Слайдтекст PDF

Document Details

BountifulHyperbole3491

Uploaded by BountifulHyperbole3491

127

Tags

Arduino автоматтандырылған сұрыптау техникалық жобалау білім беру

Summary

Бұл документ Arduino негізіндегі автоматтандырылған сұрыптау жүйесін зерттейді. Жобаның мақсаты - жеміс-жидектер мен көкеністерді түсі бойынша автоматты түрде сұрыптайтын ақылды құрылғы жасау. Түрлі зерттеу әдістері, компоненттер және жобаның сатылары қосымша ақпараттар арқылы қарастырылған.

Full Transcript

**слайд:** Өзін,жетекшісін және тақырыпты таныстыру **слайд:** Автоматтандырудың дамуы және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру қазіргі заманғы технологиялардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Заттарды түсі бойынша сұрыптау көптеген салаларда кездесетін қажеттілік, мысалы, өндіріс...

**слайд:** Өзін,жетекшісін және тақырыпты таныстыру **слайд:** Автоматтандырудың дамуы және өндірістік процестердің тиімділігін арттыру қазіргі заманғы технологиялардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Заттарды түсі бойынша сұрыптау көптеген салаларда кездесетін қажеттілік, мысалы, өндіріс, логистика, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу және т.б. Осы міндетті орындау үшін адам еңбегін алмастыратын автоматтандырылған құрылғылар қажет. Arduino негізіндегі автоматтандырылған сұрыптау құрылғысы - бұл мәселені шешудің арзан және тиімді жолы. *Жобаның мақсаты*: Жеміс-жидектер мен көкеністерді, түсті заттарды сұрыптау процессін жеңілдету үшін , Arduino UNO тақтасы негізінде автоматты түрде сұрыптайтын ақылды құрылғы жасау. *Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:* - Біріншіден заттарды түсі бойынша сұрыптайтын автоматты жүйенің сызбасы мен жобасын әзірлеу. - Екіншіден TCS3200 түс сенсоры мен серво қозғалтқыштарын Arduino UNO арқылы басқару әдістерін енгізу. - Үшіншіден жобаны жүзеге асыру үшін макетін әзірлеу. - Төртіншіден ақылды құрылғының жұмыс қабілеттілігі мен дәлдігін тексеру үшін бірнеше тәжірибелік тесттер жүргізу. 3. **Слайд**: Зерттеу әдістері мен тәсілдері Жобаны орындауда Әдеби шолу әдісі қолданылды: Бұл кезеңде Сұрыптау әдістері мен автоматтандыру технологиялары бойынша ғаламтормен кітаптардағы ақпараттарға шолу жасау. Эксперименттік зерттеу: TCS3200 түс сенсоры мен Arduino Uno микроконтроллерінің көмегімен заттарды түсі бойынша автоматты түрде сұрыптау жобасын жасап тәжірибе жүзінде іске асыру. Жүйелік бақылау жүргізу: Бұл кезеңде Сұрыптау нәтижелерін тексеріп, жүйенің түсті дәл анықтауына тәжірибе жасадым. Одан кейін ақпарттарды талдау жасап: жасалған жұмыс нәтижелерін талдау жасаймыз. 4. **Слайд:** Күнделікті өмірде сорттау,сұрыптауды жиі кездестіреміз. Сұрыптау жұмыстары қарапайым қоқыстарды тазалаудан бастап үлкен өндіріс орындарында жиі кездеседі. Осыған байланысты сұрыптау процессі өте маңызды деп ойлаймын.Біздің жобада сұрыптаудың түс бойынша ажырату жұмыстары қарастырылған. Олар келесідей кезеңдерден тұрады: Бірінші кезең: *Заттарды жинау:* Сұрыпталатын заттарды немесе элементтерді жинау.Біздің жоба мысалында ол түсті кәмпиттер немесе әртүрлі түстегі алмалар. *Екінші кезең: Түс категорияларын анықтау:* Заттардың түсін анықтап, категорияларға бөлу (мысалы, қызыл, көк, жасыл). *Үшінші кезеңде Сұрыптау алгоритмін таңдааймыз.Бұл дегеніміз Сұрыптау әдісін таңдау (мысалы, таңдау әдісі немесе көпіршік әдісі).* *Төртінші кезеңде:* *Заттарды таңдалған алгоритм бойынша түсіне қарай орналастыру.Бұл біздің жобада сервожетек көмегімен автоматты түрде бөлінеді.* *Бесінші кезеңде : Сұрыпталған заттардың дұрыс бөлінгенін тексереміз* 5. **Слайд** Зерттеу жұмысы аясында автоматты өздігінен сұрыптау қондырғыны әзірлеу үшін келесідей компаненттер мен құрылғылар қолдандым: - ARDUINO UNO R3 платасы, ол басқару жүйесі үшін қолданылады. , датчиктерден қандай түс екенін анықтап, серво қозғалтқыштарын айналу бұрышын басқарады. - TCS3200 түс сенсоры(датчигі): Объектілердің түсін (қызыл, жасыл, көк) анықтау үшін қолданылады. TCS3200 датчигі жарықтың түстерін анықтай отырып, оны сандық сигналға айналдырады, бұл түстерді анықтау мен классификациялау үшін қолданылады. - Серво қозғалтқыштары: Сенсор анықтаған түске сәйкес объектіні тиісті контейнерге орналастыру үшін қолданылады. Arduino сервожетек (сервомотор) --- бұл нақты бұрышқа немесе позицияға айналуын басқаруға болатын электр қозғалтқышы болып табылады. - ҚОСҚЫШ СЫМДАР ЖӘНЕ МАКЕТТІК ТАҚТАСЫ жобада сигналдарды таратушы,құрылғыларыд іске қосу үшін және байланыстырушы ретінде қолданылды - ПВХ- ақылды сұрыптау құрылғысынын негізі,каркасы жасалған берік пластикалық материал қолжетімді әрі қолдануға ыңғайлы **6 Слайд:** Керек құрылғыларды таңдап алғаннан кейін әзірленетін жобаның 3д моделі әзірленді. Модель үлгісі Tinkercad онлайн платформасында әзірленді. Tinkercad платформасында карпайым геометриялық фигуралар көмегімен жұмыс жасауға болады. Негізгі компоненттерді жасау үшін: - Кубтар мен параллелепипедтер: құрылғының негізін, конвейердің платформасын және сақтау контейнерлерін жасау үшін. - Цилиндрлер: механизмдердің айналмалы элементтерін, сондай-ақ сорттау процесіне қатысатын компоненттерді жобалау үшін. - Пирамида және конус: белгілі бір формадағы заттарды сорттау үшін қосымша бағыттау элементтерін жасауға арналған. Және Arduino idea ортасында басқару үшін код жазылды. Код жазуда арнайы «серво аш», кітапханалар қолданылды. 7. **Слайд:** келесі Экемперименттік кезеңде құрастыру алдында ардуино тақтасына түс сенсорын ,серво жетекті қосу сызбалары әзіленді. Теориялық сызбаға сәйкес тәжірибелік жұмыстар жасалды. Түс датчигінің сезімталдығын реттеу үшін төрт түрлі масштабтау коэффициентін орнатуға болады: 100%, 20%, 2% және 0%. Бұл масштабтаулар сенсордың сыртқы жарық жағдайларына бейімделуіне көмектеседі,түстерді дұрыс тану үшін жасалады. Бұл жерде: GND-заземления, оқшаулағыш. VCC- тоқ көзі 5вольт. және сигнал таратушы сызбалар. Арнайы берілген сызбалар тәжірибе жүзінде іске асатынын көре алдық. Енді сол жасалған құрылғының макетін жұмыс жасау принципімен танысайық (макетті көрсетеді) Заттарды сұрыптау механизмінің кірісіне орналастыру қажет. Заттар автоматты түрде сенсорға қарай жылжиды. TCS3200 түс сенсоры әрбір заттың түсін анықтайды. Сенсор заттың үстіне жарық түсіріп, жарықтың қарқындылығы мен спектрлік құрамын өлшейді. Содан кейін ол түсті цифрлық сигналға айналдырады, яғни қызыл, жасыл және көк түстердің қарқындылық деңгейлерін анықтайды. Arduino микроконтроллері сенсордан алынған деректер негізінде шешім қабылдайды. Белгілі бір түсті анықтаған кезде, Arduino сәйкес бұйрықты серво қозғалтқышына жібереді. Серво қозғалтқыштары сәйкес түске байланысты белгілі бір бұрышқа айналады (мысалы, 0°, 90° немесе 180°). Осылайша, зат тиісті контейнерге немесе сұрыптау алаңына орналастырылады. Келесі зат сенсорға келгенде, процесс қайталанады. Жүйе әрбір затты түсіне қарай ажыратып, автоматты түрде қажетті контейнерге орналастырады. 8. **Қорытынды:** Эксперимент нәтижесінде құрылғы заттарды түсі бойынша дұрыс сұрыптап, анықталған түске сәйкес контейнерлерге орналастыра алатынын анықтадым. TCS3200 түс сенсоры қызыл, жасыл және көк түстерді дәл анықтап, сенсорлық деректерге негізделген әрекеттерді орындауға мүмкіндік берді. Серво қозғалтқыштары объектілерді қажетті позицияға дәл орналастыру арқылы жоғары тиімділік көрсетті. Эксперимент барысында құрылғының дәлдігі мен сенімділігі тексерілді. Нәтижелер көрсеткендей, Arduino негізіндегі сұрыптау құрылғысы қарапайым өндіріс процесін автоматтандыруда және түсіне қарай заттарды сұрыптауда жоғары тиімділікке қол жеткізді. Құрылғының артықшылығы оның қарапайымдылығы мен қолжетімділігінде болып табылады, сонымен қатар оны әртүрлі өндіріс немесе оқу процестеріне оңай бейімдеуге болады.

Use Quizgecko on...
Browser
Browser