Какимов 1пр PDF
Document Details
Uploaded by RapidConnemara7004
Tags
Summary
This document contains questions and details about food production technology equipment, such as mechanical, physical-chemical, biochemical, and thermal processing equipment. It also covers various types of equipment based on their characteristics and functions.
Full Transcript
СҰРАҚ:Азық-түлік өндірісінің технологиялық жабдықтары қандай құрылғылар мен механизмдерден тұрады? СҰРАҚ:Технологиялық машиналар мен жабдықтар қандай сипаттамалары бойынша келесідей жіктеледі: механикалық өңдеу машиналары, физика-химиялық, биохимиялық және термиялық өңдеу маш...
СҰРАҚ:Азық-түлік өндірісінің технологиялық жабдықтары қандай құрылғылар мен механизмдерден тұрады? СҰРАҚ:Технологиялық машиналар мен жабдықтар қандай сипаттамалары бойынша келесідей жіктеледі: механикалық өңдеу машиналары, физика-химиялық, биохимиялық және термиялық өңдеу машиналары, өңдеудің бірнеше түрін қамтитын машиналар кешендері?Өнімге әсер ету сипаты бойынша СҰРАҚ:Технологиялық машиналар мен жабдықтар қандай сипаттамалары бойынша келесідей жіктеледі: периодты (үздікті, үзілісті) әсер ететін және үздіксіз әсер ететін жабдықтар мен машиналар? Ұсақтау жабдықтары. СҰРАҚ:Технологиялық машиналар мен жабдықтар қандай сипаттамалары бойынша келесідей жіктеледі: автоматтар, жартылай автоматтаржәне автомат емес жабдықтар? Механизациялау дәрежесі бойынша СҰРАҚ:Технологиялық машиналар мен жабдықтар қандай сипаттамалары бойынша келесідей жіктеледі: жеке тұрған машиналар мен автоматтар, агрегаттар мен кешендер, жабдықтардың аралас (комбинированные) түрлері? : Өндірістік ағындағы үйлесімділік принципі бойынша СҰРАҚ:Технологиялық машиналар мен жабдықтар қандай сипаттамалары бойынша келесідей жіктеледі:шикізатты дайындау және қайта өңдеу жабдықтары; бөлу арқылы механикалық қайта өңдеу жабдықтары; қоспаларды механикалық өңдеу жабдықтары; жылу- және масса алмасу процестерін орындауға арналған жабдықтар; микробиологиялық процестерді орындауға арналған жабдықтар; соңғы аяқтау операцияларын орындауға арналған жабдықтар? Функциональдық белгілері бойынша СҰРАҚ:Адамның физикалық және ой жұмысын толығымен ауыстыру немесе жеңілдету, оның өнімділігін арттыру мақсатында энергияны, материалдарды және ақпаратты түрлендіру үшін адам жасап, механикалық қозғалыстарды орындайтын құрылғы қалай аталады? машина СҰРАҚ:Қандай жабдықтарда көмекші және ішінара негізгі операцияларды қол еңбегін пайдалана отырып орындайды? Автоматтандырылмаған СҰРАҚ: Жұмыс циклінің құрылымы бойынша жабдықтарды қандай топтарға жіктеуге болады? Мерзімді және үздіксіз СҰРАҚ: Қандай жабдықтарда негізгі операцияларды жабдық ал, көмекші оперцияларды адам (жұмысшы) орындайды? Жартылай автоматтандырылған СҰРАҚ: Қандай жабдықтарда барлық операцияларды жабдық орындайды? Автоматтандырылған СҰРАҚ: Неден тәуелді түрде өндірістік ағындағы жабдықтарды жекелеген, агрегаттар, аралас жабдықтар және ағынды технологиялық желілер деп жіктейді? СҰРАҚ: Қандай жабдықтар тек қана бір операцияны орындайды? Жеке бірліктері СҰРАҚ: Тамақ өнімдерін өндіретін қандай жабдықтар әр түрлі операцияларды тізбектей (последовательно) орындайды? агрегаттар СҰРАҚ: Тамақ өнімдерін өндіретін қандай жабдықтароперацияның аяқталған циклын орындайды? құрама (комбинированное) жабдықтар СҰРАҚ: Тамақ өнімдерін өндіретін қандай жабдықтар үздіксіз ағындабарлық операцияларды орындайды? Ағынды технологиялық желілер СҰРАҚ:Машиналар мен жабдықтардыңқандайкөрсеткіштері бойынша келесідей кластарға жіктеуге болады: энергетикалық, тасымалдау, ақпараттық және технологиялық? СҰРАҚ:Жабдықтың қандай торабы жабдықтың жұмыс істеуіне қажет, барлық бөлшектерін, тораптарын соның ішінде қосымша құрылғыларды (тасымалдау, көтеру және т.с.с.) бектіп орнатуға арналған? Тұғыр (станина) СҰРАҚ:Жабдықтың қандай торабыорындаушы механизм немесе орындаушы орган арқылы қозғалысты беруге арналған? Жетек (немесе қозғалтқыш механизмі) СҰРАҚ:Электроқозғалтқыш негізгі бөлігі болып табылатын жабдықтың қандай жетегі тамақ өндірісінде кеңінен қолданысқа ие болуда? Электр СҰРАҚ:Жетектің қандай түрі гидрожүйеге жұмысшы сұйықтықты беріп, ондағы қысымды тұрақты түрде ұстап тұруға арналған сораптан; гидроқозғалтқыштан; құбырлардан; жұмысшы сұйықтықты жинау сыйымдылығынан; бақылау-реттеу приборларынан; жұмысшы сұйықтықты салқындату және тазалау құрылғыларынан тұрады? : Гидравликалық СҰРАҚ: Технологиялық жабдықтың қандай жетегінде сығылған ауа жұмысшы орта болып табылады? Пневматикалық СҰРАҚ:Қандай жетектің құрамына ауаны жүйеге беретін компрессор; ауаның қосымша қорын құратын ресивер; құбырлар; сүзгі; пневмоқозғалтқыш; бақылау және автоматтандыру приборлары кіреді? Пневматикалық СҰРАҚ:Өніммен тікелей қатынасқа түсіп, оған әсер ететін және технологиялық процестің орындалуын қамтамасыз ететін белгілі бір қозғалыс заңдылығын орындайтын жабдықтың бөлігі қалай аталады? жұмыс органдары СҰРАҚ:Жабдықтың қандай органдары өңделетін өнімге тікелей энергетикалық (механикалық, жылулық) әсер етуге немесе жұмысшы ортаның, энергетикалық өрістің өніммен қатынасқа түсуіне жағдай жасайды? жұмыс органдары СҰРАҚ:Жабдықтың қандай органдары конструкциялары бойынша қалақты, шнекті және бұрамалы, барабанды, білікті, мембраналы, шлангалы, таспалы, торлы фрикционды және т.б. болады? орындаушы органдары СҰРАҚ: Жабдықтардың қандай органдарын шикізатқа әсер ету тәсілі бойынша тазалау, үйкелеу, араластыру және жылу беру деп бөлуге болады? СҰРАҚ: Шикізатты өзгерту мен жағдайын анықтауға іс әрекетті өндірістік процестің бөлігі қалай аталады? СҰРАҚ: Шикізатты жабдықта өңдеу уақыты қалай аталады? Цикл СҰРАҚ: Машинада шикізатты өңдеу уақыты қалай аталады, яғни. бастапқы нысана машинаға түскен сәттен бастап дайын өнім машинадан шыққан сәтке дейінгі уақыт? Технологиялық цикл СҰРАҚ: Машина бір немесе бірнеше (егер машинада екі немесе одан да көп параллель өңдеу ағындары болса) дайын өнімді шығаратын уақыт қалай аталады? жұмыс циклі СҰРАҚ: Жұмыс органдары мен орындаушы механизмдердің тізбектелген екі бастапқы орындарының (жағдайларының) арасындағы уақыт қалай аталады? кинематикалық цикл СҰРАҚ: Машинаның сағатына (минутына, секундына) тоннамен (килограмм, текше және шаршы метр, дана) өлшеніп, белгілі бір уақыт бірлігінде өндіретін өнім мөлшері қалай аталады? өнімділігі СҰРАҚ: Ауысым немесе басқа күнтізбелік кезең ішінде жеткілікті ұзақ жұмыс істеп, орташа уақыт бірлігінде өндірілетін өнімдерінің нақты мөлшерімен анықталатын жабдықтың өнімділігі қалай аталады? нақты (іс жүзіндегі) өнімділігі СҰРАҚ: Машина тоқтаусыз жұмыс істегенде, яғни тоқтау қалу уақыты болмаған уақыт бірлігінде шығара алатын өнім санымен анықталатын, жабдықтың өнімділігі қалай аталады? Теориялық өнімділік СҰРАҚ: Жабдықты ұтымды пайдалану көрсеткіші ретінде қызмет ететін ПД/П=П/(М+П)=КИ қатынасы қалай аталады? жабдықтың өнімділігін пайдалану коэффициенті (немесе пайдалану коэффициенті) СҰРАҚ: Ро=Р/η теңдеуі (η — машинаның пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК)) машинаның қандай көрсеткішін анықтауға? жабдықтың жалпы қуатын СҰРАҚ: Шикізат пен қосалқы материалдарды кәсіпорындарға жеткізу, сондай-ақ дайын өнімді жөнелту қандай көлік құралымен жүзеге асырылады? сыртқы көлікпен СҰРАҚ: Кәсіпорын аумағында цех аралық және цех ішіндегі болып бөлінетін, қандай көлік түрі қолданылады? Кәсіпорын ішіндегі көлік СҰРАҚ: Еденде жүретін (напольный) көлігі қандай сипаттамаларға сәйкес автотиегіштерге, электрлендірілген көлікке және қолмен тасымалдау құралдарына бөлінеді? жетегінің сипаттамасы СҰРАҚ: Жетек түрі бойынша электр тартқыштар (электротягач), өздігінен жүретін арбалар немесе электркарлар, электртиегіштер мен электржинағыштар (электроштабелёры) қандай көліктерге жатады? электр жетекті СҰРАҚ: Аккумулятор батареясынан жұмыс істейтін электрқозғалтқышпен қозғалысқа келетін өзі жүретін арба қалай аталады? Электрокар СҰРАҚ: Көліктің қандай түрі сөрелер арасындағы тар өткелдері бар қоймаларда тиеу-түсіру және сақтау жұмыстарына арналған? Электрқаттауыштар (электроштабелер) СҰРАҚ: Машиналардың қандай түрлері келесідей үш топқа бөлінеді: қарапайым көтеру механизмдері, крандар және көтергіштер (подъёмники)? Жүк көтергіш машиналар СҰРАҚ: Жабық үй-жайлар мен ашық алаңдарда пакеттелген және контейнерлік-дана жүктерді тиеу-түсіру және көлік жұмыстарын механикаландыруға арналған машиналар қалай аталады? Жүк арбалары мен аспалы шөміштер (подвесные ковшы) СҰРАҚ: Жүктерді тасымалдауға арналған машиналардың қандай түрлері келесідей 2 топқа бөлінеді: 1) икемді тартқыш органды (таспалы, пластиналы шынжырлы және т. б.); 2) икемді тартқыш органсыз (ет өнімдерін құбырлар арқылы тасымалдауға арналған қондырғылар, бұрандалы конвейерлер (шнектер)? Тасымалдағыштар (конвейерлер) СҰРАҚ: Мал қозғалу қабілетін жоғалтқанымен, оның жүрегі жұмысын жалғастыру нәтижесінде, қанның толықтай ұшадан ағып шығуын қамтамасыз ететін, малды сою барысындағы әсер ету қалай аталады? естен тандыру СҰРАҚ: Есінен тандырудың қандай әдісі мал басына балғамен, пневмопистолетпен және т.б. соққы жасау арқылы орындалады? механикалық СҰРАҚ: Есінен тандырудың қандай әдісі малға көмірқышқыл газымен және т.б. анестезия жасайтын заттармен (анестезирующими веществами) әсер жасау арқылы орындалады? химиялық СҰРАҚ: Малды есінен тандырудың қандай әдісі малдың нерв жүйесіне электр тоғымен әсер ету арқылы орындалады? электрлік СҰРАҚ: Малды есінен тандыруға арналған құрылғылар келесідей жәктеледі: 1) үздікті және үздіксіз жұмыс істейтін; 2) бір немесе екі малды қамауға арналған; 3) каруселді және әмбебап (универсальный)? бокстар СҰРАҚ: Кернеуі 70-90В болатын электрқысқыштармен (электрощипцы), бекітпей (без фиксации) шошқаларды электрлік әдіспен есінен тандыру ұзақтығының (секундпен) дұрыс нұсқасын көрсетіңіз. 30 СҰРАҚ: АПГ-2 аппараты қандай мал немесе құстар түрін есінен тандыруға арналған? тауық, қаз және үйректерді СҰРАҚ: Шошқаларды есінен тандырған соң қанша уақыт (минутпен) ішінде қансыздандыру керек? 1,0 СҰРАҚ: Қансыздандыру барысында қанды қандай мақсатпен қуыс (полый) пышақтармен (жабық тәсіл) жинайды? тамақ және емдік СҰРАҚ: Құсты сою барысында құстардың қауырсынндарын жұлу қандай күш бойынша келесідей үш топқа жіктеледі: 1) ірі қауырсыздандыру; 2) орта қауырсыздандыру; 3) ұсақ қауырсыздандыру? СҰРАҚ: Мал терісін сыдырудың қандай әдісінде тері астына сығылған ауа немесе су беріледі? Пневматикалық және гидравликалық СҰРАҚ: Мал терісін сыдырудың қандай әдісінде тері асты қабатын, электр тоғымен қызыл түске дейін қыздырылған жіңішке сыммен күйдіреді? Жылулық СҰРАҚ: Мал терісін сыдырудың қандай әдісінде тері астына зиянсыз реагент жіберіліп, тері асты қабатын ерітеді? Химиялық СҰРАҚ: Мал терісін сыдырудың қандай әдісінде тері асты қабатын күшпен үзу немесе кесу арқылы ажыратады? Механикалық СҰРАҚ: Мал терісін механикалық жолмен сыдыру барысында келесідей: үздікті және үздіксіз жұмыс істейтін деп қандай белгілері бойынша жіктейді? жұмыс істеу принципі СҰРАҚ: Мал терісін механикалық жолмен сыдыру барысында келесідей: ірі қара мал үшін, ұсақ қара мал және шошқалар үшін деп қандай белгілері бойынша жіктейді? өңделетін мал түрі СҰРАҚ: Мал терісін механикалық жолмен сыдыру жабдықтарын келесідей: бір және екі кезеңді деп қандай белгілері бойынша жіктейді? кезеңдер саны СҰРАҚ: Мал терісін механикалық жолмен сыдыру жабдықтарын келесідей: арқанды (канатная), шынжырлы, білікті және барабанды деп қандай белгілері бойынша жіктейді? тарту органының түрі СҰРАҚ: Мал терісін механикалық жолмен сыдыру жабдықтарын келесідей: көлденең, бойлай және аралас сыдыру деп қандай белгілері бойынша жіктейді? теріні сыдыру бағыты СҰРАҚ: Мал терісін механикалық жолмен сыдыру жабдықтарын келесідей: тельферден, лебедкадан, электрқозғалтқыштан гидро немесе пневможетектен қозғалыс алады деп қандай белгілері бойынша жіктейді? жетек түрі СҰРАҚ: Мал ұшаларын бөлуге арналған тасымалданатын араларды: таспалы, шынжырлы (жүзі (лезвие) тегіс немесе тісті болуы мүмкін) деп қандай белгілері бойынша жіктейді? кесу органдарының СҰРАҚ: Ұша кесетін араларды қандай органы бойынша: электрлік, пневматикалық және гидравликалық деп жіктейді? жетегінің СҰРАҚ: Жартылай ұшаларды бөлек кесектерге бөлу операциясы қалай аталады? Бұл операция әртүрлі кескіштер мен аралармен орындалады. СҰРАҚ: Сүйектен тұшаның бұлшықет, дәнекер және май тіндерін бөлу операциясы қалай аталады? Етті сүйектен сылу СҰРАҚ: Сіңірлерді, шеміршектерді, майларды, ұсақ сүйектерді, көгерулер мен ластаушы заттарды сылып алынған еттен алып тастау операциясы қалай аталады? Сіңірсіздендіру СҰРАҚ: Ет-сүйекті, шырышты, жүнді және етті мал сою өнімдерінің тобы қалай аталады? субөнімдерін СҰРАҚ: Ішек шикізаты қандай өңдеуден өтуі мүмкін? толық емес (бастапқы) және толық СҰРАҚ: Өңдеу кезінде шикізаттың қандай түрі екі операция тобынан тұрады: шлямдау – ішкі бетін шырыштардан тазарту; пензоловкалау – сыртқы бетін шырыштан тазарту? : Ішекті СҰРАҚ: Ішек шикізатының ішкі бетін шырыштардан және т.б. тазалау операциясы қалай аталады? Шлямдау СҰРАҚ: Ішек шикізатының сыртқы бетін шырыштардан және т.б. тазалау операциясы қалай аталады? Пензеловкалау СҰРАҚ: Пензловкалау-шлямдау машиналарында пензеловкалау- шлямдау операцияларын орындау үшін жұмыс органдарының қандай түрлері қолданылады? білікті СҰРАҚ: Малдың барлық түрлерінің ішектерінен балласт қабықтарын бөлу үшін қолданылатын резеңке және металл пластиналы жұмыс органдары ретінде қызмет ететін машиналар қалай аталады? пластиналы СҰРАҚ: Қандай белгілері бойынша ұсақтау жабдықтарын: үзілісті немесе үзіліссіз жұмыс істейтін деп жіктейді? жұмыс істеу түрі СҰРАҚ: Ұсақтау жабдықтарын: қатты шикізатты ұсақтауға арналған жабдық (блокты қатырылған етті, ет-сүйек және сүйек шикізатын, дәмдеуіштерді) және жұмсақ шикізатты (бұлшық ет, май және дәнекер тіндер) ұсақтауға арналған жабдықтар деп қандай белгілері бойынша жіктейді? ұсақталатын шикізат түріне СҰРАҚ: Ұсақтау барысында ұсақталған бөлшекке ұсақтаумен қатар белгілі бір пішін берілетін процесс қалай аталады? СҰРАҚ: Ұсақтау барысында ұсақталған бөлшекке ұсақтаумен қатар белгілі бір пішін берілмейтін процесс қалай аталады? СҰРАҚ: Дайын шикізаттың қандай көрсеткіштерге байланысты ұсақтау жабдықтарын келесідей жіктейді: ірі ұсақтау, орташа ұсақтау, ұсақ ұсақтау, майдалап ұнтақтау? ұсақталған түйірлердің өлшемдеріне СҰРАҚ: Күштік ұсақтағыштар, уатқыштар, волчок-уатқыштар, агрегатттар мен блокты қатырылған етті, сүйектер мен дәмдеуіштерді (специи) ұсақтағыштар ұсақтағыштардың қандай түріне жатады? СҰРАҚ: Волчоктар, шпик кескіштер, куттерлер, коллойдты диірмендер, эмульситаторлар, дезинтеграторлар, гомогенизаторлар ұсақтағыштардың қандай түріне жатады? СҰРАҚ: Шұжық өндірісінде қолданылатын волчоктар мен шпик кескіштер алынатын дайын өнім яғни, фарш түйіршіктерінің өлшемдеріне байланысты ұсақтаудың қандай түрлерін орындайды? орташа СҰРАҚ: Волчоктар (ет тартқыш) қандай негізгі үш тораптардан тұрады? ұсақтау, ұсақтауға беру және жетектен СҰРАҚ: Қандай жабдық шпик пен пісірілген етті түрлі өлшемде, дұрыс пішінмен кесуге арналған? Шпиккескіштер СҰРАҚ: Шпик кескіш қандай ұсақтау түрін орындауға арналған? ірі және орташа СҰРАҚ: Куттерлер жұмсақ ет шикізатының қандай ұсақтау түрін орындап, оны бір текті гомогенді массаға айналдыруға арналған? майдалап СҰРАҚ: Коллойдты диірменнің қандай механизмі айналмалы ротор мен қозғалмайтын статордан құралады? кесу СҰРАҚ: Тамақ өндірісінде дозалаудың қандай негізгі үш әдісі қолданылады? СҰРАҚ: Көлемі бойынша дозалаудың қателігі шамамен қанша пайызды құрайды? СҰРАҚ: Дозаторларды барабанды, дискілі, шнекті, таспалы және жұмыс органдары ілгерілемелі-кейінді қозғалатын деп қандай сипаттамалары бойынша жіктейді? СҰРАҚ: Дозалаудағы өлшеу дәлдігінің жоғары болуы салмақ бойынша дозалаудың басты артықшылығы болып табылады және оның өлшеу дәлдігінің қателігі неше процентті құрайды? СҰРАҚ: Котлет және түшпара (пельмен) жасайтын аппараттар қандай жабдыққа жатады? қалыптау СҰРАҚ: Котлет жасау автоматтарының қалыптау құрылымдары қалыптаудың қандай принципі бойынша жұмыс істейді? СҰРАҚ: АК2М-40 автоматы қандай өнім өндіруде қолданылады? СҰРАҚ: АК2М-40 котлет жасау автоматының қалыптау құрылымдары қалыптаудың қандай принципі бойынша жұмыс істейді? СҰРАҚ: Қандай құрылғы котлет жасау автоматының негізгі жұмысшы органы болып табылады? СҰРАҚ: К6-ФАК-50/75 котлет жасау автоматының қалыптау құрылғысы қандай принцип бойынша жұмыс істейді? СҰРАҚ: Жұмыс істеу режимі бойынша шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер қалай жіктеледі? Мерзімді және үздіксіз әрекетті СҰРАҚ: Жетегінің сипаттамасы бойынша шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер қалай жіктеледі? Қолмен, электрлі , гидравликалық және пневматикалық СҰРАҚ: Цевкалар саны бойынша шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер қалай жіктеледі? Бір немесе көп цевкалы СҰРАҚ: Ығыстырғыштарының құрылымдары бойынша шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер қалай жіктеледі? поршеньді, шестернялы, эксцентрикті-қалақты, бұрамалы(винтовой) немесе шнекті, ортадан тепкішті. СҰРАҚ: Қоршаған ортадағы ауамен қатынасқа түсуі бойынша шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер қалай жіктеледі? Жабық және ашық СҰРАҚ: Жұмысшы органдарының орналасулары бойынша шұжық өнімдерін қалыптауға арналған шприцтер қалай жіктеледі? Тік және көлбеу СҰРАҚ: Ет өнімдерін жұмсақ немесе жартылай қатты ыдыстарға вакуумды орауға арналған жабдықтар қандай қысымда жұмыс істейді? Қалдық СҰРАҚ: Ет консервілері мен жартылай фабрикаттарын қатты немесе жартылай қатты ыдыстарға қаптауға арналған жабдықтар қандай қысымда жұмыс істейді? Атмосфералық СҰРАҚ: Қалдық қысымда жұмыс істеп, вакумды қаптауға арналған жабдықтармен ет өнімдерін қандай ыдысқа қаптайды? Қатты СҰРАҚ: Атмосфералық қысымда жұмыс істеп, вакумды қаптауға арналған жабдықтармен ет өнімдерін қандай ыдысқа қаптайды? Қатты немесе жартылай қатты ыдысқа СҰРАҚ: Консерві банкаларына салынып қапталған ет өнімдері қандай мерзімге сақтауға арналған? бір жылға дейін және одан да көп). СҰРАҚ: Консерві банкаларына салынып қапталған және ұзақ уақыт сақтауға арналған ет өнімдерін қанша уақыт сақтауға болады? бір жылға дейін және одан да көп). СҰРАҚ: Жұмсақ қаптамада қапталған ет өнімдері қанша мерзім сақтауға арналған? Қысқа уақыт сақтауға болады СҰРАҚ: Ет консервілерін жабуға қандай машиналар қолданылады? СҰРАҚ: Ет өнімдерін қаптауға қандай жабдықтар қолданылады? СҰРАҚ: Шикізат пен ет өнімдерін механикалық бөлу жабдықтарын не үшін қолданады? СҰРАҚ: Өнімді ауырлық күшінің әсерімен (тұндыру) механикалық бөлу қалай аталады? Статикалық СҰРАҚ: Бір текті емес өнімді статикалық бөлу қандай күштің әсерінен орындалады? Ортадан тебу күшінің әсерімен СҰРАҚ: Центрифугалау мен сепарациялау операциялары қандай күштің әсерінен жүзеге асады? Ортадан тебу күшімен СҰРАҚ: Кеуекті қабырғалар арқылы өткізіп бөлу қалай аталады? сүзу елеу СҰРАҚ: Өнімді сығу арқылы одан сұйық фракцияны бөліп алу процесі қалай аталады? Пресстеу СҰРАҚ: Сұйық орта мен ондағы қатты түйіршіктерден тұратын механикалық қоспа қалай аталады? Суспензия СҰРАҚ: Сұйық орта мен ондағы басқа сұйық орта тамшыларынан тұратын механикалық қоспа қалай аталады? Эмульсия СҰРАҚ: Сұйық орта мен газдан тұратын механикалық қоспа қалай аталады? Көбік СҰРАҚ: Газ бен қатты дисперсті фазадантұратын механикалық қоспа қалай аталады? Шаң СҰРАҚ: Газ қоспасы мен сұйық фазадан тұратын механикалық қоспа қалай аталады? СҰРАҚ: Сүзу қабырғасының екі жағындағы қандай күштердің әсерінен сүзу процесі орындалады? СҰРАҚ: Сүзу кезінде мақта, синтетикалық (нейлон және нейлон) және жүн маталар, тоқылған және штампталған металл торлар, құм, керамзит және т. б. қандай материалдар қызметін атқарады? СҰРАҚ: Желатин сорпасын тазалауда қандай сүзгіштер қолданылады? рамалық сүзгі прессі СҰРАҚ: Сүйек ұнын өндіруде қандай сүзгілер қолданылады? таспалы сүзгі СҰРАҚ: Пульпаны (пульпа – қатты түйірлер мен сұйықтықтың қоспасы, бір текті емес, аса қою емес жүйе) сүзу үшін қандай сүзгі қолданылады? барабанды және таспалы вакуум сүзгі СҰРАҚ: Сұйық қоспаларды сүзіп, бөлу үшін қандай сүзгі қолданылады, мысалы, шыжықты май-су қоспасынан? ротациялық сүзгі СҰРАҚ: Газ бен ауаны шаңнан және қатты түйірлерден тазалау үшін қандай сүзгілер қолданылады? жеңді сүзгі, тұндыру камералары, циклондар СҰРАҚ: Сұйық қоспаларды бөлу үшін қандай жабдық қолданылады? сепараторлар СҰРАҚ: Сұйық және қатты фазаларды ажырату үшін қандай жабдық қолданылады? центрифугалар, ортадан тепкіш тазалағыштар мен машиналар СҰРАҚ: Не центрифуга мен сепараторлардың негізгі жұмыс органы болып табылады? барабан СҰРАҚ: Қандай көрсеткіш диффузиялық процестің қозғаушы күші болып табылады? Концентрация айырмасы СҰРАҚ: Мал терісін, етті тұздауға арналған жабдықтар, қақтау жабдықтары, диффузорлар мен экстракторлар қандай жабдықтарға жатады? диффузиялық СҰРАҚ: Теріні концентрленген тұзды ерітіндімен консервілеп өңдеу қалай аталады? тұздау СҰРАҚ: Концентрленген тұзды ерітіндіні (1 литр суға ~315 г. тұз) не үшін қолданады? СҰРАҚ: Қандай жабдықтарда теріні тұздау (тузлукования) операциясын орындайды? СҰРАҚ: Ірі қара мал (ІҚМ) терісін шнекті (тербелмелі) барабанда тұздаумен өңдеу ұзақтығы қанша уақытта орындалады? СҰРАҚ: Шошқа терісін шнекті (тербелмелі) барабанда тұздаумен өңдеу ұзақтығы қанша уақытта орындалады? СҰРАҚ: Теріні шнекті (тербелмелі) барабанда тұздаумен өңдеуден кейін қандай операцияны міндетті түрде орындау керек? СҰРАҚ: Етті қандай әдістермен тұздайды? құрғақ, ылғал және аралас СҰРАҚ: Етті тұздаудың қандай әдісінде – ет өнімдерін тұзбен немесе тұздау қоспасымен өңдейді? құрғақ СҰРАҚ: Ет өнімдерін тұздаудың қандай әдісінде, тұздықты құю арқылы өңделетін өнім қабатына береді? ылғал СҰРАҚ: Ет өнімдерін тұздаудың қандай әдісінде, тұздықты тұздау шприцтерінің көмегімен өңделетін өнім қабатына береді? аралас СҰРАҚ: Ет өнімдерін тұздаудың ылғал әдісімен өңдеуде, өнім қабатына қандай жабдықтың көмегімен тұзды ерітіндіні енгізеді? Тұздау шприцтпері СҰРАҚ: Етті тұздаудың қандай әдісінде ет шикізатын тұзды ерітіндімен шприцтеп, содан кейін оны тұздау қоспасымен сүртеді? аралас СҰРАҚ: Тұздалған заттардың, ет өнімдерінің (ет) үлкен бөліктерінің бүкіл көлеміне тұзды ерітінділердің біркелкі таралу процесін күшейту үшін қандай операция қолданылады? шприцтеу (инъекциялау) СҰРАҚ: Қандай ет өңдеу операциясында, бұлшық ет тініне бір немесе көп инелі тұздау шприцтеу қондырғыларымен орындалады? Шприцтеуді (инъекциялауды) СҰРАҚ: Шошқа етінен өнім өндіру кезінде сүйек және сүйексіз ет шикізатын тұзды ерітіндімен шприцтеуге арналған қандай жабдық қолданылады? СҰРАҚ: Шикізаттан қажетті компоненттің сұйық немесе бу тәрізді еріткіштерін (шыжықтан май және т. б.) бөліп алуға арналған жабдық қалай аталады? СҰРАҚ: Бу мен ыстық судың көмегімен сүйектен және эндокринді- ферментті шикізаттан жабысқақ, желім тәрізді заттарды бөліп алуға арналған жабдық қалай аталады? СҰРАҚ: Ет пен ет өнімдеріне жылу энергиясының тікелей немесе жылу тасымалдағыш (су, өсімдік майы және т. б.) деп аталатын аралық ортаның көмегімен әсер етуі қалай аталады? Жылумен өңдеу СҰРАҚ: Шикізат пен ет өнімдерін жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдықтар жұмыс принциптері бойынша қалай жіктеледі? мерзімді және үздіксіз. СҰРАҚ: Шикізат пен ет өнімдерін жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдық өнімге жылудың ену дәрежесі бойынша қалай жіктеледі? беттік және көлемдік СҰРАҚ: Ет пен ет өнімдерін жылумен беттік өңдеу жабдықтары қандай операциялар үшін қолданылады? үйіту мен жидіту (шпарка) үшін қолданылады. СҰРАҚ: Пісіру, пастерлеу, зарарсыздандыру (стерильдеу), салқындату, май еріту, деаэрациялау, қақтау, кептіру және буландыру үшін қандай жабдықтар қолданылады? көлемдік жылулық өңдеу СҰРАҚ: Қандай аппараттар келесідей жіктеледі: 1) өнімді сұйықтыққа батыра отырып қыздыратын; 2) өткір бумен, бу-су немесе бу-ауа қоспаларымен не ыстық түтін-ауа газдарының ағынында қыздыратын? СҰРАҚ: Чандар, бумен пісіретін қазандар, автоклавтар, суды бумен қыздыратын стерилизаторлар, бәліштерді өсімдік майына батыра отырып қуыруға арналған пештер қандай жабдықтарға жатады? қыздырылған сұйықтыққа батыра отырып СҰРАҚ: Өткір бумен жұмыс істейтін автоклав-стрилизатор, термокамералар, вакуум-горизонтальды қазандар, ротациялық және үйіту пештері қандай аппараттарға жатады? өткір бумен, бу-су қоспасымен немесе ыстық түтін-ауа газы ағынында СҰРАҚ: Қандай белгілер бойынша чандар келесідей топтарға бөлінеді: 1) шошқалардың ұшаларын немесе жүннен жасалған субөнімдерді жидіту үшін; 2) ет және ет өнімдерін пісіру үшін? СҰРАҚ: Қандай белгілер бойынша пісіру қазандықтар келесі топтарға жіктеледі: атмосфералық немесе шамалы артық қысыммен жұмыс істейтін ас пісіру және жоғары қысыммен жұмыс істейтін автоклавтар (250 кПа)? Қысым бойынша СҰРАҚ: Пісіру қазандықтары қандай белгілерге сәйкес келесі топтарға жіктеледі: қатты отынмен, газбен, электр тоғымен және бумен жұмыс істейтін? Қыздыру көзі СҰРАҚ: Қандай белгілер бойынша пісіру қазандықтары келесі топтарға жіктеледі: аударылмайтын, аударылатын және алынып-салынатын пісіру ыдысы бар?орнату тәсілі бойынша СҰРАҚ: Пісіру қазандықтары қандай белгілерге сәйкес келесі топтарға жіктеледі: тікелей және жанама жылытумен? Қыздыру тәсілі бойынша СҰРАҚ: Будың сумен араласып, конденсацияланып, оны қыздыратын немесе бу-су қоспасын жасайтын көпіршікті бу түзілу арқылы қыздыру қандай қыздыру деп аталады? Тікелей қыздыру СҰРАҚ: Бу бу жейдесіне беріліп, оны қыздырып, жейдеден өнімге жылу өте отырып қыздыру қалай аталады? Жанама қыздыру СҰРАҚ: Қандай аппарат шұжық өнімдерін кептіруге, қуыруға және пісіруге арналған? СҰРАҚ: Ет консерв банкаларын қандай аппараттарда стерилизациялайды? СҰРАҚ: Шлангылы сорғылардың (насос) жұмыс органы неден тұрады? СҰРАҚ: Сұйықтықты айдайтын сорғылардың қандай түрлері тректен, ротордың дискісіне біркелкі аралықпен бекітілген роликтерден және шлангты бекітуге арналған қысқыштардан құралады? СҰРАҚ: Не мембраналық сорғылардың негізгі жұмыс органы болып табылады? СҰРАҚ: Сорғылардың қандай түрлері тұтқырлығы жоғары сүт өнімдерін, сүтке арналған вакуумды ыдыстардан айдауға, сондай-ақ құбырлар арқылы тасымалдау үшін кеңінен қолданылады? СҰРАҚ: Мембраналы сорғыларда клапандар ретінде не қолданылады? СҰРАҚ: Сорғының бойлық осіне қатысты эксцентрлі орналасқан тісті ротор мен жетекші тісті дөңгелек қандай сорғының негізгі жұмыс органдары болып табылады? СҰРАҚ: Қандай сорғыда арнайы профильді тістері бар екі тісті дөңгелектері жұмыс органдары ретінде қолданылады? СҰРАҚ: Қандай сорғылар қалақшалы сорғыларға жатады? СҰРАҚ: Сүт өлшегіштің қандай түрі тұтқасының ойығына енетін тік сызғышы бар қалқыма (папловок) орналастырылған цилиндрлі шелектен тұрады? СҰРАҚ: Ағындағы сүттің мөлшерін өлшеуге мүмкіндік беріп, ұсақ тістері бар сопақша шестернялары өтетін сүттің қысымымен айналатын, ағынды камерадан тұратын сүт есептегіш қалай аталады? СҰРАҚ: Ағындағы сүт пен сүт өнімдерінің шығынын өлшеуге және өнімнің берілген мөлшері өткен кезде қандай да бір атқарушы құрылғыға басқару белгісін (сигнал) беруге арналған құрылғылар қалай аталады? СҰРАҚ: Электромагнитті есептегіштер-шығын өлшегіштер қандай екі негізгі элементтерден тұрады? СҰРАҚ: Қандай жабдықтар тегіс жүк платформасынан, бағаннан және кір тасын ұстағышы бар йін ағаштан (коромысла) тұрады? СҰРАҚ: Қандай таразылардың келесідей екі шкаласы бар: 1. Негізгі шкала – иін ағаштың (коромысла) бүйір бетіне орналастырылып, оның жоғарғы бөлігінде жылжымалы кірдің тісін бекітуге арналған ойықтары бар; 2. Қосымша шакала – иін ағашпен қатаң байланысқан арнайы сызғышы орнатылған? СҰРАҚ: Қандай таразылар келесідей үш негізгі бөліктен тұрады: жүк көтеру механизмі, аралық механизм және циферблатты прибордан? СҰРАҚ: Өлшеу механизмінен, сыйымдылығы бірдей екі жүк қабылдау ыдысынан және циферблатты механизмнен тұратын қандай таразылар сүтті ыдыссыз өлшеуге мүмкіндік береді? СҰРАҚ: Қабырғаларында әдетте жылу оқшаулағыш қабаты бар, сүт қабылдауға арналған сиымдылықтар мен сүтті сақтауға арналған бактар қандай сиымдылықтарға жатады? СҰРАҚ: Мақсаты бойынша сүттің сапалық қасиеттерінің жоғарылауына және әртүрлі сүт өнімдерін алуға қызмет етіп, жылу алмастырғыш аппараттар болып табылатын, сиымдылықтар қандай сиымдылықтарға жатады? СҰРАҚ: Сыйымдылық тәрізді сүтті салқындатқыштар, ұзақ уақыт пастерлеу ванналары, әмбебап сыйымдылықтар, кілегейдің жетілуі мен ашытылған сүт сусындарын өндіруге арналған сыйымдылықтар және басқа да негізгі жұмыс органы қандай да бір сыйымдылық болып табылатын технологиялық жабдықтар мақсаты бойынша қандай сыйымдылықтарға жатады? СҰРАҚ: Қандай белгі бойынша арнайы мақсаттағы сыйымдылықтар тік және көлденең болып бөлінеді? СҰРАҚ: Арнайы мақсаттағы сиымдылықтар қандай белгілері бойынша келесідей жіктеледі: сүтті салқындатқыштар, сүтті жылытуға арналған ванналар және әмбебап жылу аппараттары? СҰРАҚ: Қандай белгі бойынша арнайы мақсаттағы сыйымдылықтар қалақшалы, пропеллерлі және арнайы араластырғыштары бар сыйымдылықтарға бөлінеді? СҰРАҚ: Қандай белгілеріне байланысты сиымдылықтар жылу алмастырғыш жейдемен, суару жүйесімен (с орасительной системой), ирек (змеевик) түріндегі жылу алмастырғышпен және аралас жылу алмастырғышпен жабдықталған деп бөлінеді? СҰРАҚ: Қандай сиымдылықтарда сүт келесідей екі жолмен салқындатылады: тікелей буландырғышта суыту агентімен немесе аралық салқындатқыш арқылы, яғни тоңазытқыш қондырғысында су немесе тұзды ерітіндімен? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін өңдеуге арналған жабдықтар қандай көрсеткіштері бойынша келесідей жіктейді: ашық және жабық? СҰРАҚ: Сүт және сүт өнімдерін жылумен өңдеуге арналған жабдықтар қандай көрсеткіштер бойынша келесідей жіктеледі: жалпақ және дөңгелек? СҰРАҚ: Сүт және сүт өнімдерін жылумен өңдеуге арналған жабдықтар қандай көрсеткіштер бойынша келесідей жіктеледі: құбырлы және пластиналы? СҰРАҚ: Сүт және сүт өнімдерін жылумен өңдеуге арналған жабдықтар қандай көрсеткіштер бойынша келесідей жіктеледі: бір және көп қатарлы (пакетті)? СҰРАҚ: Сүт және сүт өнімдерін жылумен өңдеуге арналған жабдықтар қандай көрсеткіштер бойынша келесідей жіктеледі: бір және көп секциялы? СҰРАҚ: Сүт және сүт өнімдерін жылумен өңдеуге арналған жабдықтар қандай көрсеткіштер бойынша келесідей жіктеледі: тік және қарсы ағысты? СҰРАҚ: Сүтті пастерлеу және зарарсыздандыруға (стерилизация) арналған жабдықтарды, операцияны орындау сипатына байланысты қандай аппараттарға бөледі? СҰРАҚ: Энергия көзінің түріне байланысты сүтті пастерлеу және зарарсыздандыруға (стерилизация) арналған құрылғылар қалай жіктеледі? СҰРАҚ: Автоклавтар мен стерилизаторларда консервіленген сүт өнімдерінің қандай өңдеуін орындайды? СҰРАҚ: Сүтті, қаймақты және балмұздақ қоспасын жылумен (суыту) өңдеу үшін қандай жабдықтар қолданылады? СҰРАҚ: Көп секциялы сүзбе жасаушы және коагуляторлар жұмыс істеу режимі бойынша қандай аппараттарға жатады? СҰРАҚ: Жұмыс режимі бойынша сүзбе жасаушылар мен сүзбе ванналары қандай аппараттарға жатады? СҰРАҚ: Сүзбені қандай әдіспен өндіруде сиымдылықта майсыздандырылған сүт ашып (сквашивание), қойыртпақ (сгусток) түзеді, ал сарысуды сүзбе қойыртпағынан бөлу үшін сепараторлар қолданылады? СҰРАҚ: Өнімділігі төмен және орташа сүзбе өндіру желілерінде өздігінен басу (самопрессование) ванналары мен пресс-арбалар қандай жабдықтың орнына қолданылады? СҰРАҚ: Сүзбе (творог) өндірісінде ашық және жабық типі салқындатқыштарды, сондай-ақ осы операцияны сүзбе қойыртпағын (сгусток) сусыздандырумен біріктіруге мүмкіндік беретін аралас аппараттарды қандай операцияны орындау үшін қолданады? СҰРАҚ: Сүт ақуыздарын коагуляциялау, ірімшік массасын кесу, ірімшік дәндерін (сырное зерно) және сарысудың қажетті мөлшерін таңдау қандай аппараттарда жүзеге асырылады? СҰРАҚ: Қандай сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар дайындық операцияларына арналған жабдықтар және сары май өндіруге арналған жабдықтар болып бөлінеді? СҰРАҚ: Сары май өндірісінде заквасочниктер мен кілегейдің жетілуіне (созревания) арналған сыйымдылықтарда қандай операциялар орындалады? СҰРАҚ: Қандай сүт өнімін өндіруде май жасағыштар (маслоизготовитель) және май түзгіштер (масло образователь) қолданылады? СҰРАҚ: Қандай жабдықтарда майлылығы 30...40% болатын кілегейлерге аппараттың жұмыс органдарымен механикалық әсер ете отырып сары май өндіруге болады? СҰРАҚ: Үздіксіз жұмыс істейтін май жасағыштарда (маслоизготовитель) кілегей қандай күштің әсерінен жылжып қозғалып, нәтижесінде сары май түзіледі? СҰРАҚ: Цилиндр, конус, алмұрт (грушевидный), текше (куб) тәрізді немесе ішінде араластырғыш құрылғылары жоқ кез келген басқа пішіндегі айналмалы сыйымдылық түрінде жасалған жұмыс органы бар үздікті жұмыс істейтін май жасаушылар қандай типке жатады? СҰРАҚ: Айналмалы сыйымдылығы бар және оның ішіне спиралтәрізді, қалақша тәрізді және т. б. араластыру құрылғылары орнатылған май жасаушылар қандай типке жатады? СҰРАҚ: Май түзгіштің қандай түрі тұғырдың (станина) үстінде бірінің үстіне бірі орнатылып және планкалармен жалғанған бірдей конструкциялы үш цилиндрден тұрады? СҰРАҚ: Құрғақ сүтті пленкалық әдіспен өндіруде қандай кептіргіштер қолданылады? СҰРАҚ: Құрғақ сүтті пленкалық әдіспен өндіргенде, ұзақ кептіру құрғақ сүттің денатурациясын туындатады, сондықтан кептіру қанша уақыттан аспауы керек? СҰРАҚ: Сүт кептіру қондырғыларын бастапқы өнімнің агрегаттық күйіне қарай қандай екі негізгі топқа бөлуге болады? СҰРАҚ: Кептіру жабдықтарын конструкциялық айырмашылықтары бойынша, сүт және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарының қандай негізгі топтарына жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын кептіру агенті мен өнімінің қозғалыс бағытына қарай қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын кептірілетін материалға жылу беру әдісі бойынша қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын кептірілетін өнімді бүрку (диспергирования) әдісі бойынша қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын кептіру агентін қыздыру әдісі бойынша, қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын жылутасымалдағышты пайдалану жиілігіне байланысты, қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын гидродинамикалық режим түріне қарай, қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын кептірілетін өнімді тасымалдау түріне қарай, қандай негізгі топтарға жіктеуге болады? СҰРАҚ: Сүтті және сүт өнімдерін кептіру жабдықтарын пайдаланылға ауаны тазалау тәсілі бойынша қандай негізгі топтарға жіктейді?