Ғаламдық проблемалар PDF

Summary

Мәтінде жаһандану, оның себептері, салдары және бүкіл әлемдік проблемаларға әсері айтылған. Бұл мәтіндер жаһандану проблемалары туралы ғаламдық мақалалар мен газет мақалаларынан үзінді болып табылады.

Full Transcript

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: газет мақаласынан үзінді Ғаламдық проблемалар Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған...

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: газет мақаласынан үзінді Ғаламдық проблемалар Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші – қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Ғаламдық проблемалар – әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде ғаламдық проблемалар жетерлік. Ғаламдық экологиялық проблемалар – ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, азон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, әйтпесе оның дамуы апатқа, өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. (171 сөз) Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді Жаһанданудың не береді? Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпы адамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10-12%-ға түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді. (280 сөз) Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Жаһандану ежелден келе жатқан тарихи үдеріс пе, әлде бұл тек ХХІ ғасырдың дүбірі ме?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser