Kazakhstan Cultural Heritage (PDF)

Document Details

HighQualitySousaphone332

Uploaded by HighQualitySousaphone332

Павлодар педагогикалық университеті

2024

Aқжігіт Айнұр

Tags

Kazakh culture cultural heritage cultural programs history

Summary

This document is a university paper about the cultural program in Kazakhstan. It discusses the importance of preserving cultural heritage, including historical and cultural elements, and the program's objectives, methods of implementation, socio-economic impact, and its future development. The focus is on the cultural evolution in Kazakhstan.

Full Transcript

**ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ** **ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ** **ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БББ** **ПӘН: МӘДЕНИЕТТАНУ** **\ ** **Жоспар:** *Кіріспе бөлім:* 1.\"Мәдени мұра\" бағдарламасының анықтамасы. 2.Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау мен дамудың қа...

**ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ** **ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ** **ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БББ** **ПӘН: МӘДЕНИЕТТАНУ** **\ ** **Жоспар:** *Кіріспе бөлім:* 1.\"Мәдени мұра\" бағдарламасының анықтамасы. 2.Қазақстандағы мәдени мұраны сақтау мен дамудың қажеттігі. *Негізгі бөлім* 1.\"Мәдени мұра\" бағдарламасының мақсаты мен міндеттері. 2.Бағдарламаның іске асыру әдістері. 3.\"Мәдени мұра\" бағдарламасының әлеуметтік-экономикалық маңызы. 4.Бағдарламаның кемшіліктері мен оны жетілдіру жолдары. *Қорытынды:* Болашақта бағдарламаның дамуына болжам. Отыз жылдығы жақындаған тәуелсіз Қазақстанның үлкен жетістігі -- «Мәдени мұра» мемдекеттік бағдарламасы. Жаһандану жағдайында алдымызда тұрған міндеттердің бірі -- халқымыздың ежелгі тарихи, мәдени және рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық мұрамызды жаңғыртып асап шығару. Қазақ халқының әлемдік өркениетке мен дегізерлік өзіндік болмысымен енуіне мүмкіндік беретін, ілгері дамуымызға тұғыр болатын ұлттық санамыздың ұстанымды ерекшеліктерін саралау өте маңызды және бұл ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатқан ұстын-құндылықтар, яғни біздің ұлттық тұтастануымыз үшін табан тірейтін тұғырларымыз ұлттық руханиятымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең біліктілікпен жанжақты талдау. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті нұсқауымен жасалып отырған аталмыш \"Мәдени мұра\" рухани жаңаруымызға байланысты көптеген көкейтесті мәселелерді толық қамтып отыр десек қателеспеген болар едік. Бұндай ерекше бағдарламалардың дәл осы тұста, яғни дербестігімізге жиырма үш жыл толған соң да өз актуалдығын жоғалтпайды. Бұл тағы да Қазақстан Республикасын құрушы қазақ халының өміршеңдігінің, армантілегінің орындалғанының айғағы емес пе? Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең болу үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның жетістігін әлемге паш ету әрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған орай, атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет өлшемдеріне сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңін (2004-2008 жж.) «Әлемдік философиялық мұра» сериясының редакциялық алқасы (Төрағасы -- Нысанбаев Ә.Н., Философия және саясаттану институтынан Қ. Әлжан, С. Нұрмұратов, А. Сағиқызы, Ғ. Құрманғалиева, Н. Сейдахметова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нен Ғабитов Т.Х., Молдабеков Ж.Ж.) үш бағытта жұмыс істеді. «Әлемдік философиялық мұраның» 20 томдығының, «Қазақ халқы философиялық мұрасының» - 20 томдығының, әл-Фараби шығармашылығы 10 томдығының құрылымы, әр томның тарихифилософиялық кезеңдері мен оған енетін ойшылдардың шығармалары талқыланып, іріктеліп алынды. \"Мәдени мұра\" -- сан ғасырлардың сүзгісінен өтіп, осы күнге жеткен ұлттық мәдениет руханиятын жаңғыртуға арналған бағдарлама. Ел экономикасы аяғынан тік тұрып, мемлекет байлығы еселенген тұста ұлттық мәдениеттің қордаланған проблемаларына мұндай биік дәрежеде мән берілуі ғылым, мәдениет пен әдебиет саласынада өз үлесін қосары сөзсіз. Жалпы ел мен елдің, ұлт пен ұлыстың арасын идеология емес, мәдениет жалғастырады. Өркениеті қанат жайған елдерде экономикалық даму соңынанмәдени жаңғыру жүреді. Экономика -- бұл саясаттың, мәдениеттің негізі, мемлекет, қоғам, әрбір нақты адам, оның отбасы өмірінің негізі... біз кейде еркіндік пен демократия туралы, халық игілігі, өркендеу мен мәдениет туралы сөз қозғап жатамыз, алайда, егер елге қуатты, осы мәселелерді шешуге қабілетті экономика құрылмаса, оның бәрі бос сөз болып қалады!. Олай болса, республикамыздың ғылым, білім, мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің кең көлемде қатысуымен жасалатын \"Мәдени мұра\" бағдарламасын ұлт мәдениетінің тәуелсіздік жағдайына рухани жаңғыруының басталуы деп қарастырған жөн. Әлем жаһандану дәуірінде -- даму мен жасампаздық үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер дәуіріне қоғам басты. Жаһандану процесінің бір қыры -- бұл дүниені әмбебаптандыруға ұмтылушылық, бірыңғай құндылықтармен тәртіп нормаларына берілушілік. Бірақ, жаһандану процесі қалай қанат жайсадағы, ешқандай халық өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтумалылығынан бас тартпайды. Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның өмір сүруге және өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар. Бұл адамзат тарихының барысы айқындаған болмыс. Сонымен қатар, ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік түрлі мәдениетер мен діндердің тең құқылы үн қатысуын дамытпайынша, қамтамасыз етіле алмайды. Сондықтан да бүгінде, мәдениеттер мен өркениеттердің сан алуандығын мойындаумен қатар, әлемнің жаңа сапалық жағдайға -- шыдамдылық пен еркіндіктің, басқа пікірлер мен нанымдарға төзімділіктің жалпыға ортақ құндылықтарына негізделе алатын жаһандық өркениетке, планетадағы бар мәдениеттер мен діндердің сан алуандығын жоғары көтеретін өркениетке эволюциялану процесіне қолдау білдіру маңызды. Қазіргі таңда мәдениеттің ұлттық даму шеңберінен шығып әлемдік өркениеттік үрдістерді қозғап отырғанына өзіміз куәгерміз. Алайда аталмыш жаһандық мәселелер ұлттық мәдениеттің өзіндік болмыстық ерекшелігіне нұсқан келтірмеуі керек. Жаһандану қалыптасқан айырмашылықтарды ысырғанымен адамзатты біріктіреді ендеше осы тұста адамзат үшін ең қажеттісі біртұтастылық. Қазіргі өркениет өзінің даму жолында сыни кезеңді өткеріп отыр. Осы күрделі кезең Қазақстандыда айналып өтпейтіні сөзсіз. Ендеше, өзінің дара жолымен дамып келген ұлттық мәдениетіміз осы жолдан адаспай, өзіндік қасиетін сақтай отырып әлемдік өркениет кешенінен құр қалмауы тиіс. Бұл орайда ендігі алдымызда тұрған міндеттердің бірі халқымыздың ежелгі тарихи, мәдени және рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық тарихымызды жасап шығу. Және бұл \"ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатқан\" ұстанымды ерекшеліктер, яғни біздің ұлттық тұтастануымыз үшін табан тірейтін тұғырларымыз ұлттық тарихымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең біліктілікпен жан-жақты талдау (Н.Ә.Назарбаев). Еліміз өз еншісін қолына алған шақтарда экономикалық, саяси т.б. толып жатқан дағдарыстар себебінен ел тізгінін ұстаған азаматтарымыздың бұндай жоғары дәрежеде ойлау мүмкіндігі болмады. Мемлекеттің тізесінен тік тұрып кетуі күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды. Егемендіктің алғашқы жылдары халыққа да, оны басқарып отырған басшыларға да оңай тимеді. Елім енді еңсесін көтергенде етек-жеңін жинауға көмектескенім азаматтық борышым деп есептеген, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген өр кеуделі азаматтарымызбен қатар, осынау қарбалаң шақты өз пайдама қайтсем жаратам деген теріс пиғылды азаматтарымызда өкінішке орай табылып жатты. \"Өлмегенге өлі балық жолығады\", -- деп, қазақ атамыз айтқандай, талай рет іргесі сөгіліп, тоз-тоз болып тарих сахнасынан кете жаздаған еліміздің бүгінде әлем халықтарына біршама танымал республика ретінде өзін жариялауы орынды да. Бұл тағы да Қазақстан Республикасын құрушы қазақ халының өміршеңдігін, арман-тілегінің орындалғанының айғағы емес пе? Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең болу үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның жетістігін әлемге паш ету әрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған орай, атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет өлшемдеріне сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет. Қазақстан философтары «Әлемдік философиялық мұра», «Қазақ халқының философиялық мұрасы» серияларымен қатар, әл-Фараби шығармаларының 10 томын дайындауға тікелей қатысып, әлемдік және ұлттық руханифилософиялық мұраны ана тілінде насихаттауға сапалы да, сүбелі үлес қосты. Мысалы, бәріміз мақтан тұтатын әл-Фараби шығармаларының он томдығымен қоса, ойшыл трактаттарының тағы үш томы қазақ тіліне аударылып, баспадан шықты. «Әлемдік философиялық мұра» сериясының төртінші томы әл-Фараби мен Ибн Сина философиясына арналды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мәдени мұраның» мақсаты -- елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: 1.ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; 2.археологиялық зерттеулер; 3.қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; 4.ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру. «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді. Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында -- Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ, Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша- бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені. «Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек - бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларынығ бірі -- деп Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті. Бағдарламаның екінші үлкен бағыты -- Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды. Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет -- 3 мың құжат -- Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5 мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды. Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді. Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады. Бүгінгі күннің ең маңызды тапсырмаларының -- туып өскен мәдениетінің әдеп-ғұрпын жақсы білетін, өз елін тарихын жақсы көретін, елдің болашағын сеніп тапсыратын ұрпақ тәрбиелеу. Сөйтіп, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады. Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы --- мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. **Пайдаланылған әдебиеттер:** *Ғабитов Т.Х "Мәдениеттану"* *Тилепова А.К. "Мәдениеттану"* Пайдаланылған сайттар: ru.wikipedia.org surak.baribar.rz

Use Quizgecko on...
Browser
Browser