8 Сынып Демографиялык Проблемалар PDF
Document Details

Uploaded by MindBlowingJasper8480
Tags
Summary
Бұл мақалада 8-сыныптың демографиялық проблемалары және олардың себептеріне, нәтижелеріне ерекше назар аударылады. Мақалада халықтың өсуі және дамушы елдердегі демографиялық проблемалар, сондай-ақ, глобальды халықтың әлеуметтік, экономикалық және санитарлық салдарлары сипатталған.
Full Transcript
# § 38. Демографиялық проблемалар Демографиялык проблемалар халықтың ұдайы өсуінің қоғамға колайсыз ықпал етуінен туындайды. Демографиялык проблемалар елдер бойынша күрделі және сан кырлы сипат алады. Жалпы алғанда, демографиялық проблемалар екі үлкен топқа жіктеледі: 1. Дамушы елдердегі халық сан...
# § 38. Демографиялық проблемалар Демографиялык проблемалар халықтың ұдайы өсуінің қоғамға колайсыз ықпал етуінен туындайды. Демографиялык проблемалар елдер бойынша күрделі және сан кырлы сипат алады. Жалпы алғанда, демографиялық проблемалар екі үлкен топқа жіктеледі: 1. Дамушы елдердегі халық санының жылдам артуы: «демографиялык жарылыс». 2. Дамыған елдер халкының қартаюы: «демографиялық дағдарыс». ## Бүгінгі сабақта: - елдердің демографиялық проблемаларының түрлерімен танысасындар; - дүниежүзі елдерін демографиялық проблемалары бойынша жіктеуді үйренесіндер. ## Жетекші ұғымдар: - демографиялық саясат - өтпелі экономика елдері ## Дамушы елдердегі демографиялық проблемалар ХХ ғасырдың екінші жартысында медицинаның дамуы, халықаралық ұйымдардың қызметі нәтижесінде дамушы елдерде аштық пен жұқпалы аурулар денгейі төмендеп, сәбилер өлімі азайды. Ғалымдар дамушы елдердегі халық санынын күрт артуын адамзат тарихындағы «демографиялық жарылыс» деп атады. Қазіргі кезде дүниежүзі халқының 83%-ы дамушы елдерде, ал 13%-ы нашар дамыған елдерде тұрады (1-қосымша). ## Глоссарий: - Демографиялық саясат - елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет деңгейінде табиғи өсуді реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. - Өтпелі экономика елдері - ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап бұрынғы жоспарлы (социалистік) экономикадан нарықтық экономикаға кешкен Шығыс Еуропа және ТМД елдері. ## Жек е елдердегі әлеуметтік-экономикалык даму жағдайына Жек е елдердегі әлеуметтік-экономикалык даму жағдайына, табиғи-ресурстык мүмкіншіліктерге, дәстүрлер мен мәдениет деңгейіне байланысты демографиялық проблемалар өзін-дік ерекшеліктерге ие болады. Дамушы елдерде халык санының артуы коршаған ортаның сапасын төмендетеді, азық-түлік. табиғат ресурстарының тапшылығына алып келеді. Халықтың тығыз қоныстануы жұқпалы аурулардың таралуына, әлеуметтік шиеленістердің пайда болуына себепші болады. Дамушы әлемдегі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен табиғи-ресурстық әлеуеті жоғары, халық саны аз Парсы шығанағы елдеріндегі (Кувейт, БАӘ, Катар және т.б.) басты проблема - қарқынды дамып жатқан экономика саласына еңбекке кабілетті мамандардың жетіспеушілігі. Сондыктан бұл елдерде халықты еңбекпен қамту проблемалары туындайды. ## Ал халык саны аса көп дамушы елдерде Ал халык саны аса көп дамушы елдерде экономикалық қиындықтарға себепші болады. Нашар дамыған елдерде күнкөріс қамымен балалар еңбекке ерте араласады. Бұл білім алуға кедергі келтіріп, балалар денсаулығын нашарлатады. Халык санының артуы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына сәйкес келмеген жағдайда көптеген баска проблемалар пайда болады (68-сурет). ## Бұл елдер аталған проблемаларды шешудің Бұл елдер аталған проблемаларды шешудің басты жолы - экономикалык өрлеуге қол жеткізу деп есептейді. Бірақ балалар үлесі жоғары, білім беру саласы нашар дамыған елдерде кәсіби деңгейі жоғары мамандар тапшы болады. | | | | | |---|---|---|---| | Енбекке қабелеті халықтын жетіспеуі | Өнделетін жердін тапшылығы | Азық-түліктін шикізат ресурстарынын жетіспеуі | Кедейшілік, тұрғын үй сапасынын төмендігi | | | | | | | | | | | | Әлеуметтік камтамасыз ету проблемалары | Білім беру саласындағы қиыншылықтар | Денсаулық сак.тау, санитарлық-гигиеналық проблемалар | Экономикалық мешеулік | ## 68-сурет. Нашар дамыған елдердегі демографиялық проблемалардын салдарлары