Аққұс туралы аңыз PDF
Document Details
Uploaded by QuietBowenite2372
86 мектеп-гимназия
Tags
Summary
Бұл шығарма – қазақ халқының Аққұс туралы аңызы. Аңыз Аққұс пен Қарақұстың арасындағы әңгіме мен Аққұстың әндеріндегі ғажап әсер туралы айтады.
Full Transcript
## Аққұс туралы аңыз Шәмшінің шырқап салатын әдемі дауысы болмаса да, әннің табиғатын түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсем үні бар еді. Оның дауысы кейде қырылдай шығып, биіктей алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз елітіп, қай жүректі болмасын баурап әкететін. "Саған қай қасиет бұрын дарыды...
## Аққұс туралы аңыз Шәмшінің шырқап салатын әдемі дауысы болмаса да, әннің табиғатын түсініп, оны тыңдаушысына жеткізе білетін әсем үні бар еді. Оның дауысы кейде қырылдай шығып, биіктей алмаса да, тыңдар құлақты еріксіз елітіп, қай жүректі болмасын баурап әкететін. "Саған қай қасиет бұрын дарыды - ән салу ма, әлде ән шығару ма? - деп сұрағанымда, Шәмші сәл ойланып: "Бетховен тас керең болса да, ғажап музыка жазған. Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен, нағыз қазақи әндер жазған. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір-бір Аққұс бар, - деген еді ол. Анамнан естіген хикая еді. Сол Аққұс туралы әңгімемді тыңда. Алыстағы бір асқар таудың басын армандай сұлу Аққұс мекендесе керек. Ол төгілте ән шырқағанда тау мүлгіп, көл тынып, аспан егіледі екен дейді. Оның әсем әнін аңсаған пенделер осы тауға ағылып, Аққұстың ұядан ұшуын апталап, айлап күтіп жатады. Өзінің әніне ынтық болған жұрт мол жиналған шақта Аққұс аспандап ұшып, тау асып, бел асып, махаббат жайлы мұңлы да қуанышты әнін шырқайды. Ол небір қайғылы жүректің мұңын басып, сөнуге айналған үмітке от жағады екен дейді. Аққұстың ел-жұртты тамсандырған осы даңқы Қарақұсқа жетіпті. Өзінен басқаның жақсы болуын қаламайтын Қарақұс кәріне мініп, оның көзін жоюға бел байлапты. Аққұстың аңғырт, бейбіт шағын аңдыған ол бір күні шап беріп ұстай алып, қанды тырнағымен бүріп өлтіруге айналады. Ақтық шағы тақалғанына көзі жеткен Аққұс: "Ең болмаса бір ән айтып өлейін", - деп жалынған екен дейді. Қарақұс сәл ойланып: "Бір әнде тұрған не бар дейсің, айтсаң, айт", - деп рұқсат береді. Аққұс екі иығынан ауыр дем алып, биік аспанға мұңая көз салып, бұл дүниеде бұрын-соңды ешкім естімеген бір әнді шырқай жөнеледі. Бұл әнді естігенде азынаған жел де тына қалады. Қаратаудың көкірегі қарс айырылып, аһ ұрады. Өзен ағысын тоқтатады. Ағаштар жапырағын жайып, қайғыға оранады. Бар дүниені түн басады. "Бұл не боп қалды?" деп, Қарақұс жан-жағына қараса, өзі де егіліп, еңкілдеп жылап отыр екен дейді. "Бар, ұш! Сен азатсың! - деп айқай салыпты ол Аққұсқа. - Бірақ ендігәрі тырнағыма іліксең, ән айтқызбай өлтіруге ант етемін. Әннің құдіреті, міне, осында, - дейтін Шәмші сөзін аяқтап, сәл күрсініп.