Наркомания және есірткі туралы мәліметтер PDF
Document Details
Uploaded by Deleted User
Tags
Summary
Бұл құжат наркоманияның түрлері, белгілері және есірткі заттардың адам ағзасына әсері туралы мәліметтерді қамтиды. Құжат қазақ тілінде жазылған.
Full Transcript
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke -- мелшию және manіa -- ессіздік, құтырыну) -- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздадыруды білдіреді. Есірткі -- бұл адамның көңіл -...
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke -- мелшию және manіa -- ессіздік, құтырыну) -- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі - (norkosis) грекше наркоз, ұйықтату, ұйқы мен ұмыттыру мен, жансыздадыруды білдіреді. Есірткі -- бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез --құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті, айығу үмітсіз. Әлеуметтік дертті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. **Наркоманиялар -- белгілі бір наркотикті қабылдаумен байланысты болған прогредиентті аурулар тобы**. Наркомания деп адамның "наркотикалық заттар тізімі"не еңгізілген белгілі бір психобелсенді затты қабылдауға болған патологиялық құмарлық сезімін айтамыз. Бұл тізімге еңгізілмеген психотропты заттарға болған құмарлық токсикомания деп аталады. Наркоманиямен жиі жеңіл сенгіш, қызығушылықтары жоқ, психикалық инфантилизм белгілері бар адамдар және психопатологиялық тұлғалар аурады. Наркоманияның даму жылдамдығы наркотик түріне, оның ену жолына, дозасы, егу жиілігіне, организмнің индивидуал ерекшеліктеріне байланысты болады. Наркоманияның бастапқы белгілеріне наркотикті жүйелі қабылдау, еңгізу жолын өзгеру, оған толеранттықтың жоғарылауы жатады. Бастапқы кезде психобелсенді заттарды физикалық және психикалық рахаттану үшін, ал соңында ауыр соматикалық және психикалық абстиненцияны жою үшін қолданады **Медицинада ауруды басу үшін қолданылатын** (апиын, опиум, опий) өнімдеріне морфин, кофеин, омнопин, промедол, метадон, көкнәр, жәнет. б., заттар жатады. \- Сора өнімдері (коннабиноидтар) гашиш, анаша, марихуана жәнет. б. \- Психикаға белсенді әсерететін заттар -- анфетамин (финамин) сиднокарт; \- Қолдан жасалған эфедрин немесе эфедриннен алынған эфедрон, первитін, экстрази, фентозидәрі -- дәрмектері және т. б. \- Ұйықтататың және седатифтік заттар -- барбитураттар, бензодиазипиндер, натрий оксибутироты және т. б. \- Галлюценогиндер (фенциклидин, кетами, ЛСД, псилоцибин, және т. б.) -Холинолиттік әсері бар кейбір дәрі - дәрмектер (паркинсонға, аллергияға Қарсы қолданылатын циклодол, демидрол, пипольфен және т. б.) \- Өндірісте және тұрмыста қолданылатын химиялық заттар құрамындағы органикалық ұшпа заттар ( бензин, бензол, толуол жәнет. Бұларды көбінесе иіскейді). Адам организімі мен психикасына күшті әсер ететін ең қауіпті әрі көп қолданылатын есірткінің түрі -- анаша. Анаша -- сұр түсті химиялық зат, облыстық және құрғақ аймақтарда өсетін көкнәр тұқымынан алынады. Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі -- егу арқылы қабылдау, өйткені қалай болсын бұл қабылдау есірткіні бірден қан арқылы тез миға жеткізеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдауға болады. ( Егу, иіскеу, шайнау.) Ең көп тарағаны шаншу немесе егуарқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Нәтижесінде қанайналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелеріне ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қолтамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбінесе ата -- аналар балалардың қолының тамырын қадағалап, аман екендеп алаңсыз жүре береді. Ал, олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін. **Марихуана** -- кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана -- көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі. Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді. Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады. **Героин** - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған. **Кокаин** -- коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді. Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры -- сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады. Белгілері әр түрлі болып келеді, келесі белгілерге ажыратуға болады: - **наркотикалық затпен жедел интоксикация;** - **зиянды салдармен қабылдау;** - **тәуелділік синдромы;** - **абстинентті синдром;** - **психотикалық бұзылыстар;** - **амнестикалық синдром;** - **резидуальды жағдай;** Клиникасында белгілі бір заңдылықтарды ажыратуға болады: Бұл біртіндеп наркотикалық затқа құмарлықтың дамуы, психикалық және физикалық тәуелділіктің пайда болуы. **Психикалық тәуелділік** рахаттану, шаттану, эйфория сезімдерімен байланысты. **Физикалық тәуелділік** наркотикалық затты қабылдағанда соматовегетативты бұзылулармен (абстинентті синдром) сипатталады. **Абстинентті синдром белгілері** наркотик түріне байланысты болып, жиі дискомфорт, уайым, депрессия, терлегіштік, ұйқысыздықпен сипатталады. Эпилептиформды ұстамалар, жүрек-қан-тамыр жүйесінің және тыныс алу жүйесі қызметтерінің әлсіреуі, диспепсия, мидриаз байқалуы мүмкін. Наркоманияның барлық түрлеріне толеранттықтың күшеюі тән, яғни науқас қажетті әсерді алу үшін наркотиктің дозасын тұрақты көтереді. **Ауру 3 кезеңде өтеді:** **1 кезеңде толеранттық жоғарылайды;** **2 кезеңде** максимальды деңгейге жетіп, абстинентті синдром дамиды, спецификалық қорғаныс реакциялары жоғалады. Апиынды наркоманияда бет және мойын терісінің қышынуы, барбитуратты наркоманияда ықылық ұстау, сілекейдің ағуы, терлегіштік, көздердің ашуы, жүрек айну, бас айналу байқалады. 3 кезеңде толеранттықтың күрт төмендеуі байқалады. **Наркомания дамуында 3-кезеңді ажыратады:** **1. Бастапқы кезең (адаптация кезеңі).** Бұл кезеңде ұйқы бұзылуы, тез шаршағыштық, тітіркенгіштік, гиперестезия түрінде сезімталдықтың бұзылуы т.б. байқалады. Бірінші кезеңде екі синдром анықталады: Ағза реактивтілігінің өзгерген синдромы. Ол кезде наркотикалық заттарға қорғаныс реакциялары (жүрек айну, құсу) жоғалады. Психикалық тәуелділік синдромы. Бұл кезде наркотикалық заттар көңіл-күйді көтереді. **2. Физикалық тәуелділік кезеңі.** Бұл кезең наркотикалық затқа толеранттылық жоғарлаудан пайда болады. Физикалық тәуелділік синдромы.Осы жағдайда науқаста артерияльды гипертензия,тахикардия,көп сөйлегіштік,қозғалғыштық,бозару байқалады. Абстиненция синдромы. Психикалық,неврологиялық,вегетосоматикалық бұзылыстар болады. **3. Жүдеу кезеңі.** Бұл наркомания дамуының соңғы кезеңі болып табылады. Организм сезімталдығының , реактивтіліктің төмендеуімен, ОЖЖ және перифериялық жүйке жүйесінің және ішкі органдар бұзылысымен сипатталады **Токсикомания - булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.** **Токсикомания-наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру.** **Токсикалық әсер беретін заттар:** \- Морфин, опий \- Кокаин және оның туындылары \- конопли өсімдігінен дайындалған заттар (гашиш, анаша ) \- Ұйықтататын дәрілер (барбитураттар, бромурал) \- Стимуляторлар (кофеин, допинги) \- Транквилизаторлар \- Атропин (астматол, белладонна). \- Наркотикалық емес анальгетиктер (анальгин, амидопирин) \- Органикалық ерітінділер және тұрмыстық химия өнімдері \- Никотин. **Токсикалық мастану фазалары** **1- фаза.** Алкогольді мастану сияқты болады.Көңіл-күйдің көтерілуі,баста жағымды дыбыстар пайда болады.Дененің барлық бөлімдерінде жылулық және еркіндік сезімі байқалады. Егер демалуды жалғастырса,2-фазадағы мастануға ауысады. **2- фаза** Таусылмайтын жеңілдік және өте жоғары көңіл-күймен сипатталады.Күлу,өлең айту **3- фаза** Көру және есту галлюцинациялары (мультиктер). Бұл фазадағы мастану 2 сағатқа созылады.Тыныс алуды тоқтатқаннан кейін қатты шаршағыштық және психикалық функциялардың төмендеуі,артық мөлшерде лоқсу,құсу пайда болады. Жоғары дозадағы тырысулар пайда болады,ол науқастың комаға түсуіне немесе өлуіне дейін апарады. **Токсикоманияның салдары:** Психикалық тәуелділік, Физикалық тәуелділік Қабылдамаса, қатты депрессия, агрессия, ашушаңдық,тітітіркенгіштік болады,өздерін қадағалай алмайды. Психоактивті заттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін психикалық және вегетативті нерв жүйесінің бұзылыстарымен көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша,4-5 рет тыныс алғаннан кейін соған үйренгіштік пайда болады. **Реактивтіліктің өзгеру синдромы.** Бұл, физикалық жағдайда заттардың биотрансформациясының интоксикацияға жауабы ретінде жүреді.Затты әдеттегі дозада қабылдағанда эффект болмайды.Тәуліктік дозасын жоғарылату күнделікті интоксикацияға және интоксикациядан кейінгі жағдайларға алып келеді. **Кезеңдері:** **1кезең-** реактивті өзгерістер,психикалық өзгерістер; **2стадия** --физикалық тәуелділіктің толық қалыптасуы; **3 стадия** -- барлық синдромдар байқалады. **Токсикоманияның салдары:** Ұшатын ерітінділерді аптасына 1 рет қабылдағанда: -1 айдан кейін өкпе жасушаларының өлуі \- 8-10 айдан кейін бауыр жасушаларының өлуі; \- 12-16 айдан кейін бас ми жасушаларының өлуі -2 жылдан кейін токсикоман инвалид болады. **Қолданған кездегі көрсеткіштер** Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға,комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады. Дәрігермен сөйлескенде,ұстамсыз ,сұрақтарға адекватсыз жауап береді. Жиі жастарда, балалар және жас өспірімдер арасында кездеседі.Жиі тұрмыстық химия заттары (еріткіштер, бояулар, лак, клей, ацетон, эфир, бензин) иіскеу арқылы қабылданады. Ұшқыш еріткіштер орталық жүйке жүйесіне, қыртысқа әсер етеді, гипоксияға , психикалық симптомдардың дамуына алып келеді. **Клиникасы.** Токсикалық буларды иіскегенде психомоторлы қозу, агрессивтік, бас айналу, көру галлюцинациялары байқалады. Соңынан ұйқышылдық, қимыл-әрекет координациясының бұзылулары, бұлшық ет тонусының төмендеуі байқалады. Жиі тері гиперемиясы, конъюнктивит, тыныс жолдарының қабынуы байқалады. Ауыр салдарына психоорганикалық синдром және токсикалық интоксикация жатады. Есте сақтаудың әлсіреуі, зейін шоғырлануының қиындауы байқалады. Токсикоманияда 4-6 айдан соң тұлға регрессиясы белгілері -- белсенділік, инициативаның төмендеуі, интеллекттің төмендеуі, қызығушылықтардың жоғалуы байқалады. Ең негізгң қауіп- аритмиядан соң бірден жүрек және тыныс алудың тоқтауы. **Емі:** Жабық станционарлық тәртіп немесе психиатриялық ауруханаларда ем жүргізіледі.Жедел жағдайларда, қозу кезінде, Жүрек-қантамыр жүйесінің қызметі жоғарылағанда,жедел психоздарда седативті терапия тағайындалады. 1.Асқазан-ішек жолын токсикалық заттардан тазарту (құсық шақырту, асқазанды жуу) 2.Спецификалық антидотты терапия(налоксан,анексат) 3.Анальгетиктер және психостимуляторлар(кордиамин, 4.Витаминотерапия 5.Су-электтролиттік терапия 6.Ноотропты терапия(пирацитам, глюкоза ерітіндісі) Наркомания және токсикоманияны емдеу үшін наркологиялық стационарға жатқызу қажет. Науқастарға қатаң бақылау жүргізіледі. Детоксикация үшін плазмофарез жүргізіледі. Қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда Рингер ерітіндісі, унитиол қолданылады. Сонымен қатар, липокаин, метионин, натрий сульфат, барлық топ витаминдері, ноотроптар тағайындалады. Қажет болған жағдайларда транквилизаторлар - седуксен, феназепам, антидепресанттар, нейролептиктер тағайындалады. Ауырсыну синдромында трамал тағайындалады. Сонымен қатар, инемен емдеу, физиотерапевттік процедуралар (электроұйқы), психотерапия, сендіру, еңбекпен емдеу әдістері қолданылады.**\ ** **Жауабы:** Клиникалық түрде мас болудың үш кезеңі бар. Олар --* жеңіл, орташа және ауыр.* Мастықтың **жеңіл** түрінде қандағы алкоголь мөлшері *0,5-1,5%~0~.* Мастық тек арақтың мөлшерінде емес, ішкен тамаққа, оның сапасына, дененің салмағына, денсаулыққа, жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне, адамның жеке басының сезгіштігіне байланысты болады. Ішкен адам жылынғандай болып, бұлшық еттері босаңсып, рахаттанып, көңіл-күйі көтеріліп, батырланып, мақтана бастайды. Қатты және көп сөйлеп, би билеп, өлең айтуға кіріседі. Мастықтың **орташа** түрінде қандағы алкоголь *1,5-2,5%~0~* болады. Мас адамның жүрісі бұзылып, сөзі түсініксіздене бастайды. Координация мен тепе-теңдік бұзылып, ол тез ашуланғыш, шамшылданады. Біреулерге ұрынып, өзінің күшін көрсетуге тырысады. Екінші күні мас күйіндегі істегендерін шала есте сақтайды, мойнына алмауға тырысады (алкогольді палимпсестер). Мастықтың **ауыр** түрінде қандағы алкоголь 2,5%о болады Адамда сананың қарауытқан бұзылуы байқалады, координациясы жоқ, сөздері түсініксіз. Кейде қояншық тәрізді құрысу болып, кіші, үлкен дәреттері жүріп кетеді. Есінде ештеңе сақталмайды. Жауабы: **Патологиялық мастық** -- мас болудың сирек кездесетін түрі. Әлсіреген, ауыр соматикалық аурулармен ауырған, миы зақымданған, қозғыш психопат адамдарда кездеседі. Аз мөлшерде ішкеніне қарамастан (50-100 г) клиникалық көрінісінде күшті психомоторлы қозу болып, елестеушілік-сандырақ түрінде қайғырып, үрейленіп, ашуланып, жаман әрекеттер (кісі өлтіру) жасауы сананың қарауытқан түрде бұзылуын көрсетеді. Бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылған мастық кезінде біреулерді өлтіріп, сол жерде ұйықтап қалуы, есін жиғаннан кейін не болғанын білмеуі мүмкін (амнезия). **Жауабы: Маскүнемдік -- ауру.** Ішілген алкоголь адам ағзасының бәріне әсер етеді. Адам миының қанмен қамтылуы басқа ағзаларға қарағанда *16 есе *көп. Арақтың әсері бірден миға тиеді. Ойлау қабілеті төмендеп, өзінің не істеп, не қойғанын білмейтін жағдайға жетеді. Маскүнемдік үш сатыдан тұрады: **1-ші** сатыда аурулардың *қорғау *рефлексі жоғалып, арақты көп ішкенде құспайтын болады. Арақты көтеруі жоғарылайды. Алкогольге деген **психикалық** *құштарлы*қ пайда болып, ол енді өмір бойы жоғалмайтын дертке айналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек 1000 адамның ішінен 40-45 адам арақ ішуін қоймаса маскүнемдікке ұшырауға бейім екен. Оның ішінде әйелдер мен еркектер қатынасы 1/1 болды деген деректер бар. Психикалық құштарлық алкогольге деген құштарлықты үдете түсіп, ауру ішімдік ішу үшін себептер іздейді. Мейрамдарда, қонақтықта, тойларда белсенділік көрсетіп, ретін тауып көбірек ішіп қалуға тырысады. Бірақ ертең жұмыс болса, сыйлы адамдар тоқтау айтса, әйелі, ата-анасы қастарында болса өздерін тежей алады. Екінші күні мас болған кезінің көбін ұмытып қалуы да мүмкін. Өзінің көңіл-күйін көтеру үшін арақ-шараптың көлемін көтеруге, күшті спирттік ішімдіктер іздеуге мәжбүр болады. Өзін қатты мас қылуға тырысады. Көп ішкен кездері үйінде ұрыс-керіс көбейіп, құқық қорғау қызметкерлерінің көзіне түседі. «Білмедім, жаздым-жаңылдым» деп кешірім сұрайды. Анда-санда айықтырғыш мекемелеріне түсіп те үлгереді. Созылуы 5-6 жылдар шамасы. **2-ші кезеңде** *абстинент белгіс*і немесе «бас жазу» ауруы пайда болады. Яғни ішімдікке деген **физикалық**тәуелділік қалыптасады. Арақ ішкен адам есін жиғасын өте қиын соматовегетативтік және жүйке-психикалық бұзылуларды басынан кешеді. Жүрегі ауырып, тахикардия байқалып, қан қысымы көтеріледі. Тәбеті төмендеп, жүрегі айнып, іші өтіп, ұйқысы қашады. Өзінен өзі қорқып, дірілдеп, барар жер таппайды. Жеңуге болмайтын ішімдікке деген құштарлық пайда болады. Осы кезде ішкен арағы аурудың жағдайын жеңілдеткендей болады. «Бас жазу» одан әрі қарай жалғасып, келесі 5-10 күн ұдайы ішеді. Біртіндеп аурудың есі төмендеп, интеллекті нашарлайды. Дөрекі, өтірікші, өзімшіл болып, отбасына қамқорлық жасамай, жұмыстан қуылады. Үйдегі заттарды сатып, араққа айырбастай бастайды. Өзіне сын көзбен қарауы мүлдем жоғалып, қисынсыз қалжыңдап, жаман анекдоттар айтып, өзін-өзі мақтайды. Маскүнемдердің 10-13%-де, 2-ші сатыда (кезеңде) алкогольді психоз дамиды. **3-ші кезеңге** ауысу организмнің алкогольге деген *тұрақтылығының *(толерантность) төмендегенінен белгілі болады. Ауру аз мөлшердегі ішімдікке де мас бола бастайды. Ақ арақтан шарапқа көшіп, жалғыз өзі отырып ішетін жағдайға жетеді. Әлеуметтік тұрғыдан терең құлдилап, үйінен қуылады. Жұмыс істемейтін қаңғыбасқа айналады. Психопатия пайда болып, депрессияға кетеді, өзін-өзі өлтіруге баруы да мүмкін. Ағзаларында органикалық өзгерістер пайда болады. Жыныстық қабілеті жоғалып, патологиялық қызғаныш пайда болады (бұл 2-ші кезеңде де болады). Аурудың сыртқы пішіні өзгеріп, беті ісінеді. Мұрны қызарып, үлкейеді. Беті жара-жара әрі әжімді ұсқынсыз болады. Гастрит, гепатит, бауыр циррозы, жалпы және церебральды атеросклероз, гипертония, авитаминоз ауруларының бәрі де денесін жаулап алады. Жүйке жүйесінің барлық бөлімдері бұзылып, көбіне полиневрит болады. Созылмалы психоздар қайталанады. **Жауабы:** Аурудың дамуына үш бірдей себеп бар деп есептеледі. Олар -- *әлеуметтік, психологиялық және тұқым қуалаушылық.* Ми -- бассүйек зақымданған адамдарда да маскүнемдік жылдам дамитыны белгілі. Ата-анасы маскүнем балаларда «нәрестенің алкогольді белгісі» деген атпен эмбриопатия белгілері кездеседі. Балаларда жоғары психомоторлық қозу болып, физикалық, психикалық дамуы баяулап, дисморфоз белгілері орын алады. *Жауабы:* **Әйелдер маскүнемдігі** 25-35 жастарда дамиды. Қазіргі кезде әйелдердің ішімдік ішуі еркектермен 1/1 есебінде теңесіп келе жатқаны белгілі. Күйеуінің маскүнемдігі әйел психикасын зақымдап, араққа деген жиіркеніш тудырмаса «мен кімнен кеммін» деген жалған намыс маскүнемдікке алып келеді. Әйелге тән тағы бір белгі оның **тығылып** ішуінде. Жасырып ішіп жүріп, ауруы әбден асқынғанда елдің көзіне психикасы өзгеріп түседі. Өзін өзі күтуді қояды, бала-шағадан, достардан алшақтап, жаңа достар табады. Жеңіл жүріске салынады. Депрессивтік жағдайлардан тек ішімдік ішіп құтылмақ болады. Әйелдер маскүнемдігін емдеу өте қиын. Маскүнемдікті емдеу, аурулардың өздерін маскүнем деп есептемеуіне байланысты **өте қиын**. Өз еріктерімен келмеулеріне байланысты Қазақстанда еріксіз емдеу мекемелері ашылған. Емдеу және реабилитациялау көмегі ауруханалармен,наркологиялық диспансерлерде, психиатриялық ауруханалардың наркологиялық бөлімшелерінде,наркокабинеттерде, анонимдік кабинеттерде өткізіледі. Ауруханада емдеу кезінде алдымен *5-10* күн усыздандыру емін өткізіп, одан соң *40-45* күн ішінде шартты рефлекс және сенсибилизациялау сияқты арнайы емдеу тәсілдері қолданылады. Емдеудің арнайы тәсілдерін қолданбастан бұрын мұқият түрде соматикалық зерттеулер өткізу қажет. Шартты рефлекстік ем -- *апоморфиннің, эметиннің* және басқа құстыратын қосындылардың арқасында алкогольге деген тұрақты жүрек айныту -- құстыратын реакция. 25-30 күннің ішінде сенсабилизациялық емдеуде тетурам, *циамид, метранидазол, фуразолидон, никотин* қышқылы қолданылады. Емдеу кезінде психотерапия мен еңбек терапиясы міндетті түрде қолданылуы керек. Есепке алынғаннан кейін 5 жыл бойы диспансерлік емдеу және емханалық бақылау жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін жалпы мемлекеттік, қоғамдық, әкімшіліктік, заң және медико-гигиеналық шаралар қолданылуы керек. Үгіт-насихат жұмысы кең түрде мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, мекемелерде жүргізілуі қажет. **Жауабы:** *Күшті алкогольді улануды қайтару үшін* емдеу комплексі қолданылады: 1\. Жұтқыншақты тітіркендіру арқылы құстыру. 5-10 тамшы нашатыр спирті не калий перманганаты қосылған жылы суды беру. 2\. Құстыратын және алкогольді жек көрінішті қылатын *апоморфин және метранидазол* *беріледі *(1,5-8 г дейін). 3. *0,01 г фенамин, 0,1 г никотин қышқылы* беріледі. 4\. Бұлшықетке *В1, В6 витаминдері, аз мөлшерде инсулин, тамырға глюкоза, физиологиялық* *ерітінді, гемодез* жіберіледі.