Автоматтандырылған жүйелерді жобалау және құрастыру PDF
Document Details
Uploaded by DiligentHexagon8494
K. Zhubanov Aktobe Regional University
Tags
Summary
Бұл құжат автоматтандырылған жүйелерді жобалау және құрастыру туралы лекция жоспары. Құжат жүйені жасау кезеңдері жайында, қатысушылар мен олардың міндеттері жайында мағлұмат береді және қажетті құжаттарды атап көрсетеді. Бұл материал инженерлік жобалардың жасалуына байланысты.
Full Transcript
**Автоматтандырылған жүйелерді жобалау мен құрастыру** Дәріс жоспары 1.Автоматтандырылған жүйелерді жасау сатыларын ұйымдастыру 2\. Жұмыстарды ұйымдастыру Әдетте автоматты немесе автоматтандырылған басқару жүйелерінің құрастыру және жобалау сатыларын үздіксіз тұтас процесс ретінде қарастырады. Ә...
**Автоматтандырылған жүйелерді жобалау мен құрастыру** Дәріс жоспары 1.Автоматтандырылған жүйелерді жасау сатыларын ұйымдастыру 2\. Жұмыстарды ұйымдастыру Әдетте автоматты немесе автоматтандырылған басқару жүйелерінің құрастыру және жобалау сатыларын үздіксіз тұтас процесс ретінде қарастырады. Әдебиеттер тізімінде көрсетілген ақпараттар жиынтығында осылай делінген. Бұл, сөзсіз, күмән келтірмейтін шарт. Бірақ осы тарау аясында жүйелерді жобалау мен құрастыру процесстерін бөлек қарастыруды жөн санап отырмын. Төмендегі \[3\] еңбек пен \[9\] нормативке сәйкес **автоматтандыру жүйелерін жасау** дегеніміз **қасиеттері алдын ала тапсырылған жүйені құрастыруға мүмкіндік беретін белгілі уақыт аралығында қалыптасқан және бірге сабақтасқан кезеңдер мен сатыларға біріккен жұмыстардың тізімін айтамыз**. Автоматтандырылған жүйелерді жасау сатылары мен кезеңдері \[9\] нормативте айқын көрсетілген. Осы кезеңдер мен сатыларды ұйымдастыру және олардың ішінде қарастырылған барлық жұмыстарды жасау сапалы жүйенің дүниеге келуін қамтамассыз етеді. Осыған орай, жүйе жасау барысындағы сатылар мен кезеңдерді жасайтын қатысушыларды қарастырайық. Автоматтандырылған жүйені жасау үшін келесі мекемелер қатысады. **Тапсырыс беруші мекеме**. Автоматтандырылған жүйе осы мекеменің қажеттері үшін жасалады. Осы мекеме жүйенің барлық сатылары мен кезеңдерін қаржыландыруды жүзеге асырады және барлық жасалатын жұмыстардың легін тексеріп, оларды қабылдайды. **Бас мердігер мекемесі**. Автоматтандырылған жүйенің барлық жасау сатылары мен кезеңдерін ұйымдастыратын мекеме. Жобаның барлық кезеңдерін жүзеге асыру барысында осы мекеме қосалқы мердігер мекемелерді қатыстыруы мүмкін. **Әзірлеуші мекеме**. Бұл мекеме бас мердігердің тапсырысы бойынша барлық жобалық, ғылыми-техникалық және инженерлік шешімдерді жасау және әзірлеу үшін қатыстырылады. **Жеткізуші мекеме**. Бұл мекеме бас мердігердің тапсырысы бойынша техникалық және бағдарламалық құралдарды сатып алу немесе құрастыру арқылы жеткізу үшін жобаға қатыстырылады. **Жобалаушы мекеме**. Бұл мекеме бас мердігердің тапсырысы бойынша жобаның электротехникалық, құрылыстық, инженерлік шешімдерді жоба бетіне түсіру үшін жобаға қатыстырылады. **Жабдықтаушы (монтаждаушы) мекеме**. Осы мекемелер жоба бойынша жүйені құрастыру сатыларында әр кезеңдерді орындауға қатыстырылады. **Баптау жұмыстарын** **(наладка) атқаратын мекеме.** Құрылыс және жабдықтау жұмыстары біткеннен кейін атқарылатын жұмыстар легін атқаратын мекемелер қатыстырылады. Автоматтандырылған жүйелердің жасау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде тек екі ірі мекеме арасында негізгі келісім шарт жасалуы мүмкін. Олар тапсырыс беруші мен бас мердігер мекемелері. Бірақ кейбір жағдайларда басқа қосалқы мекемелерді тапсырыс беруші тағайындауы мүмкін. Мысалы, \[7\] еңбекте көрсетілгендей келесі жағдайлар қалыптасуы мұмкін. Сурет 3.1. Жұмыстарды ұйымдастыру кестесі Барлық сатыларға қатыстырылатын мекемелер толықтай бас мердігердің үкімі бойынша тағайындалады. Бұл жағдай 3.1-суретте бейнеленген. Әрине бас мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы қарым-қатынас орындалатын жұмыстар мен жүйенің қаншалықты күрделі екендігіне байланысты. 3.1-суреттегі жағдай автоматтандырылған жүйе жаңадан жасалып жатқанда ыңғайлы. Қосалқы мекемелердің жобаға қатыстырылуыосы суретте айқын көрсетілген\...\.... Кейбір жағдайларда тапсырыс беруші мекеме барлық жұмыстарды бас мердігердің көмегінсіз ұйымдастыруы мүмкін. Бұл жағдай автоматтандырылған жүйе жөндеу немесе қайтадан қалпына келтіру сатысынан өткізілген кезде, болмаса жасалатын жүйенің автоматтандыру деңгейі аса жоғары болмаса қалыптасуы мүмкін. Осы жағдайды айқындайтын кесте 3.2-суретте көрсетілген. ![](media/image2.png) Сурет 3.2. Мердігерсіз жұмыстарды ұйымдастыру кестесі Сурет 3.3. Жұмыстарды ұйымдастыру кестесі Кейбір жағдайларда баптау жұмыстарын жүргізуге мекемені тапсырыс беруші тағайындауы мүмкін. Сонымен қоса аса күрделі үлкен жоба аясында құрастырылатын автоматтандырылған басқару жүйелерін қадағалап тексеру үшін бақылаушы мекеме тағайындалуы мүмкін. Осы жағдайды сипаттайтын сұлба 3.3-суретте көрсетілген. Енді жүйелерді жасаудағы қатысушылар белгілі болғаннан кейін, \[9\] нормативте көрсетілген жүйелерді жасау сатылары мен кезеңдерін қарастырайық. Әр сатының жүзеге асуы, кезеңдерде қарастырылған жұмыстардың жасалуына байланысты болады, яғни жүйенің кезеңі дегеніміз сатыда қарастырылған жұмыс түрі болып табылады. Автоматтандырылған жүйені жобалаудың немесе құрастырудың әр сатысы аяқталған сайын маңызды бір құжат түрі рәсімделеді. Осы құжатта жүйеге қатысты сатыға сәйкес барлық маңызды ақпараттар легі жинақталуы тиіс. Әдебиеттер тізіміндегі \[9\] нормативте көрсетілген ақпаратқа сәйкес автоматтандырылған жүйені жасау сатылары мен кезеңдері 3.1-кестеде көрсетілген. 3.1-кесте. Автоматтандырылған жүйені жасау сатылары мен кезеңдері +-----------------------------------+-----------------------------------+ | **Сатылар** | **Кезеңдер** | +===================================+===================================+ | 1\. Жүйеге қойылатын талаптарды | 1.1. Нысанды тексеріп, оны | | қалыптастыру. | автоматтандыру туралы негіз | | | қалыптастыру және оны дәлелдеу. | | | | | | 1.2. Қолданушы тарапынан жүйеге | | | толық талаптарды қалыптастыру. | | | | | | 1.3. Орындалған жұмыстар бойынша | | | есебін жасау және жүйені жасауға | | | тапсырыс беру. | | | | | | 1.4. Рәсімделетін құжат түрі: | | | **техника-экономикалық негіздеу | | | (ТЭН)**. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 2\. Жүйенің концепциясын жасау. | 2.1. Нысанды толық және күрделі | | | зерттеу. | | | | | | 2.2. Керекті ғылыми-зерттеу | | | жұмыстарын өткізу. | | | | | | 2.3. Жүйе концепциясының бірнеше | | | нұсқаларын орындау. | | | | | | 2.4. Орындалған жұмыстар бойынша | | | есебін жасау. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 3\. Техникалық тапсырма. | 3.1. Автоматтандырылған басқару | | | жүйесін жасауға арналған | | | техникалық тапсырманы жасау және | | | оны бекіту. | | | | | | 3.2. Рәсімделетін құжат түрі: | | | **техникалық тапсырма (ТТ)**. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 4\. Эскиздік жоба. | 4.1. Жүйенің қасиеттерін | | | қалыптастыру барысындағы алдын | | | ала жасалатын жобалық шешімдерді | | | жасау. | | | | | | 4.2. Эскиздік жобалық шешімдерді | | | рәсімдеу. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 5\. Техникалық жоба. | 5.1. Жүйенің қасиеттерін | | | қалыптастыру барысындағы | | | жетілдірілген жобалық шешімдерді | | | жасау. | | | | | | 5.2. Жобалық шешімдерді рәсімдеу. | | | | | | 5.3. Жүйені құрастыруға арналған | | | құралдарды сатып алу немесе | | | оларды жасауға керекті техникалық | | | тапсырмаларды немесе құжаттарды | | | жасау. | | | | | | 5.4. Қосалқы жүйелерді жобалауга | | | арналған техникалық тапсырмаларды | | | жасау. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 6\. Жұмыс құжаттамасы. | 6.1. Жүйен және оның бөліктерін | | | құрастыруға арналған жұмыс | | | құжаттамасын жасау. | | | | | | 6.2. Бағдарламаларды жасау немесе | | | оларды адаптациядан өткізу. | | | | | | 6.3. Рәсімделетін құжат түрі: | | | **толық жұмыс құжаттамасы**. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 7\. Жүйені іске қосу. | 7.1. Нысанды автоматтандыруға | | | дайындау жұмыстары. | | | | | | 7.2. Қызметкерлерді дайындау. | | | | | | 7.3. Автоматтандырылған жүйені | | | кешенді түрде техникалық, | | | ақпараттық және бағдарламалық | | | құралдармен қамтамассыз ету және | | | оларды құру мен орналастыру. | | | | | | 7.4. Құрылыс-монтаж жұмыстарын | | | жүргізу. | | | | | | 7.5. Іске қосу мен баптау | | | жұмыстарын өткізу. | | | | | | 7.6. Алдын ала сынақтарды өткізу. | | | | | | 7.7. Тәжірибелік пайдалану | | | жұмыстарын өткізу. | | | | | | 7.8. Қабылдау сынақтарын өткізу. | | | | | | 7.9. Рәсімделетін құжат түрі: осы | | | сатының әр кезеңі аяқталғаннан | | | кейін сәйкес **актілер** | | | рәсімделуі тиіс. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ | 8\. Жүйені сүйемелдеу. | 8.1. Гарантиялық міндеттерге | | | сәйкес орындалатын жұмыстар. | | | | | | 8.2. Гарантиядан кейінгі қызмет | | | көрсету жұмыстарын орындау. | +-----------------------------------+-----------------------------------+ Кестеде көрсетілген сатылар мен кезеңдерді 3.4-суретте көрсетілген іріленген сатылар арқылы көрсетуге болады \[7\]. ![](media/image4.png) Сурет 3.4. Жүйені жасаудың іріленген сатылары Кестеде және 3.4-суретте көрсетілген құжаттардың ең маңыздысы техникалық тапсырма болып табылады. Бұл құжат жүйеге қойылатын барлық талаптар мен негізгі концепцияға арқау болатын барлық ақпарат түрлерін қамтуы тиіс. Сондықтан техникалық тапсырманы жасауға көп маңыз білдіреді. Кестеде көрсетілген барлық жұмыс түрлері автоматтандырылған жүйені жобалау мен құрастыру сатыларында белгілі келісім-шарттармен рәсімделіп, техникалық тапсырма арқылы реттеледі.