Лекция комп граф.pdf
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Full Transcript
Лекция тақырыбы: Компьютерлiк графикаға кiрiспе. 1 сағат. Лекция жоспары: КГ-нiң рөлi. Машиналық графика түсiнiгi және оның аппараттық қамсыздандырылуы. Turbo Pascal7. Graph модулiн қолдану. Кесiндi тұрғызу алгоритмiн зерттеу және жүзеге...
Лекция тақырыбы: Компьютерлiк графикаға кiрiспе. 1 сағат. Лекция жоспары: КГ-нiң рөлi. Машиналық графика түсiнiгi және оның аппараттық қамсыздандырылуы. Turbo Pascal7. Graph модулiн қолдану. Кесiндi тұрғызу алгоритмiн зерттеу және жүзеге асыру. ЦДА алгоритмi. Робертс және Брезенхем алгоритмi. Шеңбер тұрғызу алгоритмiн зерттеу және жүзеге асыру. Тегiс облыстарды толтыру алгоритмiн зерттеу және жүзеге асыру. Екі өлшемді, үш өлшемді өзгертулер және проекциялар. Лекция мақсаты: Машиналық графика туралы түсінік беру. ЦДА, Робертс және Брезенхем алгоритмi мен танысу. Екі өлшемді, үш өлшемді өзгертулер және проекциялар-мен танысу. Лекция мазмұны: Кескiннiң берiлуiне байланысты компьютерлiк графика үшке бөлiнедi: растрлық, векторлық және фрактальдық. 1.1.Фрактальдық графика. Фрактальды графика математикалық есептеулер жолымен бейнелердi автоматты түрде түрлендiруге негiзделген. Теңдеулер немесе формулалар бойынша бейнелер салынады және олардың бейнелерi емес, коэффициенттерi сақталынады. Мысал ретiнде ақша қардың бейнесiн алуға болады. Фрактальдық графиканың негiзгi элементтнрi математикалық формула, яғни компьютердiң жадында мәлiметтер сақталмайды, суреттер математикалық формулалармен құрылады. Қарапайым құрылымдар және күрделi суреттер, табиғат ландшафтары сонымен қатар үш өлшемдi объектiлер арнайы әдiс бойынша құрылады. 1.2. Растрлi графика. Растрлық графика полиграфиялық баспалар мен оларды өңдеу үшiн қолданылады. Ең бастысы бұл графикада түстi таңдап алу болып табылады. Мұндай типтегi бейнелердi үлкейткен кезде оның сапасы төмендеп, бейнеге айналып кетедi. Растрлi бейнелер нүктелерден тұрады. µзындақ бiрлiгiне сәйкес келетiн нүктелер саны графиканың бұл түрiнде еркше роль атқарады. Осы нүктелер саны бейненiң анықтығын көрсетедi. Анықтақтың келесi түрлерi бар: Оригиналдық анықтығы; Экрандағы бейненiң анықтығы; Көшiрiлген бейненiң анықтығы; 1.3. Векторлық графика. Векторлық графика сызба бейнелер мен безендiрулердi құруға негiзделген. Ең бастысы, бұл графикада объектiлер формасы болып табылады. Оны үлкейткен кезде оның формасы өзгермейдi. Керiсiнше, векторлық бейнелердi үлкейткен кезде, олардың өлшемi өзгермейдi. Егер растрлi графикада негiзгi элемент нүкте болса, векторлық графикада ол сызық болып табылады. Сызықтар мұнда бiр математикалық бiрiлiк ретiнде есептелiнедi, сондақтан растрлi графикадан анағұрлым аз мәлiмет қоры болады. 1.4Үш өлшемдi графика. Үш өлшемдi (3D) графика – объектiлердiң кеңiстiкте берiлуiнiң әдiстерi. Оның құрамына кескiндердiң векторлық және растрлық түрде берiлуi де кiредi. Түстiк ерекшелiктерiне байланысты ақ-қара және түрлi-түстi графика ұғымдары қалыптасқан. Кейбiр мамандық шеңберiнде инженерлiк графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлiк томографика т.б. ұғымдар бар. Ғылыми есептеулер, инженерлiк жоспар құру, физикалық объектiлердi компьютерлiк моделдеу мәселелерiнде үш өлшемдi графика кеңiнен қолданылады. Нақты физикалық дененi қозғалту мәселесiн мысал ретiнде қарастырайық. Объектiнi кеңiстiк моделiн алуды жеңiлдету мақсатында керектiлер: Нақты тұлғасына жақын етiп объектiнiң көрнекi каркасын (қаңқасын) құру және жобалау; Нақты тұлғасына суреттеудiң физикалық құрылымы арқылы толық жақын етiп көрнекi материалдар құру және жобалау; Объектiнiң бетiн бөлшектерге бөлiп, оларға жеке материал ретiнде қарау (басқаша айтқанда объектiнiң текстурасын жасау); Объектiнiң қозғалысын кеңiстiгiн ретке келтiру, яғни жарықтандыру, гравитация, атмосфера сипаты өзара әсерлесушi объектiлердi және бедерлердi сипаттау; Объектiнiң қозғалысының траекториясын көрсету; Кадрдың соңғы бөлiгiе есептеу; Қосымша эффектiлердi соңғы анимациялық роликке араластыру; Объектiнiң нақты моделiн алу үшiн геометриялық қарапайым фигуралар ( оларды геометриялық примитивтер деп атайды, яғни тiктөртбұрыш, куб, шар, конус т.б.) және геометриялық тегiстелген бет пайдаланылады (сплайынды бет). Объектiнiң “қаңқасын” жасағаннан кейiн бетiн материалдармен қаптау керек. Компьютерлiк моделдеудегi көптеген амалдар негiзiнен осы бетiн қаптаудағы көрiнiсiн көрнекi етуге жұмылдырылады, яғни жарықтандыру коэффиценттiн есептеу, жарық сәулесiнiң сыну бұрышын анықтау, материал бетiндегi және кеңiстiктегi көлеңкелердi табуда қателеспеу. Ендi бiз қапталған беттi бояуымыз керек. Бұл жерде Гуро (Gouraud) немесе Фонга (Phong) әдiсi пайдаланылады. Бiрiншi әдiсте примитивтердi бояған кезде олардың ұштарын бояйды да төменгi жағы бiртiндеп интерполяцияланады. Екiншi әдiс бойынша объектiнiң жалпы нормалi құрылады да объектiнiң бетiне байланысты интерполяцияланады және әр нүктенi жекеше жарықтандырады. Ендi келесi мәселе объект каркасының жеке бөлiктерiнiң текстурасн орнату. Бұл жерде примитивтердiң шекарасындағы текстуралардың өзара байланыстарын ескеру қажет. Материалдан объект жасап шығару қиын жұмыс. Оны жасап шығару үшiн сурет салу процестерiн жүргiзе білу және аз да болса дарын қажет. Объектiнi құрастырып, оы көрнекi еткеннен кейiн оны қимылдату жұмыстары басталады. Негiзгi кадрлер компьютерлiк анимацияланады Объектiнiң бастапқы қалпы бiрiншi кадрге түседi. Каркасты модел жасалынады. Одан әрi қарай модел көрнекi текстуралық қабатпен безендiрiледi (ол жерде жарықтандыру шарттары орындалады). Қазiргi таңда үш өлшемдi модельдеу тренажорларда кеңiнен пайдаланылады. Мысалы, машиналар, кемелер, ұшу аппараттар, космостық аппараттарын пайдалануды үйренуге арналған тренажерлар. Бұл тренажерларда объектiнiң техникалық мүмкiндiктерi мен қоршаған ортаның физикалық қасиеттерiн толық көрсету қажет. Жол транспорттарын айдауды үйренуге арналған тренажерларды персональдi компьютерге орнатады. Қазiргi таңда космос кемелерiн және әуе машиналарын үйренуге арналған аса күрделi тренажерлар пайдаланылады. Мүндай тренажерлардағы объектiлердi көрнекiлеу мен модельдеуде күрделi қондырғылар пайдаланылады, яғни бiрнеше арнайы графикалық станциялар орнатылған аса күштi RISC-процессорлар және үш өлшемдi графикан үдеткiш орнатылған жылдам жұмыс iстейтiн видеоадаптерлер. Лекция тақырыбы: ADOBE PHOTOSHOP программасы. 2 сағат. Лекция жоспары: Жүйенi тағайындау және қолдану. Көрiнiстердiң түрi мен форматы. Растрлiк көрiнiстердiң ерекшелiгi, параметрлерi. Лекция мақсаты: Жүйенi қолдану. Көрiнiстердiң түрi мен форматы, растрлiк көрiнiстердiң ерекшелiгi, параметрлерi туралы түсінік беру. Лекция мазмұны: Қазіргі кезде компьютерлік технология қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Оның бір сапалы компьютерлік графикаға сұраныс күннен-күнге артуда. Алғашқы кезде компьютерлік графикамен тек комьютерлік технологияны жетік меңгерген мамандар айналысса, қазіргі таңда осы бағытта барлық қолданушыларға арналған программалар пакеті бар. Бұл программалар өте қарапайым әрекетті орындаудан бастап қиын да күрделі дизайнерлік жұмыстарды атқарады. Қолданбалы программалық қамсыздандырудың мынадай түрлері бар: Сorel Draw, Page Maker, Adobe Photoshop. Енді Adobe Photoshop программасына тоқталар болсақ, мұнда кез келген кескіндік суретті өңдеу, түзету, фондық түс беру сияқты әртүрлі ортада даярланған объектілерді біріктіру, жинақтау, өңдеу жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы арқылы ескі фотосуретті жаңалау, яғни басқа түске бояу, көйлекке жаға салу, шашты үлкейту, беттегі әжімді алу, бетті тазалау, ағарту, т.с.с. Қазіргі қолданылатын программалар арқылы үйлену, сүндет той, қыз ұзату, мүшелтой сияқты шақыру билеттері өңделіп даярланады. Әсемдік салонында адамдардың бет бейнесін бөлек шығарып оған шашын әсемдеуде, ал криминалистикада іздеу салу жұмыстарында, портрет жасау жұмыстарында қолданылады. Adobe Photoshop программасы қазіргі кезде өте көп қолданылуда. Соның ішінде атап өтсек: фотосалондарда, әсемдік соландарында, жиһаз жасауда, кино афиша дайындауда, жарнама жасауда, түрлі кез келген суреттер жасап өңдеуде, фотосуреттерді жаңарту, болмаса гүл салып электрондық поштадан жіберу сияқты т.б. Айта берсек, салалар өте көп, солардың біразында қолданысқа ие. Тек қана осындай салаларда емес, сонымен қатар күнделікті оны өзіміз сияқты адамдар, студенттер, оқушылар пайдалануда. Мысалы, мен Adobe Photoshop программасында кез келген суреттерді өзіме қажетті форматын осында өңдеп ауыстырамын. Сол сияқты басқалары үйлерінде үйреніп фотомонтаж жасайды, өзінің түскен суретінің фонын өзгертіп, суретін әшекейлегісі келетіндердің барлығы осы программаны үйреніп, ізденіп пайдалануда. Photoshop программасын іске қосақаннан кейін экранда оның жұмыс үстелі көрінеді. Windows ортасында жұмыс істеп жүрген пайдаланушы үшін мұндағы біраз элементтер таныс болады. Ондағы кескін терезесі компьютердің оперативті және виртуальді жадысының мүмкіншілігіне қарай бір уақытта бірнеше кескіндерді ашуға мүмкіндік береді. Әрбір кескін бөлек терезелерде ашылады. Бір терезеден келесі терезелерге өту Ctrl + tab пернелерін басу арқылы орындалады. Масштабтау алаңында – активті кескіннің көріну өлшемі көрсетіледі (төменгі сол жақ қатарында, бұрышында % - пайыз күйінде). Ақпарат алаңы кескіннің жад өлшемін көрсетеді. Қалып- күй қатары бұл жерде таңдалған саймандарды және кескінді көрсетеді. Егер қалып-күй қатары көрінбей тұрса, Окно → Отобразить строку состояния командасы арқылы шығарамыз. Штамп бейнелерден таңдаулы үлгiлердi көшiруге мүмкiндiк бередi. Сиқырлы таяқша және лассо – жалпы композициядан бейнелердiң үзiндiлерiн таңдау. Бөлiп алу (выделение) – шекараның iшiндегi бейнелердi бөлiп алып, көшiру, орын алмастыру және оны редакторлеу. Монтаж, коллаж - басқа бейнелердiң үзiндiлерiн бөлiп алып, бiр бейненi жинақтап, шығару. Ол үшiн слои және каналдар қызмет атқарады. Передний план, задний план, слои, каналы – бейнелер бөлiктерi. Слои – мөлдiр фондармен қоршалған бейнелердiң көрiнбейтiн бөлiктерi. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезiнде қолданылады. Оның мысалы ретiнде контурлық карта (артқы жағын), онда мемлекеттер тiзбектей бейнеленген (алғашқы қабаты), қалалар (екiншi қабаты), орман, батпақ, шөлейттер (үшiншi қабаты) және т.б. Каналы – бұл бейнелердiң түстерiнен бiреуiне сәйкес келетiн монохромды бейне. Мысалы, қызыл – жасыл - көк Маски (маскированные области) – слойдың көрiнбейтiн аймағы. Сондықтан оны түрлендiруге болмайды. Немаскированные области – бұл бейненiң көрiнетiн аймағы құрастырылатын бөлiктерге бейнелердi бөлу үiшн қолданылады. Растушевка - бұл шекаралар аралығынан бөлек үзiндiлердi бөлiп алу. Түстер модельдерi - ҚЖК (rgb) (қызыл+жасыл+көк). Бұл түс бейнелердi экранға шығару үшiн қолданылады. - КССҚ (cmyk) (көгiлдiр+сұрғылт+сары+қара). Мұнда қосымшаға негiзгi түстерден ақ түстерге дейiн енгiзiледi. Ол полиграфиялық баспалардың материалдары үшiн қолданылады. Мысалы, көгiлдiр = ақ-қызыл, сұрғылт = ақ – жасыл, сары = ақ – көк. - ТҚЖ (hsb) (тон+қалыңдығы+жарықтылық). Өнер шығармаларын құру үшiн қолданылады. Онда түрлi құралдар, атап айтқанда, акварель, гуашь, картон, тушь, уголь, пастель және т.б. - Қ – А (ч-б) – палитраның қара-ақ түстерi. Графиктiк файлдар форматтары.bmp - суреттер мен фотографияларды сақтауға негiзделген файлдың форматы..jpg - түрлi түстi фотографиялардың форматы. Бұл формат қара-ақ түстi бейнелер үшiн тиiмсiз..gif – аз түстi бейнелер үшiн ең тығыз графиктiк формат (сурет иллюстрациялар үшiн).tif – полиграфиялық сығылған формат. Ол қосымша ақпараттарда көрiнбейтiн қосымша слой-каналдардағы бейнелердi файлға сақтауға мүмкiндiк бередi..psd – photoshop-та сақталынған және өңделген бейне. Программа терезесiнде батырмалар емес, жылжымалы палитралар қолданылады. Программа элементтерiнiң мәнi мен мүмкiндiктерiн бiлу үшiн бұл программаны iске қосып, жан-жақты танысуымызға болады. Бұл программаны iске қосу үшiн пуск батырмасындағы менюдi қолданамыз, яғни мына команда орындалады: пуск – adove- photoshop 6.0 - adove photoshop 6.0. Аталған әрекет орындалғаннан кейiн сiздер экраннан программаның негiзгi терезесiн көресiздер (1-сурет). Программа Құралдар менюі параметрлерінің тақтасы Бейнелерд і Құралда редакторл р еу терезесі тақтасы Палитралар Қалы п-күй қатар 1-сурет программа терезесінің құрылымы ы Программа терезесi төмендегi элементтерден тұрады: тақырыптар атауы, меню қатары, құралдар тақтасы, палитра, құралдар тақтасындағы элементтердiң параметрлер тақтасы, бейнелердi редакторлеу терезесi, қалып- күй қатары. Қалып-күй қатарында бейнелердiң масштабы және ақпараттық алаң бейнеленедi. Ақпараттық алаңда таңдалынған құралдың атауы мен оны пайдаланудың кеңесi берiледi. Бейнелердi жүктегеннен кейiн, не файлды құрғаннан кейiн қисық сызықпен бөлiнген екi цифр пайда болады: бiрiншi цифр – түстiк қабаттық орналастыруға қажеттi жадының көлемi, ал екiншi цифр – барлық бейнелердi қабаттарды есептегенде орналастыруға қажеттi қанша жадының көлемi. Осы сандардың оң жағында орналасқан үшбұрышқа бассақ, онда бейнеленетiн ақпараттардың мазмұны өзгередi. Жанама менюде келесi опциялар пайда болады (2-сурет): - Размеры документа. Мұнда жоғарыда аталған масштабтар берiледi. - Профиль документа. Мұнда құжаттың түстiк режимi берiледi. - Временные размеры. Егер бұл опция таңдалса, онда алғашқы сан жүктелiнген бейнелердiң барлығын қоса есептегенде жадының қандай көлемiн көрсетсе, ал екiншi сан бұл жүйеге қанша жадының көлемi берiлгенiн анықтайды. - Эффективность. Егер бұл опция таңдалса, онда орындалуға қажеттi уақытты, не орындалғаннан кейiн уақытты көрсетедi. - Синхронизация. Бұл опциядағы меню пункттерiне қарай отырып, программаның орындалған әрекеттерiне қанша уақыт кеткенiн анықтайды. - Текущее средство. Ақпараттық алаңда таңдалынған құралдың атауы көрсетiледi. Егер ақпараттық алаңда көрсеткiштi тышқанның сол жақ батырмасы арқылы басып, бiрнеше уақытқа оны ұстап тұрсақ, онда ашық тұрған терезеде бейненiң қағазға қалай басылып шығатынын көруге болады. Дәл осы әрекеттi alt пернесiн басу арқылы орындасақ, онда бейненiң өлшемiн пиксель мен сантиметрде, не каналдар саны мен түстiк модельде және осы бейнелердiң экрандағы қабiлеттiлiк бейнесiн көруге болады. Бейнелер сипаттамасын размер изображения сұхбат терезесінде анықтап, өзгертуге болады, яғни аталған терезеге бассақ, онда экранда изображение | размер изображения меню командалары көрінеді. бейнелердің өлшемі мен кеңейтілуін сипаттаудан басқа режим (mode) негізгі сипаттамалардың қатарына енеді. Ол түстің қалыңдығын анықтайды, басқаша айтқанда, әрбір пиксель биттер санымен кодталады. Компьютерде өңделетін бейнелер басқа ақпараттар сияқты кодталады. Режим новый сұхбат терезесінде анықталады және онда өзгертуге болады. Ол негізгі менюден файл | новый командасын басу арқылы экранда көрінеді. Құралдар тақтасы және оның құрылымымен жұмыс жасау әдістері Бұл программада 51 құрал орналасқан. Құралдар палитрасында бiруақытта 22 пиктограмманы көруге болады. Олардың көпшiлiгiнде оң жақ төменгi бөлiгiнде кiшкене үшбұрыш орналасқан. Егер тышқан көрсеткiшiн пиктограммаға әкелiп бассақ, онда бiрнеше уақыттан кейiн альтернативтiк құралдар тiзiмi ашылады (егер тышқанның оң жақ батырмасын бассақ, онда бұл тiзiм бiрден шығады). Ереже бойынша, қосымша құралдардың атқаратын қызметi негiзгi құралдардың атқаратын қызметiне ұқсас. Альтернатив құралдар құралдар тақтасындағы пиктограммада орналасатынын, ал негiзгi құралдардың құралдар тiзiмiнде орналасатынын атап өту қажет. Құралдар тақтасының құрылымы Жылжыту Сиқырлы таяқша Рамка Аэрограф Мәтін Қол Переключение выделенной области/ быстрая маска Photoshop 6.0 терезелерін басқару Түстерді басқару ImageReady өту 2-сурет. Құралдар тақтасының құрылымы Құралдар тақтасы келесi бөлiктерден тұрады: бөлiп алу құралдары, жылжыту құралдары, бейнелердi қиып алу құралы, сурет салу құралдары, редакторлеу құралдары, векторлық сурет салу құралдары, мәтiн жазу құралы, масштаб құралдары, өлшем құралдары, көмекшi құралдар. Әрбiр құралдың өзiнiң параметрi бар, яғни оның қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн баптау қызметiн атқарады. Аталған параметрлер тақтасы меню қатарында орналасады және ол құралды таң таңдағанға байланысты өзгерiп отырады. Контур құру Контурды құру келесi схемада жүзеге асады: Кескiндi жұмыс облысының бос орнын максимациялау үшiн Ctrl+O пернесiн басыныз. Машстабты 200% орнату үшiн Ctrl++ пернесiн басыңыз және фигураны сол жақ қырымен көрiнуi үшiн кескiнiң облысын таңдаңыз. F7 клавишiн басып, палитраны Paths жасыры-ңыз. Ал қалған палитралар бiзге қазiр керек емес, сондықтан оны экраннан алып тастаңыз. Саймандар панелiнен Pen (Перо) батырмасын басыңыз. Қасиет панелiнiң Path батырмасын басыңыз және жалауша орнатаңыз. Auto Att/Delete (Авто қосымша/жою). Тышқанды иықтың шекарасына және суреттiң сол жақ блiгiндегi фонға басып, кейiн көрсеткiштi оңға және жоғарыға сәл жылжытып жаңадан тышқанды басыңыз. Осылай бiрiншi және екiншi байланыс нүктесi орнатылады, олардың арасында тiк сызықты сегмент пайда болады. Көрсеткiшке тiк сызық тартылады. Бұл жерде контурдың сағат бағытымен құрылуы берiлдi. Контур жасау үшiн түзу сызыұ арқылы құлағына дейiнгi иiлген жерiне дейiн жалғастырамыз. Келесi нүктеде тышқанды басамыз, тышқанды жiбермей тұрып көрсеткiштi алға жылжытамыз. сОдан соң экранда сызық және нүкте пайда болады. Ал түзу сызық қисық сызыққа айналады. Қисық сызықтық құлақтың жанындағы сызықпен байланыстырамыз. Контурды айналдыра жалғастырамыз, әсiресе нақтылыққа назар аударамыз, өйткенi басқа да құралдарды қолдануымыз қажет. Фигураға Безье қисығын қолдануымыз қажет. Контурды бiтiру үшiн көрсеткiш құралын Pen (Перо) бастапқы нүктеге қойыңыз. Нүктенiң жанында дөңгелек пайда болады және осы нүктенiң үстiне шертемiз. Содан кейiн жабық контур құралады. Ctrl+O пернесiн басып, жұмыс iстеу машстабына ыңғайлы бос орын қалдыру.Work Path (жұмыс контуры) екi рет басып Paths контурлар сұхбат терезесi ашылады. Save Path контурды сақтау. Берiлген контурды сақтау үшiн Name (Аты) немесе main-ге ОК пернесi арқылы екi рет шертемiз. Paths (контурлар) палитрасының Work Path атының орнына main контурын құрайтын жаңа аты шығады.Берiлген жұмыстың нәтижесiн файлда сақтау үшiн Ctrl+S пернесiн басыңыз.Ендi алғашқы контуды түзетуiмiз керек. Яғни максималды фигураны ұқсату. Фильтрлеудi жүзеге асыру iс-әрекеттерi Фильтрлеудi жүзеге асыру үшiн алдымен сканерден не файл түрiнде сақталған кескiннiң көшiрмесiн, яғни суреттi өз дискiңiзге сақтап алған жөн ( -сурет). - суреттегi пингвиндердi суреттен алып тастау керек. Тек фондық кескiндi ғана алып, негiзгi объектiлердi тазартамыз. Ол үшiн: Пингивиндердi бөлу жұмысын магниттiк лассо аспабы арқылы бөлемiз және DELETE пернесiн басу арқылы ерекшеленген кескiндердi өшiремiз. пипетка сайманы арқылы аспан түсi мен қар түсiн таңдап, босаған аумақты бояймыз. Таңдаған суреттi.psd форматындағы дискiге сақтаймыз. 1 - суреттi ашып, аюлар тобын бөлу магниттiк лассо сайманы арқылы ерекшелеп, оларды алмастыру буферiне көшiру командасын орындаймыз. Келесi кезекте Жаңа файл ашып, редактирование – вставка (өңдеу – қою) командасын орындаймыз. Суреттi ластик көмегiмен тазалаймыз. Сурет көлемiн кiшiрейтемiз,2 суретке сәйкес масштабын тандаймыз. Кiшiрейген аюлар тобын 2 суретке қоямыз. Пипетка сайманымен тусiн таңдап, аэрограф сайманы арқылы аю алақанын қардан көрiнетiндей тұрғыда келтiрiп бояймыз. Қабаттардың көрiнуiнiң құйылуы(қабат - көрiнiстердi қосу) Фильтрдi қосып көрiңiз render - lighting effects және керек өлшем бiрлiгiн таңдаңыз. Күрделi кескiндердi құру мүмкiндiктерi Күрделi кескiндердi құру мүмкiндiктерiн ашу үшiн келесi алгоритмдiк тапсырманы орындауды ұсынамыз. Тапсырманың мақсаты берiлген сиыр суретiнен жарнамалық суреттi алу, яғни сиырдың бет-елпетiн ған қалдырып, оның үстiне арнайы мәтiндi жазы жұмыстарын орындау керек. Тапсырманы орындау алгоритмi: Суреттi жаңа орынға жаңа атау берiп, сақтау. Оны Photoshop ортасында ашу. Ерекшелеу сайманын қолданып, кескiндi ерекшелеу керек және жасыл фондық түстi алып тастау iс-әрекетiн орындау Сиырдың тек басының кескiнiн қалдырып, көрiнбейтiн фонда (прозрачный фон) оны жаңа қабат түрiнде, “сиыр” атауымен сақтау Сол қабаттың көшiрмесiн алып, оны жаңа атаумен “Сиыр кескiнiнiң көшiрмесi” атауымен сақтау Жаңа қабат құрып, 2 бағыттауышты да олардың түзу сызықтарының басы сиыр көзiнiң төмен тұсынан келетiндей түрге келтiр. Овал түрiндегi ерекшелеу аспабын алып, CTRL+ALT пернелер комбинациясын пайдалана отырып, шеңбердi мұқият сыз. Шеңбер центрi бағыттауыштардың қиылысу нүктесiмен дәл келгенi дұрыс. ALT пернесiн “-” таңбасы курсордың жанында шыққанша ұстап тұру керек. Кiшi шеңбердiң центрiн бағыттауыштардың қиылысу нүктесiне келтiр. Оны ALT+CTRL пернелер комбинациясы көмегiмен орындаймыз. Осы iс- әрекеттер нәтижесiнде сақина тәрiздi облысты бөлуiмiз керек. Сақинаны әдемi түспен бояуды орындаймыз. Ол қабатқа сәйкес эффекттiлердi қолдана-мыз және сақинаға рельефтiк түр беремiз. “Сиқырлы таяқша ” көмегiмен сиыр суретiнiң айналасындағы көрiнбейтiн облысты ерекшелеп, оны ақ түске бояу iс-әрекетiн орындаймыз. “Сиыр суретiнiң көшiрмесi” қабатын ең жоғары тұсмтан келетiндей етiп орналастырамыз. “Сиыр ” қабатының көрiну режимiн өшiрiп тастаймыз Ластик аспабы көмегiмен сиыр суретiнiң сақинаны жрауып тұқратын бөлiгiн өшiрiп тастаймыз. “Сиыр ” қабатына көрiнетiн режимдi тағайындаймыз. Қабатқа көлденең түрлендiру жүргiзу арқылы жазу жазамыз. °рiптiң айналасындағы контурға “штриховка” эффектiсiн қолдануға болады. Алынған кескiнге 300 пиксел-дiк көлем беремiз де, пропорцияны ұстауға тырысамыз. Файлды JPEG форматында дискiге сақтап қоямыз. Суреттiң жаңа кескiнi -суреттегiдей түрге енедi. Бұл жерде күрделi кескiндермен жұмыстар орындалды. Ендi дәл осылайша, немесе жоғарыда келтiрiлген саймандарды, iс- әрекеттердi қолдана отырып, төменде келтiрiлген кескiнге қабат эффектiсiн беру жұмысын орындауға болады. Нәтиже 5-суреттегiдей болып шыға келедi. Бұл жерде фон үшiн Blur -/ Radial Blur фильтрi қолданылған. Photoshop программасында мәтінмен жұмыс құралы Туре болып табылады. Ол құралдың өзі мынадай түрлі болып бөлінеді. Мәтінді енгізбес бұрын осы құралды таңдаймыз. Horizontal type (горизонтальный текст) түрін таңдағанда көлденең текст болады. Vertical type (вертикальный текст) түрін таңдағанда текст тігінен жазылады. Осы 4 түрінің кез келгенін таңдағанда тексттік қабат пайда болады. Тексттік қабаттың орын ауыстыруға, көшіруге орналасу ретін өзгертуге болады. Transform (трансформация) командасы текстті масштабтауға, айналдыруға, иілуге көмектеседі. Horizontal Type Mask (горизонтальная текстовая маска) және Vertical Type Mask (вертикальная текстовая маска) түрлері текст-маска құруға арналған. Бұл режимде тексттік қабат пайда болмайды, енгізілген текстті өңдеуге болмайды, өйткені ол белгіленген облысты ерекшелеген күйінде тұрады. Лекция тақырыбы: Ерекшелеу. 2 сағат. Лекция жоспары: Көрiнiстiң облыстарын ерекшелеу техникасы. Ерекшелеу аспаптары. Аспаптар параметрлерiмен басқару. Күрделi формадағы облысты ерекшелеу әдiстерi. Ерекшеленген облыстардағы әрекеттер: масштабтау, бұру, ерекшеленген облысты бұрмалау. Лекция мақсаты: Көрiнiстiң облыстарын ерекшелеу техникасы туралы түсінік беру. Ерекшелеу аспаптары мен әрекеттерін қарастыру. Лекция мазмұны: Саймандар панелі (Toolbox) Photoshop-тың графикалық құралдарының түймелерінен тұрады. Бұл саймандар панелінде 20 түйме бар. Бірақ 40-тан асатын сайманы бар. Бұлар көптеген операциялар және процедуралар, ерекшелеулер, бояулар, редактрлеумен және кескінді көрумен байланысты тез орындауға арналған құралдар. Бұдан басқа, саймандар панелі түсті таңдаудағы басқару элементтерінен, жылдам маска режиміне ауысу және экрандағы кескіннің көрінісін өзгерту тәсілінен тұрады. Саймандар панелі кейбір саймандардың түймелерінің төменгі оң жақ бұрышында кішкентай үшбұрыштар бар. Бұл деген құралдың өзінің ашылатын қосымша саймандар панелі бар екендігін айқындайды. Мұндай панельді ашу үшін үшбұрыштың үстіне тышқанның сол жақ батырмасын басамыз. Қолдан жасалынған облысты ерекшелеу Шекараны көрсету жолымен Lasso құралы бейнедегi қолдан жасалынған облысты ерекелеуге мүмкiндiк бередi. Lasso Tools- “Қолдан” ерекшелеу.Биiк шыңын көрcету арқылы көпбұрыштармен ерекшелеу. “Магнитпен” ерекшелеу (сызық курсордың iзiмен өзi иiле бередi). “Қолдан” ерекшелеу құралын қолдану алгоритмi Берiлген суреттi дискiге сақтаңыз.“Қолдан” ерекшелеу құралын таңдап, суреттегi балықты белгiлеңiз. Түзету ---( көшiру командасын орындаңыз. Жаңа файл құрыңыз және сол файлға көшiрiлген бейненi орнатыңыз. Жаңа портреттi дискiге сақтаңыз. Көпбұрыштармен ерекшелеу құралын қолдану алгоритмi. Берiлген суреттi дискiге сақтаңыз. Көпбұрыштың биiк шыңын көрсету және көпбұрыштармен ерекшелеу құралынтаңдаңыз (тышқанды бiррет шерту арқылы), портреттегi суреттi ерекшелеп алыңыз (тышқанды екi рет шерту арқылы ерекшелеудi аяқтаңыз). Түзету ( көшiру командасын орындаңыз. Жаңа файл құрыңыз және сол файлға көшiрiлген бейненi орнатыңыз. “Магнитпен” ерекшелеу құралын қолдану алгоритмi. Берiлген суреттi дискiге сақтаңыз. Магнитпен еекшелеу құралын таңдап, пингвиннiң контурын сызыңыз. Түзету ( көшiру командасын орындаңыз. Жаңа файл құрыңыз және сол файлға көшiрiлген бейненi орнатыңыз. Жаңа портреттi дискiге сақтаңыз. “Магнитпен” ерекшелеу құралын қолдану алгоритмiн пайдаланып, фотосуреттi өңдеу жұмыстарын жүргiзiп, жақсы нәтижиге қол жеткiзуге болады. Оны келесi фотосуреттерден көруге болады. Photoshop терезесiн өзгерту. Терезенiң түрiн өзгерту үшiн келесi батырмалар қолданылады: Ол құралдар тақтасының төменгi бөлiгiнде орналасқан. Масштаб пен бейненi қарау құралдары навигатор палитрасында орналасқан. Оның терезесiнде құжаттардың кiшкене көшiрмесi орналасқан, ал қызыл түстi рамкада бейненiң бөлiктерi көрсетiледi. Сонымен, мынадай негізгі мәселелерді қорытындылауға болады: - Photoshop программасын iске қосқаннан кейiн оның негiзгi терезесi мына бөлiктерден тұрады: құралдар тақтасы, параметрлер тақтасы, меню қатары мен қалып-күй қатары. - Программаны iске қосқаннан кейiн бейне терезесi бiрден көрiнбейдi. Ол үшiн бейненi жүктеп, не жаңа бейненi құру әрекеттерiн орындау қажет. - Меню қатарында photoshop командалары орналасқан. - Қалып-күй қатарында ашылған құжат туралы ақпарат шығады. - Терезеде жылжымалы палитралар топталған және олардың араларында бейнелер оңай жылжытылады. - Лупа және рука құралдары бейнелердi қарау мен масштабын өзгерту қызметтерiн атқарады. - Құжаттарды бейнелеудi басқару навигатор палитрасы болып табылады. Құралдар тақтасында орналасқан құралдарға сипаттама Экранда бейнелердiң масштабын салу және оларды орналастыру құралдары Рука (hand) – терезеде бейнелердi орналастыру қызметiн атқарады. Лупа (zoom) – бейнелердi үлкейту немесе кiшiрейту қызметiн атқарады. Перемещение (move) – объектiдегi немесе қабаттағы бөлiнiп алынған аумақты орналастырады. Бейнелердi қарау мен оның масштабын өзгерту құралдарының бiрi – навигатор палитрасы Навигатор (navigator) палитрасы масштабтың жүгiргiш құралын қозғалта отырып, барлық бегунок бейнелердiң өлшемдерiн өзгертуге мүмкiндiк бередi. Лупа және рука Лупа құралы бейнелердi үлкейту мен кiшiрейту қызметiн атқарады. Бейненiң iшкi жағынан қандай-да бiр бөлiктi бөлiп алып, оны үлкейтуге болады. Егер бейненiң үзiндiсiн терезенiң барлық бөлiгiне үлкейту қажет болса, онда лупаны бөлiнген аймақтың шеткi жағына апарып, тышқанды жiбермей, қанша үлкейткiмiз келсе, сонша үлкейтемiз. Егер бейненiң үзiндiлерiн редакторлеу мен оны оңға және жоғары қозғалту қажет болса, онда рука құралын пайдалану тиiмдi. Осы құралды таңдап отырып, бейненiң кез келген орнына тышқан батырмасын жiбермей отырып бассақ, онда картинканы қажеттi орнына алып келуге болады. Бейнелердi қарау Егер программа терезесiнде бейне ашық тұрса, онда оны қарауға болады. Ол үшiн мына құралдар тiзбегi ұсынылады: лупа, рука – программа терезесiн бейнелеу пиктограммалары, қалып-күй қатарындағы масштаб және навигатор палитрасы. Еске сақта! Құралдар тақтасынан рука құралын таңдау мiндеттi емес. Backspaces+пробел пернелерiн бассақ, онда кез келген құрал рука құралына айналады. Аумақ топтарының құралдары (marquee tools) Тiктөртбұрышты бөлiп алу прямоугольник Эллипстi бөлiп алу Эллипс Тiк немесе көлденең сызықтарды бөлiп алу одиночный столбец, одиночная строка Саймандар панелінің қызметі: Белгілеу құралдары: Аймақ (область). Тік төртбұрышты облыс - кескінді жүгіртпе пунктир ретінде белгілеу. Shift пернесін баса отырып бірнеше белгілеулер жасап жылжытуға болады. Alt пернесімен басу аймақтағы белгілеуді өшіреді. Эллипстік облыс (овальная область). Кескін аймағын эллипстік контур ретінде белгілеу. Облысты шеңбер формасында белгілеу үшін Shift пернесін баса отырып белгілеулер жасаймыз. Пиксель қатары және пиксель бағаны (вертикальная и горизонтальная строка). Пиксель қатары – бұл құралды тандай отырып тышқан көмегімен кескіндегі жүгіртпе пунктир түріндегі сызықты белгілей аламыз. Пиксель бағаны - бұл жоғардағы сайманың қызметіндей қызмет атқарады, бірақ горизанталь емес вертикаль түрінде белгіленеді. Лассо. Белгіленген барлық аймақты бөліп алады. "Сиқырлы таяқша" (волшебная палочка). Түстердің ұқсастығына байланысты пиксельдерді бөліп алады. Сурет салу және бояу құралдары: Өшіргіш (ластик). Кескін пиксельдерінің түпнұсқасын фондық түспен бояу арқылы өшіру үшін қолданылады. Қалам (карандаш). Өткір шеттері бар сызықтарды салуға мүмкіндік береді. Пипетка. Негізгі және фондық түске кескіннен алынған түсті немесе "Синтез" және "Каталог" палитраларынан алуға мүмкіндік береді. Стрелка. Түйін нүктелерінің орын ауыстыруы арқылы контурдың формасын өзгертуге қолданылады. Редактрлеу құралдары: Мәтін (текст). Биттік мәтін құруға мүмкіндік береді. Қол (рука). Экранға сыймай қалған кескін бөліктерін көруге мүмкіндік береді. Масштаб. Кескінді үлкейтеді және кішірейтеді. Орын ауыстыру (перемещение). Ерекшеленген аймақтарды, қабаттарды және бағыттауыштарды орын ауыстыруда қолданылады. Суретті бояу құралдары: Саусақ (палец). Кеппеген бояуды саусақпен жағу эффектісін қайталайды. Штамп. Тура немесе кескін элементтерінің өзгерген көшірмесін және сол кескіндегі немесе басқа құжаттағы түстік үлгілерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Жарықтату (осветлитель). Кескіннің жеке бөліктерін жарықтандыруға мүмкіндік береді. Жұмыс ортасын күйге келтіру құралдары: Стандартты режимде редактрлеу. Photoshop-пен жұмыс істегенде негізгі функциялар режимін орындайды. Мұнда ерекшеленген аймақ қозғалып тұрған пунктирлік шекаралар арқылы көрінеді. Жылдам маска режимінде редактрлеу (редактирование в режиме Быстрой маски). Уақытша маскаларды құруда және редактрлеуде қолданылады. Бұл бір уақытта маскаларды және кескіндерді көруге мүмкіндік береді. Фильтр – бұл кірістірілген программа. Оның орындалуы барысында ерекшеленген облысқа немесе бейнеге қандай да бір эффект қолданылады. Барлық фильтрлер фильтр менюінде орналасқан және топқа біріктірілген. Олардың атаулары олардың міндеттерін білдіреді. Соңғы фильтрді қайталап орындау үшін Ctrl + F немесе Фильтр→Соңғы фильтр командасын орындау қажет. Кейбір фильтрлер тобының міндеті мен баптауларын қарастырайық. Sharpen (резкость) фильтрі – арқылы жуылған бейненің қателіктерін аздап жөндеуге болады. Жаңа бейненің сапалығы нақты, өткір болуы тиіс. Бұл топтағы фильтрлер бейненің пиксельдер арасындағы анықтықты жоғарлату арқылы жұмыс істейді. Егерде фильтрді қолданып болған соң, бейнеде ұсақ бөлшектер пайда болса, онда ол пиксельдердің анықтылығының артқанынан болып отыр. Sharpen фильтрі және Sharpen More (больше резкость) фильтрлері бейнедегі пиксельдердің бәрін не бейнеленген облыстың пиксельдерінің анықтылығын күшейтеді. Екінші фильтр өте күштірек істейді. Sharpen Edgesi (увеличить резкость контуров) фильтрі тек контурды өңдейді. Blur (смазывание) фильтрі – sharpen фильтріне қарсы іс-әрекет істейді.Noise (шум) тобындағы фильтрлер бейнеге шуды қосады немесе жояды. Мұндағы шу дегеніміз – бейне түсімен сәйкес келмейтін кез келген түстегі пиксельдер. Бұл фильтрлерді ескі суреттерді жөндеуге қолданған дұрыс. Artistic (художественные) фильтрі көркем бейнелеу фильтрі. Бұл фильтлер бейнеге қаламмен, қылқаламмен, акварельмен сурет салу техникасын қарастырады. Colored Pencil (түрлі түсті қалам) фильтрі қағазда түрлі түсті қаламдармен сурет салуды қарастырады.Pencil Wight(қалам қалыңдығы) – егер оның мәні аз болса, онда штрих жұқа болады. Stroke Pressure (қарындаш салмақтылығы) – мәні көп болса, онда алғашқы бейнеде түстер жақсы сақталады. Paper Brightness(парақ жарықтылығы) – 50 мәнінде парақ ақ түсті, 0 мәнінде қара түсті болады. Dry Brush (құрғақ қылқалам) фильтрі акварельді және майлы кескіндемелерді бояйды. Film Grain (зернистость фотопленки) фильтрі көлеңке мен орташа тонды бейнеге түйіршікті ою-өрнек салады және т.б. түрлері бар. Render (освещение) тобындағы фильтрлер объектілерді жарықтандырумен байланысты эффектілерді құрады. Объектіге жарық түсіру, түстің шағылуын және сынуы, күндізгі жарық, лампа, прожектор, бұдан басқа бейнеге бұлттар қояды және т.б. қызметін атқарады. Clouds (облака) фильтрі бейнеге бұлт тәріздес ою қояды. Бұны қолдану үшін алдымен керекті негізгі және фондық түсті таңдап және облысты белгілеу керек. Lightiny Effects (жарық түсіру эффектісі) фильтрі кез келген жарық эффектілерді құрады: күндізгі жарық, қарапайым және түрлі-түсті лампаларды, прожектор т.б. Gloss (фактура) параметрі объектінің фактурасын басқарады. Exposure(экспозиция) параметрі бейненің дәрежелік көзін анықтайды. Жақсы жағы жарықтандырады, кері жағы әлсіретеді. Ambience (подсветка) параметрі қосымша бейненің көздерінен шығатын жарықты мінездейді. Лекция тақырыбы: Қабаттар. 2 сағат. Лекция жоспары: Көпқабатты көрiнiс құру. Қабаттармен жұмыс. Көпқабаттар көрiнiстермен жұмыс. Сурет салу техникасы Лекция мақсаты: Қабаттармен жұмыс. Көпқабаттар көрiнiстермен жұмыс. Лекция мазмұны: Photoshop программасы бейнедегі әрбір қабатты қабаттар палитрасында көрсетіледі. Әрбір қабаттың аты ал тұсында кішірейтілген көшірмесі болады. Ал егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында қабаттың атын көрсетілген жазудың үстінен басып тұрып басқа қабатпен орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір-біріне қатысты орналасуымен бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды. Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық астына да қоюға болмайды. Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз белгішесі қабаттың көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді. Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да көрініс құруға қатыспайды. Оны қайта шертсек, қабат қайта қосылады. Қабатты таңдау үшін қабаттар палитрасынан керекті қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе жеткілікті. Осыдан кейін көріністерге қандай әрекеттер жасасақ та, қылқаламмен сурет салсаң, өшірсек, боясаң мұның бәрі тек таңдалған қабатқа қана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды. Кейде қабаттар палитрасында қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы сияқты боялған фрагменттер бар екенін байқауға болады. Бұл фрагменттер қабаттың түссіз жерлері болып табылады. Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз етуге де рұқсат етіледі. Мұны түссіздік (непрозрачность) дәрежесі шамасы арқылы көрсетеміз. Егер бұл шама 0-пайыз болса, қабат толығымен түссіз болады және керісінше. Қабаттар палитрасының төменгі жағында 6 түйме орналасқан. Оның ең соңғы түймесін таңдау арқылы активті қабатты жоюға болады. Бесінші түйме жаңа қабат құруға мүмкіндік береді. Әдетте қабаттарға еayers 1, еayers 2, тағы сол сияқты аттар беріледі. Қабаттың атын өзгерту қажет болса, қабатты 2 рет шертіп, жаңа атау енгіземіз. Түссіз қабықшалар жиынтығы қабаттар деп таталады. Жалпы кескіннің әртүрлі элементтері бөлек қабаттарға орналаса алады. Сондықтан кескіннің кейбір бөліктерін бір-біріне тигізбей редакциялауға болады. Бұл жұмысты неғұрлым жеңілдетеді және құжат бетінде қозғауға, басқа құжаттан көшіруге, құжат ішінде көшіруге, өшіруге, қабаттар ретін өзгертуге, бір-бірімен байланыстыруға болады. Қабаттардың типтері: фондық, кескін қабаттары, корректрленген және құйылған. Фондық-артқы жоспардағы қабатты жалғыз және Қабат палитрасында қозғалтады. Кескін қабатының жұмыс жасауда көп мүмкіндігі бар. Бір құжатта жүздеген құжат болуы мүмкін. Корректрленген қабат түстің анықтылықты береді. Оның берілгендері бір қабатқа әсер етіп қоймай, төменгі бөлікте орналасқан барлық қабаттардың пикселдеріне әсер етеді. Ол светофильдер рөлін атқарады. Құйылған қабаттар тек құюды орындайды (жалпы, градиентті, өрнекті). Оны құру үшін “Слой палитрасының төменгі бөлігінде орналасқан батырманы қолданамыз. Қабаттармен жұмыс жасау үшін Слой менюін және “Окно” менюіндегі “Слой” палитрасын қолданамыз.” Палитраның жоғарғы бөлігінде тізімі бар ашылатын екі терезе орналасқан. Онда тиым салу (блокировка) батырмалары бар. Палитраның сол жақ шеткі бағаны қабатты жасыруға арналған (Столбец видимости). Келесі баған қабаттың күйін көрсетеді. Онда кескіні бар пиктогрммалар орналасқан: 1.“Кисти” -егер қабат белсенді болса 2.“Цепочка”-егер қабат белсенді қабатпен байланысқан болса 3.“Пустое квадрат”-егер қабат белсенді емес және байланысқан болса. Үнсіз келісім бойынша қабаттарға Слой1,2,3,... ат беріледі. Мүмкіндігімізше бұл қабаттарға мағыналы ат беруіміз керек. Ол үшін қабат атына екі рет басу арқылы (Свойства слоя) диалог терезесін ашамыз. “Имя” жолына ат беру, “Цвет” өрісінде “Слой” палитрасының жолының түсін таңдауымыз керек. ОЛл көп қабатпен жұмыс жасау кезінде тиімді. Қабаттармен жұмыс кезінде мына әрекеттерді орындаймыз: 1.Расторлық кескінді файлды ашамыз. Слой қабаттарында кескін жалғыз базалық қабатта орналасқанын көреміз. 2.“Создать новый слой ” батырмасын басамыз. “Фоновый слой” қабаттарының астында жаңа тапен қабат пайда болады. Қатар түспен ерекшеленіп тұрса , онда қабат белсенді болғаны. 3.“Редактировать” менюінен заливка командасын шақырып, диалог терезесінде сұралған параметрлерді енгіземіз. Құжат кескіні өз қалауымызбен қерілген түсті қабықшамен жабылады. Қабаттарды көшіру “Слой копированием” эәне “Слой вырезанием” әдістерімен орындалады. Бұл командалар буферге көшіру және буферге қою командаларымен ұқсас. Қабатты көшіруді “Слой” палитрасында Создать- Новый слой белгісіне қажет қатарды қою арқылы қруға болады. Қабат көшірмесін қабат ішінде, сол сияқты басқа файлды “Дублирование слоя” командасының көмегімен алуға болады. Қабат көшірмесін “Перемещение” құралы көмегімен қабатты орнынан қозғалтуға болады. Қабаттарды жою: 1. Слой палитрасының оң жақ төменгі бұрышындағы “Удалить текущии слой” батырмасын басу арқылы; 2. Қабатты осы батырмаға көшіру арқылы; 3.“Палитры” менюінен “Удалить слой” батырмасы арқылы орындалады. Қабаттарды топтап біріктіруге болады. Ол күрделі монтаж кезінде қажет. Егер құжатта бірнеше қабат болып, оларды бір топқа біріктіру керек болса, “Слой” менюінен “Новый” жолын таңдаймыз. Ашылған диалог терезесінде параметрлерін береміз. Әр қабаттың өзінің параметрлері болады. Барлық біріктірілетін қабат параметрлері қосылады және астыңғы бөлігіндегі қабатқа қойылады. Қабат палитрасының төменгі бөлігіндегі F әрпі және қара дөңгелекті сол жақ батырма “Добавить стиль слоя” батырмасының көмегімен кескін қабатына батырманың ашылған тізіміндегі бір эффектіні беруге болады. Қабаттың көшірмесін алу үшін менюден Қабат→Дублировать. Қабаттар палитрасының жоғарғы жағында Lock деген атпен біріктірілген 4 түйме қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері: - көріністің түссіз аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді. - көріністің түссіз де, түсті де аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді. - көріністің қабат үстіне орналасуын өзгертуге рұқсат етпейді. - қабатпен кез келген операция жасауға және оны жоюға рұқсат етпейді. Бұдан басқа қабаттарының қасында мынадай түйме бар. Оның қызметі осы белгімен белгіленген қабатпен активті қабат (қылқалам белгішесімен белгіленген) арасында байланыс орнату. Бұл түйме бірнеше қабаттың бірге жұмыс істеуі кезінде қолданады. Бірнеше қабаттарды уақытша байланыстырудың басқада тәсілі бар. Ол үшін бірнеше қабатты бір жиынға біріктіруге болады. Жаңа бос жиынды құруға арналған түйме палитраның төменгі жағындағы 3-і түйме. Жиынға Set 1, Set 2, тағы сол сияқты атаулар беріледі. Жиынның қасында орналасқан түймесін шертсек, жиынның құрамына кіретін барлық қабаттарды программалар жасырады да, түйме басқа түрге өзгереді. Қайтадан шертсек жиынға кіретін қабаттарды көре аламыз. Қабат маскасы – бұл қабат үстіне орналасатын және қабат бөліктерін көрінбейтін немесе жартылай көрінетін етуге мүмкіндік беретін арнайы маска. Қабаттың бір маскасы ғана болуы мүмкін. Қабат маскасы “Қабаттар” палитрасында көрінеді. Каналдар палитрасында қабат маскасы жаңа қатарға орналасады және оның аты қабат атауына Mask сөзі қосылып аталады. Маска мөлдірлігі негізгі түске байланысты. Егер негізгі түс қара болса, онда маска мөлдір. Егер ақ болса, мөлдір емес болады. Негізгі түс ретінде кез келген басқа түсті таңдалған кезде маска жартылай мөлдір болады. Қабат маскасын фон қабаты үшін құруға болмайды. Қабат маскасы қабаттар палитрасының төменгі жағындағы “Қабат маскасын қосу” функционалдық түймесі арқылы құрылады Лассо құралдарының топтары (lasso tools) "қолдан" бөлiп алу Лассо Төбелерi арқылы көпбұрыштарды бөлiп алу Многоугольное лассо "магнитпен" бөлiп алу (иiлген сызық пайда болады) Магнитное лассо Лассо құралдары Лассо құралы курсордың қозғалысының iзiмен қисық сызық түрiнде бөлiнген аймақтың шекараларын қосады. Сиқырлы таяқша берiлген диапазондар бойынша бiртектi боялған объектiлердi бөлiп ала алады. Бөлiп алу шекарасын трансформациялау Егер сiзге дұрыс тiктөртбұрышты бөлiп алынған аймақты оң жаққа кiшкене қисайтқыңыз келсе, онда сiз трансформация командасын пайдаланасыз. Көрсетiлген стрелка бойымен аймақтың шекарасын қай жаққа бұрғыңыз келсе, сол жаққа бұрасыз. Егер сiз айналудың өлшемiн өзгерткiңiз келсе, онда бөлiнiп алынған аймақтарды жылжыту үшiн келесi команда орындалады: редактирование – свободное трансформирование. Бұл команданы орындағаннан кейiн маркерлi рамка пайда болады: выделение – трансформировать область. Маркерлердi жылжыту жағдайында бөлiп алудың шекарасы өзгермейдi, керiсiнше, бөлiп алынған аймақтың өзi өзгередi. Егер рамка экранда тұрса, онда курсордың iшкi жағы перемещение құралына айналады. Егер курсор рамкадан тыс орналасса, онда ол екiжақты стрелкаға айналады және өлшемдердi өзгерту немесе областы айналу қызметiн атқарады. 1-суретте қабаттар палитрасы көрсетілген. Photoshop әрбір қабатты осы палитрада көрсетеді. Әрбір қабаттың аты, тұсында кішірейтілген көшірмесі болады. Егер көрініс бірнеше қабаттардан тұратын болса, қабаттар палитрасында қабаттың атын көрсететін жазудың үстінен тышқанды басып тұрып, басқа қабатпен орындарын ауыстыруға болады. Қабаттардың бір- біріне қатысты орналасуы мен бір-біріне әсер етуі көп қабатты көріністермен жұмыс жасауда аса маңызды. 1-сурет – Қабаттар палитрасы Алайда фондық қабатты қозғауға болмайды. Кәдімгі қабатты фондық қабаттың астына қоюға да болмайды. Қабаттың сол жақ тұсында орналасқан көз-белгішесі қабаттың көрініп тұрғанын және көріністі құруға қатысып отырғанын білдіреді. Белгішенің үстінен шертсе, қабат көрінбей қалады да, көрініс құруға қатыспайды. Тағы шертсе, қабат қайта қосылады. Қабатты таңдау үшін қабаттар палитрасынан керек қабаттың аты бар жазудың үстінен шертсе жеткілікті. Осыдан кейін көріністе қандай әрекеттер жасасақ та – қылқаламмен сурет салсақ, өшірсек, боясақ – мұның бәрі тек таңдалған немесе басқаша айтқанда, екпінді күйдегі қабатқа ғана әсер етеді. Қабаттар палитрасындағы таңдалған қабат тұсындағы қылқалам түріндегі белгіше осыны хабарлайды. Кейде қабаттар палитрасында қабаттың кішірейтілген суретінде шахмат тақтасы тәрізді өрнекке боялған фрагменттер бар екенін байқауға болады (1- суретті қараңыз). Бұл фрагменттер – қабаттың түссіз жерлері. Алайда мұндай түссіз фрагменттері жоқ қабатты да жартылай түссіз етуге рұқсат етіледі. Мұны «Түссіздік дәрежесі» шамасы арқылы көрсетеміз. Оның процентін қолдан немесе белдеушені жылжыта отырып енгізуге болады. Егер бұл шама 0%болса, қабат толығымен түссіз болады және керісінше. Егер қабатты жою керек болса, оны таңдап, осы батырманы басамыз. «Жаңа қабат құру» (Create a new layer) батырмасы жаңа қабат құруға керек. «Қабат»-«Құру» (Layer-New) командасы да жаңа қабат құрады. Құрылған қабаттарға үнсіз келісім бойынша Layer1, Layer2 және т.б. аттар қойылады. Алайда көптеген қабаттармен жұмыс жасағанда мұндай аттарды пайдалану ыңғайсыз. Егер қабаттың атын өзгерту қажет болса, сол қабаттың аты бар жазудың үстіне тышқан курсорын апарып, екі рет шертеміз. Содан кейін жаңа ат енгізуге болады. Қабаттың көшірмесін алу үшін «Қабат» менюінде «Қабатты көшіру» (Duplicate Layer) командасын орындау қажет. Көшірменің аты дәл бұрынғыдай қалады да, соңына Copy сөзі қоса жазылады, мысалы Layer1 Copy. Қабаттар палитрасының жоғарғы жағындағы Lock деген атпен біріктірілген төрт батырма қабаттың бетіне байқаусыздан өзгеріс енгізуден сақтайды. Олардың қызметтері: көріністің түссіз аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді; көріністің түссіз де, түсті де аймақтарын өзгертуге рұқсат етпейді; көріністің қабат үстіне орналасуын өзгертуге рұқсат етпейді: қабатпен кез келген операция жасауға және оны жоюға рұқсат етпейді. Бұлардан басқа түріндегі белгіше бар. Бұл белгішенің қызметі – осы белгімен белгіленген қабат пен екпінді күйдегі қабат (қылқалам белгішесімен белгіленген) арасында байланыс орнату. Бұл белгіше бірнеше қабат бірге жұмыс істегенде қойылады. Бір-бірімен байланысқан қабаттар бір-біріне қатысты жылжымайды, сондықтан олардың біреуін жылжытсақ, екіншісі де артынан ілесе жылжиды. Бірнеше қабаттарды уақытша байланыстырудың басқа да тәсілі бар. Бірнеше қабатты жиынға (Set) біріктіруге болады, жиынның құрамын тышқанды бір рет шертіп көруге болады. «Жаңа жиын құру» (Create a new set) батырмасы жаңа бос жиынды құрады. Оның ішіне байланысу қажет қабаттарды тышқанмен ұстап апарамыз. 2-суретте құрамында екі қабаты бар Set 1 жиыны көрсетілген. 2-сурет – Set 1 жиыны «Қабат»-«Құру»-«Жаңа жиын» (Layer-New-Layer set) командасы да жаңа жиын құрады. Мұнда жаңа жиынның атын бірден енгізуге болады. белгішесінен шертсек, Set 1 жиынына кіретін барлық қабаттарды программа жасырады да, белгіше болып өзгереді. Қайтадан шертсек, Set 1 жиынына кіретін қабаттарды көре аламыз. Лекция тақырыбы: Түстер. 2 сағат. Лекция жоспары: Еркiн салу аспаптары: аэрографты, карандашты, бояғышты, өшiргiштi пайдалану. Бояғыштың түсiн таңдау. Түстер моделi. Pantone библиотекасы. Бояу және бүркеу (ретуширования) техникасы. Күрделi монтаждарды орындау. Көрiнiстердi сканерлеу және коррекциялау Лекция мақсаты: Еркiн салу аспаптарды,түстерді қолдану. Күрделi монтаждарды орындау. Лекция мазмұны: Аддитивті түстік модельдерде әр түрлі түстерді шығару үшін жарық сәулелер қолданылады. Барлық түстердің түрлері алғашқы әртүрлі үш түстен құралады: қызыл, жасыл, көк. Модель негізгі көрсетілген түс болып табылады, яғни түстік модель RGB атына ие (бұл ағылшын сөздерінің алғашқы бас әріптерінен алынған, яғни red (қызыл), green (жасыл), blue (көк)). Осы түстерді негізге ала отырып монитор барлық түс спектрлерінен түстік сәулелерді жаратады. Неғұрлым түстік интенсивтілігі жоғары болған сайын, соғұрлым анық түске ие болады, ал неғұрлым аз болған сайын соғұрлым қара түске жақындау болады. RGB моделімен сканерде жұмыс істейді. Ол адам көзінің түсті қабылдауына аддиватты болады, яғни қызыл, жасыл, көк түстерде негізделген рецепторлар болып табылады. Түстік модель CMY-мен сіз балалық шағыңыздан бері таныссыз. Яғни сіз сурет сабағында сары түспен бірге көк түсті бояуды араластыра отырып, жасыл түсті алғансыз. Субтрактивті модель CMY-дің негізгі компоненттері үш түспен құралған: cyan – ауа көк, magenta – сұрғылт, yellow – сары. Бұл түстердің пигменттері қағазға түсірілген бейнесі қызыл түсті сіңіреді де жасыл және ауа көк түстер ақ түсті береді. Көрінетін спектр бөлігі шағылысып бейнені кескіндейді. Екі шағылысқан түстің араласуымен ең соңғы нәтижесінде алынатын түс қоюланады. CMY моделінің үш негізгі максималдың компоненттерінің араласуымен теориялық тұрғыдан қара түс алынуы керек. Бояулар негізінен қосындылардан тұрады. Сондықтан “нашар” қою қара түс алынуы керек. Бұл үш түстің типологиялық бояларының жетіспейтін жерлеріне дайын қара боян қосылады. Бұл CMYК түстік моделінің ең соңғы әрпі к (black – қара сөзінен алынған). Бұл түстік модель CMYK-ті сия-бүріккіш принтерлерде және типографиялық басылымдарда қолданады. Барлық файлдар типографияларда шығарылғандықтан CMYК-пен хатталған болуы керек. HSB түстік моделі адамның түсті қабылдау ерекшелігінің максималды есебінен өңделген. Ол Манселло түсті шеңбері негізінде қалыптасқан. Бұл модель RGB түстік моделіне негізделген. Кез келген түс (Hue) түстік тонмен сипатталады. (Brightness) жарықтылығымен және (Satleration) ашықтылығымен сипатталады. Тон өзімен ашық түсті көрсетеді, басқалардан сапалы. Түстің көркемділігі оның интенсивтілігіне байланысты болып сипатталады. Мысалы, қызыл түстің қоюлығын азайтумен, біз оны басқаша, яғни сұр түске келтіреміз. Яғни түстерді қоса отырып, неғұрлым көп болса, соғұрлым ашық болуы аз, яғни қара түс алынады. HSB моделі басқа модеьдерге қарағанда маңызды құрамдары: ол табиғатта адам түсті жақсы принциптер арқылы қабылдайтындылығымен ерекшеленеді. Көптеген түстердің ішінде ең негізгісі және қолайлысы HSB түстік моделі, ал ол өз кезегінде RGB және CMYK түстік модельдері жоғалғанда ғана қолданылады. Түстік модель LAB, RGB, CMYK және HSB модельдерінің пайда болуымен жеткіліксіздігінен пайда болып туындаған, ал ол тәуелсіз – аппараттық модельдермен құралып және түстерді құралдың негізінсіз-ақ айқындайды. Сондықтан түстік модель LAB монитор қағазында тең түрде бейнеленеді. Қызыл, жасыл, көк түстерді қолдану арқылы RGB модельді қабылдаған тонында, қаралығымен және ашықтылығымен HSB моделі LAB түстік моделі анықтылықты (L) және түстілігімен сипатталады: а – параметрі жасыл диапазоннан сарыға дейін өзгеріп отырады. Модельдің ашықтылығымен түстер ерекшеленеді, тондық бейнелерді реттеуде, мінездеме алу да ыңғайлы. Жарық, ашық түстердің диапазоны, яғни LAB моделінің көмегімен кең түрде жаратуға болады. Ерекшеленген облыспен жұмыс кезінде қабат, заливка, градиент, сызық, қалам, аэрограф, қылқалам, штамп, саусақ, фокус құралдарымен жұмыс істеу кезінде пиксельдердің орналасу режимдерін пайдалануға болады. Олардың келесі түрлері бар: Normal (нормальный) – бұл режимде берілген түс толығымен енгізілетін түстер ауыстырылады. Барлық өрістер енгізілетін түске боялады. Multiply (умножения) – бұл режимде берілген және енгізілген түстер көбейтіледі. Сондықтан қорытынды түс берілген түс күңгірттеу болады. Егер қара түс енгізсек қорытынды түс қара болады. Ал ақ түс енгізсек берілген түске әсерін тигізбейді. Screen (осветление) – бұл режим екінші режимге қарама-қарсы режим. Берілген және енгізілген түстер бөлінеді. Сондықтан қорытынды түс берілген түстен ашық болады. Егер ақ түс енгізсек қорытынды түс ақ болады, ал қара түс берілген түске әсерін тигізбейді. Overlay (перекрытые) – бұл режим екінші режим сияқты түсті көбейтеді және screen (осветление) режим сияқты түсті әлсіретеді. Бұл режим жарық пен түсті сақтағандықтан енгізілген түс ауыстырылмайды да, берілген түске қосылып кетеді. «Пипетка» (Eyedropper) құралын көріністің бір жерінен түс үлгісін алу керек болса пайдаланады. Құралды таңдап, сурет үстіне тышқанды шертсек, бірінші түс таңдалады, Alt пернесін басып тұрып шертсек, екінші түс таңдалады. Құралдың баптау панелінде жалғыз тізім бар, онда келесідей үш қатар бар: - «Нүкте бойынша үлгі» (Point Sample) – түсті тышқанмен көрсетілген нүктеден (пиксельден) алады; - «3х3 орташа түсі» (3 by 3 Average) – 3х3 пиксельден тұратын аймақтың орташа түсін алады; - «5х5 орташа түсі» (5 by 5 Average) – 5х5 аймағы бойынша орташа түс алынады. «Пипеткаға» ұқсас тағы бір құрал – «түс алғыш» (Color Sampler) көмегімен сурет үстіне белгілер қоямыз. Белгілер қойылған жердегі түстер туралы ақпарат «Ақпарат» (Info) палитрасында пайда болады (4.4-суретті қараңыз). 4.4-сурет – «Ақпарат» палитрасы Бір көрініс үстіне төрт белгі қоюға болады (4.5-суретті қараңыз). Егер басқа құрал таңдалса, белгілер көрінбей қалады, бірақ олардың мәліметтері сақтаулы тұрады. 4.5-сурет – Белгілер қою Егер «пипетка» таңдаулы тұрғанда Shift пернесін басып тұрсақ, «түс алғыш» құралына уақытша ауыса аламыз. Жұмыс кезінде осындай ауысу тәсілін пайдаланған ыңғайлы. «Түс алғыштың» баптау панелі «пипетка» құралы сияқты қарапайым. Жалғыз ерекшелігі – барлық белгілерді жоятын «Өшіру» (Clear) батырмасы бар. Photoshop программасында бояуды көрініске құюға арналған «құйғыш» (Paint Bucket) құралы бар. «Құйғыш» құралының баптау панелі 4.6-суретте көрсетілген. «Толтыру» (Fill) тізімінде екі қатар бар: «бірінші түс» (Foreground) – «құйғышқа» бірінші түсті меншіктейді, «үлгі» (Pattern) – әр түрлі материалдар беттерін (қағаз, металл, т.б.) бейнелейтін үлгілерді меншіктейді. Бұл үлгілерді «үлгілер» (Patterns) тізімінен таңдауға болады. 4.6-сурет – «Құйғыш» құралының баптау панелі «Рұқсаттама» (Tolerance) параметрінің атқарылатын қызметін түсіну үшін әуелі «құйғыш» құралының жұмыс істеу принципімен танысу қажет. «Құйғыш» құралы қолданушы көрсеткен пиксельдің түсін өзгертеді. Одан кейін көршілес пиксельдер арасынан түсі алғашқысымен бірдей немесе жақын пиксельдерді іздеп, олардың да түсін жаңа түске өзгертіп отырады. Алайда бірдей түсті пиксельдер кездесе қоймайды, ал түстері ұқсастары кездесуі мүмкін. Міне, осындай бір-біріне түстері жуық пиксельдерді анықтауда «рұқсаттама» параметрі пайдаланылады. Егер бұл параметр 0 болса, «құйғыш» тек қана бірдей түсті пиксельдерді бояйды. Егер, мысалы 10 болса, онда түстерінің айырмашылығы 10 бірлікке дейін болатын көршілес пиксельдер де боялады. «Шекаралас» (Contiguous) параметрінде белгіше тұрған жағдайда Photoshop қолданушы көрсеткен нүктемен шекаралас аймақты бояйды. Егер белгіше алынып тастаса, бүкіл көрініс аумағындағы сәйкес келетін нүктелердің барлығы боялады. Сурет салу құралдарына шолу Бейненің алдыңғы Айырып/қосқыш (бейненің алдыңғы бетінін түс үлгісі бетінің түсі)/ (фон түсі) Стандартты түс Фондық түстің үлгісі Түстерге сәйкес аумақтарды бөліп алу Сиқырлы таяқша құралы пикселдегі түстерге сәйкес бейнелердің үзінділерін бөліп алуға мүмкінді?