Орта ғасырлар бойынша дәрістер жинағы PDF
Document Details
Uploaded by FearlessFarce9087
Tags
Summary
Документте орта ғасырлардың тарихы, түпдеректер мен тарихи зерттеулер, сондай-ақ феодализм тақырыптары жайлы дәрістер қолданылады. Дәрістерде осы тақырыптар бойынша сұрақтар мен жауаптар қамтылған.
Full Transcript
**ДӘРІС САБАҚТАР ТЕЗИСТЕРІ** **1-тақырып. Ортағасырлар тарихы жөніндегі түпдеректемелер мен тарихнама** **Дәрістің мақсаты: Орта ғасырлар тарихы жөніндегі түпдеректемелер мен тарихнамалар атты тақырыптағы лекцияның алға қойған мақсаты осы тақырыпты түпкілікті зерттеп, батыс елдеріне жеке-жеке шолу...
**ДӘРІС САБАҚТАР ТЕЗИСТЕРІ** **1-тақырып. Ортағасырлар тарихы жөніндегі түпдеректемелер мен тарихнама** **Дәрістің мақсаты: Орта ғасырлар тарихы жөніндегі түпдеректемелер мен тарихнамалар атты тақырыптағы лекцияның алға қойған мақсаты осы тақырыпты түпкілікті зерттеп, батыс елдеріне жеке-жеке шолу болып табылады.** **Жоспары:** **1. Ортағасырлық деректерді жіктеу.** **2. Ортағасырлық жазба деректер: нарративті** **3. Феодалдық қатынастардың гүлденген кезеңіндегі деректер.** **4. Кейінгі ортағасырлар тарихының негізгі деректері**. **Негізгі сөздер:** Империя, феодализм, генезис, варварлық мемлекеттер, эмфитевсис, доминант. **1.Буржуазиялық тарихиография "феодализм" деген терминді кеңінен қолданылды. Бірақ ол феодализмге ғылыми анықтама бере алған жоқ. Буржуазія тарихшылары феодализмді, оның екінші кезектегі негізінен саяси және заңға сәйкес белгілері бойынша бағалайды. Біреулері оның ерекше белгісі- саяси быраңқылығы десе, екіншілері- феодалдық бағыныштылық, үшіншілері- саяси биліктің жер иелешушілікпен ұштасып жату деп анықтама жасаған болады.Кейінгі ортағасырдың феодалдық қоғамында капиталистік қатынастар туып, қалыптаса бастаған кезде, Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ақша рентасы әлі де болса үстемдік ете берді. Сонымен бірге осы кезеңде феодалдық ақшалай рента ыдырай бастады, сонымен қатар бірте-бірте капиталистік жер рентасы кең тарайды.** **Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстан феодализмге көшу тарихы ілгері басқан еді. Бұның көшуіне өндіргіш күштердің онан әрі даму себепкер болды, өйткені ол бұл дәуірде жалпы еңбекті жеке өндіріспен ауыстыруды талап етті. К.Маркстың сөзімен айтқанда "жыртылантын жерді қауымдасып өңдеу және оның өнімін жеке иемдену сонау ертедегі қауымдар жағдайымен сайыспайды, жеке адамның өсуіне жол береді" Бұл өткен дәуірдің өте төмен еңбек өнімділігі жағдайында қауымдық шаруашылықтың даму сөзсіз жерді жеке меншіктенуге, ал еңбекті қоғамдық бөлісу- таптардың тууынажәне тікелей өндірушілерді қанауға әкеліп соғатын еді. Соған қарамастан феодалдық құрылыс жеке адамдардың өндірісін одан әрі нығайтуға және ұсақ шаруалардың шаруашылықтарының өнімділігін арттыруға үлкен мүмкіндіктер ашып берді.** **Феодалдық қоғам,да басқа да таптық қоғамдық сияқты, оның барлық даму кезеңдерінде шаруалардың феодалдарға қарсы табан тірескен, күнделікті таптық күресі жүріп жатты.Ол орта ғасырдың екінші және үшінші кезеңдеріне жиі-жиі шаруалардың бұқаралық көтерілісі формасына айналып, нағыз шаруалар соғысына ұласып кетіп жерді. Әдетте осы көтерілістер жеңіліске ұшырай берсе де, олар крепостниктікті бірте-бірте жеңілдетуге, феодалдық езгіні біршама әлсіретуге, демен, феодалдық қоғамда өзгергіш күштердің ілгері дамуына жадай жасады. Орта ғасырдың екінші кезеңінде қала халық феодал сеньорларға қарсы табанды күрес жүргізді. Қалалардың цех қолөнершілер бұқарасының қала патрициатына қарсы әлеуметтік күресінің кескіленген аренасына айналуы жиілей түсті. Соңынан ол қаланың төменгі қаналушыларының (плебейлердің)көпестік және цехтық ақсүйектеріне қарсы күресіне ұласа берді.** **Кейінгі орта ғасырда антифеодалдық шаруалар мен плебейлердің жаппай көтерілісі алғашқы бұржуазиялық ревалюциялармен ұласатын болды. Сөйтіп, осы ревалюциялардың барысында феодалдық құрылысты құлатуда шешуші ролі атқарады.** **2. Ертедегі және классикалық орта ғасыр тарихының өзекті проблемасы тарихы материализм тұрғысынан Альп қарағанда тұтас бүкіл дүниежүзілік тарихи дәуірдің барлық қоғамдық қатынастың белгілі құрылымын тудыратын өндіріс әдісі ретіндегі феодализмнің туу мен ашып көрсету болып табылады.** **Феодализмнің тууын ортағасырлық зерттеулерде ағартушы ғалымдар екіге бөліп дәлелдеді. Біріншісі "романдық", екіншісі "германдық" топқа бөліп өзара пікірлесе отырып талдады. Біріншісі бойынша аббат Дюбо орта ғасырлықтың алғашқы кезеңін римдік (романдық) дәстүрдің жалғасы деп. дәлелдеді. Феодализмнің тууын Дюбо тек X ғ.ғ. жатқызды. Екіншісін граф Буленвелье француз дворяндарының артықшылығын тарихи тұрғыдан негіздеуге тырысып, феодалдық құрылыс германдықтар жаулап алған соң, пайда болған деп германдықтарды (олар француз дворяндарының ата-бабалары деп. таныды) жаулап алған правосы бойынша үстемдік жағдайға ие болды деп дәлелдеді. Ағартушылық деген атпен орта ғасырлар тарихын зерттеуде тарихшылар феодализмнің мәнін және оның шығуы тарихын кең көлемде дәлелдеді. Ағартушылық дәуірінің тарихшылары орта ғасырды "феодализм" ұғымымен байланыстырды. Феодализмді тек саяси және праволық жүйе ретінде түсінді, оның экономикалық және әлеуметтік негіздерін көрмеді. Олардың кейбірі Вольтер, Робертсон, Юмнің зерттеулерінде феодализмнің бастр белгілері саяси былықтар мен папа теократиясының үстемдігі деп санады, енді басқалары Монтескьенің зерттеулерінде феод тар жүйесі және онымен байланысты феодалдық бағыну тәртібі деп білді.Феодализмнің тууы туралы мәселеде олардың көпшілігі германдық теорияларға қарай қолдады, бірақ олар Буленвельге қарама-қарсы феодалдыққа қарсы үн қосты. Монтескье "Заңдар Рухында" атты еңбегінде және Мабли "Франция тарихына байқау" еңбектерінде жаулап алушы германдықтар Галлияда мүлде феодалдық қанау емес, Германияда өмір сүрген еркін демократиялық құрылыс әкелді деп ұғындырды.** **3.Орта ғасырлар тарихында материалдық және рухани мәдениеттің даму жөнінде тарихтың одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда едәуір бөлімдерге бөлінді. Орта ғасырлар феодалдық зорлық, надандық, от пен қинау инквезициясы, діни құлықтылықпен қоса, шаруалардың феодалдар мен шіркеуге қарсы орасан зор көтерілісін, қала адамдарының феодал мырзалармен қатты шиеленіскен күресін, халық бұқарасының әлеуметтік арман-қиялын білдіруші еркін ойдың тұңғыш көріністері еретиктердің жаппай қозғалысын адамзаттық есінде қалдырды.** **Орта ғасырлар тарихын дәуірлерге бөлу кезеңі латын Еуропа елдерінде орта ғасыр құл иеленушілігі мен Батыс Рим империясының V ғасырдың екінші жартысындағы күйреуінен басталады. Феодалдық меншіктің дамыған формасы "феод" латынша -- жерге мұрагерлік жеке меншікті бейнелейді. Жер иеленумен және вассалдық байланыстар арқылы үстем таптың барлық топтарының өкілдерін біріктіріп, феодалдық шаруаларды қанауды ұйымдастыруда және оның қарсылық көрсетуінезгілеуде маңызды роль атқарды.** **V- XVII ғ.ғ. арасында орта ғасырдың Батыс және Орталық Еуропа елдерінде өткен он екі ғасырлық кезең жатыр. Басқа әлеуметтік-эконимикалық формациялар сияқты, феодализм де бұл жүздеген жылдар ішінде өзгеріссіз қалған жоқ. Өндіргіш күштердің өсуімен бірге өндірістік қатынастарға тән ілгерушілік те болып жатты, феодалдық мемлекеттердің әлеуметтік құрлысы сияқты саяси бейнесі де өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан совет тарихиографиясында орта ғасырлар тарихын негізгі үш дәуірге бөлді:** 1. **Алғашқы орта ғасыр -- феодалдық алғашқы кезең-V ғасырдың аяғында XI ғасырға дейін, бұл кезде феодализм үстемдік ететін өндіріс тәсіл ретінде қалыптаса бастады.** 2. **Орта ғасырдың екінші кезеңі-XI ғасырдың ортасынан XVғ.ғ. аяғында феодализм өркендеп, феодалдық құрылыстың өркендеген кезеңі.** 3. **Кейінгі орта ғасыр XVI- XVII ғ.ғ. алғашқы жартысы феодализмнің ыдырап, феодалдық қоғамның түп-төркінінде капиталистік қатынастар туып, қалыптаса бастаған кезеңі.** 4**.Орта ғасырлық түпдеректер бойынша бірнеше түрлерге бөлінді; документальдық материалдар-жария актілері, жеке адамдардың актілері, шаруашылық мәні бар документтер;** **әкімшілік финансы, әскери және т.б. мемлекеттік өкімет документтері, заңдық ескерткіштер "правдалар" яғни Герман және басқа халықтардың әдет-ғұрып правасы жөніндегі жазбалары, азаматтық, қылмыстық істер және шіркеу праволары кодекстері, жеке заңдар мен указдар, қала хартиялары, сот протоколдары, заң трактаттары, хабар беретін түпдеректер; жылнамалар, шежірелер, өмірбаяндар, әулиелер тіршілігі, ресми емес тұрғыда хат жазысу, публіцистика, фольклор, әдеби шығармалар және т.б.** **Бұрынғы Батыс Рим империясы жерінде варварлар мемлекеттерінің пайда болуы және феодалдық құрылыстың қалана бастауы герман халықтарында қолданылып келе жатқан әдет-ғұрыптарды және олардың бағынышты халықтармен қатынасын үйлестіретін заңдарды жаба түрінде реттеп отыруды талап етті. Сондықтан V ғ. өзінде Батыс Рим жер інде орналасқан герман халықтарында жазба заңдар пайда болды, олар феодализмнің жаңа құрыла бастаған алғашқы сатысындағы әлеуметтік экономикалық қатынастарды бейнелейтін документтерінде маңызды ғана емес, тіпті бірден-бір түпдеректер болып табылды.** **XI ғ- XV ғ.ғ. археологиялық деректер бойынша документ тер мен анналдардың (annales- жыл деген сөзден шыққан) жанама мағлұматтары бойынша да өндіргіш күштердің даму әсер етті. Мүсінді қол жазбаларда, кілемдерде қолөнермен ауыл шаруашылығы еңбегі сахнадағыдай бейнеленіп сақталып қалған.** **Англияның XIII ғ. аграрлық және әлеуметтік тарихының құнды түп нұсқалары үкімет тексеруінің нәтижелері бойынша жасалған жер санағы болып табылады. Олардың ішінде 1279 ж.ж. Жүздік оралымдар неғұрлым қызықты болып табылады.Бұл -- Орталық Англияның кейбір графтықтары жер иелігінің тұтастай тізімге алынып жазылуы. Германия үшін XIII ғ. "Марка уставтарының" право жазбалары бар. Онда қауым тәртіптері, шаруалардың пайдасына атқаратын борыштары да көрсетілген.** **XIV-XVII ғ.ғ. капиталистік қатынастардың Батыс Еуропа елдерінде сауда, өнеркәсіп, ақша айналымы негізінен аса бай документті материал сақталған; сауда келісімі, қарыз документ тер, квитанциялар т.б.** **Бақылау сұрақтары:** 1. **Ортағасырлар кезеңдерге бөлінуі** 2. **Ортағасырлар тарихын зерттеген ғалымдар.** 3. **Феодализм дәуіріндегі германдықтардың ағылшын,франция жерлерін иемденуі.** 4. Батыс Еуропадағы феодализмнің дамуы. 5. Ортағасырлар,феодализм терминінің мәні. **Пайдаланған әдебиеттер:** **2-тақырып. Антикалық дәуір мен орта ғасырлар тоғысындағы Еуропа.** **Дәрістің мақсаты:** Антикалық дәуір мен орта ғасыр тоғысындағы Еуропа, ежелгі герман тайпалары және варвар корольдіктерінің құрылуы сондай --ақ Батыс Еуропадағы феодализмнің генезисі тақырыбымызға жоспарлай құрылған сұрақтардың жауабын алу мақсатында біз көптеген тарихи орындардың ішіндегі мағлұматтардан жиып- теріп бір қорытындыға келе отырып осы тақырыптағы бірқатар мақсаты орындау барысында лекцияны одан әрі толығымен кең көлемде баяндаймыз. **Жоспары:** 1\. Ежелгі герман тайпалары. 2\. Варвар корольдіктерінің құрылуы. 3\. Батыс Еуропадағы феодализм генезисі. **Негізгі сөздер:** Империя, феодализм, генезис, варварлық мемлекеттер, Ғұндар, Аттила, Паннония, миграция. **IV ғ.ғ. аяғы Рим империясы құрамына Батыс Еуропа, Дунайдың Оңтүстік жағалауындағы облыстар, Балкан түбегі, Жер орта теңізіндегі аралдар, Солтүстік Африка мен Египет, сонымен бірге Азияның бірқатар елдері мен облыстары, Кіші Азия, Қара теңіздің шығыс жағалауы, Месопотамияның бір бөлігі, Сирия, Палестина кірді. IV -V ғ.ғ. Рим империясы құлдырауы себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын құл иеленуші саны азаю салдарынан егін шаруашылық және қолөнер, мал шаруашылығы, жалпы шикі зат өнімдері төмендеді.** **1.Герман тайпалары б.з.д. I ғ. орта шенінде тайпалық құрылыста өмір сүрді. Б.з.д. I ғ. кейбір Герман тайпалары Рейннен өтіп, Галлияда орын тебуге тырысты, бірақ Юлий Цезар оларды Рейннен ары серпіп тастады. Б.з.д. I ғ. аяғында Рейннен Эльбаға дейінгі территорияны Рим жаулап алғаннан кейін, ол жер Римдік провинцияға айналды. Бірақ бұл ұзаққа бармады. Рейннен шығысқа қарай жатқан аймақтар Римдіктер өзіне қарата алмады және германдықтармен болван бірқатар қақтығыстардан кейін қорғанысқа көшті. Рейн Рим мен Герман тайпалары территориясының шекарасы болып қалды. Өздерінің шекарасын нығайту үшін римдіктер Рим дуалы деп. аталатын Орта Рейннен Жоғарғы Дунайға дейін созылған қорғаныс дуалын салды. Осы дуалдан шығысқа қарай орналасқан германдықтар бытыраңқы тайпаларға тұрақсыз тайпалық одақтар топтасты. Ежелгі германдықтардан шығысқа қарай славяндардың ата-бабалары өмір сүрді. Олар Эльба(славяндық Лаба) мен Одерден (славяндық Одра) Донец,Ока мен Жоғарғы Волгаға дейін, Балтық теңізінен Орта және Төменгі Дунайға, Қара теңізге дейінгі ұлы байтақ территорияда бытырап жатты. б.з. I-II ғ.ғ. олар антик авторларға венеттер деген ат пен белгілі болды. Германдық тайпалар б.з. Iғ. Пұтқа табынған.Антик авторларының шығармаларының деректерінде әр түрлі Герман тайпалық қоғамдық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік бастр роль атқарды. Жер өгіз жегілген соқа мен өңделіп отырылды. Б.з.д. германдықтарда жеңіл доңғалақты соқа қолданылған. Кейбір Герман тайпалары б.з.д. I ғ. өздері ие болған территорияға түбегейлі отырықтанған жоқ, бұл Цезарь тұсында сүтпен, құртпен және етпен қоректенді. Германдықтарда таптарға бөлу болған жоқ, мемлекетте болмады. Цезарь: "бейбіт кезде тайпалардың ортақ мемлекеті жоқ" , - дейді. Әкімшіліктің жоғарғы органы болып халық жиналысы саналады, оған қару-жарақ асынуға правалы ересек еркектер қатыса алатын еді. Ру ақсақалдары негінен сот қызметін орындады. Соғыс кезінде өмірінде тіпті өте маңызды роль атқарды. Кейбір герман тайпалары бұл кезде өзіне басқа тайпаларды бағындырып, оларды алым төлеп тұруға мәжбүр етті. б.з. I-II ғ.ғ. соңында римдік тарихшы Тациттің зерттеулері бойынша ауыл шаруашылық пен қол өнер дами түсті, өздерінің халық жиналысында кісі өлтірушіге өзіндік құн төленіп отырды, германдықтардың отбасы мүшелері күйеу мен қалыңдыққа арналған өзіндік сый-сыйапаттарын дәстүрлі өтетін, кейбір германдықтар көршілес халықтармен айырбас пайда болды.** **Б.з. II-III ғ.ғ. Рим империясы шекараларындағы Герман тайпалары Шығыс және Орталық Еуропадан қудалап , оларды басқа жерлерге қоныс аударуға итермеледі. Герман тайпаларының байта топтасуы нәтижесінде саны өте көп және тұрақты. Германдық тайпаларының ішінде шығыс германдық тайпалары- готтар. Олар екіге бөлінеді : остготтар (шығыс готтар) және вестготтар (батыс готтар).** **Готтар- Днестрден шығыста Қара және Азов теңіздерінің жағалауына дейінгі аймақтарды иемденген готтарды остготтар деп. атады. Вестготтар-Днестр мен төменгі Дунайдың бойын қоныстанған.** **Б.з. III-IV ғ.ғ. Готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап Рейн, Дунай және Нектар жерлерін басып алды. Герман тайпаларына басқа да тайпалық одақтар кірді; Алеман, Сенондар, Квадттар, Сакстер, Херусктер, Хавктар,Франктер, Вестготтар, Остготтар,Лангобардтар, Вангалдар, Бургундтер кірді. Б.з. IV ғ. германдық тайпалар арасында готтар, вандалдар, бургундар арсында христиан дініне өтті. Германдықтарда рунь жазуын және рим ,грек альфавиттерін пайдаланған.** **Б.з.IV ғ.аяғында варвар тайпаларының айрықша Ірі, жапай көшу мен олардың әдетте"халықтардың ұлы қоныс аударуы"деп. аталатын Рим империясының территориясында басып кіру басталды. Герман және Герман емес варвар тайпаларының империяға шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен байланысты мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуіне және, екіншіден, байлықты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп алуға тырысуынан туды.** **Бұл кезде соғыс Герман тайпалары үшін әдетке әрі тұрақты кәсіпке айналды, Рим империясы өзінің ұлан-байтақ, жақсы өңделген жерлерімен және бай қалаларымен варварлар үшін ерекше тартымды күшке ие болды.** **375 жылы ғұндар Қара теңіз бойындағы остготтар және басқа да тайпаларды басон біріктірген гот тайпалары одағына шабуыл жасап, оны тізе бүктірді.Тайпалар бірлестігін басқарған остготтар көсемі Эрманарих өзін-өзі өлтірді. Осыдан кейін гот тайпаларының одағы ыдырап кетті. 376 жылы Вестготтардың Рим империясының территориясына басып кіру. 418 жылғы Весготтар корольдігінің құрылуы және ыдырау салдарынан 507 жылы Франк корольдігінің құрамына енді. V ғ.ғ. ғұндардың басшысы Аттиланың шапқыншылығы. 453ж.ж Аттила өлген соң, 454 ж.ж. ғұндардың ыдырауы.** **Варварлық басып кірулердің Еуропа тарихы үшін зор маңызы болды. Бұл басып кірулердің нәтижесі терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұқара халықтың күрестерінен күні біткен Батыстағы құл иеленушілік Рим империясының құлауы болды. Еуропаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим импеиясы қамтыған территорияларды V ғ. аяғы мен VI ғ. басында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттер пайда болды.** **3.Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, Ірі-ірі феодалдық жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдық қоғам идеологиясын шығуы-Батыс Еуропада феодалдық қоғамдық экономикалық фармацияның пайда болу процесі. Әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды. Варварлық германдық корольдіктерде кейінгі Римдік және германдық қоғамдық қатынастары синтезделген жері түбірімен жаңа феодалдық қатынастар қалыптасты. Мұндай қатынастардың элеметтері кейінгі Римдік қоғамда да және ыдыраған рулық-тайпалық Герман қоғамында да болван еді. Бірақ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен даму Герман тайпалары үшін жеделдеді, тұйыққа тірелген Рим қоғамы үшін мүмкіндік туды.** **Феодалдық қатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия,Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән қасиет болды. Соңғы екі корольдіктің өмір сүруінің қысқалығына байланысты, кейінгі римдік және германдық қатынастарда өзара әрекеттетік нәтижелері онша елеулі емес еді.Варварлар корольдігіндегі тап құрылуы герман халқы арасындағы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесімен ғана шектелмейді. Жаңа қоғамдық таптардың қалыптасуында, бір жағынан, Рим қоғамының антегенистік таптардың қалдықтары- ірі жер иелері, екінші жағынан құлдар мен колондар едеуір роль атқарды. Римнің ірі жер иелерінің бір бөлігі, құл иеленушілік қоғамның күйреуімен және варварлардың жаулап алуымен байланысты, олардың жағдайындағы өзгерістерге қарамастан, жүздеген құл мен колондар өңдеп отырған кең байтақ иеменилерді әлі де иелене берді. Шіркеудің жер иелігі сақталып қана қалған жоқ, сонымен бірге өсе де берді.** **Мүліктік және әлеуметтік жіктелу бәрінен бұрын правода өз көрінісін тапты. V-VI ғ. құрастырылған Вестготтағы, Остготтағы, Бургунд және Франк корольдіктерін варварлар шындығы еркін адамдары мүліктік жағдайларына және ақ сүйегіне (әскери қызметтегі ақсүйектерге, король жасағына жататындығына) қарай жоғарғы және төменгі топ деп бөлді.Оның құрамына Рим шонжарларының қалғандарынан бірен-сарандап енгендері де болды. Жоғарғы топқа жататындар, "нобилдер", " үлкендер " және " құрметті адамдар" деп аталатындар өзге еркін адамдарға қарағанда бірсыпыра артықшылықтармен пайдаланды.Төменгі әлеуметтік топқа жататындар, әдетте " кіші" немесе " төменгі" адамдар деп аталатындар ерікті адамның кейбір артықшылықтарын жоғалтып алды: жоғары қоғамдық топ өкілдерінің өміріне қарағанда, олардың өмірі анағұрлым төмен вергельдпен қорғалды. Әдетте, қарапайым қауымдардың болмашы бөлігі ғана жоғары разрядқа көтерілді, ал көпшілігі біртіндеп ерікті адамдардың төменгі тобының құрамына еніп жатты. Даму типі қарастырылып отырған басқа варвар корольдіктеріне қарағанда, Франк корольдігіне еріктілердің негізгі бұқарасы өз еріктілігін ұзағырақ сақтап қалды.** **Бақылау сұрақтары:** 1. ***V-ХVІІ ғ.ғ тарихы бойынша түпдеректер.*** 2. ***Батыс Еуропадағы феодализмнің генезисі.*** **3-тақырып. Франктерде мемлекеттің қалыптасуы.** **Дәрістің мақсаты:** Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі көптеген бірқатар елдер өмір сүрген. Соның ішінде Франктер мемлекеті өз елінің дербес мемлекет болуымен қатар өзге елдерге де жорық жасауының нәтижесінде өз мемлекетіне үлкен жер иеліктерін қосып алған. Осы мақсатта бұл мемелекет өз дербестігін сақтап отырған еді. Лекция мәтінінен тиісті мағлұматтарды ала аласыздар. **Жоспары:** 1\. Франктердің Галлияны жаулап алуы. 2\. Меровинг королдігі. 3\. Каролингтер мемлекетінің құрылуы. 4\. Каролингтер державасындағы феодалдық құрылыс. **Негізгі сөздер:** Галлия, франк, Меровинг, Каролинг, феодализм, бенефиция, Салий заңдары. 1\. Франктер алғаш рет біздің заманымыздың III ғ. римдік деректерде еске алынады. Бұл бірнеше ежелгі герман тайпаларынан құралған үлкен тайпалық одақ болды. III-IV ғ. франктер Рейннің жоғарғы және төменгі ағысына келіп қоныстанды, Римдік Галлияға шабуыл жасап отырды. Франктердің өзі екіге бөлінді, Рипуарлық және Салийлық тайпалары болып. Салийлық франк тайпалар көсемі Хлодвиг (481-511 ж.ж) Батыс Рим империясы құлаған соң Солтүстік Галлияны жаулап алды. Хлодвиг 496 жылы өз жасақтарымен бірге шіркеудің әдет-ғұрпы бойынша христиан дінін қабылдап шоқынды, бұл оның үстемдік еткен шіркеудіңкөзқарастары бойынша ересьтер болған христиан дінін ариандық формада қабылдаған басқа варварлардан --вестготтардан, остготтардан,вандалдарданг, бургундтардан, лангобардтардан өзгешілігі еді. Бұл ариандық ересьтерден өздерінің байлықтарына және шіркеудің меншігіне қол сұғу қаупін көрген, галло-римдік дін иелерін Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап алуда қалдауды қамтамасыз еткен оңтайлы сайаси қадам болды. Вестготтар Тулуза корльдігімен соғысқан кезде аквитандық дін селері Хлодвигті қолдап ариандық вестгот ақсүйектекрі-не қарсы шықты. Аквитания франк тер корольдігіне қосылды. Галлияны франктердің жаулап алуларына бірсыпыра ерекшеліктер тән еді. Франктер вестготтардан, остготтардан және басқа германдық тайпалардан өзгеше, империяға басып кірген кездерінде Германиядағы өз отанынан еш уақыт байланысты үзген емес. Бұл галлиялық территорияларды ұзаққа созылған жаулап алу процесі кезінде Рейіннің ар жағынан жаңа, тың күштердің келуін қамтамасыз етті. 486 жылы, франктердің жаулап алу нәтижесінде,Солтүстік Галлияда, Франк мемлекті пайда болды. Мұны салий франктерінің Меровей рухынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Франк мемлекеті тарихының ең алғашқы дәуірі --Vғ. аяғынан- VIIғ. дейінгі дәуір,- әдетте меровингтік дәуір деп аталды. Хловигтің тұсында Аквитания 507жылы мирасқорларының тұсында --Бургундия 534 жылы жаулап алынды. Остготтар франктерге Провансты 536 жылы беріп қойды, сөйтіп, VIғ. Ортасына қарай Франк мемлекті Галлияның бұрынғы римдік провинциясының барлық территориясын дерлік өзіне қосып алды. Франктер сонымен бірге Рейннің сырт жағына Герман тайпаларында өзіне бағындырды: франктердің жоғарғы өкіметін тюрингтер мен алемандар және баварлар да мойындады; сакстар оларға жыл сайын алым төлеп тұруға көндірілді. 2.Меровигтің дәуірдегі франктерден қоғамдық құрылысын зерттеу үшін ең маңызды дерек варварлық ақиқаттардың бірі- " Салий шындығы" жазылған Салий франктерінің сот әдет-ғұрыптарының жинағы. Тарихи дерек ретінде " Салий ақиқатының " құндылығы ең алдымен, онда франк қоғамының алғашқы қауымдық құрылыстан бастап феодализмге дейінгі эвалюциясын бейнелеп беруінде еді. Ең көне заманнан бері келе жатқан және мәні жағынан көнерген ақиқаттардың бірі- осы ақиқатқа Римнің жасаған ықпалы басқа варварлық ақиқаттарға аз болды, ал бұлықпалды көбінесе оның сыртқы белгілерінен " Салий ақиқатының" латын тілінде жазылып ,айыптарды есептеп шығаратын. " Салий ақиқаты" франктердің тұрмысында бұрыннан, жаулап алғанға дейінгі өмір сүріп келген алғашқы қаумдық құрылыстың көнерген тәртіптерін бір қыдыру дұрыс бейнелейді. Екінші жағынан бұл " Ақиқаттан" біз франк қоғамын Галлияны жаулап алу процесінде және тікелей онан соңғы кездерін сипаттайтын атап айтқанда,онда мүліктік және әлеуметтік теңсіздікпен жылжымалы дүниеге жеке меншіктің, жерді мұралану правосының және ақырында мемлекеттің қалай шыққандағы жөніндегі мәліметтерді таба аламыз. Ал ендіVI-IX ғ.ғ.дейінгі дәуірлерде франк корольдері осы "Салий ақиқатына" үнемі көпдеген жаңа қосымшалар енгізіліп отырды.Сол себептімұның неғұрлым соңғы дәуірде жарияланған басқа да деректерімен ұласып, жүйелі түрде толықтырып отырған мағлұматтары, франк қоғамының тікелей феодализмге қарай одан әрі бет алған эвалюциясын мұқият анықтап білуге мүмкіндік туғызады. Франктердің арасында әлеуметтік жіктелудің бастамаларын " Салий ақиқатының " өзі-ақ көрсетіп берді. Бұл бастамалар халықтың әр түрлі категориясының құны әр түрлі мөлшерде болуынан-ақ көрінеді. 3.Хлодвинг қаза болван соң, Франк тер мемлекеті өзара билікке таласу салдарынан VI ғ. аяғында мемлекет үшке дербес аймаққа бөлініп кетті: 1.Нейстри аймағы- орталығы Париж қаласы болван,Солтүстік -Батыс Галлия аймақтары; 2.Австразия аймағы-Франк мемлекетінің солтүстік- шығыс жақ бөлігі,Рейнмен Массаның екі жақ жағалауы кірді; 3.Бургундия аймағы-Франк мемлекетінің құрамына енген бұрынғы бургундар территориясы кірді. Меровингтер әулетінен шыққан және франк мемлектінің жеке аймақтарын король дер үстемдік жасау үшін өзара қырқысып күрес жүргізді. Соның салдарынан VIIғ. аяғында іс жүзінде мемлекеттегі өкімет билігі түгелдей майордомдардың қолдарына көшуіне әкеп соқты. Франк ақсүйекретінің арасынан 687 жылы Австразиялық майордомы Пипин Геристальский бүкіл франк мемлекетін біріктіріп майордом болды. Австразиялық майордомы бүкіл франк мемлекетін қол астына жинап, бағындырды және алкен жер иелерімен ұсақ және орташа феодалдарға сүйеніп, орталық үкіметің нығаюын және мықты болуына мүдделі болды. Австазияның Пипиндер әулетінен шыққан майордомы Пипин Геристальскийдің ұрпақтары бірікен Франк мемлекетінің билеушісі болван соң, Франк корольдерінің жаңа династиясының негізін қалады.Бұл династія бертін келе Ұлы Карлдің есімімен, Каролингтердің династиясы деген атқа ие болды. Каролингтер әулетінің Пипиндер Франк мемлекетін VII-IX ғ.ғ. аралығын "каролингтер дәуірі" деп аталды.Франк қоғамының әлеуметтік құрылысындағы өзгерістер Пипин Геристальскийдің мирасқоры-майордом Мартелл Карлдің саясаты биледі.Карл Мартелл 715 жылдан 741 ж.ж. аралығында өз билігін жүргізді және меровингтік корольдермен әсте санаспады.Карл өзіне қарасты нейстрилік феодалдарды, Аквитания мен Прованс герцогтарын және Герман тайпалас сакстар, фриздер,алимандар мен баварларға күштеп ұстап өзіне қарсы шыққандарды күл-талқандап және салық мөлшерін көбейтіп отырды. VIII ғ. басында Испанияны жаулап алды, 720 ж.ж Оңтүстік Галлияға баса көктеп кірген арабтарға Карл Мартелл 732 ж.ж. Пуатьенің маңында болған шайқаста арабтарды жеңіп, Оңтүстік Галлияның шамалы ғана бөлігі- Септимания мен Нарбонн жерлері қалды. Карл Мартеллдің "бенефициялық" реформасын шығарды, онда өз қол астындағыларға "сыйлық" беру, яғни жер иеліктері үйлесімді түрде бөліп беру туралы болды.Бұл реформалар арқасында Франктер мемлекет өкіметтері күшейіп, Карл Мартеллдің тұсында нығайып біршама өсті. Карл Мартеллдің ұлы және мирасқоры майордом Пипин Короткий (741-768 ж.ж.) өз әкесінің реформасын жалғастыру мақсатында бенефицияға үлестіріліп берілген жерлерінің бәрі де шіркеудің меншіші болып танылды.Шіркеудің және корольдің рұқсатынсыз сыйлыққа берілген жерлерді қайтарылып алынуға ешкімнің правосы болмады. 751 жылы Папаның келісімі Франк ақсүйектерімен өзінің вассалдарының Суассонда өткізілген жиналысында Пипин өзін франктердің королі етіп ресми түрде жариялады. Меровингтер әулиеттінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға алынып, сол жерде қайтыс болды. Пипин Короткий папаның істеген жақсылығы үшін, Папа II Стефанға Италияны,бұрынғы Византия жерлерін қайтарып беруге мәжбүр болды. Франк мемлекетінің Пипин Короткийдің ұлы және мирасқоры Ұлы Карл(768-814 ж.ж.) биледі. Ұлы Карлдің тұсында Франктер мемлекеті өте күшті болды. Бұл адамның бойына біткен керемет қасиеттері- жалынды және жігер-қайраты, мемлекетті басқару ісі мен әкімшіліктің, шаруашылықтың, соғыстың 50-жорықтардың ішінде 30-дан астамын өзі басқарды, дипломатиялық, халыққа білім беру істерін және т.б. күрделі жұмыстардың әрбір ұсақ-түйектерін өзі басқарып, замандастарын таң қалдырды. Ұлы Карл өз заманындағы грек және латын тілдерін жетік меңгерген, ғылыми тұрғыдан да өте білімді, ұстамды, ақылды және құдіретті болған деседі. Барлық жорықтарда ол өзінің басып алған жерлерін иемденіп, Франк мемлекетінің шекараларын үлкейтті, қол астындағы крепостной шаруалармен кедейлерге де өз мүдделерін қорғау қарастырылған. Өз әкесінің жорықтарын жалғастыру барысында ол ең алғашқы жорығын 774 ж. Италияда Лангобард королі Дезидерийді тақтан түсіріп тастап, оның иеліктерін Франк мемлекетіне әкеліп қосты. 778 жылы Карл арабтық Испанияға шабуыл жасайды. Бұл жорығы сәтсіздікке ұшырап қайта шегінуге мәжбүр болады.801 жылы Солтүстік -Шығыс Испания территориясын және Барселонды басып алды. 772-804 ж.ж. арлығында Карл 32 жыл бойы үздіксіз соғыс салдарынан Саксония мемлекетін жаулап алады. Өте кең көлемді жерлерді басып алған Франктер мемлекеті Карл тұсында ескі Ұлы Державаға айналған Рим империясының бұрынғы территориясына жетіп қалған еді. 800 жылдың аяғында Римдегі әулие Петрдің соборында папа Карлге тәж кигізіп, император тағына отырғызды. Осы тұста Батыста жаңа империя дүниеге келді. Византиялықтармен бұрынғы Рим империясының мұрагерлерінің арасында жанжал болды. Тек 812 жылы ғана византиялық император I Михайл Карлдің императорлық титулын ресми түрде таныды. Карл тұсында Франктер мемлекетінің астанасы-Ахенді болды. Ұлы Карл өзінің бүкіл өмірінде Аквитанияны, Саксонияны, Италияны немесе Баварияға тынымсыз жорық жасау салдарынан өзіне қаратты және бұл территориялардың империядан шығып кеттеу қаупімен күресте өткізді.Франктер империясының негізін қалаған Ұлы Карл қайтыс болған соң да, бұл империя отыз жыл өткен соң да бірқалыпты отырды. Ұлы Карлдың баласы және мирасқоры Людовик Благочестивый (814-840 ж..ж.) Франк мемлекетінде император болды.843 жылы Людовик қайтыс болғаннан кейін, оның балалары Верденде жиналып бас қосып,империяны қайтадан бөлу жөнінде шарт жасасты. Бұл қайта бөлісу кезіндегі Каролингтік империяның шеңберлерінде қалыптаса бастады. 4\. VIII-IX ғ.ғ. Франк мемлекетіндегі жер жөнінде жасалған төңкеріс ерекше қызу түрлерге айналды. Ол феодалдық құрылыстың негізі- феодалдық жер меншігінің толық қожалық етушілігін орнатты. Шаруалар жерлерін және шіркеулік ірі жер иелерінің тартып алушылығы әртүрлі экономикадан тыс зорлаушылықпен қоса жүргізілді. Бұл феодалдық жер меншігін өндірушілерге жер үлесі мен өндіріс құралдарын берген жағдайда ғана олардан жер меншігінің пайдасына қосымша еңбекті "тек экономикадан" тыс зорлау арқылы ғана алуға болады. Ерікті шаруаларды Меровинктер кезінен бастап кең таралған әдістерінің бірі, жерді "прекарияға" беруді қолдану болып табылды. Бұл әсіресе VIII-IX ғ.ғ. бастап кең таралды. Прекария --сөзі "өтініші бойынша берілген" деген ұғымды білдіреді.Бұл ұғым жерді шартты түрде ұстау деген сөз. Үлкен ірі меншік иесі жерсіз немесе жер аз шаруаға жерін уақытша пайдалануға береді. Бұл берілген үлеспен пайдаланғаны үшін шаруа әдетте жер иесіне оброк төлеуге немесе кейбір жағдайларда барщиналықпен өтеуге тиісті болады. Прекарияның бірнеше түрі болды; жерді осындай шартпен ұстаушылық кейде жері жеткіліксіз немесе тіпті жері жоқ адамға беріледі, ал кейде өзінің жерінен әлі айрылмаған ұсақ меншік иесі, мұқтаждықтың салдарының немесе көршілес ірі жер иелерінің жасаған қисымына төзе алмай, өзінің жеріне меншіктілік правосын солардың біреуіне, көбіне шіркеуге беруге мәжбүр болады. Егер шаруа бұл жерін қайтадан прекария ретінде немесе мұралыққа алатын болса, міндетті түрде шартқа отыруы тиіс. **Бақылау сұрақтары:** 1\. Батыс Рим империясы қай жылы құлады. 2\. Весготтар Рим империясының территориясына қашан басып кірді. 3\. Германдықтар қандай алфавитті пайдаланылды. **Пайдаланған әдебиеттер:** 1\. Гутнова Е.В. " Историография истори средних веков" М.1985 г. 2\. Шервут Е.А. " Закооны лангобардов" М.1992г. 3\. Корсунский А.Р. " Образование раннефеодального гасударство в Западной Европе" М.1973г. 4\. Григорий Турский. " История франков" М.1987г. 5\. Лебек С. " Произхождение франков" М.1993г. 6\. Болотов В.В. "Лекцийи по истори древней церкви" М.1994г. 7\. "Всемирная история". В10-т.т,3 М.1957г. **4-тақырып. ІV-XII ғ.ғ. Византия империясы** **Дәрістің мақсаты:** ІҮ-ХІІ ғасырлардағы Византия империясының құрылуы тақырыбын қарастыра отырып Византияның әр ғасырлар бойы өмір сүру уақытын қарастыра кеткелі отырмыз. Бұл тақырыптың мақсаты студенттердің білім шыңына жету мақсатындағы көптеген мәліметтерді толығымен жеткізу болып табылады. Негізінен алғанда Византия империясының өмір сүрген жылдардағы халықтардың әл-ауқатымен қоса тұрмыс- тіршілігіне баса назар аудару болды. **Жоспары:** 1\. Византия империясының құрылуы. 2\. VII-IX ғ.ғ. бір. жарт. Византия. 3\. IX-XI ғ.ғ. Византия. 4\. XII ғ.ғ. Византия. **Негізгі сөздер: Ника, Икон, Павликиандар, Эпарх** **1. 395 жылы Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлініп кетуіне байланысты, Римнің Шығыс бөлігінде Византия мемлекеті пайда болды.Византия империясының негізін қалаушы Император Константин 330 жылы Босфор жағалауында қоныстанды. Византия мемлекетінің орталық астанасы өз есіміне лайықталып Константинополь қаласын құрды. Константинопольдің орналасқан ортасы өте қолайлы жерде болды; Еуропадан Азияға,Қара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, Шығыс пен Батыс аралығында сауда-саттық жұмыстарында Константинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды.Византия империясының құрамына мыналар енетін: Балқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы Киренаика, Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Қырымдағы және Кавказдағы бір қатар тірек пункттері, Аравияның кейбір аудандары, V ғ. бастап Иллирик пен Далматция да жататын болды. Византия империясының жерінде әртүрлі тайпалармен халық топтары; гректер, фракиялықтар, иллириктер, дакилықтар,эллиндіктер,кіші азиялықтар, сириялықтар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген.** **V ғ.ғ. Римнің ыдырау салдарынан варварлық тайпалардың тоз-тоз болып ыдырауына мәжбүр болды. Осы тұста Византия империясының нығаюына және ыдырап кеткен тайпаларды біріктіру салдарынан билік басына Император Юстиниан (527-565 ж.ж.) биледі.VI ғ.ғ. тарихшысы Прокопий Кесарийский өз еңбектерінде Император Юстинианның мінезін мейрімсіз айлакер және реформатор, діншіл-ғалымдық қасиеттері,асқан ақыл және қайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген, мемлекеттік істерді жан қиярлықпен жүргізе білген.Оның тегі араласпаған ісі болмаған; ол заңдық және әкімшілік реформаторлар жасаған, құрылыс пен дипломатиялық жұмыстарды қатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған және небір қиян-кескі діни айқастарға қатысып отырған. Атақ құмар, әрі айлакер залым, әрі мейрімсіз қатал Император Юстиниан тарихшы ғалымның айтуы бойынша,"жәй әншейін жұмсақ үнмен ғана түк жазығы жоқ ондаған мың адамды қыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді". Император Юстинианның пұтқа табынушылар мен дінсіздерді аяусыз қудалауы салдарынан ел ішінде 529 жылы Палестинада көтерілісшілердің шығуына әсер етті. 530 жылы тұтқынға түскен көтерілісшілерді топпен құлдыққа сатып жіберді.532 жылы Византияда халықтары арасындағы қозғалыс "Ника" көтерілісі тарихта өз ізін қалдырды. "Ника"- сөзі "Жең!" деген ұғымды білдіреді. 532 жылы 11қаңтарда үкімет саясатына наразы- оппозициядағы партиясы "жасылдардың" Константинополь орталығында жиналып көше бойы ақсүйектілер үйлерін және үкімет мекемелерін қирата және өртей бастады.Тұс-тұстан көтершілердің ұрандатып Император және оның жақтастары Сарайда қоршауға алды, үкіметке қауіп төнді. Император Юстиниан астанадан қашып кетуді ұйғарды,бірақ оның жұбайы императрица Феодора өжеттілік танытып көтерілісшілерге қарсы шабуылға шығуды бұйырды. Қала орталығында 30 мыңнан астам адам қаза тапты, көше бойы қанға малынды. "Ника" көтерілісін ұйымдастырушылар скамарлар отрядтарынан қашқан құлдар, колондар және кедей шаруалардан жасақталған еді.528-534 ж.ж. Император Юстиниан өзінің 50-ден астам заң жинақтарын жасап шығарды. 534-565 ж.ж."Новелла" атты жинағын шығарды.** **534 ж.ж. Солтүстік Африкадағы Вандалдар мемлекетін өзіне тізе бүктірді.545-546 ж.ж. византилық әскерлерінің Стотза басқарған көтерілісі. Стотза шайқаста қаза тапты.541-552 ж.ж. остгот королі Тотила көтерілісі. 555ж. Тотила өлген соң, византиялықтар Италияны түгел жаулап алды.** **2. 602 жылы Дунай маңында тұрған армиян ішінен көтеріліс бұрқ ете түсті. Қатардағы жүзбасы Фока өзін императормын деп жариялады. Көтерісшілер бұқарасының көмегімен Константиопольді басып алды. Император Маврикий тақтан құлатылды және өлтірілді.Византия тағына Фока отырды (602-610жылдар). Елде Киликияны, Сирияны, Палестинаны, Кіші Азияны,Египетті қамтыған аштықтан-ашық азамат соғысы басталды.610 жылы Фока тақтан түсіріп өлтірілді, оның орнына феодалдарға айналған ақсүйек өкілі Икарлий (610-641ж.ж.) император тағына отырды. VII ғ. 30-жылдарының орта шен інде Византияға шығысынан жаңа да қатерлі жаумен-арабтармен соқтығысуға тура кеді. 636-642 жылдар аралығында арабтар Византиядан оның ең бай және құнарлы шығыс провинцияларын жаулап алды. Экономикалық және мәдени жағынан ең тәуір өркендеген шығыс провинцияларынан айырылу- Византия мемлекеті үшін аур соққы еді. 693-698 ж.ж. араб тар Византиядан оның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды.** **Мемлекетік басқару жүйесі барған сайын феодалдануға айналды. Византия мемлекетінің әкімшілік құрылысы түбегейлі өзгерді. Ескі диоцездер мен провинциялар жаңа әскери-әкімшілік округтар-фемдермен ауыстырылды. Византия жер інде бытырай жайылған славяндар, армяндар,сириялықтар және басқа да тайпалардың колондар бұқаралықтары фемдердағы әскери отырықшылардың негізгі тегін құрады. VII ғ. олардан және ерікті Византиялық шаруалардан айрықша әскери сословие- стратиоттар пайда бола бастады. Әскери қызмет атқарғаны үшін стратиоттар өкіметен ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын жер үлесін алды.** **Фемдердің басына фемдік әскерлердің командирлері- стратиоттар тұрды, бұлар және азаматтық би лікті түгелдей өз уысында ұстады. VIII-IХғ.ғ. алғашқы жартысында әскери фемдіктер мен аристократтар және шіркеулік- монасрырьлық жер иеленушілер арасында жер үшін талас қатты шиеленісті. Кіші Азиядағы фемдік төрелер Исавралық династияның негізін (717-867ж.ж.) қалаушы болван өз итаршылар ІІІ Лев Исавраны (717-741ж.ж.) таққа отырғыза алды. Ерікті шаруалардан жасақталған фем әскерлеріне арқа сүйеген ІІІ Лев Византияның ең қауіпті сыртқы жауы- арабтармен күресте алкен бет бұрыс жасады. Ол жыл бойы Константинопольді қоршап жатқан араб халифасының орасан көп армиясының шабуылына табысты тойтарыс бере білді. 740 жылы ІІІ Лев арабтарды күл-талқан етіп жеңді. ІІІ Левтің ұлы V Константиннің тұсында (741-775ж.ж.) Византияның өзі Араб халифасына қарсы шабуыл бастады да, 746 жылы византиялықтар Сирияға басып кірді, содан кейін Әвфрат жағалаулары мен Армения жеріне дейін жетті. Византия әскерлері өзінің терістіктегі көршісі- тұңғыш Болгар патшалығына қарсы да шабуылдарын же місті жүргізе білді.** **3.X-XІғ.ғ. Македониялықтар династиясын құрушы І Василик (867-886ж.ж.) империяның сыртқы саяси жағдайын уақытша нығайтуға мүмкіндік жасады. Соның тұсында араб тар шабуылына тойтарыс берілді. Слайда ол өлгеннен кейін араб тар және болгарлар Византияға тағы да соққы үстіне соққы берді. ІХ ғ. аяғында --Х ғ. басында араб тар бүкіл Сицилияны түгел дер лік жаулап алды. Оңтүстік Италиядағы Византия иеліктеріне де қауіп төнді. Араб тар сонымен қатар Еипрді де басып алды. Крит- аралдар мен жағалауды ойрандаған араб қарақшыларының ұясына айналды. 904 жылы араб тар Фессалониканы тонап кетті. Византия бұл кезде күшейіп алған Болгариямен шайқаста осыдан кем жеңіліске ұшыраған жоқ. Болгарлармен соғыс 30 жылдай дер лік созылды.** **Византияның одан әрі нығаюы Х ғасырдың жартысында Болгар патшалығына қарсы шабуыл бастауына мүмкіндік берді. Византиялық імператор, батыл да, қайырымсыз қатал " Болгарлар қырғыны" ІІ Василик (976-1025ж.ж.) шығыс шекараларындағы бірқыдыру тыныштықты пайдаланып, Европада нөпір күш жинақтады. Сол сияқты болгар феодалдарының сатқындығын пайдаланып, ІІ Василик болгар жеріне ұдайы шабуыл жасады да,1018 жылы Византия Болгарияны жаулап алды. Дунайға дейінгі бүкіл Балкан түбегі Византия империясының құрамына енді. ІІ Василик өлгеннен соң көп ұзамай-ақ ішкі дау-дамайдан империя қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Оның шекаралары тарыла бастады. Шығыстағы жерлері жаңа жаулардың түрік-сельджуктердің шапқыншылығына ұшыраса, европалық провинцияларына Қара теңіз маңындағы далалардан печенгтер қаптап келе бастады және олардың шапқыншылығы барған сайын қауіпті бола берді.** **Бақылау сұрақтары:** ***1. Византия Римнің қай бөлігінде құрылды.*** 2\. Византия империясы қай жылы империя атанды. 3\. Византия империясының негізін қалаушы кім. 4\. Император Юстиниан өзінің қаншадан астам заң жинақтарын жасап шығарды. 5\. Византиядағы феодализмнің негізгі ерекшелігі. **6. Император және оның жақтастары.** **Пайдаланған әдебиеттер тізімі:** 1\. Курбатов Л. "История Византии" Л;1975г. 2\. Литаврин Г.Г. "Византииское общество и государство в X-XI в.в." М;1987 г. 3\. Виппер Р.Ю."История Древнего мира и Средних веков" М;1994 г. 4\. "История средних веков" М;1964 г. 5\. Н.И. Девятайкина "История средних веков" М;1998г **5-тақырып. IX-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның саяси картасы.** **Дәрістің мақсаты: :** ІХ-ХІ ғасырлардағы Батыс Еуропаның саяси картасына тоқтала кетсек, бұл тақырыптың мақсаты осы Еуропа елдеріндегі өмір сүріп жатқан территориясының қай аумақты алып жатқандығы, сонымен бірге халықтың орналасуы көрсетілген. Студент өз білімін жетілдіру мақсатында Батыс тарихы пәнінен көптеген деректерді жинай отырып қандай мақсатта бұл алып империялардың біртін келе кейіннен тарих сахнасынан жойылып кейінне қайта қалыптасуы жайлы көптеген мәліметтерді іздеу болып отыр. Біз осы тақырыпты тереңінен зерттей отырып лекцияның мәтінінен қарастырып көрсетеміз. **Жоспары:** 1\. XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі сипаты. 2\. IX-XI ғ.ғ. Франция. 3\. VIII-XI ғ.ғ. Италия. 4\. IX-XI ғ.ғ. Германия. 5\. VIII-XI ғ.ғ. Англия. **Негізгі сөздер:** Империя, феодализм, генезис, варварлық мемлекеттер, эмфитевсис, **Каролинг империясы құлағаннан кейін 843 жылы Верден шарттарының нәтижесінде Германия мен Франция бірқалыпты дамыды. Ал Лотарь мемлекетінде билік басында 855 жылы король Лотарь өлген соң, феодалдық мемлекеттер үш дербес болып бөлінді.870 жылы Мерсен бітімі бойынша Германия мен Франция корольдері Лотарингия мемлекетін өзара бөліп алды.925 ж.ж. Лотарингия мемлекеті түгел Германия мемелекетінің қол астына кірді. 959 жылы бұл мемлекет екі герцогтыққа бөлінді.** **IX-X ғ.ғ. бургунд корольдігі екіге бөлінді; 879 жылы төменгі Бургундия болып, 888 жылы жоғарғы Бургундия болып. XI ғ.ғ. 1033 жылы Бургундия корольдігі бірігіп, Германия құрамына енді.** **IX-X ғ.ғ. Франция корольдігінде 884 жылы Бургундия герцогтары пайда бола бастады.Верден бітімі бойынша Ұлы Карлдің немересі Лотарь жалғастыру керек еді, бірақ Лотарь өлген соң оның ұлы II Людовик король болған кезде Италия біртұтас мемлекет болмай жан-жаққа ыдырап кетті.** **IX-XI ғ.ғ. Еуропада басқа мемлекеттер құрыла бастады. Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінің солтүстік таулы аудандарында VIII ғ.ғ. Вестгот Испаниясын арабтар 711-714 ж.ж. жаулап алғаннан кейін,718 ж.ж. корольдік болған Астурия өз тәуелсіздігін сақтап қалды да, IX ғ.ғ. Ұлы Карл негізін қалаған Пиреней сыртында Испан маркасы бөлініп шығып, Наварра корольдігі құрылды және Франция құрамына кірген Барселон графтығы да бөлінді.** **Орыс флоттары 756 ж.ж. Босфор жағалауындағы Никомиди мен Пафлагонияны ойрандатып,Константинополь түбегін және Дунайға дейінгі жерлерді басып алды. Князь Святослав Византия-Болгар шайқасында Балканға екі рет жорық жасайды. 969-970 ж.ж. Святослав болгарлармен одақтасып, солтүстік Фракияны ойрандатады да және 971 ж.ж. император Иоани Цимисхий (969-976 ж.ж.) Святославты Болгариядан қуып шығады.** **Орыстар 1043 жылы Константинопольге соңғы жорығында жеңіліске ұшырап, 1047 ж.ж. орыс императоры Константин IX Мономахтың (1042-1055 ж.ж.) қызы Киевтің ұлы князі Ярослав Мудрыйдың баласы- Всеволодқа күйеуге шығумен аяқталды.** **IX-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде феодалдық құрылыстың толық орнығып болды. Феодализмнің негізі болған феодалдық жер меншігі- вотчина түрінде үстемдік етті. Ірі жер иеленушілері ұсақ жеке шаруалардың шаруашылығын әрдайым қанап, салық түрлерін өсіре берді. Осы тұста Францияда шаруалардың көп бөлігі крепостной шаруалар ауыр жағдайда болды. Олар өздері сеньорларына жеке басына және әртүрлі соттық қатынасқа бағынуға мәжбүр болды. Осы тұста крепостной шаруалардың өзі де "сервтер" (латынша аударғанда-құлдар) қатарына еніп, жеке басының бостандығынан да айрылды.** **IX-XI ғ.ғ. Феодалдардың күшейген кезеңінде олар иерархия деп аталатын немесе "феодалдық баспалдақ" принципі бойынша құрылды.Феодалдық баспалдақтың басында король өзі қолдап, әбарлық феодалдар жоғарғы сеньор болып саналды.** **2.IX-XI ғ.ғ. Франция. 843 ж.ж. Каролинг мемлекеті ыдырағаннан кейін 870 ж.ж. Мерсен бітіміне сәйкес бұл елді бөліп тұратын Германия мен Италияны бөліп тұратын шекара Маас өзенінің төменгі жағалауымен Мозельмен Рона болатын IX ғ.ғ. аяғында Сона мен Ронаны 933 ж.ж. Бургундия королдігіне біріккен. X ғ.ғ. неміс және француз Каролингтер арасындағы өзара қырқыс салдарынан, қол астындағы халықтарды ыдыратып нормандықтардың соғысына душар болады. Каролингтер графтығының арасындағы өзара король тәжіне таластар арқасында,987 ж.ж. ақсүйек және дін феодалдары "Францияның ұлы герцогы" деп аталған Робертин Гуго Капетті король етіп сайлады. Осы тұстан бастап XVIII ғ.ғ. дейін француз тәжісін Капетингтер руынан тараған ағайындар басқарған. X-XI ғ.ғ. француздардың бірнеше графтықтар өз жерлерін дербес түрде иелік етті. Олар солтүстік француз халқы мекендеген жерлердегі ірі феодалдар: Мэн графтығы, Блуа, Турень, Анжу графтығы, Шампань графтығы, Бургунд герцогтығы болды.** **Провансаль халқының территориясында Пуато мен Гаронна графтығы аралықтарында Аквитания герцогтігі, Гаскон графтығы, Тулуз графтығы, Овернь графтығы болды.** **Қиыр солтүстік-батысында Кельт тұрғындары мекендеген жердегі Фландрия герцогтығы.** **Француз королінің құрамында да жер иеліктер болды.X ғ.ғ. Испан маркасы деп аталған Барселон графтығы да кірді.** **X ғ.ғ. француз шаруаларының көпшілігі крепостнойлар ауыр феодалдық қанауға түсті.Олардың әрбір сервтері соттық жағынан сеньорларға тәуелді болды және айыптар мен салық төлемдерді төлеп отырды. Сервтер жеке басы тәуелді адам ретінде Жан бас салығы, егер ол ерікті адаммен некеге отыратын болса неке салығын, өлім салығы, яғни оның заттары сеньорлардың меншігінде болып есептелді, мұра салығы деп. аталатын салық түрлері болды.** **Феодалдық таптысының езгісіне ұшыраған шаруалар арасында көтерілістер шықты. 997 ж.ж. Нормандияда шаруалар көтерілісі. 1024 ж.ж. Бретанда шаруа көтерілістері болды. Шаруалар көтерілісін феодалдар өте қатал түрде жазалау арқылы басты** **3.VII-VIII ғ.ғ.Италияның солтүстік үлкен бөлігі лангобардтардың қол астында болып, VIII ғ.ғ. бастап Каролинг империясының құрамына кірді. 843 ж.ж. солтүстік және орта Италия Верден бітімінен кейін Каролинг империясының бір бөлігі болудан қалды да, IX ғ.ғ. ортасында Италия королдігінің астанасы Павияда, ең алғаш Лангобард королдерінің темір тәжін кигізіп Италия королін таққа отырғызған.Италия королі шын мәнінде ешқандай билігі болмаған еді, билік бастарында жекелеген феодалдар қолында болды. IX ғ.ғ. Италия жерлеріне арабтар (сарациндер) басып кірді.Арабтар бүкіл Сицилияны, онда Палермоны орталығында эмират құрды, Апулияны өзіне қаратты. XIIғ.ғ. византия мен арабтар арасындағы соғысу кезінде Нормандия бүкіл Италия қарасты Сицилияны жаулап алып, 1130 ж.ж. Италия жерінде Сицилия королідігінің негізі қаланды.** **IX -- XIIғ.ғ. крепостной шаруалар барщинада 2-ден 12 аптаға дейін, науқан кезінде 3-4 аптасында салық төлеп отырды. Италияда шіркеулік жер иелігі зор роль атқарды. Феодализмнің алғашқы баспалдағы ірі феодалдық иеліктерді: негізгі жұмысшы таптар крепостной ғана емес, колондардан, құлдар мен ерікті арендаторлардан құрылды.** **X- XI ғ.ғ. италян феодалдарына үздіксіз ала ауыздық күресті, елге басқыншылық соғыстар болып- византиялықтардың, венгерлердің, герман феодалдары, арабтардың,нормандардың басып кіріп, Италияның саяси құлдырауына әкеп соқты. Басқыншылықпен кіргендердің көпшілігі италян халқының латын тілінде сөйлеуіне байланысты, оларда латын тіліне көшті.** 4**. IX-XI ғ.ғ Рейннің шығыс бетінде мекендеген Каролинг империясы ыдырап, БатыФранк мемлекеттінің құамына енген герман тайпалары феодалдандыруға өте баяу дамыды. X ғ. бас кезінде Германия территориясына тайпалық герцогтар енді: Саксония мен Тюрингия, Франкония, Швабия және Бавария герцогтары болатын.Бұлар ежелгі германдық тайпалар туыстық байланыстарын арттыру мақсатында және германдардың саяси бытыраңқылығын сақтау үшін біріктірілді. 911 ж.ж. Германия Каролингтер түбімен жойылғансоң, корольдікке тайпалық герцогтің бірі- I Конрат Франконский сайланды. I Конрат өлген соң тайпалық герцогтардың арасындағы жанжалдардан кейін 919 ж.ж. екі бірдей корольдіктер құрылды; бірі- Генрих Саксонский, екіншісі- Арнульф Баварский сайланды.Германия жерлеінде сыртқы нормандар, венгерлер шапқыншылығынан көптеген құлдырауға әкеп соқты. I Генрих (919-936 ж.ж.) өзінің шебер саясатымен қол астындағы герцогтарды біріктіре отырып, венгер отрядтарына қарсы күресте 933 ж.ж. мен 955ж.ж. аралығындағы күресте венгер әскерлерін біржолата қырып жіберді. I Генрихтің ұлы мирасқоры I Оттон (936-973 ж.ж.) германдықтардың шіркеу арқылы жер салықтарын, жер иеліктерін бөліп беруді мақсат тұтты. I Оттон мен оның баласы II Оттонның тұсында шіркеуге жер сыйлаушылық және сол жерде мекендеген адамдар шіркеудің саяси үстемдігінің қол астына енуіне мүмкіндік жасады. I Оттон тұсында тарихшылардың зерттеулеріндегі тұжырымдама негізінде, императорлық шіркеу деп аталған корольдік өкіметінің қызметіне қойылған болатын.** **Немістердің алғашқы феодалдық мемлекеті "неміс" сөзінің тайпалық шығу ерекшелігіне қарамай, 920 ж.ж. документтерде "немістер корольдігі" атау пайда бола бастаған.** **Франкондық династияның (1024-1125 ж.ж.) алғашқы корольдері II Конрад және III Генрих тұсындағы Германия.** **II Конрад тұсындағы саясатпен III Генрихтің шіркеу қолдауындағы саясат екі бағытта болды. IV Генрих (1056-1106 ж.ж.) патшалық құрған және корольдің жасы әлі кәмелетке толмаған болатын.Сол себепті бұл тұста Германияда шіркеулік папаның көптеген саясатымен іске асты.IV Генрихтен кейін оның ұлы V Генрих (1106-1122 ж.ж.) таққа отырды.** **5.Англосаксондар жаулап алған Британия территориясында V-VIII ғ.ғ. өзінде бірнеше англосаксондық корольдіктер құрылған.Ағылшындардың негізін қалаған Уэссекс,Сассекс,Экссекс тайпалық рулық туысқан тайпалық топтар болатын.** **1070-1075 ж.ж. Саксония көтерілісі басталуы себептері:IV Генрих тұсындағы шіркеу папаларының және Германия ірі феодалдарының Саксония жерлерінің иелік еткен феодалдардан зорлықпен күштеп жерлерін тартып алды.Бұрынғы король жерлерін түгел король қарамағына қайтару болды. Корольдік саясат қарсы Саксонияда 1070ж.ж. көтерілісті ірі феодалдар туғызды, 1073-1075 ж.ж. аралығында күрестің екінші кезеңі шаруалардың көтерліске жаппай шығуы, бұл көтерілісті бастаған Саксон ақсүйектері Оттон Нортгеймский болатын.1075 ж.ж. IV Генрих бұл көтерілісті тоқтатып, шаруаларды түгел қырып тастады. Осы тұстан бастап шаруалардың жағдары өте ауыр болды.** **IX ғ.ғ. Англосаксондықтар корольдіктері бірігу салдарынан Англия мемлекетіне айналуы.829 ж.ж. Уэссекстердің королі Эгберт тұсында англосакстардың елі бірігіп, Англия деп аталатын мемлекет құрды.Англия тарихында нормандар көбінесе "даттар" деп аталған және олар Дания жерлеріне шабуыл жасап тұрған. Англияның солтүстік бөлігін Уэссекс корольдігі қол астына қарады және "дат правасы" деген аймақ болған. Англия Даттарға қарсы бірнеше шапқыншылық жорықтарға шығып отырған. Англосаксондық тайпалардың бірігу салдарынан король халықтық жиналыстарды тоқтатып, өзінің кеңесшілерімен (уитенагемот) мен жиналыс жасап отырды.** **Даттарға қарсы күресті англосаксондық мемлекетті нығайту ісіндегі королі Альфред (871-900ж.ж.) ел басқарған уақытта болатын.Бірнеше жабуылдардан жеңіліске ұшыраған Альфред Даттар королі мен келісімге келіп шартқа отырады. Осы шарт бойынша екіге бөлінеді: оңтүстік-батыс бөлігінде ағылшын корольдіктерінің билігі жүреді, солтүстік-шығыс бөлігі даттар қол астында болады.Король Альфредтің өз заңдар жинағы-"Король Альфредтің шындығының" үлкен маңызы болды. Дербес мемлекетті феодалдандыру мақсатында және үстемдік таптың мүддесін ойлап заң жолын бекітті.** **X ғ.ғ. екінші жартысында король Эдгардың кезінде (959-975 ж.ж.) даттарды, скандинавиялық бірнеше тайпалық жерлерді өзіне қаратып, ағылшын халықтарының этникалық құрамы күшейді. Англияның феодалдандыру дәуірі өте жоғарғы теңгейде өсті.1016 ж.ж.Дать корольдері Англияға шапқыншылығы қайта басталды. Бұл шапқыншық салдарынан Англия жеңіліске ұшарайды, Англия, Дания, Норвегияға королі бір ғана Кнут (1016-1035 ж.ж.) билік басына отырады.** **Бақылау сұрақтары:** **1. Батыс Еуропада цехтар жеке-жеке бөлінген уақыт.** **2. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Батыс Европада өндірістің қай саласы дамыды.** **3. Қай ғасырда Батыс Еуропа қалалары қалыптасты** **4. ХІ-ХІІ ғ.ғ. Батыс Еуропада өндірістің қай саласы дамыды.** **5. ХІ ғасырдағы Батыс Еуропаның феодалдық құрылысының негізгі сипаты.** **Пайдаланған әдебиеттер тізімі:** 1\. Гутнова Е.В. " Историография истори средних веков" М.1985 г. 2\. Шервут Е.А. " Закооны лангобардов" М.1992г. 3\. Корсунский А.Р. " Образование раннефеодального гасударство в Западной Европе" М.1973г. 4\. Григорий Турский. " История франков" М.1987г. 6\. Болотов В.В. "Лекцийи по истори древней церкви" М.1994г. 7\. "Всемирная история". В10-т.т,3 М.1957г. 8\. "История Европы". В 8-т. Т-2,-3," Средневековая Европа" М.1988г. 9\. Левандовский А. "Карл великий" М, 1995 г. **6-тақырып. Батыс Еуропада қалалардың пайда болуы мен дамуы. Қолөнер мен сауданың дамуы.** **Дәрістің мақсаты: Батыс Еуропада орта ғасырлық қалалар қолөнершілік пен сауда орталықтар бұрынғы Италияда, Францияда пайда болды.** Феодалдық қалалардың пайда болуы түсіндіру. **Жоспары:** 1\. Ерте ортағасырлардағы қолөнер. 2\. Ортағасырлық қалалардың пайда болу теориясы. 3\. Қалалардың өзін-өзі басқару жолындағы күресі. **Негізгі сөздер:** *Глобализация,* Лен, Феод, Фьеф **Феодалдық қоғамның белгілі бір кезеңінде қаланың пайда болуы оның алғашқы феодалдық дәуірінен-өркендеген феодализм дәуіріне өтуімен байланысты болды. Соңғысына тән ерекшелік- қалалардың қол өнершілікпен сауда орталығы ретінде тууы және гүлденуі болып табылады. Шикізат өндірістерінің өркендеуі және қалалардың өсуі, феодалдық қоғамның экономикасына, саяси құрлысына, рухани өміріне елеулі ықпалын тигізді. Сондықтан да XI ғ. ғ. Батыс Еуропада қаларлар қалыптасты. Бұл кезең алғашқы орта ғасырмен феодализмнің толық өркендеген, хронологиялық шекарасы бар еді.** **X-XI ғ.ғ. Батыс Еуропаның шаруашылық өмірінде елеулі өзгерістер болды. Крепостной шаруалардың еңбегін қанауға негізделген өндірістің феодалдық әдістері өзінің алдындағы құлдар еңбегін қанауға негізделген көне әдістерге қарағанда еңбек өнімділігі анағұрлым кең жол ашқан еді. Алғашқы орта ғасырдағы өндіргіш күштердің өркендеуі-қолөнершілік кәсіптің бірте-бірте өзгеруі, техниканың өркендеуі және еңбек тәсілдерінің жетілуі оның салалары дамыды. Қолөнершіліктің жекелеген түрлері; металл өндіру, қорыту және өңдеу ең алдымен ұсталық қару жарақ жасау үстінде болды.Мата әсіресе, шұға тоқу, өйткені оны өндіру бұрын шаруалар семьялары қолдан тоқи беретін кендір мата шығарудан анағұрлым күрделі, былғары өңдеу; қышшылар еңбегінде құмнан жасалатын ыдыстарды көбейтті. Қолөнер бұйымдарын өндіру барған сайын ауыл шаруашылығындағы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығынан басқа ша, еңбек етудің жаң?