанда өткен Кеңестердің екінші Бүкілқазақстандық съезінде аса маңызды міндет ретінде айқындалды: - **ауылдағы кеңестік құрылыс** 133. 1925 жылы желтоқсанда өткен "ауылды кеңестендіру туралы" V аймақтық партия конференциясының шешімі күрт серпін берді: - **таптық күрестің шиеленісуі** 134. 1921 жылғы жер-су реформасының негізгі мақсаты: - **патша үкіметі тартып алған жерлерді қазақтарға қайтарып беру** 135. Қазақстанда индустрияландыруға бағыт жүргізу қай жылы ұсынылды? - **1925 ж.** 136. 1925-1933 жылдары Қазревкомның бірінші хатшысы: - **Ф. Голощекин** 137. Бірінші бесжылдық жылдары: - **1928-1932 жж.** 138. Ұжымдастыру жылдарында қазақтардың қоныс аударуының негізгі бағыттары: - **Қытай, Иран, Ауғанстан** 139. Жезқазған мысын кім ашты және зерттеді? - **Қ. Сәтбаев** 140. Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы қашан орын алды: - **1936 жылғы 5 желтоқсанда** 141. Сібірді Орта Азиямен байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы қашан басталды? - **1927 жылы** 142. Қазақстандағы индустрияландыру қорытындылары туралы "Қазақстан отар болып келді және солай қалды"деген сөздерді кім айтты? - **С. Сәдуақасов** 143. Қазақстанды индустрияландырудың басты бағыты: - **шикізат салаларын дамыту** 144. 1925 жылы Қазақ АКСР-нің астанасы болған қала: - **Қызылорда** 145. Қазақстандағы ең үлкен сталиндік лагерь? - **Карлаг** 146. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін 11600 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: - **497 адам** 147. Әлия Молдағұлова майданда кім болды? - **мерген** 148. Мәскеу шайқасында Бауыржан Момышұлы қандай әскери жасақты басқарды? - **батальон** 149. Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров: - **ұшқыш** 150. Генерал-майор И.В. Панфилов басқарды: - **316-шы атқыштар дивизиясы** 151. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылған жылы: - **1946 ж.** 152. 1945 жылы Берлинде Рейхстагтағы жеңіс туын көтерген қазақстандық: - **Р. Қошқарбаев** 153. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық қаза тапты? - **410 мың адам** 154. Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ қашан өткізілді: - **1949 ж.** 155. Карточка жүйесі жойылды : - **1947 ж.** 156. "Тың" ұғымына енген аймақтарды көрсетіңіз: - **Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал, Солтүстік Кавказ** 157. Қазақстан үшін 1954 жылғы тарихи оқиға: - **тың және тыңайған жерлерді игеру басталды** 158. Қазақстандағы бірінші жоғары оқу орны: - **Қазақ педагогикалық институты** 159. Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов, О. Жандосов, Ж. Сәдуақасов, Л. Мирзоян, Н. Нұрмақов, А. Сафарбеков қай жылдары қуғын-сүргінге ұшырады? - **1937-1938 жж.** 160. "Ленинградтық өренім!" өлеңінің авторы: - **Ж. Жабаев** 161. Қазақстан Орталық атқару комитеті "қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы" Жарлықты қашан қабылдады? - **1923 ж.** 162. Алматыда медициналық институт өзінің алғашқы оқу жылын қай жылы бастады? - **1931 ж.** 163. Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды? - **Қ. Сәтбаев** 164. Соғыстан кейінгі кезеңде экономикалық саясаттың қай қағидасы басым болды? - **ауыр өнеркәсіптің жедел дамуы** 165. Соғыстан кейінгі бес жылдық жоспардың негізгі міндеті қандай? - **халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту** 166. Кеңес Одағы Коммунистік партиясының ХХ съезінің тарихи маңызы неде? - **Сталиннің жеке басына табыну әшкереленді.** 167. Еңбек процесінде мүдделер қауымдастығына негізделген жұмысшылардың жаппай ұйымы: - **кәсіподақ** 168. Қазақстандағы әлемдегі алғашқы атом суын тұщыландыру станциясы қай жағалауда салынды: - **Каспий теңізі.** 169. 1970 жылға қарай республиканың халық шаруашылығының қай салалары жалпыодақтық маңызға ие болды: - **мұнай өндіру және химиялық** 170. 1980 жылдары қазақстандық өнімді сыртқа шығарудың 97 % құраған: - **шикізат** 171. 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушылары қай жылы Алматы қаласында "Желтоқсан" партиясын құрды? - **1990 ж.** 172. 1986 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласындағы оқиғаларды КОКП ОК Пленумы 1987 жылғы шілдеде былай бағалады: - **"қазақ ұлтшылдығының" көрінісі** 173. 1985-1991 жылдары КСРО-да жүргізілген саясат: - **қайта құру** 174. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес Қазақстанда басқарудың қандай түрі қолданылады? - **Президенттік** 175. Ұлттық валюта теңге енгізілген жылды атаңыз: - **1993 ж.** 176. "Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация" қашан қабылданды? - **1990 ж. 25 қаңтарда** 177. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттің ең жоғары құндылықтары? - **адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары** 178. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикадағы мемлекеттік