Мәліметтер базасы PDF
Document Details
Uploaded by HandsDownQuasar3559
Tags
Summary
Документ мәліметтер базасы және оның қолданылуы туралы түсінік береді. Мәліметтер базасын құру, оны сұрыптау және сүзу тәсілдері сипатталған.
Full Transcript
***Мәліметтер базасы*** *Мәліметтер базасы* деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады. Мәліметтер базасындағы мәліметтер *жазбалар* жиынтығынан тұрады. Әрбір ж...
***Мәліметтер базасы*** *Мәліметтер базасы* деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады. Мәліметтер базасындағы мәліметтер *жазбалар* жиынтығынан тұрады. Әрбір жазбаға бір *өріс* сәйкестендірілген. Жазбалар реттік нөмірімен, ал әрбір өріс оны сипаттайтын тақырыбымен анықталады. Excel-дің жұмыс парағын мәліметтер базасы ретінде қарастыру үшін, оған мынадай талаптар қойылады: - жұмыс парағының әрбір бағанына бір өріс сәйкестендіріледі. - мәліметтер базасының бағандары үзіліссіз, бірінен кейін орналасуы тиіс. - әрбір бағанның бірінші жолында қайталанбайтын өріс тақырыптары көрс *Мәліметтер базасы* етілуі керек. - өрістің тақырыбы бір ұяшықтан аспайтындай боуы керек. - мәліметтер базасының жазбалары тікелей тақырып жолдарының астына орналасуы қажет. - жазбаларды бос жол тастамай, бірінен соң бірін енгізеді. Егер бос жол кездессе бұл мәліметтер базасының соңы деп есептеледі. *Мәліметтерді сұрыптау*. Мәліметтер базасын сұрыптау үшін **Мәліметтер \> Сұрыптау (Данные \> Сортировка)** командасын орындаймыз. **Ауқымды сұрыптау** (**Сортировка диапазона**) терезесі сұрыптау жүргізілетін өрістерді таңдап алу үшін қызмет етеді. *Ауқымды сұрыптау сұхбат терезесі үш жолдан тұрады:* - алғашқы сұрыптау режимі (Сортировка по); - екінші сұрыптау режимі (Затем по); - үшінші сұрыптау режимі (В последнюю очередь, по). Егер алғашқы сұрыптау режимі бойынша жүргізілген сұрыптау берілген кестемен дәл келсе, онда екінші сұрыптауды таңдап аласыз. Үшінші сұрыпталу осылайша жүргізіледі. Кез-келген өріс бойынша жүргізілген сұрыпталу өсу немесе кему реті бойынша орындалады. Қажетті сұрыптау ретін таңдап алып, ОК батырмасын басу керек. ***Мәліметтер базасын сүзгілеу*.** Жалпы жазбалар жиынтығынан оның аздаған экранын бейнелеу *сүзгілеу* деп аталады. Excel-дегі ең қарапайым сүзгілеу әдісін *автосүзгі жүзеге* асырады. *Автосүзгіні қолдану*. Автосүзгі режиміне көшу үшін **Мәліметтер \> Сүзгі \> Автосүзгі** (**Данные \> Фильтр \> Автофильтр**) командасын орындау керек. Команда орындалғаннан кейін мәліметтер базасының әрбір өрісі үшін стандартты сүзгілер жиынтығы түзіледі, олардың тізімі өріс атауының жанындағыдан ашылады. Соны шерту арқылы мәліметтерді сүзгілеу шарттарын беруге болады. Жалпы жағдайда **Барлығы** (**Все**) нұсқасы қолданылады. Бұл нұсқа бойынша мәліметтер базасы сүзгіленбей сол қалпында қалады. Алғашқы 10 нұсқа қандайда бір шарт бойынша мәліметтер базасынан қандай да бір жазбалар санын ( немесе пайызын) сүзгілеп алуға мүмкіндік береді. *Кеңейтілген сүзгі*. Егер диаграмма сүзгілеу шартының өзгеруінен тәуелсіз болсын деп талап қойылса, онда жазбаның көшірмесін дайындап алу керек. Мұнда көшірмені кеңейтілген сүзгінің көмегімен жүзеге асырады. Кеңейтілген сүзгі құрылымдары бірдей екі мәліметтер базасымен жүргізіледі. Әдетте сүзгілеу шартын белгілеп қою үшін жеке жұмыс парағын дайындайды. **Мәліметтер \> Сүзгі \> Кеңейтілген сүзгі** (**Данные \> Фильтр \>** **Расширеннй фильтр**) командасының көмегімен сүзгілеуді тұрған жерде орындауға немесе сүзгіленіп алған жазбаларды сол жұмыс кітабының кез-келген парағына жеке қоюға болады.