Full Transcript

**Тақырыбы: Компьютердің конфигурациясы. Компьютердің ішкі құрылымы мен қосымша құрылғылары. ** Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтамаларды негізгі конфигурация деп атайды. Дербес компьютердің конфигурациясы дегеніміз бұл компьютерге енетін белгілі бір міндеттерді шешуді қамтама...

**Тақырыбы: Компьютердің конфигурациясы. Компьютердің ішкі құрылымы мен қосымша құрылғылары. ** Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтамаларды негізгі конфигурация деп атайды. Дербес компьютердің конфигурациясы дегеніміз бұл компьютерге енетін белгілі бір міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін функционалдық құрылғылар мен жүйелік ресурстардың сипаттамалары. Конфигурация ұғымының параметрлері, тағайындау жиынтықтары және олардың сипаттамалары аппараттық (Hardware) және программалық (Software) компоненттерінен қамтиды. Конфигурация түрлері: - Компьютердің базалық конфигурациясы: компьютерде жұмыс істеу үшін жеткілікті аппараттық және программалық құралдардың ең аз жиынтығы - Конфигурацияның оңтайлылығы: ақшаны үнемді жұмсаумен бірдей.Сатып алынатын компьютердің функционалдық құрылғыларының жиынтығы мен оларға кететін шығындар арасындағы үйлесімділік - Теңгерілген конфигурациясы: әрбір шешілетін міндеттер типі үшін процессордың, жадтың, бейнекартаның, ақпарат алмасу шинасының, ең аз уақыт үзілісінен аттап өтетін деректерді барынша тез өңдеу мүмкіндігі, - Теңгерілмеген конфигурация: белгілі бір уақытта компьютер жұмысының тоқтап қолуы, ал прецессорда қажетті жылдамдықпен деректердің жүктелмеуі **Компьютердің негізгі конфигурациясы** Монитор -- компьютер дің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. сыртқы пішіні жағынан ол түрлі түсті теледидардың экранынан аумайды. тік және көлбеу жолға орна ласқан пиксельдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. пиксельдер саны қаншалықты көп болса, монитордағы суреттердің сапасы соншалықты жоғары және түсі анық болады. Жүйелік блоктың артқы жағы монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлеріне экранның өлшемі, экран қалқасының қадамы, бейнені жаңартудың максималды жиілігі, қорғау класы жатады. Экранның өлшемі оның диагоналінің өл шемімен анықталады. Өлшем бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты өлшемдері: 14, 15, 17, 19, 20, 21 дюйм. Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19--20 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді Компьютердің ең негізгі құрылғысы -- **жүйелік блок**.Оның ішінде дербес компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан.Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасымалдаушылар енеді. Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғылар -- ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары: Енгізу құрылғылары: пернетақта, сканер, микрофон, web-камера, манипуляторлар. Шығару құрылғылары: монитор принтер, плоттер, динамиктер, құлаққап. Сақтау құрылғылары: түрлі көлемдегі флеш-жад құрылғылары. Ақпарат алмасу құрылғылары: модем, бағдарлауыш (маршрутизатор). **Графикалық процессор** ([[ағылш.]](https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%88%D1%8B%D0%BD_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96) *graphics processing unit, GPU*) --- графикалық рендерингті орындайтын дербес компьютердің немесе ойын консолінің жеке құрылғысы; 2010 жылдардың басында графикалық процессорлар басқа құрылғыларда: планшеттік компьютерлерде, ендірілген жүйелерде, сандық теледидарларда жаппай қолданыла бастады.Әдеттегі орталық процессорға қарағанда графикалық ақпаратты өңдеуде әлдеқайда тиімді. Заманауи бейне адаптерлердегі графикалық процессор үш өлшемді графиканың үдеткіші ретінде қолданылады. Оны дискретті графикалық картаның бөлігі ретінде де, интеграцияланған шешімдерде де қолдануға болады (гибридті процессорға салынған). Процессормен салыстырғанда айрықша ерекшеліктері: - текстуралар мен күрделі графикалық объектілерді есептеу жылдамдығын арттыруға бағытталған сәулет; - шектеулі командалар жиынтығы. Қазіргі заманғы CPU-да ядролардың саны аз (GPU-мен салыстырғанда), ал GPU бастапқыда көптеген ядролары бар көп ағынды құрылым ретінде жасалған. Архитектурадағы айырмашылық жұмыс принциптеріндегі айырмашылықты анықтайды. Егер CPU архитектурасы ақпаратты дәйекті өңдеуді көздейтін болса, онда GPU Тарихи түрде компьютерлік графиканы өңдеуге арналған, сондықтан жаппай параллельді есептеулерге арналған. **Дербес компьютердің ішкі құрылғылары** **Процессор (орталық процессор, Central Processing Unit)** -- бұл ақпаратты өңдейтін және компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіретін микросхема. Ағылшын тілінде **Central Processing Unit (CPU)** деген белгі қабылданған және орталықтан өңдейтін құрылғы деп аударылады. **Процессор**- Микропроцессор, орталық процессор деп те алады.Процессор -- компьютердің басты бөлігі, яғни **компьютердің «миы»**. Ол компьютерді басқарады әрі программадағы барлық командаларды (амалдарды) таниды. Бұл құрылғы командаларды орындайды, нәтижелерді шығарып береді немесе оны қайтадан жадқа жазады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросұлбасынан процессор өзіне қажетті ақпараттар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді. Компьютердің класы тікелей процессор арқылы анықталады. Маңызды сипаттамасы -- так тілікжиілік. Тактілік жиілік неғұрлым жоғары болса, оның жұмыс істеуі соғұрлым жақсы болады. ДК-ға арналған қазіргі заманғы процессорлар 2--6 ядродан тұрады (екі, төрт ядролық және т.б.) **Аналық тақша** (Материнская плата; ағыл. motherboard) -- орталық процессор, жедел жад микросхемалары, дыбыстық және бейнекарталар сияқты компьютердің ішкі құрылғылары орналастырылған компьютердің негізгі микросызбасы. Ол -- кез келген компьютердің негізгі құрамдас бөлігі. **Кейде бас немесе жүйелік тақша деп те аталады.** Аналық тақша мыс өткізгіштер -- жолдар желісімен қапталған. Олардың бойымен деректер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосылады Аналық тақшаны таңдау үшін алдымен, жүйелік шинаның жиілігіне қарау керек. Сонымен қатар аналық тақшамен жабдықталған түрлі слоттардың саны да маңызды. тақшамен жабдықталған түрлі слоттардың саны да маңызды **Сопроцессор** -- негізгі процессордың қызметтік мүмкіндігін толықтыратын мамандандырылған арнайы процессор. Сопроцессордың **өз программасы болмайды,** ол негізгі процессордың командалар жүйесі мен регистрлерін кеңейтіп, сонымен бірігіп жұмыс атқарады. **Ол жүйені басқармайды,** тек орталық процессордан команда күтеді. Арифметикалық операциялардың орындалу уақытын 80% немесе одан да қысқартуға мүмкіндік береді. Бейнесхемалық кескіндерді өңдеу де жылдамдайды **Қоректендіру блогы** -- кернеуі, жиілігі, қуаты белгілі электр энергиясымен компьютерді жасақтайтын құрылғы. Қоректендіру блогтарының айырмашылықтары олардың қуаттылығында және кернеуді тұрақтандыруында. Түрлі түсті сымдар (өткізгіштер) кернеу мөлшерлерін айқындайды: сарыға + 12В, қызылға + 5В, қара түске 0В кернеу беріледі. Қуаты 150 Ваттан 320 Ватқа дейін болады. Қоректендіру блогында желдеткіш бар. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орналасқан құрылғыларды да салқындатады. Процессорды салқындатып тұратын **арнайы желдеткіш (кулер**) бар. **Шина** -- компьютер құрылғылары арасындағы электрлік сигналдарды басқаратын әрі олар арқылы деректер тасымалдауды жүзеге асыратын жалғастыру арналары. Шинаның негізгі үш түрі бар. Олар: деректер шинасы, адрестік шина және командалық шина. **Деректер шинасы** -- деректердің екілік разрядтарын компьютер құрылғыларының арасында параллель жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігі. Жад адресін жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігін немесе енгізу-шығару портын **адрестік шина** деп атайды. Шинаның түрлері: ISA, MCA, EISA, SCSI, VLB, PCI, AGP, USB т.б. **Слот кеңейтілімі --** компьютердің аналық тақшасындағы кеңейтілімнің алып-қосу ойығы. Слот графикалық адаптерді, тізбек пен параллель интерфейстерді, дыбыс\\ карталарын шинамен байланыстырады. **Чипсет** (ағыл. сhipset -- микросхема жиынтығы) -- ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиынтығы. Орталық процессордың шалғай құрылғылармен деректер алмастыру жұмысын жасақтайтын, аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиынтығы чипсет деп аталады **BIOS микросхемасы** -- аналық тақшада орналасқан компьютердің негізгі құрылғыларының бірі. BIOS микросхемасы жүйе параметрлерін орнатуға арналған. Енгізу-шығарудың базалық жүйесі BIOS мынадай қызметтер атқарады: компьютерді іске қосқанда автоматты тестілеуді (POST) орындайды; аппараттық құралдардың параметрлерін баптайды; операциялық жүйені дискіден орнатады; жүйелік, аппараттық үзілулердің қызметін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде BIOS-тың көптеген түрі кездеседі. Бірақ олардың арасында дербес компьютерге арналған және **көп тараған түрлері**: AwardBIOS, AMIBIOS, PhoenixBIOS және UEFI. Бейнекарта (Видеокарта) -- кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті жедел жады бар құрылғы. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жад көбінесе бейнежад (Video RAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежад көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым сапалы көрсетеді. Дыбыстық тақша компьютерге жоғары сапалы дыбыс шығаруға әрі жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда, басқа да заманауи программаларда қолданылады. Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, Token Ring және сымсыз желілермен байланысуға арналған тақшалар. Ең танымалдары -- Ethernet пен сымсыз желілер (Wі-Fі). Енгізу-шығару порттары -- корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар. Оларға әдетте кабель арқылы әртүрлі құрылғы лар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді. **Қосымша** Дербес компьютердің конфигурациясы негізгі функционалдық мақсатқа байланысты жасалады. Олар кеңсе, үй, дизайнерлік, ойын компьютерлері болып жіктеледі. Бұдан басқа, осы топтағы компьютерлер бастапқы, орта, жоғары деңгейді көрсете отырып, өнімділік деңгейі бойынша да қосымша жіктеледі. Кеңселік (офистік) дербес компьютерлер, негізінен, кеңселік программалар мен және қосымшалар мен жұмыс істеуге арналған, Олар дан талап етілетіні -- тұрақтылық пен үздіксіз жұмысты жалғастыру. Үйге арналған дербес компьютерлер үлкен қуат пен өнімділікті қажет етпейтін міндеттерді шешу үшін қолданылады. Мәселен, мәтіндік құжаттар мен жұмыс істеу, әлеуметтік желілерде және форумдарда сөйлесу, музыка тыңдау туралы ақпаратты іздеу. Әдетте сапалы мониторды, тиімді процессорды, графикалық картаны, DVD дискісін және акустиканы қамтиды. Интернетке қосылу, қажет болса, теледидарға қосылу қамтамасыз етіледі. Конфигурацияға сканер, принтер, веб-камера жә не т.б. кіреді. Ойынға арналған дербес компьютерлер басқа компьютерлерден қуатты графикалық шағын жүйесімен ерекшеленеді. Олардың конфигурациясының негізгі элементтері -- қуатты процессор, қуатты Radeon немесе Geforce бейнекартасы және жеткілікті үлкен RAM. Құ рам дас бөліктеріне ойынға қажетті қосалқы құралдар (джойстик, руль, пе даль дар және т.б.) міндетті түрде енгізіледі. Дизайнерлік дербес компьютерлер немесе графикалық стансылар үлкен және күрделі графикалық қосымшалар мен, фотосуреттер және бейнефайлдарды жоғары сапалы өңдеумен жұмыс істеуге арналған. Конфигурация нақты орындалатын тапсырмаларға байланысты өзгеруі мүмкін: 3D графикамен жұмыс істеу қуатты бейнекартасын қажет, етеді, жоғары өнімді процессор бейнефайлдармен жұмыс істейді және т.б. компьютерлердің конфигурациясын тексеретін қолданыстағы программалар ұсынылған - - Біз жұмыс істеп тұрған компьютердің конфигурациясы және оның құрылғылары мен программалық жабдықтамалары жайлы мәлімет алуымызға болады. Ол үшін: Бастау (Пуск) -- Барлық про граммалар (Все программы) -- Стандартты (Стандартные) -- Қызметтік (Служебные) -- Жүйе жайлы мәлімет (Сведения о системе) командаларын орындау арқылы көруге болады

Use Quizgecko on...
Browser
Browser